Issuu on Google+

Орал өңірі ОБЛЫСТЫҚ Қоғамдық-саяси газет

+ 10 С +2 С 0

0

Сейсенбі, 1 қазан 2013 жыл №121 (19882)

www.zhaikpress.kz

Газет 1918 жылғы 17 қарашадан шығып келеді. 1968 жылы "Құрмет Белгісі" орденімен марапатталған

Күйші рухына құрмет

oral_oniri@inbox.ru

ауыл-аймақ

Шырайлы мейрам өтті Шыңғырлауда тарих

3

.

Қысқа-нұсқа Хамза Есенжанов атын­ дағы облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасында ақын Тайыр Жароковтың туғанына 105 жыл толуына ар­ налған «Тайыр Жароков – қазақ әдебиетінде өзіндік орны бар ақын» атты әдеби кеш өтті. Әдеби кеш аясында Батыс Қазақстан гуманитарлық академиясының оқытушылары, өлкетанушы-тарихшылар Сайлау және Дәметкен Сүлей­ме­ новтердің «Биікке сам­ғайтын құс» атты кітабының тұсауы кесілді. Зия­лы қауым өкілдері мен оқыр­мандар қа­тысқан кеш барысында ақын туралы естеліктер айтылып, жырлары оқылды.

.

Халықаралық балаларжасөспірімдер туризмі және өлкетану академиясының негізін қалаушы Александр Остапец-Свешниковтың туғанына 85 жыл толуына орай облыс­­тық білім басқармасы мен об­ лыс­тық балалар-жасөспірімдер ту­ризмі орталығының қыз­мет­

керлері бірігіп, 3 қазан күні педагогикалық оқу өткізу­ді жоспарлауда.

.

Сырым ауданындағы А.Жұ­мағалиев атындағы Жосалы орта мектеп-балабақша ке­ ше­н­­ін­де «Жас ұлан» бірыңғай бала­лар мен жасөспірімдер ұйы­мы­ның» «Ұланбасы» сайлауы өтті. «Ұланбасы» – «Жас ұлан» көш­ бас­шы­сы, оқушылардың өзінөзі басқару жүйесінің же­тек­ші­ сі. Ол мектеп оқу­шы­ла­ры­ның қо­ғам­дық қызметін бас­қа­рып, оқу­шы­лар мен мектеп әкім­ші­ лі­гі­нің өзара тиімді қа­рым-қа­ тынасына ұйытқы болады. Жосалы мектебіндегі «Ұлан­ басы» сайлауы жасырын да­ уыс беру сипатында өтіп, оған 1-11-сынып оқушылары және мектеп мұғалімдері қатысты. Нәтижесінде 4 үміткердің ішінен ең көп дауыс жинаған Нұрсұлтан Жәнібеков «Ұлан­ басы» болып сайланды.

.

Шекарашылардың қыра­ ғылығы арқасында біздің облыс аумағында есірткімен кү­ рес белсенді жүргізілуде.

Жақында Қазталов учаске­ сі шекара бекетінің аға лей­те­нанты А.Советхан осы ауыл­ дың солтүстік-батыс жа­ғын­да 5271 түп жабайы сора өсіп тұрғандығын анықтады. Өткен аптаның аяғында арнайы құ­рылған комиссияның қатысуы­ мен жаңағы жабайы сора атаулы өртелді.

.

Өткен сенбі күні Жаһан­ ша Досмұхамедұлы атындағы Орал педагогикалық колледжінде жазушы-драматург Әкім Таразидің 80 жылдығына орай әдеби кеш өтті. Қазақстан мемлекеттік сый­ лығының, халықаралық «Ильхам» сыйлығы мен Франц Кафка атындағы сыйлықтардың лау­­реаты, Қазақстанның еңбек сі­ңір­­ген қайраткері Әкім Тара­ зидің шығармашылығы жанжақты насихатталды. Қа­ламгер­ дің «Ақын, періште, махаббат», «Жақсы кісі», «Жаңадан жасаймыз», «Лайнер» пьесаларынан үзінділерді өз күштерімен сах­ налаған студенттер жиналған қауымның ықыласына бөленді. Өз тілшілерімізден

Жәрдемнің жалғыз тұяғы

4

6

Жол апаты азаяр емес Кеше «Қазмедиа» орталығында ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің кезекті брифингі өтті. Онда орталықтың ресми өкілі Алтай Әбибулаев журналистерге осы аптада өтетін маңызды шаралар туралы мәлімдеді. Еламан БАДЕНҰЛЫ,

«Орал өңірі»

- Бүгін Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанға ресми сапармен келген Испания Корольдігі үкіметінің төрағасы Мариано Рахоймен кездесіп, бірқатар келіссөздер жүргізді. Оның барысында екіжақты өзара іс-қимылдың түрлі салаларындағы екіжақты ын­ тымақтастықты тереңдету аспекті­ лері қаралды. 3-4 қазанда Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ресми сапармен келетін Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенкомен екіжақты келіссөздер жүргізеді. Сонымен қа­тар ағымдағы аптада Абылай хан­­ ның 300 жылдығына арналған ме­ре­ ке­лік шаралар басталады. «Абылай ханның 300 жылдығын мерекелеу аясында 5 қазанда Көкшетауда «Абы-

лай хан және оның тарихи дәуірі» тақырыбында халықаралық ғылымитәжірибелік конференция өтеді, деді ресми өкіл. Баспасөз мәслихатында ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Ерлан Тұрғынбаев жол қауіпсіздігін қамтамасыз етудің барысы туралы БАҚ өкілдеріне ақпарат берді. Оның мәлімдеуінше, соңғы 10 жыл ішінде жол-көлік апатынан 32 мыңнан астам адам қаза тапса, 168 мыңы жарақат алған. - Жол-көлік оқиғалар саны жыл сайын жиілеп келеді. Мәселен, биылғы 8 айда 13 мыңнан астам жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 1 823 адам қаза тауып, 17 мыңы жарақат алды. Былтырғы осы кезеңмен са­ лыстырғанда жол-көлік оқиғасы 57 пайызға жиілеп, мерт болғандар 4 пайызға, жарақат алғандар 65 па­ йызға кө­бейді», - деді ол.


2

АҚПАРАТ Сейсенбі, 1 қазан 2013 жыл

oral_oniri@inbox.ru

«Еңбек өнімділігі бойынша бірінші орындамыз» Жақында облыс әкімінің орынбасары Марат Кәрімов жергілікті БАҚ өкілдерін жинап, баспасөз мәслихатын өткізді.

Айша ӨТЕБӘЛІ, «Орал өңірі»

Ж

иын барысында Марат Шай­доллаұлы об­­лыстың өндірістік әле­ уеті жөнінде баяндады. Оның ай­ туынша, облыс көлеміндегі өнер­кәсіп пен кәсіпкер­лік сала­ла­ рын­да былтырғы жылдың осы кезе­ңімен салыстырғанда едәуі­р ілгерілеушілік бар. Бұл өңіріміз­де индустрияландыру картасы­ның қа­лыпты жүзеге асырылуы­ ның нә­ти­жесінде мүмкін болып отыр. «Бизнестің жол картасы 2020», «Өнімділік – 2020», «Экспорт - 2020», «Жұмыспен қамту - 2020», «2012-2020 жылдарға арнал­ған моноқалаларды дамыту бағдар­ламасы» бойынша облыста бір­ қатар ауқымды шаруалар атқа­ рылды. – Мысалға айтар болсақ, ағым­ дағы жылдың басынан тамыз айына дейінгі аралықта өнеркәсіп­тік өңдеу саласының өндірісі 30,6 пайызға өскен. Өндіріс көлемінің өсуі нәтижесінде мұнай өңдеу 86 пайызға, резина және пласт­ масса өндірісі бойынша 68,1 па­йызға, металлургия саласы бойынша 33,5 пайызға, машина мен құ­­рылғылардан басқа дайын металл өнімдерін өндіру 2,8 пайызға артты. Аталған салаларда еңбек өнімділігі ағымдағы жылдың ал­ ғашқы жартыжылдығында 60,5 па­йызға артып, 16,9 мың АҚШ долӨткен апта соңында Батыс Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар департаментінде төтенше жағдайлардың ал­дын алу жөніндегі облыс­тық комис­ сияның кезектен тыс отырысы өтті. Сауда ны­сан­дарындағы өрт қауіпсіздік жағдайы талқыланған жиынға облыс әкімінің орынбасары Алмаз Бадашев қатысты.

ларын құрады. Бұл ретте біздің облыс республика бойынша І орын­да тұр, - деген Марат Кәрімов өңі­ ріміздегі «Батыс Қазақстан машина жасау компаниясы», «Орал «Зенит» зауыты», «Омега» прибор құ­растыру» АҚ-да және «Стекло Сервис» пен «Орал трансформатор зауыты» ЖШС секілді ірі кә­­сіпорындарда, сондай-ақ жетек­ші құрылыс компанияларын­да қол­­ға алынған жаңа жобалар жө­ нінде әңгімеледі. Оның мәлім­ деуінше, индустрияланды­ру кар­та­сы аясында облыста 257,2 мил­лиард теңгеге 35 инвес­ти­ция­­лық жоба жүзеге асырылып, 1750 жаңа жұмыс орны пайда болмақ. Нақтырақ айтқанда, өткен 20102012 жылдары облыста 250,8 миллиард теңгеге 29 жоба іске асырылып, 1200 тұрақты жұмыс ор­ны ашылған. Ал 2013-2014 жылдарға

арналған 6 жоба бойынша 567 жұмыс көзі пайда болуы тиіс. Бұған 6,4 миллиард теңге қажет. Биыл 2,2 миллиард теңгеге 4 жо­ ба жүзеге асырылуы тиіс болса, әзір­ге соның біреуі өндіріске енгізілді. «Каризма» ЖШС-дағы жаңа жоба нәтижесінде 45 жаңа жұмыс орны ашылды. Қалған 3 жоба жыл аяғына дейін іске асырылмақ. Бұдан соң Марат Шайдоллаұлы облыстағы шағын және орта кә­ сіпкерліктің даму мәселесіне тоқ­талды. Оның сөзінше, облыс көле­ міндегі кәсіпкерліктің дамуы да көңіл қуантады. Ағымдағы жыл­дың 8 айының қорытындысы бо­­­йынша облыста 44,7 мың кәсіп­ кер­лік нысаны тіркелген, оның ішінде белсенді деп танылғаны 26 мың нысан. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2 пайызға көп. Бүгінгі таңда ша­

Өрт қауіпсіздігін сақтау мәз емес

Ұлдай САРИЕВА, «Орал өңірі»

О

блыстағы өрт қауіпсіз­ ді­­гі жөнінде БҚО ТЖ департаментінің мем­­лекеттік өрт қауіпсіздігін ба­қы­лау басқармасының бастығы Жар­ қын Фазылов баяндады. Оның ай­ туынша, соңғы кезде республикада тек қана сауда орындарында 27 ірі өрт болған. Бұндай жағдайлар біздің облыста да орын алуда. Мысалы, 2011 жылы қаңтар айында «Тұрмыстық үйде» шыққан өрт 300 шаршы метр аумақтағы та­уарды жалмаған. Артынша Переметный ауылындағы «Рустам» ба­зарында болған өрт кезінде адам қазасы орын алды. Сол жылы

ғын және орта кәсіппен айналы­ сушылар саны 98,3 мыңды құ­райды, яғни өткен жылмен салыс­ тырғанда 8,5 пайызға өскен. Кә­ сіпкерліктің қарқынды дамуы нә­тижесінде 3,5 мың қосымша жұ­ мыс орны ашылып, облыс тұр­ғындарының бірқатар бөлігі жұ­мыспен қамтылды. Облыс тұрғын­ дары «Бизнестің жол картасы – 2020» және «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламаларын да тиімді пайдалануда. Биыл «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасын жүзеге асыру үшін республикалық бюджеттен 2,5 миллиард теңге бө­ лінсе, оның 1 362,6 миллион тең­гесі жеке кәсіпкерлерге қолдау көрсетуге, ал 1 107,0 миллионы өн­дірістік инфрақұрылымды да­­мы­туға арналды. 2010-2013 жыл­дары «Бизнестің жол кар­тасы – 2020» бағдарламасының бірінші және

үшін­ші бағыттары бойынша 37,6 миллиард теңгеге 251 жоба ма­ құл­данып, 2000 адамның тұрақ­ты жұмыс табуына ықпал етті. Осы­ ның нәтижесінде облыста жаңа технологиялар өндіріске енгізіліп, тауардың жаңа түрлері өндіріле бастады. Сондай-ақ облыста был­ тырдан бастап жұмысын жаңа бас­таған кәсіпкерлерге 3 мил­лион теңге көлемінде мемлекеттік грант бөлінуде. Биыл осындай қолдау көрсетуді сұрап, 72 кәсіпкер өті­ніш жасаған. Бұған 231 миллион теңге қажет болды. Комиссия оты­рысының қорытындысы бойынша со­лардың ішінен 14 кәсіп­кер же­ңімпаз деп танылып, оларға 45, 1 миллион теңге бөлінді. Мем­лекеттік грантқа ие болған кәсіп­­керлер бүгінде өз жобаларын жү­зеге асыру бағытында жұмыс­тануда. Марат Кәрімов жиында мо­но­қалаларды дамыту бағдарла­масы мәселесіне де тоқталды. Оның сө­зінше, Ақсай қаласын дамыту мақ­сатында республикалық бюджеттен барлығы 358,7 миллион теңге бөлінген. Бұл қаржы бүгінде жоспарда көрсетілген мақсатқа тиім­ ді пайдаланылуда. Ол сондай-ақ сыртқы сауда айналымына да тоқ­ талып, экспорт үлесіне 95,3, ал им­портқа 4,4 пайыз тиесілі екенін айтты. Бұдан соң облыстық кәсіпкер­ лік және өнеркәсіп басқармасы бастығының орынбасары Миржан Сатқанов, ««Орал» әлеуметтік-кә­ сіпкерлік корпорациясы» Ұлт­тық компаниясы» АҚ басқарма төр­ағасы Ержан Балтаев, «Алгоритм» технопаркі» ЖШС-ның директоры Арман Есекенов сөйлеп, әр­ қайсысы өз салалары бойынша қо­сымша ақпаратпен қатар журналистер тарапынан қойылған сұ­ рақтарға жауап берді.

аутобөлшектер сататын №1 сау­да па­вильонының 900, 2012 жылы «Алтын алма» базарының 120, 2013 жылы «Милавица» дүкенінің 724 шаршы метрі отқа оранды. Жалпы сауда орындарында 2010 жылдан бері 170 өрт шығып, жүз­ деген миллион теңгенің шығы­ны келген. – Ал биылғы жыл басынан бері 34 өрт оқиғасы тіркелді. Өрттің өршуіне электр желісіндегі мөлшерден тыс жүктеме, өрт қа­уіпсіздігін сақта­­мау және өрт туралы хабардың тым кеш бері­луі себеп болуда, – деді Жарқын Фазылов.

Оның айтуынша, облыс аума­ ғындағы біраз сауда нысандарын­ да, сондай-ақ бірқатар білім бе­ру және денсаулық сақтау мекемелерінде өрт қауіпсіздігі сақтал­ мауда. Тексеру нәтижесінде 3126 өрт қауіпсіздігі ережесін бұзу факті­сі тіркеліп, 541 жауапты адам әкім­­ші­лік жазаға тартылған. Сотқа жол­­данған 75 нысанның 69-ының жұ­мысы тоқтатылып, 6-сының ісі қа­ралуда. Облыс орталығындағы 20 базардың 10-ында ғана өрт қа­ уіпсіздігі толық сақталыпты. Ша­рада облыс әкімінің орынбасары А.Бадашев сауда орындары­

ның өкілдеріне сұрақтар қойды. «Мирлан» базарының қауіпсіз­дік қызметі бастығының міндетін атқарушы Айбар Ғабдешовтың ай­туынша, базарда және оның аумағындағы «Рашид», «Лаура» сауда үйлерінде өрттің алдын алу шаралары сақталуда. Өрт қауіпсіздігін сақтамай отырған «Ел ырысы», «Сұлтан» базарына қарағанда, «Мирлан», «Алтын алма», «Михаил», «Айгүл» базарларында тексеру нәтижесінде табылған кемшіліктер жойылған. – Бірақ облыстың денсаулық сақтау, білім беру және әлеуметтік қызмет салаларының өртке қар­ сы жағдайлары алаңдатады, - деді Ж.Фазылов. - 2008-2013 жылдар аралығында білім беру нысандарында 14 өрт тіркелді. Бұл балалардың өміріне зор қауіп төндіреді. 714 білім беру нысанының 487-сінде ғана өртке қарсы автоматты құрылғылар орнатылған. Өрт қауіпсіздігі Бөрлі, Жәнібек ау­дандары мен Орал қаласында 96-100 пайыз сақталғаны көңіл қуантады. Ал Теректі, Қаратөбе, Ақжайық аудандарында жағдай тіптен шамалы. Мысалы, Теректі

ауданындағы 43 мектептің 37-сінде өрт қауіпсіздігі сақталмаған. Денсаулық сақтау мекемелерінде де жағдай мәз емес. 396 денсаулық сақтау нысанының 143-інде өртке қарсы автоматты құрылғылар жоқ. Өртке қарсы автоматты жүйе Орал қаласындағы денсаулық мекемелерінде ғана орнатылған. Ал Теректі, Зеленов, Қазта­ лов, Сырым аудандарындағы ден­ саулық сақтау нысандарының кө­бі өртті ауыздықтауға әзір емес. Облыс аудандарындағы қалып­ тасып отырған жағдайға жергі­лікті жерлердегі өртке қарсы шара­ лар­ға қаражаттың аз бөлінуі себеп болуда. Отырыста облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Ғ.Лямов, облыстық бі­­лім беру басқармасының бас­­шы­­сы А.Мыңбаева, облыстық жұ­ мыс­пен қамтуды үйлестіру және әлеу­меттік бағдарламалар бас­қар­ма­сының басшысы К.Сәдбеков сөз сөйледі. Жиынға қатысушы­ лар кездесіп отырған қиындық­ тар ту­ралы айтып, өртке қарсы шаралар­ды жақсарту қажеттілігі­не тоқталды.


қоғам oral_oniri@inbox.ru

Сейсенбі, 1 қазан 2013 жыл

Күйші рухына құрмет Дәулескер домбырашы, Құрманғазы атындағы қазақ мемлекеттік академиялық ұлт аспаптары оркестрінің көркемдік жетекшісі, сазгер, «Құрмет» орденінің иегері, профессор Тұяқберді Шәмеловтің дүние салғанына бір жыл болды. Қыркүйектің 30-ы күні Тұяқберді Қажыгерейұлына арналған кесененің ашылу салтанатына облыс әкімі Нұрлан Ноғаев, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, ақын Ақұштап Бақтыгереева, күйшінің жары Сәуле Рахметқызы келді. Еңбек ардагерлері, мектеп оқушылары, өнер саласының қызметкерлері, Бөкей ордасы ауданының өкілдері қатысып, тарихи оқиғаның куәсі болды.

Д

аладағы шараға жи­ налған жамағат тұл үй­ді, тұлданған тұлпар­ ды және қаралы туды көрді. Ау­ дан мешітінің имамы Мұратбек Каспийұлы марқұмдардың рухына дұға бағыштады. - Жыл бұрын ортамызда төрге шықса төбедей, төбеге шықса төредей болып жүретін қайран Тұяқберді ағамызды елі болып

еңірей, жұрты болып жылай жүріп, бауыры суық қара жердің қойнына қимай берген едік. Оқыстан келген қаралы хабардан ашық күні найзағай түскен­ дей есеңгірегеніміз естен шыға қойған жоқ. Қара күзде қайтқан

3

Облыстық мәслихаттың сессия төрағасының шешімі Орал қаласы №13 30 қыркүйек 2013 жыл

Облыстық мәслихаттың кезекті сессиясын шақыру туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару жә­ не өзін-өзі басқару туралы» заңы­ ның 10-бабына сәйкес ШЕШІМ ЕТ­ ТІМ: Облыстық мәслихаттың кезекті 13-сессиясын 2013 жылғы 10 қа­занда облыстық мәслихаттың үл­­кен залында сағат 16.00-ге шақы­ рыл­сын. Сессияның күн тәртібіне ұсы­ нылатын мәселелер: – Батыс Қазақстан облысы бо­йынша тексеру комиссиясы» мем­ лекеттік мекемесінің тексеру ко­мис­сиясының ұсыныстары туралы. – Басқа да мәселелер.

Сессия төрағасы А.Иманғалиев

тырналар Тұқаңдай тарлан талантты қанатына отырғызып, мәңгілікке алып кетті. Оған да, міне, жыл толыпты. Тұрлауы жоқ дүниемен қоштасқанымен, соңында тірісінде өзін төбесіне көтерген жұрты, өзі езіле сүйген елі қалды. Сол ел-жұрты, асылындай ардақтаған азаматтары күй өнерінің қайталанбас тұлғасының мәңгілік мекенін

айбындата көтеріп, аруағын ас­ қақтата биікке шығарып тұр, деп кесененің ашылу салтанатын ашқан аудан әкімі Лавр Хайретдинов марқұмның ұжымы бол­ ған Құрманғазы халық аспаптар оркестріне, туыстарына атал-

мыш шараны елеп, Жаңақала топырағына аяқ басқанына разы екендігін жеткізді. Жыл бұрын тарлан күйшіні жабыла, елдігін көрсете мәңгі орнына қойған жамағатқа алғы­сын білдірген облыс әкімі Нұрлан Ноғаев кесене құрылысына көмектескен азаматтардың ең­ бегіне ризашылық білдірді. - Кесенені тұрғызуға қатыс­ қан құрылысшыларға, елдің ақ­сақалдарына, азаматтарына, аудан басшылығына, барлығына ризашылығымызды білдіреміз. Кесене жол үстінде тұр. Осы жолмен жүрген жолаушылар бас иіп, дұға бағыштар. Күй­­дің, өнердің құдіретін түсінетін елжұрт арнайылап ат басын бұрып, «Мәменге, Тұяққа барамыз», «Барып келдік» деп айтып отыратын болады әлі, – деген облыс басшысы мар­құмның жары Сәуле апай­ға жұбаныш лебізін білді­ріп, кө­рер қызығыңыз мол бол­сын деп ті­лек білдірді. - Бүгін біз жалған дүниенің куәсі болып тұрмыз. Қас қағым сәтте өтетін қысқа ғұмырдың аяқталғанда қалай болатынына куә болып тұрмыз. Және ол ғұмырдың қалай өткені маңызды екеніне куә болу үшін жиналып тұрмыз. Топырақ астында қал­ ған Мәменді қайта тауып, ел болып әулие орнына қондырдық. Өткен жылы көз жазып қалған Тұяқберді інімізді қасына әкеліп қойдық. Мұның барлығы кез келген тірі пенденің басынан өтетін оқиға болғанымен, өнері өрісті елдің пайым-парасаты да кемел болуы тиіс, - деп сөз бастаған ақын Ақұштап Бақтыгереева

марқұмның көрген қиындығын әңгімелеп берді. Тұяқберді Қа­ жыгерейұлының туыстары аты­ нан құдасы Әбдіразақ аға аз сөйлесе де, марқұм туралы көп мәлімет берді. Ақын Ақұштап Бақтыгереева мен Құрманғазы атындағы мемлекеттік академиялық халық аспаптары оркестрінің директоры Нұрғиса Дауешов кесенені ашып, басына гүл шоғын қойды. Осы кезде артында қалың қауымының басын қара бұлттай торлаған қайғының сейілгенін білдірер ишара ретінде қара ту сабынан сындырылып, жерге жығылды. Көпшілік мұны өнерпаздың мәңгі ғұмырының басталғаны деп жорыды. Сонау Алматыдан арнайы келген оркестр мүшелері, мәр­ тебелі қонақтар тек Мәмен мен Тұяқберді Қажыгерейұлының басына ғана тәу етіп кетпей, Жаңақала ауылының маңында­ ғы қорымда жатқан дүлдүл домбырашы Қали атамыздың да басына барып, Құран оқытты, аудан азаматтары жайған ас дастарқанынан дәм татты. Түс ауа қонақтар аудандық мәдениет үйі маңындағы «Күй­ шілер аллеясына» барды. Құр­ манғазы оркестрінің көр­кемдік жетек­шісі Еркебұлан Мүсіреп пен дирек­торы Нұрғиса Дауешов Тұяқ­берді Шәмелов ес­ керткішінің жабы­нын түсірді. Күйші рухын аспан­дат­қан кеш академиялық оркестр­дің концертіне ұласты.

Қаһарман ЗИНУЛЛИН, Жаңақала ауданы

e-history.kz порталы сіздер үшін! Жақында Орталық коммуникациялар қызметінің директоры Ержан Бабақұмаров «Қазақстан тарихы» - e-history.kz веб-порталының таныстырылымы өткендігін айта келіп, бүгінгі таңда порталда үш тілде 6200-ден астам материал жа­рияланғандығын алға та��тты. «Бұл портал – біздің ұлттық тарихымызды жедел және ауқымды таныстырудың тетігі. Бүгінгі мүм­кіндікті пайдалана отырып, елі­міз­дің тарихшыларын, Тарихшылар кон­гресін, Жас тарихшылар қауым­дас­ тығын, ғылыми ұйымдар мен жо­­ғары оқу орындарын порталды ұтым­­ды пайдаланып, мақалалар жария­ лауға шақырамын. Жұмыс тобына кіретін кеңесшілер сараптап, мақұлдаған материалдар портал редакциясына жолданады. Ал редакция материалды тікелей порталда жариялайды», – деп түйінде­ді өз сөзін ол.

Жеңіл атлеттер жарады Шымкент қаласында жеңіл ат­летикадан өткен жарыстан батыс­ қазақстандық жасөспірім спорт­ шылар тамаша жетістікпен оралды. 1998-1999 жылдары дүниеге келген атлеттер арасында болған сайыста спорттық жүрістен 3000 метр қашықтықта Яна Чупракова жеңімпаз атанды. Сонымен қа­тар найза лақтырудан Марина Соло­довникова екінші орынға, ал спорттық жүрістен Александра Павлышина үшінші орынға ие болды.

Өз тілшілеріміз


4

АУЫЛ-АЙМАҚ Сейсенбі, 1 қазан 2013 жыл

oral_oniri@inbox.ru

Қыркүйектің 28-і күні Шыңғырлау ауданында «Аудан күні» атап өтіл­ді. Бұл жолы мерекені маз­мұн­ ды қылуды ұйғар­­ған әкім­дік дәстүрлі да­ла қызық­ тарынан бөлек, бағ­дарла­маға бірнеше жа­ңа нысандарды ашу­ды ен­гізген екен. Ауа райы­ның қо­лайсыз мінез таныт­қаны­на қарамастан, мерекеге халық жақсы қатысты. Жердің лайсаң­ды­ғына қара­мастан, ша­ра­ға облыс әкімі Нұрлан Ноғаевтың келуі мерекенің мәртебесін көтере түскенін айтуымыз керек. Тоқтар КЕНЖЕҒАЛИЕВ, «Орал өңірі»

А

лдымен аудан әкімі Алдияр Халелов «Шың­ ғырлау-Ақсай-Орал» бағытына қатынайтын автобус маршрутына сәт сапар тіледі. Ен­ді ауылдықтар «Хайгер» ныспылы 36 орындық жайлы автобуспен облыс орталығына алаңсыз қатынайтын болды. Көлік ие­сі, жергілікті кәсіпкер Юрий Әбу­­бәкіровтің айтуынша, жолау­шы­ лардан үзіліс болмауы тиіс. Ау­

дан басшысы бастаған бір топ ел ағалары күрежол бойындағы ағайынды Асхат және Армат Қа­ быловтар ашқан кафенің ішіне бас сұғып, 30 орынға есептелген дәмханадан дәм татты. Түс әлетінде облыс басшысы Нұрлан Ноғаев аудан әкімі Алдияр Халеловпен бірге күрделі жөндеуден өткен орталық сая­ бақты аралады. Біраз жылдардан бері дұрыс күтім көрмей азың­қырап қалған бақтың бүгінгі кө­ рінісі адам танығысыз өзгерген. Саябақта тамаша аллея бар, жа­сыл желек жайқалып тұр, бүл­дір­

Шырайлы мейрам өтті Шыңғырлауда Той қызығын қыздырған «Қой көтеру» сайысы

Суреттерді түсірген Наталья ГОРОХОВА

«Шың­ғырлау-Ақсай-Орал» бағытына қатынайтын автобус

шіндерге арналған ойын алаң­қайлары мен әткеншектер, ал­ тыбақан мен сырғанақ, ашық сах­на мен жаңа субұрқақ алыстан көз тартып, адамды еліктіріп әке­ теді. Саябақтың іші ажарланып, алаңы кеңіп, орындықтармен то­лыққан. Ғажайып демалыс орнын шыңғырлаулықтарға сый­ға тартқан «Балтемен» ЖШС бұл жұ­ мысқа 67 млн. теңге жұмсапты. Өңір басшысы одан әрі жер­гілікті кәсіпкер, аудандық мәс­ лихаттың депутаты Рамзан Қам­ заевтың дәріханасы мен шаш­ таразында болды. Дәріханаға кірген Нұрлан Асқарұлы ең алдымен: «Дәрі-дәрмектеріңіз ха­лық үшін қолжетімді бағамен сатыла ма?» деп сұрады. Оған кәсіпкер: «Біздегі баға тіпті Орал­­­­дағы дәріханалардың кейбірін­ де­гі бағадан әлдеқайда төмен» деп жауап берді. «Бағаны қымбат­татпау жағына баса назар ауда­рыңыздар. Сапаға кө­ңіл бөлі­ңіз­ дер. Өйткені халық бас ауы­рып, балтыры сыздағанда сіздер­ге ке­леді. Аудандағы барлық кәсіп­ керлер осы Рамзаннан үл­гі алу­лары керек», – деді Нұрлан Ас­ қарұлы. Рамзан Қамзаевтың айтуынша, алғашында шаштараз­ға да, дәріханаға да қажетті мамандарды табу оңай болмапты. Бірақ істі ұйымдастырған ұтады демекші, ол өз қаржысына жас мамандарды облыс орталығына жіберіп оқытып алған. Күні бүгін дәрінің барлық түрі жеткілікті, шаштараз қыздар соңғы үлгідегі сән үлгіле­ рін жасауға қабілетті екен. Облыс әкімі сондай-ақ күрде­лі жөндеуіне 149 млн. теңге жұмсалған аудандық ауруханада, жергілікті кәсіпкер Әсел Сұл-

танғалиева ашқан «Қыз жасауы» деп аталатын тігін цехында, құ­ рылысы жүріп жатқан ау­дандық саз мектебінде болды. Кез келген мерекенің ажары дала қызықтарымен кіретіні бел­гілі. Осы орайда шыңғыр­лау­лық­ тар керемет дайындалыпты. Дала төсіне жиылған қауым, бәйге, қазақша күрес, қыз қуу, кір тасын көтеру және басқа да көптеген ұлттық ойындарды қы­зыға тама­шалады. Айтпақшы, бағ­дарлама­ да «Қой көтеру» деген сайыс болды. Мұнда жеңімпаз атанған жігіт өзімен бірге ту қой­ды өң­геріп әкетеді екен. Сайыс соңын­да сондай азамат табы­лып, «тірі» жүлде иесін тапты. Дала қызықтарына куә болған Нұрлан Асқарұлы 15 шақырым­дық аламан бәйгенің жеңім­паз­ дары мен жүлдегерлеріне баға­­лы сыйлықтар тапсырды. Атап айт­қанда, бәйгеде сәйгүлігі озып кел­ ген шабандоз Берік Досжанов су жаңа «Дэу Нексиа» көлігінің кіл­тін алды. Қалған жүлдегерлер те­ледидар, мұздатқыш секілді сый­ лықтарға ие болды. Келесі кезекте «Айдана» ЖШСның директоры Аветик Амирха­нян өңір басшысына аудан орта­ лығында салынып жатырған жол­дың жай-жапсарын баяндап берді. Оның сөзінше, қазір Құнан­ баев, Өтемісов, Қазақстан, Шевцов, Қуантаев, Жеңіс, Амангелді көшелерінің бойына жаңадан асфальт төсеу жұмыстары қызу қар­ қынмен жүргізілуде. Жалпы ұзын­дығы 5 шақырым құрайтын жол­ды жаңғыртуға респуб­ликалық бюд­­жеттен 20 млн. тең­геден аса

«Қыз жасауы» тігін цехында қаржы қаралса, күні бү­гін со­ның 18 миллионы бөлін­ген. «Көп ке­шікпей ауылдық­тар сапалы жол­мен жүретін болады» деп сендірді облыс басшысын мер­дігер. Осы жерде Нұр­лан Асқарұлы «Ман­сұр» ЖШС қолға алған техника­лық су құбы­ры құрылысының барысымен де та­нысты. Ұзындығы 7616 метр болатын су құбырын тө­сеу­ге 52 млн. теңге жұмсалуда. Жалпы, Шыңғырлау облыстағы су тап­шылығын қатты сезініп отыр­­ған аудандардың бірі екендігін ес­­керсек, бұл мәселенің қол­­­ға алынуы өте маңызды шаруа бол­ған­дығы анық. Бұйырса, халық тех­ никалық су құбыры арқылы баубақшаларын суарып, отба­сы­лық бюджетін ауқымды үнем­деуге жә­не жергілікті кө­кө­ніс ар­қылы ден­саулықтарын ны­ғайтуға мүмкін­дік алмақ. Ауданға жасаған жұмыс сапа­ ры­­ның қорытындысында өңір бас­­­шысы Шыңғырлау ауданында жасалып жатырған жұмыстарға оң баға берді. – Бүгін Шыңғырлау ауданына арнайы іссапармен келдік. «Аудан күні» деген бұл негізі шартты ме­реке. Бүгінгі күні не жасалды, ал­дағы уақытта қандай жұмыстар бар, қай шаруа шабандап қалды, осы тұсын тағы бір қарадық. Қа­зіргі таңда аудан әкімі жұртшы­­лықпен, ауыл ақсақалдарымен ке­ ңе­се отырып, абаттандыру, халық­ тың әл-ауқатын көтеру жөнінде іс-шараларды толық мәнінде ат­­қаруда. Елді мекендерде жаңа­ дан ғимараттар, спорт алаңдары, жолдар салынуда. Сая­бақ ашыл­ды жаңа. Мұның бар­лы­ғы – Елба­сымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назар­ баев­тың ауылдық аймақтар­ды да­­мытуға зор көңіл бөліп отырған­ дығының арқасы. Жұмыс әрі қа­­рай да жалғаса береді. Және ай­та кететін жағдай, бұл тек жал­ғыз Шыңғырлау ауданына тән құ­бы­лыс емес. Батыс Қазақстан об­лысы­ның барлық аудандарында, Орал қаласында жүзеге асып жат­ қан шаруа. Ол өзінің жа­расымды жал­ғасын әрі қа­рай та­­ба береді, – деді Нұрлан Ас­қарұлы.


өмір-өзен oral_oniri@inbox.ru

Сейсенбі, 1 қазан 2013 жыл

5

1 қазан - Бүкіләлемдік қарттар күні Серік ИХСАНҒАЛИ, «Орал өңірі» Елбасымыз Н.Назарбаев өткен жылғы «Қазақстан

“Қарттарым, аман-сау жүрші”

- 2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында былай деді: «Екінші сын қатержаһандық демографиялық теңгерімсіздік күн өткен сайын күшейе түсуде. Жалпыәлемдік тренд – адамзаттың қартаюы. Енді 40 жылдан кейін алпыс жастан асқан адамдардың саны 15-ке толмағандардан асып түседі». Иә, тап солай. Мәселен, көршілес өзбек ағайында жиырма бес жасқа дейінгілер шамамен ұлттың жетпіс пайызға жуығын құраса, бізде керісінше алпыстан асқандардың саны баяу болса да артып келеді. Енді әлемдік үрдіске ден қой­ сақ. БҰҰ-ның халық санағы жө­нін­ дегі қоры былтыр «XXI ға­­сыр­­­­да­­­­ғы қартаю: жетістік пен жеңі­ліс» атты баяндама даяр­­лапты. Сол баяндамамен танысқан БҰҰ-ның Бас хат­шы­сы Пан Ги Мун: «Әлем­ дік құбы­лыс ретінде қартаюдың әлеумет­тік және экономикалық сал­дарлары өте мәнді» деп па­ йымдайды. Оның пікірінше, мә­­ селенің әлемдік маңызы бар. Адамзат жедел қарқынмен қартайып келеді. Әр секунд са­ йын жұмыр жердің екі адамы алпыстан асады. Жыл сайын алпыстан асқанның саны жер бетінде 58 миллион адамға өсе­ді. Жаңа ғасырдың 12 жылында әлемдегі қарттардың саны 178 миллионға артты. Бұл Оңтүстік Азиядағы Пәкістан сияқты бір мемлекеттің халқының санымен тең. Қазір

әлем тұрғындары­­ның әрбір тоғызыншысы – алпыстан асқан қария немесе кейуана. Көбіне кейуана. Бүгінде жер бетінде алпыстан асқан 810 миллион адам бар. Ол дүние жүзі халқының 11,5 пайызын құрап отыр. 2020 жылы алпыстан асқандар миллиардқа жетпек, ал осы ғасырдың ортасында олардың саны 15 жасқа дейінгілерден асып түсуі тиіс. Қазір алпыстан асқан 47 пайыз ер адам, 24 пайыз әйел жұмыстан қол үзбепті. Сондай-ақ алпыстан асқандардың 46 пайызы - мүгедек. Жекелеген елдерге келсек, тек Жапонияның өзінде қарттардың саны халықтың 30 пайызын құрап отыр. Бүгінде әлемде 316 мың жүзден ас­қан­дар болса, 2050 жылы олар­дың саны 3,2 миллион��а жетуі мүм­кін. Міне, осындай онша «кө­ңілді» емес көрсеткіштер. Ақ Жайық өңірінде облыс­тық статистика департаментінен алын­ ған мәлімет бойынша, 2012 жыл­­ дың 1 қаңтарында алпыстан асқан 63566 адам өмір сүріпті. Оның 22781-і ер де, 40785-і - әйел. Облыс орталығында 30716 ал­пыс­­тан асқан адам болыпты, бұл жал­­­пы көрсеткіштің жартысына жуы­­­ғын құрайды.

Жасыратыны жоқ, көп адам алпыстан асқандарды «масыл», яғни «артық адам» ретінде санайды. Әрине, мұндай түсінікті толық мақұлдау қиын. Алайда оған кейбір қарттардың жағымсыз қылығының да әсе­рі бар. Қазақта әлімсақтан «қазыналы қарт» және «қа­зы­мыр қарт» деген ұғым-түсінік бар. Бұрын қазыналы қария көп еді. Олардың кейбіреуін көре де қалдық. Қазір соңғылары тым басым. Өкінішті, әрине, алайда ақи­ қат солай. Бұл да 74 жыл бойы өк­ тем­дік еткен әміршілдік жүйенің, Құ­­дай­ға қарсы қоғамның үстем­ді­ гі­нің әсері. Әрине, бұрынғы Кеңес ода­ғының барлық ұлты да бұл кепті басынан кешіргенімен, ішінде тек қазаққа уыты шектен тыс өтіп кетіпті. Себеп - шектен тыс елік­ теушілік пен парасаттың жоқтығы. Оған дәлеліміз жетіп артылады. Былтыр бір әріптесім «жаз­­ ғыш қарттар» туралы кө­ңіл­сіз­деу мақала жазған-ды. Ра­сын­­да да, бұ­ рын ешқандай да­­­­ры­­­ны болмаған біреулер зей­­­нет­­­­­ке шық­қа­сын, ананы да, мы­на­ны да шатып-бұтып, «жаз­ғыш­­­тық­пен» айналысуды шы­ ғар­ды. Жақ­сы, жазса жаза қой­­сын, орыс көр­ші айтқан: «Қағаз бә­рін де көтереді» ғой. Тек солар­дың түр­лі

редакцияны жағалап, жұрт­тың мазасын алып: «Мақа­лам неге шық­ пай жатыр? Қа­шан шығады?» деп, ығыр қылатындығына не дерсіз?! Ал со­лардың бес уақыт намазға жығылып, қала берді, немере-жиен бағып, алтын уақытын өзіне де, отбасына да арнаудың орнына босқа жоятынына еріксіз қарның ашады. Әріптестің сол мақаласынан кейін бізге келіп, жүйкемізді жұқартатын «жазғыштар» сиреген сыңайлы еді. Қазір қайтадан үдеп бара жатқанға ұқсайды. БАҚ беттерінде жазыл­ға­нын­ дай, жапон, кәріс, қытай және еу­ ропалық қарт-кемпірлер зей­­нет­ке (олар оған өте кеш шы­ғады) қолы жетісімен, жылдар бойы жиғантергенін туристік саяхатқа жұмсап, мәнді де маз­мұнды өмір сүреді. Мәселен, Еуропаның Париж, Лондон және көне өркениет ескерткіш­ теріне бай өзге қалаларына бара қал­саңыз, жапон, қытай, кәріс, қала берді, араб пен үнді туристері жол бермейді екен. Өз елдерінде керісінше, ағылшын, американ, неміс және басқа ұлттардың қарткемпірлері қап­тап жүреді. Өзгенің мазасын алмай, ақшаң жетсе, осылай мәдениетті демалғанға не жетсін?! Жақсы, біздің қариялар шетелге бармай-ақ қойсын, өзі­міздің Көкшетау, Алатау, Баян­ауыл сынды көрікті жеріміз жетіп жатыр ғой. Ақ Жайық өңірінде де Шыңғырлау мен Нарын, Қа­ратөбе мен Тасқала сынды та­биғаты тамаша аймақты араласа да артық емес. Көптеген қария зейнетке шық­ қасын да жұмыс іс­тегісі келеді. Бұған орай екі түр­лі қоғамдық пікір бар. Бі­рін­ші­сі: «Зейнеткерлер өз орын­да­рын босатпай отыр. Ал мыңда­­ған жас­тар дипломын құ­ шақ­­тап жұ­мыссыз жүр. Зейнетке шық­­қан екен, орнын босатсын!». Не­сі бар, негізді пайымдау. Екіншісі мынаған саяды: «Күші мен қабілеті болса, істей берсін! Көп жылғы тәжірибе артықшылық етпейді». Осы пікірді басқамен бірге қай елдегі болсын рес­ми билік

те қолдайды. Себебі жоғарыда­ ғы­дай. Оның үстіне біздің елдегі демографиялық ахуал да онша оңды емес. Көршілес түркілермен салыс­тырғанда, бала өсімі төмен. Сондықтан әлсін-әлі не ер­лер­дің, не әйелдердің зейнет жасын өсіру жөніндегі әңгіме қозғалуы тегіннен-тегін емес. Бұл - ресми билік­тің ел­дегі көңіл күйдің аусарын аң­­ға­ ру үшін қоғамдық пікірге ой­түр­т­ кі. Өз басым, көрнекті ғалым, сан­ тех­­ник, дәнекерлеуші, әскерилер мен құ­қық саласы қызметкерлері, жо­ға­ры білікті токарь мен слесарь, ағаш шеберінің зейнетке шыққаннан кейін де еңбек ете бергенін құптар едім. Өйткені олардың жылдар бойғы құнды тәжірибесі мен білігі қоғамға ауа­ дай қажет. Ал мұғалімдер мен мәдениет қызметкерлері, дәрігер және басқаларының жұ­мыссыз жас әріптестеріне орнын босатуы дұрыс та шығар. Тоқсан ауыз сөздің то­бық­тай түйінін орыстың ұлы пе­да­го­гы Сухомлинскийдің даналық ойымен қорытындыласақ, «Дү­лей­лер қарттықты «бақыт» дей­ді. Олай емес. Қарттық – не ты­­ныш­тық, не қайғы-қасірет. Егер оны өзгелер ұмытып кетіп, жал­ғыз қалса, қасірет. Өзгелердің, қала берді, ұрпағының құр­­ме­ті мен қамқорлығына бө­­лен­­ се, тыныштық». Демек, қарттық қуанышқа да, бақытқа да жатпайды. Қазымыр қарт немесе кейуана болып, басқаның да, ұрпағыңның да берекетін алып, бездірсең, әрине, қуанышқа да, бақытқа да жатпас. Ал төріңнен көрің таяу уақытта бес уақыт намазыңа жығылып, біліп-білмей істеген күнә-кінәларың үшін Аллаһтан кешірім сұрасаң, зейнеттен кейін жұмыс істеме­сең де, сүйікті ермек тапсаң, немере-жиен бақсаң, ол – жанға жағымды тыныштық. Жоғарыда көрсетілгеніндей, ақ­ шаң жетіп, әлемді араласаң, тіпті рақат! Әрине, таңдау әркімнің еркінде ғой...

тумен жету қиын» депті. Сон­дық­ тан кейінгі ұр­пақтың тәрбиелі, жақсы азамат болып қалыпта­суы­ на біз, алдыңғы толқын аға-апалар, ата-аналар, жауаптымыз. Біз жас­тарды өзіміздің ұлағатты әңгі­меле­ріміз бен үлгілі істеріміз ар­қылы тәрбиелеуіміз керек. Сон­ да ғана қажырлы да қайратты, та­бан­ды да төзімді ұрпақ өсіп шығады.

Үлкенге ізет білдіріп, орын бе­­ ру қарапайым нәрсе болға­ны­мен, осыны да білмейтін неме­се білгісі келмейтін азаматтар жеткілікті. Мұндай адамдардың тек жастар­ дың арасында ғана емес, сонымен қатар жасамыс­тардың арасында да кездесіп қала­тыны өкінішті...

Өзіміз қартаймаймыз ба?.. Жаздың жайма-шуақ күндерінің бірінде күндегі әдетіммен автобусқа мінгенмін. Менімен қатарласа автобус салонына жасы жетпістерді алқымдап қалған шоқша сақалды қария кірді. Автобус ішінде бос орын болмағандықтан, әлгі қарт есік алдында тұрып қалды. Отырғандардың дені жастар болғанымен, олардың бірдебіреуі қартқа орнын ұсынбады. Оң жақтағы топ-толық, ақ сары бойжеткен ұзын кірпігін бір қағып, қарияның бетіне ажырая бір қарағанымен, қартқа орнын бере қоймады. Көптің ішінде өзгеше сәнді киінген сөзуар жігіт те әп-сәтте жым бола қалды. «Сөйлей берсем, жұрттың көзіне түсіп қалармын» деп қорыққан болуы керек. Оның қасындағы танауы делдиген дәу қара да шегір көздерімен шалды бір атты. Артқы орындықта сылқылдап күліп, әңгіме соғып отырған әдемі қыз-

келіншектер де қапелімде томсырая қалыпты. Бәрінің басында бір-ақ нәрсе, ол – «Бұл қарттар үйлерінде отырса қайтеді екен? Енді бұған кім орын береді?» деген арам ой. Автобустағылар іштей бір-бірін кінәлап осылайша отыра берер ме еді, қайтер еді, егер жасы елулер шамасындағы ірі денелі, қара торы әйел әлгі қартқа орнын бермегенде. Атай әлгі әйел­дің ұсынған орнына отырып жатып: - Әй, жастар-ай, бұл заман мен ол заманның адамдарын салыс-

тырып қарасам, дүниенің төрт бұрышындай алшақ, бір-біріне мүлдем ұқсамайды. Үлкенді сый­лауды білмейсіңдер, ертең өздерін қартаймайсыңдар ма? деді күрсініп. Бір қарағанда, ашу-ызасыз, жәй ғана айтыла салғанымен, қарияның бұл сөзі талайға салмақ салғандай болды. Үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетіп, өз ортасында сыйлы болып жүрген өнегелі жастарымыз көп-ақ. Дегенмен көпшілік орындарда адам баласына ла­йық емес мінез көрсетіп, кө­ңілімізге кірбің ұялататын жандар да жоқ емес. Жалпы, жақсы мінез бен мәдениеттілік ең бірінші ата-ана мен ұстаздардың тәлімтәрбиесінен бастау алады. Рим философы Сенека да «Жақсылыққа үлгі көрсетіп жет­песе, уағыз ай­

Мерует ЕШНИЯЗОВА, Орал қаласы


6

тарих Сейсенбі, 1 қазан 2013 жыл

oral_oniri@inbox.ru

Жәрдем Тілеков заманында қалың оқырман жүрегіне жол тапқан белгілі жазушы болатын. Өкінішке орай, бүгінде аты аталмай жүр. Шүкір, кітапхана сөресінен жазушының кітабы бірен-саран болса да ұшырасады.

Жәрдемнің «От кешу» еңбегі қолыма тиді. Кітаптың алғысөзін ақын Сағын­ ғали Сейітов жазыпты. «Талантын туған елге бағыштаған» деп айдар қойып, Тілековтің өмірі мен қызметіне шолу жасап, біраз жайтты баяндапты. Кезінде Орал облыстық «Екпінді құрылыс» (қазір «Орал өңірі») газетінде Жәрдем өлеңдері жиі шығып тұрыпты. Көлемді мақа­ла­ лары Қ.Жұмалиев, Қ.Аманжолов, А.Жұмағалиев, Х.Ерғалиевтің шы­ ғар­маларымен жарыса жарияланыпты. Әсіресе, (ақын С.Сейітовтің жазуынша) 1936-37 жылдары га­ зеттің мәдениет бөлімін басқар­ған тұста Жәрдем өлеңдері бұ­рын­ғысынан да үдепті. Болашақ қарым­ды қаламгер жалпы редакция қыз­метіне 1932-33 жылдары араласа бастаса керек. Және осы ке­зең­де қызыл әскер қатарына алын­ ған ол (1933-35 жж) Оралда Приволжье әскери округінің 11 дивизия құрамындағы атты әскер полкінің кіші командирі міндетін атқарады. Әскерден бейбіт тірлікке қайтып оралған бойда бұрын­ғы жазушылық қызметіне құлшы­на кірісіп, өлең-жыр, терме, тол­ ғау, әңгіме, хикаяттарын бірінен соң бірін жариялап, елдің көзіне түседі, оны әдеби орта мойындап, тани түседі. Жәрдем Тілеков Қазақстан Жазушылар одағының Батыс Қазақстан, Атырау, Семей өңірлеріндегі өкілі болып қызмет атқарады. Қырық жыл бойы қала­ мы құрғамай қазақ әдебиетінің дамуы үшін еңбек етіп, артына руха­ни із қалдырған жазушы екінші дүние жүзілік соғыс кезінде қару ұстап, ел қорғаған. Мәселен, ол қызыл әскердің саяси қызметкер­ лер даярлайтын курсынан өтіп, Қиыр Шығыс майданы қолбас­ шысы­ның адъютанты, пулеметминомет учи­лищесінің курсанты, Қиыр Шығыс майданының «Да­был» атты газетінің ұйымдасты­ рушы-тілшісі (1941-45 ж.ж.) болып қызмет еткен. Жазушы Тілеков 1946 жылы әскер қатарынан босаған соң сүйікті ісіне қайта оралады. Оның қаламынан «Сырым батыр» (1946), «Ақсұр ат» (1948) поэмалары дүниеге келеді. «Атырау толқыны» және «Өмірбек» дастандары да – бұл саптағы салмақты дүниелер. Жәрдем Тілековтің поэзиядан проза саласына ауысуы елуінші жылдардың еншісінде. Екі роман, жеті повесть, очерктер мен әңгімелер легі жазушының өзіндік мәнерін паш еткен бір шоғыр құндылықтар. Тілековтің «Жоңғар даласында», «Жорық жолында», «Хинган асуынан асқанда», «Соғыс кемесінде» секілді туындылары сол кезеңгі қазақ әдебиетіндегі

жалғыз тұяғы

тың тақырып болатын. Жазушының ұстаханасынан шық­қан ең ірі дүниесі – сөз жоқ, «От кешу» романы. Романның басты қаһарманы – Кеңес Одағының Батыры Темір Масин. Автор Масин бейнесін Тасболат Марқа­ баев арқылы беріп, кейіпкерін майданның ең қиын қансоқта тұстарына салады. Бес қайтара жараланып, жау қолына да түсіп, бәрінен аман шыққан ердің ерлігін мейлінше нанымды етіп суреттеп шыққан. Ж.Тілеков көркем әдебиет бас­­пасында 13 жыл тер төгіп, қазақ әдебиетіне сүбелі үлес қосты. Жәр­-

салады. 1940 жылы әкем қызмет бабымен Семейге барғанда мен көрініппін. Соғыс басталғанда әкем майданға аттанды, елде Майра анам, Зейнелғаріп әжем үшеуміз қалдық. Соғыс бітті. Көптен күткен әкем де оралды. Бірақ неге екенін қайдам, ол өмірін жаңа парақтан бастағысы келіпті... – дейді Роза апа. - 1949 жылы әкем мен әжемнің қолына бардым. Баламын ғой, кейін анама қайтып келдім, содан соң әкемді көрмедім. Әкем артымнан өгей шешемді жіберіп шақыртты, бірақ менің де әкем сияқты «ұстап қалатыным» бар, ерегесіп бармадым. Бірақ қарт әжем маған келуін

дем аға ұлттық музыканы, әсіресе, өзі туған өңірдің күй дәстүрін бір кісідей білген. Ол Құрманғазы, Дәулеткерей, Сейтек күйлерін нақышына келтіре тартып қана қоймай, тарихын әңгімелеп, тың­ дарманын баурап алады екен. Ұзақ жиналыстар мен кездесу соңында Ғабит Мүсірепов: «Қа­ не, Жәрдем, домбыраңды алып, Дәулеткерейдің «Құдашасын» тартып жіберші» дейтін көрінеді. Бұл жазушы өмірінен алынған ресми дерек болса, ендігі әңгіме оның артында қалған жалғыз тұя­ғы, Орал тұрғыны, 73 жастағы Роза Тілековамен сұхбат түрінде жал­ ғасады. Апаймен 2012 жылдың сәуір айында жүздесіп, «Алтын бесік» атты телебағдарламаға тү­ сіргенбіз. Сонда апай: «Әкем туралы айту перзенттік парызым ғой. Сіздерден хабар алғалы бері үш күн бойы ұйықтай алмай, әбден мазам кетті» деп әңгіме тиегін ағытты. - Әкем Жәрдем мен шешем Майра Оралда бас қосыпты. Зәу­реш, Махамбет және мен дүниеге келдік. Зәуреш ауырып, Оралда қайтты, Махамбет Атырау жерінде дүние

үзбеді. Жазғытұрым менің қасымда болып, күзде кетеді... Әскерде жүріп түскен бір су­ ретінің артында жазушының өз қолымен латынша былай деп жазылыпты: «Алматыдан жалынды жар сәлемін қабыл ал, әр жағдайда жолдан тайма, өз Жәкеңді жадыңа ал». Иә, Жәрдем аға мен Майра апаның арасының бұлай сууын ешкім түсіндіріп бере алмас... - 1972 жылы әжем қатты нау­ қастанып, біздің үйде жатты. Сонда ойлағам, әкем бір келіп кетер деп... Әжем өз ауылына кеткісі келмеді, мен: «Ол сенің балаң ғой, жұрт сені ауырып, немересінің қолында өлді демейді ғой, айдалада қаңғып өлдіге жатқызады, сен бірдеңе етіп барсайшы, мінгізіп жіберейік» дедім. Көпке шейін көнбеді. Ақыры директордан көлік алып, Жымпитыға жеткізіп салдық, бір туысының үйіне. Содан ол туысы Алматыдағы әкеме жеделхат жолдапты, шешеңіз күйсіз жатыр деп. Ол кісі ұшақпен Алматыдан бері ұшады. Келіп, мамасын өзімен бірге алып кетейін, емдетейін десе, әжем оған көнбепті. «Әуеде өлетін

жайым жоқ» депті. «Әкеткің келсе, мені қара жермен жүретін көлікпен әкет» деп, қиғылық салғасын әкем не істерге білмей, ақыры: «Мен бір айналып соғамын» депті де, туыстарына: «Міне, қаржысы, егер олай-бұлай боп жатса...» деп өзі Алматыға аттанады. Артынша әжем дүниеден озды. Әкем кешігіп келіп, басына барып, қарттарға Құран оқытыпты. Содан ауылда бір аптадай болып, талай үйден дәм татады, ауылдастарының қо­лына түспей жүрген Жәрдем ғой, оны жібергілері келмейді. Сол келгенінде әкем мені шақыртты. Әуелі телефон арқылы, артынан көлік жіберді. Әуелден кек сақтап қалған мен жіби қоймадым. Бірді айтып, бірге көштім-ау. Баяғыда соғыстан келген кезде әжем әкеме айтып отыратын: «Балам, қазақтың мақалы бар, есік көргенді емес, бесік көргенді ал» деген, егер сен есік көргенді аламын десең, онда өз әйелің мен қызыңды ал» деді. Әкем үндемеді. 1950 жылы үйге басқа әйел алып келгенде, мен баламын, әкеме сондай ренжідім. Әжеме «Мамама кетемін» дедім. Әжем мамамды шақыртты. Ол кезде біз Семейде тұратынбыз. Сосын әжем әкеме: «Майра келе жатыр» деп жеделхат салыпты. Әкем «Жұмыстан қолым тимейді, өзің күтіп ал» дейді. Содан өгей шешем де: «Ойбай, сенің бірінші әйелің келе жатыр, мен не істеймін?!» деп әкеме хабарласады. «Не істейсің, пәленшетүгеншені шақыр, ескі достары ғой, аунап-қунап, өзін жақсы сезінсін, қабақ шытпа, жақсы күт» дейді. Содан анам келді, бір аптадай болып, екеуміз елге кеттік. Елге кеткен соң мен әкемді тіпті көрмедім. Обалы не, өгей шешемді екі мәрте артымнан жіберді, «Розаны алып кел, сағынып жүрмін» депті. Бірақ мен көнемін бе? Артынан өкіндім. Әкемді қартайған шағында бір рет болса да, көріп қалуым керек еді... апай және күрсінді. Мен не сұрарға білмей дағдарып, кітапханадан ал­ дырған Жәрдем ағаның бірнеше кітабын аударып-төңкеріп, парақтай беріппін. Апайға бұл әрекетім кезекті сауалдай әсер етіпті. - Әкемнің 100 жылдығы тұсында ел-жұрт оны есіне алып, тойламай жатқанына ашуланып, көзіме түскен оның суреттерін жыртып тастадым. Тек жалғыз бір кітапқа тиіспеппін. Соның ішінде ғайыптан тайып, әкемнің бірнеше фотосы сақталып қалыпты, - деп апай алдымыздағы сарғайған суреттер-

ді иегімен нұсқап, сөзін сабақтай түсті. - Әкем анамнан бұрын қайтты. Анам айтып отыратын. «Ай, шал-ай, ел жетіп жатқан 70-ке де жетпедіңау, жетсең елің дүбірлетіп тойлайтын еді...» Сонда мен: «Мама, не айтып отырсың, баяғыда тастап кеткен шалың емес пе?» десем, шешем: «Ой, құлыным-ай, ол сенің әкең ғой, ол елдің адамы ғой, мен оның 70-ке толмай кете барғанын уайымдап отырмын» деді. Содан кейін шешемнің өзі де қайтты. Екеуінің арасы үш-төрт ай. Қолымызда кітабы көп еді, оқимыз деп алып кетіп, кісілер қайтармай қойды. Бір кітабы ғана қалды, орысша жазылған. Орысша болғасын алмай, үйде қалған болар деймін. Соны да отқа салып жіберейін деп талай оқталдым, бірақ құшағыма қысып, көзімді сығып аламын да, қайтып апарып орнына қоямын. Әкемнің қайтқанын тосын жайда, сырттан естідім, төбемнен жай түскендей болды. Мең-зең күйде үйге келіп, сол суық хабарды төсек тартып жатқан шешеме естірттім: «Әкем қайтыс болыпты, сен болсаң міне, ауырып өлгелі жатырсың. Мен сонда қайда қаламын, мені тастап қайда кетіп барасыңдар? Алдымда, не артымда ешкімім жоқ, айдай әлемде жападан-жалғыз қалдым ғой. Ешкімді танымаймын, білмеймін, сонда мені тастап... Еш туматуыспен таныстырған жоқсыңдар, бірің Алматыда шекірейіп жүрдің жазушы болып, бірің мұғаліммін деп мұнда жүрдің, маған ешкімді көрсетпедіңдер, адам танымаймын, не сенің, не әкемнің туыстарын білмеймін...» деп егілдім. Мамам арқамнан қағып: «Қызым, жылама, сен далада қалған жоқсың, «Әкең өлсе де, әкеңді көрген өлмесін» деген. Әкеңді көргендер бар ғой, олар сені аялай білер, далада қалмассың. Бірі болмаса бірі сені іздеп келеді, сен Жәрдемнің жалғызысың ғой» деп жұбатты. - Апа, олар келді ме? - Келді, бірақ уақыт өте тымтырыс боп қалдық. Совхозда қиыншылық басталды. Жұмыс жоқ. Содан балаларым үйді бұзып, қалаға көшпекші болды. Баяғы күнелтістің қамы. Қырсық шалып, сол тұста оқыстан құлап, аяғымды сындырып алдым. Оралға жүрерде совхоз директоры «Шешелеріңді қаратыңдар, бұл біздің апамыз ғой» деп балаларыма айтып жатты. 4-5 жыл жаттым. Енді таяққа сүйеніп, жүріп-тұрам... - деп Роза апай күлімсіреп, сөзін тиянақтады: - Қазір төңірегімде ұл-қызым бар. 1952 жылғы ұлым Мереке – үлкенім. Одан кейін 1964 жылғы қызым Гүл­ сім және 1967 жылғы кіші балам бар. Бәрі үйлі-баранды. Біздің әулеттің, жазушы ағаңның маған қатысты тарихы осындай, қалқам. Роза апамызда қалған жа­зушы­ның фотосуреттерінен Қа­сым Аманжоловтың да бейнесін ұшы­ ратамыз (Қасым ақын төменгі суретте сол жақтан бірінші). Бәрі аралас-құралас, дос болғанына көне суреттер куә. Жазушы Жәр­ дем Тілековті есімізден шығару­ ға қақымыз жоқ, ең болмағанда әдеби орта ұмытпауы қажет деп санаймын.

Мұнайдар БАЛМОЛДА, Орал қаласы


хабар-ошар oral_oniri@inbox.ru

Cейсенбі, 1 қазан 2013 жыл

7

«Б» корпусы бойынша бос әкімшілік мемлекеттік лауазымға орналасуға конкурс туралы хабарландыру «Зеленов ауданы әкімі аппараты» ММ: 090600, Зеленов ауданы, Пере­ метный ауылы, Гагарин көшесі 139, 2-қабат, 20-бөлме, анықтама үшін телефондар: 8-(71130) 22-2-25, элек­ трондық мекенжайы: zel-orgotdel@ mail.ru бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға конкурс жа­ риялайды. 1. Аудандық білім беру бөлімінің бас­шысы. Санаты Е-R-1 (02-05-01). Қызмет еткен жылдарына байланысты лауа­ зымдық жалақысы 109548 теңгеден 147986 теңгеге дейін Функционалдық міндеттері: Ау­ данның ��ілім беру мекемелерінің мін­детті сапалы орта білімді, жергілікті деңгейде жалпы білім беру бағдарла­ маларын орындауын қамтамасыз ету бойынша қызметіне басшылық ету. Бі­лім беру ұйымдарының педагог кадрларына аттестаттау және лицензиялау өткізуді, ауданның білім беру мекемелерінде мемлекеттік міндетті стандарттарды қамтамасыз етуді бақылау. Конкурсқа қатысушы үміткерге қойылатын талаптар: Білім, әлеумет­тік ғылымдар және бизнес мамандық­ тары бойынша жоғары кәсіби білім. Жұмыс тәжірибесі келесі талап­ тардың біріне сәйкес болуы тиіс: - мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес; - жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде а немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойын­ша оқуды аяқтаған жағдайда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес; - ғылыми дәрежесінің болуы; - мемлекеттік органдарда басшы­лық немесе өзге лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес; - осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде басшылық лауазымдарда бір жылдан кем емес. 2. Аудан әкімі аппаратының ұйым­ дастыру, мемлекеттік қызмет мониторингі және бақылау бөлімінің бас ма­маны. Санаты Е-4 (01-01-3). Қызмет ет­кен жылдарына байланысты лауазым­ дық жалақысы 59579 теңгеден 80720 теңгеге дейін. Функционалдық міндеттері: Қоғамдық-саяси шараларды ұйым­ дастыру және өткізу. Ауылдық округ әкімдері аппараттарымен жедел және ақпараттық байланысты қамтамасыз ету, олардың қызметіне практикалық және әдістемелік көмек көрсету. Ауыл­ дық округтерге шығу қорытындысы бо­йынша анықтамалар, есептер жасау. Ау­

дан әкімінің, селолық округ әкімдері­нің тұрғын халық алдында жыл сайынғы есеп беру кездесулерінің қорытынды­ сы бойынша іс-шараларды әзірлеу. Ау­дан әкімі баяндамасының жобала­рын әзірлеу. Конкурсқа қатысушы үміткерге қойылатын талаптар: Білім, құқық, әлеуметтік ғылымдар және бизнес, техникалық ғылымдар және технология, ауыл шаруашылығы ғылымдары, қызметтер бойынша жо­ ғары кәсіби білім. Жұмыс тәжірибесі келесі талап­тар­ дың біріне сәйкес болуы тиіс: мемле­ кеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазым­ ның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұ­ мыс өтілі бар болған жағдайда ортадан кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі. 3. Ауылдық округтері әкімдерінің аппараттарының бас маман-есепшіле­рі (Раздольный, Чеботарев, Егіндібұлақ, Шалғай, Трекин, Янайкин) - 6 бірлік. Са­ наты E-G-3. Қызмет еткен жылдары­на байланысты лауазымдық жалақысы 53813 теңгеден 72391 теңгеге дейін. Функционалдық міндеттері: Ауылдық округ әкімі аппаратына бухгалтерлік қызмет көрсету және қар­ жылық есепті жүргізу, статистикалық және оперативтік есептемені құрасты­ру. Шығын сметаларын орындау жөнін­ дегі операциялар есебі. Өз жұмысын болжамдау, жоспарлау және ұйымдас­ тыру қабілеті. Конкурсқа қатысушы үміткерге қойылатын талаптар: Әлеуметтік ғы­ лымдар және бизнес (экономика, есеп және аудит, қаржы) мамандықтары бойынша кәсіби жоғары білім. Жұмыс тәжірибесі келесі талап­ тардың біріне сәйкес болуы тиіс: мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты ла­ уазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда ортадан кейінгі білім барларға рұқсат етіледі. 4. Ауылдық округтер әкімдерінің аппараттарының жетекші мамандары (Железнов, Трекин (2 бірлік), Рубежин)4 бірлік. Санаты E-G-4. Қызмет еткен жылдарына байланысты лауазымдық жалақысы 48047 теңгеден 64703 теңге­ге дейін. Функционалдық міндеттері: Ауылды дамытудың әлеуметтік-эко­ номикалық мәселелерін шешуге қаты­су және саяси-қоғамдық шараларды өткі­зу, халықпен жұмыс, шаруашылық бо­ йынша кітаптарды жүргізу. Сайлаушылар тізімін тексеру және есеп беру. Же­ке және заңды тұлғалардың өтініште­рін қарау, тіркеу. Конкурсқа қатысушы үміткерге

Жоғары қабілетті және сәу­лелік жүк­теме­сі ай­ тар­­лық­тай тө­­мен соң­­ғы үлгі­­де­гі аппарат­та ком­пью­терлі­к то­мог­ра­­­фия (қа­бат­тал­ған рентге­но­ло­гия) өт­­­­кі­зіледі.

қойылатын талаптар: Жоғары неме­се ортадан кейінгі білім не орта тех­ни­ калық немесе кәсіптік білім. Гуманитарлық ғылымдар, білім, әлеу­меттік ғылымдар және бизнес, техни­ калық ғылымдар және технология, құ­ қық, ауыл шаруашылығы ғылымдары. Жұмыс тәжірибесі келесі талап­тар­ дың біріне сәйкес болуы тиіс: Қазақстан Республикасының заңна­ масын тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік-құқықтық актілерді білу, мемлекеттік тілді білу, компьютерде жұмыс істей білу. Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер. Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар: 1) өкілетті орган белгілеген нысан­ дағы өтініш; 2) 3х4 үлгідегі суретпен өкілетті орган белгілеген нысандағы толтырылған сауалнама; 3) бiлiмi туралы құжаттардың нота­ риалдық куәландырылған көшiрмелерi; 4) еңбек қызметін растайтын құжат­ тың нотариалдық куәландырылған кө­ шiрмесi; 5) Қазақстан Республикасы Денсау­ лық сақтау министрлігінің 2010 жылғы 23 қарашадағы №907 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасының Нормативтік-құқықтық актілердің тізі­ лімінде 2010 жылы 21 желтоқсанда №6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама; 6) Қазақстан Республикасы азама­ тының жеке куәлігінің көшірмесі; 7) құжаттарды тапсыру сәтінде уә­кі­летті органмен белгіленген шекті мән­ нен төмен емес нәтижемен тестілеу­­ден өткені туралы қолданыстағы сер­ тификат. Қабылдау мерзімі конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жариялан­ ған күнінен бастап 10 жұмыс күнінің ішінде көрсетілген мекенжай бойынша сәйкесті мемлекеттік органға тапсыры­ луы тиіс. Конкурс комиссиясының қа­ рауына құжаттарды қабылдау мерзімінде азаматтардың өздері әкеліп берген, поштамен немесе электрондық мекен­ жайына жіберілген (қоса тіркелген құ­ жаттардың тізбесі көрсетілген құжат тігілетін папкада орналастырылған) құ­ жаттары қабылданады. Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз бо­лып табылады. Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электрондық пошта арқы­ лы берген азаматтар құжаттардың түп­ нұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күн бұрын кешіктірілмей береді. Осы құжаттардың түпнұсқасы бе­рілмеген жағдайда тұлға әңгімеле­ суден өтуге жіберілмейді. Әңгімелесуге жіберілген кандидат­тар оны кандидаттарды әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап бес күн ішінде конкурс жария­ лаған Зеленов ауданы әкімінің аппа­ ратында өтеді.

Мекенжайымыз: Орал қа­ла­сы, Есен­жа­нов кө­ше­­сі, 19-үй (“Омега” зауыты ау­да­ны). “Ме­дицина­ лық ор­талық” ЖШС. Анықтама алу үшін телефон: 53-72-59.

Өмірден өтпейтін пенде жоқ, дей тұра әр пенденің өмірде алар орны бөлек. Артында қалар іс өнегесі әр түрлі болмақ. Қаратөбе ауданы Жусандыой ауылы­ ның тұрғыны болған адал жар, асыл ана Алуа Бисенқызы Казиеваның өмірден озғанына 21 қазанда 1 жыл болуына орай сағынышпен еске аламыз. Жан едің кең пейілді, берекелі, Ақ көңіл жүрген жерің мерекелі. Қапыда айырылған соң түсінгендейміз, Ажалдың айтып келмес сұм екенін. Өмір өзен ағып жатқан өтпелі, Неткен қиын бұл тағдырдың өткелі. Арамызда жаны жайсаң жан едің, Жыл болыпты сіз өмірден өткелі. Зымырап өтіп жатыр өмір мына, Қайғы жұтқан адамдар аз ба мына. Біз сізді еске аламыз, сағынамыз. Тағдырдың көніп мына жазғанына. Жатқан жері жарық, топырағы торқа болсын.

Сағынышпен еске алушылар: жұбайы Талап, бала-келіндері Айбек-Динара, Айдын-Айкөркем, қызы Анара, қыз-күйеу баласы Аманжол-Айнагүл, немерелері Әділ, Айдина, жиені Мансұр Ақжайық ауданы Чапаев ауылының тұрғыны болған бірімізге адал жар, бірі­ мізге сүйікті келін Сара Молдағалиқызы Исееваның арамыздан кеткеніне 26 қыр­ күйекте 3 жыл болды. Өмір неткен алдамшы еді, өтпелі, Үш жыл өтіпті-ау, сен өмірден өткелі. Әр кез сені сағынышпен еске алып, Көзден жас, көңілден мұң кетпеді. Жатқан жері жарық, топырағы торқа, иманы жолдас болсын.

Сағына еске алушылар: Исеевтер әулеті

Дәрігерлер өмірімді сақтады Жетпістің бел ортасына таялғанша жеңіл-жел­ пі науқастанғаным болмаса, дәрігерлердің көмегіне жүгінбеген адам едім. Саулығым осы кезге дейін сыр бермеп еді. Осы жылдың басында кенеттен ауыр дерт­ ке шалдығып, ауруханаға жатуға тура келді. Қаралған дәрігерлер «тоқ ішегіңізде жара бар, жедел ем алу қажет» деген нұсқау берді. «Басқа түскен баспақшыл» деген, бұрын есігін ашып көрмеген облыстық онкология аурухана­сы­на барып, хирург Тайман Ама­нов­ тың қабылдауында болдым. Тай­ман балам қан және дәрет ана­ лиздерін қарап болғасын шұғыл ота жасау қажеттігін айтты. Тоқ іше­ гімдегі жара алынбаса, «жаман» ау­ руға айналып кету қаупі бар екен. Келесі күні Тайман Төлеуғалиұлы дереу ота жасады. Ота өте сәтті өтті. Содан он бес күндей ауруха­

нада ем алып, әбден сауығып шықтым. Енді өзім сүйіп оқитын облыс­ тық «Орал өңірі» газеті арқылы өмірімді сақтап қалған хирург Тай­ман Амановқа және медбикелер Марал Қазетова, Ирина Жұмаға­ зиева және Александра Немчен­ коға шынайы алғысымды білдіре­ мін.

Нәдір ЕЛЕМЕСОВ, зейнеткер, Орал қаласы

«ОРАЛ ӨҢІРІ» Батыс Қазақстан облыстық қоғамдық-саяси газеті. 090000, Орал қаласы, Мұхит көшесі, 57/1. Е-mаіl: оral_oniri@inbox.ru Меншік иесі: «Жайық Пресс» ЖШС Бас директор

Жантас Набиоллаұлы САФУЛЛИН

Бас редактор Бауыржан ҒҰБАЙДУЛЛИН Редакция алқасы: Есенжол Қыстаубаев, Сырымбек Тұяқов (бас редактордың орын­ба­са­р­лары), Жаннат ЕСПОЛАЕВА (жауапты хатшы), Тоқтар КЕНЖЕҒАЛИЕВ (қоғамдық-саяси бөлім), Қазбек ҚАБЖАНОВ (арнайы тілші), Сәкен ӘБІЛХАЛЫҚОВ (экономика бөлімі), Нұрлыбек РАХМАНОВ (гуманитарлық бөлім). Меншікті тілшілер: Тілес ЖАЗЫҚБАЙ (Ақжайық ауданы) Нұрымбек Жапақов (Жәнібек ауданы) Өмірзақ Ақбасов (Жаңақала ауданы) Серік Жұмағалиев (Қазталов ауданы) Мүсірбек Айташев (Сырым ауданы)

8-711-42-21-720, 8-711-35-21-770, 8-711-41-21-755, 8-711-44-31-468, 8-711-34-31-126

Телефондар: Бас редактор 51-25-80, Бас редактордың орынбасарлары 24-17-08, 51-18-08

Жауапты хатшы 50-83-99. Жарнама қабылдау тел/факс: 51-51-09; Бухгалтерия 50-63-99.

Газет ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінде 2006 жылғы 4 мамырда тіркеліп, №7201-г куәлігі берілген

Е-mail: zhaikpress@inbox.ru Қолжазбаларға пiкiр айтылмайды және пай­­да­ла­ныл­маған хат автор­ларына жауап қай­та­рыл­май­ды. Деректердің дәлдiгi үшiн автор жауап­ты. Жарияланым авторларының пiкiрлерi ре­дак­ция көз­­қара­сын бiл­дiр­мейдi. Редакция тап­­сы­ры­сы­мен ­жа­зыл­ма­ған мате­риал­дар үшін қаламақы тө­лен­бейді. «Орал өңірінде» жа­рия­­лан­ған материалдарды сілтемесіз көшіріп ба­ су­ға бол­­май­­ды. Мақалалар электрондық нұсқада қабыл­да­на­ ды. Ж белгісімен жарияланған материалдар ақылы болып есептеледі.

Газет облыстық «Орал өңірі» га­зе­тi редакциясының компью­тер­­лiк орталығында терiлiп, бет­­тел­­дi. "Жайық Пресс" ЖШС баспаханасында басылды Индексі: 65428 Таралымы: 15880, 2 баспа табақ. Газет аптасына үш рет шығады. Корректорлар: Н.СҰЛТАНОВА, Д.шанкишева, ж.жайлауова Кезекшi редактор: с.ихсанғали


8

керуен сарай Сейсенбі, 1 қазан 2013 жыл

Қазақстан Республикасының Мә­дениет қайраткері Ерболат Ерғалиев Құрманғазы атындағы Орал мемлекеттік музыка училищесін, Құрманғазы атындағы Ал­маты мемлекеттік консерватория­ сын, «КГТИ-Лингва» Орталық Қа­ зақстан университетін бітірген. Құрманғазы атындағы Орал мем­лекеттік музыка училищесінде, П.Чайковский атындағы Алматы музыка училищесінде ұстаздық етіп, Құрманғазы атындағы акаде­ миялық халық аспаптар оркестрінде қызмет атқарған. 1999 жылы Астанаға қоныс ау­дарып, ұлттық өнердің қанат жа­юына белсене атсалысты. Астана қаласы мемлекеттік филармо­ ниясында бас директордың орын­басары, атқарушы директор қыз­-

oral_oniri@inbox.ru

меттерінде болды. Оның басшы­ лығымен Астана мемлекеттік фи­лармониясында «Ақ-Орда» фоль­ клорлық, «Наз» халық би ансам­бль­дері дүниеге келді. Аталмыш ұжым­ дар қазіргі таңда өз өнерлерін паш етуде. Жастайынан әдебиет пен өнер­ді серік етіп, көнекөз ақсақал­дар­ дың ескі сөздерін тыңдап, ана ті­ліміздің мәйегін бойына сіңір­ген Ерболат бауырымыз кейінгі жыл­дары елордамызда мемле­кеттік тілдің өрістеуіне біршама үлес қосып келеді. 2002 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Қазақстан Республикасы Көлік және ком­му­никация министрлігіне қа­расты «Ұлттық ақпараттық технология­ лар» акционерлік қоғамын­да Линг­вистикалық қолдау бөлімі­нің бас­

Құттықтаймыз!

тығы қызметін атқаруда. Ерекең қай салада жүрсе де, өнерден қол үзген жан емес. Оған ән-күй шы­ғару және өлең жазу да жат емес. Ерболат Ерғалиевтың шығармалары Қазақ радиосы мен Құрманғазы оркестрінде, Астана филармониясында орындалып жүр.

Мәуелім...

Алматы қаласында тұратын әкеміздің туған қарындасы, сүйікті апамыз, аяулы ана Манира Зәкірқызы ОЙШЫБАЕВАНЫ мерейлі 65 жасымен шын жүректен құт­ тықтаймыз! Апа, сізге ұзақ ғұмыр, зор денсаулық тілейміз. Әрқашанда арамызда шат күлкі­ ге бөленіп жүре беріңіз. 35 жыл еткен ұс­ таздық жолыңызда талай шәкірттеріңізге мейірім мен шуақ шашып, махаббаттан жаралған қызуын сарп еттіңіз. Жүзіңізден шуақ кетпей, біздің ортамызда күліп-ой­нап, бақытқа бөленіп жүре беріңіз. Сіз бізге керексіз. Құтты болсын 65 деген жасыңыз, Асулардан, белестерден асыңыз. Немере-жиен қызықтарын қызықтап, Қуанышта қосыла берсін басымыз.

Игі тілекпен: Ақжайық ауданы Есенсай ауылынан ініңіз Нұрболат, келініңіз Зульфат, сіңліңіз Нұрсәуле

(дәулескер күйші Тұяқберді Шәмеловтің рухына бағыштаймын) Әні мен сөзін жазған: Ерболат ЕРҒАЛИЕВ Шалқытып күйін Мәменнің, Сазына бөлеп әуеннің. Бабалар асыл мұрасын, Паш еткен тұлға мәуелім. Қайырмасы: Сап түзеп ұшқан тырналар, Сазымен әсем ой салар. Ән болып жүрек тербеген, Сағыныш сезім бойды алар.

Құтты болсын мерейлі туған күніңіз, Деніңіз сау болып, өмірде болсын жолыңыз. Өмір жасыңыз ұзақ болып, Арманға жетсін қолыңыз.

Әніне қосып тырнаны, Ауылдың көркін жырлады. Көмкеріп гүлмен аруды, Көктемгі балғын қырдағы.

Ізгі ниетпен: №31 "Балдәурен" МдҰ ұжымы

Қайырмасы:

Орал қаласының тұрғыны Айнұр Си­ сенбайқызы ГАЛИЕВАНЫ мерейлі 55 жасымен шын жүректен құттықтаймыз.

Самарқау күйді жұбатқан, Әуені кетпей құлақтан. Шырқасаң бойды сергіткен, Қанғандай кәусар бұлақтан.

Құтты болсын 55 деген жасыңыз, Аман болсын әрқашанда басыңыз. Бейнет көрмей қызығы мол өмірде, Әлі талай асулардан асыңыз.

Қайырмасы:

Қайырымды жандарға ризамыз Елбасының жас жеткіншектердің мектепке түгел баруын қамтамасыз ету туралы тапсырмасын орындау мақсатындағы «Мектепке жол» акциясы біздің Махамбет ЖОББМ-да да тиісті деңгейде жүзеге асырылып келеді. Былтырғы оқу жылында жеке кәсіпкер Мүслім Айтжанов мұқ­ таж оқушыларды оқу құралдары­мен қамтамасыз етсе, А.Шоңай­ беков есімді азамат 20 мың теңге ақшалай көмек көрсетті. Ал «Касарим», «Мұсағалиев» азық-түлік дүкендерінің қожайыны тұрмысы төмен отбасының оқушыларына киім-кешек әперді. Мұндай игі­-

Батысқазақстандық Назым Ищанова Болгарияның Албена қаласында жасөспірімдер арасында бокстан мәреге жеткен әлем чемпионатында қола жүлдені иеленді.

Облыстық туризм, дене шы­нық­ тыру және спорт басқармасы бө­лім басшысының міндетін атқа­ рушы Әскербек Нұрмұқановтың

Орал қаласындағы №31 «Балдәурен» мектепке дейінгі ұйымының қызметкері Райса Иманғалиқызы ШАГИРОВАНЫ 2 қазанда болатын 55 жас мерейтойымен құттықтаймыз. Осы мекемеде 20 жылдан астам ерінбей еткен елеулі еңбегіңізді қастерлей отырып, тамаша қасиетіңізбен, кәсіби шебер қабілетіңізбен балабақ­ша­ мыздың ең іскер қызметкері екеніңізді ай­та отырып, деніңізге саулық, отбасы­ңыз­ға амандық, еңбегіңізге табыс тілейміз.

лікті іске мектебіміздің асханасын жалға алып отырған Дүйсенға­лие­ва Нұржамал апайымыз да қол­ ұшын беріп тұрады. Биылғы оқу жылында да «Ақниет» азық-түлік дүкенінің қожайыны Мүслім Айт­жанов жылдағы қайырымдылы­ ғынан танған жоқ. Ал Федор Мор­гунов, Еркін Насыров, Абылай Аманғалиев, Райса Айберсиева,

Манар Есмұқанова, Қазбек Сұл­тан­ ғалиев сынды аталмыш акцияға қаржылай үлес қосудан тартынып қалмады. Сол себепті мектеп ұжымы қайырымды жандарға ал­ ғыс айтып, шаруалары өрге баса берсін деген тілек жолдайды.

Ардақ БИЖАНОВА, Махамбет атындағы мектептің әлеуметтік педагогы, Махамбет ауылы, Зеленов ауданы

Назым – қола жүлдегер айтуынша, 57 келі салмақта шаршы алаңға шыққан Назым жартылай финалда АҚШ боксшысы Жажайра Гонзалезге есе жібергенімен, қола медальға қол жеткізді. Оның бапкері – өз әкесі Бейбіт Ищанов. Бейбіт қызын дарынды балаларға арналған С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық мектеп-интернат кешенінде үздік оқып жүрген жері-

нен боксқа бейімділігін байқап, спортқа дарынды балаларға арналған облыстық мектеп-интернатына берген еді. Қазір сонда білім алып, бокстағы биіктерін бағындыра бастады. Н.Ищанова – әлем біріншілігіне БҚО-дан барған жалғыз боксшы.

Елжан ЕРАЛЫ

Тілек білдірушілер: Кузбаковтар отбасы, жұбайыңыз Сырымбет, тума-туысқандарыңыз

«Ақжайық» алға шығар емес Футболдан Қазақстан чемпионатының кезекті турында Оралдың «Ақжайығы» Өскеменде «Востокпен» күш сынасты. Осының алдында өз алаңын­да Қостанайдың «Тобылына» 1:3 есе­бімен жол берген батысқазақ­стан­ дықтар қайтадан соңғы орынға тү­сіп қалған болатын. Сондықтан өскемендіктермен ойында қалай да ұпай алуға тырысып бақты. Алайда 36-минутта «Ақжайықтың» қорғаушысы Михаил Любимкин ойын тәртібін бұзып, сол жерден кезінде оралдық клубтың намысын қорғаған Вячеслав Эрбес қақпа бұрышын дәл көздеді. Екінші тайм басталмай жатып, «Востоктың» ша­буылын тағы тәртіп бұзып тоқтат­ қан М.Любимкин алаңнан қуылды. Сөйтіп, командасын қиын жағдай­да қалдырды. Бірінші таймда жара­ қат алған Эльдар Абдрахмановтың орнына шыққан босниялық легионер Недо Туркович те серпіліс кіргізе алмады. Сөйтіп, оны ойын соңына таман Николай Забродин

қайта алмастырды. Жалпы, чемпионат барысында Игорь Зенькович кеткеннен кейін шабуыл ше­бін күшейте ме деп алынған Н.Тур­ кович үмітті ақтай алмады. Ойынның 78-минутында Сергей Костюк 11 метрлік айып добын дәл орындап, есепті 2:0-ге жеткізді. Сонымен, алда небәрі төрт-ақ тур қалды. Соның ішінде 5 қазанда «Таразбен», 19 қазанда «Жетісумен» өз алаңында өтетін кездесулер «Ақжайық» үшін шешуші болмақ. Осы ойындарда жеңіске жетсе ғана оралдықтарға премьерлигада қалуға мүмкіндік туады. Содан кейін 27 қазанда Қостанайда «Тобылмен» шеберлік байқасатын батысқазақстандықтар біріншілік­ті өз алаңында 2 қараша күні «Атыраумен» қорытындылайды.

Ғайса БӘЙМЕН


Орал Өнiрi №121