Бактыбаева, устагалиева

Page 1

Кіріспе Білім берудің жаңа деңгейдегі сапасы алдыңғы кезекте мектептерде қолға алынып жатқан жаңару үдерістерімен байланысты. Қазіргі кезеңде заман талабына сай мектепті дамытудың негізгі факторы инновациялық өзгерістер болып табылады. «Назарбаев зияткерлік мектептері» Дербес білім беру ұйымы Педагогикалық шеберлік орталығының Кембридж университеті Білім беру факультетімен бірлестікте дайындаған бағдарламасы бойынша ұйымдастырылған, мұғалім тұлғасының шығармашылық қырларын дамытуға, өз жұмыстарының мазмұны мен еңбегінің нәтижелері үшін жеке жауапкершілігін арттыруға бағытталған курстар оқу үдерісіне инновациялық әдістерді енгізуге мүмкіндік береді. Біліктіліктің жоғары деңгейі, кәсібилік, құзыреттілік – міне, осылар мұғалімнің әлеуметтік қорғалуы, бәсекеге қабілеттілігінің маңызды аспектілері. Қазіргі қоғамдағы педагог тұлғасынан – белсенді өмірлік ұстаным, оптимизм, кез келген жағдайда жеке даралығын сақтап қалу және қиын проблемалық жағдайларда шешім қабылдауда өзіне жауапкершілік алу сияқты сипаттарға ие болуын қалайды. Педагог үнемі өзін-өзі жетілдіруге, өздігінен білім алуға және әлеуметтік-педагогикалық құндылықтарын шыңдауға ұмтылуы қажет. Көптеген зерттеулерге үңілсек (О.В.Акулова, О.С.Анисимов, А.П.Гуреев, С.Ю.Степанов, И.А.Мушкина, Н.В.Кузьмина, В.А.Сластенин, О.Ю.Шаврина т.б.) рефлексия кәсіби әрекетті табысты іске асырудың негізгі құрамдас бөлігі деп қарастырылады. Осыған байланысты мұғалімнің рефлексивтік қабілеттері мен дағдыларын қалыптастыру мен дамыту өзекті мәселе болып отыр. Осыған орай, Деңгейлік бағдарламалар курстары педагогтердің кәсіби қызметтегі өзгерістерге бейімделуіне, өзін-өзі және қоршаған ортаны түсіне білу қабілетін қалыптастыруына, үнемі өз бетінше білім алуға және практикалық қызметке дайын болуына мүмкіндік береді. Осыған байланысты мұғалімнің өзіндік танымы мен қызметін танып-білуі мен талдауы, яғни өзінің ойлауы мен іс-әрекетіне сырт көзбен қарау ретіндегі рефлексия педагогикалық қызмет құрылымындағы аса қажетті және маңызды құрамдас бөлігі болып табылады деген тұжырым жасауға болады. Рефлексия өз қызметінің мақсаттары мен нәтижелері сәйкес келмеген жағдайда пайда болатын проблемалық жағдайларды тани білуді, олардың себептеріне талдау жасау мен шешу тәсілдерін қарастыруды қамтиды. Ұзақ уақыт бойына рефлексия ұғымы философияда ғана қолданып келді. ХХ ғасырдың басынан аталған проблемаға психологтер қызығушылық таныта бастады: 20-30-шы жылдары рефлексия мен өзін-өзі тану бойынша зерттеулерді психологияның жеке бір саласы етіп бөлу идеясы пайда болып, оны психологиялық рефлексия деп атауды ұсынған. Көптеген зерттеулерде рефлексия проблемасы үш бағытта қарастырылады: ойлауды, тұлғаның өзіндік сана-сезімін, сонымен бірге қарым-қатынас пен қоғамдастық үдерісін зерттеу. ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы зерттеулерде рефлексияның маңыздылығы педагогика мен психологияны ұштастыра отырып негізделеді. 3


Л.С.Выготский, Д.Дьюи, Ж.Пиаже еңбектерінде ойлауды дамыту проблемасы мен рефлексивті үдерістертің маңыздылығы анықталады. 70-80-ші жылдары педагогикадағы рефлексияның ерекшеліктерін зерделеуге Ю.Н. Кулюткина [6], И.Н.Семёнова, С.Ю. Степанова, Г.С. Сухобскойлардың психологиялық-педагогикалық еңбектері арналған. Бұл жұмыстардың зерттеу нысаны – адамның жеке ойлау әрекетінде көрініс табатын рефлексия. 80-ші жылдары рефлексия ұғымы жалпы педагогика ғылымын ұғыну әдісі ретінде оның ғылыми аппаратына енгізілді. Ғылыми-педагогикалық әдебиеттерде «кәсіби педагогикалық рефлексия» термині жиі қолданылады. Авторлар тобының пікірі бойынша (Р.М.Грановская, Ю.С.Крижанская, И.Н.Семенов, С.Д. және т.б.) рефлексия – бұл санадағы, мінез-құлықтағы, қарым-қатынастағы, ойлаудағы таптауырын болған қағидаларды ой елегінен өткізу, іс-әрекет түрлеріндегі таптауырындарды сыни және эвристикалық ой елегінен өткізу. Педагогтің кәсіби рефлексиясы — педагогтің өзін-өзі кәсіби маман ретінде бағалап, өзінің қызметіне өз шығармашылық көзқарасын білдіру және оқушылармен қарым-қатынас орнату нысаны ретінде ой елегінен өткізуін қамтитын кәсіби тұрғыдан аса маңызды дағды. Рефлексия оқу-тәрбие үдерісін тұлғалық, қызметтік және интерактивті деңгейде басқару тәсілі ретінде мұғалімнің кәсіби өсу деңгейін анықтайды. Біліктіліктің жоғары деңгейі, кәсібилік, құзыреттілік – міне, осылар мұғалімнің әлеуметтік қорғалуы, бәсекеге қабілеттілігінің маңызды аспектілері. Қазіргі қоғам педагог тұлғасынан белсенді өмірлік ұстаным, оптимизм, кез келген жағдайда жеке даралығын сақтап қалу және қиын проблемалық жағдайларда шешім қабылдауда өзіне жауапкершілік алу сияқты сипаттарға ие болуын қалайды. Педагог үнемі өзін-өзі жетілдіруге, өздігінен білім алуға және әлеуметтік-педагогикалық құндылықтарын шыңдауға ұмтылуы қажет. Көптеген зерттеулерге үңілсек (О.В.Акулова, О.С.Анисимов, А.П.Гуреев, С.Ю.Степанов, И.А.Мушкина, Н.В.Кузьмина, В.А.Сластенин, О.Ю.Шаврина т.б.), рефлексия кәсіби әрекетті табысты іске асырудың негізгі құрамдас бөлігі деп қарастырылады. Осыған байланысты мұғалімнің рефлексивтік қабілеттері мен дағдыларын қалыптастыру мен дамыту өзекті мәселе болып отыр. С.Ю.Степановтың берген анықтамасына сәйкес рефлексивтік қабілет – рефлексивті үдерістерді тиімді іске асыруға, өзіндік дамуына, кәсіби әрекетке шығармашылықпен қарауға мүмкіндік беретін, оның барынша тиімді және нәтижелі болуына әкелетін тұлғаның кәсіби сапасы делінген [1]. И.Слепцова өзінің еңбектерінде педагогтің кәсіби қызметінің негізгі құрамдас бөлігі ретінде кәсіби-рефлексивтік қабілетті атап айтады, бұл – педагогтің кәсіби дамуға ұмтылуы, оның дербестігі дамуының жоғары деңгейі, педагогикалық міндеттерді, проблемаларды шешуді негіздей алу қабілеттері, өзінің және оқушылардың іс-әрекеттерін шынайы бағалай алуға мүмкіндік беретін дамыған рефлексивті дағдылары деп түсіндіреді [2]. А.А.Бизяева педагогикалық рефлексияны мұғалімнің өз қызметіне және оның субъектісі ретінде өзіне сыни талдау, мәнін ұғыну және 4


оқушының тұлғасын дамытудағы тиімділігін бағалау мақсатында белсенді зерттеушілік көзқарас ұстану қабілетін байқататын күрделі психологиялық феномен ретінде түсіндіреді. Кәсіби қызметтегі рефлексияның рөліне айрықша мән беретін бірнеше мәселеге назар аудару қажет: біріншіден, рефлексия кәсіби қызметті меңгеруде аса қажет; екіншіден, рефлексияның негізінде игеру үдерісін бақылау және басқару жүзеге асырылады; үшіншіден, рефлексия кәсіби-білім беру қызметінің шарттары өзгерген жағдайларда қажет; төртіншіден, рефлексия қызметтің өзін дамытудың негізгі тетіктерінің бірі болып табылады. Бұл курстар педагогтердің кәсіби қызметтегі өзгерістерге бейімделуіне, өзін-өзі және қоршаған ортаны түсіне білу қабілетін қалыптастыруына, үнемі өз бетінше білім алуға және практикалық қызметке дайын болуына мүмкіндік береді. Осыған байланысты мұғалімнің өзіндік танымы мен қызметін таныпбілуі мен талдауы, яғни өзінің ойлауы мен іс-әрекетіне сырт көзбен қарау ретіндегі рефлексия педагогикалық қызмет құрылымындағы аса қажетті және маңызды құрамдас бөлімі болып табылады деген тұжырым жасауға болады. Рефлексия өз қызметінің мақсаттары мен нәтижелері сәйкес келмеген жағдайда пайда болатын проблемалық жағдайларды тани білуді, олардың себептеріне талдау жасау мен шешу тәсілдерін қарастыруды қамтиды. Ғылыми-педагогикалық әдебиеттерде «кәсіби педагогикалық рефлексия» термині жиі қолданылады. Авторлар тобының пікірі бойынша (Р.М.Грановская, Ю.С.Крижанская, И.Н.Семенов, С.Д.Степанов және т.б.), рефлексия – бұл санадағы, мінез-құлықтағы, қарым-қатынастағы, ойлаудағы таптаурын болған қағидаларды ой елегінен өткізу, іс-әрекет түрлеріндегі таптаурындарды сыни және эвристикалық ой елегінен өткізу. Педагогтің кәсіби рефлексиясы — педагогтің өзін-өзі кәсіби маман ретінде бағалап, өзінің қызметін өз шығармашылық көзқарасын білдіру және оқушылармен қарым-қатынас орнату нысаны ретінде ой елегінен өткізуін қамтитын кәсіби тұрғыдан аса маңызды дағды. Рефлексия оқу-тәрбие үдерісін тұлғалық, қызметтік және интерактивті деңгейде басқару тәсілі ретінде мұғалімнің кәсіби өсу деңгейін анықтайды. Педагогикалық рефлексияны күрделі психологиялық феномен ретінде түсіндірген А.А.Бизяева оны мұғалімнің өз қызметіне және өзіне сыни талдау, мәнін ұғыну және оқушының тұлғасын дамытудағы тиімділігін бағалау мақсатында белсенді зерттеушілік көзқарас ұстану қабілетін байқатады деп санайды. Кәсіби қызметтегі рефлексияның рөліне айрықша мән беретін бірнеше мәселеге назар аудару қажет: біріншіден, рефлексия кәсіби қызметті меңгеруде аса қажет; екіншіден, рефлексияның негізінде игеру үдерісін бақылау және басқару жүзеге асырылады; үшіншіден, рефлексия кәсіби-білім беру қызметінің шарттары өзгерген жағдайларда қажет; төртіншіден, рефлексия қызметтің өзін дамытудың негізгі тетіктерінің бірі болып табылады. 5


Мектептегі тәжірибе кезінің барлық кезеңдерінде мұғалімдер сабаққа талдау, яғни рефлексия жүргізеді. Бұл тұтас құрылымды құрамдас бөліктерге бөлуді де, мұғалімнің іс-әрекетті ойша немесе жазбаша сипаттап, сабақ барысын егжей-тегжейлі баяндауды да қамтиды. Рефлексия барысында мұғалім іс-әрекеттің әртүрлі аспектілеріне назар аудара отырып, бұрын қолданылған әдістер көзделген нәтижеге қол жеткізуге мүмкіндік бермеген жағдайда, білім беру мен оқытудың жаңа әдіс, тәсіл, түрлерін қарастырумен айналысады. Рефлексия педагогтің өзін кәсіби маман ретінде таныта білуіне, өзінің күшті және әлсіз жақтарын анықтауға, дербес білімдік қажеттіліктерін белгілеуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ рефлексия мұғалімге кері байланыс алу үшін және алдағы жұмыстарды жоспарлау үшін, өзінің сабаққа көзқарасын тұжырымдау және қалыптастыру үшін қажет. Сонымен қатар, рефлексия – оқушылардың мұғалім тарапынан ұсынылған ережелерді қабылдайтынын және оқу үдерісіне белсенді қатысуға дайын екендігін айқын білдіретін белгі болып табылатынын да ескеру қажет. Рефлексия жазу сабаққа қатысты өз ойларын ретке келтіріп түзуге, тіпті сезімдерін ой-тұжырымдарға айналдыруға мүмкіндік береді, өйткені ішкі сезімдерді сипаттауға талпыныс жасау олар туралы ойланып тұжырым жасауға алып келеді. Мұғалімдерге өз тәжірибесінде рефлективті есеп жазуда төмендегідей бірқатар сұрақтарға жауап беруді ұсынуға болады:  Сабағыңызда қандай мақсаттарды көздедіңіз? Сіздің ой-ниетіңіз қандай болды?  Алға қойылған мақсаттарға жеттіңіз бе, үмітіңіз ақталды ма? Егер солай болса, ненің көмегімен жеттіңіз деп ойлайсыз? Егер ақталмаған болса, неліктен деп ойлайсыз?  Сіздің оқушыларыңыз сабақта нені қалады? Олар не туралы ойланды?  Сіз нені жүзеге асыра алдыңыз? Оқушыларыңыз не істеді?  Сабақ барысында қандай әрекеттеріңіз орынды болды? Сабақ қалай өтті?  Оқушылар мен өзіңіз үшін не тиімсіз немесе қолайсыз болды?  Алдағы уақытта не істеу керек?  Сабақтарда қандай әрекеттерді жоспарлайсыз? және т.б. Қазіргі заман талабына сай білім беру саласында және жалпы қоғамда болып жатқан түбегейлі өзгерістерді сезіне білуге қабілетті, өзінің педагогикалық қызметін жүйелі реттеуді жүзеге асыра алатын мұғалімнің «жаңару» проблемасы бүгінгі білім беру саласында алдыңғы кезекте тұр. Мұғалімнің өзіне, өзінің қызметіне және оның тиімділігіне рефлексивті көзқарасы болмайынша, оның тұлғалық және кәсіби дамуын жүзеге асыру, өзінің жетістіктері мен кемшіліктерін анықтау және ұғыну, яғни «жаңашыл» мектепке тән тактикалық және стратегиялық білім беру міндеттерін табысты шешу мүмкін емес болып табылады. Қазіргі кезге дейін кез келген мұғалім өз тәжірибесінде кездесетін қиындықтарды өздігінен еңсеруге және 6


педагогикалық рефлексияның қазіргі деңгейін жетілдіруге қабілетті бола бермейтін. Мұғалімдердің өз қызметінде кәсіби рефлексияны дамытуы курста оқу кезеңіндегі маңызды міндеттердің бірі ретінде қарастырылады. Бұл курстар мұғалімдерге өздерінің кәсіби қызметіне сыни тұрғыдан қарауға мүмкіндік берді, бұл олардың рефлексивті есептерінде айқын көрініс табады. Рефлексия – бұл мұғалімнің сабақ бойынша ой-сезімдері ғана емес, сабақ туралы ойланып-толғануы болып табылады. Мұғалімге сабақты, педагогикалық жағдаяттарды, жалпы білім беру нәтижелерін өз бетінше талдау арқылы өзінің қызметін ұғыну және ой елегінен өткізудің сындарлы дағдыларын меңгеру қажет. Іс-тәжірибені ой елегінен өткізу өз іс-әрекетінің нәтижелері үшін жауапкершілікті арттыруға себепші болады. Демек, шығармашылық тұрпаттағы мұғалімге төмендегідей бірқатар тұлғалық қасиеттер тән болады: рефлексияны меңгеру, педагогикалық қызметтің тұлғалық мән-мағынасын қабылдау, өзінің жеке тәжірибесін басқаларға таныстыруға қабілетті болу және т.б. Курста оқудың аяғына қарай педагогтерде рефлексивті кәсіби қызметке бағытталу (қажеттіліктердің, уәжділік пен құндылыққа бағытталудың қалыптасуы), жаңалықтар мен инновацияларды жүзеге асыруға ұмтылысы, стандартты емес кәсіби міндеттерді шешу үдерісіне қамтылуы, өзінің жеке тұлғалық және кәсіби стереотиптерін ой елегінен өткізу, өзін-өзі барабар бағалау, өзінің кәсіби өсуін талдай білу қабілетін қалыптастыру елеулі түрде артады, осының барлығы рефлексияны дамытудың қолайлы динамикасын құрайды.

7


Сабақта рефлексияны ұйымдастыру және рефлексия жасау дағдыларын дамыту Рефлексия – адамның өз әрекетіне, жай-күйіне және болған оқиғаларға талдау жасауға бағытталған ой толғанысы. Рефлексияның, яғни өзінің ісәрекетіне талдау жасаудың жан-жақты және толық болуы адамның білімділік деңгейіне, моральдық күйі мен өзін-өзі бақылай білу дәрежесіне байланысты болады. Қарапайым тілмен айтқанда, рефлексияны «өзімен-өзі кеңесу» деп атауға болады. Рефлексия сөзі латынның «reflexio» – бұрынғыға оралу деген сөзінен бастау алады. Шетел сөздерінің сөздігінда рефлексияға өзінің ішкі жағдайы туралы толғану, өзін-өзі тану деген түсінік берілген. Орыс тілінің түсіндірме сөздігінде рефлексия өзіне-өзі талдау жасау ретінде қарастырылады. Қазіргі педагогика ғылымында рефлексия іс-әрекет пен оның нәтижесіне өздігінен талдау жасау ретінде түсіндіріледі. Сабақтағы дамытушы ортаны қалыптастырудың міндетті шарты рефлексия жасау кезеңі болып табылады. Ол оқушылардың қол жеткен нәтижелерін дұрыс тұжырымдауға, жүргізілетін жұмыстардың мақсатын нақты белгілеуге, одан кейінгі іс-әрекеттерін түзетіп отыруға мүмкіндік береді. Әсіресе, рефлексия оқушы мен мұғалімнің арасы алшақ жағдайда қашықтан оқыту формалары үшін өзекті болып табылады. Мұндай жағдайда оқушыға өзінің іс-әрекетін танып-білу мүмкіндігімен қатар, қашықтан оқытушы педагогке де үйрену барысын бақылауға мүмкіндік туады. Рефлексия аса маңызды әрекетпен – мақсатты тұжырымдаумен тығыз байланысты. Оқушының өзінің білім алу мақсаттарын белгілей білуі олардың орындалуына және қойылған мақсаттарға жету жолдарын саналы түрде ұғынуына ықпал етеді. Рефлексияның түрлері: а) жеке – нақты өзін-өзі бағалауды қалыптастыру (-не үшін өз жұмысыңды бағалай аласың? - өзін-өзі бағалау нәтижелері бойынша оқушымен сұхбат жүргізу, -неліктен осы немесе басқа деңгей таңдалды? б) топтық – қойылған мақсатқа жетуде ең жоғары нәтижеге жету үшін топтың әр мүшесі әрекет етуінің құндылығына назар аудару («Егер бізбен бірге ... (есімі) жұмыс істемегенде, біз осыны орындай алар ма едік » «Жұмыс барысында ... (есімі) қандай көмек берді» және т.б.). Топтық рефлексияның алгоритмі 1. Жұмыс барысындағы қарым-қатынас тапсырманың орындалуына қалай ықпал етті? • оны бұрынғыдан тиімді етті • тапсырманың орындалуын тежеді • тапсырманы дәл орындауға мүмкіндік бермеді, топтағы қарымқатынасқа кері әсерін тигізді 2. Қандай деңгейде топтағы қарым-қатынас барынша кеңінен жүзеге асырылды? • ақпарат алмасу 8


• өзара әрекет • өзара түсіністік • барлық деңгейлер біркелкі қамтылды 3. Топ мүшелері тапсырманы орындау барысында қандай деңгейдегі коммуникативтік қиындықтарға кездесті? • ақпараттың жетіспеуі • қарым-қатынас құралдарының тапшылығы (сөйлеу үлгілері, мәтіндер және т.б.) • қарым-қатынас жасаудағы қиыншылықтар 4. Жұмыста қандай қарым-қатынас стилі басым болды? • адамға бағдарланған • тапсырманы орындауға бағдарланған 5. Тапсырманы орындау барысында топтың бірлігі сақталды ма? • топтағы бірлік пен әріптестік қарым-қатынас сақталды • жұмыс барысында топтың бірлігі бұзылды 6. Топта орын алған жағдайда кім шешуші роль атқарды? • жұмыс барысында айқындалған көшбасшы тұлға • топ мүшелерінің басым бөлігінің байланыс орнатуды қаламауы • бірлескен жұмысты орындау үшін белгіленген мақсатты түсінбеу • қойылған міндеттің өзі қызықтырмайтын, қиын тапсырма болды Психологияда әдетте рефлексияның бірнеше түрі қарастырылады: ♦ Коммуникативтік – оның қарастыру нысаны басқа адамның ішкі жан дүниесі мен оның әрекеттерінің себептері туралы түсінік. Мұнда рефлексия басқа адамды танып-білудің тетіктері ретінде қолданылады. ♦ Тұлғалық – танып-білудің нысаны ретінде танумен айналысатын тұлғаның өзі, оның қасиеттері мен сапалары, мінез-құлық сипаттамалары, басқалармен қарым-қатынас жасау жүйесі қарастырылады. ♦ Интеллектуалдық – әртүрлі міндеттерді шешу барысында, шешім табудың түрлі жолдарын талдап, тапсырманың шарттарына бірнеше қайтара оралып, ең тиімді тәсілдерін таба білу қабілеті арқылы айқындалады. Рефлексияны тек сабақтың соңында ғана емес, кез келген кезеңінде жүзеге асыруға болады. Рефлексия өтілген материалды ұғынуға, ортақ жинаққа әрбір топ мүшесі тарапынан ойластырылған, түсінген нәрселерді жинақтауға бағытталған. Оның мақсаты сабақтан бекітілген нәтижемен шығу ғана емес, тұтас мағыналық тізбек құру, басқалардың қолданатын әдістәсілдерін өзінің қолданғанымен салыстыру болып табылады. Рефлексияның міндеттеріне қарай төмендегідей топтастыру қолданылып жүр (кесте №2): 1. Көңіл-күй және эмоционалдық ахуал рефлексиясы 2. Іс-әрекет рефлексиясы 3. Оқу материалының мазмұны бойынша рефлексия

9


Рефлексия жасауға үйретуді төмендегідей бірнеше кезеңге бөлуге болады: 1-кезең – өзінің көңіл-күйін талдау – өзінің жетістіктерін талдау 2-кезең – күнделікті өзін-өзі талдау (рефлексивті күнделік жүргізу) 3-кезең – сыныптастарының жұмысын талдау 4-кезең – өз тобының, сондай-ақ басқалардың жұмысын талдау Кесте №1. Рефлексияның оқу әрекетінің түрлі кезеңдерінде қолданылуы Оқу әрекетінің кезеңі Ұйымда стыру сәті және мақсатты тұжырымд ау кезеңі

Оқушылар дың білім, білік және дағдылары н өзектендір у кезеңі

Сабақтың басында сабақ тақырыбы бойынша

Мақсаты

Мазмұны

Оқушылар дың жалпы оқу әрекетіне қажетті, сондайақ ерекше шеберлік пен дағдыларды қалыптастыру шеңберіндегі жеке мақсаттарын таңдау арқылы сипатталады Бұл оқушыға Әрбір оқушы өзінің тақырып дайындық бойынша өзінің деңгейін алған білімін көруге анықтай алады мүмкіндік және беретін тапсырманың диагностикал қалай ық қиық орындалғанын ретінде өз бетінше тексере алады

Сұрақтардың нұсқалары

Оқушыларды әрекет етуге талаптандыр уды қамтамасыз етеді

Сабақтың тақырыбын оқып, сабаққа белгілеген өз мақсаттарыңызды айқын баяндауға тырысыңыз.

Оқушыларға интеллектуал ды «шиеленісті» түсіне білуге,

Танымдық Сізге жұппен жұмыс қызметті жүргізу қалай көмектеседі? ұйымдастыру нысанын өз бетінше таңдау 10

Сіз неден бастайсыз?


мазмұнды өзінің рефлексия меңгерген білімінің шегін анықтауға және оқу міндеттерін ұсынуға, білім шегін кеңейтуге көмектесу Қорытынд Жұмысты ы кезеңде қорытындыл ау, жаңа мақсаттарды белгілеу, жұмыстың нәтижесіне қанағаттану деңгейін анықтау

Оқушылардың білімді меңгеру деңгейін сезінуі, әрекет ету тәсілдері мен оларды жүзеге асыруды ұғынуы

11

- Жұппен жұмыс істеу барысында Сіз не үйрендіңіз? Сізге мұндай жұмыс нысаны сын есімнің салыстырмалы шырайын түсініп, еске сақтауда көмек берді ме? Сізге қандай қиындықтар кездесті? Оларды қалай жеңуге болады? «Мен сабақта жаңадан не үйрендім?», «Мен жаңа білімді қалай меңгердім?», «Сабақта алған білімімді келешекте қалай қолдана аламын?»


Кесте №2. Рефлексияны міндеттеріне қарай топтастыру Түрлер ге жіктеу Көңілкүй және эмоцион алдық ахуал рефлекс иясы

Сабақ тың кезеңі Сабақ тың басын да

Міндет тері

Тәсілдері

Топпен эмоционал дық байланыс орнату

Ісәрекет рефлек сиясы

Үй жұмыс ын тексеру жоба жұмыс ын қорғау кезеңін де

Оқу материалы мен жұмыс істеу әдістәсілдеріні ң мәнін түсіну, анағұрлым тиімді тәсілдерді қарастыру

• Мен... екенін сезіндім • Қызықты болды • Мені ... таңқалдырды • Мен сабақта өз жұмысыммен ... • Сабақ материалы маған ... • Менде бәрінен де жақсы шыққан ... • Менің көңілкүйім .... • Ойландырған мәселе... • Маған ... ой салды. • Сыныптастары мды ... үшін мақтауға болады. «Табыс • Менде .... баспалдағы орындалды. » әдісі, • Мен ... «Балық үйрендім. сүйегі» • Бүгін сабақта («Фишбоун мен ... жүзеге асыра алдым. ») • Сабақ маған графикалық өмірге қажетті ... берді. ұйымдасты • Сабақта мен ... рушысы үйрендім.

Сабақ тың соңын да

Әр қатысушы ның сабақтың әртүрлі

Адам бейнесі бейнеленге н карточкалар көңіл-күйді Жұмыс топп сипаттайты аяқтал ен жұмыс н бейнелер, эмоционалд ған соң істеу нәтижесін ық-көркем ресімдеу дегі эмоционал (картина, музыкалық дық үзінді) ахуалды, жұмыспен қанағаттан у деңгейін анықтау

12

Сұрақтар


кезеңіндегі белсенділі гін бағалау, белгіленге н оқу мақсатын (проблема лы жағдайды) тиімді шешу Оқу Өтілген Оқу матери материалд мате алын ың Риалы зерттеу мазмұнын ның мазмұн кезеңі ұғыну деңгейін ы бойын анықтау, ша қарастыры рефлек латын сия мәселеге көзқарасы н білу, бұрынғы білімі мен жаңаны ұғыну түсінігін біріктіру

Аяқталмаға н сөйлем тәсілін, тезистер, афоризм таңдау, «мақсат ағашын» қолдану арқылы мақсатқа жету рефлексияс ы, білімді «үстемелеу ді» және мақсатқа жетуді бағалау (Мен ... білмейтін едім, - Енді мен ... білемін) сияқты пікірлер; субъективті тәжірибені талдау тәсілі, синквейн әдісі 13

• Бүгін мен ... үйрендім. • ... үйрену қиын болды. • Мен ... тапсырмаларды орындадым. • Мен ... түсіндім. • Енді мен .... орындай аламын. • Мен ... үйрендім. • Мен ...дағдыландым. • Маған сабақ ... болып көрінді. • Мен үшін сабақта ... жаңалық болды. • Маған ... маңызды болып көрінді. • Сабақ материалы мен үшін ... болды.


Жалпы тренинг-сессияларда тыңдаушылардың рефлексивтік дағдыларын қалыптастыру мен дамыту мақсатында рефлексияның міндеттеріне қарай 1-кестеде берілген тәсілдерді қолданып, сұрақтар беріп отыру әдісін қолданып жүрміз. Сонымен қатар «Еркін жазу» әдісін жиі қолданамыз, бұл әдісті сабақтың үшінші ой толғаныс кезеңінде пайдалану тиімді. Мұғалім сабақ бойына қарастырылған жаңа ақпарат жайлы, одан алған әсерін, не үйренгенін, нені әлі де біле түсу керек екенін т.б. жайлы өз пікірін қағаз бетіне түсіреді. Жазуға уақыт белгілейміз. Уақыт аяқталған кезде олар өз жазғандарымен топ мүшелерін таныстырады. Ең жақсы деп танылған жұмысты ұжымда оқуға болады. Мұғалімдерді алған білімдерін қорытуға, оған сын көзбен қарап, ойын түйіндеуге үйрететін бұл әдісті сабақта жиі қолдануға тырысамыз. Осындай әдістерді қолдану мұғалімдердің жазу дағдыларын қалыптастырады, рефлексивтік ойлау, ойды қағаз бетіне түсіру сияқты дағдылары дами түседі. Мұғалімдердің мектептегі тәжірибе, портфолио жинақтау барысында бірнеше жылдық тәжірибемізде төмендегі проблемалар жиі кездесетіні байқалды: - мектептегі тәжірибе кезінде мұғалімдердің басым көпшілігі рефлексивтік күнделік жүргізуге ерінеді, сондықтан есеп жазғанда қиналады; - мұғалім сабақтарында қандай да бір стратегия, әдістерді қалай және неліктен пайдаланғанын түсіндіре алмайды; - мұғалім сыныптағы проблеманы анықтайды, бірақ оны шешудің жолдарын белгілеу, күтілетін нәтижелерді болжауда, нақты стратегияларды көрсетуде қиналады; - есеп соңында тұжырым мен қорытындылар көп жағдайда жасалмайды. Осындай қиыншылықтардан шығу үшін мұғалімдерге сабақты, жалпы тәжірибелерін талдау үшін сұрақтар әзірлеп, сабақты талдау алгоритмін жасап, тәжірибеге кетпес бұрын таныстырамын: Менің сабақтағы стратегиям табысты болды ма? Сабақ тиімді болу үшін қалай ұйымдастыру керек еді? Сабақта оқушылар неге үйренді? Үйренсе/үйренбесе неге? Сабақта қандай өзгешеліктер болды? Не болды? Неліктен? Сабағымды бұдан да қалай жақсартар едім? Оқушылар жасалған іс-әрекеттерге қалай қатысты? Қандай көңілкүймен кетті? Сабақта өздерін емін-еркін ұстай алды ма? Сабақта аудиторияны өзіме қарата алдым ба? Тәртіпті орнатудың қандай тәсілдері жақсы жұмыс істеді? Неліктен? Нені басқаша жасау керек еді? Сабақ барысында өз эмоциямды басқара алдым ба? Неліктен? Болашақта нені басшылыққа алуым керек? Сабақта менде қандай қиындықтар туды? Неге ерекше күш жұмсауым керек еді? Мұндай жағдайларда келешекте не істеуім керек? Осы сабағымды қайта өтетін болсам нені өзгертер едім? 14


Осы сұрақтар мұғалімдерге портфолио жинақтау барысында, әсіресе, В2 есебін жазуда көп көмектеседі. Осындай стратегиялар, әдіс-тәсілдер пайдаланудың, есептеріне үнемі формативті бағалау беріп, жетілдірудің нәтижесінде курстың аяғына қарай педагогтерде рефлексивті кәсіби қызметке бағытталу (қажеттіліктердің, уәжділік пен құндылыққа бағытталудың қалыптасуы), жаңалықтар мен инновацияларды жүзеге асыруға ұмтылысы, стандартты емес кәсіби міндеттерді шешу үдерісіне қамтылуы, өзінің жеке тұлғалық және кәсіби стереотиптерін ой елегінен өткізу, өзін-өзі барабар бағалау, өзінің кәсіби өсуін талдай білу қабілетін қалыптастыру елеулі түрде артады, осының барлығы рефлексияны дамытудың қолайлы динамикасын құрайды. Өз тәжірибемізде тыңдаушылар мектептегі тәжірибелерін аяқтап үшінші кезеңге оралған кезде, курстың бірінші күні «Алты түс арқылы ой пішініне еркіндік берейік», «Жаңашыл сабақтың үстінен сот» тақырыптарына екі шебер-сынып ұйымдастыру арқылы рефлексия жасатуды жүзеге асырдық. Мұндағы мақсатымыз – мектептегі тәжірибені жинақтау, қорыту, оқыту тәжірибесіне Бағдарлама идеяларын енгізу нәтижелерін талдау, оларды жақсарту жолдарын қарастыру, жаңа әдіс-тәсілдерді қолдануда кездескен қиыншылықтарды жеңу. Мұғалімдер осы төрт апта ішінде қандай педагогикалық тәжірибе жинағандығы, қандай нәтижелерге қол жеткізді, нелер ойдағыдай болмағандығы туралы ойлануға жетелеу. Осы мақсатта Эдвард де Бононың «Ойлаудың алты қалпағы» ойынын қолдандым. Бұл әдіс мұғалімдердің ой икемділігін, креативтілігін дамытады, шығармашылдық дағдарысты еңсеруге көмектеседі, сонымен қатар, дұрыс шешім қабылдауға және алдына қойған мақсат пен міндеттермен ойларын тиянақтаудағы арақатынасын дұрыс анықтауға мүмкіндік береді. Әсіресе, бұл әдіс кез келген пікірмен санасу және ситуацияны түрлі арнада қарастыруда, ерекше және инновациялық идеяларды бағалауға өте жақсы келеді. Сонымен бірге мұғалімдерге мектеп жағдайында Бағдарламаның идеяларын тәжірибеге енгізу мен сынақтан өткізуді талдауға мүмкіндік береді. Мұнда тыңдаушылар төмендегідей сұрақтарға жауап іздеп, талдады: 1. Тәжірибе барысында әсіресе не қиын болды? 2. Сізді не таңқалдырды..., қуантты... жағымды болды? 3. Сыныптағы тәжірибеге барлық модульдерді кіріктіре алдыңыз ба? Енгізе алмасаңыз, не себепті? 4. Тәжірибеңізде қандай өзгерістер болды? т.б. «Жаңашыл сабақтың үстінен сот» тақырыбындағы екінші рөлдік ойында мектептегі сындарлы оқыту әдісіне негізделген жаңашыл сабақты айыптау жөнінде іс қаралды. Айыптың мәні – белгілі бір уақытта, белгілі бір мектепте, белгілі бір педагогикалық ұжымда пайда болған қазіргі сындарлы сабақтың мезгілсіздігі. Бұл іс-шара барысында мұғалімдер дәстүрлі және заманауи сабақтың жақсы жақтары мен кемшіліктерін бірлесе отырып анықтауға тырысты. Олар шебер-сынып барысында «қолдау» және «қарсы» тұстарын талдап, айтуға мүмкіндік алды. Барлық қатысушылар бұл іс-шараға белсенді араласты, 15


бірде-бір мұғалім рөлсіз қалған жоқ. Бұл іс-шараға орталықтың тренерлерін де қатыстырып, рөлдер бөлініп берілді. Сот, айыптаушы, «Жаңашыл сабақтың» адвокаты, сот хатшысы рөлдерін ДБО тренерлері ойнады, ал айыпталушы, алқа билер, куәгерлер, ата-ана, оқушы рөлдерін мұғалімдердің өздері ойнады. Ойынның нәтижесінде сот барлық куәгерлерді тыңдап, прокурор мен қорғаушының сөздерін ескере отырып жаңашыл сабақтың пайдасына шешім қабылдап, ақтап, сот залынан шығару шешімін қабылдады. Бұл сабақтар өте қызықты, тартымды өтті. Біраз проблемалар шешімін тапты. Барлық мұғалімдер қызыға, жауапкершілікпен өз рөлдерін ойнап, жаңашыл сабақты ақтап алуға белсенді атсалысты. Сабақтың соңында ойындардың ұнағандығын, осы әдістерді өз сабақтарында қолданатындарын, мектептегі тәжірибені осылай қорытындылап, ой елегінен өткізіп, есептерінде талдау жасауға көмектесетінін кері байланыста келтірген. Жоғарыда аталған әдіс-тәсілдер тыңдаушылардың рефлексивті дағдыларын қалыптастыруға бағытталған. Атап өту керек, осы іс-әрекеттегі зерттеудің мәнмәтінінде, мұғалімдерді педагогикалық жағдаяттарды, проблемаларды шешуге рефлексивті оқытудың түрлі тәсілдерін пайдалану арқылы тарту, олардың кәсіби қызметін ары қарай толықтыруға, байытуға мүмкіндік береді, сонымен қатар рефлексивті дағдыларының жаңа сапалы деңгейге өтуіне ықпал етеді. Біздің ойымызша, тиімді тренер немесе мұғалім болу үшін, біріншіден, әр тренер немесе әр мұғалім оқыту стилі туралы үнемі ойлануы қажет, екіншіден, оқыту дағдылары мен іс-әрекеттерінің тек «мазмұнды ашуды» ғана емес, сонымен қатар тыңдаушыларға әсері туралы үнемі ойлануы қажет. Оны Ramssden (1992) белгілеген қағидаларға сүйену арқылы іске асырған тиімді: - Сабақтарды қызықты, тартымды етіп ұйымдастыру және түсінікті ету; - Тыңдаушыларды құрметтеу, оларға және оқыту үдерісіне қамқор бола алу; - Лайықты бағалау және кері байланыс орната білу; - Нақты мақсат қою; - Тәуелсіздік, бақылау және тыңдаушыларды белсендіру; - Оқыта жүріп өзі де үйрену. Сонымен бірге, тыңдаушылардың рефлексивтік дағдыларын қалыптастыру мен дамыту стратегияларын үнемі жетілдіру, қайта қарастыру, түзету, өңдеу қажеттілігі байқалды. Біліктілікті арттыру үдерісіндегі рефлексивті ойлау динамикасы педагогтердің жас шамасы, педагогикалық өтілі, кәсіби бағыты сияқты факторларға байланысты болмайтынына, дамытуға әсер ететін рефлексивті әдіс-тәсілдер арқылы қалыптасып дамитынына көз жеткізіп жүрміз.

16


Рефлексияны жүргізу әдіс-тәсілдері Рефлексия бүкіл оқу үдерісінің барысында, оның әр кезеңінде түрлі қызметтерді атқара отырып жүзеге асырылады. Сонымен қатар, рефлексия үдерісіне білім алушылар мен оқытушылардың қатысуы маңызды. Тәжірибе көрсеткендей, рефлексия үдерісіне оқу үдерісі субъектілерінің біреуі қатыспаған жағдайда, рефлексияның барлық құрылымы тиімсіз болып шығады. Рефлексия ауызша немесе жазбаша түрде жүзеге асырылуы мүмкін. Осыған байланысты ол әртүрлі мағынаға ие болады. Ауызша рефлексия: Ауызша рефлексияның мақсаты өзінің жеке ұстанымын жариялау, оның басқа адамдардың ой-пікірлерімен арақатынасын айқындау болып табылады. Студенттер мен оқушылардың айтуы бойынша, көп жағдайда өз ойларын білдіру, диалог немесе сұрақ түрінде жеткізу кейбір маңызды мәселелерді анықтауға көмектеседі. Ауызша рефлексияның алуан түрлі тәсілдерінің арасында (диалог, тоғыспалы дикуссия немесе «Бірлескен ізденіс» дискуссиясы) педагогикалық тәжірибе үдерісінде педагогтер мен студенттердің жұмысында ең тиімді қолданылатын тәсілдердің бірі – «Екі қатарлы дөңгелек үстел», оның мақсаты қатысушылар үшін өзекті болатын мәселелер жөнінде пікір алмасу болып табылады. Екі қатарлы дөңгелек үстел Оқытушы «Екі қатарлы дөңгелек үстелді» жүргізу барысында қатысушылардан екі топ құрады. Бірінші топ «ішкі» шеңберді құрайды. Бұл топ қатысушылары талқыланатын мәселе жөнінде пікірлерін еркін айтады. Сонымен қатар, қатысушылар бір-бірінің көзқарасын сынамай, өз пікірлерін қысқа әрі нақты айтуы маңызды. Екінші топ қатысушылары («сыртқы шеңбер») ішкі шеңбер қатысушыларының пікірлерін белгілеп, оларға өз сұрақтары мен түсіндірмелерін дайындап отырады. Түсіндірмелер талқыланып жатқан сұрақтың мәніне, ішкі шеңбердегі талқылану үдерісіне, айтылған ұстанымдарының заңдылықтарына, осындай пікірлердің мүмкін себептеріне қатысты болуы мүмкін. Ішкі шеңбер қатысушылары өз ойларын нақты және қысқа білдіріп, алдыңғы айтылып кеткен пікірмен байланыстыруы керек. Оқытушы айтылған пікірлердің мазмұнына араласпай, диалогті талқыланатын мәселе аясына бағыттап, әртүрлі көзқарастарды белгілеп, жұмысты үйлестіріп отырады. Ішкі шеңбердің жұмысы аяқталғанда, оқытушы сыртқы шеңберді құрайтын топты талқылауға қатысуға шақырады. Сыртқы шеңбер қатысушылары жоғарыда айтылған ережеге сәйкес жұмыс жасайды. Жұмыс соңында оқытушы қатысушылардан қорытындыларын ауызша немесе жазбаша түрде құрастыруын сұрайды, содан кейін өзінің түсіндірмелері мен ескертпелерін айтады.

17


Жазбаша рефлексия: Психолог-ғалымдар мен педагогтердің көпшілігі, оның ішінде Ф.Кортахен, тұлғаның дамуы үшін ең маңыздысы жазбаша рефлексия деп белгілейді. Жазбаша рефлексияның жиі қолданылатын бірнеше түрлерін атап кетуге болады: • Эссе – шағын көлемдегі, нақты белгіленген тақырыпты ашатын және айрықша субъективті түсіндірме берілетін, еркін композицияға құрылған, ауызекі тілге бағытталған, парадокстерге бейімділігі бар туынды (М.Н.Эпштейн "Образ бен түсініктің тоғысында"). Эссе жазу білім алушының белгілі бір мәселе бойынша барлық қарама-қайшылықтар бойынша өз тәжірибесіне жүгінуін . • «Борт журналы» (ағыл. Log) – ақпаратты тірек сөздер, графикалық модельдер, қысқа сөйлемдер мен ой тұжырымдар, сұрақтар арқылы бекіту түрі. Білім алушылар толтырып отыратын «борт журналына» оқытушы тарапынан ұсынылатын бөліктері ретінде: тақырып бойынша тірек сөздер, студенттің өзі айқындауы тиіс байланыстар, маңызды сұрақтар болуы мүмкін. • Күнделіктің түрлері: қарапайым күнделік, күнделік-көркем альбом, екі бөлімді күнделік (бір бағанында – бақыланатын фактілер, нақыл сөздер, ал екіншісінде – өзінің түсіндірмелері). Күнделіктің эссе мен «борт журналынан» ерекшелігі оның ұзақ мерзім аралығында жүргізілуі және оқушының тікелей үдерісті бақылап, уақыт аралығындағы өз әрекеттерін салыстыра отырып («кейінге қалдырылған рефлексия»), терең рефлексияны жүзеге асыруына мүмкіндік беретіндігінде болып табылады. • Жазбаша сұхбат – топ қатысушыларының сұрақтар мен жауаптар түріндегі топтық жазбаша рефлексия нұсқасы. Бұл тәсіл өзара пікір алмасу мақсатында жүргізілетін жазбаша рефлексияны қысқа мерзім аралығында өткізуге мүмкіндік береді. • Өлең түрінде (мысалы, синквейн – бесшумақты өлең) – бұл оқып үйренген түсінікті, үдерісті немесе құбылысты көркем түрде бағалауға мүмкіндік беретін шығармашылық рефлексия тәсілі. • Портфолионың түрлі нұсқалары оқушылар мен студенттер қызметтерінің жекелеген аспектілерін барынша толық сипатта жұмысының жиынтығы болып, олардың байланыстырады. (К.Берк). И.Загашевтің айтуы бойынша, портфолиода бағалау парақтары, бақылау парақтары, күнделіктен үзінділер, «борт журналдары», видеоүзінділер, таныстырылымдардың жоспарлары мен жобалары қамтылуы мүмкін. Портфолио қарапайым оқушы жұмыстарының жиынтығы ғана емес, одан да көбірек маңызы бар, алдын ала жоспарланған, оқушының қол жеткізген жетістіктерінің дербес жиынтығы (Hamm & Adams, 1991).

18


Әдіс-тәсілдер: 1. Сөйлемді аяқта (Жазбаша сұхбат) Мақсаты: сабақты қорытындылау, оқып білгендерін, қалай жұмыс жасағандарын талқылау, яғни әрбір қатысушы сабақтың басында қойылған мақсаттарға жету үшін жұмсалған өз күшін, белсенділігін, сынып жұмысы нәтижелілігін, таңдап алынған жұмыс түрінің пайдалылығы мен мазмұндылығының деңгейін бағалайды. Мазмұны: оқушылар сөйлемнің бастапқы сөздерін тақтадағы рефлексивті экраннан таңдап, өз ойларын бір сөйлеммен жеткізеді:

19


Бүгін мен … білдім. Маған … қызықты болды. Маған … қиын болды. Мен…тапсырмалард ы орындадым. Мен … түсіндім.

Енді мен … аламын. Мен ... сезіндім. Мен … ие болдым. Мен … үйрендім. Менде … нәтиже шықты. Мен … жасай алдым.

Мен … байқап көремін. Мені … таң қалдырды. Сабақ өміріме … берді. Мен...қалаймын.

2. Өзін-өзі талдау сауалнамасы Мақсаты: өзін-өзі талдау, сабақты сапалық және сандық бағалау. Кейбір пункттерді түрлендіруге, толықтыруға болады, бұл сабақтың қандай элементтеріне ерекше мән берілетініне байланысты. Оқушылардан өз жауаптарын негіздеуді сұрауға болады. Нұсқа 1. Мен сабақта...жұмыс

• жасадым • Мен сабақтағы өз жұмысыма ... • Маған сабақ ... көрінді • Сабақта мен ... • Менің көңіл-күйім ... • Сабақтағы мәліметтер маған ... • Үй тапсырмасы ...

белсенді / енжар ризамын / риза емеспін қысқа / ұзақ болып шаршамадым/ шаршадым көтерілді / түсті түсінікті / түсініксіз пайдалы / пайдасыз қызықты / қызықсыз жеңіл / қиын тартымды / тартымсыз

Оқушылар сабақтағы өздерінің белсенділігі мен өз жұмыстарының сапасын бағалау үшін сабақ барысында параққа шартты түрде жауаптарын белгілеуі керек: «V» - мұғалім өтініші бойынша жауап бердім, бірақ жауап дұрыс емес «W» - мұғалім өтініші бойынша жауап бердім, жауап дұрыс «| » - өз қалауым бойынша жауап бердім, бірақ жауап дұрыс емес «+» - өз қалауым бойынша жауап бердім, жауап дұрыс «0» - жауап бермедім.

20


Бүгін сабақта мен: - үйрендім - қызықты болды - қиын болды Сабақта не үйрендіңіз? Ең қатты ұнаған тапсырмалар қандай? Мен үшін маңызды болып көрінді… Мен түсіндім ...

Нұсқа 2. «Сабақтағы қарымқатынас қандай болды»? - қызықты - танымды - тартымды - ойын түрінде - өзгеше - көңілсіз - қуанышты - ықыласты

Сабақ -ойландырды… -ой-толғанысқа түсірді… Сабақта жаңадан нені білдің? Нені есте сақтау керек деп ойлайсыз? Қандай мәселе бойынша тағы жұмыс жасау керек?

Нұсқа 3. Біздің күніміз (сабақ, шара, ойын) аяқтауға таяды, сіздермен бөліскім келетіні… Менің барлығынан жақсы жүзеге асырғаным… Өзіңді не үшін мақтай аласың? Сыныптастарыңды не үшін мақтай аласың? Не білдің? Мені не таңғалдырды? Мен үшін жаңалық болғаны ... Сіздің ойыңызша не іске асты? Сіздің ойыңызша не іске аспады? Неге? Болашақта нені есепке алу керек? Сабақтағы менің жетістіктерім…

Сабақтағы өз жұмысыма: - көңілім толды - онша көңілім толмады Менің көңілім толмады, себебі… Мен сабақта осы тапсырмаларды таңдадым, себебі: -олар қалғандарынан көбірек ұнайды; - басқа тапсырмаларға қарағанда, осыларды нашар орындаймын деп ойлаймын; -олар басқа тапсырмаларға қарағанда жеңілірек

3. «Плюс-минус-қызықты» (авторы Эдвард де Боно, медицина ғылымдарының докторы, Кембридж университетінің философия докторы, ойлау саласындағы практикалық дағдыларды дамыту саласының маманы) Мақсаты: сабақты қорытындылау (Бұл жаттығу мұғалімнің өз сабағына оқушылардың көзімен қарауына, әрбір оқушының құндылықтары тұрғысынан талдау жасауына мүмкіндік береді. Оқушылар үшін ең маңызды 21


бағандар «П» және «Қ», себебі оның ішінде оқушыларға қажет болып қалатын мәліметі бар жадынамалар болады). Мазмұны: Бұл жаттығуды уақыт мөлшеріне байланысты ауызша да, жазбаша да орындауға болады. Жазбаша орындау үшін 3 бағанды кестені толтыру ұсынылады. «П» – «плюс» бағанына барлық сабақ барысында ұнаған, жағымды әсер қалдырған немесе оқушының ойынша белгілі бір мақсатқа жетуіне қажетті мәліметтер және жұмыс түрлері жазылады. «М» «минус» бағанына сабақ барысында мүлдем ұнамаған, қызық емес, жағымсыз, түсініксіз болған немесе оқушының ойынша керек емес, өмірлік мәселелерді шешуде пайдасыз, қажетсіз ақпарат мен мәліметтер жазылады. «Қ» - «қызықты» бағанына, оқушылар сабақ барысында білген қызықты фактілерді және осы мәселе бойынша тағы не білгілері келгенін, мұғалімге қойғысы келетін сұрақтарын жазады. 4. «Қошемет» Мақсаты: өзінің белсенділігін және жұмыс сапасын бағалау. Мазмұны: оқушылар бір-бірінің сабаққа қосқан үлестерін бағалап (мадақтау-қошемет, іскерлік қасиеттеріне қошемет білдіру, сезімдік қошемет), бір-біріне және мұғалімге алғыс айтады. Сабақты осылай аяқтау әрқайсысының тұлғалық маңыздылығын мойындауға қажеттілігін қанағаттандыруға мүмкіндік береді. 5. «Сапар». (http://rus.1september.ru/articlef.php?ID=200702105) Мақсаты: сабақтың мазмұнын бағалау. Мазмұны: Партада әр оқушының алдында 2 жетон болады: біреуі – қуанышты жүз, екіншісі – көңілсіз жүз. Тақтада сабақ кезеңдері белгіленген вагондар тіркелген пойыз бейнеленеді. Балаларға «қуанышты жүзбен» ең қызықты болған тапсырманы көрсетіп тұрған, ал «көңілсіз жүзбен» қызық емес болған тапсырманы көрсететін вагонға салуын сұраймыз. Оқушының қалауы бойынша, тек бір жетонды қолдануға болады. 6. Оқушылардың сабақтағы өз белсенділіктерін және жұмыс сапасын бағалау үшін парақта өз жауаптарын шартты түрде белгілеуді ұсынуға болады: 1. мұғалімнің өтініші бойынша жауап бердім, бірақ жауап дұрыс емес 2. мұғалімнің өтініші бойынша жауап бердім, жауап дұрыс. 3. өз қалауым бойынша жауап бердім, бірақ жауап дұрыс емес. 4. өз қалауым бойынша жауап бердім, жауап дұрыс. 5. жауап бермедім 7. “Тортты ұрлау”. //http://gotovie-uroki.narod.ru/ matematika/urok12.htm Сабақтағы жұмысыма ризамын — қызыл түс. 22


Мен жақсы жұмыс жасадым, бірақ одан да жақсырақ жасай аламын – жасыл. Жұмыс орындалмады, өзіме риза емеспін – көк түс. 8. «Алаңқай» http://pedsovet.org/forum/topic7273.html Мақсаты: сабақ кезеңдерінің мазмұнын бағалау Содержание: Тақтада – гүлдерге толы алаңқай, әр гүлдің бетінде – сабақ кезеңі – (мәтінмен жұмыс, фонетикалық жаттығу және т.б.). Әр баланың алдында – көбелек. Балаларға өз көбелегін ең қатты ұнаған тапсырмасы бар гүлге орнату ұсынылады. 9. Графикалық рефлексия Мақсаты: тапсырманың қиындық деңгейін, эмоционалдық әсерін анықтау. Мазмұны: Әрбір орындалған тапсырманың маңына белгі қою - орындау ұнады - қиын болды - онша ұнаған жоқ - онша қиын болған жоқ - мүлде ұнаған жоқ - қиын емес 10. Өзін-өзі тексеру Мақсаты: сыныптастарын бағалау қызметін дамыту Мазмұны: Парталас көршісін тексеру. Оқушылар өзінің парталас көршісін тексеруі керек. Шамамен мынадай сұрақтар қойылады: Не іске асты? Не іске аспады? Қандай баға қояр едіңіз? 11. Қысқа эссе Мақсаты: балалардың өзін-өзі бағалау қабілетін анықтау Мазмұны: Балаларға мұғалімнің қойған бағасын түсіндіру ұсынылады (жазбаша, ауызша). Баға белгі түрінде берілген. Мен неге осындай баға алдым? 12. Бағалау баспалдағы Мақсаты: критерий бойынша бағалау қабілетін дамыту Мазмұны: Балаларға белгі қойылуы тиіс баспалдақ, шәкіл ұсынылады. Осы тапсырманы орындағаны үшін өзіне қоятын бағаға сәйкес межеге Күннің белгісін орналастыруы қажет. Критерийлерін анықта Мақсаты: Пайда болған қиындықтардан өту себептерін, алынған білім, қабілет, дағдылар өлшемдерін анықтау. Мазмұны: Оқушыларға жұмысты бастаудың алдында бағалауға негіз болатын критерийлерді белгілеу ұсынылады. Ал жұмыс соңында өзіне баға қойып, оны критерийлерге сүйене отырып, түсіндіру қажет.

23


13. Ойын түріндегі сабақ рефлексиясы Мақсаты: Сабақтағы жетістіктер мен сәтсіздіктерді тек оқушының ішкі себептерімен байланыстырып өзін-өзі талдау. Мазмұны: Мәтін жазу: «Ойын түріндегі сабақ бойынша менің рефлексиям»: • Осы ойын түріндегі сабақта қандай жұмысты іске асырдым? • Менің қателерім қандай? • Осының артында қандай себептер тұр? • Келесі сабақтарда осындай қателіктер жібермеу үшін маған нені түсіну, ұғыну керек? 14. «Смайликтер.ехе» және «Интерактивті дауыс беру.ехе». Бұл тәсілдер рефлексивті сәттерді жүргізуге арналған және сабақта проектор мен экранды немесе интерактивті тақта қолдануды қажет етеді.

24


25

Алдағы уақытта шешуім қажет білім беру міндеті

Қандай проблема айқындалды?

Не нәрсені үйрендім?

Нені түсіндім, ұғына алдым?

Сабақ міндеттерін жүзеге асыра алдым: өзімнің қандай әрекеттерім арқылы? Міндетті жүзеге асыра алмадым: неліктен?

Мен алдыма қандай білім беру міндетін қойдым?

Сынақ өткізілген сабақтың күні, тақырыбы

Педагогтің рефлексивті күнделігінің үлгісі Мұғалімнің рефлексивті күнделігі

Мұғалімнің аты-жөні ___________________________________ Пәні ________________________________________________ Сыныбы ______________________________________________ Тренері _______________________________________________

Білім беру нәтижелері:


Рефлексивті күнделікті мұғалім курста оқу барысында және мектепте тәжірибеден өту барысында кәсіби рефлексияны дамыту, мектептегі инновациялық үдерістерді басқаруда өзіндік дербес тәжірибесін жинақтау, инновациялық құзыреттілікті дамыту мақсатында жүргізеді. Рефлексия біздің түсінігімізде ойлану, өз бетінше бақылау, өзін-өзі тану; өзінің ойлары мен әсерлерін талдау; адамның өзіне-өзі есеп беруге және өзіне-өзі талдау жасауға қабілеттілігі ретінде қарастырылады. Күнделіктегі «Сынақ өткізілген сабақтың күні, тақырыбы» бағанына сабақтың уақыты, қатысушылары, тақырыбы және қысқаша сипаттамасы жазылады. Сондай-ақ осы бағанға мақалалар, кітаптар, интернетпен жұмыс және т.б. бағдарлама бойынша міндетті емес жұмыс түрлерін енгізуге болады. «Мен алдыма қандай білім беру міндетін қойдым?» бағанына сабақтың мақсаты, міндеттері және күтілетін нәтижелері жазылады. Белгілі бір кезең неліктен жоспарланған және т.б. «Сабақ міндеттерін жүзеге асыра алдым: өзімнің қандай әрекеттерім арқылы?» деген бағанда сабақта қандай стратегиялар, әдістер мен тәсілдер тиімді қолданылғаны жазылады. Сабақтың мақсаты қаншалықты орындалған? Ол неден байқалды (дәлелдер)? Оқушылардың жауаптары мен жұмыстарынан үзінділер келтіру. Бақылау нәтижесіндегі оқушылардың белсенділігі мен енжарлығының дәлелдерін келтіру. «Міндетті жүзеге асыра алмадым: неліктен?» бағанына сабақта пайда болған проблемалар туралы жазылып, сабақ барысында болған қиындықтар, күрделі педагогикалық жағдаяттар сипатталады және талдау жасалады. «Нені түсіндім, ұғына алдым?» бағанында өзіңіздің пікірлеріңіз бен қорытындыларыңызды дәлелдейтін мысалдарды (оқушылардың жауаптары мен жұмыстарынан үзінділер, басқа да дәлелдемелер) келтіруге болады. Сондай-ақ, Сабақта оқушылардың жұмыстарын бағалау қалай жүзеге асырылды? Сабақ барысында болған қиындықтар қалай еңсерілді? деген сұрақтарға жауап беруге болады. «Не нәрсені үйрендім?» бағанында төмендегі сұрақтарға жауап беру қажет: Келесі жолы нені жетілдіру қажет? Кәсіби даму, сабақ беруді жетілдіру, оқушылардың жетістіктерін жақсарту бойынша жоспарланатын қадамдарды және алдыңызға қандай білім беру міндеттерін қоятыныңызды нақты айқындау керек. 1-қадам. Ойланып-толғануды бастамастан бұрын, ойлануға қажет материалды жинақтау керек. Сіз жай ғана не болып жатқанын тіркеумен айналысасыз. Сіз көзіңіз бен құлағыңыз арқылы сабақта болып жатқанның барлығын мұқият бақылайсыз. – Бұл жерде не болып жатыр? Мен нені көріп тұрмын? Нені естіп отырмын? Нені сезініп отырмын? Мен не туралы ойлаймын? Басқалар немен айналысып отыр? Олар қалай жүзеге асыруда? Олардың жүзінен не байқалады? Олардың қимылынан не байқалады? Олардың эмоциялары қандай? Олар не туралы айтуда? Олардың айтып 26


отырғандары іс-әрекеттерімен сәйкес келе ме? және т.б. Бұл мәліметтерді қағазға жазып алуға болады немесе фотоаппаратқа не камераға жазып алуға болады, диктофонға жазуға болады. Барынша толық ақпаратты жинақтау үшін сұрақтар қоюға, сұхбат жүргізуге, іс-шараларға қатысушылардан сауалнама жүргізуге болады. 2-қадам. Қолыңызда жинақталған барынша объективті мол материалыңыз болса, оны талдауға кірісуге болады. Осы жерде ең басты сұрақ туындайды – Неге? Біз өз тәжірибемізден білетіндей, көп жағдайда адамдар бір нәрсе туралы бір түрлі айтып, басқаша түрлі ойлап, мүлдем басқаша әрекет етеді. Неліктен? Кейде адамның айтқаны мен сол мәселеге қатысты көзқарасының арасында алшақтықты байқауға болады. Немесе өзінің мәлімдегені мен іс жүзіндегі мәселе арасында қарама-қайшылық болады. Неліктен? Бұл сұрақтарға жауапты өзіңіз іздеуге болады, сондай-ақ басқа адамдарды – әріптестеріңізді тартуға болады. Мұндай жағдайда дөңгелек үстелдер, пікірталас клубтары, талқылаулар, мүдделі адамдармен сұхбаттасу және т.б. жүзеге асырған орынды болады. Әрине, әркім белгілі бір мәселенің бір қырын ғана көреді, сондықтан оның айтқанын өзінің пікірі ретінде қабылдаңыз. Өзіңіздің «неге» деген сұрағыңызды талқылай отырып, сіз «неге» деген сұрақтарыңызға жауабыңызды қамтитын өз пайымыңызды тұжырымдай аласыз. 3-қадам. «Қандай әрекет орын алды және неліктен?» деген сұраққа жауап алып, үшінші кезеңде «Мен өзім үшін енді қандай сабақтарды жоспарлай аламын? Өзім көргендердің ішінен мен болашаққа нені өзіммен бірге аламын, ал не нәрседен арылуға тырысамын?» деген мәселені шешу керек. 4-қадам. Қандай іс-әрекетті жүзеге асыру, ал неден бас тарту туралы нық шешім қабылдағаннан кейін келесі кезеңде оларды іске асыруға тырысу қажет. Жоспарланған нәрсені жүзеге асырудың ең жақсы тәсілі – бұл жоба екенін есте сақтаңыз. Әріптестеріңізбен, достарыңызбен, тренермен өз жобаңызбен бөлісіңіз. Келешекте қиындықтарға кездескен жағдайда сізге олардың көмегі мен қолдауы қажет болады. 5-қадам. Қабылданған шешімдерді жүзеге асыра отырып, әртүрлі себептерге байланысты барлығы ойдағыдай бола бермейтінін есте ұстау керек. Қателіктер мен кемшіліктер де болады. Ештеңе істемейтін адам ғана қателеспейді. Сонымен қатар, алдын ала барлығын білу мүмкін емес. Жалпылама нұсқау – Орта жолда тоқтауға болмайды! Табандылық қана мақсатқа жеткізеді. 6-қадам. Бұл жерде тағы да рефлексия туралы сөз болады. Неліктен жоспарланған жұмыс ойдағыдай шықпады? Себептері қандай? Осы кедергілердің қайсысын жою менің қолымнан келеді, қайсысы менің қолымнан келмейді? Менің ұмтылған мақсатыма басқаша жолдармен немесе тәсілдермен қалай қол жеткізуге болады? 7-қадам. Барлық қадамдарда есте ұстайтын нәрсе – инновацияның немесе ерекше (инновациялық) шешімнің басты белгісі қандай болатындығы. 27


Дәстүрлі ойлайтын адамдар не сізді түсінбейді, не тіпті сіздің шешіміңізді теріс қабылдап, қудалауы мүмкін. Бұл – инновациялық шешімге адамдардың қалыпты көзқарасы. Есіңізде ұстаңыз, керітартпа адамдардың болатынына қарамастан, уақыт керуені алға жылжи береді. Ең соңғы және маңызды нұсқау – белгілі бір нәрсе туралы ойлана отырып, асығыстық жасамаңыз, өзіңіздің бағалауыңыз бен ой-пікіріңізді білдіруге асықпаңыз.

28


Рефлексия туралы тезистер 1. Мұғалімнің рефлексивтік ұстанымы сабаққа қойылған мақсат, міндет және күтілетін нәтижелеріне сәйкестігін сырттай бағалау үшін қажет. 2. Рефлексия барысында сабақтың бастапқы ойы өзгеріске ұшырауы мүмкін. 3. Рефлексия тек сабақтың соңында емес, сонымен қатар сабақтың басында да жүргізіледі. Жоспарланған сабақ бойынша жасалған рефлексия оны өту барысында көптеген қателіктерді болдырмауға көмектеседі. 4. Рефлексияны жеке де, әріптестермен де бірігіп жасауға болады. Ұжымдық рефлексия сабақ бойынша кереғар пікірлерді айқындауға, кейбір жағдайда субъективті бағалауды болдырмауға мүмкіндік береді. 5. Оқушылармен жүргізілген рефлексия сабаққа мүлдем басқа қырынан қарауға мүмкіндік береді. 6. Рефлексияның түрлі формалары бар. Рефлексияның көп түрін үйлесімді қолдану сабақ туралы тиімді ойлануға мүмкіндік береді.

29


Қосымша материалдар Сілтеме: Методическое пособие «Школьный урок», рекомендаций по конструированию учебного занятия, г. Кызылкия , 2006 г., 39 стр.

сборник

методических

Автор проекта: Васильев Ю.А. – директор СШ № 2, международный тренер проекта «Развитие критического мышления через чтение и письмо», Отличник образования Кыргызской Республики, учитель высшей квалификационной категории. Вопросы о педагогической рефлексии, которые помогут учителю: 1. Соответствует ли ваше занятие целям, задачам и достигнутым результатам? 2. Как трансформировался первоначальный замысел учебного занятия? 3. Адекватна ли ситуация на учебном занятии движению мысли обучаемых? 4. Можно ли проводить рефлексию только до урока, или только после него? 5. Как вы будете проводить рефлексию? 6. Чему способствует коллективная рефлексия? 7. Зачем нужно проводить рефлексию с учащимися? 8. Какие еще формы рефлексии существуют? 9. Зачем нужно использовать многообразие форм рефлексии? Мы завершаем урок? …Нет, рефлексия продолжается! Как зафиксировать свои мысли о посещенном уроке? (мы советуем) При посещении уроков вам, вполне вероятно, придется делать какие-то письменные заметки, касающиеся хода урока, удачных и неудачных моментов, особенностей и т.п. Выполнить это, предлагаем при помощи специальных матриц и приемов из арсенала программы «Развитие критического мышления через чтение и письмо» Какие из них взять – дело вкуса и профессиональных пристрастий каждого педагога. Матрица посещения урока № _____ Дата _______ Класс ______ Учитель __________________ Предмет____________ Цель посещения:_____________________________________________ Тема урока: _________________________________________________ Цель урока: _________________________________________________ Степень реализации Наблюдения «3» «4» «5» Примечание Анализ/ Выводы/ Заметки 1. Создание условий для полноценной учёбы.  Новые знаний, новые умения;  Знания и умения моделируются, примеры приводятся;  Знания и умения представлены с соответствующим уровнем сложности; 30


 Сочетание теории и практики;  Знание учащимися критериев оценивания;  Обратная связь;  Оценивание, пояснение 2. Учащиеся имеют равные возможности независимо от:  Пола;  Этнической принадлежности;  Уровня подготовки  Физического состояния 3. Области и уровни знаний хорошо представлены: Области: Познавательная Эмоциональная Психологическая Уровни: Знание, восприятие, применение, анализ, синтез, оценка 4. Использование знаний в конкретных видах деятельности:  Работа с целым классом;  Работа с малыми группами;  Индивидуальная работа;  Использование научных подходов;  Логика в переходе от одного вида деятельности к другому 5. «Изюминка» урока 6. Соотношение речи учителя и учащихся (рекомендуется примерно 30% к 70 %) 7. Готовность учащихся к восприятию нового материала 8. Предложения по уроку в целом

31


Матрица посещения урока № _____ Дата _______ Класс ______ Учитель ___________ Предмет___________________ Цель посещения: _____________________________________________ Тема урока: _________________________________________________ Цель урока :__________________________________________________ Степень реализации Наблюдения «3» «4» «5» Примечание Анализ/ Выводы/ Заметки 1. План урока, тематические разработки, дидактические материалы 2. Постановка целей и задач урока. 3. Организация урока: Структура урока, соответствие его санитарно-гигиеническим требованиям, распределение времени, дисциплина на уроке. 4. Содержание урока Научность и правильность освещения материала на уроке, его воспитательная направленность. 5. Повторение пройденного материала. 6. Связь теории с практикой 1. Методическая подготовка учителя Приемы, методы, стратегии введения нового материала 2. Качество знаний. Умений и навыков учащихся: Глубина ответов. Работа с книгой. Приборами. Умение составлять конспекты, тезисы. Работать с информацией. Выступление с докладами, сообщениями, объективность оценки труда. 3. Самостоятельная работа учащихся. 32


Активность. Обратная связь, рациональность работы, использование ТСО. 4. Психологические параметры работы учащихся. Внимание, развитие мышления, работа над речью, среда обучения. 5. Эмоциональная окраска на уроке. Умение учителя заинтересовать детей, вызвать положительные эмоции для обучения.

Матрица педагогического анализа личностно-ориентированного урока № _______ Дата_______ Учитель____________ Предмет ___________ Класс _____ Тема урока__________________________________________________ Цели урока _________________________________________________ № Показатели урока Оценка Комментарии/ Анализ/Выводы «3» «4» «5» Мотивационно – ориентационный аспект 1 Обеспечение мотивационной готовности и положительного эмоционального настроя учащихся 2 Использованные педагогические приемы для создания мотивации 3 Разъяснение целевых ориентиров урока 4 Насколько стали личностно значимыми для учащихся эти цели? 5 Нацеленность учителя на развитие индивидуальных способностей учащихся, способностей к самопознанию, самостроительству Содержательный аспект 1 Соответствие учебного материала урока 33


2

3

4

5

образовательным стандартам, идеям урока Умение учителя правильно определять групповые и индивидуальные познавательные возможности учащихся Установление взаимосвязи с субъективным опытом ребенка Формирование системных представлений об изучаемом материале, выявление важного и содержательного, установление межпредметных связей Практическая направленность материала урока, его значение для формирования эмоционально волевой сферы учащихся

1 Использование педагогических приемов и техник для обогащения субъективного опыта учащихся 2 Формы речевого общения учителя и учащихся 3 Создание учителем ситуации успеха для учащихся

Организационный аспект

4 Среда обучения (толерантность, доверие, взаимодействие и т.д.) 5 Учет индивидуального темпа работы учащихся, помощь учителя. Самостоятельность учащихся Оценочно – результативный аспект 1 Учет оригинальности, а не только правильности ответов учащихся

34


2 Способствование оценки учителя положительной динамики развития учащегося

Анализ урока с использованием приемов программы «Развитие критического мышления через чтение и письмо» Заметки о посещенном уроке вы можете делать при помощи графической организации материала. В качестве графического организатора могут выступать различные типы кластеров, концептуальная таблица, произвольные схемы и т.п. Концептуальная таблица Показатели Удовле творит Критерии ельно Критерии устанавливают ся учителем исходя из целей посещения урока.

Хорошо

Отлично

Превосходно

Кластер Содержание

Цели и задачи урока Тема урока

Как проведено оценивание

Цели и задачи урока

? (по выбору

35

Комментарии


Рекомендации по составлению конспекта урока: Опубликование конспекта урока может быть проведено в форме таблицы - двучастного дневника Ход урока

Комментарий

В этой колонке описываются: •цели и задачи урока; •этапы урока (как основные, так и промежуточные) в хронологической последователь-ности. •Указано распределение этапов во времени.

В этой колонке могут быть описаны: • пояснения о том, почему поставлены такие цели. • смысл и значение каждого этапа урока; • значение каждого этапа для достижения цели урока; • ценность каждого этапа урока; • роль учителя и учащихся на каждом этапе урока; • действия учителя в создании среды обучения; • какая реакция со стороны учащихся может возникнуть в определенный момент урока, и какие требуются действия для получения ожидаемого результата; • трудности, с которыми встречается учитель, как они преодолеваются; • ссылки на используемые источники информации • ???

Что вызвало интерес при знакомстве с этой таблицей? Какие дополнения вы бы внесли в неё? Полезные приложения: Секреты увлекательного урока 1. Поверьте, что увлекательный урок провести можно. 2. Начните урок в необычной форме. 3. Похвала – это то, что больше всего нужно вашим ученикам. Интерес в большeй степени зависит от похвалы. 4. Никогда не говорите: «как мы уже знаем…». Каждый раз предполагайте, что учащиеся не знают ничего. Ведите урок так, чтобы учащиеся в каждый его момент делали для себя маленькое открытие. 5. У хороших педагогов есть особое свойство: когда они говорят с классом, то каждому учащемуся кажется, что учитель говорит с ним. 6. Интерес зависит от понимания. Не нужно никаких изощрений. Ясность – основа интереса. 7. Детали! Детали! Детали! Придумайте для урока захватывающий сюжет и потрясающие мелкие детали. Успех обеспечен! 8. Если вы не увлечены своим предметом, не горите желанием сообщить учащимся некоторые потрясающие данные и подробности – вам никогда не провести интересный урок.

36


                     

Факторы развития когнитивной области: Новизна материала урока. Факты из истории науки. Демонстрация практического применения знаний. Раскрытие закономерностей, логики науки. Перестройка жизненного опыта на основе знаний. Многообразие самостоятельных работ учащихся. Поисковые, исследовательские задания. Практические работы. Творческие работы. Свободный выбор задания. Проблемность обучения. Поддержание положительного эмоционального тонуса. Стимулирование учащихся к познавательной и творческой деятельности. Побуждение учащихся к вопросам. Побуждение учащихся к осознанию своего прогресса, достижений. Достижения современной науки. Многообразие форм применения знаний, умений, навыков. Наличие познавательного интереса. Эмоциональный отклик (на что именно). Сосредоточенность, увлеченность процессом деятельности. Стремление участвовать в уроке. Активность в течение урока.

Педагогическая техника: как управлять классом        

Настройте учащихся на урок. Просьбы формулируйте четко, следите за тем, чтобы они выполнялись. Используйте невербальные сигналы: мимика, жесты, телодвижения. Отработайте технику реагирования: культура мышления, умение слушать, умение сдерживать первичную реакцию. Замечайте признаки утомления учащихся, предпринимайте попытки их ликвидировать. Используйте различные формы восстановления внимания (шутка, анекдот, рассказ, картинка, разминка, психологическое упражнение). Не теряйте времени. Привлекайте учащихся к организации процесса обучения.

37


Әдебиеттер тізімі: 1. Степанов С.Ю., Похмелкина Г.Ф. Принципы рефлексивной психологии педагогического творчества //Вопросы психологии. 1991. №5. С. 35-38 2. Яркина Т.Н. К проблеме развития рефлексивной компетентности будущих педагогов. Вестник Томского государственного педагогического университета. №10. 2011. 3. Бизяева А.А. Психология думающего учителя: Педагогическая рефлексия, - Псков, 2004 4. Хохотва О. Методические рекомендации по написанию рефлексивных отчетов и подготовке презентационной речи - Астана: Центр педагогического мастерства АОО «Назарбаев Интеллектуальные школы», 2013 5. Мұғалімге арналған нұсқаулық, Үшінші (негізгі) деңгей, Үшінші басылым, 2012, Астана

38


МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ................................................................................................................................... 3 Сабақта рефлексияны ұйымдастыру және рефлексия жасау дағдыларын дамыту ................................................................................................... 8 Топтық рефлексияның алгоритмі………………………………………………………… 9 Рефлексияның оқу әрекетінің түрлі кезеңдерінде қолданылуы ……………………… 10 Рефлексияны жүргізу әдіс-тәсілдері ……………………………………………………… 17 Педагогтің рефлексивті күнделігінің үлгісі ……………………………………………

25

Рефлексия туралы тезистер ……………………………………………………………… 29 Қосымша материалдар ………………………………………………………………… 30 Әдебиеттер тізімі ………………………………………………………………………… 39

39