Иманалиева, махадиева

Page 1

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

«ӨРЛЕУ» БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫНЫҢ ФИЛИАЛЫ ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУ ИНСТИТУТЫ

БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ƏРЕКЕТТЕРІН ҰЙЫМДАСТЫРУ ƏДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛЫҚ

Тараз, 2014


ӘОЖ 373 ББК74.2 И50

Рецензенттер: Ускенбаева Ж.А. «Өрлеу» БАҰО акционерлік қоғамының филиалы Жамбыл облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының «Тұлғаны тәрбиелеу және әлеуметтендіру» кафедрасының аға оқытушысы, п.ғ.к. Амандосова С.С. Тараз педагогикалық институты география және географияны оқыту әдістемесі кафедрасының меңгерушісі, п.ғ.к. Жалпы редакциялауды басқарған: Сыздықбаева Ғ.Ұ., «Өрлеу» БАҰО акционерлік қоғамының филиалы Жамбыл облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының директоры, п.ғ.к. қ.проф. И50 Иманалиева Г.А., Махадиева Б.О. Бастауыш сынып оқушыларының ғылымизерттеу әрекеттерін ұйымдастыру: әдістемелік нұсқаулық, Тараз, 2014. – бет. ISBN 978-9965-20-428-9

Жамбыл облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының Сараптама Кеңесімен ұсынылған (№ 5 хаттама, 20 маусым 2014 ж.)

Әдістемелік нұсқаулықта бастауыш сынып оқушыларының ғылыми-зерттеу әрекеттерін ұйымдастыру мәселелері қарастырылады. Бастауыш білім беруде ғылыми-зерттеушілік әрекеттерін жүзеге асыратын формалары мен жолдары ұсынылады. Бұл әдістемелік нұсқаулық бастауыш сынып мұғалімдері арналады.

ISBN 978-9965-20-428-9 © Иманалиева Г.А., Махадиева Б.О. 2014


МАЗМҰНЫ Кіріспе............................................................................................................................3 1. Оқытудағы жобалау әрекеті барысында оқушылардың құзіреттіліктерін қалыптастыру.................................................................................................................5 2. Оқушылардың жас ерекшелігіне сай жобалауды ұйымдастыру..........................19 3. Оқушылардың жобалау жұмысын бағалау әдістемесі...........................................23 Қорытынды .................................................................................................................30 Әдебиеттер.....................................................................................................................32 Қосымша.......................................................................................................................33

2


Кіріспе Еліміздің болашақта көркейіп өркениетті елдер қатарына қосылуы бүгінгі ұрпақ бейнесінен көрінеді. Қазіргі кездегі білім беру ісінің негізгі нысаны - жас ұрпақтың біліктілігін ғана қалыптастырып қоймай, олардың бойында ақпаратты өздері іздеп табатын және талдай алатын, сонымен қатар оны ұтымды пайдалана білетін, жылдам өзгеріп жатқан бүгінгі күнге лайықты өмір сүріп, қызмет етуге қабілетті тұлғаны қалыптастыру болып отыр. Білім - ел қазынасы, халқымыздың білімділігі еліміздің байлығының ең маңызды бөлігі десек, білімнің негізі мектепте, яғни бар ғылымның бастауы – мектеп, «Елдің келешегі бүгінгі жастардың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры – ұстаздың қолында» деп Елбасы бізге үлкен міндет артып отыр. Егемен еліміздің болашағы, оның әлемдік өркениеттегі өз орны, ең алдымен білім мен тәрбиенің бастауы болатын – ұстаз қолында, сондықтан да біздің басты мақсатымыз – білім сапасын жақсарту. Жалпы ұлттық деңгейдегі 12 жылдық жалпы орта білім берудің басты мақсаты - еліміздің әлеуметтік, экономикалық және саяси өміріне белсенді араласуға дайын, бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны дайындау. Бәсекеге қабілетті деп өмірдің қай саласында болмасын әр түрлі жағдайларға бейімделе білетін, бойында шығармашылық қасиеттері қалыптасқан тұлғаны айтамыз. Ғылымның жедел түрде қарқынды дамуы, қазіргі заман талабы бастауыш сынып оқушыларын да бәсекеге қабілетті тұлға етіп тәрбиелеу мақсатын қойып отыр. Бәсекеге қабілетті жетілген тұлғаны қалыптастыру үшін оқушыны ізденушілікке, өз бетінше жұмыс жасауға, бақылау мен зерттеуге, зерттеу нәтижелерін жинақтап, қорытынды жасай білуге үйрету бастауыш сыныптан басталуы қажет. Оқушылардың ғылыми – зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру төмендегі міндеттерді шешуге мүмкіндік береді: • Оқушыны ізденушілікке баулу, оған зерттеу дағдысы мен білігін игерту; • Қоршаған ортаны танып білуге құштарлықтарын арттыру; • Өзіндік зерттеу әрекетінің көмегімен жаңа білімді дайын күйінде емес, өзі ашуға ұмтылу; • Таңдаған бағыты бойынша өзінің даму деңгейіне шығуына мүмкіндік жасау; • Әдебиеттерді талдай білуге, анықтамалармен жұмыс істеуге үйрету; • Басқа адамдармен қарым – қатынас жасай білу, осы заманға сай технологияларды пайдалана білу (ғаламтор, электронды пошта); • Қоршаған ортада өз орнын, жеке рөлін анықтай білу. Қазіргі кезеңдегі білім беру ісінің негізгі нысаны – жас ұрпақтың біліктілігін қалыптастырып қана қоймай, олардың бойында ақпаратты өздері іздеп табатын және талдай алатын, сондай-ақ ұтымды пайдалана білетін, жылдам өзгеріп жатқан бүгінгі дүниеге лайықты өмір сүріп, қызмет жасауға қабілетті тұлғалық қасиеттерді қалыптастыру болып отыр. Елбасының соңғы жолдауындағы алтыншы міндеті де осы заманғы білім беру мен кәсіптік қайта даярлауды, «парасатты экономиканың» негіздерін қалыптастыруды, жаңа технологияларды, идеялар мен көзқарастарды пайдалануды, инновациялық экономиканы дамытуды қарастырады. 3


Білім беру реформасы табысының басты өлшемі – тиісті білім мен білік алған еліміздің кез келген азаматы әлемнің кез келген елінде қажетке жарайтын маман болатындай деңгейге көтерілу болып табылады. Жалпы ұлттық деңгейдегі 12 жылдық жалпы орта білім берудің басты мақсаты – еліміздің әлеуметтік, экономикалық және саяси өміріне белсенді қатысуға дайын, бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны дайындау. Бәсекеге қабілетті жеке тұлға деп өмірдің қай саласында болмасын еркін де нақты, жауапкершілікпен ойлайтын, әр түрлі жағдайларға бейімделе білетін, бойында шығармашылық қасиеттері қалыптасқан тұлғаны айтамыз. Ғылымның жедел түрде дамуы, техникалық прогресс, қазіргі заман талабы бастауыш сынып оқушыларының жан-жақты терең ойлау қабілеттіктерін арттырып отыр. Сондықтан, бәсекеге қабілетті шығармашыл тұлғаны қалыптастыру үшін зерттеу- ізденушілік жұмыстарды бастауыш сыныптан бастау қажет. Ол дегеніміз – жалпы адамзаттық мәдениет жетістіктері негізіндегі іс-әрекет тәжірибесін және қоғамдағы дәстүрлер мен жеке, отбасылық және әлеуметтік өмірдің мәдениет негіздерін, этномәдениеттік құбылыстарды игеруге мүмкіндік беретін ұлттық ерекшеліктерін тани білу. Адам мен қоғамның дамуындағы ғылымның ролін түсіну. Өзінің халқының мәдениеті мен әлемнің мәдени көптүрлілігін түсіну.

4


Балаға өз бетімен зерттеуге мүмкіндік туғызған сайын одан әрі жақсы оқи түседі. Питер Клайн.

Оқытудағы жобалау әрекеті барысында оқушылардың құзіреттіліктерін қалыптастыру ХХI ғасырдың басында-ақ зерттеулiк iзденiс бiлiктерi мен дағдылары тек ғалымдарға емес, ол барша адамға сөзсiз қажеттiгi айқындалды. Оқытуды зерттеушiлiк бағытта ұйымдастыру, оның теориялық идеясы мен практикасын бiрiктiру бүгiнгi психологтар мен педагогтардың мiндеттерiне жүктелгендiгiн байқауға болады. Психология және педагогика ғылымдары адам өмiрiндегi зерттеу тәртiбiнiң ролiн, жалпы бiлiм беру үдерiсiндегi зерттеулiк әдiспен оқытудың бағытын қайта қарастырып, бағалауда. Қазiргi бiлiм беру практикасында баланы зерттеу жолымен оқыту – қоршаған әлемдi тануға мүмкiндiк беретiн ең тиiмдi әдiстердiң бiрi. Балалық зертеулер, iзденiс қажеттiлiгi оның биологиясына тән қасиет екендiгi ешкiмге таңсық емес. Зерттеу балаға тән, қалыпты жағдай. Қайсыда бiр денi сау бала зерттеушi болып туылады.. Көз алдыңызға жаңадан ойыншық алған сәбидi елестетiңiзшi! Бала бұл ойыншықты жан-жақты қарайды, упалайды, умаждайды, жапырады, тiстейдi, сәл ересектеуi – бөлшектерге бөлiп тастайды. Кез келген кезде, белгiсiз обьектiнi немесе құбылысты байқаған бала, ересектерге “Бұл не?”,”Нелiктен?”, “Неге?” секiлдi сұрақтарын жаудырады. Өкiнiшке орай, көптеген жағдайда жауап беруге өресi жетпеген ересектер, тынышсыз “негештермен” жұмыс жасауға зерiгедi. Баланың қажымай-талмай жаңа әсерлерге ұмтылуы, әуестiлiгi, белгелi бiр затты тәжiрибелеуге, бақылауға ынталылығы, өмiрден өздiгiнен жаңа мәлiметтер iздеуi – мұның барлығы баланың беталысының маңызды ерекшелiктерi десек қате болмас..Бiлмегендi бiлуге деген құштарлық, үнемi зерттеу белсендiлiгi бала бойына туа бiткен қасиет. Баланың нақ осындай танымдық ынтасынан зерттеулiк бағыты қалыптасады және зерттеп оқу қажеттiлiгi туындайды. Баланың бiлуге құштарлығын қолдау және дамыту бiлiм берудегi маңыздың мәселелелердiң бiрi, ал оның шешу жолдары – оқушылардың зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру. Зерттеулiк оқыту әдiстемесi оқушының танымдық әрекеттегi субьектiлiқ позициясын ұстануына мүмкiндiк бередi. Бұл есiн, түйсiгiн iске қосу емес, ойлану механизмiн қалыптастыру. Яғни саналы ойлау арқылы танымдық-психикалық процесiн дамытады. Зерттеулiк оқыту оқушының эмпирикалық және теориялық танымының бiрiктiрiлуiмен меңгерiледi. Кез келген зерттеуде проблеманы анықтау, конструктивтi сұрақтар қою, бақылау жүргiзу, мәтiндермен жұмыс жасау арқылы ақпараттар жинақтау, оны саралау, анализдеу және тұжырым жасау әрекеттерi кiрiстiрiледi. Бұл зерттеулiк оқытудың жанжақтылығын, әмбебап болмысын дәлелдейдi. Сол себептен зерттеу бiлiктерi мен дағдыларын меңгерген қазiргi мектеп түлегiнiң, келешекте әр түрлi әлеуметтiк – саяси жағдаяттарда икемдiлiкпен бейiмделетiндiгiне, өз көзқарасын өңдей алатындығына көз жеткiзуге болады. Зерттеулiк оқыту барысында оқушылар теориялардың пайда болуы жөнiнде көптеген мәлiметтер жинақтайды. Н.И.Павлов “Үй кiрпiштен құралатын болса, 5


ғылым деректерден құралады”, демекшi әр кiрпiштен немесе тастан құралған үйiндi үй деп саналмайды, дәл солай кез келген деректердiң жиынтығы да ғылыми бiлiм бола алмайды.Сондықтан “ғылым” деген сөзiң мағынасы ежелден “ұйымдастырылған бiлiм ” деп түсiндiрiлген. Жас жеткiншек байқау жүргiзу немесе тәжiрибелеу нәтижесiнде алынған деректерi, болжамдары, топтастыру схемалары, тiптi айқындалған заңдары – ғылым материалдары екендiгiн жете түсiну керек. Бұларды ғылым ретiнде ұйымдастыратын-теория. Ендеше мектеп қабырғасында зерттеумен айналысқан бала жаңа ақпараттар жинақтау арқылы ғылымға алғашқы қадамын жасайды. Бүгінгі күні мектепте ғылыми зерттеу жұмыстарын ұйымдастырудың қол жетiмдi түрi – оқушылардың ғылыми қоғамы болып отыр. Оқушылардың ғылыми қоғамы (ОҒҚ) жас ерекшелiктерi әр түрлi, жоғары интеллектуалды, шығармашыл оқушылардан құралады. ОҒҚ-ның атқаратын негiзгi қызметi - оқушылардың ғылыми iзденушiлiкке қызығушылығын кеңейтуге, зертеулiк оқыту бiлiктерi мен дағдыларын қалыптастыруға, әдебиеттермен жұмыс жасауды үйретуге және т.б. бағытталады. ОҒҚ-на мұғалiм жетекшiлiк етеді. Жетекшi мұғалiм оқыту сабақтарын ұйымдастырады, оқушылардың қызығушылығын ескере отырып ұжымдық жобалардың тақырыптарын жоспарлайды, қорытындылау жиналыстарын дайындайды, жас зерттеушiлердiң жұмыстарына мониторинг жүргiзедi. Осындаай іс-әркеттердің нәтижесінде дарынды балаларды анықтауға және ғылымға жетелеу арқылы шығармашылық қабiлеттерiн дамытуға мүмкіндік туылады. Дегенмен, мұндай әрекеттер мектеп оқушыларының 10 ғана құрайды, ал қалғаны ізденістен тыс, пассивті оқу жағдайында білім алады. 12 жылдық білім беру жағдайында жалпы орта мектеп бағдарламасында «Зерттеу негіздері» курсы қарастырылған. Курстың мақсаты оқушыларды зерттеу әрекетіне ендіру арқылы негізгі құзыреттіліктерді қалыптастыру. «Негiзгi материалдарды өздiгiнен iзденуге мүмкiнiдiк берген жағдайда ғана оқушылардың бiлiмi жоғары болады». (Питер Клайн) Баланың ойлау тәсiлдерiн үйрету және зерттеушiлiк мәдениетiн қалыптастыру үшін зерттеулiк оқытуды бастауыш мектептен бастау керек. Себебi, бастауыш мектеп баланың санасы қарқынды дамитын маңызды, қайталанбас кезең. Бастауыш мектепте бала белгiлi бiр бiлiм алып қана қоймай, ол жалпы даму, сөйлеу, оқу, қоршаған орта жөнiнде дұрыс көзқарас қалыптастыру, жағдайларды обьективтi түрде бақылау, ойын дұрыс жеткiзу, салыстыра бiлу, сөйлеу мәдениетiне үйренедi. Зерттеушілік оқытуда дәстүрлi сабақтан дербес арнайы тренингтер, ойындар ұйымдастырылады. Бұл оқушыларға зерттеу біліктері мен дағдыларын меңгертудің тиімді жолы болып табылады. Зерттеу iзденiсi баланың қызығушылығын арттыратын, өзiне тартып құмартатын iс. Қазiргi педагогикалық әдебиеттерде «зерттеу әдiсi», «жобалау әдiсi» деген ұғымдар жиi кездесуде. Зерттеулiк оқыту барысында осы екi түрлi түсiнiктiң ұқсастығы мен айырмашылы неде? Зерттеу әлемiне алғашқы қадамын басқан кез келген балаға бұл әдiстердi ажырата бiлудiң маңызы зор. Сонымен «зерттеу жұмысы» және «жоба» ұғымдарының айырмашылығын талдап көрсетелiк. Зерттеу – риясыз шындықты iздену, ал жобалау туындаған мәселенi 6


саналы түрде шешу. Сондықтан да зерттеу және жобалау жұмыстарының бағыты, мәнi, мазмұны да әр түрлi. Зерттеу үнемi iзденiс пен шығармашылықты қажет етедi. Себебi ол - белгiсiз, тың жол. Зерттеу барысында өзектi мәселенi шешу әрекеттерiмен қатар, көптеген кедергiлер кездеседi. Тiптi iзденiс барысында табылған жаңа ақпараттар қажетсiз немесе қауiптi, зиян болуы мүмкiн. Кейбiр зерттеулер өкiнiштi әсер де қалдырады. Зерттеушi белгiсiздiктiң шешiмiне жету немесе құпияның сырын ашу үшiн толығымен шығармашылықты қажет етедi. Олай болса, зерттеу - шексiз түбiрге жету қозғалысы. Ал жобалау, керiсiнше, жасалған жұмыстың нақты , қатаң атқарылуына, iс-шараларды жоспарлай бiлуге, көздеген нәтижеге жету секiлдi өмiрдегi маңызды талаптарды қалыптастырады. Жобалау әдетте шығармашылық iс, бiрақ ол шектеулi мәселенiң өзектiлiгiн шешу. Теориялық жобаны дайын алгоритмдер бойынша, репродуктивтi әдiспен орындауға болады. Яғни белгiлi графиктер, сызбалар, жобалар арқылы зерттеу жүргiзу, көрсетiлген межеге жету. Осы аталған айырмашылықты терең түсiнбеу себептерiнен кейбiр мұғалiмдер зерттеумен айналыса бастаған балаға, алдын ала жоспар құруын талап етедi, «зерттемес бұрын мақсат қой, мәнiн бiлiп ал, қандай нәтижеге жетуiң керек», – деген сияқты талаптар қояды. Бұл, әрине, үнемi бақылап әдеттенген мұғалiмнiң құзыреттiлiгi жеткiлiксiздігін көрсетедi. Егер оқушыға зерттеу жұмысының нәтижесi белгiлi болса, онда оны iздеудiң қажеттiлiгi қанша? Оқушылар шығармашылық жұмыстарын жобалау әдiсiмен де, зерттеу әдiсiмен де жүзеге асыра алады. Қазiргi бiлiм беру практикасында осы екi ұғымды жете түсiнудiң маңыздылығы зор. Баламен зерттеп оқуды ұйымдастыра отырып, оған үлкен үмiт артудың қажетi жоқ. Егер баланың әрбiр зерттеу жұмыстары, әр жобасы көпшiлiкке неғұрлым белгiлi болса, оның зерттеп оқу iс-әрекетiнiң мотивациясы соғұрлым жоғары болады. Оқушылардың зерттеп оқу iс-әрекетiнiң нәтижесiн анықтау проблемасы сырт көзбен қарағанда жеңiл көрiнедi. Шын мәнiнде - бұл күрделi iс. Алдымен ненi нәтиже деп санауға болады, соны қарастырған жөн. Зерттеп оқу жұмыстарының барлық кезеңдерiнде негiзгi күтiлетiн нәтиже – баланың танымдық қажеттiлiктерi мен қабiлеттерiнiң дамуы екенiн анық ұғыну керек. Бұл баланың интеллектуалды және шығармашылық дамуы емес, психоәлеуметтiк өрiсiн дамыту. Педагог үшiн зерттеулiк оқытудың басты нәтижесi – баланың дайындаған көрнектi, детальды жасалған мәтiні немесе қағаздан жасалған макеті, техникалық суретi емес, ең бастысы өзiндiк шығармашылығы, зерттеу жұмысындағы құнсыз тәжiрибесi, жай орындаушыдан ерекшеленетiн шығармашыл баланың жаңа бiлiмдерi, ептiлiктерi және дағдылары. Балалардың зерттеу нәтижелерiн табысты қорытындылауға семинарлар, конференциялар көп ықпал етедi. Семинарда барлығы жеке проблема бойынша жасалған зерттеулердi талқыласа, конференцияда бiр мәтiнмен бiрiктiрiлген, проблемасы әр түрлi зерттеулер талқыланады. Яғни, әр зерттеушiнiң өз алдына дайындаған баяндамаларының нәтижесiнде үлкен материал жинақталып, талқыланады. Зерттеу жұмыстарын қорғау немесе шығармашылық жобаны ұсыну – зерттеп-оқудың негiзгi кезеңдерiнiң бiрi. Оқушылардың жүзеге асырған жобасын қорғау кезеңiн елеусiз қалдыруға болмайды. Онсыз зерттеу жұмыстарының 7


аяқталуы мүмкiн емес. Қорғау баланың зерттеулiк iзденiсiнiң мотивациясын қалыптастыратын фактор болып табылады. Жеке шығармашылық iзденiсiнiң қорытындысын хабарлау басқаны оқыту әрекетi болып саналады. «Басқаны оқыта отырып, өзiң де оқисың» деген Я.А.Коменскийдiң нақты ойы ғасырлар бойы айтылуда. Бала осы заңдылықты түсiне отырып, өзiнiң жеке зерттеу лерiнiң нәтижесiнде алған бiлiмiн әдетте, басқаға жеткiзуге тырысады. Сондықтан да, меңгерген нәрсенi хабарлаудың, өзгеден гөрi, баланың өзiне қажеттiгi мол. Шығармашылық жобаны дайындау және оны қорғау көптiң алдында өткiзiлуі керек. Мұнда басқа да жұмыс авторлары, оқушылар, мұғалiмдер, ата-аналар, мектеп қонақтары қатысқаны дұрыс. Өз жұмысын қорғау – қазiргi өмiрде маңызды дағдыларды игеруге мүмкiндiк туғызады. Қорғау барысында оқушы табылған ақпараттарды баяндауға, проблемаға басқаша қарауға, өзiнiң көзқарасын дәлелдеуге, басқаны сендiруге жаттығады. Қорғауды жоспарлау нақты мерзiмдi қажет етпейдi. Зерттеулiк iзденiспен айналысатын балалар да, олардың шығармашылықтары да әр түрлi болатындығын ескеру керек. Жұмысты даярлау мерзiмi баланың мiнез-құлық ерекшелiгiне, дайындық деңгейiне және зерттелетiн пәнiне байланысты болады. Сондықтан мерзiмдi баланың жұмыстың аяқтау мүмкіндігіне байланысты, жуықтап белгiлеген жөн. Қорғау мерекелi және ғажайып өту үшiн, бiр күнде 5-6 зерттеу жұмыстары немесе шығармашылық жобалары қорғалғаны дұрыс. Әдебиеттерге жасалған теориялық талдаулар дарындылықтың табиғаты шексіз екенін, сондай-ақ оған ықпал ететін факторлардың да сан қырлы болатынын көрсетеді. Бірақ дарындылық пен шығармашылықты дамытудың түрлі жолдарының ішінде баланың өзіндік зерттеу тәжірибесі әлдеқайда тиімді болып табылады. Балалардың дарындылығын дамытудағы бұл құралдың мәні, ең алдымен, зерттеушілік ізденістің жаратылыстан бөлінбейтін құбылыс екендігімен түсіндіріледі. Білуге деген құштарлық, бақылауға тырысушылық, тәжірибеден өткізуге дайын тұру, әлем туралы жаңа мәлімет жинауға талпынушылық қасиеттер балаға тән дәстүрлі мінез болып саналады. Ендеше, зерттеушілік, ізденушілік- бала табиғатына тән құбылыс. Бұл белсенділік оның жеке дамуына, өзіндік көзқарасының қалыптасуына игі ықпал етеді. Педагогикалық процесте балалардың дарынын ашуда оқушы мен мұғалімнің ынтымақтастығы шешуші рөл атқарады. Жеке тұлғаны дамытып қалыптастыру үшін олардың өзгермелі әрекеттерін айналадағы нақты құбылыстар мен таныс объектілерді зерттеумен байланыстырудың маңызы зор. Зерттеу білігі мен дағдысы ғылыммен ғана айналысатын адамдарға ғана емес, сондай-ақ әр адамның түрлі саладағы қызметіне қажет. Шығармашылық ізденушілік кез-келген кәсіппен тікелей байланысты. Зерттеу ісі қазіргі кезде аясы тар мамандандырылған қызмет емес, ғылыми қызметкерлердің белгілі топтарына ғана тән емес, сондай-ақ бүгінгі заман адамының өмір сүру тәсіліне енген, кәсіби шеберлігін танытуда өзіндік көзқарасына сәйкес қызмет болып табылады. 8


Бұл пікірімізді Абайдың жетінші қара сөзіндегі: «Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады. Біріншісі- «ішсем, жесем, ұйықтасам» деп тұрады, екіншісі«көрсем, білсем» деп, ержетіңкірегенде ит үрсе де, мал шуласа да «ол неге үйтеді», «бұл неге бүйтеді» деп көзі көрген, құлағы естігеннің бәрін сұрап, тыныштық көрмейді»,- деген ой-тұжырымы растайды. Баланы ізденушілікке баулу, оған зерттеу дағдысы мен білігін игерту бүгінгі білім беру саласының маңызды міндеті болып саналады. Егер ол оқушының жеке тұлға ретінде қалыптасуын қамтамасыз ету қажет болса, онда баланың қабілетін түрлі әрекеттерге көрсету үшін зерттеуге дайындау қажет. Ғылыми әдебиеттерде оқушылардың ізденушілік әрекетінде қолданылатын түрлі терминдер кездеседі: ғылыми-зерттеу жұмысы, зерттеу жүргізу, зерттей оқыту, т.б. Әлемге жаңалық әкелетін ғалымның ақыл-ой әрекеті мен жаңаны тануға талпынатын баланың ақыл-ой әрекеті арасындағы ерекшелік бұрыннан танылған. Сондықтан да жоғарыда аталған терминдердің мәні, ғылым, зерттеу, ғылыми зерттеу сияқты базалық түсініктерді қалыптастырған. «Энциклопедиялық сөздікте» ғылым тарихи қалыптасқан және табиғат, қоғам, ойлау, олардың даму заңдылықтары туралы қоғамдық тәжірибе негізінде үздіксіз дамитын білім жүйесі ретінде анықталған. Ғылыми әлемді өз қажетіне қарай өзгертуге белсенді адамзат таным қызметінің көпғасырлық дамуының нәтижесі болып табылады. Ғылыми зерттеу- ғылыми әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, белгілі бір объект жөнінде жаңа білім қалыптастырумен аяқталатын жүйелі және арнайы мақсатқа көздеген объектілермен танысу. Оның негізінде адам әрекетінің ең қиын түрі – ғалымның таным қызметі. Танымдық әрекет оқушы үшін еске түсіру (репродуктивті) мен өзгерту (шығармашылық) бағытында болуы мүмкін. Оқушының өзгерту таным әрекеті зерттеу деп аталатын тәсіл арқылы жүзеге асырылады. Интеллектуалдық және шығармашылық қабілеті жоғары балалардың өз бетімен білім алу мүмкіндігі болуы тиіс. Яғни мұндай оқытуды бала өзі анықтайды, өзі басқарады, өзі жүзеге асырады. Дарынды балаларды оқытуда зерттеу әдісін қолдану қажеттілігі олардың табиғи қызығушылығының жоғарылығымен, қоршаған ортасына деген құштарлығының басымдылығымен түсіндіріледі. Оқушының өзіндік зерттеу әрекеті оның өзіндік талабын қанағаттандыруға ықпал етеді. Оқушылар қоршаған ортамен таныса отырып, өзіндік зерттеу әрекетінің көмегімен жаңа білімді дайын күйінде емес өзі ашады. Қазіргі кезде қоғамдық-әлеуметтік өмірдің барлық саласында түбірлі өзгерістердің болуына байланысты білім жүйесінде де, оның мазмұны мен оқыту әдістемесін де біршама жаңарулар болып жатыр. Инновациялық процестер ғалымдар мен практик- ұстаздар арасында кең өріс алуда. Бірақ мектептегі дәстүрлі оқыту өзінің дайын білімді ұсынатын ақпараттық арнасынан аса алмай отыр. Оқытудың бұл бағыты ең алдымен таным қабілеті қарқынды дамып келе жатқан жас бүлдіршіндердің білсем деген ынтасы мен ізденушілік құлшынысын бәсеңдетуде. Бұл өз кезегінде оқушының өзін-өзі тәрбиеленуіне, өзін-өзі дамытуына, өз бетімен білім алуына кері ықпал етуі мүмкін. 9


Соңғы жылдары зерттеу қызметі мәселесіне «зерттеу тәртібі» деген жаңа термин енді. Бұл термин ғылыми-педагогикалық әдебиеттерде бұрыннан қолданылады (мінез-құлық мәдениеті, адамгершілік мінез, оқушының жүрістұрысы, тәртібі, т.б.). Бұл сөздің түпкі мәні біреудің әрекеті немесе әрекеттер жиынтығын білдіреді. Педагогикалық энциклопедияда «тәртіп» сөзі адамның және жануарлар қоршаған ортасына қатынасын білдіретін әрекеті ретінде қарастырылған. Адамның тәртібі саналы тұлғаның әрекеттер жүйесінен тұрады. Оның жануарлар әрекетінен айырмашылығы қоршаған орта жағдайына саналы және мақсатты қызығушылық танытуында. Адамның мінез-құлқы арқасында қоршаған ортада өзгеріс болып, онымен бірге өзі де дамып жатады. Адамның өмір сүру тәртібінен оның болмысы, мінез-құлқы, темпераменті, көзқарасы, талабы мен талғамы көрінеді. Әсіресе эмоциясы мен сезімі басты рөл атқарады. Баланың жүріс-тұрысындағы әрекеттер процесінде оның тұлғалық қасиеті қалыптасады. Тұлғаның қасиеті, жүріс-тұрысы қоғамдық қатынастармен, жалпыадамзаттық құндылықтармен бірге қарастырылады. Сонымен қатар, әрбір адам өзінің ортасына деген көзқарасы мен әрекетіне қарай бір-бірінен өзгешеленеді. Адамның өмір сүру тәртібі қоғамдық қатынастар мен тәрбиеге байланысты жинақталады. Зерттеу тәртібі- кез-келген тірі жанның белсенді өмір сүру тәртібінен бөлінбейтін құбылыс. Сондықтан ол ең маңызды дамыту қызметін атқарады. Айналасындағыларды танып-білуге деген талпыныстың арқасында ғана тіршілік иесі белгілі бір ортаға икемделіп, өмір сүру тәртібін қалыптастырады. Білім берудегі жобалау әрекеті арқылы оқушылардың түрлі қабілеттілік сапалары мен құзыреттіліктері артатыны – олардың ақпаратты ала білуі, оны сұрыптай және өңдей отырып пайдалана білуі, өз бетімен және топпен жұмыс істеу, тұлғааралық қарым–қатынасты ұйымдастыру, мәселені анықтай алу мен оны шеше білу, т.б. дағдылары қалыптасатыны белгілі. Қазақстан Республикасындағы білім беруді 2011 - 2020 жылдарға дейінгі дамытудың Мемлекеттік бағдарламасында білім берудің жаңа нәтижелері ретінде білім алушылардың құзыреттіктерін қалыптастыру деп белгіленіп отыр. Сондай-ақ құзыреттілікке бағытталған Жалпы орта білім беру стандартында орта білім беру мақсаты–білім алушылардың түйінді және пәндік құзыреттерін қалыптастыру арқылы олардың танымдық қабылеттерін, алған білімдерін оқу және өмірлік жағдаяттарда шығармашылықпен пайдалана алуын, өзін-өзі дамыту мен өзіндік басқаруын қамтамасыз ету деп сипатталған. Онда әр білім саласы бойынша түйінді және пәндік құзыреттерді кіріктіру арқылы күтілетін нәтижелерді анықтау қажеттігі және түйінді құзыреттер әр білім саласының алатын орнына сәйкес пәнаралық сипаттағы қабілеттер ретінде алдымен оқу пәндері арқылы қалыптасып, дамитыны атап өтіліп, түйінді құзыреттерге: ақпараттық, коммуникативтік, мәселелердің шешімін табу құзыреттері жатады делінген. Коммуникативтік құзыреттілікті қалыптастыру. Жобалау арқылы қарым – қатынас белсенділігін арттыруға болатыны сөзсіз. Бірақ жобалаудың мәнін тек қана коммуникативтік қатынастардан құралады деп есептеу оның шеңберін 10


тарылтып, оны оқушылардың әңгімелесе білу диалогын ұйымдастыру немесе жазбаша қарым – қатынасын дамытумен шектейтін болады. Дәстүрлі оқытуда оқушылардың өз ойларын еркін білдіруге жағдай туғызылуы төмен деңгейде, олардың беретін жауаптары мен күтілетін жауаптарының мазмұны әдетте белгілі болып келеді. Оқушы сол өзінен күтілетін жауапқа ғана даярланады. Оның бір жағынан тиімділігі–оқушының сөйлеу әрекетін құру жүйеленеді, белгілі бір нормаға жауап береді және оны бақылауға және бағалауға болатыны–болса, екінші жағынан, кемшілігі – оқушыға өз ойларын жеткізу мүмкіндігі шектеулі, еркін ойлау мен пікір білдіруге жағдай туғызылмайды. Жасөспірімдердің бір – бірімен қарым – қатынасы осы жаста өзгере бастайды, олар үшін қарапайым қатынас жеткіліксіз, өйткені, коммуникация арқылы оларда өздерін көрсетуге, дәлелдеуге қажеттік пайда болады. Жобалау әрекеті осы қарым – қатынас мәдениетін сапалы дамытуда белгілі бір рөл атқарады. Жобалау барысында айырмашылығы көп байқалмайтын коммуникацияның екі түрлі қыры бар екенін айта кету керек. Олар: қарым–қатынас барысында ауызша және жазбаша сөйлесу; топтық қарым – қатынасқа түсу; Осы екі қыры тәжірибе барысында бір – бірімен бірігіп кететін болса да, оқушылардың жобалау әрекетін ұйымдастыру және талдау кезінде оларды ажыратып қарастыру қажет болады. Оқушылар білім берудің әрбір кезеңінде өз бетімен ауызша және жазбаша өз ойын білдіре білу дағдыларын меңгеруі қажет және әрбір білім беру ұйымы оны міндетіне алуы тиіс. Бұл–коммуникативтік құзіреттілік деп аталады. Коммуникативтік құзіреттілік – мәтінді, белгілі бір ойды түсінуі және түсіндіре алу қабілеті – барлық пәндерде де, барлық оқыту кезеңдерінде де қалыптастырылады. Коммуникативтік құзіреттілік оқушының мәтінді не белгілі бір ойды түсіну, игеру барысында төмендегі әрекеттер жасай білуін білдіреді: - мәтіннің, ойдың немесе ақпараттың мазмұнын түсінеді, игереді, меңгереді; - оны басқаша құрастыра алады немесе берілген мазмұнды жаңаша түрге ендіре алады; - мәтіннің, ойдың, ақпараттың мақсатын құрастыра алады; - мақсатты жүзеге асыру үшін қандай амалдар мен құралдар қолданылып тұрғанын анықтай алады; - мәтіннің, ойдың, ақпараттың кімге арналып тұрғанын анықтай алады; Мәтінмен, ақпаратпен жұмыс жасауда оның үш негізгі сипаттамасын ескеру қажет. Олар: - мәтіннің мазмұны; - хабарлау түрі; - адресаты (кімге арналғаны);

11


Коммуникативтік қатынас екі – ауызша және жазбаша түрде қалыптасады, олардың өз алдына ерекшеліктері бар және оны дұрыс қалыптастырудың өзіндік назары мен әдістері сақталуын қажет етеді. Коммуникативтік қатынасты қалыптастыру және дамытуда белгілі бір сабақтастық ұстанымы болады. Атап айтқанда, бастауыш сыныпта негізі салынған коммуникативтік компоненттер негізгі мектепте бекітіледі және ол компонентті күрделендіре дамыту одан арғы жоғары сыныптарда жүзеге асырылады. Коммуникативтік қатынасты жобалау арқылы дамытудың тиімділігін көрсете отырып, бұл тек осы әрекеттің негізінде ғана жүзеге асырылады деп түсіну де қате пікір екенін ескеру керек. Сондай–ақ, коммуникативтік қатынасты дәстүрлі оқытуда қалыптастыруға болады. Бұл белгілі бір ақпарат форматындағы жұмысты қамтиды. Мысалы, зертханалық жұмыстың қорытындысын жазу, шығарма, мазмұндама, т.б. жұмыстар. Түрлі форматтағы ақпарат немесе мәтінмен жұмыс жасай отырып (мыс, ғылыми мақала, эссе, интервьюге жауап беру, т.б.) оқушы оның талап ететін үлгісін сақтап үйренеді. Өйткені, еркін жазу форматын қажет етпейтін жұмыс түрлерін игеру де маңызды үдеріс. Оны игеру өзі үшін тәжірибеде пайдасы асатын болады, атап айтқанда, түрлі конкурстарға қатысу үшін қажетті үлгіні сақтау, рецензия жаза білу т.б. Мәтіннің мазмұны мен түрін еркін таңдау негізінен жобалау әрекетіне қатысты. Жоба жасау жеңістігі еркін қатынасты да, регламенттелген қарым – қатынасты да орындауға мүмкіндік береді. Мысалы, жоба идеясын талдау барысында өз ойларын жеткізу үшін оқушылар еркін, эмоционалдық, шығармашылық, тіпті слэнг түрінде де қарым – қатынаста бола алды. Бұл жерде регламенттеу тәртібі тақырып аясын шектеу үшін ғана қажет бола алады. Жобалаудың аталған идеяны талдау кезеңіне қарама–қарсы – жоба аяқталған соң, оны презентациялау кезеңі тұр. Оның талаптары регламенттерді– презентациялаудың (ауызша не жазбаша), уақыт шектеуінің, аудиториялардағы түрлі топтар (оқушылар, мұғалімдер, ата – аналар т.б) мүдделеріне жауап берудің, т.б.–сан талаптардың ескерілуін міндеттейді. Жасөспірімдер үшін ақпараттық құзіреттіліктері (жалпы білімдік қабілеттері) маңызды рөл атқарады және ол мектепте ғана емес қоршаған ортада орнын табу құралы болып табылады. Жобалау әрекеті оқушылардың аталған құзіреттілігін қалыптастыруға мүмкіндік береді. Құзіреттілік тұрғысынан алғанда әлеуметтік қарым–қатынас құзіреттілігін дамытудың маңызы зор. Олар оқушылардың төмендегі қабілеттерін қалыптастырады: - оқу–тәжірибелік мәселелерді шешу барысында бірлесіп жұмыс істеуге қабілеттілікті, топпен жұмыс істеу қабілеттілігін; - қорытынды өнімді құрастыру қабілеті, оның аудиториядағы адамдарға жеткізе білу қабілеті; Жобалау әрекеті барысында тек қана коммуникациялық қатынаста болу емес, белгілі бір өнімді құрастыру барысындағы іскерлік коммуникация жүреді, ол 12


оқушылардың оқу – тәжірибелік мәселелерін шешу мақсатын көздейді. Сондықтан, осы жағдайда оқушы құзіреттіліктерінің қалыптасуы тиімді жүзеге асырылады. Жобалаудағы коммуникациялық қатынастарды бағалау барысында төмендегі фактілер ескерілуі тиіс: 1) жоба (шығармашылық жұмыс) негізінен оқушылардың топтық әрекеті арқылы орындалғаны; 2) жұмыстың орындалуы барысында педагог балалар әрекетін ұйымдастырушылық–мазмұндық, жоспарлау және қадағалау қызметтерін атқаруы; 3) қорытынды нәтижені ұсынған кезде оқушылардың іскерлік қарым – қатынасы қалыптасқаны; 4) өнімді презентациялаудағы барлық критерийлеріне сай болуы, критерийлердің алдын ала белгілі болуы қажет; 5) презентация жасауда аудитория болуы, бағалау комиссиясы болуы, бағалаудың ашық жүруі, қатысушылардың марапатталуына ерекше назар аударылуы тиіс; Жобалау әрекеті негізіне «жоба» түсінігін білдіретін идея алынады. «Жобаның» мәнісі мәні белгілі бір теориялық немесе практикалық маңызы бар мәселені шешу барысында нақты нәтиже алуға бағытталған прогматикалық түсінікті білдіреді. Жобалау барысында алынған нәтиже көзбен көруге, мағынасын ұғынуға, тәжірибеде қолдануға болатындығымен ерекшеленеді. Осы нәтижені алу үшін оқушыларды өз бетімен ойлауға, мәселені көре білуге және шеше білуге, түрлі салалардан алған білімдерін қолдана білуге, нәтижені алдын ала болжай білуге және оның салдарын ажырата алуға үйрету қажет. Зерттеушілер атап өткендей, қазіргі оқуда жобалау әрекеті кеңінен таралмаған әдіс, оны шешудің негізгі жолы – жобаларды таңдау және оны сан алуан шығармашылық жұмыстарда жүйелі түрде қолдану. Жоба әдісі оқушылардың өз бетіндік әрекеттеріне (жекелеген не жұппен не топпен белгілі бір уақыт ішінде орындалатын) бағытталады. Сондай – ақ, жобалау әдісі белгілі бір мәселені шешуді көздесе, мәселені шешу, бір жағынан, оқытудың түрлі әдістері мен түрлерін қолдану арқылы, екінші жағынан, оқушылардың білімнің түрлі салаларын интеграциялау арқылы шығармашылық әрекеттерін қажет етеді. Орындалған жоба нәтижесі өзінің мақсатына сай болуы тиіс, атап айтқанда, егер теориялық мәселе болса – оның нақты теориялық шешімі, ал практикалық мәселе болса–қолдануға болатын даяр нәтижесі болуы шарт. Жобалау әдісі жеке орындалса да, топпен орындалса да белгілі бір жүйемен орындалады, оның мәні: әдіс ретінде бірнеше оқу – танымдық амалдар мен тәсілдердің жиынтығы болуы тиіс, оқушылардың өз бетіндік әрекетін ұйымдастыруға негізделуі тиіс, нақты нәтиже алуды көздеуі және оны міндетті түрде презентациялауы тиіс. Жобалау әдісі өзінің мазмұны жағынан еркін әрекеттерді, ашық оқытуды, тәжірибеге бағытталуды қажет ететін проблемалық оқытуға ұқсас екені белгілі. 13


Бұл әдісті орынды пайдаланған жағдайда дәстүрлі оқытуды өмірмен байланыстыру тұрғысынан тиімді екені сөзсіз. Сондай–ақ, бұл–оқушылардың өз бетімен білім алуына ықпал ететін бірден бір әдіс. Жобалаудың түсініктік кеңістігіндегі маңызды қабілет – мәселені шешудің жолдарын және шешім қабылдау барысын талдай білу. Мәселені шешу–ақпараттық-әрекеттік модель бойынша түпкілікті нәтиже деп есептеледі және ол төмендегі тәртіп бойынша орындалады: - мәселе қою (не істеу қажеттігін айқындау); - мәселенің құрамын анықтау (ақпараттар іздеу, таңдау, нақты міндеттерді белгілеу және оны орындау кезеңдерін айқындау; мәселені ойша қайта құру арқылы жан – жақты талдау); - шешудің бірнеше жолдарын қарастыру, мақсатты орындаудың тиімді жолдарын іздеу; - мәселенің шешілуі; Енді соңғы күндері пайда болған шешім қабылдау теориясына тоқталамыз. Шешім қабылдау–бірнеше нұсқаларды қарастыру үшін көптеген ақпараттарды іздеу және сұрыптаудан тұратын күрделі үдеріс. Шешім қабылдай білу қабілеті тоғыз элементтен тұрады: 1. Таңдай білу. Бұл жеке адамның тілегінен немесе топтың ұсынып отырған тілегінен, не сыртқы мәдени ортаның, ересек адамдардың тілегінен де пайда болуы мүмкін; 2. Саналылық, шешімді саналы түрде қабылдау. Бұл орындаушының қалыптасқан мәселені шешудегі өз рөлі саналы түрде анықталуы, психологтардың айтуынша саналылық 15 жасқа қарай пайда болады; 3. Креативті шешім қабылдаушылық – адамның қалыптан тыс шешім қабылдауға немесе түрлі жолдарды іздей білуге дайындығын көрсетеді; 4. Компромисстік (келісімге келе білу) бұл қасиеті – мәселенің шешімін табуда тек өз мүддесі тұрғысынан ғана емес, өзгелердің, қоршаған адамдардың мүддесі тұрғысынан қарастыра білу. Бұл жағдайда шешім қабылдау оған қатысы бар адамдардың көбінің мүддесіне сәйкес компромисске (келісімге) келе алуға мүмкіндік береді; 5. Алдын ала білу қасиеті–шешім қабылданғаннан кейін болуы мүмкін жағдайларды алдын ала есептей білу, яғни белгілі бір шешім қабылдаудың айналаға тигізетін әсерін күні бұрын көре білу, оны талдай білу. 6. Дұрыс таңдау жасай білу–бұл шешім қабылдау үдерісінің ең күрделі және белгісіздікке толы кезеңі. Шешімнің дұрыстығын бағалау үнемі өзгеріп отыратын жекелік және қоғамдық құндылықтар, қалыптасқан жағдай мен оны қабылдаудың субьектілік сипатына байланысты оңай емес. Солай бола тұра, шешімнің дұрыстығын анықтайтын көрсеткіш ретінде мәселені талдау барысында анықталған жағдайларға сәйкестігі алынады. 7. Сыналуға дайындығы, бұл–шешім қабылдауда пайдаланылған ақпараттардың шынайылығын тексеруге және қайта тексеруге қабілеттілік, кейбір субъектілік тұрғыдағы ұсыныстардан, қате болса өз ұсыныстарынан да бас тарта білу; 14


8. Бірізділік–таңдаған шешімге сәйкес амалдарды бірізділікпен қолдана білу; 9. Жауапкершілік–қабылданған шешімге сәйкес әрекеттердің әрі қарай жүргізілуіне әзір болу, мойнына ала білу. Қазіргі таңда психология ғылымы ойлаудың ерекше түрі – мәселені тұтас көре білу, оны шешу жолдарын болжай білу, бірнеше нұсқалардың ең тиімді біреуін таңдай білу, одан әргі әрекеттер стратегиясын құру туралы шешім қабылдай білуді қамтитын–ойлау түріне үлкен мән беретінін байқауға болады. Оқушылардың пәндік және түйінді құзыреттіліктерін қалыптастыруға мүмкіндік беретін, олардың өз бетіндік зерттеу жүргізулері негізінде субъективті жаңалық ашуға жағдай туғызатын тақырыптық және пәнаралық жобалардың білім беруді ұйымдастырудағы маңызы зор. Зерттеушілік қызмет дегеніміз – жаңа білім алуға бағытталған шығармашылық қызмет. Оқушыны зерттеушілік қызметке үйретуде мұғалімнің өзі дайын болуы, демек ұстазда зерттеушілік қызмет қалыптасуы шарт. Ол үшін мұғалім зерттеушілік дегеніміз не, зерттеушілік тапсырмалар, оларды пайдалану әдістемесі, оқушылардың зерттеушілік қызметі туралы толық түсінігі болуы керек. Зерттеу жұмысын жүргізу кезінде жетекші алға қойған мәселені анықтау үшін зерттеудің мақсатына қарай оқушыларды бағыттап отырады.Содан соң алынған нәтижелерді талдауға және қорытындыны тұжырымдауға тікелей де, жанама түрде де басшылық етеді. Оқушылардың зерттеушілік білігі артқан сайын мұғалім жанама басшылыққа көңіл бөледі де оқушылардың дербестігі және жұмысқа ынтасы арта түседі. Бұл оқушыларда зерттеушілік қызметтің қалыптасуына, дамуына ықпал етеді. Оқушылардың игерген зерттеушілік біліктілік деңгейлері неғұрлым жоғары болған сайын олардың білімдері де жоғары болады. Зерттеушілік, ізденушілік – бала табиғатына тән құбылыс. Білуге деген құштарлық, бақылауға тырысушылық тәжірибеден өткізуге дайын тұру, әлем туралы жаңа мәлімет жинауға талпынушылық қасиеттер балаға тән дәстүрлі мінез. Педагогикалық үрдісте балалардың дарынын ашуда оқушы мен мұғалімнің ынтымақтастығы қажет. Зерттеу білігі мен дағдысы тек ғылыммен айналысатын адамға ғана емес, сондай-ақ әр адамның түрлі саладағы қызметіне қажет. Оқушының өзіндік зерттеу әрекеті оның өзіндік талабын қанағаттандыруға ықпал етеді. Оқушылар қоршаған ортамен таныса отырып өзіндік зерттеу әрекетінің көмегімен жаңа білімді дайын күйде емес, өзі ашады. Зерттеушілік іс-әрекетке бейім оқушының төмендегідей сипаттамаларына көңіл бөліну керек: жұмысты орындауға деген жоғары деңгейдегі талпыныс; - жаңа біліммен және біліктілікпен қарулануға деген белсенді ұмтылыс; - алынған ақпаратты талдауға, жинақтауға, қорытындылауға және өз қызметінде пайдалана отырып нәтиже шығаруға деген қабілеттілік; - өз көзқарасын басқаның пікірімен сәйкес келмесе де дәлелдеуге талпыну; - белгілі бір қызмет түрінде басқа балалармен сайысуға деген ұмтылыс. Ғылыми-зерттеу құзыреттілігі – белгілі бір саладағы білімдер жиынтығы, зерттеу дағдыларының болуы, алған білімдері мен дағдыларын нақты бір қызметке пайдалана алуы. Ғылыми-зерттеу құзыреттілігі оқушыда оқу-таным әрекетінің 15


ажырамас бір бөлігі ретінде қалыптасуы тиіс. Ғылыми-зерттеу құзыреттілігі тек зерттеушілік әрекеттерде ғана қалыптаса алады. Оқушының ғылыми-зерттеушілік іс-әрекеті – заманауи мектептерде оқытудың өзекті және озық формаларының бірі болып табылады. Оқушыларда зерттеушілік дағдылардың қалыптасуы олардың пәндер бойынша білімдерінің кеңеюіне, өзекті сипат алуына және қызығушылықтарының артуына себеп болады. Зерттеушілік дағдылар ойлаудың ғылыми образының дамуына негіз болады. Олар балалар ұжымында, оқушылар, педагогтар, ғалымдар мен мамандар арасында мәнді қарым-қатынастың қалыптасуына ықпал етеді. Аталмыш үдерістің маңызды бір бөлігіне өз бетімен қажетті білім алу, оларды тәжірибеде пайдалана алу, көп мөлшердегі ақпаратпен сауатты жұмыс істеу, зерттеу үшін тиісті мәліметтерді жинау, оларды талдау, мәселелерді шешу үшін гипотезалар ұсыну, қорытынды жасай алу, заңдылықтарды белгілеу, практикалық шешімдер таба білу жатады. Кәсіби өзін-өзі анықтау оқушылардың ғылыми-зерттеушілік құзыреттілігін қалыптастыруда өте маңызды. Ғылыми-зерттеу құзыреттілігі оқушылар танымының ойлау, іздену, логикалық, шығармашылық үдерістерімен байланысты білім беру құзіреттіліктерінің тұтас кешенін құрайды. Ғылыми-зерттеу құзыреттілігін қалыптастыру кезінде теориялық материал саналы түрде меңгеріледі, негізі ұғымдардың белгілері ажыратылады, білім көлемі кеңейеді, әр түрлі дағдылар мен біліктіліктер қалыптасады, басқа пәндермен сабақтасады. Осыған байланысты қазіргі уақытта заманауи мектептерде білім беру барысында тек жүйелі білім, дағды мен біліктілік қалыптасып қана қоймайды. Мектепте қазіргі таңда оқушының интеллектуалдық және өнегелік дамуына, шығармашылық ойлаудың қалыптасуына, ақпараттармен жұмыс істей алуына бағытталған. Педагогикалық қызметтің негізгі бағытына оқушылардың ғылыми зерттеу құзыреттілігінің дамуы үшін оқу материалдарын бірлестіру арқылы қолайлы орта жасау болып табылады. Сабақ барысында, тіпті сабақтан тыс жұмыс түрлерінде оқушыларда ғылыми-зерттеу біліктіліктерін жүйесіз дағдыландыру ғылыми-зерттеу құзыреттілігін қалыптастырып, дамытуға негіз бола алмайды. Бірнеше заманауи педагогикалық технологиялардың (зерттеушілік, жобалық, ақпараттықкоммуникациялық) мүмкіндіктерін пайдалана отырып, қойылған мақсатміндеттерге қол жеткізуге болады. Оқушыларда ғылыми-зерттеу құзыреттіліктерді қалыптастырып, дамыту үшін келесідей бағыттарды ажыратуға болады: 1.Зерттеу сапасын дамытуға бағытталған оқу-әдістемелік кешендер пайдалану; 2. Ақпаратпен өз бетімен жұмыс істеудің тиімді әдіс-тәсілдерін қалыптастыру, оқушылар қабылдауының жастық және жеке тұлғалық ерекшеліктерін ескеру; 3.Жалпы білім беру үдерісіне жобалар және зерттеу технологияларын енгізу: сабақтан тыс уақытта оқушылардың интеллектуалды тәрбиеленуі бойынша тұлғаға бағытталған жұмыстар жүйесін пайдалану. Ғылыми-зерттеу жұмыстары әдетте 2 кезеңнен тұрады: а) теориялық; б) тәжірибелік. 16


Бірінші кезеңде негізгі рөлді мұғалім атқарады, ол оқушының пәнге деген қызығушылығын тудырады, шындықты іздеуге, шеберлікті меңгеруде көмекші болады. Екінші кезең бірінші кезеңнің жалғасы болып табылады. Тәжірибелік кезеңде оқушылар өз бетімен зерттеу жұмыстарын жүргізеді, ғылыми-зерттеушілік дағдылар қалыптасып, бекиді. Тәжірибе көрсеткендей оқушыларда ең алдымен тақырыпты таңдауда, зерттеу жұмысының мақсат-міндеттерін тұжырымдауда, гипотезаны ұсынып, негіздеуде қиындықтар туындайды. Мектеп оқушысы өзінің жұмысын жоспарлай алмайды, ол мұғалімнің тапсырмасын ғана орындайды. Объектілік позициядан субъектілік позицияға көшкен жөн, алайда оқушыда бұл үшін тәжірибе жеткіліксіз. Сондықтан, оқушының ғылыми-зерттеу жұмысында өзін-өзі ұйымдастыру үшін мына шараларды іске асырған жөн: 1.Ғылыми жұмысты бастамас бұрын, ең алдымен, бір жылға арналған жұмыс жоспары мен кестесін құру қажет; 2.Жұмыс тақырыбын қорғау, алғашқы зерттеу жұмыстарының нәтижесі бойынша есеп беру, зерттеу жұмысының бірінші тарауын қорғау, алдын ала қорғау сияқты бірнеше рет аралық іс-шараларды өткізген жөн; 3.Жетекші мен оқушы жиі кездесулері тиіс; Оқушы өзін қызықтырған пәнге нақты бір зерттеу мәселесін білмей келеді. Оқушыда ондай біліктілік те болмайды, себебі ғылыми-зерттеушілік міндеттер туындау үшін, ол материалды өте жақсы меңгеруі тиіс, оның мазмұнына деген ерекше бір позиция болуы керек. Дәстүрлі мектепте ғылыми материалдар тек дәлелденген, дайын күйде меңгеріледі. Ал, ғылыми зерттеуде білім тірі, дамып келе жатқан құбылыс ретінде қарастырылады, зерттеушіге оның тұжырымдалған жақтары ғана емес, сонымен қатар өзекті мәселелерін, белгісіз жақтарын білу өте маңызды. Ғылыми жұмыстың тақырыбын таңдауда, гипотезасын тұжырымдауда, зерттеу жұмыстарының жоспарын құрғанда ғылыми жетекшімен кеңес құрып, таңдалған тақырып оның ғылыми зерттеу аясының шегінде болуы тиіс. Тақырып таңдаудағы кездесетін тағы бір қиындық ол – жұмыстың ғылыми жаңалығы мен тәжірибелік маңыздылығын айқындау болып табылады. Кейде жұмыстың тәжірибелік маңыздылығы басым болады да, ал жұмыстың ғылыми жаңалылық деңгейі төмен болады. Ал оқушы үшін барлық материал жаңалық болып көрінеді. Сондықтан, оқушылардың ғылыми жұмыстарын ұйымдастырғанда, оның ғылыми жаңалығынан гөрі тәжірибелік маңыздылығына аса назар аудару керек, себебі нағыз ғылыми жаңалық мектеп қабырғасында орындалған жұмыста болмайды. Тәжірибелік маңыздылығы жоғары жұмыстар оқушы үшін қол жетімді және презентациялауға қолайлы. Ғылыми-зерттеушілік дағдылар неғұрлым ерте қалыптасып, дамыса, соғұрлым сабақтар, факультативтер, арнайы курстар тиімді өтеді. Сондықтан, ғылыми-зерттеу дағдыларды мазмұны мен орындалуы бойынша қарапайым тәжірибелер арқылы ертерек қалыптастырып, дамытқан жөн. Осыған орай, мектепте оқушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстарында эксперименталдық зерттеу жұмыстарын, ғылыми-зерттеу жобалары мен оқушылардың ғылыми-зерттеу 17


конференцияларын жиі ұйымдастыру қажет. Қазіргі уақытта оқушылар мұғалімнің жетекшілігімен жүзеге асырылатын көп айлық зерттеу және шығармашылық ісәрекеттердің нәтижесі болып табылатын ғылыми-зерттеу экспедицияларына, далалық іс-тәжірибелерге, олимпиадаларға, ғылыми-практикалық конференцияларға қатысып, зертханаларда тәжірибе жүргізеді. Сабақ уақытында мұғалім ұйымдастырған зерттеу жұмыстары пән бойынша сыныптан тыс жұмысқа әсер етеді. Бәрімізге белгілі, сабақта фактілерді, құбылыстар мен заңдылықтарды жан-жақты және терең түсінуге мүмкіндік болмайды. Тақырып бойынша сабақтың жалғасы болып табылатын сабақтан тыс уақыттағы іс-шараларға ғылыми-білім берушілік, ізденушілік-шығармашылық жұмыстар жатады. Мұның бәрі оқушының ғылыми-зерттеу құзыреттілігінің дамуына ықпал етіп, оқушының саналы және сауатты түрде өзінің дамуының білім берушілік траекториясын анықтауға себепші болады. Ең бастысы өмір бойы оқуға ұмтылыс сияқты адам дамуының негізін салынады. 1.Ғылыми жобаны рәсімдеу Ол бірқатар талаптарды сақтай отырып жүргізіледі: 1.1. Бет парақ; 1.2. Мазмұны: • Кіріспе (жобаның мақсаты,міндеттері,өзектілігі,пәні,болжам) • Негізгі бөлім (теориялық және зерттеу бөлімі) • Қорытынды (зерттеу жұмысының нәтижесі) • Әдебиеттер тізімі • Қосымша (егер қажет болса) 2.Ғылыми жобаға келесі құжаттамалар қоса тіркеледі: • аңдатпа –қазақ,орыс,ағылшын тілдерінде; • ғылыми жетекшінің жұмыс туралы пікірі,оның қолымен расталады; • оқушының жұмысына тиісті пән бойынша жоғарғы білімді маманның рецензиясы,оның қолымен және оқу орнының мөрімен (облыстық турда расталады) 3. Мазмұны бар беттерді рәсімдеу: • Беттің жоғарғы бөлігінде «Мазмұны» деген сөз көрсетіледі; • Мазмұнда ғылыми жоба бөлімдерінің реттілігі көрсетіледі; • Бет нөмірі 3 беттен кіріспе бөлімінен басталады, (1,2-ші беттер – бет парақ, мазмұны) нөмірленбейді, бірақ ескеріледі. 4. Ғылыми-зерттеу жұмыстарының кезеңдері Тақырып Зерттеу жұмысының жоспарын құру Зерттеу жұмысын жүргізу Зерттеу нәтижесін жинақтау Тақырып оқушының қызығушылығына қарай таңдалады, мақсат-міндеттері айқындалады. Тақырып бойынша жұмыс жасауға, зерттеудің міндеттерін шешуге жол көрсетеді. Зерттеу нысанымен, әдебиеттермен жұмыс, іздену кезеңі, нәтижесін анықтау. 18


Жобаны рәсімдеу,құжаттарды дайындау. Зерттеуші-оқушы педагогикалық-психологиялық көзқарас бойынша интеллектуалдық қабілеті ерекше сипатта болуы шарт. Бұл тұрғыда психологтар олардың ішіндегі негізгілерін атап көрсетеді. Жадыда сақтау: баланың берілген ақпаратты ұзақ уақыт есте сақтай білу қабілеті. Зейін: бала санасының белгілі бір объектіге шүйіліп,оның айқын бейнеленуін қамтамасыз етуі. Талдау және жинақтауға деген қабілеттілік: баланың берілген ақпаратты тез арада талдап және керісінше жинақтап өз тұжырымын айта білуге қабілеттілігі. Ойдың өнімділігі: баланың алдына қойған мәселелері бойынша бірнеше шешімдер таба білуге қабілеттілігі және өз қызметінің нәтижесі бойынша ең жоғарғы деңгейге жетуге деген талпынысы. Ой ерекшелігі: баланың тың идеялар таба білуге қабілеттілігі. Сонымен, ғылыми-зерттеу жұмыстары оқушының: - ой-өрісі мен рухани жан дүниесінің дамуына ықпал етеді, - өз бетінше жұмыс жасауға үйреніп,зерттеулер жүргізуге бейімделеді; - ой жүйелілігі мен шешендік өнері қалыптасады; - танып-білу,талдау-жинақтау,салыстыру,бастысын бөліп шығару,өмірде қолдану әдістерін меңгереді; - оқыту мен тәрбиелеудің тиімділігін арттырып,оқушылардың жоғары шығармашылық деңгейін қамтамасыз етеді. Оқушылардың жас ерекшелігіне сай жобалауды ұйымдастыру Мектепте білім беру негізінен үш сатыда жүзеге асырылады: бастауыш, негізгі және жоғары сатылар. Біз жоғарыда білім беру тек нормаланған білім, білік, дағдылардан жоғары тұратын оқушылардың белгілі бір қабілеттері мен сапаларын қалыптастыру екенін айтып кеткен едік. Енді осы жаңа сапаларды жобалау әрекеті арқылы қалыптастыру білім берудің сатыларында қалай көрініс алатынына тоқталамыз. Бастауыш мектепте оқушыларға қысқаша ғана тапсырмалар немесе шығармашылық тапсырмаға ұқсайтын микро – жобалар беріледі. Шығармашылық деп аталу себебі – жоба барысында оқушы қалыптасқан әдіспен орындауын қажет етпейтін, дәстүрден тыс, ой–қиялын қозғайтын жағдай туғызады. Бұл тапсырмалар жеке оқушыға, не шағын топтарға да берілуі мүмкін. Әрине микрожобалар оқу әрекетінде түгелдей өз бетіндік жұмысты әзірше қамтамасыз етпейді, бірақ оның пайда болуына, дамуына ықпал ете бастайтыны сөзсіз. Солай бола тұрса да, бұл жағдайда дәстүрлі оқытудағыдай оқушының жекелік ерекшелігі, ой – қиялы шектелмейді, бірін–бірі тыңдауға, бірлесіп оқуға, шешім қабылдауға мүмкіндік жасалады. Бастауыш мектепте қалыптасқан өзара қарым–қатынас, бірін–бірі тыңдау, бірлесіп оқу, үйрену мәдениеті қалыптасуы, кейін негізгі мектепте жобалау әрекетін жүргізудің басты құралдары бола алады. Микрожобаларды ұйымдастыру оқыту ситуациясындағы жекелік тұрғыны жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Педагогикалық әдебиеттерде жиі кездесетін тапсырманы таңдау, жұмыс түрін, топ мүшелерін таңдау аз қолданылатыны белгілі. Ал, кішкене 19


ғана, қысқаша және аз уақытта орындалатын тапсырмалар балалардың өзіндік ерекшеліктерін, өз бетімен жұмыс істеу қабілеттерін ашуға мүмкіндік береді. Бастауыш мектепте жобалау әрекеттерін пайдалану бала бойында жаңа сапаларды дамытып қана қоймай, осы жаста ойын үстінде дамитын еркін ойлау, ой белсенділігі, елестету – қиялдау қабілеттерінің сақталуына оң әсер етеді. Сондай– ақ, микрожоба барысында олардың мінез–құлқында пайда болатын өз әрекетін ұйымдастыру, өзін-өзі басқара білу, өзгелермен санасу сияқты дағдылары да қалыптасатыны сөзсіз. Бастауыш мектеп оқушылары үшін жобалау жұмысын сынып ішінде, бірнеше пәндерден ұйымдастыруға болады, бұл кеңістік олар үшін әзірге жеткілікті. Кейде мектеп ауласы, мектеп ішінде пайдаланылады. Негізгі және орта мектептерде білім беру кеңістігі сыныппен де, мектеппен де шектелмейді. Олар білім берудің түрлі бағыттары: қосымша білім, ЖОО даярлық, т.б. бағыттарда еркін оқи алады. Жобалау логикасында құрастырылған білім беру үдерісі оқушыларға оқу– тәжірибелік жұмыста еркіндік береді, бұлар әдетте пәндік кеңістіктің аясын кеңітуге жағдай жасайды. Дәстүрлі оқытуда класс – бұлжымас оқу бөлмесі, сабақ – бұлжымас оқу түрі, сондай–ақ, кабинеттік жүйе (химия лабораторияларымен, биология, өсімдіктер, жануарлар әлемімен, физика – лабораториялық құрал - жабдықтарымен) пайдаланылады. Бастауышта оқушының барлық іс-әрекеттері мұғаліммен қатынаста құрылса, негізгі және орта мектептерде – пән бойынша оқшаулануы басым, яғни пәндік кеңістікте құрылады. Жобалау әрекеті білім берудің кеңістігіне өзгеріс енгізеді. Онда білім беру кеңістігі оқу жобасының құрылымына байланысты таңдалады. • жоба идеясы оқу үдерісінде немесе басқа да ситуацияларда пайда болуы мүмкін; • жобаны орындаудың өзі сыныптағы сабақтан тыс, жобаның мазмұнына сай орында атқарылады. Мысалы: зертхана, кітапхана, интернет–класс, т.б. • жобаның нәтижесін презентациялау. Бұл жобаның мазмұнына сәйкес арнайы тематикалық сабақ, не мереке, конференция, фестиваль, т.б. Бұлардың барлығы да алдын ала жоспарлау арқылы орындалады. Мысалы, бастауышта 1–2 күн бұрын жоспарланса, 5–6 сыныпта 2 апта айналасында (мысалы, бір пән көлеміндегі шығармашылық тапсырма). Ал, 9 сыныпта – 1 тоқсан, одан да көп мерзімдік жобалар ұсынуға болады. Оқушылардың жоспарлай білу қабілеттерін дамытылуын неден көруге болатынын қарастырайық. Олар: Шығармашылық тапсырманың, жобаның тематикасы оны орындау мүмкіндігін ескере отырып жасалуында; Оқушы (топ): • тақырыпты таңдамас бұрын оның нәтижелерін дайындайтын уақытын, өз мүмкіндіктерін талдайды; • тапсырманы орындау кезеңдерін анықтайды, оның уақытын, орындаушыларын көрсетеді, уақыт бөледі; 20


• тапсырманың кейбір бөліктерінен мүмкіндікке қарай бас тарта алады (мысалы, ресурс жеткіліксіз, уақыт аз, т.б.); Осылайша, міндеттерді орындаудан–оның кезеңдерін жоспарлау, бағдарлама жасау, қолда бар ресурстарды игеру сияқты жұмыстар жалғастырылады. Білім беру барысындағы құрылымда оқушылар төмендегі жұмыстарды орындайды: • тақырып таңдайды; • жұмысты орындау жолдарын таңдайды; • жұмыстарды орындаудың бірнеше әрекеттерін жоспарлайды; • жоба өнімін жасайды; • қорытынды өнімнің нәтижелерін көрсетудің түрлерін анықтайды; Жобалаудың әрбір кезеңіндегі әрекеттерін оқушылар өздері құруы тиіс, әр кезеңнің басталғанын көрсететін белгі де тұруы керек. Білім берудің әрбір кезеңіне тән жобалау әрекетінің ерекшеліктері бар. Жобаның идеясы мен оны жүзеге асырудың бірлігі–оның айнымас белгісі, ол–білім беру жобасына ғана емес, жалпы жобалардың бәріне тән белгі. Білім берудің үш сатысына да ортақ жобалау қабілеттілігін қалыптастыру – бұл: • бастауышта: іс-әрекет амалдарын іздеу, анықтау (бұл кезеңде жоба идеясы оқушыға емес, мұғалімге тән); • негізгі мектепте: идея мен оны орындаудың бірлігін қатаң сақтау, орындау туралы шешім қабылдау, жүзеге асырудың тиімді жолдарын таңдау, нәтижелік өнімді алу және оны презентациялау; • жоғары сыныпта: өзінің білім алу траекториясын жобалау. Осылайша, бастауышта пайда болып, жинақталған іс-әрекеттер амалдары негізгі мектепте жобалау әрекетін ұйымдастыруға негіз болады. Негізгі мектепте оқушылардың оқу–тәжірибелік жұмысты өз бетімен орындау қабілетін дамыту жобалау кеңістігін құру арқылы жүзеге асырады. Негізгі мектепте алған жобалауға қабілеттілік жоғары сыныптардағы оқулықтың өзіндік білім алу траекториясын жасауға, жобалауға мүмкіндік береді. Бастауышта алған білім нәтижелері негізгі мектепте алатын нәтижелерінің құралына айналса, бұлар жоғары мектеп нәтижелерін орындауға құрал болады. Мектептің әр сатысындағы жүргізілетін осы жұмыстар жобалаудағы сабақтастықты қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, жобалау мектепте ешуақытта оқу әрекетінен тыс болмайды және ол жалпы мектепшілік жұмыстарда бөлек ұйымдастырылмайды, бірлескен әрекет арқылы орындалады. Бұл жалпы тәрбие жұмысына тиімді ықпал етеді. Мысалы: 1 – кезең: пәндік білімдер оқу барысында қалыптасады; 2–кезең: олар оқу жобасының құралына, ресурсына айналады; 3–кезең: одан жобаны орындау оқушының өз бетіндік оқу – тәжірибелік әрекеттеріне негіз болады; Осылайша, оқу және жобалау әрекеттерінің өзара байланыс пен бірлесе жүргізуі оқушының өз бетімен оқу – тәжірибелік жұмыстарын ұйымдастыруға, қалыптастыруға негіз болады. Білім берудің тұтастығы принципі оқу және жобалау әрекетінің жоспарланған нәтижесін қамтамасыз етеді. Егер жобалау оқудан тыс болса білім нәтижелері 21


қалыптасуы мүмкін емес. Осы себепті жобалауды оқыту процесіне ендіру қажет, ол оқушылардың әрекеттерінің екі полюсін көрсетеді: • оқу – жобалық; • өз бетімен, еркін – регламенттелген; • бағаланады – бағаланбайды; • еркін – қадағаланады; • авторлық – нормативтік; • сынаулық – нәтижелік. Бастауыш мектепте бұл қарама–қайшылықтар тек көріне бастайды, олар оқытудың кеңістігіне, түріне, қарым – қатынасқа өзгерістер енгізіле бастағаннан көрінеді. Негізгі мектепте оқушы көптеген дамытушылықтық, өзбетіндік әрекеттерге пәндер арқылы емес, өзінің танымдық әрекеттері арқылы өзін, өз мүмкіндіктерін аша бастайды. Аталған қарама–қайшылықтың бір түрінен екінші бір түріне өту барысында оқушы көптеген оқу–танымдық әдіс–тәсілдер мен олардың түрлерін таңдай, түсіне алады, қажеттікке қарай қолдана бастайды. Олардың барысында өз бетіндік әрекеттерге үйренеді. Негізгі мектепте алған өз әрекеттерін таңдай білу, өзгелермен қарым– қатынасқа түсе білу тәжірибесі жоғары сыныптарда өз әрекеттерін қойылған мақсатқа байланысты ұйымдастыра біледі, жоспарлай алады және жүзеге асырады. Қорыта айтқанда, бастауыш сыныпта оқушылардың өз бетімен жұмыс жасауға мүмкіндік беретін бағыттар анықталады. Сондай–ақ оқушылар міндетті, нормаланған және еркін, өз бетімен жасалатын жұмыстарды ажырата алады және өз бетіндік әрекеттерін ұйымдастыра алады. Негізгі мектептің ерекшелігіне сай оқушылар оқу пәндері және сыныптан тыс жұмыстарда өзбетіндік әрекеттерін қалыптасқан жағдайына сай ұйымдастыра алады, мұндай әрекеттердің жиынтығы оқу–тәжірибелік жұмысында өз бетінше әрекет ету қабілетін қалыптастырады. Жоғары кластарда оқушы өз әрекеттерін, өздерінің оқу міндеттерін өздері ұйымдастыра алатын болады. Ол сабақтан, мектептен тыс жұмыстарды да қамтиды. Негізгі мектептің күтілетін нәтижелерінің орындалуы оқушының мектеп бітіру факті емес, негізгі мектепті нәтижелі бітірудің көрсеткіші – олардың жоғары сыныпқа барғанда, бұдан бұрын алған білімі жоғары сыныптағы оқу–тәжірибелік міндеттерді шешудің құралы бола алуы болып табылады. Биік танымдық қабілет, тұрмыс-тіршіліктің сырын ұғуға талпыныс баланың ерте жасынан туындайды екен. Сондықтан оқушыны ізденушілікке баулу бастауыш сыныптан басталуы тиіс. Өйткені бастауыш сынып оқушысының түрлі сөздіктер мен қызықты әдебиеттерді іздеп табуға, оқып, танысуға деген құштарлығын әрқайсысымыз білеміз. Бастауыш сынып оқушыларын ғылыми-зерттеу жұмысына бейімдеу мақсатына арналған эксперименттік жұмыс жүргізілді. Дегенмен, кейбір оқушылар барлық сала қызықтырады деп жауап беріп, зерттеу жұмысының тақырыбын таңдауға қиналыпты. Сондықтан да, оларға жалпыланған үлгі тақырыптар ұсыну тура келді. Мәселен: 22


1. Менің туған өлкем. 2. Денсаулық- зор байлық. 3. Табиғат өз үйің. 4. Қазақ қыздарының әшекей бұйымдары. 5. Көшеде сақ бол. 6. Кітап біздің досымыз. 7. Спорт-сенің серігің. 8. Қазақстанның пайдалы қазбалары. 9. Ел тарихымыздан. 10. Астана-бас қала. 11. Ғарыш ғажайыптары. 12. Қазақ халқының салт-дәстүрлері. Осындай жалпыланған үлгі тақырыптар негізінде оқушылар жеке, нақты тақырып белгілеп алды. Зерттеу барысында: - Кітапханаға саяхат (кітапханашымен сөйлесу,каталогпен танысу) жасады; - Жұмыстарды іріктеу, жоспар құру, жазу әрекеттерімен шұғылданды. Магистранттың және ата-аналардың көмегімен жақсы жұмыстар дайын болды. Балалар жастарына сай жазғанымен, тақырыптың мазмұнын терең ашқан. Осындай әзірлікпен сынып ішінде шағын конференция өтті. Осы конференциядан күткеілген нәтижелер төмендегідей еді: - оқушылардың өз бетімен ізденуге ынталануы; - кітапханадан қажетті материалдарды іздей білуге үйренуі; - оқушылардың жинаған ақпараттарын саралауды, жүйелеуді үйренуі. Зерттеу жұмысын жүргізу барысында оқушылар: - әр деңгейлі сұрақ қойып, оларға жауап беруді үйренді; - шығарма мен мазмұндамадан басқа ізденіс жазу түрлері бар екенін үйренді; - оқушылар бұған қоса,нәтижелі зерттеу жүргізу үшін үлкен дайындық қажет екенін түсінді; - аудитория алдында сөйлеп үйренді; - қозғаған тақырыбын берілген уақытқа сыйғызып қорғауға үйренді. Оқушылардың жобалау жұмысын бағалау әдістемесі Ғылыми жұмысты бағалау–педагогтардың жаңа көзқарасын қажет ететін ерекше бағалау үдерісі. Дәстүрлі оқытумен салыстыратын болсақ, онда оқушының игеретін білімі, білігі мен дағдысы нормативтік сипатта болғандықтан, оларды бағалаудың өлшемдері (критерийлері) нақты беріледі. Мысалы, жазу үлгісінің, есепті орындаудың эталоны (үлгісі) болады, сонымен қоса, оны орындау деңгейі де белгіленеді. Баға қоюда берілген эталон мен оқушының орындау деңгейі салыстырылады да, қаншалықты үлгіге сәйкес келетіні бағаланады. Берілген норма (эталон, үлгі) шын мәнінде оқушының тапсырманы орындау деңгейін өлшейтін құрал болып табылады. Сөйтіп, қаншалықты сынға ұшыраса да, дәстүрлі оқытудағы бағалауды белгілі бір дәрежеде обьективті деуге 23


болады. Солай бола тұрса да, қалыптасқан дәстүрлі педагогикалық іс–тәжірибеде оқушының жұмысын бағалау емес, оқушының өзін бағалауға, тіпті, жаза қолдануға айналып кеткені белгілі. Бұл бүгін көптеген келеңсіз жағдайларға, мысалы, білім алу үшін ғана емес, баға үшін оқуға әкеліп отыр. Ғылыми жұмыста оқушылардың алатын өнімдерінің (нәтижелері) білім, білік, дағды сияқты нақты нормативтік сипаты болмайды. Соған орай жобаның нәтижелері оның мақсатына қаншалықты сәйкестігі бағаланады. Ал жобалаудың мақсаттары бірдей болмайды, сол себепті бағалау критерийлері үнемі өзгеріп, қойылатын талаптары өлшеуге сәйкестендіріліп отырады. Оның бірнеше мүмкіндіктері бар. Мысалы жобаға бір емес, бірнеше баға беруге болады: топтың бірлескен жұмыс деңгейі; жобаның идеясының өзектілігі; оның жүзеге асыру тиімділігі, сәтті жасалған презентация, т.б. Жобалау әрекетін бағалаудың әдістемелік нұсқаулары тәжірибеде жасалып енгізіліп те жүр. Төменде жобаларды бағалаудың өлшемдерін ұсынамыз: • Жобаның барлық кезеңдерін орындаудағы өз бетіндік жұмыс жасау дәрежесі: • Оқушылардың топтық жұмысқа араласу және өз рөлдерін орындау дәрежесі; • Пән бойынша, жалпы мектепте алған білім, білік, дағдыларын пайдалана алу дәрежесі; • Жобаны орындауда пайдаланылған жаңа ақпараттар саны; • Пайдаланылған ақпараттың мәнін түсіну дәрежесі; • Қолданып отырған әдістердің күрделілігі және оны игеру деңгейі; • Мәселені шешу идеясы мен шешу жолдарының жаңалықтың тың болу дәрежесі; • Жобаның мәселесін анықтау мақсатын қою және оның мәнін түсіну деңгейі; • Презентацияны, жазбаша есепті дайындау, ұйымдастыру және өткізу дәрежесі, оның барысында көрнекі құралдарды пайдалану деңгейі; • Рефлексия жасай білу деңгейі; • Презентация жүргізудегі шығармашылық дәрежесі; • Алынған нәтиженің әлеуметтік және қолданбалы маңызы; «Бағалау парағы» №1 Рет Бағалау Орындалу деңгейлері саны өлшемдері Төмен Орта Жоғары 1 2 3 Әрине, жоғарыдағы критерийлер өте ауқымды, оларды жоғары сынып оқушыларына арналған деуге болады. Оны төменгі сыныпта ұсыну өте күрделі екені белгілі. Бұл міндетті түрде барлық жобаларды бағалауға қойылатын талаптар емес, оны жалпы жобаны бағалау үлгісі деп қабылдаған дұрыс. Сондықтан, әр 24


жобаның көлеміне, мерзіміне, мақсатына сай өзіне тән критерийлер (бағалау өлшемдері) жасалуы тиіс, бұл – міндетті түрде орындалатын талап. Аталған өлшемдерді құрастыру жобалау басталмас бұрын, оның міндеттерін анықтау барысында жасалған дұрыс. Өйткені, біріншіден оқушылар бағалау өлшемдері белгіленгеннен соң жобаны орындау жоспарын соған сай құрастырып үйренуі тиіс. Жоспар құруда олар кейін бағаланатын өлшемдерді ескере отырып, қай жеріне қалай көңіл аудару қажеттігін түсінеді. Сондай–ақ, кейін жобаны орындауда да бағалау өлшемдеріне сәйкес сапалы болуын қадағалап отыруына негіз болады. Екіншіден, бағалау өлшемдерін өздері құрастыру кезеңі олардың коммуникативтік құзіреттіліктерін дамытуға жағдай туғызады. Бағалау өлшемдерін құру арқылы өздері болашақ өнім (нәтижені) сапасын күні бұрын жан–жақты белгілеп алады. Бұл оқушылардың өз ойларын білдіру, тақырыпқа тереңдеу, оның мәнін түсіну, бірлесе талқылау, өз мүддесін де, өзгелер мүдделерін де ескере білу қабілеттерін дамытады. Бұл қабілеттерді «Мен» тұрғысынан «Біз» тұрғысына өту үшін маңызды қабілеттер. Жобалау жұмысына қатысу, бағалау өлшемдерін жасау, оны орындауға үйрену оқушылардың жауапкершілік қасиеттерін дамытуға себеп болады, олар жауапты қадамдар жасап үйренеді. Жобалаудағы бағалауды тек мұғалім шеше алмайды, ол оқушылармен санасуға тиіс. Сондықтан, бағалау жобалау әрекетін ұйымдастырудың және басқалардың бір бөлек бөлігіне айналады. Жобалау бірнеше кезеңнен тұратын болса, оның әр кезеңіне мониторинг жасап бағалау керек. Ал, әр кезеңде алынатын нәтижені бағалау өлшемдері болуы тиіс. Бағалау форматы да бірдей болмайды, ол әр жобаның ерекшелігіне, балалардың жасына сай алынады. Кейде (кіші жастағыларға, мерзімі қысқа жобаларда) «ия / жоқ», «қабылданады / қабылданбайды» деп немесе 5 баллмен де бағалануы мүмкін. Мысалы: «Бағалау парағы» (ия / жоқ) № 2 Реттік Бағалау өлшемдері Талапқа сәйкестік саны ия жоқ 1 2 «Бағалау парағы» (5 балдық) № 3 Баллдары 1 2 3 4 5

Ретті Бағалау Орта к өлшемдері есебі саны 1 2 «5 балдық» бағалауда қорытынды баға дифференциондық бағалардың қосындысынан арифметикалық орта балды есептеу арқылы қойылады. Профильдік бағалау - бұл әр өлшемнің профилі бойынша бағалануы. Бұнда бағалар қосылмайды, сол күйінде қалады. Оның мәні – одан әрі осы топ сақталған 25


жағдайда олардың келесі жобасы осы профильдер бойынша даму өзгерістеріне түсуі тексеріліп, бағаланады. Бағалау өлшемдері жобаға қатысқан топ үшін жасалған жағдайда топ бағаланып, әр оқушының қатысу дәрежесі ескерілмеуі мүмкін. Кей жағдайда бұдан конфликтілер туындайды. Әрине, ол үшін тек жеке жасалған жобалар ғана тиімді дей алмаймыз. Ал топтық жобаны бағалауды тағы бір бағалау өлшемі–топтың өз ішінде пайдаланатын «Бағалау парағы» болуы мүмкін. Ол әр оқушының қатысу деңгейі көрсеткіші бойынша бағаланады. Мысалы, оны төмендегідей үлгіде көрсетуге болады. «Бағалау парағы» № 4 Аттары Қатысу деңгейлері (5 балл) Көрсеткіштер I кезең II кезең III кезең қорытынды Мыс:Марат Болат Айна Айжан Жарас

4

5

4

13:3=4,1

Жобалау әрекеті барысында оқушылардың портфолиосы жасақталады, онда оқушылар жасаған зерттеу нәтижелері, талдаулары, идеялары мен шешімдері жинақталады. Олар модель, сурет, схема түрінде қысқа, нақты болуы қажет. Мәтін түрінде жазбаша жазылғаннан гөрі модельдеу түрінде беру–оқушылардың символдық, таңбалық ойлауын да дамытуға мүмкіндік береді. Оқушылар өз портфолиосын безендіруге уақыт жібереді, оларға портфолионың жұмыс құжаты екенін түсіндіру қажет, ең бастысы, жоба нәтижесінің рәсімделуі, күтілетін нәтиженің алынуы. Жобаның нәтижесі үш түрлі болады, олар: • жобаланған, дайындалған, сыналған, бағаланған материалдық бұйым; • жобалау портфолиосы; • оқушылардың танымдық, білімдік деңгейінің дамуы жаңа сапаларының пайда болуы; Мұғалімнің міндеті – оқушылардың дамуына қолайлы орта тудыру, жұмыс істеуіне жағдай жасау. Жобалау әрекетінің мақсаты – оқушылардың белсенділігін, шығармашылығын, өз бетімен ойлау, білім алу қабілеттерін дамыту. Соған орай оқушы - мұғалім қарым – қатынасы да өзгереді. Атап айтқанда: • әрекеттің мақсаты оқушыға қатысты анықталады – мұғалім оны орындауға жағдай жасайды; • оқушы жаңа білімді өзі үшін ашады–мұғалім оның жолын ұсынады; • оқушы тәжірибе жасайды – мұғалім тәжірибенің әдісі мен түрлерін үйретеді, ұйымдастыруға көмектеседі; • оқушы таңдау жасайды–мұғалім таңдау нәтижесін болжауға көмектеседі; 26


• оқушы белсенді–мұғалім оны қолдайды, дамытады; • оқушы – субъект, мұғалім – көмекші; • оқушы алынатын нәтижеге жауапты–мұғалім алынған нәтижені бағалауға көмектесуші, орындау жолдарын көрсетуші. Сондай–ақ, мұғалім жоба барысында төмендегі мәселелерде көмектесуі аса қажет: • жобаның мақсат – міндеттерін анықтауда; • нәтижесін жоспарлауда; • тәжірибе қоюда; • презентациялауда; • портфолио жинақтауда. Шетел мектептерінде жобалау әдісін (Бельгия, Германия, Италия, Норвегия, Ұлыбритания, т.б.) қолданылу тәжірибесі белгілі бір мәселені шешуде оқушылардың теориялық білімдері мен практикалық тәжірибесін ұтымды пайдалануға мүмкіндік беретіні анықталды. Сөйтіп, мектепте жобалау әдісін қолдану: • оқушылардың танымдық әрекеттерінің белсенді болуына ықпал етеді; • оқушылардың оқу барысындағы біліктіліктері мен дағдыларын (атап айтқанда: оқу мәселесін қоя білу, мақсатқа жету жолдарын анықтай алу, өз бетімен жұмыс жасай білу, өз әрекеттерін бағалай білу) қалыптастыруға мүмкіндік береді. Оқушы үшін мұғалім көмегі төмендегі бағыттарда аса қажет болады: • оларды түрлі ақпараттар көзімен, құрал–жабдықтармен қамтамасыз ету; • түрлі нақты сұрақтар қою арқылы мәселені шешу барысындағы қиындықтарды талқылауға, шығу жолдарын іздестіруге тарту; • жұмыс барысында өзінің оң не теріс пікірлерін айтып отыру; • жобалау барысын жазып отыруға үйрету; • жұмыс нәтижелерін талдауға үйрету; • жобалау әдісін пайдалануда мұғалім өзі үшін төмендегі мәселелерді анықтап алуы қажет: • жобалау үшін қажетті тапсырмалар мазмұнын; • әр түрлі жастағы оқушылар үшін жобаны орындау әдістемесін; • жоба жасау тапсырмалары мен өзінің жетекшілік ететін тұстарын; • белгілі бір жобаны орындауға қажетті оқушылардың білімділік және біліктілік деңгейлерін. Сонымен, жобалау әдісі дегеніміз не? Бұл педагогикалық қана емес, әлеуметтік мәні бар мәселе. Өйткені, жобалау мәдениетін игеру – қайта жаңарту әрекетін игеру деген сөз. Сондай – ақ, оның әдістерін, құрастыру мен модельдеу тәсілдерін тақырыпқа, талапқа сай орындай білу де керек. Бұл жерде дизайн жасаудың әдістері мен тәсілдері тек жоба жасау үшін ғана емес, оқушының қоршаған ортада кеңістігін мәселелерді модельдеу, ойша құрастыру, бейнелеу, кеңістіктен ойлау, логикалық ойлау сияқты сапаларын дамытуда да маңызды орын алады. 27


Жобалау әдісі оқушының танымдық және қайта құрушылық әрекеттерінде шығармашылық мүмкіндіктерін жүзеге асыруға, оқу мотивациясын арттыруға, интеллектуалдық қабілеттерін дамытуға ықпал етеді, өз бетімен жұмыс істеу, жоспарлау, шешім қабылдау, нәтижені бағалау дағдыларын қалыптастырады. Өздерінің болашақ өмірінде кездесетін мәселелерді шешу үшін қажетті тәжірибелер жинақтайды. Жобалау әдісіне үйрету барысында оқушылар әрекеттің субьектісіне айналады, сөйтіп, әр оқушы жобалау тобының тең құқылы мүшесі болып табылады. Мұғалімнің рөлі басқарушы емес, оқушының серіктесіне айналады. Жобалау әрекетіне қатысу барысында оқушы түрлі рөлдер атқарады, қызығушылығына байланысты топтарға бірігеді, тапсырманы мерзімінде орындауға, бір–біріне көмектесуге, жауапкершілікке дағдыланады. Сондай – ақ, жобалау әрекетіне қатысу арқылы оқушылар өз бейімділігін, мүмкіндіктерін анықтап, болашақ мамандығын таңдауға да мүмкіндік алады. Сондай–ақ, мұғалім үшін де жобалау әдісіне қатысу оның шығармашылығын арттыруға, педагогикалық әдістемесін кеңейтуге жағдай туғызады. Оқушылар жобаларының түрлері мен критерийлері (көрсеткіштері) шартты түрде төмендегі кестеден көруге болады. Оқушылар жобаларының түрлері мен өлшемдері Өлшемдері (критерийлері)

Жоба түрлері

1 Жоба мазмұны бойынша

2 1. Пәндік (нақты пән материалдары бойынша орындалады) 2. Пәнаралық (бірнеше пәндердің ұқсас тақырыптары біріктірілді, интеграцияланды) 3. Пәннен жоғары (мектеп бағдарламасынан тыс материалдар бойынша жасалған жобалар) Жобаның оқу жоспарына Күнделікті (оқу бағдарламасынан енгізілуі бойынша жобалау үшін бірнеше тақырып таңдап алынып орындалуы мүмкін) Қорытынды (жобаның нәтижелері бойынша оқушылардың материалды меңгергені бағаланады) Жобаның орындалу мерзімі Мини–жобалар (1 аптадан бірнеше бойынша аптаға дейін) Тоқсандық жобалар (1 тоқсан бойы) Ұзақ мерзімді (жыл бойына жасалатын жобалар) Жобаға оқушылардың қатысуы 1. жеке орындалатын; бойынша 2. жұппен орындалатын; 3. шағын топтармен 28


орындалатын; 4. ұжыммен орындалатын; Жобалау әрекетінің тиімділігін бағалау үшін мұғалім төмендегілерді білуі тиіс: • оқушылардың жобалау әрекетін ұйымдастыру принциптері мен жолдарын; • оқу жобаларын ұйымдастыру әдістемесін; • жобалау барысында оқушылар әрекетін жоспарлауды; • жобалау барысын жүйелі бақылау жолдарын; • қажетті дидактикалық құралдар және жоба ресурстарын даярлау жолдарын; Қорыта айтқанда, бағалау форматы, субьектілері, өлшемдері әрбір жоба бойынша оның ауқымы, мақсаты, мерзімі, т.б. жағдайларға байланысты таңдалып, құрастырылып отырады.

29


ҚОРЫТЫНДЫ Оқушыларды бастауыш мектепте ғылыми зерттеу жұмыстарына тартудың бір жолы- әдебиеттік оқу сабақтары негізінде жүзеге асады. Мектеп оқушыларының ғылыми жұмыспен айналысуы уақытымыздың өзекті мәселесі. Жалпы білім беретін орта мектептегі негізгі пәндер бойынша оқушылардың ғылыми- зерттеу жұмыстарын жүргізуге алғашқы бағыт-бағдар беріледі. Бастауыш сыныптардағы әдебиеттік оқудың мазмұны екі үлкен бөлімнен тұрады: көркем мәтіндер және ғылыми-танымдық мәтіндер. Көркем әдебиет мәтіндерін тиянақты оқып зерделеген оқушының дүниетанымы кеңейе түседі, жаңа терминдерді тың сөздерді меңгереді, әдеби тіл мәнерімен сөйлеуге және жазуға дағдыланады. Ғылыми жұмыстардағы олқылықтар көркем әдебиет мәтіндерін тиянақты оқып меңгермей жаза бастаудан туындайды. Оқушыға жетекші кеңесші болған мұғалімдер қажетті ғылымитеориялық әдістемелік әдебиеттерді іріктеп ұсына білуі тиіс. Ғылыми-зерттеу жұмыстарының тақырыптарын ұсына білу тақырыпқа сәйкес әдістемелік негізділігі тиянақты зерттеулерді, нақты мәтіндерді дәйектемелік тұрғыдан пайдалануға үйрету арқылы мұғалім жетекшілердің деңгейі анықталады. Орта мектептегі оқушы ертеңгі студент, магистрант, ғылым докторы. Бұл қазіргі әлем өркениетіндегі оқу мен ғылыми зерттеу жұмыстар тұтастығы жүйесіндегі көрсеткіштер оқушы барлық деңгейдегі оқу кезеңдерінде іздену, зерттеу қабілеттерін дамытады. Әдебиеттік оқу сабақтары материалдары негізінде оқушыларға ғылыми зерттеу жұмыстарының тақырыптарын ұсынбас бұрын мұғалім мынадай қарапайым бағдарламалық тақырыптарды жүйелі жүргізіп отыруы тиіс. • Мәтін жөнінде түсінік, түрлері. Көркем, ғылыми, ресми мәтіндерінің ерекшеліктерін аңғарту. Сипаттау талқылау пайымдау мәтіндерінің құрылымын ұқтыру. • Сыныптан тыс оқуды жүзеге асыру. Берлігі бір шығарманы оқушының өз бетімен тауып оқуына мәжбүр болатындай жағдай жасау. • Ғылыми танымдық шығармалардың (мақала, естелік) жазылу ерекшелігін аңғарту. • Әдебиет теориясы элементтерінен берілген түсініктерді нақты тәжірибелік жағдайда зерттей білуге үйрету. • Ауызша және жазбаша шығармашылық жұмыстарды оқу, баяндауға үйрету. • Іс қағаздары үлгілерін (хат, күнделік, мақала) жазуды үйрету. Оқушының сабақтан тыс уақытта және үйдегі теледидар, ғаламтор мәліметтерінен қызыға қарайтын көрілімдерінде ғылыми-зерттеу қабілетін қалыптастыруға, дамытуға бағыттап отыруға болады. Мысалы: Гарри Потер туралы кітаптар, коммикстар туралы журналдар, суреттер солардың негізіндегі 30


фильмдер, сюжеттерін фольклордағы қиял-ғажайып ертегілер оқиғаларымен немесе әлем әдебиетіндегі ғылыми фантастикалық көркем шығармалармен сабақтастыра поэтикалық үндестік және ұлттық өзгешелік т.б. аясында зерттеулер жазуға болады. Қазіргі қазақ мектебі- жаңа қазақстанның өскелең ұрпақтарына білім, ғылым негіздерін меңгертетін бастапқы орын. Қазіргі кездегі қазақ мектептері өздері дайындаған түлектерінің болашақ білікті маман ғалым болуы үшін бар мүмкіндіктерін пайдалануда. Қазақ мектептерін бітірушілердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының дайындықтары әртүрлі. Алыс елді мекендерде орналасқан мектептерде мұғалім мамандарының тапшылығы, кітапханалардың жұтаңдығы, ғаламтор ақпараттарымен танысу мүмкіндігі жоқтығы, кейбір отбасылардың материалды жағдайы төмендігі тұрмыстық әлеуметтік жағдайлар қазақ ұл, қыздарын орта мектепте ғылыми жұмыс жазуға дайындығын дамытуға кері ықпал жасап жүр. Табиғи дарыны мен қабілеті бар талантты шәкірттердің қазақ өркениетін өркендеріміздің талай ғылыми жаңалықтар ашатынына сенеміз. Бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығушылығын қалыптастыруда бірқатар ұсыныстар жасауға мүмкіндік береді: 1. Бастауыш сынып мұғалімдерінің педагогикалық және психологиялық деңгейін көтеру. 2. Оқыту мен тәрбиелеудің ең соңғы қазіргі педагогикалық технологияларды, әдістемелерді және тәсілдерді зерттеп меңгеру және оны өзінің кәсіптік жұмысында қолдана білу. 3. Мұғалімнің педагогикалық – кәсіптік оң көзқарастарының және құндылықтарының қалыптасуы мен оның тұрақтылығына жету. 4. Өз білімін көтеруге, шығармашылық жұмыс атқаруға ынталандыру, қажетті жағдайлар туғызу, педагогтерді ақпараттық жағынан қамтамасыз ету.

31


Әдебиеттер 1. ҚР 12 жылдық жалпы орта білім беру тұжырымдамасы. Астана, 2005 жыл 2. Бахишева С. М. Педагогикалық жобалау: теориясы мен технологиясы: Оқулық. Алматы: ЖШС РПБК «Дәуір», 2011.- 336 бет. 3. Доровский А.И. Дидактические основы развития одаренности учащихся. – М., 1998. – С . 7 – 14 4. Грачева И.Н. Формирование исследовательских умений учащихся в процессе обучения биологии./ И.Н. Грачева // Биология в школе.—2009.—№6 с 49 5. Губарева В.В. Внеклассная исследовательская деятельность./ В.В. Губарева //Биология в школе.-2009.- №8. – С.48-49. 6. Финогенова О.Н. Исследовательская компетентность школьника./ О.Н. Финогенова // Биология в школе.-2009.-№9. - С.14-18. 7. Горленко Н.М. Организация исследовательской деятельности учащихся городских школ./ Н.М. Горленко// Биология в школе .-2009.-№9. - С.19-22. 8. Барановская Л.А. Использование исследовательского метода при обучении биологии /Л.А. Барановская// Биология в школе. - 2009. - №9 - С.23-25. 9. Шмелева В.А. Научно-исследовательская работа по биологии, как важный способ активизации школьников.// Успехи современного естествознания. – 2008 №6 - С. 107-108. 10.«Бастауыш мектеп», №6, 2008

32


Жұмыртқаның пайдасы мен зияны

Жамалбаева Ақерке Жетекшісі: Токабаева Гүлназ Қасымқызы Т.Рысқұлов ауданы, Ғ.Мұратбаев атындағы бастауыш мектебі

Аннотация

Зерттеуші—білім алушы өзінің табиғатынан зерттеуге бейім болып келеді. Балғын зерттеуші өзінің зерттеу жұмысында адам ағзасына пайдалы жұмыртқа туралы зерттеу жүргізе отырып, соңғы кезде көбейіп бара жатқан ауруларды алдын-алу барысында жұмыртқамен емдеуге болатынын және жұмыртқаны дұрыс дайындамаса зиян болуы мүмкін екенін зерттеп, өмірде қолдануғу болатынын көрсетті. Зерттеу барысында денсаулық-жеке адамның ғана емес, бүкіл қоғамның басты байлығы екенін дәлелдей отырып, салауатты өмір салтын ұстану және дұрыс тамақтану туралы ойын жеткізді. Зерттеу жұмысында адамдардың бүткіл организімінің жақсартатындығы туралы айтылды.

33


Балғын зерттеуші Жамалбаева Ақерке «Жұмыртқаның пайдасы мен зияны» тақырыбындағы зерттеу жұмысына

Пікір Балғын зерттеуші Жамалбаева Ақерке «Жұмыртқаның пайдасы мен зияны» тақырыбындағы зерттеу жұмысында бүгінгі адамзат баласының алдында тұрған үлкен міндет— дұрыс тамақтану туралы ойларын түсінікті жеткізе алған. Адамның денсаулығы сатылмайтын зор байлық. Сол себептен де зерттеу жұмысында айтылған пікірлер, іздену жұмыстары және өзінше салыстыра зерттеуі қоғамның әрбір мүшесінің денінің саулығына керек екені сөзсіз. Зерттеуші пайдаланбаса

жұмыртқаның зиян

болатынын

адам

ағзасына

аша

білді.

өте

пайдалы

Күнделікті

және

тиімді

дұрыс

тамақтану

пирамидасымен таныстырып, өзіндік пікірлерімен байыта алған. Зерттеуші Ақеркенің зерттеу жұмысы келешектен үлкен үміт күттірерітіні анық.

Пікір білдіруші:

Ғ.Мұратбаев атындағы бастауыш мектебінің мұғалімі Каштаева К.

34


Менің жобам 1. Мен нені зерттегім келеді? Жұмыртқаның пайдасы мен зияны туралы зерттеу жүргізе отырып, оны қалай дұрыс пайдалану керек екендігін анықтау және жұмыртқадан пайдалы тағамдар жасап үйрену. 2. Зерттеу тақырыбы: «Жұмыртқаның пайдасы мен зияны» 3. Тақырыпты таңдау себебім: Қоғамның денсаулығын сақтап, ауру түрлеренің көбейіп кетпеу үшін дұрыс тамақтануды насихаттау, халық медицинасы арқылы ем-дом жасау. Жұмыртқаның керемет дәмі және емдік қасиеттері ұнады. 4. Менің жобамның төс белгісі: Жұмыртқа өмір отауы, тіршілік бесігі.

5. Жобаның жоспары: 1 Жұмыртқа туралы мәлімет; 3 Жұмыртқалар құрамының қоректік қасиеттері; 4 Жұмыртқа тағамдары; 5 Жұмыртқа қабығына ойылған өрнектер; 6 Жұмыртқаның адам ағзасына пайдасы; 7 Жұмыртқаның адам ағзасына зияны. 6. Кеңес, көмек кімнен сұраймын? Көмекті сынып жетекшімнен, апамнан, анамнан, тәжірибелі балалар дәрігерлерінен сұрадым. Деректер мен ақпаратты аудандық кітапханадан, ғаламтордан және энциклопедияны оқу арқылы жинадым. 7. Нәтижесінде:

35


Диеталық тағам жұмыртқа туралы тереңірек біліп, деректер жинадым. Күнделікті тиімді тамақтануды пирамидасымен таныстырып, дұрыс тамақтануды таныстарыма ұсындым.

Мазмұны Кіріспе.....................................................................................................

2

ІІ Негізгі бөлім.......................................................................................... 1.Жұмыртқа туралы мәлімет................................................................. 2.Жұмыртқалар құрамының қоректік қасиеттері................................ 3.Жұмыртқа тағамдары.......................................................................... 4.Жұмыртқа қабығына ойылған өрнектер...........................................

5 5 6 7 8

ІІІ Жұмыстың зерттеу бөлігі................................................................... 1.Жұмыртқаның адам ағзасына пайдасы............................................. 2.Жұмыртқаның адам ағзасына зияны................................................. 3.Жұмыртқа адам денсаулығына пайдалы ма?................................... 4.Жұмыртқа жеудің тәсілі..................................................................... 5.Зерттеулер............................................................................................

20 20 22 23 26 31

ІV Қорытынды...........................................................................................

38

V Пайдаланған әдебиеттер тізімі..........................................................

39

І

36


Кіріспе «Бірінші байлық-денсаулық, екінші байлық-он саулық» демекші, адамға мал-мүліктен гөрі ең қымбаты денсаулық болып табылады. Сол себептен, ішер астың адам ағзасына әкелер пайдасы болу керек. Зерттеу жұмысының тақырыбының өзектілігі: Елімізде адамдардың дұрыс тамақтанбау себептерінен туындап жатқан түрлі аурулардың алдын-алу мақсатында диеталық тағам жұмыртқаның қандай ауруға ем екенін және зиянды жақтарын анықтай отырып, жұмыртқадан адам ағзасына пайдалы тағамдардың жасалу жолдарын насихаттау. Зерттеу жұмысының мақсаты: Жұмыртқаның пайдасы мен зиянын зерттеу арқылы дұрыс тамақтану жолдарын насихаттау. Зерттеу жұмысының міндеттері: - жұмыртқа туралы жалпы деректер жинау; - жұмыртқаның пайдасы туралы жалпы мәлімет жинақтау; - жұмыртқаның зияны туралы жалпы мәлімет жинақтау; -жұмыртқаның емдік, дәрілік қасиеттерін анықтап, оның тағам ретінде дұрыс пайдалуға арналған эксперимент жасау. Зерттеу жұмысында жұмыртқадан дайындалған емдік қалай пайдаланатыны, өмірде қолдануы және әр түрлі тағамдарды жасау туралы толық айтылған.

Жұмыртқа Жұмыртқаны пайдалану ежелгі Үнді жерінде бастау алған деген дерек бар. Ертеде қыз-келіншектер әжімнің көзін жою үшін немесе шаштары қатты болу үшін жұмыртқаны пайдаланған. Ал ер-азаматтар жорықта не шайқасқа шықпас бұрын, жұмыртқамен тамақтанған. Сондай-ақ, өз жарақаттарын жұмыртқа басу арқылы жазған екен. Қазір әр елдің мамандары жұмыртқаның адам ағзасына берер пайдасы мен зияны жайында қарама қарсы пікірде болып жатыр. Жұмыртқаның жұмбақ сыры әлі күнге ашылған жоқ. Деседе, бүгін мен жұмыртқаның пайдалы әрі зиянды жақтарын бірдей таныстырып жеткізуді жөн көріп отырмын. Жұмыртқа(ovum) – одан ұрықтану нәтижесінде немесе партеногенез жолымен жаңа организм дамиды. Жануарлар жұмыртқасының (жұмыртқа клеткасының) құрамында тұқымның дамуына қажетті нәрлі заттар болады. 37


Биологиялық түсініктеме Әдетте, жұмыртқа жұмыртқа қабықтарымен (жұқа және сыртқы қатты қабық) қапталып тұрады. Жұмыртқаның сары уызы ақ уыздан аз болады, оның түсі құрамындағы ксантофиль мен каротин пигменттеріне байланысты. Сары уыздың құрамында 51% су, 16% ақуыз, 31,5% май, әр түрлі мөлшерде В1, В2, Д1, Е витаминдері мен минералдық заттар, т.б. бар. Ақ уызда 85% су, 13% ақуыз бар, май, көміртек, минералды заттар өте аз, тек В витамині болады. Жұмыртқаның қалыптасуы (оогенез), әдетте, аналық безде өтеді. Жануарлардың көпшілік түрінде Жұмыртқа дөңгелек не сопақ, сирегірек ұзынша (жәндіктерде) пішінді келеді. Жұмыртқалардың үлкендігі цитоплазмадағы сары уыз мөлшеріне қарай өзгеріп отырады. Аспаздық түсініктеме

Тауық жұмыртқасы Жұмыртқа (тауық жұмыртқасы ) — дәмді де нәрлі тағам. Қабығы аршылған жұмыртқаның орташа химиялық құрамы: 73,6% судан, 12,8% ақуыздан, майлардан, углеводтардан, минералдық заттардан (кальций, фосфор, т.б.) тұрады. Сонымен бірге жұмыртқанық құрамында тіршілік үшін маңызы зор амин қышқылдарының бүкіл жиынтығы да бар. Жұмыртқаның неғұрлым құнды бөлігі — сары уызы. Ол майлар мен ақуыздарға, углеводтар мен минералды заттарға ғана емес; сонымен бірге витаминдерге (А, В, Д, Е, т.б.) де бай. Сары уыздың түсі (сарғыш түстен қызғылт-сары түске дейін) құстың жеген жеміне, сондай-ақ тауықтың жұмыртқа салу маусымына байланысты өзгеріп отырады. Жұмыртқа—диеталық тағамға жатады. Оның сары уызы (шикі, шала және қатты етіп қабығымен пісірілген) жақсы қорытылып, жеңіл сіңеді. Шикі ақуыз нашар қорытылады да, организмге сіңуі қиындайды. Пісірілген жұмыртқа ақуызының сіңімділігі едәуір артады. Сол себепті сырқат әрі әлсіз адамдарға шикі жұмыртқа беруге болмайды. Жұмыртқа ұзақ сақтауға келмейді. Қабығындағы саңылаулардан ауамен бірге микробтар еніп, оны тез бұзады. Ол құрғақ, температурасы 2 38


градустан төмен емес қоңыр салқын жерде сақталады. Дұрыс сақталмаса (қабығы лас болса, сақталатын орын ылғал тартса) ақуызы сұйылады да сары уызы қалқып, қатты қабыршағының ішкі жағына жабысып қалады. Сөйтіп жұмыртқа өңезденіп шіриді. Егер жұмыртқа ұзақ сақталса ақуызы мен сары уызы араласып, дәмі бұзылады. Ол температураның күрт өзгерісіне де шыдамайды. 21 градус және одан да ыстық температурада ұрық жетіле бастайды да, сары уыздың бетінде сақина тәрізді дөңгеленген қан тамырлары пайда болады. Мұндай жұмыртқадан тағам әзірлеуге болмайды. Жұмыртқаның жарамды не жарамсыз екенін білу үшін оны жоғары жағынан алақанмен жауып тұрып, жаныл тұрған шамға тақау керек. Сонда ескі жұмыртқа күңгірт тартып тұрады. Ал бұзылған жұмыртқадан мүлде жарық өтпейді. «Жатып қалған» жұмыртқа шайқалады, яғни қолға ұстап қозғағанда ішіндегі ақуызы мен сары уызы араласып кетеді (мұндай жұмыртқа шайқалған жұмыртқа деп аталады). Бұл — ұзақ сақтағандықтан оның ылғалының біраз бөлігі кеуіп, құрғауының салдары. Әдетте мұндай жұмыртқаның ақуызы мен сары уызы араласып кетеді.

39


Негізгі бөлім

Жұмыртқа туралы мәлімет

Жұмыртқалар, ең біріншіден, ағзамен оңай сіңірілетін бұршаққынды өсімдіктер секілді толыққанды ағуыздың көзі болып табылады. Сонымен бірге олардың нәрлілігі төмен. Саруызда ақуыз көбірек және жеңіл сіңімді. Жұмыртқа түрлері төмендегідей:

40


Жұмыртқалар нәрлілігінің кестесі Өнімдер

Сан

Энергетикалық Ағуыздар Майлар Көмірсул құндылығы (г) (г) ар (г) (ккал) 168 9,9 14,2 0,6

"Глазунья" жұмыртқасы

100 г

Бөдене жұмыртқалары

100 г

180

11,9

13,1

0,6

Жұмсарып пісірілген жұмыртқа Жұмыртқа ұнтағы

100 г

159

12,8

11,6

0,8

100 г

542

44,0

42,4

1,8

Жұмыртқаның ағы

100 г

49

10,9

0,2

0,7

Жұмыртқаның сарысы

100 г

314

15,5

28,2

0,3

Қатып пісірілген жұмыртқа Қуырылған жұмыртқа

100 г

160

12,9

11,6

0,8

100 г

119

9,8

8,7

0,5

Құрғақ жұмыртқаның ағы

100 г

375

82,4

1,8

7,2

Құрғақ жұмыртқаның сарысы Тұтас тауық жұмыртқасы

100 г

613

51,1

52,2

4,7

100 г

139

12,5

9,7

0,6

Жұмыртқалар құрамының қоректік қасиеттері Жұмыртқалар А, E, D және K, сонымен бірге B 2 және B 12 , пантотен қышқылының және минералды құрамдас бөліктердің: фосфордың, калийдің, кальцийдің, темірдің, магнийдің бай көзі болып табылады. Олардың құрамында майдың пайдалы құрамдас бөліктері бар. Бір жұмыртқа құрамындағы 5 г майда тек 0,1 г «зиянды» қаныққан май қышқылы бар, оның есесіне онда мол мөлшерде ағза үшін қажет қанықпаған май қышқылдары бар. Бөдене жұмыртқалары тауық жұмыртқаларынан үш есе кіші. Олардың қабығының түсі сарғыштау және қаралау секпілі бар. Қатып піскен (шамамен 3 минут) жұмыртқалар асарлықтар дайындау үшін қолданылады. Олардың құрамында тауық жұмыртқаларындағы мөлшерге теңбе-тең нәрлілік, ағуыз және холестерин бар, бірақ май көбірек. A, D дәруменінің, фолий қышқылының, мырыштың, темірдің өте жақсы көзі болып табылады, калиймен, B 12 және B 6 дәрумендерімен қоректендіреді. Жұмыртқа тағамдары Жұмыртқа тағамдары - дайындалу технологиясы жеңіл әрі қарапайым тағамдар тобына жататын тағам. Жұмыртқа тағамдарына — пісірілген, қуырылған, дәмдік қоспалар салы- нып бұлғанған жұмыртқалар, омлеттер, бисквиттер жатады. 41


Жұмыртқа тағамдарының ішінде әр түрлі қоспалар салыну арқылы жасалатын көптеген аспаздық тағамдар бар: пор- тугаль, швед, полыниа, украин, беларусь, Россини жұмыртқалары, а-ля ройяль және т.б. Қоспа ретіне көбіне қызанақ, зөйтүн, сыр, шүжық, пияз, саңырауқұлақ қолданылады. Жұмыртқа тағамдарын ойлап табу оңай. Мысалы, Россини (композитор) жұмыртқасын қуырылған жұмыртқаның сарысын ойып алып, үстін піскен қаз бауырының кесегімен жауып, Мадерадан дайындалған соус қүйып береді. Жұмыртқадан «яичница» мен «омлет» дайындауға болады. Сондай-ақ олар түрлі тағамдар әзірлеуге, қамырдай дайындалатын тағамдарға салуға, сонымен бірге тағамдарды әсемдеуге пайдаланылады. Қайнатып пісіргенде жарылып кетпеуі үшін оны салқын суға салып, баяу жанған отқа қою керек. Қабығы жарылған жұмыртқаны да пісіруге болады. Бірақ ол ағып кетпес үшін суға тұз салады немесе жарылған жеріне лимон шырынын жағады. Жұмыртқаны суға қатты қайнатып пісіргенде ақуызы қатайып, сары уызы сұйылады, отын баяулатып, бабымен пісіргенде керісінше болады. Оның сары уызын қатырмай сұйық пісіргенде 21 /з— 3 минут, шала пісіргенде —5 минут, уызын қатырып пісіргенде —10 минут қайнату керек. Жұмыртқаны ұзақ қайнатқанда оның витаминді құндылығы төмендейді. Қабығы тез де жақсы аршылуы үшін піскен бойда салқын суға салу керек. Жұмыртқаны фосфор немесе шыны ыдысқа салып көпіршітеді. Белокты тез және оңай көпіршіту үшін салқындатылады немесе бірнеше тамшы лимон шы рының (лимон қышқылы) қосады. Сары уызды жылы күйінде көпіршітеді. Жұмыртқа салқын болса ақуыз пен сары уыз оңай бөлінеді. Ол үшін жұмыртқаның қабығын екі жақ ұшынан инемен теседі. Сары уыз жұмыртқаның өз қабығында жақсы сақталады. Ал оны шыңы немесе басқа ыдыстарға салып сақтау керек болса, оған аздап өсімдік майын қосады.

Жұмыртқа

42


Сонымен қатар, жұмыртқа тек жеуге емес, әсемдікке және өнерге жаратылғаны бізге мәлім. Мен сіздерді дүниедегі адам еңбегінің ең керемет туындысымен таныстырмақпын. Ол жұмыртқа қабығына ойылған өрнектер. Жұмыртқа қабығына ойылған өрнектер Заманауи шеберлер әйгілі Фаберже жұмыртқаларын жасау өнерінен әлдеқайда күрделі өнер түрін ойлап тапты Америкалық Лью Дженсен, Дон Лиск, Гэри ЛеМастер және Брайан Бейти туындыларының материалы ретінде жұмыртқа қабығын пайдаланып, әртүрлі өрнек пен сурет ойып жасау арқылы әлемге танымал болды. Осындай нәзік материалмен жұмыс істеу үшін үлкен шыдамдылық пен шеберлік қажет, дейді суретшілер. Жұмыс барысында олар ең алдымен жұмырқаның ішін тазартып, қабықты құрғатуы тиіс. Суретші құрғатылған қабыққа өрнектің кескінін қарындашпен салған соң жұмысқа оюшы кіріседі. Ол тіс дәрігерлерінің бормашинасына ұқсас құралмен абайлап өрнек ояды. Күрделі суреті бар туындылар үшін олар үлкен, қалың түйеқұс жұмыртқаларын пайдаланады. Ал оңай композицияларға тауық және үйрек жұмыртқалары жұмсалады.

Жұмыстың зерттеу бөлігі

Жұмыртқаның адам ағзасына пайдасы

Жұмыртқаның адам ағзасына берер пайдасы мол екенін бұрыннан-ақ белгілі. Жұмыртқаны қайнатып я қуырып жеу арқылы асқазанды ғана емес, бар ағзаны пайдалы элементтер мен дәрумендермен толтыруға болады. Құрамындағы аққуыз, йод, фосфор, селен т.с.с. элементтер созылмалы аурулардың алдын алады. 43


Сондай-ақ, оның құрамында А, В, Д, Е дәрумендерінен бастап, бас-аяғы 13 дәрумен кездеседі. Жұмыртқада калорий аз. Бір жұмыртқаның құрамында орта есеппен 76 калорий ғана бар. Ал майлылығы небәрі 10%. Жұмыртқа ағзадағы холестерин мөлшерін төмендетіп, жүрек, жүйке және онкологиялық аурулардың пайда болуына жол бермейді. Көптеген диеталардың мәзірінде жұмыртқа кездесіп жатады. Себебі, оның арқасында артық салмақтан арылуға және салмақты бір қалыпты ұстауға болады. Тырнақ, шаш өсімі мен көздің көруін жақсартамын, тістерім маржандай таза, сүйектерім мықты болсын десеңіз, ас мәзіріңізге жұмыртқаны қосыңыз. Жұмыртқа ағзаны түрлі инфекциялардан қорғап, иммунитетті күшейтеді. Сонымен, пісірген бәлішім тәтті болсын десеңіз, қамырға жұмыртқа қосуды ұмытпаңыз. Сондай-ақ, бәліш алтындай жарқырап тұру үшін оны пешке салмас бұрын үстін жұмыртқаның сарысымен бір майлап шығыңыз. Жұмыртқа таңдаған кезде оның сыртқы қабығына мән беріңіз. Егер де қабықшасы кедір-бұдыр, түсі өзгешелеу болса оны алмаған жөн. Мұндай жұмыртқаның мерзімі өтіп кеткен болады.

Тауық жұмыртқасының қабығы... Медицина, халық емі

Жұмыртқа қабығы оңай қортылатын, ағзамызға пайдалы — таптырмас кальций көзі. Рахит, балалардың тістерінің дұрыс өспеуі, омыртқалардың қисаюы мен осал тістер, кәрі адамдардың сүйектерінің тез шытынағыштығы мен сынғыштығы — сүйектердегі кальцийдің жетіспеушілігінің салдары. Ағзадағы кальций алмасудың бұзылуы қанның аздығына, тез салқын тигіштікке, аллергияға, еріндегі герпестерге душар етеді. Тауық жұмыртқаларының қабығы 90% кальций карбонатынан тұрады (көмірқышқылдық кальций) да оңай қортылады. Оның құрамында ағзаға қажетті барлық микроэлементтер: мыс, фтор, темір, марганец, молибден, фофор, күкірт, цинк, кремний және басқалары — барлығы 27 элемент табылады! Ең маңыздысы кремний мен молибденнің барлығы — біздің күнделікті тамағымызда бұл элементтер жоқтың қасы. Олар болса ағзамыздағы биохимиялық реакциялардың дұрыс түлуінің негізгі себепшілері. Жұмыртқа қабығының құрамы адамның сүйектерімен тістеріне таңқаларлықтай сәйкес, онымен қоймай жұлындағы қан жасаушаларының жұмысын күшейтеді. Сәйкесінше, ағзаның түрлі радиациалық әсерлерге шыдамдылығы арта түседі.

44


Тамаққа қосылатын ұнтақталған қабықтардың — ағзаға пайдалы жоғары терапевтік белсенділігі мен бактериалық немесе басқа зиянды нәрселердің жоқтығын көрсетті. Үйрек немесе қаз жұмыртқаларының ондай қасиеті жоқ. Бір жастан бастап сәбилерге берудің пайдасы айтарлықтай. Венгриялық доктор Кромпехер төмендегідей кеңестер береді: —профилактикалық мақсатта жүкті әйелдерге(міндетті түрде); —1 жаспен 6 жас аралығындағы балаларға берілуі аса маңызды; —(19—20)жасқа дейінгі жастарғада артықтығы жоқ; —ересектерге жылына екі рет жасалған алдын алу шарты(профилактика) пайдалы. Жұмырқа қабығы ағзадағы радионуклидтерді шығаруға да үлкен себебін тигізетіндіктен, экологиялық қауіпті аймақтардағыларға пайдасы орасан зор. Себебі ол жұлынға жиналып қалатын стронций-90ды жойып отырады.(күніне 2 ден 6 граммға шейін қолданылуы керек). Қолдану әдісі тым оңай. Тазалап жуу жеткілікті. Кішкене балалар үшін 5 минуттай қайнатылады. 1,5 - 3 грамм дайын жұмыртқа қабығын жақсылап майдалап (кофеүгіткіштен өткізбеген дұрыс) күнде бір рет жас мөлшеріне байланысты қабылданады. Таңертеңгілік аспен бірге қабылданады(каша, қатық).Батыс елдерінің аптекаларында 1970 жылдан бері сатылады екен. Жұмыртқаның адам ағзасына зияны Жұмыртқаның құрамында ақуыз (белок) көп мөлшерде болады... Жұмыртқаны шектен тыс пайдалану сүйекті ақауларына алып келеді... Дауысқа, шашқа, тiптi бүкiл ағзаға пайдасы зор деген сенiммен жұмыртқаны шикiдей сiмiретiндердiң ендi бұдан былай ол әдеттен арылғандары дұрыс. Себебi, дүниежүзiлiк медицина бүгiнде пiспеген жұмыртқаның пайдасынан гөрi зияны көптiгiн анықтап отыр. Бiрiншiден, жұмыртқаның дауысқа пайдасы бары ғылыми дәлелденбеген. Екiншiден, кез келген шикi аста кездесетiн секiлдi жұмыртқада да көптеген аурудың қоздырғыш вирустары жүредi. Солардың ең бiрiншiсi – құс тұмауы. Көпшiлiгiмiз қолданар алдында жұмыртқаның сыртын жууды бiлмеймiз де. Ал барлық вирус сол сыртқы қабыршығында болады екен. Сонымен қатар сальмонеллез атты адам ағзасына аса қауiптi инфекция шикi жұмыртқада жиi ұшырасады. Жұмыртқаны пiсiрiп жегеннiң өзiнде де оның белгiлi бiр мөлшерiнен артығы ағзаға зиян дейдi дәрiгерлер. Гарвард әскери-медициналық мектебiнiң мамандары аптасына алты жұмыртқадан артық жеген адамдардың өмiр сүру ұзақтығы 23 пайызға қысқаратынын анықтапты. Әсiресе, жас шамасы 40-тан асқандар, қант диабетiмен ауыратындар мен жүрек, бауыр ауруы бар адамдардың жұмыртқаны аса сақтықпен жегендерi жөн. Жұмыртқаның сары уызы – ең зиянды өнімдердің бірі екен...

45


Батыс Онтарио Университетінің докторы Девид Спенс жұмыртқаның сары уызы атеросклероз ауруына (ішкі жақтан холестериннің бөлінуі арқылы артерияның қатып қалуы) шалдықтыратынын дәлелдеді. Оның айтуынша, жұмыртқаның адам денсаулығына зиянды екені соншалық, онымен үнемі тамақтанған адамға шылым шегу секілді қауіпті екен. Ультрадыбысты зерттеулердің нәтижесінде 1231 адам (орта жаспен 61,5) түйіндерінің жарылуы жүрек пен қан тамырлардың ауруына әсер ететініне көз жеткізді. Ұйқы күре тамырларымен байланысқан түйіндердің жабынды алаңы 40 жастан кейін ғана үлкейеді екен. Сондықтан доктор Спенс адам денсаулығына айтарлықтай зиян келтіретін жұмыртқаны жеуден бас тартуды ұсынады. Айта кетерлік бір жайт – бұл дәлелдер адамның жынысына, не жасына, не қан қысымына қатысты емес. Кім болсаңыз да, қанша жаста болсаңыз да, қандай ауру мазалап жүрсе де жұмыртқаны ауызыңызға алмауыңызды ескертеді ғалым... Жұмыртқа адам денсаулығына пайдалы ма?

Көптеген деректерден кейін, жұмыртқа адам ағзасына пайдалы ма, әлде зиян ба?- деген сұрақтар туды. Осы сұрақтардың жауабын табу үшін мен аудандық орталық ауруханаға келдім. Біздің ауданымызда жоғары білімді, тәжірибелі балалар дәрігерлер баршылық. Сол кісілерден сұхбат алуды жөн көрдім. 46


Өз сауалымды қою үшін ең алдымен аудандық аурухананың жоғары санаттағы тәжірибелі маманы балалар дәрігері Қойбакова Мереке Мамыртаевна апайға келдім. -Мереке Мамыртаевна, жұмыртқа адам денсаулығына пайдалы ма?

- «Жұмыртқа - көп жағдайда оларды әр түрлі жолдармен қолданудаң арқасында барлық елдер асханасында танымал әмбебап өнім. Бірақ оның пайдасы

мен зияны туралы даулар толастамауда. Бір кездері жұмыртқаның сарысы зиянды холестерин көзі деп мойындалған. Шынында да, орташа көлемді әр жұмыртқа құрамында 350-400 мг холестерин бар, ал холестеринді тұтынудың рұқсат етілген күн сайынғы нормасы ер адамдар үшін 390 мг және әйелдер үшін 290 мг тең. Сондықтан адамдарға күніне әрі кеткенде 2 тауық жұмыртқасын жеуге және жұмыртқаның сарысын жемеуге кеңес берілген. Бірақ, екінші жағынан алып қарағанда, дені сау адамға астан келетін холестерин қауіп туғызбауы тиіс. Сондықтан холестеринінің артуымен ауырмайтын адамдарға аптасына 5-6 жұмыртқа жеуге болады. Сонымен қатар, жұмыртқаны пайдасы олардың зияны туралы дәлелдерден асып түседі және күмәнсіз болып табылады. Жұмыртқа пайдалы деп ойлаймын, себебі олардың құрамында негізі дәрумендер мен минералдарды және антиоксиданттарды қосқанда ағзаға қажетті көптеген дәрумендер бар. Жұмыртқа адамдардың ақуызды, А, B6, B12 дәрумендерін, темір, фосфор және қалайыны тұтынуының 12 %-дық тәуліктік нормасын қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, тауық жұмыртқасының сарысында кальций, калий, кобальт, йод және мыс бар» – деп жауап берді. Сонымен қатар, Мереке Мамыртаевна күнделікті тиімді тамақтану пирамидасымен таныстырды.

47


Тамақтану пирамидалары • • • • •

• •

Өмір сүрудің салауатты мәнерінің, дене белсенділігінің негізі ретінде қолданылатын XXI ғасырдың тамақтану пирамидасы. Дәстүрлі, салауатты азиялық емдәмді ұсынатын - тамақтанудың Азиялық пирамидасы. Тамақтанудың латын американдық пирамидасы – тура жалынды Латын Америкасынан. Балаларға арналған тамақтану пирамидасы – үйлесімді әрі алуан түрлі емдәмдерді талап ететін мектепке дейінгі жастан бастап және 12 жасқа дейін. Өзіңнің жеке тамақтануыңның екі мағынасы болған кезде, жүкті әйелдерге арналған тамақтану пирамидасы. Болашақ ана мен баланың денсаулықтарына әсер етеді. Дұрыс тамақтану соматикалық, дене және психикалық даму үшін маңызы бар жасөспірімдерге арналған тамақтану пирамидасы. Негізі көкөністердің, жемістердің, дәнді өнімдердің, бұршаққынды өсімдіктердің, арнайы дайындалған үрме бұршақтардың, сонымен қатар, зәйтүн майымен тұздалған жаңғақтардың үйлесімі болып табылатын Жерортатеңізінің тамақтану пирамидасы. • Жақсы денсаулық және норманы сақтау үшін қажетті құрам бөлшектермен ағзаны қоректендіретін Ересек адамдарға арналған тамақтану пирамидасы.

48


- Денсаулыққа пайдалы болу үшін жұмыртқаны қалай жеу керек? Осы сұраққа жауап іздеп аудандық аурухананың жоғары санаттағы тәжирбелі маманы балалар дәрігері Қыдырова Светлана Жоланқызына келдім. Дәрігердің айтуынша, -«Жұмыртқа адамдардың күнделікті өмірде ең көп тұтынатын тағамы. Ол қуырып та, асып та жей салғанға дәмді, әрі жеңіл әзірленеді. Алайда жұмыртқа жегенде назар аударуға тура келетін біраз жағдайлар бар»- деп бірнеше тәсілдерімен таныстырды.

Жұмыртқа жеудің дұрыс тәсілі

49


- Жұмыртқаны шикідей жемеген жөн

Себебі, жұмыртқаны жоғары температурада қайнатқанда ғана ондағы бактериялар жойылатындығын есте ұстаңыз. - Жұмыртқаны түнде пісіріп қоймаңыз

50


Жұмыртқаны түнде пісіріп қоятындарымыз бар. Сіз сондай адамдардың қатарынан болсаңыз түнде пісіріп қоятын жұмыртқаңыз шала піскен болмауын қадағалаңыз. Себебі түнде пісіріп қойсаңыз оның ішінде таң атқанша бактериалар көйбейіп, ол асқазан, ішек-жолдарына зиян. Ал толық пісірілген жұмыртқаны түнде дайындап қойғанның еш зияны жоқ. Алайда жұмыртқаны қанша қайнатса сонша жақсы деп қарамаңыз. Себебі жұмыртқаны ұзақ қайнатқанда күкіртті темір қалыптасады, мұндай затты адам ағзасы оңайшылықпен қабылдай алмайды. - Жұмыртқаны өте көп жемеу керек

Себебі, жұмыртқаның құрамында белок өте көп. Соның салдарынан жұмыртқаны көп жесеңіз зат алмасу процесі ұлғайып, бүйректің қызметі қиындайды. Қалыпты жағдайда, балалар мен қарттар, ақыл ой еңбегімен және дене 51


еңбегімен шұғылданатын адамдар күніне 2 жұмыртқадан артық жемегені жөн. Ал дене қуаты әлсіз адамдар мен операциядан кейінгі қалпына келу мезгіліндегі сапалы белокты толықтауды қажет ететін адамдар күніне 4 жұмыртқаға дейін жеуге болады. - Аш қарында жұмыртқа жемеген жөн

Себебі, аш қарынға құрамында белогы мол азықты пайдалану барысында белок жылуға айналып, қоректік рөлі болмай қалады. Оның үстіне, қысқа уақытта белоктің көп мөлшерде ыдырауынан ағзадан аммияк қатарлы денсаулыққа зиянды заттар бөлініп шығады. - Майға қуырылған жұмыртқаны жемеңіз

Себебі, жұмыртқаны майға қуыру барысында оның құрамындағы белок ұсақ

52


молекулалы амин қышқылына айналады. Ал мұндай амин қышқылы адамды ракка шалдықтыруы мүмкін. -Шайға пісірілген жұмыртқаны жемеңіз

Себебі, шайдағы қышқыл заттар мен жұмыртқадағы темір элементі біріксе асқазан, ішек жолы қызметінің жұмысына кері ықпал жасайды. - Жұмыртқаны асқанда оған қант салмаңыз

Себебі, жұмыртқа мен қантты бірге қайнатқанда адам денесіне зиянды заттар пайда болады. 53


Зерттеулер Бет терісіне арналған маскалар

Бетімізге үнемі күтім қажет-ақ. Кабинеттерде, үйлерімізде ауаны құрғатып, жылу пештерін, кондиционерлерді қосымша пайдаланамыз, тіпті әрқайсымыз тәулігініне бірнеше сағат компьютердің алдында отырамыз. Оның да бет терісінің құрғауына, ескіруіне тигізер зияны мол. Ондай жағдайда,тері ылғалдылығын жоғалта бастайды. Сондықтан,жұмыс арасында сүт немесе көк шай ішіп тұруға, түскі үзілісте серуендеуге дағдыланыңыз. Дүкеннен алынған маскалар мен теріге арналған сұйықтықтарды таңдап шаршадыңыз ба? Кезінде аналарымыз пайдаланған мына маскаларды қолданып көріңіздер. Табиғи өнімдерден жасалынған маскалардың теріге тигізер пайдасы әлдеқайда көбірек. Төмендегі маскалардың бет терісіне еш зияны жоқ /әдеттегідей көзіңіздің айналасына қолданбайсыз/, тек кешкілік 15-20 минут уақытыңызды бөлсеңіз жеткілікті. Майлы теріге арналған маскалар Жұмыртқа ақуызынан жасалатын маска 1 жұмыртқа ақуызы, 2 шай қасық крахмал, 3-5 тамшы шай ағашы майы. Барлығын көбік шыққанша араластырып, бетіңізде 10 минут ұстаңыз. Сұлы маскасы Сұлы үлпектеріне жұмыртқа ақуызын қосып, бетке 15 минутқа жағып қоясыз. Жылы сумен жуып тастаңыз.

54


Қияр маскасы Бұл маска әжімденген теріге жасалады. Оны дайындау үшін жаңа қиярдың жартысын кесіп алып, үккіштен өткізіп, сөлін сығып алады. Алынған сөлді бір шай қасық қаймақпен және бір шай қасық жұмыртқа ағымен араластырады. Қоспаны көпіргенше араластыру керек. Дайын болғаннан кейін, бетке қалың етіп жағады. 20 минут өткеннен кейін, оны жылы суға малынған мақтамен сүртіп алған жөн. Пайдалы кеңестер Жұмыртқа бет күтіміне өте пайдалы. Бір жұмыртқа мен бір ас қасық балды араластырып, бетіңізге жағып, 15-20 минут жатып демалыңыз. Кейін жылы сумен шайып жіберіңіз. Бетіңіздің тазарып, нәрленіп, терінің тартылғанын аңғаруға болады. Жұмыртқаның сарысын шашыңызға жағып, 1-1,5 сағаттан кейін жылы сумен жуып жіберіңіз. Бұл ем шашыңыздың жылтыр болып, алдағы күндері ұштанбауына жол ашады. Көзіңізге сүйел шыққан кезде, қайнаған жұмыртқаны ыстық күйінде басыңыз. Сондай-ақ, қатты тамақ ауырған кезде қайнаған жұмыртқаны жылы күйінде мойныңызға қойып, қайта-қайта домалатыңыз. Адамның денесі күйіп қалса, 10-15 жұмыртқаны пісіріп, оның тек сары уызын аламыз. Сосын бір ыдысқа салып, отқа қуырып майын алу керек. Майды күйген жерге жақса, денеде тыртық қалмай тез жазылады. Жұмыртқадан жасалатын салаттар мен тағамдар Жұмыртқа қосылған салат

55


     

Салат құрамы: Көк бұршақ-100гр Майонез-100гр Саңырауқұлақ-50гр Алма-0,5 дана Жұмыртқа-4дана Аскөк туралған -2ас қасық Дайындалуы: Жұмыртқаны қайнатып аламыз. Піскен кезде мұздай суға салып тазалаймыз. Көк бұршақты қосамыз. Майонезді тұз, бұрыш салып араластырамыз. Саңырауқұлақты тазалап майдалап тураймыз. Алманы тазалап жіңішкелеп тураймыз. Жұмыртқаны 6 бөлікке бөлеміз. Барлық қоспаларды майонезбен араластырамыз. Дастарханға аскөк сеуіп қоямыз. Көк пиязды жұмыртқа рулеті

Дайындау тәсілі: 4 жұмыртқаны бір түйір қант пен аздап соя соусымен араластырыңыз. Майдалап туралған көк пияз қосып үшке бөліп қуырыңыз. Қуыру процессі: табаны қыздырасыз да, аздап майлайсыз. Жұмыртқа қоспасының 1/3 бөлігін құясыз да, тездетіп бәрін табаның бір шетіне жинайсыз. Табаның босаған жағын қайтадан майлап, жұмыртқа қоспасының екінші бқлігін құясыз. Бұл жолы жұмыртқаларды рулетке орау керек, ол үшін бірінші реттегі жинап қойған жұмыртқалардан бастап, ораймыз. Дайын рулетті қайтадан табаның шетіне 56


апарып, жұмыртқа қоспасының қалғанын тура осылай пісіреміз. Турар алдында жұмыртқа рулетін суытып алған жақсы. Зерттеулер 1.Экперимент: Жұмыртқаны жеудің дұрыс тәсілін білгеннен кейін, оны суға қайнатып, қанша уақытта пісетінін зерттедім. Ең алдымен жұмыртқаны суға жуып алдым. Сосын бір ыдысқа салып, суға қайнаттым. Нәтижесінде: 1. жұмыртқа 3 минутта шала піседі; 2. жұмыртқа 7 минутта дайын болады; 3. жұмыртқа 11 минутта қатты пісіп кетеді. Жұмыртқаны суға қайнатқан кезде оның 7 минутта толық пісетінін анықтадым.

57


2.Эксперимент: Жұмыртқаның қабығының пайдасы дәлелденген. Сол, себептен мен оның ұнтағын дайындап көрдім. 3 жұмыртқаны тазалап жуып алдым. Сосын суға 7 минут қайнатып, қабығы жақсы ашылу үшін мұздай суға бірнеше минутқа салып қойдым. 1,5 - 3 грамм дайын жұмыртқа қабығын жақсылап майдаладым. Дайын ұнтақты күнде бір рет жас мөлшеріне байланысты қабылданады. Таңертеңгілік аспен бірге қабылданады(каша, қатық).

58


Нәтижесі:

Жұмыртқаның пайдасы 1.Құрамындағы аққуыз, йод, фосфор, селен т.с.с. элементтер созылмалы аурулардың алдын алады; 2.құрамында А, В, Д, Е дәрумендері бар; 3.Жұмыртқада калорий аз; 4.холестерин мөлшерін төмендетіп, жүрек, жүйке және онкологиялық аурулардың пайда болуына жол бермейді; 5.Тырнақ, шаш өсімі мен көздің көруін жақсартамын, тістерім маржандай таза, сүйектерім мықты болсын десеңіз, ас мәзіріңізге жұмыртқаны қосыңыз; 6.Жұмыртқа қабығы оңай қортылатын, ағзамызға пайдалы — таптырмас кальций көзі; 7.Жұмыртқа ағзаны түрлі инфекциялардан қорғап, иммунитетті күшейтеді.

Жұмыртқаның зияны 1. түнде шала піскен жұмыртқаны таңертеңге дейін сақтап қойсаңыз оның ішінде таң атқанша бактериалар көйбейіп, ол асқазан, ішек-жолдарына зиян; 2.жұмыртқаны ұзақ қайнатқанда күкіртті темір қалыптасады, мұндай затты адам ағзасы оңайшылықпен қабылдай алмайды; 3. жұмыртқаны шайға пісірсе,шайдағы қышқыл заттар мен жұмыртқадағы темір элементі бірігіп, асқазан, ішек жолы қызметінің жұмысына кері ықпал жасайды; 4.жұмыртқаны шикі кезінде жесең, ондағы бактериялар адам ағзасына зиян әкеледі.

Жұмыртқаның адам ағзасына пайдалы болу үшін оны дұрыс дайындау керектігін түсіндім.

59


Қорытынды Дұрыс тамақтану – адамның денсаулығының негізі, ол ағзаның қоршаған ортаның әртүрлі қолайсыз жағдайларына төзімділігін арттырады. Біз неғұлым дұрыс тамақтансақ, ішер асымыз дұрыс дайындасақ соғұрлым біздің ағза тез жаңарады. Дұрыс тамақтану не үшін қажет? Жүрек – қан тамыры ауруларын, асқазан – ішек жолдарының ауруларын, қант диабеті, рак және остеопороз ауруларының алдын алу үшін қажет. Дене белсенділігінің жоғары және ағзаның еңбекке қабілеттілігінің жоғары болуы үшін, ауырмай, ұзақ өмір сүру үшін қажет. Дұрыс тамақтану пирамидасы қандай екенін мен жақсы түсіндім. Тағамның көлемінде әр түрлі жармалар болу керек: қарақұмық, геркулес, күріш, нан, макарон, картоп. Пирамиданың үстінде жемістер мен көкеністер. Әрі қарай – құрамында ақуызы бар азық–түліктер: сүт пен ірімшік, йогурт, жұмыртқа, тауық, балық еті және мал еті. Пирамиданың басында майлардың барлық түрлері мен ұннан жасалған тәтті тағамдар, балмұздақ және т.б. Осындай азық – түліктердің ара қатынысын дұрыс деп есептеуге болады. «Бірінші байлық-денсаулық, екінші байлық-он саулық» демекші, адамға малмүліктен гөрі ең қымбаты денсаулық болып табылады. Сол себептен, ішер астың адам ағзасына әкелер пайдасы болу керек деп ойлаймын. Оны дұрыс дайындау әр адамның өз қолында екені анық. «Ауырып ем іздегенше-ауырмайтын жол ізде»деген дана халқым, ендеше ешқашан ауырмайық!

60


Пайдаланған әдебиеттер: 1. Жүнісқызы К. Дүниетану 4 сынып Алматы, «Атамұра» 2000ж. 2. “Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 3. Шаңырақ : Үй-тұрмыстық энциклопедиясы. Алматы : Қаз.Сов.энцикл.Бас ред., 1990 4. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: К54 5. 5. Қоғамдық тамақтандыру.— Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007. — 232 бет. 6. А.Л. Штеле «Куриное яйцо: вчера, сегодня завтра» М 2004 7. В. Абакумов «Үй құстарын өсіру» 8. «Құс шаруашылығы» А.Б.Таңатаров., Ш.Ә. Әлпейсов., С.Т. Дабжанова. 9. Экология және табиғатты тиімді пайдалану. Ә. Бейсенова, А. Самақова. 10. «Бастауыш сыныпта оқыту» журналы №4-2010ж. 55-56 бет 11. «Бала тәрбиесі» журналы №3-2012ж. 48 бет 12. Жас зиялыларға арналған танымдық журнал «Мөлдір бұлақ» №3-2011ж. 9бет 13. Ұлттық энциклопедия. Қазақстан І,ІІ,ІІІ том Алматы, 1998ж. 14. «Ол кім? Бұл не?» балалар энциклопедиясы 15. Жетісу. Энциклопедия. – Алматы, «Арыс» баспасы, 2004ж. 712 бет. 16. Ғаламтор жүйесі

61