Наметкулова

Page 1

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі «Өрлеу» Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының филиалы «Жамбыл облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты»

Наметкулова Ф.Д.

ТІРЕК МЕКТЕБІ (РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҚ) ЖАҒДАЙЫНДА ОҚУ-ТӘРБИЕ ҮДЕРІСІН ҰЙЫМДАСТЫРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ Әдістемелік құрал

Тараз, 2014


ӘӨЖ 371.32 ББК 74.268 Н24 Пікір берушілер: Сулейменова Т.Н. – «Өрлеу» БАҰО» АҚФ Жамбыл облысы педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыратын институтының «Басқару және білім сапасы» кафедрасының меңгерушісі, т.ғ.к. Сейдалиева А.Р. – Жамбыл облысы, Байзақ ауданы Дихан тірек мектебінің директоры Н24 Наметкулова Ф.Д. Тірек мектебі (ресурстық орталық) жағдайында оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыру ерекшеліктері: әдістемелік құрал Тараз, 2014. – 96 бет. ISBN 978-9965-20-445-6 Жамбыл облысы педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыратын институтының Сараптау Кеңесі отырысының шешімімен баспаға ұсынылған (№5 хаттама, 20.06.2014 ж) Әдістемелік құралда тірек мектебі (ресурстық орталық) жағдайында өткізілетін сессия кезіндегі оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыру бойынша теориялық және дидактикалық материалдар берілген. Әдістемелік құрал Жамбыл облысында ұйымдастырылған тірек мектептерінің (ресурстық орталық) тәжірибесі негізінде дайындалды. Ұсынылып отырған әдістемелік құрал педагог мамандардың біліктілігін арттыру жүйесінің мамандарына, аудандық (қалалық) білім бөлімінің әдістемелік кабинеттерінің әдіскерлеріне, тірек мектебінің (ресурстық орталық) әкімшілігіне арналған. ӘӨЖ 371.32 ББК 74.268 Н24 ISBN 978-9965-20-445-6

© Наметкулова Ф.Д., 2014


КІРІСПЕ Еліміздің Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан – 2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында «жалпы барлық жеткіншек ұрпақтың функционалдық сауаттылығына да зор көңіл бөлу қажет. Балаларымыз қазіргі заманға бейімделген болуы үшін бұл аса маңызды» деп айтылған [1]. Кез келген мемлекеттің өркениеттілігі, онда өмір сүретін халықтың білім деңгейімен бағаланады. Ал өркениеттіліктің негізі мектепте қаланып, мектепте өркен жаяды. Сондықтан, мектеп – өзін өркениеттіміз деп санайтын елдің айналып өтпейтін үдерісі. Осы тұрғыдан қарағанда, еліміздегі мектептердің, оның ішінде ауыл мектептерінің жұмысын жандандыру, ондағы оқыту үдерісінің сапасын жетілдіру, оқушыларға мемлекеттік стандарт деңгейіне сай білім беру бүгінгі күннің көкейтесті мәселесіне айналып отыр. Олай болса, бүгінде шағын жинақты мектептің (ШЖМ) дамуы өте маңызды, себебі ол білім беру ұйымы болып қана қоймай, сонымен қатар ауылдағы қоғамдық мәдениетке көпқырлы және ерекше ықпал ететін әлеуметтік институт болып табылады. Шағын жинақты ауыл мектептерінде оқушылардың аздығы толыққанды оқу үдерісін ұйымдастыруға өзіндік қиындықтарын туғызады. Сондықтан оқушылардың әрекеттесуі мен өзара қарым-қатынасын түрлендіре отырып, олардың пәнге қызығушылығы мен оқуға ынтасын арттыруға ықпал ететін сабақты ұйымдастырудың жаңа түрлерін іздестіру талап етілуде. Әрі ауыл мектебі оқушыларының қарым-қатынас аясының шектеулілігі олардың коммуникативтік біліктерінің дамуына кедергі келтіруде. Аталған мәселелермен қатар жоғарғы сынып оқушыларының санының аздығы, ШЖМ-нің жағдайына байланысты мемлекеттік стандартты орындау мүмкіндігінің төмендігі толық білім ұйымының ролін атқаратын, жалпы орта білімде бағдарлы оқытуды қамтамасыз ететін тірек мектептері арқылы білім сапасын арттыру мәселесін шешу қажеттілігіне әкелді. Ауыл мектебі жағдайында жалпы орта білімнің стратегиясын шешу шарты ретінде оқу-тәрбие үрдісінің тұтастығы қажет. «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» дайындалды, онда шағын жинақты мектептерді сапалық тұрғыда дамытуға мән берілген. Осы бағдарлама негізінде шағын жинақты мектептердің өзекті мәселелерін шешуде ресурс орталығы моделін жүзеге асыру қолға алынып отыр. Ресурстық мектеп – шағын жинақты мектеп оқушыларына бейімделген, әрі деңгейлі, көп салалы, саралай және терең білім алуына жағдай жасайтын, оқу-тәрбие үрдісінің әрекеттерін бағыттап отыратын ауыл мектебі. Ал магниттік мектеп – бала саны аз, біріктірілген сыныптары бар және ресурстық орталықтың біртұтас жүйесіне енетін жалпы білім беретін мектеп. Магниттік мектептің балалары өз мектептерінде оқиды. Олар 3


ағымдағы оқу жылында 3 рет бір аптадан ресурстық мектепте оқу үдерісін жалғастырады. Айта кету керек, бүгінгі таңда ашылып отырған ресурстық орталықта тек 9-11-сыныптардың оқушылары білім алуда. Тірек мектебінде (ресурстық орталық) бағдарлы оқытуды жүзеге асыру барысында магниттік деп аталатын шағын жинақты мектептердің ақпараттық, кадрлық, оқу-әдістемелік ресурстарын интеграциялау жүзеге асырылады. Арнайы ұйымдастырылған білім беру үдерісі оқытудың сессиялық және сессияаралық түрін қарастырады. Сессияаралық кезеңде оқу-танымдық үдеріс технологиялық карталарды қолдана отырып және ақпараттық-коммуникациялық қатынас жасай отырып, жеке оқыту негізінде жүзеге асады деп күтілуде. Аталған мәселелерді жүзеге асыруда көбінесе шағын жинақталған мектептің практик педагогтары оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыру мәселерін қарастыруда тек өздерімен өздері қалады. Сондықтан әдістемелік құралдың негізгі мақсаты тірек мектебі (ресурстық орталық) жағдайында жақын маңда орналасқан мектептердің желісі арқылы бағдарлы оқытуды сапалы жүзеге асыруда мектеп әкімшілігі мен педагогтерге әдістемелік қолдау көрсету болып табылады. Ұсынылып отырған әдістемелік құрал мектеп әкімшілігіне педагог-эдвайзер мен педагог-тьютордың лауазымдық қызметінің үлгісін, оқушылардың оқу жобаларын дайындау ережесін, сессия кезіндегі жоспарлау үлгісін дайындауда септігін тигізеді. Әдістемелік құралдың бірінші бөлімінде тірек мектебі (ресурстық орталық) жағдайында бағдарлы оқытуды ұйымдастыру ерекшеліктері қарастырылады. Сонымен қатар, бұл бөлімде сессия және сессияаралық кезеңде оқушылардың зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру, соның ішінде оқу жобаларын дайындау бойынша әдістемелік нұсқау берілген. Екінші бөлімде тірек мектебі (ресурстық орталық) жағдайында оқу-тәрбие үдерісін тиімді ұйымдастыруға қажетті білім ұйымының нормативтікқұқықтық негіздері болып табылатын үлгілік ережелер мен тьютормұғалім, эдвайзер-мұғалімнің лауазымдық міндеттерінің үлгілері ұсынылады. Әдістемелік құралды дайындау барысында Жамбыл облысында ұйымдастырылған тірек мектептерінің тәжірибесі негізге алынды. Тірек мектептерінің тәжірибесінен алынған материалдардың көшірмелері Қосымшада берілген.

4


І. ТІРЕК МЕКТЕБІ - БАҒДАРЛЫ ОҚЫТУДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРАТЫН БІЛІМ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ ЖЕЛІЛІК ӨЗАРА ӘРЕКЕТТЕСУ ТҮРІ Бүгінгі таңдағы ақпараттық-технологиялық қоғамда мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігі білім мен ғылым саласының деңгейі, заманауи және дамытушы технологияларды дамыту мен жүзеге асыру үшін жағдайдың жасалуы арқылы анықталуда. Сондықтан орта білім беру жүйесінің алдында ауыл мектептері жағдайында бағдарлы оқытуды тиімді жүзеге асыру мәселесі ерекше мәнге ие болып отыр. Ауылдық елді мекендерде ұйымдастырылып отырған тірек мектептерінде бағдарлы оқытуды нәтижелі жүзеге асыруға мүмкіндік беретін материалдық-техникалық база және білікті кадр жинақталған. Тірек мектептерінің қызметі - тірек мектебінің жұмысын реттейтін нормативтік құжаттарды дайындау; - білім ұйымдарының өзара әрекеттесуін жүзеге асыратын желілік қарымқатынастың жаңа жүйесін құру; - желілік қарым-қатынасқа басқарушылық және әдістемелік қолдау көрсету; - оқушылардың тұлғалық және кәсіби өзін-өзі анықтауына педагогикалық және психологиялық қолдау көрсету болып табылады. Орта білім беруде жоғары сыныптарды (10-11) біріктіруге жол берілмейді, яғни қорытынды аттестаттауға және бейінді оқыту кезінде білім беру мазмұнының вариативтілігіне байланысты негізделген. Қазақстан Республикасында шағын жинақты мектептерді дамытудың 2010-2020 жылдарға арналған тұжырымдамасында қазіргі заманғы технологияларды дәстүрлі сыныптық-сабақтық жүйемен қатар қолдануды ұсынады, «ШЖМ-нің білім беру үдерісін ұйымдастыруда республиканың барлық мектебін кең жолақты Интернетке қосуды талап ететін қашықтықтан және теле-оқыту мүмкіндіктерін пайдаланған орынды» [1]. Мұндай жағдайда мұғалімнің рөлі өзгереді (педагог-эдвайзер, педагог-тьютор және т.б.), мұғалімнің іс-әрекеті мәліметтерді өңдеуге емес, оқушыға психологиялық-педагогикалық көмек көрсетуге және оны оқутанымдық үдерісте алып жүруге бағытталуы тиіс. Сондықтан, желілік әдістемелік қызметтің негізгі әрекеті тірек мектебі және оған қамтылған магниттік мектептердің педагог-эдвайзер мен педагог-тьюторларының желіаралық біліктіліктілігін арттыру және мұғалімнің жаңа рөліне әдістемелік қолдау көрсету болып табылады. Алдымен осы «эдвайзер» және «тьютор» терминдерінің мағынасын қарастырып көрелік. Эдвайзер (аdvisor) – ескі француз тілінің «avisen» сөзінен аударғанда «қайта ойлану» деп аударылады (XII ғасырдың соңы). Ал «кеңес беру» деген мағына XIV ғасырда пайда болған. Бүгінгі таңда жоғарғы оқу орнындағы эдвайзер белгілі бір мамандықта оқитын білімгерге тәлімгерлік қызметін көрсететін оқытушы ретінде қарастырылады. 5


Эдвайзер – базалық білім беру мақсатын, оның критерийлері мен көрсеткіштерін, білім нәтижесін қадағалау үшін бақылау-бағалау рәсімдерінің пакетін жасап, жеке оқытудың негізгі тәсілдері мен құралдарын, білім нәтижелерін анықтап отыратын маман [2]. Ол білім алу траекториясын таңдауға (жеке оқу жоспарын қалыптастыруға) және оқу бағдарламасын меңгеруге; оқу үдерісін ұйымдастыру бойынша барлық қажетті ақпараттық материалдарды дайындауға қатысады. Тәжірибелі эдвайзер кеңесшінің, жетекшінің, тәлімгердің қызметтерін үйлестіреді, дегенмен олардың әрқайсысы жеке оның қызметін анықтай алмайды. Сонымен, заманауи білім беру тәжірибесінде эдвайзердің негізгі үш қызметін атап көрсетуге болады. Олар: 1) білімгердің жеке өсуіне көмектесу; 2) оқу бағдарламасының контентін дайындауға көмектесу; 3) білім ұйымының мәдени ортасының дәстүрлерін қолдауға көмектесу болып табылады. Жоғарғы оқу орындарында куратор-эдвайзерлердің басты мақсаты «жастардың тұлғалық дамуының үйлесімділігін қалыптастыру, білімгерлерді азаматтық белсенділікке тәрбиелеу, білім алушылардың мамандықтың жұмыс оқу жоспары аясында білім алу траекториясының таңдамалығы негізінде өзін-өзі қалыптастыру және өзін-өзі көрсету қабілеттерін дамыту», ал міндеті «оқу тобында тәрбие жұмысын ұйымдастыру, өзін-өзі басқаруды қалыптастыру және білімгерлерді қоғамдық және шығармашылық өмірге біртіндеп тарту, оқу траекториясын таңдауға (жеке оқу жоспарын құрастыру) ықпал ету және білім алу кезеңі барысында білім алу бағдарламаларын меңгерту» болып табылады [4]. Тьютор (ағылшынша tutor) – оқушылардың жеке білім алу бағдарламасын дайындауды қамтамасыз ететін және білім ұйымдарында жеке білім алу үдерісіне қолдау көрсететін педагогикалық қызмет түрі. Педагог-тьютор – оқушының өз бетімен оқу-танымдық жұмысын ұйымдастыру жүйесінің жобасын оның жеке білім беру бағдарламаларымен сәйкестендіріп жасайтын кәсіби іскер маман [2]. Жоғарғы сыныпта тьюторлық қолдау көрсету оқушылардың өзіндік білім алуын, білім алу маршрутын таңдау, кәсіби және тұлғалық тұрғыда өзін-өзі анықтау жауапкершілігінің қалыптасуына ықпал етуге жағдай жасайды. Тірек мектебі (ресурстық орталық) жағдайында оқу үдерісі тұлғаға бағытталғандықтан жоғары сынып оқушыларының белсенділігі мен әлеуметтік әрекеттері өзекті, әрі маңызды болып табылады. Осы жағдайда жоғарғы сынып оқушыларына тьюторлық қолдау көрсету: - дербес оқу үдерісі, жоғарғы сынып оқушыларына пәндерді (бағдарлы және негізгі пәндерді), қолданбалы курстарды және жобалық, зерттеу, шығармашылық әрекеттерінің бағыттары мен тақырыптарын өзіндік таңдауын қамтамасыз ету; - білім алушылардың көпшілік алдында таныстырылымдар жасауы, байқаулар мен олимпиадалардың түрлері, "ересек өмір" тәжірибелеріне тарту арқылы олардың әлеуметтік қызметтің аясын кеңейту; 6


білім алушылармен олардың білім алу мақсаты және болашағын, білім алуының мәнді тарихы мен оқиғаларын талқылау және кеңес беру аясында қамтамасыз етілетін рефлексия кеңістігін ұйымдастыру бағыттары бойынша жүзеге асады. Тірек мектептерінде (ресурстық орталықта) тьюторлық қолдау көрсетуді ұйымдастыру әрбір жекелеген жоғарғы сынып оқушысына өзінің әрекетіне, өзінің болашағын жобалауға, құндылықтары мен әлеуметтік талпыныстарына бастамашылдығын дамытуға мүмкіндік береді. Сондықтан тьюторлық қолдау көрсету жоғарғы сынып оқушыларының келесі құзыреттіліктерін қалыптастыруға бағытталады: - пәндік құзыреттілік – білім алушының талаптарына және болашақ жоспарларына сәйкес болашақтағы кәсібі үшін жинақтайтын білім қоры; - басқарушылық құзыреттілік – жеке және ұжымдық әрекеттерді (жоспарлау, жобалау, зерттеу, шығармашылық) ұйымдастыру, әрекет өнімдерін (жоба, зерттеу, таныстырылымдар) рәсімдеу тәсілдері; - қарым-қатынас құзыреттілігі – өзінің ойлағанын жүзеге асыру үшін әртүрлі ресурстарды (адами ресурстар, ақпараттық жүйелер ресурстары, ұжымдық ой әрекеттерінің ресурстары және т.б.) пайдалану тәсілдері; - әлеуметтік-мәдени құзыреттілік – әлеуметтену тәсілдері, әртүрлі білім алу, кәсіби қауымдастықтарға қамту; болашақ кәсібі мен кәсіби әрекеттерін таңдауға дайын болуы. Тьюторлық қолдауды жүзеге асыруда арнайы жобалау және талдау технологияларын, атап айтқанда рөлдік және іскерлік ойындар, талдау эсселері, пікірталастар, рефлексивтік мәтіндер пайдалану арқылы жоғары сынып оқушылары белгілі бір әрекет аясында тәжірибе жинақтайды. Сондай-ақ, тьютер-мұғаліммен өзінің жетістіктерін, кемшіліктерін талқылай отырып, соның негізінде болашақ жоспарларын нақтылауға мүмкіндік алады. Тірек мектептерінің (ресурстық орталықтың) жұмысын саралау нәтижесі жоғарғы сынып оқушыларының жеке білім алу бағдарламасына тьюторлық қолдау көрсету нәтижелерін тіркеу және қадағалаудың келесі тәсілдерін қолданған тиімді екендігін көрсетті: - білім беру мониторингі; - бақылау, статистика әдістері, психологиялық әдістер (социометрия, жеке карталар, тестілеу), сауалнама алу, эссе жазу, білім алушылардың портфолиосы; - білім алушылардың жеке білім алу сұраныстарының жүзеге асу мәліметтерін талдау; - қорытынды аттестаттау нәтижелерін талдау; - білім алушылардың жеке жетістіктерін талдау. Сонымен, жеке оқу бағдарламаларына тьюторлық қолдау көрсету бағдарлы оқытуды жүзеге асыруда жоғарғы сынып оқушыларының бағдарлануы мен дербестенуінің құралы болып табылады. -

7


1.1.

Оқушының жеке білім алуын ұйымдастыру ерекшеліктері

Тьютор-мұғалімнің қызметінің ерекшеліктері Тұлғаға бағытталған сабақ оқушылардың тұлғалық ерекшеліктері ашылатын, қасиеттері қалыптасатын, мүмкіндіктері жүзеге асатын оқыту жағдайы болып табылады. Әр оқушының болмысы арқылы дамытушылық, шығармашылық ойлау, өз бетінше шешім қабылдау қабілетінің қалыптасуы тиіс. Осыған орай, оқыту технологияларын жаңарту, педагогикалық мамандардың шығармашылық бастамасына қолдау жасау талап етіледі. Жеке тұлға қалыптастыруда жаңаша оқытудың әдістәсілдерін іздестіру пәндік білім аймағында игерілетін білімдерімен анықталады. Нәтижесінде мұғалімге, соның ішінде тьютор-мұғалімге қойылатын талап арта түспек. Төменде тьютор мұғалімнің атқаратын қызметінің бағыттары қарастырылады. Тьютор ғылыми жетекші ретінде – жоба, зерттеу және эссе материалдарын бағалауға қатысады; – оқушылармен бірге олардың жеке оқу жоспарларын әдістемелік бірлестікке келісуге ұсынады; – оқушылардың зерттеу жұмысын орындауға қолдау көрсетеді, қажет болған жағдайда көмектеседі; – сессия кезеңінде сабақтарды дайындау мен жүргізуге қатысады; – тірек және магниттік мектеп оқушыларының желіаралық пән олимпиадалары мен тәжірибелік конференцияларды дайындауға және өткізуге қатысады; – сессия кезінде сабақтарды сәйкесінше оқу-әдістемелік қолдауды (оқу және тәжірибелік құралдар, аудио- және бейне материалдар) тиімді қолдану мен дайындауды қамтамасыз етеді. Тьютор кеңесші ретінде: – оқушылардың өзбетінше білім алу барысында қиындық туғызатын сұрақтар бойынша жеке кеңестер береді; – қажет болған жағдайда топтық кеңес берулер ұйымдастырады; – оқушылардың зерттеу құзыреттіліктерін дамытады, оларға бағдар таңдауда көмектеседі. Тьютор оқу үдерісін ұйымдастырушы ретінде: – оқушыларға білім алу, зерттеу және жоба жұмыстарына қатысу туралы ақпараттар береді; – оқушылардың жетістіктері туралы мектеп әкімшілігіне ақпараттар береді; – пән мұғалімдерімен қарым-қатынас орнатып, оқушыларды бақылау мақсатында сабақтарға қатысады; – оқу бағдарламаларына сәйкес оқушылардың жеке жоспарлары мен кеңес беру кестелерін дайындайды; – оқушыларды қорытынды аттестаттауға қатысады. Оқушының жеке білім алу маршруты Сессия кезінде сабақта оқушылардың өзбетінше жұмыс істеу 8


дағдыларын қалыптастыруға ерекше мән беріледі. Педагог сабақ барысындағы өздік жұмыстарды жоспарлағанда − оқушылардың мақсатты жақсы түсінуін; − өздік жұмыстың оқу үдерісі мен сабақ құрылымындағы орны мен рөлін анықтауды; оқушылардың дайындық деңгейлерін, мүмкіндіктерін ескеруді; − белсенді, жеке, деңгейлік тапсырмалар беруді; − өздік жұмыстарды орындау кезіндегі қиындық тудыратын «кедергілерді» алдын ала жобалауды; − оқу материалының көлемін негіздеуді; жұмыс мазмұнын түрлендіруді; − жұмыс ұзақтығын анықтап, уақыт шығынын бақылауы қажет екендігін тәжірибе көрсетіп отыр [4]. Екінші жағынан шағын жинақты мектептерде оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастырудың өзіндік ерешеліктері бар: - шағын жинақты мектептер орта мектептерден алшақ орналасады, сондықтан мұғалімнің басқа мұғалімдердің сабақтарына қатысып, араласу, тәжірибе алмасу, үлгі алу мүмкіндіктері аз болады, нәтижесінде шыңдалудан гөрі жауапкершіліктері төмендеп, сабақ тиімділігін төмендету қаупі туады; - мұғалім сабақ барысында ұйымдастырылатын өздік жұмыстардың мазмұнын, көлемін, оларды орындау әдіс-тәсілдерін түрлендіріп, оқушылардың білім деңгейіне, жас ерекшеліктеріне, орындау жылдамдықтарына қарай лайықтап, орындау уақытын белгілеп, оны тиянақты ойластыруы қажет. Өз бетімен жұмысты орындау әрбір оқушыға түсінікті болуы керек және де көрнекі құралдар, дидактикалық материалдар саны барлық балаларға жететіндей болуын қадағалау керек [5]. Сондықтан оқу үдерісін тиімді ұйымдастыру үшін оқушылардың жеке білім алу маршруттарын нақтылап алған жөн. Соңғы жылдары білім беруді тұлғаға бағдарлап оқытуда жеке білім алу маршруттарын пайдалану ұсынылуда. Дегенмен, жеке білім алу маршруты туралы бірдей пікір әлі де болса қалыптаспағандығы байқалады. Зерттеушілер жеке білім алу маршрутын мақсатты бағытталған жобалап, сараланған оқу бағдарламасы (С.В.Воробьева, В.Г.Рындак, А.П.Тряпицына, М.Б.Утепов және т.б), әрекеттер бағдарламасы (С.В.Маркова), білім мазмұнын меңгерудің жеке траекториясы (Е.А.Александрова, М.Г.Остренко) немесе жеке білім алу тракториясын жүзеге асыруға мазмұндық бағыт (С.А.Вдовина, А.С.Гаязов, Н.Н.Суртаева, И.С.Якиманская), білім беру кеңістігінің моделі (И.А.Галацкова, М.И.Лукьянова) ретінде қарастыруда. Нәтижесінде білім алу маршруты түсінігін қалыптастыруға байланысты бірнеше амалдар пайда болып отыр. Е.А.Александрова жеке білім алу маршруты мен маршрутты қатар қарастырып, тәрбиелік (жеке және әлеуметтік бағытталған) және білім алу (білімдік, шығармашылық, тәжірибеге бағытталған) маршруттарды 9


анықтайды [6, 99 б.]. С.В.Воробьева жеке білім алу маршрутын саралап, оның типі мен түрін анықтауға мүмкіндік беретін саралау факторларын (сыртқы, ішкі және субъектінің тәжірибесі) анықтайды [7, 147 б.]. Нәтижесінде жеке білім алу маршрутының типін білім беру кезеңдеріне сәйкес (бастауыш, негізгі, жалпы орта білім), ал түрлерін саралау аясына сәйкес (жалпыға міндетті мемлекеттік стандарт, психикалық даму деңгейі, қабілеттері және т.б.) анықтады. А.П.Тряпицынаның пікірінше жас ерекшелігі негізгі критерий болып табылады [8, 9–32 б.]. И.А.Галацкованың зерттеулерінде оқушылардың вариативті білім алу маршруттарының төрт түрі анықталып, сипаттама берілген [9, 62 б.]. Олар: білім алуда қиындықтары мен уәжденуі төмен оқушыларға; денсаулығы нашар оқушыларға; тез дамыған оқушыларға; ерекше қабілеттері бар дарынды оқушыларға арналған. Ғылыми зерттеулер барысында білім алу маршрутының мүмкін түрлерін нақтылайтын білім алу кеңістігінің қалыптасуына ықпал ететін факторлар анықталды. Сәйкесінше, әрбір фактор үш ішкі деңгейден тұрады: 1) психологиялық фактор: 1 – бастауыш сынып оқушылары, 2 – орта буын оқушылары, 3 – жоғарғы сынып оқушылары; 2) педагогикалық фактор (білім мазмұнының негізгі қызметі): 1 – білім мазмұны танымдық құзыреттіліктердің негізін қалыптастыру мақсаты ретінде; 2 – білім мазмұны танымдық құзыреттіліктердің негізін қалыптастырудың құралы ретінде; 3 – білім мазмұны белгілі бағыттағы арнайы құзыреттіліктерді қалыптастырудың тәсілі ретінде; 3) әлеуметтік фактор (білім алу маршрутын дайындау барысындағы оқушының белсенділігі): 1 – оқушы белсендігін арттырудағы мұғалімнің рөлі; 2 – оқушы мен мұғалімнің бірдей белсенділігі; 3 – оқушының мұғалімге көмек көрсетудегі рөлі [10]. Бұл факторлар бір жағынан, білім беру кеңістігін қалыптастыру көздері болса, екінші жағынан, мақсатты, мазмұнды және бағалаушы құраушыларын үйлестіре отырып, жеке білім алу маршрутын жүзеге асыруды қамтитын кез келген әрекеттің мәнін көрсетеді. Аталған факторлар негізінде анықталған жеке білім алу маршруты оқушылардың жас ерекшеліктерін, дамудың әлеуметтік сипаты және оқушыларға қойылатын білім беру талаптарын ескеруге мүмкіндік береді. Нәтижесінде жеке білім алу маршруттары білім алу мақсаттарына қол жеткізумен қатар, оқушылардың өз әрекеттерін өзбетінше жобалауына әкеледі, ал мұғалімдерге заманауи білім ұйымдарының жағдайында тұлғаға бағытталған білім беруді жүзеге асыруға мүмкіндік береді. 1.2.Бағдарлы оқытуды жүзеге асыруда ақпараттық-коммуникативтік технологияны қолдану ерекшеліктері Қазақстан Республикасында шағын жинақты мектептерді дамытудың 2010-2020 жылдарға арналған тұжырымдамасында «ШЖМ-да оқытудың ақпараттық құралдарын тиімді пайдалану, кең жолақты Интернеттің 10


мүмкіндіктерін пайдалана отырып біртұтас ақпараттық желі құру білім беру үдерісінің сапасын арттырудың ең маңызды факторларының бірі болып табылады. ШЖМ қызметін сапалы ақпаратпен қамтамасыз ету үшін ақпараттық қор құрған жөн» атап көрсетілген. Оқу-ақпараттық қор құрамына кіретін «оқу-әдістемелік құралдары бар медиатека» бағдарлы оқу курстарын, қолданбалы курстарды қамтиды [2]. Магниттік мектептерге бұл ресурстар Интернет арқылы қолжетімді болады. Бұл ресурстарды білікті мамандардың жеткіліксіздігі; нақты бағдарды қолдайтын қолданбалы курс бағдарламасының болмауы; мектептің әдістемелік қорын жетілдіру; зертханалық жұмыстарды жүзеге асыру мүмкіндігінің шектеулігі болған жағдайларда мақсатты пайдаланған тиімді болып табылады. Оқу-ақпараттық қорды дайындау мен қалыптастыруда тьютормұғалім келесі қызметтерді жүзеге асырады: 1) жеке білім алушыны психологиялық-педагогикалық диагностикалау – жалпы оқу біліктері мен дағдыларының қалыптастуының, білім алуға дайындығының, қарым-қатынас жасауының, жақын арадағы даму аймағының, жеке мотивациясының, ақпаратпен жұмыс істеу деңгейінің, ақпаратты қабылдауының басым бағыттарын анықтауға мүмкіндік беретін диагностикалау әдістемесін дайындау және таңдау; 2) бағдарлы сыныптарды қалыптастыру (сынып оқушыларының бағдарды таңдау, оқушылардың жаңа қалыптасқан сыныптарда жұмыс істеуінің нәтижелілігін болжамдау); 3) электронды тасымалдаушыларда берілген оқу материалдарын талдау және таңдау, оны оқушылардың жеке тұлғалық ерекшеліктеріне сәйкес мазмұндық бөлімге құрылымдау; 4) оқушылардың тұлғалық ерекшеліктеріне сай оларды ынталандыру жолдарын ойластыру; 5) ақпараттық және электрондық ресурстармен жұмыс жасау үшін оқушыларға арналған нұсқаулар мен тапсырмалар дайындау; 6) оқушыларға компьютермен жұмыс істеу дағдысын қалыптастыруға және ақпараттарды беру ерекшеліктерін меңгеруге көмектесу; 7) бақылау тапсырмаларын, бағалау критерийлерін, қателерді талдау әдістерін дайындау; 8) сессия кезінде кеңестер беру; 9) жеке оқушының және тұтас сыныптың оқу жетістіктерінің динамикасын тіркеу және бақылау. Жүргізілген қызмет нәтижелері ақпараттық қорға енгізіледі, әрі ол барлық магниттік мектеп мұғалімдері үшін қолжетімді болуы тиіс. Оқушылардың ақпараттық және электрондық ресурстармен жүргізілетін өздік жұмыстары Сессия барысында дәстүрлі сабаққа берілген уақыттың 50 % электрондық және ақпараттық ресурстармен жұмысқа, 25 % кеңес берулер 11


мен топтық тьюторлық қолдауларға берудің тиімді екендігін тәжірибе анықтап отыр. Оқушылардың ақпараттық және электрондық ресурстармен жүргізілетін өздік жұмыстарын пайдалану үшін мұғалімге арнайы дайындық керек. Яғни, мұғалім Интернетте орналасқан немесе электрондық тасымалдаушыларда берілген арнайы оқу материалдарын қолдана отырып, өзінің сабағының электрондық нұсқасын (оқу ақпаратының қорына енеді) дайындауы керек болады. Бірінші кіріспе сабағында тьютор-мұғалім жоспарланған сабақты ұйымдастыру әдістемесімен, бағалауға қойылатын талаптармен (таныстырылым дайындау, оқушылардың дайындаған материалдарын Интернетке орналастыру және т.б.) таныстырады. Содан кейін оқушылардың дайындығын тексеру мақсатында кіру тесті жүргізіледі. Тестілеу қорытындысы негізінде тьютор-мұғалім қарастырылатын оқу материалының нәтижелілігі, оларды орындау реттілігі мен күрделілігі, тапсырмалар реті берілген жеке тапсырмалар дайындайды. Келесі сабақта оқушылар мұғалімнің дайындаған тапсырмаларының негізінде ұсынылған электрондық және ақпараттық ресурстармен өзбетінше жұмыс істейді. Олар тапсырманы орындау барысында Интернеттен қосымша ақпараттарды іздестіреді. Тапсырманы орындау барысында берілген оқу материалын игеру тәсілі мен қарқынын оқушының өзі таңдайды. Топтық тьюторлық қолдаулар барысында тьютор-мұғалім аз оқушылармен жұмыс істейді. Оның барысында күрделі сұрақтар, типтік қателер мен қиындықтар талқыланады, қорытынды тест алынады. Кеңес берулерде тьютор-мұғалім жеке оқушымен жұмыс істейді: тапсырманы орындау деңгейін нақтылайды, сұрақтарға жауап береді, пайда болған қиындықтардың себептерін анықтайды, нұсқаулар береді, есептің (немесе мәселенің) шешу жолдарын анықтауға көмектеседі. Топтық және жеке кеңес берулер тікелей немесе АҚТ көмегімен: email, форум, чат, компьютерлік конференция, Skype арқылы жүзеге асуы мүмкін. Аталған жұмысты жүргізу үшін пән мұғалімі мен информатика пәнінің мұғалімі өзара тығыз кәсіби қарым-қатынаста болуын талап етеді. Информатика пәнінің мұғалімі нақты оқу үрдісіне қолдануға дайын бағдарламалармен жұмыс істеуге кеңестер береді, жаңа авторлық бағдарламалар дайындауға, ішкі желімен жұмыс істеуге қолдау көрсетеді. Сонымен қатар, мұғалімге Интернеттен қажетті материалдарды іздестіруге, гипермәтіндер құруға және т.б. көмектеседі. Оқушылардың электрондық және ақпараттық ресурстармен өздік жұмысын тиімді ұйымдастыру үшін тірек мектебінде локальді желідегі компьютер сыныбы, мұғалімнің сервер-компьютері, Интернетке шығу мүмкіндігі болуы қажет.

12


1.3. Педагогикалық диагностиканың әдістері және оларды бағдарлы оқытуда қолдану ерекшеліктері Педагогикалық диагностиканың формалды әдістерінің түрлері: тесттер, сауалнамалар, бақылау, әңгімелесу, кызмет өнімдерін талдау (оның ішінде өмірбаяндар, күнделіктер, шығармашылық нәтижелер). Бұл әдістер респондент туралы маңызды ақпарат алуға ықпал етеді. Мектептің бүгінгі тәжірибесінде педагогикалық диагностиканы қолдануда аталған әдістерге, диагностикалауға көбірек көңіл бөлінуде. П.П.Блонский баланы зерттеудің нақты логикасын анықтаған болатын. Бұл логикаға сәйкес зерттеу баланың даму тарихын – ретроспекцияны (өз балалық шағы туралы естеліктер) зерделеуді көздейді. Педагогикалық зерттеуде интроспекцияны – өзін-өзі бақылау қолданыла бастады: «Егер де бізге зерттелуші субъектінің көңілін тереңірек білгіміз келсе, оның өзі-өзі бақылауын пайдалана отырып, сұрақтар қоямыз». Мұндай жағдайда оған өзін мазалайтын мәселесі бойынша баяндауға мүмкіндік беріп, содан кейін бізді қызықтыратын сұрақтар қоя бастаймыз. Педагогикалық диагностиканың объектісі кім және не? Педагогикалық диагностика құралдарының типологиясын және оларға қойылатын негізгі талаптарды құрастыру керек. Мұндай типологияны педагогикалық диагностика әдістемелерінің матрицасын қолдану арқылы құрастыруға болады. Бақылау - бұл педагогикалық басшылықтың және оқушылардың танымдық меңгеруінің қызметі. Бақылаусыз жеке адамның дамуы мен қалыптасуын басқару мүмкін болмайды. Бақылаудың психологиялық, педагогикалық мәні – оқушыларға дер кезінде көмек көрсету. Олардың шығармашылық әлеуетіне, қабілетіне сенім білдіру, оқушылардың оқу тапсырмасын нәтижелі етіп орындау үшін ынталандыру және іске жұмылдыру керек. Бақылау үдерісінде мұғалім оқушыларға ерекше көңіл бөліп құрмет сезімін білдіруі тиіс. Егер кейбір оқушы тапсырманы орындауда қате жіберсе, оған дөрекі, өрескел сөздер айтып, ескерту жасауға болмайды. Бақылаудың бірнеше түрлерін атауға болады. Мысалы, тақырыптық бақылау оқу бағдарламасындағы белгілі тақырыптар бойынша өткізіледі. Сабақтың тақырыбы және әрбір кезеңдері негізінде оқушылардың білімі, білігі, дағдысы тексеріледі. Сонымен бірге, мұғалім жаңа тақырыптың кейбір басты мәселелерін өткен сабақтардағы оқу материалдарымеы толықтырады, кейбір ұғымдарды, анықтамаларды, ғылыми тәжірибелерді оқушылардың есіне салады. Тараулар бойынша бақылау әрбір оқу тоқсанының соңында оқу бағдарламасының тарауын оқып болғаннан кейін жүргізіледі. Ал барлық пәндер бойынша өтетін қорытынды бақылау оқу жылының соңында ұйымдастырылады. Бақылау үдерісінде тақырыптың және тарау бойынша оқу нәтижелері есепке алынады. Оқушылардың жыл бойында алған теориялық және практикалық білімдері 13


негізгі емтихан және оқушылардың жылдық үлгерім бағалары арқылы анықталады. Емтихан және жылдық үлгерім бағаларынан педагогикалық кеңестің шешімі бойынша қортынды бағалар шығарылады. Бақылау әдістері арқылы оқушылар жұмысының тиімділігі мен мазмұны туралы кері байланыс қамтамасыз етіледі. Оқу үдерісін компьютерлендірудің жедел қарқынмен дамуы оқушылардың дайындық деңгейін анықтаудың бұрынғы сапалық сипаттау жүйесіне көшуге мүмкіндік туғызып отыр. Ағылшын тілінде «Роіnt rаtіng» деп аталатын бұл жүйе бойынша оқушылардың күнделікті сабақ үстінде, сондай-ақ аралық және қорытынды бақылау жұмыстары кезінде бағалары немесе ұпай санымен есептеліп, бір ортақ деректер базасына жинақталады. Бақылау түрлерінің біріне тестілеу де жатады. Бақылау арқылы мұғалім өз жұмысының жетістігі мен кемшілігін анықтайды, осы күнделікті әр кезеңдегі бақылаудың нәтижесінде жоғарғы нәтижеге жетуді көздейді Бағалау оқу-тәрбие үрдісінің нәтижелілік деңгейін көрсетеді. Бағалауға екі объект қатысады, мұғалім - бағалаушы, оқушы бағаланушы. Бағаланушы пікірін, ойын сөзбен немесе сандық балмен білдіреді. Бағалаушы маман баға сұрағында жатқан мәселені терең біледі, берген сұрағына айтылатын жауаптың моделін алдын ала болжамдайды, немесе оған ол мәселе әбден жаттанды болып қалған, ешқандай қиындығы жоқ, сондықтан да оқушының жауабын бағалауға бағалаушы алдын ала дайын болады. Бағалау барынша кең түсінік, ол тек баға қоюмен ғана шектелмейді, ауызекі пікірден және баға қоюдан тұрады. Оқытудың негізгі технологиясында оқушылардың білімін тексерудің күнделікті бақылау немесе ағымдағы бақылау, аралық бақылау, қорытынды бақылау сияқты үш құрамдас бөліктен тұратын кешені қолданылуда. Күнделікті бақылау - оқыту үдерісінде күнделікті қолданылады және сабақ барысында оқушылардың оқу-танымдық әрекетіне басшылық жасайды. Ол ішкі және сыртқы байланысты жан-жақты жүзеге асыруға мүмкіндік туғызады. Соның негізінде оқушылардың келесі реттегі оқу әрекетіне ықпал етеді. Күнделікті бақылау мұғалімнің жалпы немесе жекелеген оқушылар жұмысына жүйелі түрде бақылау жасау арқылы жүргізіледі. Бақылаудың бұл түрі оқушылардың сынып немесе үй тапсырмаларын өз бетінше орындауға деген ниеттері мен берілген тапсырманы орындауға деген олардың қызығушылығы және жауапкершілік сезімін ынталандыруда үлкен маңызға ие болады. Тақырыптық бақылау оқу бағдарламаларындағы белгілі тақырыптар бойынша өткізіледі. Сабақтың тақырыбы және әрбір кезеңдері негізінде оқушылардың білімді, іскерлікті, дағдыны игеруі тексеріледі. Сонымен бірге мұғалім жаңа тақырыптың кейбір басты мәселелерін өткен сабақтардағы материалдармен толықтырады, кейбір ұғымдарды, анықтамаларды, ғылыми ережелерді оқушылардың есіне салады. Күнделікті бақылау немесе ағымдағы бақылаудың бұл түріне әр сабақта күнделікті жүзеге асатын бақылау жұмыстары жатады. 14


Бақылаудың бұл түрінін формалары: ауызша сұрау, тест тапсырмаларына жауап беру, қысқа-қысқа жазба жұмыстары, баяндама, есеп беру, дәріс немесе арнаулы әдебиеттер бойынша дайындаған конспектісін тексеру. Бақылау әдістеріне ауызша, жазбаша және графикалық бақылау әдістері жатады. Жоғарыда айтылған талаптарды орындау, ең алдымен, бақылаудың сенімділігін, оқыту үдерісінде өздерінің алдында тұрған міндеттерінің орындалуын қамтамасыз етеді, бақылауда әр түрлі қателіктер мен сәтсіздіктердің болмауына кепілдік жасайды. Оқушылардың білім, білік, дағдыларын бақылау бағалау - педагогика ғылымы мен практикасында белгілі бір әдістерді қолдану негізінде жүзеге асады. Олар мыналар: - ауызша баяндау (әнгіме, жеке-дара, топтық, фронтальдық сұрақ); - жазбаша бақылау (диктант, шығарма, кесте, сызба, суреттер, құрастыру); - тәжірибелік бақылау (зертханалық және сарамандық жұмыстар, оқу және еңбек әрекеттерін орындау, тәжірибе жүргізу); - машиналы бағдарламалар (бақылау карталарын, дұрыс жауап, диафильмдерді қолдану). - өзін-өзі бақылау (қателерді болдырмау, оларды түзеу, оқудағы өз жетістіктерін бағалау, соған сәйкес балл қою); Оқыту үдерісінде бақылаудың фронтальдық, топтық және дербес формалары қалыптасқан. Оның тиімділігі мұғалімнің оларды дұрыс ұйымдастыруына байланысты. Фронтальдық (жаппай) бақылау жағдайында барлық оқушыларға сұрақтар немесе мазмұны бірдей тапсырмалар беріледі. Оларды орындау барысында оқушылар арасында ынтымақтастық, жолдастық сезім пайда болады. Бір-біріне сұрақтар қойып, жауаптарын толықтырады, орындалған жұмыстарын өзара тексеріп іске асырады. Демек, бірігу іс-әрекетінде құнды мотивтер қалыптасады. Топтық бақылауда белгілі оқушылар тобы сабақ барысында мұғалімнің тапсырмаларын орындайды. Бақылау педагогикалық диагностиканың негізгі әдісі болып табылады. Мұғалім бұл әдісті үнемі қолдана алады, ал басқа әдістер белгілі бір уақытта ғана пайдаланылады. Бақылау (контроль; франц соntrole) - тексеру және белгіленген мақсаттан ауытқулар мен олардың себептерін анықтау мақсатындағы ісәрекет. Үзіліс кезінде мектеп дәлізі бойынша кетіп бара жатқан мұғалім бірнеше адамдарды көріп, әртүрлі оқиғалардың куәгері болады. Ал үзіліс аяқталғаннан кейін оған нақты сұрақтар қойса, оларға жауап бере алмайды. Ол көп нәрсе көрді, бірақ белгілі бір мақсат қойып «бақылау жүргізген жоқ». Бағытталмаған көзбен көру жай бақылау деп аталады, ал бақылау белгілі бір сұрақтар немесе мақсаттар қоюмен өткізілетін болса, жүйелі немесе ғылыми бақылау туралы сөз етуге болады. Бақылаудың ғылыми әдісін білген педагог нағыз диагносттың көзқарасын қолдайды, себебі бақылау алдын-ала ойластырылған жоспар және алдын-ала дайындалудың 15


негізінде жүргізіледі. Мысалы, оқушының сабақтағы жұмысын сипаттау үшін келесі шкаланы қолдануға болады. № Оқушының сабақтағы Толығымен жұмысының сипаттамасы сәйкес Әр тақырыпты өткен сайын жұмыс жасайды Қызығушылығын білдіретін көп сұрақ қояды Қосымша тапсырмаларды құштарлықпен орындайды Қолын жиі көтереді Үнемі қолы бос емес ...

Жартылай сәйкес

+

о

Қарсы жауабы дұрыс -

+

о

-

+

о

-

+ + +

о о о

-

Оқушының жалпы бағасы: Сабақтағы жақсы жұмыс (+5- тен +3-ке дейін); Орташа (+2;-2); Нашар жұмыс (-3;-5) Бақылау жазбаларына қойылатын талаптар: 1. Жазбалар шынайы түрде жазылуы тиіс, оған жеке әсерлерді жазудың қажеті жоқ. Яғни не болды және қалай болғаны туралы ғана жазу керек. 2. Жазбаға бақыланатын фактіні ғана емес, сонымен бірге қоршаған ортаны (фон) да тіркеу қажет. 3. Жазба зерттеліп жатқан болмысты толық суреттеуі керек. Бақылау әдісін жүргізудің жеке нұсқасы ретінде «Таңдау» әдістемесі бойынша зерттеу жүргізуге болады. Мұғалім өз пәні бойынша тапсырмаларды жинап, әдістемені қолданып, алынған нәтижелерді өңдейді. Мәліметтерді бақылау күнделігіне ендіруге болады. «Таңдау» әдістемесі. Оқушылардың сабақтағы белсенділік белгілері Г.И.Щукинаның пікірінше, оқушы мотивациясының көрсеткіштері ретінде танылуы мүмкін. Оқушының мұғалімге қойған сұрақтары оның танымдық қызығушылығын білдіреді. Оқушы мотивациясының басқа көрсеткіштері ретінде олардың өз пікірін білдіруге ұмтылуын, сабақта қосымша сұрақтар қоюы, жолдастарының жауаптарын толықтыруын айтуға болады. Оқушының зияткерлік белсенділігі айналасындағылармен жаңа біліммен, ақпаратпен бөлісуді көздейді. Танымдық қызығушылықтың эмоциялық жақтары да бар. Олар: таң қалу, ашулану, қуану. Оқушылардың мотивациясын зерттеу үшін арнайы таңдалған (эксперименталдық) жағдаяттар әдісі қолданылуы мүмкін. Эксперименталдық жағдаяттардың мәні: оқушыға нақты бір таңдау жасау ұсынылады, бірақ оқушының алдындағы міндеттің шынайы мақсаты әртүрлі деңгейде жасырылады. Осындай әдістемелердің бірқатарын 16


А.К.Маркова жасаған. Конверттер әдісі. Оқушыға басқа конверттердің ішінен ең қызық пән жазылған конвертті таңдау ұсынылады, сосын конвертті ашып, осы пәннің ең қызық тапсырма түрін таңдау қажет. «Бір аптаға кесте құрастыру» әдістемесі. Оқушыларға мектеп бағдарламасында бар, мектеп бағдарламасында жоқ әртүрлі пәндерді кестеге кіргізіп, сол кестеден өздерін қызықтырмайтын пәндерді сызып тастау ұсынылады. Таңдау еркіндігі танымдық қызығушылықтардың бар немесе жоқ екендігін анықтайды. Оқушылардың алдына бір міндет қойылады, оны орындап болғаннан кейін мұғалім оқушыларға бос уақыт беріп, балалар сүйікті ісімен шұғылданады. Егер дұрыс нәтиже алғаннан кейін оқушы міндетті шешудің басқа амалдарына, оларды талдауға қайта оралса, оның оқу-танымдық қызығушылығы бар деген сөз («Қайта оралу» жағдаяты). Осы әдістемені пәндік салада қарастырайық. Бұл әдістемеде әр пән бойынша бірнеше тапсырмалар төрт бөлімге біріктіріледі. Бірінші топ тапсырмаларын орындау оқушыдан таза репродуктивтік қызметті талап етеді (анықтаманы еске түсіру, факт, тәжірибені суреттеу, өтілген материалдың түсінігін айту). Екінші топтың тапсырмалары күрделірек: ол оқушыдан белсенді ізденісті талап етеді, кейде тығырықтан шығуды, логикалық дәлелдемелерді қажет етеді. Үшінші топтың тапсырмаларында қиялдау элементтері қолданылған, олар білім мен дағдыларды белсенді қолдануды, оларды жаңа жағдаятта пайдалануды қажет етеді. Төртінші топтың тапсырмалары шығармашылық сипатта құрастырылған. Көрсетілген 12-15 сұрақ-тапсырмалардан басқа оқушылардың ғылым саласындағы жаңа жетістіктерін білуін, соңғы жартыжылдықта не оқығанын анықтауға мүмкіндік беретін тағы бірнеше сұрақтар қойылады. Мұғалім диагностикалау барысында аталған әдістемені қолдана отырып, келесі мәліметтерді бақылайды: таңдау сипаты: арнайы - кездейсоқ, сенімді - сенімсіз; тапсырманы таңдау: репродуктивтік, білімді белсенді пайдалануды талап ететін ізденістік, шығармашылық немесе барлық төрт тапсырманы таңдау; әрекет сипаты: жүйелі - жүйесіз, қарқынды - солғын; эмоциялық фон: қуанышты - немқұрайлы, байсалды - асығыс; қиындық туғанда мінез-құлқы: ойлау белсенділігі - ойлау пассивтілігі, оң нәтижеге жету - істі аяқтамау; қосымша сұрақтарға жауап беру: бос уақытта немен шұғылданады, таңдалған бағытта сабақтан тыс және мектептен тыс жұмысқа қатысу, заманауи ғылыми жетістіктер туралы хабардар болу; тағы бір конверт алуға ұмтылу. Жоғарыда қарастырылған әдістеменің негізін қалаған басқа әдістемелердің бірнеше нұсқалары бар [13]. 17


ІІ. ТІРЕК МЕКТЕПТЕРДЕ (РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҚ) ОҚУ-ТӘРБИЕ ҮДЕРІСІН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ 2.1.Тірек мектебі (ресурстық орталық) жағдайында оқушылардың оқу-зерттеу әрекеттері Бүгінгі таңда білім саласы оқушыларда өз алдарына қойылған міндеттерді шешу қабілеттіліктерін қалыптастыруға, дамытуға бағытталуда. Осыған байланысты тірек мектебінде (ресурстық орталықта) оқушыларға пәндік және әлеуметтік жұмыстар, зерттеу, жобалау ісәрекеттері, іскерлік ойындар, кеңестер беру, эссе жазу және т.с.с. ұсынылады. Оқу мен оқытуда оқушылардың зерттеу мәдениетін қалыптастыруда оқу-зерттеу әрекеттерін қолдану маңызды. Бұл әрекеттер қолданбалы және таңдау курстарында тиімді ұйымдастырылуда. Оқушылардың оқу-зерттеу әрекеттерінің түрлері Оқушылардың оқу-зерттеу әрекеттері дегеніміз алдын-ала шешімі білгісіз және ғылыми сала зерттеулерін сипаттайтын негізгі кезеңдердің болуын талап ететін шығармашылық, зерттеу есебін шешуге байланысты әрекеттер болып табылады. Зерттеу әдісін оқушыға таныс емес жаңа проблеманы ғылыми зерттеудің бақылау және деректерді өзіндік талдау, болжам ұсыну және оны тексеру, заңдар мен заңдылықтарды, қорытындыларды тұжырымдау сияқты элементтерін қолданып, оқушының өзбетінше (мұғалімнің қадамдық жетекшілігінсіз) шешуі ретінде анықтауға болады Оқушының оқу-зерттеу әрекеттерінің бірнеше түрлері бар: 1. Оқу экспериментін зерттеу әрекетінің экспериментті жоспарлау және жүргізу, оның нәтижелерін өңдау және талдау элементтерін меңгеруді ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Оқу эксперименті мектептің базасында жүзеге асады. Оқу эксперименті ғылыми зерттеудің негізгі элементтерін (фактілер мен құбылыстарды бақылау және оқып-үйрену, өзекті мәселелерді анықтау, зерттеу есебін қою, эксперименттің мақсатын, міндеттерін және болжамын анықтау, зерттеу әдістемесін және оның жоспарын, бағдарламасын, алынған нәтижелердің өңдеу әдістерін дайындау, бастапқы эксперимент нәтижедері мен оның барысына сәйкес зерттеу әдістемелеріне түзетулер енгізу, алынған мәліметтерді сандық және сапалық талдау, алынған фактілердің интерпретациясы, қорытындыларды тұжырымдау, эксперименттік зерттеу нәтижелерін қорғау) толық немесе ішінара қамтиды. 2. Оқушылардың зерттеу тәжірибесі. Оқушылардың зерттеу тәжірибесінің мақсаттары: − зерттеу жұмысының дағдыларын жетілдіру; − зерттеу құзыреттіліктерін қалыптастыру; − таңдалған пән аймағы бойынша білімді тереңдету; 18


− зерттеу біліктерін, жалпы оқу дағдыларын қалыптастыру; − зерттеу жұмысы барысында коммуникативтік дағдыларды қалыптастыру. Зерттеу тәжірибесі келесі қадамдардан тұрады: 1) зерттеу тақырыбын ұсыну (тақырып таңдауда тәжірибе мақсаттарын басшылыққа алу керек, тақырыптардың бірнеше нұсқасын ұсынғанда әрқайсысын талдау қажет); 2) қосымша әдебиеттерді пайдаланып, оқушылар ұсынылған тақырыптарды зерделеу; 3) тақырыптарды таңдау; 4) оқушылардың қарастырылатын мәселені тереңірек ұғынуы мақсатында әртүрлі дереккөздерді зерделеуі; 5) идеяны нақтылау; 6) мүмкіндіктерді іздестіру; зерттеудің негізгі кезеңдерін жобалау (мақсат → не істеу керек? → ол үшін не қажет? → әрекеттердің реттілігі қандай? → күтілетін нәтижелер қандай? → қандай қиындықтар болуы мүмкін?); 7) оқушылардың жұмыс жоспарын құрастыруы; 8) тәжірибелік әрекеттеріне жетекшілік ету (жетекшілік барысында зерттеудің аралық нәтижелерін талқылау ұсынылады); 9) алынған нәтижелерді оқушылардың талдауы мен бағалауы; 10) мақалалар дайындау – зерттеу нәтижелерінің есебі; мақаланы зерттеу тәжірибесінің жетекшісі пікір береді; оқушының зерттеу тәжірибесін бағалау. 3. Таңдау және қолданбалы курстар, олардың барысында пәндерді тереңдету жүзеге асады, әрі жоғарғы сынып оқушыларына оқу-зерттеу әрекеттерін жүзеге асыруға мүмкіндік беріледі. 4. Оқушылардың олимпиадаларға, байқауларға, конференцияларға, зияткерлік марафондарға, ғылыми жарыстарға қатысуы. Ғылыми жарыстар оқушылардың ғылыми-зерттеу және оқу-танымдық қызметін ынталандыру; ой еңбегінің беделін арттыру; ең талантты және дарынды жас зерттеушілерді іріктеу және оларға қолдау көрсету; зияткерлік әлеуетті қалыптастыруға ықпал ету, аудандық (қалалық), облыстық, республикалық деңгейдегі ғылыми жарысқа қатысатын оқушыларды іріктеу және даярлау мақсатында өткізіледі. 5. Оқушылардың ғылыми қоғамы (ОҒҚ) – өзінің интеллектісін дамытуға, ғылыми-зерттеу дағдыларын игертуге, өзінің белгілі бір ғылым саласындағы білімін жетілдіруге талпынған оқушы жастардың еркімен құрылған шығармашылық бірлестік. ОҒҚ білім беру ұйымдарының жанынан құрылады. ОҒҚ құрамына ғылыми үйірмелер, түрлі ғылым саласына бағытталған клубтар мен қоғамдар, жеке секциялар кіреді. 6. Оқу жобалары әдісі негізі болып табылатын оқушылардың жобалау әрекеттерін ұйымдастыру – жеке тұлғаға бағытталған технологиялардың бірі, мәселелік амалды, топтық әдістерді, түзету, 19


презентациялық (таныстырылымдық), зерттеу, іздену және басқа да әрекеттерді біріктіретін және оқу жобаларының міндеттерін шешуге бағытталған оқушылардың өзіндік әрекеттерін ұйымдастыру әдісі. Оқушылардың зерттеу әрекеттерінің әртүрлігіне қарамастан оқу зерттеулерінің келесі негізгі кезеңдерін атап көрсетуге болады: − қарама-қайшылықтарды анықтау және мәселенің қойылуы; − зерттеу тақырыбын таңдау; − зерттеу мақсатын анықтау; − зерттеу мақсатына сәйкес зерттеу міндеттерін анықтау; − зерттеу әдісін анықтау; − материалдар жинақтау; − жинақталған материалдарды талдау және жалпылау; − өзіндік қорытындылар жасау. Жалпы алғанда оқушылардың оқу-зерттеу әрекеттерін ұйымдастыру технологиясы келесі түрде қарастыруға болады: Оқушылардың оқу-зерттеу әрекеттерін ұйымдастыру технологиясы Зерттеу тақырыбы қалай пайда болады? Оқу Оқушылардың Мұғалім ұсынған Оқушылардың сабақтарының баяндамалары зерттеу өздерінің тақырыптары, мен тақырыптарының қызығушылықтары мәселелері, хабарламалары, тізімі мен сұрақтары талқылауды қажет талқылауды ететін сұрақтар қажет ететін тапсырмалар мен есептер Зерттеуді қалай жүзеге асыруға болады? Ғылыми Болашақ Материалдармен тікелей жұмыс, жетекшіні таңдау жұмыстың бақылау және эксперимент жүргізу жобасын талқылау және жоспарын құрастыру Жұмысты жазу Алынған Синтез Жалпылау, қорытындылау материалдарды талдау, жүйелеу, классификациялау Жұмысты алғашқы бағалау Жұмысты Кеңес беру Зерттеу идеяларының презентациясы ғылыми жетекшінің алғашқы танысуы 20


Кестенің жалғасы

Жұмысты презентацияға дайындау Жұмыстың соңғы Тезис Көрнекі материалдарды рәсімдеу нұсқасын құрастыру редакциялау Зерттеу нәтижелерінің таныстырылымы (презентациясы) Шығармашылық орта құру; ізденіс, зерттеу, жобалау әрекеттеріне қызығушылық тудыру; ізденіс, зерттеу, жобалау әрекеттерін жан-жақты қолдау; зерттеу нәтижелерін тарату мен ендіруге қолдау жасау зерттеу әрекеттерін дамытудың маңызды механизмдері болып табылады. Оқушы тұрғысынан қарағанда оқу жобалары – топпен немесе жеке өзінің қандай-да бір қызықтыратын нәрсені өзінің барлық мүмкіндіктерін пайдалана отырып өз бетінше жасау мүмкіндігі; өзін көрсетуге, өзінің мүмкіндіктерін пайдалануға, өзінің білімін пайдалануға, басқаларға пайда әкелуге және өзінің жетістіктерін көпшілікке көрсетуге мүмкіндік беретін әрекет; қызықты мәселені шешуге бағытталған, мақсат пен міндеттер түрінде оқушының өзі тұжырымдаған әрекет, әрі бұл әрекеттің нәтижесі – мәселені шешу жолы – тәжірибелік сипатта болады, қолданбалық маңызы ерекше, орындаушы үшін қызықты және маңызды болып табылады. Мұғалім тұрғысынан алғанда оқу жобалары – дамытудың, оқыту мен тәрбиелеудің кіріктірілген дидактикалық құралы, ол оқушылардың келесі құзыреттерін қалыптастыру мен дамытуға ықпал етеді: - мәселені талдау, ішкі міндеттерді анықтау, басты мәселені тұжырымдау, міндеттерді нақтылау; - әрекеттердің мақсатын анықтау және жоспарлау; - өзіндің талдау және түзету (жоба шеңберінде мәселелерді шешу жетістігі мен нәтижелілігін өзіндік талдауы); - әрекеттерінің таныстырылымы (өзінің имиджін қалыптастыру, өзін-өзі көрсету) және оның нәтижелілігі; - арнайы дайындалған жобалаудың өнімін пайдалана отырып, презентация өткізу мақсатында материалдар дайындау; - қажетті ақпараттарды іздеу, оны жүйелеу мен құрылымдау (ақпараттар жинағынан өзіне қажеттісін бөліп алуы); - әртүрлі, оның ішінде стандартты емес жағдайларда білімін, білігін, дағдысын қолдануы; - проблемалық жағдайлардың технологияларын сәйкесінше таңдауы, меңгеруі, пайдалануы; - зерттеу жүргізуі (талдау, синтездеу, болжам ұсынуы, жалпылауы). Оқу жобаларына қойылатын талаптар 1. кіріктірілген білімді, оны шешу үшін зерттеу жолдарын іздестіруді (мысалы, әлемнің әртүрлі аймақтарындағы демография мәселелерін зерттеу; белгілі бір өзекті мәселе бойынша хабарламалар сериясын 21


2.

3. 4. 5.

дайындау; қышқылдық жаңбырлардың қоршаған ортаға ықпалы және т.с.с.) қажет ететін маңызды проблеманың (міндеттердің) болуы (ақпараттық, зерттеу, практикалық); күтілетін нәтижелердің тәжірибелік, теориялық, танымдық маңыздылығы (мысалы, берілген аймақтағы демографиялық жағдай, қалыптасқан жағдайға ықпал ететін факторлар, берілген өзекті мәселенің даму тенденциялары туралы баяндамалар; оқиға орнынан берілген хабарламалар бойынша альманах, газет шығару; орманды қорғау және сәйкесінше іс-шаралар жоспарын дайындау және т.с.с.); оқушылардың өздік (жеке, жұптық, топтық) жұмыстары; жобаның (жеке кезеңдердің нәтижелері көрсетілген) мазмұндық бөліктерін құрылымдау; зерттеу әдістерін қолдану.

Оқыту тәжірибесінде қолданылатын оқу жобаларының түрлері 1. жобадағы басым әрекеттердің сипатына байланысты: - зерттеу жобасы. Бұл жобада таңдап алынған тақырыптың өзектілігі, зерттеу міндеттерін нақтылау, міндетті түрде тексерілетін болжамның болуы, алынған нәтижелерді талқылау қамтылады. Жобаның барысында заманауи ғылымның әдістері: зертханалық эксперимент, модельдеу, әлеуметтік зерттеулер және т.б. қолданылады; - ақпараттық жоба. Көпшілік қауымға талдау, тарату және жалпылау үшін қандай-да бір құбылыс, нысан туралы ақпараттарды жинақтауға бағытталады. Мұндай жобалардың соңғы нәтижесі бұқаралық ақпарат құралдарында, соның ішінде Интернетте материалдар жариялау болып табылады; - шығармашылық жоба. Шығармашылық жобада нәтижелерді дәстүрлі емес, еркін түрде көрсетуге болады. Альманахтар, театр қойылымдары, өнер және декоративтік-қолданбалы өнер туындылары, видеофильмдер және т.с.с. шығармашылық жобаның түрлері болып табылады; - рольдік (ойын) жоба. Жобаның бұл түрінде жоба дайындаушы қандайда бір әдеби шығарманың кейіпкері, немесе тарихи тұлғаның, немесе өзінің ойынан шығарған кейіпкерінің және т.с.с. ролінде болады. Жобаның нәтижесі соңына дейін нақты анықталмайды. Сот шешімі нені көрсетеді? Даулы мәселе шешіледі ме? Келісімшартқа қол қойылады ма? Ортақ бір шешім шығарылады ма? - тәжірибеге бағытталған жоба. Тәжірибеге бағытталған жобалар жобаға қатысушылардың өздерінің немесе сыртқы тапсырыс берушінің әлеуметтік қызығушылығына бағытталады. Жобаның өнімі алдын-ала анықталады, өнімнің сынып, мектеп, шағын аудан, ауыл, қала, аудан, мемлекет көлемінде қолданылуы мүмкін. Физика кабинетіне арналған оқу құралынан бастап еліміздің экономикасын жақсартуға арналған ұсыныстар жинағы жобаның өнімі болуы мүмкін. Ең маңыздысы жоба өнімінің практикада нақты қолданылуы мен оның қойылған өзекті мәселені шешуге ықпал етуін бағалау болып табылады. 22


2. пәндік-мазмұндық аймағы бойынша: - моножоба, бір ғана білім аймағы бойынша; - пәнаралық жоба, әртүрлі білім аймақтарын қамтиды. 3. жобаны үйлестіру сипаты бойынша: - тікелей (қатаң, икемді) жобалар; - жасырын жобалар (анықталмаған, көбінесе мұндай жобаларға телекоммуникациялық жобалар жатады). 4. байланыстардың сипаты бойынша (бір мектептің, сыныптың, ауылдың, қаланың, облыстың, мемлекеттің, әлемнің әртүрлі мемлекеттерінің арасындағы жобалар); 5. жобаға қатысушылардың саны бойынша (жеке, жұптық, топтық, ұжымдық, халықаралық жобалар); 6. жоба ұзақтығы бойынша (мини-жоба (1 сабақты қамтитын), қысқа мерзімді (4-6 сабақты қамтитын), ұзақ мерзімді (ай, тоқсан, оқу жылы және т.с.с.). Оқушылардың жобалық әрекетін ұйымдастыру талаптары Оқушылардың жобалық әрекеттерін ұйымдастыру келесі кезеңдерден тұрады: 1 кезең – проблемаға ену; 2 кезең – әрекеттерді ұйымдастыру; 3 кезең – әрекеттерді жүзеге асыру; 4 кезең – нәтижелердің презентациясы, өзін-өзі бағалау және өзін-өзі талдау. Кезеңдер 1 кезең проблемаға ену 2 кезең әрекеттерді ұйымдастыру

-

-

-

Оқушының әрекеті Тұжырымдайды: жобаның мәселесін сюжеттік жағдаятты мақсат пен міндеттерді Ұсынады: жоба міндеттерін жүзеге асыру мақсатында әрекеттерді жоспарлау бойынша (жұмыс графигін дайындау) топтық жұмысты ұйымдастыру барысында – топ мүшелерінің міндеттерін бөлу (мысалы, талдау жасаушы, бастамашы, идеялар генераторы немесе жаңашыл, реалист, оптимист, 23

-

-

-

Мұғалімнің әрекеті Жүзеге асырады: мақсат пен міндеттерді нақтылайды, қабылдайды Жүзеге асырады: жұмысты жоспарлауды; топтарға бөлу және топ мүшелерінің рольдерін анықтауды; жоба нәтижелерін көрсету формалары мен әдістерін таңдауды.


Кестенің жалғасы

3 кезең әрекеттерді жүзеге асыру

-

-

пессимист және т.б.) жоба нәтижелерін көрсетудің мүмкін формалары Белсенді, өзбетінше жұмыс істейді: қажетті ақпаратты іздеу, жинақтау, құрылымдау бойынша; қажет болған жағдайда кеңес алады; нәтижелер презентациясын дайындайды

4 кезең Көрсетеді: нәтижелердің - мәселені, мақсат пен презентациясы, міндеттерді түсінуі өзін-өзі бағалау - жұмысты жоспарлау және жүзеге асыру білігі және өзін-өзі талдау - мәселені шешу үшін анықтаған тәсілін Жүзеге асырады - әрекетттері мен оның нәтижелеріне түзету енгізу - әрекеттер мен оның нтижелілігін өзара бағалау

Қатыспайды, дегенмен: - қажеттілікке қарай оқушыларға кеңес береді; - сырттай бақылау жүргізеді; - қажетті ақпаратқа бағыттайды; - нәтижелер презентациясы бойынша кеңес береді Қорытынды есепті қабылдайды: - алынған нәтижелерді жалпылайды және пікір береді Бағалайды - мәселеге ену тереңдігін; - әртүрлі сала бойынша білімдерін қолдануды; - қабылдаған шешімдерді дәлелдеуін; - қатысушылардың жеке мүмкіндіктеріне қарай белсенділігін - қатысушылардың өзара қарым-қатынасының сипатын - жобаны безендіруін; - сұрақтарға жауап беру және жауаптарды дәлелдеу білігін

Оқушылардың жобасының нәтижесі Жоба нәтижелерінің түрлері: Web-сайт; Анықтамалық; Атлас; Әлеуметтік сауалнама мәліметтерін талдау; Басылым; Бизнес-жоспар; Болжам; Видеофильм; Видеоклип; Виртуалды экскурсия; Дизайн - макет; Жаңа оқулықтың бөлімдері; Жарнамалық материал; Жол көрсетуші карта; 24


Заң жобасы; Ертегі; Карта; Кескіндемелер жинағы; Коллекция; Мақала; Модель; Музыкалық шығарма; Мультимедиалық өнім; Нұсқаулар жинағы; Хат; Саяхат күнделігі; Салыстырмалы талдау; Сөздік; Сценарий; Шығармалар жинағы; Электронды газет; Электронды журнал және т.с.с. болуы мүмкін. Жобаларды бағалау Жобаларды бағалау үшін алдын-ала келесі сұрақтарға жауап беру керек: - Жобаға қатысушылардың өзіндік бағалауы жобаны жалпы бағалау барысында ескеріледі ме? - Жоба қорытындысы бойынша оқушыларға орындар (I, II, III) немесе номинация (үздік зерттеулері үшін, үздік презентациясы үшін және т.б.) беріледі ме? Бағалау критерийлерінің саны 7-10 болуы тиіс, және олар оқушылар үшін қолжетімді болуы тиіс. Критерийлер жобаға қатысушыларға алдын-ала беріледі. Бағалау критерийлерінің нұсқаларын ұсынамыз: 1 нұсқа. 1) жобаны өзбетінше орындауы; 2) тақырыптың өзектілігі мен маңыздылығы 3) тақырыптың ашылуы; 4) мәселені шешу ерекшелігі; 5) жоба мазмұнын презентациялауы; 6) көрнекі және техникалық құралдарды пайдалануы; 7) сұрақтарға берген жауаптары. 2 нұсқа. 1) жоба тақырыбының маңыздылығы 2) мәселені зерттеу тереңдігі 3) ұсынылған шешімдердің ерекшелігі 4) алынған өнімнің сапасы 5) презентацияның шынайылығы. Жобаны бағалаудың сараптамалық парағы 1. Жоба атауы______________________________________ 2. Жоба авторлары (аты-жөні, сыныбы) ____________ 3. Бағалау жүйесі Жеке критерийлерге сәйкестігі ұпай арқылы бағаланады. 1. Берілген критерийге толық сәйкес келеді – 3 ұпай. 2. Берілген критерийге жеткілікті сәйкес келеді – 2 ұпай 3. Берілген критерийге ішінара сәйкес келеді – 1 ұпай. 4. Берілген критерийге сәйкес келмейді – 0 ұпай.

25


Бірінші бөлім. Жоба мәтінің сараптамасы Бағалау критерийлері Ұпай саны 1. Мәселенің маңыздылығы мен өзектілігі 2. Мәселеге ену тереңдігінің қажеттілігі мен жеткіліктілігі және оған әртүрлі білім салалары бойынша білімін пайдалануы 3. Жоба мазмұнының толықтығы 4. Мәселені шешу ерекшелігі 6. Жобаны рәсімдеуі Жалпы ұпай саны Екінші бөлім. Жобаны жүзеге асыру барысының сараптамасы Бағалау критерийлері Ұпай саны 1.Жоспарланған жобаға сәйкестігі 2.Жобаны жүзеге асыруға түзетулер енгізуі 3. Жүзеге асыру үдерісіндегі әртүрлі адамдармен қарым-қатынас жасауы 4.Жоба авторларының белсенділігі Жалпы ұпай саны Үшінші бөлім. Жобаны қорғау сараптамасы Бағалау критерийлері 1. Жүзеге асырылған жобаның және оның нәтижелерінің мәнін ашуы 2. Жобаны ұсыну формасы 3. Сұрақтарға жауап беру білігі, дәлелдеуі Жалпы ұпай саны

Ұпай саны

Жобаның негізгі жетістіктері_______________________________________ ________________________________________________________________ Жобаның әлсіз тұстары ____________________________________________ ________________________________________________________________ Сарапшының қорытындысы____________________________________________________ ________________________________________________________________ Оқушылардың зерттеу әрекеттерін ұйымдастыру технологиясы Зерттеу әрекеттері келесі кезеңдерден тұрады: • Мәселенің қойылуы мен қарама-қайшылықтарды анықтау • Зерттеу тақырыбын таңдау • Зерттеу мақсатын анықтау • Мақсатқа қол жеткізу жолданы анықтау • Зерттеу әдістерін таңдау • Өзінің материалдарын жинақтау • Жинақталған материалдарды талдау және жалпылау 26


Қорытынды жасау. Зерттеуді ұйымдастыру технологиясы келесі кесте арқылы көрнекі көрсетуге болады •

Оқушылардың зерттеу әрекеттерін ұйымдастыру технологиясы

Зерттеу тақырыбы қалай пайда болады? Cабақтың тақырыбы Талқылауды қажет Мұғалім ұсынған Оқушылардың және проблемасы, ететін оқушылардың зерттеу қызығушылықтары талқылау туғызған баяндамалары мен тақырыптарының мен сұрақтар сұрақтар тізімі хабарламалары, қызықты шығармалар Зерттеуді қалай жүзеге асыруға болады? Ғылыми жетекші Жұмыстың жоспары Материалмен тікелей жұмыс, бақылау таңдау мен жобасын жүргізу, экперимент жүргізу дайындау Жұмысты жазу Алынған Синтез Қорытындылар материалдарды талдау, жүйелеу, классификациялау Жұмысты алғашқы бағалау Ғылыми жетекшінің Кеңес беру Зерттеу презентациясы жұмысты алғаш рет оқуы Жұмысты презентацияға дайындау Жұмыстың соңғы Тезис дайындау Көрнекі материалдар дайындау нұсқасын тексеру, қателерді жөндеу Зерттеу нәтижелерінің презентациясы

2.2.Жоба түрлерінің үлгілері Тәжірибеге бағдарланған жоба Тақырыбы «Ағылшын тілінде жарнама дайындау» Пәні: ағылшын тілі. Ұзақтығы: 1 сабақ Мақсаты: ағылшын тілінде жарнама дайындау. Қажетті материалдар: тапсырма, ағылшын тіліндегі жарнамалық өнімдердің үлгілері, тұрақты сөз тіркестерінің сөздігі. Жоба барысы. Сабақ барысында оқушылар ағылшын тілді мемлекеттердің жарнамаларында кезедесетін сөздер мен сөз тіркестерін меңгереді. Содан соң қандай-да бір өнімнің немесе қызмет түрінің ағылшын тілінде жарнамасын дайындау ұсынылады. Тақырыбы: «Мектептің адамгершілік кодексі» Оқу пәндері: тарих, қоғамтану. 27


Ұзақтығы: 1,5 ай. Мақсаты: жоғарғы сынып оқушыларын әлеуметтендіру, оларды құқықтық, этикалық құжаттар дайындауға үйрету. Күтілетін өнім: мектеп ұжымының – оқушылардың, мұғалімдердің, қызметкерлер мен ата-аналардың – қарым-қатынасын реттейтін мектептің бірыңғай құжаты. Жоба барысы. Тарих және қоғамтану сабақтары барысында оқушыларды адамгершілік ережелерін дайындаудың тарихымен, оның негізгі принциптері мен заңдық актілерді құру талаптарымен таныстыру қажет және оқушыларға бүгінгі таңдағы заңдық құжаттарды (мысалы, Қазақстан Республикасының Конституциясы) талдау ұсынылады. Келесі кезеңде оқушылар 1 ай бойы «Кодекстер» жобасын дайындайды. Содан кейін дайындалған кодекстер біріктіріліп жалпымектепішілік құжат құрастырылады. «Кодекстер» жобаларының нұсқалары да әртүрлі, мысалы, жеке, жұптық, топтық болуы мүмкін. Соңғы өнім: кіріспе (тақырыптың өзектілігі), негізгі бөлім, қосымша бөлімдерден тұратын «Кодекс» мәтіні. Кіріспеге ҚР Конституциясындағы мәтінін негізге алуға болады. Негізгі бөлім ұсынылған барлық жобалар мазмұнын қамтуы тиіс. Презентация. Жұмыстың соңында мектепішілік жалпы іс-шара барысында дайындалған «Кодекстің» мәтіні талқыланып, бекітіледі. Зерттеу жобасы Тақырыбы: «Судың экологиялық жағдайы» Пәні: химия Ұзақтығы: 3 сабақ Мақсаты: ашық су қоймалары мен крандағы судың сапалық және сандық құрамын зерттеу Міндеттері: 1. Судың экологиялық жағдайын зерттеу. 2. Суды химиялық-физикалық талдау әдісін дайындау 3. Зерттеу нәтижелерін талдау 4. Зерттеу нәтижесі бойынша талдау есебін жазу Жоба барысы. 1 сабақ: мәселенің қойылуы, мәселені шешу жолдары (гипотеза ұсыну), зерттеуді ұйымдастыру бойынша нұсқаулар. 1 және 2-сабақтар арасында қажетті материалдар жинақталып, құрылғы дайындалады. 2 сабақ: мұғалімнің нұсқауы бойынша судың физикалық, химиялық талдаулары жүргізіледі. 2 және 3-сабақтар арасында алынған мәліметтерге талдау жасалады. 3 сабақ: зерттеу нәтижесі бойынша талдау есебі жазылып, презентациясы көрсетіледі. Ақпараттық жоба Тақырыбы: Жанна д'Арк: ортағасырдағы әйел ерлігі Оқу пәндері: тарих, француз тілі, информатика. Ұзақтығы: 2-3 апта 28


Мақсаты: «Жүз жылдық соғыс» тақырыбында Ортағасырдағы Франция тарихына арналған ақпараттық Web-сайт ашу Жобаның сұрақтары: 1. Ерлік дегеніміз не? Жанна д'Арктың өмірбаяны бойынша нені ерлік деуге болады? 2. Францияның тағдырында Жанна д'Арктың рөлі қандай болды? 3. Франция мәдениетінде Жанна д'Арктың бейнесі қалай көрініс тапты? Аталған жобада оқушылардың топтық жұмыстарын ұйымдастырған жөн. Ұсынылатын рөлдер: әлеуметтанушылар (анкета, сауалнама құрау, нәтижелерді өңдеу). Аудармашылар (кітап, фильмдер мен сайттар мәтіндеріне аударма, хат құрастыру және оны аудару). Компьютерщиктер (Интернетпен жұмыс, мәтінді теру, сайттың дизайнын жасау) Жобамен жұмыс жасау барысы: Жобаның негізі болып саналатын зерттеу проблемасы – Әйел тұлғасының тарихтағы рөлі – жобамен жұмыс барысын анықтады. Ақпараттық деңгейге француз тілінде «Жанна д'Арк» фильмін көрсетуді, Франция тарихындағы зерттеліп отырған мерзімдегі ғылыми-танымдық, көркем-әдеби, сондай-ақ анықтамалық әдебиеттер үзінділерімен, Руана қаласындағы Жанна д'Арктың мұражайының Интернет-сайтымен танысуды қосуға болады. Әлеуметтанушылар тобы мектептің форумында педагогтармен, мектеп оқушылары, ата-аналармен, т.б. біріншіден, Жаннаның өмірі мен тағдыры туралы танымдық біліктерді анықтауға, екіншіден, ол туралы қоғамдық пікірді анықтауға бағытталған сауалнамалар жүргізеді. Жинақталған мәліметтерге сүйене отырып, аудармашылар тобы хаттың мәтінін француз тілінде құрастырады да Руана қаласындағы мұражайға электрондық поштамен жібереді. Алынған материалдар негізінде мамандар тақырыптық Интернет-сайтты әзірлейді. 2.3. Тірек мектебі (ресурстық орталық) жағдайында оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастырудың құқықтық негізін қалыптастыру Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 40-бабында «... білім беру ұйымдарының қызметі тиісті үлгідегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік ережелерімен және солардың негізінде әзірленген жарғылармен реттеледі» деп атап көрсетілген [2]. Екіншіден, осы Заңның 43-бабында білім беру ұйымдарының құзыреті туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында, тиісті үлгідегі білім беру ұйымдарының қызметі туралы үлгілік ережелер мен білім беру ұйымдарының жарғыларында белгіленген шектерде оқу және тәрбие үдерісін жүзеге асыруда, кадрларды іріктеу мен орналастыруда, ғылыми, қаржышаруашылық және өзге де қызметте дербес болатындығы айтылған. Олай болса, білім ұйымдары қызметтерін ұйымдастырудың үлгілік ережелерін өздері дайындау арқылы құқықтық негізді қалыптастырады. Бұл – білім 29


ұйымының құзыреті. Ал білім саласындағы басқару органдары нұсқау беру мен бақылау жүргізеді. Тексеру қорытындыларын талдау нәтижесінде білім ұйымдарының құқықтық базасын дайындауда 1. білім ұйымының бекітілген жарғысы негізінде қажетті үлгілік ережелердің тізбесін анықтау; 2. білім ұйымының үлгілік ережелерін белгілі үлгі, ережелерге сәйкес заңдық құжат ретінде дайындау; 3. білім ұйымының қызметін реттейтін құқықтық базаны ҚР білім саласындағы нормативтік-құқықтық заңнамаларына сәйкестендіру мәселелері нақты шешу қажет. ҚР «Білім туралы» Заңының 41-бабында білім беру ұйымының жарғысы «іске асырылатын білім беретін оқу бағдарламаларының тізбесін; білім беру ұйымдарына қабылдау тәртібін; білім беру үдерісін ұйымдастыру тәртібін (оның ішінде оқыту және тәрбиелеу тілін (тілдерін), білім алушылардың, тәрбиеленушілердің сабақ режимін); білімдерді ағымдағы бақылау, білім алушыларды аралық және қорытынды аттестаттау жүйесін, оларды өткізудің нысандарын және тәртібін; ақылы қызмет көрсетудің тізбесін және тәртібін; білім беру ұйымының білім алушылармен, тәрбиеленушілермен және (немесе) олардың атааналарымен және өзге де заңды өкілдерімен қатынастарын ресімдеу тәртібін қамтуға тиіс». Сонымен қатар, Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында білім беруді басқарудың мемлекеттік-қоғамдық жүйесін қалыптастыру мақсатында білім берудегі менеджментті жетілдіру міндетін нақтыланды. Сондықтан аталған талаптарға сәйкес тірек мектебінде (ресурстық орталық) оқу-тәрбие үдерісін басқаруға, ұйымдастыруға қажетті үлгілік ережелер дайындалуы тиіс. Осыған байланысты, сіздердің назардарыңызға бірнеше үлгілік ережелердің нұсқаларын ұсынамыз. 2.4.Тірек мектебі (ресурстық орталық) жағдайындағы әдістемелік кеңес қызметі және оны сайлау тәртібінің ЕРЕЖЕСІ 1. Жалпы ережелер 1. Тірек мектебі (ресурстық орталық) жағдайындағы әдістемелік кеңес қызметі және оны сайлау тәртібінің үлгі ережесі (бұдан әрі-Ереже) «Білім туралы» Қазақстан Республикасы 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 44бабы 9-тармағына және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2007 жылғы 29 қарашадағы №583 бұйрығымен бекітілген «Оқу-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру және жүзеге асыру ережесіне» сәйкес әзірленген. 2. Ереже білім беру ұйымдарында (тірек және магниттік мектептер) басқарудың алқалы органдары болып табылатын әдістемелік ғылыми кеңестің мүшелерін сайлау тәртібін қамтитын әдістемелік кеңес (бұдан әрі 30


- Кеңес) қызметін ұйымдастыру тәртібін анықтайды. 3. Кеңес өз қызметінде «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңын, білім беру ұйымның жарғысын және осы Ережені басшылыққа алады. 2. Кеңестің негізгі міндеттері 4. Кеңестің негізгі міндеттері: 1) оқу үдерісін әдістемелік қамтамасыз етудің сапа мониторингісін ұйымдастыру; 2) білім беру ұйымдарында шығарылатын оқу, оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік әдебиеттерді, құралдарды және басқа да материалдарды басып шығаруға жоспарлауды, сараптаманы және ұсынымды ұйымдастыру; 3) білім беру ұйымдарындағы сессия және сессияаралық кезеңдердегі оқу үдерісін әдістемелік қамтамасыз ету және жетілдіру; 4) оқу-әдістемелік жұмыстарды ұйымдастыру және жетілдіру жөніндегі озық тәжірибелерді қорыту және тарату; 5) тірек және магниттік мектеп мұғалімдерінің біліктілігін арттыру, оқу үдерісінің мазмұнын талдау; 6) сапа менеджменті жүйесін дамыту және оқу үдерісін әдістемелік әзірлемелердің нәтижесін енгізу жөніндегі ұсынымдарды дайындау; 7) білім беру ұйымдарында әдістемелік жұмыстарды үйлестіру; 8) білім беру ұйымдарында білім беру үдерісінің жаңа және қолданыстағы технологиялар, әдістер, құралдар нысандарын енгізу және жетілдіру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру; 9) мұғалімдердің оқу-әдістемелік бірлестіктерінің шығармашылық (тұрақты және уақытша) орталықтарының жұмысын ұйымдастыру; 10) мұғалімдердің кәсіби әлеуетін жетілдіру жөніндегі жұмыстарды басқару; 11) тірек мектебінде білім беруді дамыту және басым бағыттарды қалыптастыру және оны іске асыру мәселелері бойынша ұсыныстар әзірлеу; 12) қолданбалы және таңдау курстарының мазмұнын сараптау; 13) сессия және сессия аралық кезеңде мұғалімдерге әдістемелік қолдау көрсету; 14) білім беру саласындағы қызметкерлерді аттестаттауға қатысу. 3. Кеңес қызметінің негізгі бағыттары 5. Кеңес қызметінің негізгі бағыттары: 1) мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары талаптарын ескере отырып жұмыс оқу жоспарлары мен жұмыс оқу бағдарламаларын сараптауын ұйымдастыру; 2) магниттік мектептердің әдістемелік кеңестердің жұмыс жоспарларын қарау және келісу; 3) жеке пәндер бойынша жұмыс оқу бағдарламаларын талқылау және 31


қолдау; 4) білім беру ұйымдарда оқу үдерісін қамтамасыз ету үшін әдістемелік қамтамасыз ету мәселелерін қарау; 5) білім беру ұйымдарда әдістемелік қамтамасыз етуге байланысты нормативтік-құқықтық актілерді жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу; 6) оқулықтарды, оқу-әдістемелік құралдарды, оның ішінде электрондық түрде және дидактикалық материалдар ұйымдастыру; 7) оқу-тәрбие үдерісін жетілдіруге және магниттік мектептерге практикалық көмек көрсетуге бағытталған әдістемелік жұмыстардың әртүрлі нысандарын енгізу мәселелерін қарау; 8) жекелеген пәндер бойынша оқу жұмыс бағдарламаларын талқылау және бекіту; 9) элективті пәндер каталогын қарау және бекіту; 10) тьютор-мұғалімдер мен эдвайзер-мұғалімдердің қызметтеріне әдістемелік қолдау көрсету; 11) тірек және магниттік мектептердің әдістемелік бірлестіктер қызметінің жылдық жоспарларын келісу және бекіту; 12) білім алушылардың білімін бағалау үшін тест тапсырмаларын және басқа түрлерін әзірлеу және сараптамадан өткізу мәселелері; 13) білім алушылардың өздік жұмысын және оқытушының қолдауымен өткізілетін өздік жұмыстарды әдістемелік қамтамасыз ету; 14) оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмыстарды жетілдіру бойынша желі ішінде семинарлар, конференциялар, кеңестер ұйымдастыру және өткізу болып табылады. 4. Кеңес құрамын сайлау тәртібі 6. Кеңестің құрамына магниттік мектеп директорларының оқу-әдістемелік жұмыстар жөніндегі орынбасарлары, әдістемелік бірлестік жетекшілері және тәжірибелі мұғалімдер кіреді. Кеңестің құрамы тірек мектебінің директорының бұйрығымен бекітіледі. 7. Кеңесті тірек мектебі директорының оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары -Төраға басқарады. 8. Кеңес мүшелерінен ашық дауысы арқылы хатшы сайланады. 9. Кеңестің жұмысы әдістемелік кеңестің отырысында қабылданған және білім беру ұйымның бекіткен жылдық жұмыс жоспарына сәйкес жүзеге асырылады. 10. Кеңестің отырысы екі айда бір рет өткізіледі. 11. Әдістемелік кеңестің отырысында қаралған мәселенің нәтижесі бойынша қатысып отырған мүшелерінің басым көпшілік дауысымен әдістемелік кеңестің ұсынысы қабылданады және хаттамамен рәсімделеді. Отырыстың хаттамалары мен әдістемелік кеңестің шешімдеріне кеңестің төрағасы мен хатшысы қол қояды. 12. Кеңестің төрағасы жылына бір рет Кеңес қызметінің нәтижелері туралы білім беру ұйымдарының (тірек және магниттік мектептер) кеңейтілген педагогикалық кеңесінің алдында есеп береді. 13. Әдістемелік кеңестің әрбір мүшесі кеңестің барлық отырысына 32


қатысуға, оның жұмысына белсенді араласуға, жүктелген тапсырмаларды уақытылы және нақты орындауға тиісті. 2.5. Пән мұғалімдерінің желілік әдістемелік бірлестігі туралы ЕРЕЖЕ 1. Жалпы ережелер Тірек мектебінде бір мамандықпен жұмыс істейтін мұғалімдер немесе бір пәндер циклі (гуманитарлық, физика-математикалық, жаратылыстануғылыми және т.б.) бойынша әдістемелік және кәсіби шеберліктерін жетілдіруге, тірек және магниттік мектептерде оқыту мен тәрбиелеуге қойылатын заманауи талаптарды қамтамасыз ету мақсатында өзара көмекті ұйымдастыруға бағытталған және шығармашыл бастамашылдықты біріктіретін тірек және магниттік мектептердің мұғалімдерімен желілік пән мұғалімдерінің бірлестігі құрылады. 2. Желілік пән мұғалімдерінің бірлестігінің міндеттері Желілік пән мұғалімдерінің бірлестігінің негізгі міндеттері: − білім саласы бойынша нормативтік және әдістемелік құжаттарды оқып-үйрену; − мектеп компонентін таңдау және сәйкесінше білім беру стандартын (оқу-әдістемелік кешен, оқу жоспарлары) дайындау; − пән бойынша вариативтілікті ескеретін оқу мазмұнын анықтау; − пән бойынша жеке жұмыс жоспарларын бекіту; − авторлық бағдарламалар мен әдістемелерге талдау жасау; − қауіпсіздік техникасының нормалары мен ережелерінің сақталуы бойынша оқушылармен жұмыс жүргізу, сәйкесінше нұсқаулар әзірлеу; − белгіленген тақырыпқа сәйкес өзара сабақтарға қатысу, қолжеткізген нәтижелерге талдау жасау; − пән бойынша күрделі тақырыптарға дайындалған әдістемелік дайындамалармен таныстыру мақсатында нақты тақырып бойынша ашық сабақтар ұйымдастыру; − желілік бірлестікте озық педагогикалық тәжірибені зерттеу; − пән бойынша сынақ жұмысын ұйымдастыру; − пән бойынша дайындалған мемлекеттік білім беру стандарттарының талаптарына сәйкес бағдарламаны меңгеру деңгейін бағалау бойынша бірыңғай талаптар әзірлеу; − жүйесін (тақырыптық, сынақтық және т.б.) әзірлеу; − пән бойынша әртүрлі авторлардың дайындаған әдістемелік нұсқаулықтарымен таныстыру; пәнді оқыту әдістерін талдау; − мұғалімдердің өзіндік білім жетілдіру жұмыстарының қорытынды есебін дайындау; − сессия және сессияаралық кезеңде оқушылармен жүргізілетін оқузерттеу жұмыстарын ұйымдастыру және оның нәтижелерін талдау; 33


− желілік пән олимпиадалары мен ғылыми жұмыстар байқауын өткізу; пән бойынша сыныптан тыс шараларды ұйымдастыру жағдайын талдау; − оқушылардың жеке білім алу маршруттарына сәйкес жеке оқу бағдарламаларын талдау. 3. Желілік әдістемелік бірлестіктің жұмысы Желілік әдістемелік бірлестік өз жұмысын білім ұйымының сессия және сессияаралық кезеңдердегі жұмыс жоспарының, аудандық (қалалық) әдістемелік кабинеттің нұсқауларының, әрбір мұғалімнің жеке жоспарларын ескеретін білім ұйымының әдістемелік тақырыбының негізінде ұйымдастырады. Желілік әдістемелік бірлестік мұғалімдерінің жұмыстарының бір бөлігі талдау мен негізгі міндеттерді қамтитын бірлестік отырыстары арқылы жүзеге асырылады. Желілік әдістемелік бірлестік нақты тақырып бойынша оқыту семинарларын ұйымдастыра алады. 4. Желілік әдістемелік бірлестік мұғалімдерінің құқықтары Желілік әдістемелік бірлестік педагог қызметкерлердің оқу жүктемесін белгілеу кезінде мектеп әкімшілігіне ұсыныс жасауға құқылы. Желілік әдістемелік бірлестік білім алушылардың аралық аттестаттау жүйесі туралы педагогикалық ұжымға ұсыныс бере алады, бағалау критерийлерін анықтауға құқы бар. 5. Желілік әдістемелік бірлестік мұғалімдерінің міндеттері Бірлестіктің әрбір мүшесі: − жеке өзіндік білім жетілдіру бағдарламасының болуы; − сессия және сессияаралық кезеңде ашық өткізілген шараларды (сабақтар, пән бойынша сыныптан тыс шаралар) дайындап, өткізуге белсенді қатысуға, өзінің кәсіби құзыреттілігін арттыруға, тәжірибелік семинарға және т.б. қатысуға; − пәнді оқыту әдістемесінің даму тенденцияларын, ҚР «Білім туралы» Заңын, нормативтік құжаттарды, біліктілік санаттарына қойылатын талаптарды, өзіндік талдау және диагностикалау әдістерін білуге міндетті. 6. Желілік әдістемелік бірлестік жұмысын ұйымдастыру Желілік әдістемелік бірлестіктің жетекшісі тірек мектебі директорының бұйрығымен бекітіледі. Желілік әдістемелік бірлестіктің жылдық жұмыс жоспарын тірек мектебі директорының ғылыми-әдістемелік жұмыстары жөніндегі орынбасары бекітеді. Оқу жылында кем дегенде әдістемелік бірлестіктің 4 отырысы және 34


ұйымдастырылған тақырыптық ашық сабақтар мен сыныптан тыс шаралар бойынша тәжірибелік семинарлар өткізіледі. Желілік әдістемелік бірлестік отырысының хаттамасы жүргізіледі. Оқу жылының соңында желілік әдістемелік бірлестік әдістемелік кеңес алдында есеп береді. Тірек мектебі директорының орынбасары желілік әдістемелік бірлестіктің жұмысына талдау жасайды, бірлестіктің орындалған жұмыстары туралы есебін, хаттамалар жазылған дәптерді, жұмыс жоспарын қабылдайды. Құжаттар білім ұйымында 3 жыл бойы сақталады. Ережені қолдану мерзімі шектелмеген. 2.6. Лауазымдық міндеттер Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі №338 Бұйрығымен бекітілген педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамалары, білім ұйымының жарғысы, білім ұйымының типі туралы ереже қызметкерлердің міндеттерін, құқықтары мен жауапкершіліктерін белгілейтін лауазымдық нұсқаулықтар әзірлеуге негіз болып табылады. Сонымен қатар білім беру ұйымдарының штат кестесінде қызметкерлер лауазымының атаулары да үлгілік біліктілік сипаттамасында көрсетілген лауазымдық атауларға сәйкес келуі қажет. Біліктілік сипаттамаларында әрбір лауазымға неғұрлым тән келетін жұмыстар түрлері берілген. Сондықтан лауазымдық нұсқаулықтарды әзірлеу кезінде нақты ұйымдық-техникалық жағдайдағы тиісті лауазымға тән жұмыстар тізбесін нақтылауға болады және қызметкерлердің арнайы даярлығына қажетті талаптар белгіленеді. Лауазымдық нұсқаулықтарды білім ұйымының (тірек мектебінің) басшысы дайындайды. Лауазымдық нұсқаулықтарды қажет болған жағдайларда қайта қарастырып, толықтырулар мен өзгерістер енгізуге болады. Әрбір лауазымдық нұсқаулық «Лауазымдық міндеттері», «Білуге міндетті» және «Біліктілікке қойылатын талаптар» бөлімдерінен тұрады. «Лауазымдық міндеттері» бөлімі қызметкерлердің ұтымды мамандануын қамтамасыз ететін жұмыстардың технологиялық біртектілігін және өзара байланыстылығын ескере отырып осы лауазымды атқаратын қызметкерге толық не жартылай тапсырылатын негізгі жұмыстарды қамтиды. «Білуге міндетті» бөлімі қызметкерге арнайы білімге қатысты, сондай-ақ заңнамалық және нормативтік құқықтық актілерді, ережелерді, нұсқаулықтарды, тағы басқа материалдарды білуі бойынша қойылатын негізгі талаптарды, қызметкер лауазымдық міндеттерін орындау кезінде қолдана алуға тиіс әдістер мен құралдарды қамтиды.

35


«Біліктілікке қойылатын талаптар» бөлімі қызметкердің көзделген міндеттерді орындауға қажетті қызметкердің кәсіби даярлық деңгейі мен жұмыс өтіліне қойылатын талаптарын айқындайды. Лауазымдық нұсқаулық өз дәрежесінде дайындалмаса оның нақты жағдайға сәйкес болмау қаупі туындайды. Ондай жағдайда орындалмаған жұмыстың барлығына ұйымдастырушы жауапты болатындығын ескерген дұрыс. Екінші жағынан дұрыс дайындалмаған лауазымдық нұсқаулықтарды әртүрлі деңгейдегі тексерушілер «жұмыстың жақсы ұйымдастырылу» фактісін анықтау үшін қолданылатындығын ұмытпау керек. Дұрыс дайындалған лауазымдық нұсқаулықтарды білім ұйымдарынды тиімді пайдалану мақсатында тұрақты жаңартылып, өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп отырады. Бұл өз кезегінде білім беру ұйымындағы оқу-тәрбие үдерісінің дұрыс ұйымдастырылуына ықпал етеді, білім ұйымының даму кезеңінде басқарудың қажеттілігіне, жағдайларына, міндеттеріне сәйкес жетілдіруді қамтамасыз ететін басқарудың үлгілік ережелерінің мазмұнын жаңартуға әкеледі. 2.7. Тьютор-мұғалімнің лауазымдық міндеті 1. Жалпы ережелер Бұл ереже Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2009 жылғы 13 шілдедегі №338 «Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы» бұйрығына және Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының шағын жинақты мектеп Тұжырымдамасына сәйкес дайындалды. 1.1. Тьютор-мұғалім тірек мектебі директорының бұйрығымен тағайындалады және босатылады. 1.3. Тьютор-мұғалім міндетті түрде жоғары немесе орта кәсіптік білімі болуы тиіс, педагогикалық еңбек өтілі 2 жылдан кем емес. 1.4. Тьютор-мұғалім тірек мектебінің әкімшілігіне бағынады. 1.5. Тьютор-мұғалім өз жұмысында Қазақстан Республикасы Конституциясы, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», шағын жинақты мектеп Тұжырымдамасын, Қазақстан Республикасының «Тіл туралы», «Қазақстан Республикасындағы бала құқығы туралы», «Неке және отбасы туралы», «Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік және медико-педагогикалық түзеуді қолдау», «Кәмелетке толмағандардың арасында тәртіп бұзудың және қараусыз қалмауының алдын-алу» заңдарын және басқа да білім беруді дамытудың бағыттары мен келешегін айқындайтын нормативтік құқықтық актілерді; педагогика мен психология негіздерін; еңбекті қорғау, өрттен сақтану мен қауіпсіздік техникасы нормалары мен ережелерін; мектептің ішкі тәртіп ережесін және Жарғысын; санитарлық нормаларды анықтайтын құқықтық-нормативтік актілерді басшылыққа алады. 36


2. Тьютор-мұғалімнің қызметі − оқушылардың танымдық қызығушылықтарын анықтау, дамыту, қалыптастыру бойынша жеке жұмыстарды ұйымдастырады; бағдарлы білім алуларына жеке қолдау көрсетеді; өзбетінше білім алуына қажетті ақпараттарды іздестіру жұмыстарын үйлестіреді; − оқушылармен бірлесе қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін бар ресурстарды бағалайды; бағдарлы білім алуда қолданбалы және таңдау курстары туралы ақпараттарды талдайды; ақпараттық және кеңес беру қызметін атқарады; − оқушыларға өзбетінше білім алу стратегиясын таңдауға көмек көрсетеді; өзбетінше мемлекеттік стандарт талаптарына сай білім алуына жағдай жасайды (жеке оқу жоспарларын, білім алу маршрут парағын дайындайды); − оқушылардың пән мұғалімдерімен өзара әрекеттесуін қамтамасыз ықпал ете отырып, қызығушылықтарына сәйкес жоба және ғылымизерттеу жұмыстарына қатысуына ықпал етеді; − оқушылардың танымдық қызығушылықтарын анықтау, дамыту, қалыптастыру және олардың жеке жоспарларына түзетулер енгізу, оқу жетістіктерін талдау мақсатында ата-аналармен жұмыстарды ұйымдастырады; − оқушылардың білім алу үдерісі динамикасының мониторингін жүргізеді; − оқушылармен, ата-аналармен жеке және топтық кеңес берудерді ұйымдастырады. 3. Лауазымдық міндеттері − өзінің біліктілігін жүйелі арттырады; әдістемелік бірлестік жұмысына қатысады; − педагогикалық этика нормаларын сақтайды; Тьютор-мұғалімнің еңбекті қорғау бойынша міндеттері (Қазақстан Республикасының 05.15.2007 ж. № 252 «Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы» Заңына сәйкес) − білім беру үрдісінің қауіпсіз өтуін қамтамасыз етеді; − білім беру үрдісінің жағдайларын жақсарту мен жетілдіру бойынша ұсыныстар жасайды; оқушылардың өмірлік әрекеттері мен жұмыс істеу қабілетін төмендететін білім беру үрдісіндегі кемшіліктер туралы пән мұғалімдеріне, кабинет меңгерушілері мен мектеп әкімшілігіне ескертеді; − еңбекті сақтау ережелерінің (нұсқауларының) дұрыс орындалуын қадағалайды. 4. Құқығы Тьютор-мұғалім:

37


− мектеп Жарғысында көрсетілген тәртіпте мектепті басқару ісіне қатысуға; − өзінің кәсіби ар-ожданын қорғауға; − өзінің жұмысын бағалауға қатысты шағымдар және басқа да құжаттармен танысуға; оларға түсініктеме беруге; − кәсіби этиканың сақталмауына байланысты тәртіптік немесе қызметтің тергеу барысында жеке өзі немесе сенімді өкіл, соның ішінде адвокат арқылы өзінің мүдделерін қорғауға; − заңмен қарастырылған жағдайлардан басқа тәртіптік (қызметтік) тергеудің жасырын ұйымдастырылуын талап етуге; − оқу құралдары мен оқулықтарды, оқыту мен тәрбиелеу әдістерін еркін таңдауға және пайдалануға; − біліктілігін арттыруға; − сәйкес біліктілік санатын алу үшін еркін түрде аттестаттаудан өтуге және одан жетістікпен өткен жағдайда біліктілік санатын алуға; − сабақ және үзіліс барысында оқушыларға тәртіпті сақтауға, сабақты ұйымдастыруға қатысты міндетті нұсқаулар беруге, мектеп Жарғысына, ішкі тәртіп ережелеріне сәйкес оқушыларды тәртіптік жауапкершілікке шақыруға, ескертулер жасауға құқылы. 5. Жауапкершілігі − өзінің лауазымдық міндеттерін орындау барысында мектепке және білім беру үрдісінің қатысушыларына келтірілген шығындары үшін еңбек және (немесе) азаматтық заңдылықта көрсетілген тәртіпте жауапқа тартылады. Директордың оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары _____________________________ Лауазымдық міндеттермен таныстым _________________________ «__»___ 20___ ж.

38


2.8. Эдвайзер-мұғалімнің лауазымдық міндеті 1.Жалпы ережелер Бұл ереже Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2009 жылғы 13 шілдедегі №338 «Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы» бұйрығына және Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңына, Шағын жинақты мектеп Тұжырымдамасына сәйкес дайындалды. 1.1. Эдвайзер-мұғалім сессия уақытында тірек мектебі директорының бұйрығымен тағайындалады және босатылады. 1.3. Эдвайзер-мұғалім міндетті түрде жоғары немесе орта кәсіптік білімі болуы тиіс, педагогикалық еңбек өтілі 2 жылдан кем емес. 1.4. Эдвайзер-мұғалім тірек мектебінің әкімшілігіне бағынады. 1.5. Эдвайзер-мұғалім өз жұмысында Қазақстан Республикасы Конституциясы, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», Шағын жинақты мектептің Тұжырымдамасы, Қазақстан Республикасының «Тіл туралы», «Қазақстан Республикасындағы бала құқығы туралы», «Неке және отбасы туралы», «Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік және медико-педагогикалық түзеуді қолдау», «Кәмелетке толмағандардың арасында тәртіп бұзудың және қараусыз қалмауының алдын-алу» заңдарын және басқа да білім беруді дамытудың бағыттары мен келешегін айқындайтын нормативтік құқықтық актілерді; педагогика мен психология негіздерін; еңбекті қорғау, өрттен сақтану мен қауіпсіздік техникасы нормалары мен ережелерін; мектептің ішкі тәртіп ережесін және Жарғысын; санитарлық нормаларды анықтайтын құқықтық-нормативтік актілерді басшылыққа алады. 1.6. Эдвайзер-мұғалімнің басты мақсаты білім алушыларды азаматтық белсенділікке тәрбиелеу, оқу жоспары аясында олардың білім алу траекториясының таңдамалығы негізінде өзін-өзі қалыптастыру және өзінөзі көрсету қабілеттерін дамыту. 1.7. Эдвайзер-мұғалімнің негізгі міндеті сессия кезінде жинақталған сыныптың тәрбие жұмысын ұйымдастыру, өзін-өзі басқаруды қалыптастыру және білім алушыларды тірек мектебінде қоғамдық және шығармашылық жұмысқа біртіндеп тарту, оқу траекториясын таңдауға (жеке оқу жоспарын құрастыру) ықпал ету және білім алу кезеңі барысында білім алу бағдарламаларын меңгерту болып табылады. 2. Эдвайзер-мұғалімнің қызметі − сынып белсенділерін қалыптастыруға және сыныпта өзара тиімді қарым-қатынастың орнауына ықпал етеді; − сынып белсенділерімен бірлесе отырып сессия кезіндегі мектептің оқу-тәрбие жұмысының жоспарына сәйкес тәрбие жұмысының үзіліссіздігін және сабақтастығын, мақсатын сақтай отырып жоспарын құрастырады; 39


− адамгершілік, эстетикалық, кәсіби және мәдени, спорттық және көпшілік жұмыстары бойынша өткізілетін нақты іс-шараларды анықтайды; − білім алушылардың салауатты өмір салтын қадағалауына ықпал етеді, ішімдік, темекі шегу, нашақорлықтың алдын-алу бағытындағы іс-шараларды ұйымдастырады; құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша іс-шаралар өткізеді; − сессия кезінде білім алушылардың сыныптан тыс сабақтарға қатысуын қамтамасыз етеді; − білім алушылардың тәртібін және үлгерімін бақылайды; − магниттік мектептен келген оқушыларды қабылдап алу, шығарып салу шараларын ұйымдастырады, оған жетекшілік етеді; − білім алушылардың сессия кезінде дұрыс тамақтануын қадағалайды. 3. Лауазымдық міндеттері − өзінің біліктілігін жүйелі арттырады; әдістемелік бірлестік жұмысына қатысады; − педагогикалық этика нормаларын сақтайды; Эдвайзер-мұғалімнің еңбекті қорғау бойынша міндеттері (Қазақстан Республикасының 05.15.2007 ж. № 252 «Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы» Заңына сәйкес) − сыныптан тыс жұмыстардың қауіпсіз өтуін қамтамасыз етеді; − білім беру және тәрбиелеу үрдісінің жағдайларын жақсарту мен жетілдіру бойынша ұсыныстар жасайды; оқушылардың өмірлік әрекеттері мен жұмыс істеу қабілетін төмендететін білім беру үрдісіндегі кемшіліктер туралы пән мұғалімдеріне және мектеп әкімшілігіне ескертеді; − еңбекті сақтау ережелерінің (нұсқауларының) дұрыс орындалуын қадағалайды. 4. Құқығы Эдвайзер-мұғалім: − мектеп Жарғысында көрсетілген тәртіпте мектепті басқару ісіне қатысуға; − өзінің кәсіби ар-ожданын қорғауға; − өзінің жұмысын бағалауға қатысты шағымдар және басқа да құжаттармен танысуға; оларға түсініктеме беруге; − кәсіби этиканың сақталмауына байланысты тәртіптік немесе қызметтің тергеу барысында жеке өзі немесе сенімді өкіл, соның ішінде адвокат арқылы өзінің мүдделерін қорғауға; − заңмен қарастырылған жағдайлардан басқа тәртіптік (қызметтік) тергеудің жасырын ұйымдастырылуын талап етуге; − тәрбиелеу әдістерін еркін таңдауға және пайдалануға; − біліктілігін арттыруға; 40


− сәйкес біліктілік санатын алу үшін еркін түрде аттестаттаудан өтуге және одан жетістікпен өткен жағдайда біліктілік санатын алуға; − сабақ және үзіліс барысында оқушыларға тәртіпті сақтауға, сабақты ұйымдастыруға қатысты міндетті нұсқаулар беруге, мектеп Жарғысына, ішкі тәртіп ережелеріне сәйкес оқушыларды тәртіптік жауапкершілікке шақыруға, ескертулер жасауға құқылы. 5. Жауапкершілігі − өзінің лауазымдық міндеттерін орындау барысында мектепке және білім беру үрдісінің қатысушыларына келтірілген шығындары үшін еңбек және (немесе) азаматтық заңдылықта көрсетілген тәртіпте жауапқа тартылады. Директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары _____________________________ Лауазымдық міндеттермен таныстым _________________________ «__»___ 20___ ж.

41


ҚОСЫМШАЛАР Қосымша 1. Оқушының жеке білім алу маршрутының құрылымдық үлгісі 1. Тараудың немесе тақырыптың атауы және олардың мақсаттары (мұғалімнің оқушы алдына қоятын мақсаттары) 2. Оқу материалын меңгеруден күтілетін нәтиже (мемлекеттік стандарт талаптарына сәйкес оқушының біліміне, білігіне, дағдыларына қойылатын талаптар, бағалау талаптары) 3. Тарау бойынша әрбір сабақтың тақырыптары мен сипаттамалары (кіріспе сабақ, жалпылау сабағы, жоба жұмысы, өздік жұмыс, бақылау жұмысы және т.б.) 4. Тараудың аясында берілетін рефераттардың, баяндамалардың, шығармашылық жұмыстардың, оқу жобаларының тақырыптарының тізімі. Жеке тапсырмалар мен топтық жұмыстар. 5. Қабілеттері әртүрлі деңгейдегі оқушыларға таңдау мүмкіндігін беретін үй тапсырмаларының жинағы 6. Бақылау, тексеру жұмыстарының үлгілері. Оқушының өзбетінше білім алуы үшін оларға арнайы білім алу маршруттарының парақтары жобаланады. Мысалы, үлкен тақырыптарды (3-5 сабақ) игеру үшін оқушыларға берілетін білім алу маршруттарының парағы келесі түрде дайындалды. Тарау _____________________________________________________________ Тақырыптар атаулары

Оқу мақсаттары

Сабақтағы оқушы әрекеттерінің түрлері

Үйге тапсырма

Әрбір тақырыптың мазмұнымен жұмыс істеу ерекшеліктері, мақсаты, мерзімі, оқу материалын игеру реттілігі, күтілетін нәтижесі, тексеру әдістері, бағалау критерийлері оқушыларға таныстырылады. Сонымен қатар, мұғалім оқушыларға міндетті түрде тексеру жұмысының түрі мен мерзімі туралы айтуы тиіс. Маршрут парағы тек бір сабаққа дайындалатын болса, онда меңгерілетін оқу элементтері көрсетіледі. Мысалы, бір сабаққа арналған маршрут парағының үлгісі Оқу элементі

Тапсырмалар көрсетілген оқу материалы

42

Ескерту


Қосымша 2. Модуль бойынша маршрут парағының үлгісі Модуль №6 Әртүрлi ортадағы электр тогы (5 сағат) 10 сынып Модуль құрылымы

Сағат саны

Модульдiң мазмұны

Уақыт

Кiрiспе

1-шi сабақ

1. Модульге кiру 2. Лекция: “Әр түрлi ортадағы электр тогы” 3. Тiрек сызбасын түсiндiру “Әр түрлi ортадағы электр тогы” §45-51 Топтық жарыс ойындары: тап”, “қатенi “Футбол”, “домино”, “Блиц-турнир” т.б. “Әр түрлi ортадағы электр тогы” §45-51 “Қар кесегi” ойыны

5 мин 30 мин

2-шi сабақ

Сөйлесу бөлiмi

3-шi сабақ 4-шi сабақ

Қорытынды бөлiм

5-шi сабақ

Сабақтағы оқушы әрекеттерінің түрлері Оқушылар дәптерге жазады

10 мин 45 мин

Топ бойынша жұмыс

45 мин

Топ бойынша жұмыс, оқулықпен, лекция тезистерiмен жұмыс I оқушылар әр столға жауап жазып қалдырады (есеп берiлсе, есептi шығарып қалдырады). II деңгейлiк тапсырмалар орындау. Тарау бойынша қорытынды тест

“Әр түрлi ортадағы электр тогы” §45-51 “Өрмекшi” ойыны “Жұптық” жұмыс н/е “Жеке топтық” жұмыс

10 мин 35 мин

Сынақ тест

45 мин

Бiлiмдiлiк мақсаты: әр түрлi орталардағы - металдардағы, электролиттер мен балқымалардағы, газдардағы, вакуумдегi электр тогы. “Әр ортадағы ток тасмалдаушы бөлшектер, ерекшелiгi, айырмашылығы туралы бiлiм беру. Тарау бойынша алатын бiлiмдер мен дағдылар: металдардағы, электролиттердегi, газдардағы, вакуумдегi, шалаөткiзгiштердегi электр тогының табиғатын түсiндiре алуы, электролиттiк ваннасы бар қарапайым электр тiзбегiн құрастыра бiлуi, эксперимент негiзi бойынша қорытынды жасай бiлу, алған бiлiмдерiн физикалық құбылыс сырын түсiндiруге қолдана алуы, схеманы оқи бiлуi, плазманы бiлуi, шалаөткiзгiштi диод, шалаөткiзгiштердiң қолданылуын бiлу. 43


Қосымша 3. Мұғалімнің сабақ жоспарының үлгісі 10-сынып. Қоғамдық-гуманитарлық бағыт. Физика Сабақтың тақырыбы: № 1 лабораториялық жұмыс. «Тең үдемелi қозғалыс кезiндегi дененiң үдеуiн анықтау». Сабақтың мақсаты: Тәжірибе жүзінде дененiң үдеуiн анықтау және өлшеу қателігін бағалау Күтілетін нәтиже: • Тәжірибе нәтижесін талдау арқылы үдеу ұғымын тұжырымдайды. • Теңайнымалы қозғалыс талдайды. • Теңайнымалы қозғалыстың кинематикалық теңдеулерін қолдана алады. Түйінді ұғымдар: үдеу, кинематикалық теңдеулер Құрал-жабдықтар: Интерактивті тақта, электронды оқулық, астауша, шарик, секундомер, сызғыш Сабақтың барысы, кезеңдері Ұйымдастыру • Сергіту сәті

Жұмыс түрлері

Сергіту сәті Мақсатымен таныстыру Күтілетін нәтижелерді анықтау 1. Білу (тақырып мазмұны Миға шабуыл. бойынша Кім? Не? Ұжымдық жұмыс: Қандай? Қалай? Нені? Интерактивті Қашан, Не істеді? сияқты тақтадан тәжірибе сұрақтарға жауап беретін көреді. толық ақпарат іріктелінуі керек)

Мұғалімнің іс-әрекеті, тапсырмалар мазмұны Оқушыларды топқа бөлу

Оқушының іс-әрекеті Топқа бөлінеді Күтілетін нәтижелерді айтады

Оқушыларға «Тәжірибеден Жауап береді. нені байқадыңдар? Денелер Оқушылар қалай қозғалады? бақылайды, жеке Қозғалыстың қандай түрі деп жауап береді. ойлайсыңдар? Денелердің жылдамдығы мен үдеуі туралы не айтуға болады? деген 44

Бағалау түрі

Ауызша мадақтау


сұрақтарға жауап беруді ұсыну 1.Неліктен денелер 1.Тәжірибеден дене қозғалады? жылдамдығы мен үдеуінің бағыты 2.Үдеу ұғым тұжырымдау туралы қорытынды жасайды

2. Түсіну (Неге? Неліктен? Себебі? Не үшін? Сұрақтары оқушының жоғарыда берген жауаптарын тереңдету үшін қолданылады) 3. Қолдану (сарамандық) (оқулықпен жұмыс жүргізу барсысында тек қарапайым тапсырмалармен бекіту жүргізіледі)

Топпен жұмыс: 2.Көрсетілімдік тәжірибе жасау

Топпен жұмыс: Тәжірибе жасау

Нұсқаулық бойынша Тәжірибе жасайды. эксперимент жасауды ұсынады Топта талқылап, нәтижесін дәптерге жазады

Топтар «Ауызша комментарий» арқылы бірінбірі бағалайды

4. Талдау (Салыстыр, айырмашылығы неде, ұқсастығы неде? Тақырыптың басты идеясын жаз деген басты идеялар болуы керек. Немесе 1-3 тапсырмаларды Венн диаграммасын қолдануға болады) 5. Жинақтау (қорытынды, шығаруға бағытталған мазмұнды жүйеле,

Топпен жұмыс.

Математикалық есептеулер жүргізуді ұсынады

Топта талқылап, қорытынды жасайды

Критерий бойынша бағалау

Топпен жұмыс: Теңайнымалы қозғалыс үдеуі

теңайнымалы қозғалыс үдеуі туралы білімдерін жинақтауды ұсынады

Топта бірлесіп, есептеу нәтижелерін жинақтайды

Критерий бойынша бағалау

45

«Температура ны өлшеу»


анықтама бер, кесте, сызба ребус шеш деген тапсырма шартынды болуы керек) 6. Бағалау (Сен қалай ойлайсың? Не істер едің? Кері байланыс)

туралы қорытынды жасау Топпен жұмыс: Өлшеу дәлдігін жақсарту

Өлшеу дәлдігін бағалауды ұсынады. Өлшеу дәлдігін жақсарту үшін не істеу керек деп ойлайсыңдар?

46

Оқушылар абсолют қателік пен салыстырмалы қателікті бағалайды. Өз ойларын жазады

Кері байланыс


Қосымша 4. «Физика және эксперимент» таңдау курсы, 10 сынып Сабақтың тақырыбы: Практикалық жұмыс а) Білеуше горизонталь жазықтықта алғаш кіші жағымен, сосын үлкен жағымен тұрса, қысымы неше есе өзгереді? Оқу элементі Кіріспе Сыныптағы психологиялық ахуалды қалыптастыру: Миға шабуыл

Негізгі бөлім

Тапсырмалар көрсетілген оқу материалы Оқушыларды табиғат түрлері (жер, су, ауа, от) арқылы топқа бөлу. Сабақ мақсатымен, жоспарымен, күтілетін нәтижемен танысады

Ескерту

Ақпараттар және сұрақтар 1. қатты дененің қысымы қалай анықталады? 2. қандай жағдайда қысым ұлғаяды? 3. қысымның формуласы мен өлшем бірлігі? 4. массаны тығыздық арқылы қалай өрнектеуге болады? 5. жанасу бетінің ауданын арттырса қысым өзгере ме? Неге?

Оқушы жеке сұраққа жауап береді. Жауап дәптерлеріне жазылады.

1. Проблемалық сұрақ: Білеуше горизонталь жазықтықта алғаш кіші жағымен, сосын үлкен жағымен тұрса, қысымы неше есе өзгереді деп ойлайсыңдар?

Осы сұрақ бойынша оқушылар өз ойларын айтады, бірбірінің жауаптарын толықтырады.

2. Эксперимент теориясын талдау Топпен талқылауға тапсырма беріледі. 3. Өлшеу жоспарын жасау және өлшеу 4. Қорытынды: Салыстыру Қорытынды

Бағалау

47


Қосымша 5. Дихан тірек мектебінде өтілген дуэт сабақтары жоспарларының үлгілері Боранқұлова Жанар Әділбайқызы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің жоғары санатты мұғалімі Күні: 10-сынып Қазақ әдебиеті Абай әлемі - адамзаттың асыл қазынасы Сабақтың тақырыбы: • Оқушыларға Абайдың өмірі мен Жалпы мақсаты: шығармашылығынан өткенді қайталатып, қарасөздеріне постер жасату. Өз ойларын еркін жеткізе білуге, өздігінен жұмыс жасауға, шығармашылыққа баулу. Негізгі дереккөздер: Оқулық, суреттер, интерактивті тақта, постер, стикер, кері байланыс Оқушылар іздене отырып, өзігінен жұмыс Оқыту нәтижесі: жасауға үйренеді, өз ойларын еркін жеткізуге дағдыланады, постер жасап, қорғай біледі, кері байланыс жасайды. Сыни тұрғыдан ойлау Оқушы Негізгі идеялар: арқылы мәселені өздігінен жұмыстарына дұрыс шешудің жолын табуға бағыт беру. мүмкіндік беру. Сұрақ-жауап, постер жасату, эссе жаздыру. Тапсырма көздері: Жеке, жұппен, топпен жұмыс жасату, сыниМақсаты: тұрғыдан ойлау стратегиясы І "Шаттық шеңбері" «Дүкеннен зат сатып алдым» ойыны бойынша сынып оқушыларын ойландыра отырып, танысу. Сәлеметсіңдерме, балалар ? Менің атым – Жанар. Мен дүкеннен жаңғақ сатып алдым, деп келесі оқушыға сөз кезегін беру арқылы барлық оқушылармен танысу. Танысып болғаннан кейін, орындарына жайғасады. оқушыларды бірден үшке дейін санатып, үш топқа бөліп отырғызу. Бүгінгі сабақта: Ұлы ақын Абайдың әлеміне, өмірі мен шығармашылығына, қарасөздеріне постер жасау, позмаларының мазмұнын ашып, шолу жасаймыз. Тапсырмалар: 1. Жас Абайдың өмірі. (Сұрақ-жауап) 2. Абайдың шығармашылығы. ( Өлеңдерін жатқа айту) 3. Абай - күйші, сазгер. (Әндерін айту) 4. Абайдың поэмасы - "Ескендір" (Ақылдың алты қалпағы) 5 Абайдың қарасөздері (Постер жасатып, қорғату) 48


Абай Құнанбаев - қазақ әдебиеті мен өнерінің тарихында оқшау тұрған тұлға. Оның шығармашылығы қазақ халқының тұтас бір дәуірінің ақыл-ой парасатының, жаңа арнада өріс алған мәдениетінің, әдебиеті мен өнерінің асқар шыңы болып табылады. І тапсырма: Сұрақ-жауап 1. Өлең-сұрақ: Шөлдегенде қара су шайдан жақсы. Аспанда жұлдыздар бар айдан жақсы Өздеріңе қоятын бір сұрағым бар, Абайдың туған жерін кәне тапшы? Үш топқа осы өлең сұрақты беріп, қызығушылықтарын оята отырып, өлеңмен жауап алу. Слайдтар көрсету арқылы сұрақтар қойып,ақынның балалық шағы мен өмірі туралы сұрап, жауап алу. 2-тапсырма : Абай - ұлы ақын. Абайдың табиғат лирикасы, арнау өлеңдері, білім-ғылым туралы өлеңдерін түсіндіре отырып, оқушылардан сұрау. І топ: Табиғат лирикасы туралы айтып, әр оқушы өлеңдерін жатқа мәнерлеп айтады. Абайдың жыл мезгілдеріне арналған «Жазғытұры», «Қыс», «Күз», «Қараша желтоқсан мен сол бір екі ай» өлеңдерінен қазақ өмірінің тіршілігі суреттеледі. Табиғат аясында сол табиғаттың ауа райына үндесе тіршілік ететін халықтың ұлттық ерекшелігі, мінезқұлқындағы, әдет-ғұрпындағы уақыттың демімен қанына сіңісті қасиетінің жырлануы түскиіздің ою-өрнегіндей. Абай өз көзімен көріп, әсер алған табиғат көрінісін шебер суреттей отырып, табиғатты жалаң күйінде емес, оның аясында қазақы өмірді онымен қиюластырып бейнелеп, сөзбен көркемсурет жасаған. ІІ топ: Ақыл, білім, ғылым туралы өлеңдерін жатқа айтады. Бар сұлулықты көркемдікті бойына жинаған Абайдың өлең жолдары кімді де болса рухани биіктерге, болашаққа құштарлыққа тәрбиелейді. Сондықтан өзі сөз еткен мұсылман дінінің құндылықтары да дарында ақынның сөз шеберлігі, парасаттылығы арқасында ерекше сұлуланып, өзгеше биікке көтерілген. «Ғылым таппай мақтанба» өлеңінде жастарды жамандықтан жиреніп, жақсылықты үйреніп, үлгі тұтып өсуге шақырады. ІІІ топ: Абайдың даналығы туралы сөз қозғайды. Абайдың даналығынан туған шығармалар әр адамға түсінікті де жақын. Ол қазақ халқының даралығын ескере отырып, барлық адамзатқа тән өркениетті, мәнді мәселелерді қозғады. ІІІ тапсырма: Абай - күйші, сазгер. Интерактивті тақта арқылы "Сегіз аяқ" әнін тыңдатып, әр топқа өздері білетін әндерін айтқызу. Осы «Сегіз аяқ» өлеңінен Абай өзі өмір сүрген дәуірдің дерті болған 49


әлеуметтік мәселелерді кеңінен толғайды. Сол қоғамның сол ортаның індетіне айналған жат қалақ, жаман мінез, құлықсыздық, жалқаулық, арызқойлық сиқты халыққа пайдасы жоқ әрекеттерді қатты сынға алады. Ол осы сияқты бірқатар өлеңдеріне өзі ән жазған. «Желсіз түнде жарық ай» , «Көзімнің қарасы» әндері тыңдалады. ІV тапсырма: Абайдың дастандары: "Ескендір" дастанын "Ақылдың алты қалпағы" арқылы мазмұнын аштырып, айтқызу. 1. «Ақ қалпақ» киген оқушы поэманың мазмұнын толығымен баяндап шығады. Абай «Ескендір» дастанын өзінше жырлаған. Оның композициясын, сюжеттік желісін өзіне дейінгі жырлырдың ешқайсысына ұқсатпай, Ескендір Зұлқарнайын образын озбыр, соғысқұмар, данққұмар, дүниеқор, менмен, қатал, сондай-ақ ақылсыз етіп суреттейді. Оның жағымсыз бейнесін жасайды. Үлкен ақыл иесі философ Аристотельді Ескендірге қарама-қарсы қойып, Абай өзі сол дана философ жағында екенін блдіреді. 2. «Сары қалпақ» киген оқушы дастанның жағымды жағын зерделеп айтып береді. 3. «Қара қалпақ» киген оқушы дастанның қара, жағымсыз жақтарын айтады. 4. «Қызыл қалпақ» киген оқушы осы дастанды оқыған кезде қандай сезімде болғанын және ішкі болжамдары мен түйсіктерін айтады. 5. «Жасыл қалпақ» киген оқушы осы өмірмен байланыстыра отырып, креативті жаңа идеялар айтып өздерінің шеберліктерін көрсетеді. 6. «Көк қалпақ» киген оқушы осы барлық қалпақтардың айтқан ойларының дұрыс не бұрыс екенін айтып, дастанды қорытындылайды. V тапсырма: Абайдың қарасөздері. Абайдың алтыншы, он тоғызыншы, жиырма бесінші, жиырма тоғызыншы қарасөздерін \3 топқа таратып беріп, оқушылардың өздеріне оқытып, ақ қағазға сызба немесе сұлба түрінде түсіртіп, өз ойлары мен пікірлерін айтқызып, қорғату. Сабақты қорытындылау: Еліміздің Президенті, ЕлбасыНұрсұлтан Назарбаевтың " Саналы да сапалы, білімді де белсенді жастары бар елдің еңсесі - биік, болашағы - зор", - дегендей, болашақ сендердің қолдарыңда! және осы ұлы ақын, данышпан атамыз Абайдың ұлағатты, ғибратты, үлгілі өсиет сөздерін бойымыз бен ойымызға сіңіре отырып, келешеқте еліміздің "Мәңгілік ел" болуына өз үлестеріңді қосатындарыңа сенеміз. Сабақты бағалау: «Бағдаршам» арқылы оқушылардан кері байланыс алып, бағалау. Үйге тапсырма: "Абай қарасөздерінің тәрбиелік тағылымы" атты эссе жазып келу. Күні: Сабақтың

Сыныптан тыс жұмыс Жеңістің шыңы – білімде! 50


тақырыбы: Жалпы мақсаты:

Негізгі дереккөздер: Оқыту нәтижесі:

Негізгі идеялар:

Тапсырма көздері: Мақсаты:

Оқушылардан әр сала бойынша тапсырма беріп, білімдерін тексеру, ҰБТ-ға дайындау, өз ойларын еркін жеткізе білуге, өздігінен жұмыс жасауға, өз тілдерін құрметтеп, қадірлей білуге тәрбиелеу. Оқулық, суреттер, интерактивті тақта, постер, стикер, кері байланыс Оқушылар іздене отырып, өзігінен жұмыс жасауға үйренеді, өз ойларын еркін жеткізуге дағдыланады, постер жасап, қорғай біледі, кері байланыс жасайды. Сыни тұрғыдан ойлау Оқушы арқылы мәселені өздігінен жұмыстарына дұрыс шешудің жолын табуға бағыт беру. мүмкіндік беру. Сұрақ-жауап,талдау жұмыстары, тірек сызба, ереже айту. Жеке, жұппен, топпен жұмыс жасату, сыни тұрғыдан ойлау дағдыларын қалыптастыру стратегиясы

Оқушыларға түрлі смайликтер таратып, осы смайликтер бойынша 3 топқа бөліп отырғызып, артында жазылып тұрған сөздер бойынша сын тұрғысынан ойлатып, сөздер мен сөйлемдер құрату. ІІ бүгінгі сабақта: 125 ойыны І әр сала бойынша ережені мысалмен дәлелдеу. ІІ Талдау жұмыстары ІІІ Ережені басшылыққа ала отырып, тірек сызба сызу. 1-тапсырма: І топ: Фонетика саласы нені зерттейді? (Мысалмен дәлелдеу) ІІ топ: Тәуелсіз елдің тірегі – білімді жастар (Фонетикалық талдау) ІІІ топ: тірек сызба сызу: 2-тапсырма: І топ: Лексика саласы нені зерттейді? (Мысалмен дәлелдеу) ІІ топ: Байлықтың атасы – еңбек, анасы – жер. (Тура және ауыспалы мағыналарын ажырату) ІІІ топ: тірек сызба сызу: 3-тапсырма: І топ: Морфология саласы нені зерттейді?(Мысалмен дәлелдеу) 51


ІІ топ: Туған еліңнің даңқын өсіріп, еңбек ету – әрбір азаматтың парызы. (морфологиялық талдау) ІІІ топ: Тірек сызба сызу: 4-тапсырма: І топ: Синтаксис саласы нені зерттейді?(Мысалмен дәлелдеу) талдау) ІІ топ: Адам талаптанса, алынбайтын қамал жоқ. (Синтаксистік талдау) ІІІ топ: Тірек сызба сызу: 5-тапсырма: Тест тапсырмалары Сабақты қорытындылау: Оқушылардан кері байланыс алып, озып шыққан топты хабарлап, бағалау. Үйге тапсырма: Бір сөйлем алып, кешенді талдау жасау. Пәні: Қазақ әдебиеті Сабақтың тақырыбы: Жалпы мақсаты:

Негізгі дереккөздер: Оқыту нәтижесі: Негізгі идеялар:

Тапсырма көздері: Мақсаты:

Ақан мен Біржан шығармашылығы - тұнып тұрған қайнар бұлақ Оқушыларға Ақан сері мен Біржан сал қазақ халқының ән өнеріндегі жарық жұлдызы болғаны, олар өз заманының адал перзенттері екенін ұғындыру және олардың өмірлері мен шығармашылығынан тағылым ала отырып, елін, туған жерін сүюге тәрбиелеу. Өз ойларын еркін жеткізе білуге, өздігінен жұмыс жасауға, шығармашылыққа баулу. Оқулық, суреттер, интерактивті тақта, стикер, кері байланыс Оқушылар іздене отырып, өзігінен жұмыс жасауға үйренеді, өз ойларын еркін жеткізуге дағдыланады, кері байланыс жасайды. Сыни тұрғыдан ойлау Оқушы жұмыстарына арқылы мәселені өздігінен дұрыс бағыт беру. шешудің жолын табуға мүмкіндік беру. Сұрақ-жауап, топтастыру, әңгімелету, эссе жаздыру. Жеке, жұппен, топпен жұмыс жасату, сынитұрғыдан ойлау стратегиясы

І "Шаттық шеңбері" Оқушыларды ортаға тұрғызып, бір-біріне жақсы көңіл-күй сыйлатып, бірден екіге дейін санатып, екі топқа бөліп отырғызу. 52


Бүгінгі сабақта: Ақан сері мен Біржан сал серілердің өмірі мен шығармашылығына тоқталып, шолу жасаймыз. «Ақан сері» тобы және « Біржан сал» тобы Тапсырмалар: 1. Біржан сал мен Ақан сері – асқақ өнер иесі (Топтастыру) 2. Сал – серінің аты аян алты алашқа (Өлеңдерін жатқа айту) 3. Ақын трагедиясы – адамзаттық трагедия (Ақылдың алты қалпағы) 4. Айтамын замандасқа біраз кеңес (Венн диаграммасы) 5 «Синквейн» (Сал-серілерге бес жолды өлең) Біржан сал – ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы сал-сарілердің ең басында тұратын есім. Ол ақындық пен сазгерлікті, сазгерлік пен әншілікті ұштастыра отырып, қазақ өнерінің үш бірдей саласын жаңа биікке шығарып, ерекше даңққа бөледі. Ақан ел есінде ақын,әнші, сазгер ретінде ғана қалған жоқ, ол сері ретнде де өз заманының мәдениетін биікке қөтерді. Жұрт Ақанның әнін ғана емес, сөзін іс-әрекетін, қимыл-қозғалысын, жүріс-тұрысын, кәсбін – бәрін де қалт жібермей қадағалағандықтан ол өзін ерекше ұстай білген. 1. «Біржан сал мен Ақан сері - асқақ өнер иесі» 2 топқа топтастыру сызбасы арқылы «Біржан – кім?» «Ақан – кім?» сұрақтарына жауап жаздыртып, қорғату.

2. «Сал-серінің аты аян алты алашқа» Сал серілердің өмірі мен шығармашылықтарына тоқталып өтіп, өлеңдерін жатқа сұрау.

53


Біржан сал Қожағұлұлы Туған жері: Қазіргі Көкшетау облысы, Еңбекшілер ауданы, Степняк қаласы. Қызметі: ақын, әнші, компазитор. Қазақтың ән өнерін дамытып, халық музыкасын өз шығармашылығымен биік белеске көтерген аса дарынды сазгер, руы - Керей. Әкесі Тұрлыбай кедей шаруа болған, Қожағұл – Біржанның атасы. Біржан салдың әншілік өнерін дамытушылар: Жаяу Мұса, Ақан сері, Балуан шолақ т.б. Біржан салдың бізге жеткен 44-ке жуық әні бар. Біржан суырыпсалма ақын болған. Біржанның ақындық-дарын қабілетінің бірі – айтыскерлігі. Біржан айтыстарының ішінде ең шоқтығы биік тұрғаны – Сарамен айтысы. Бұл айтыс қоғамдық-әлеуметтік мәселені көтеріп, тарихта қалды. Сараның басына бостандық әперді. Біржан сал жасы алпыстан асқан шағында ағайын-туыстары «қартайдың, үйде отыр» деп, тіпті «жынданды» деп керегеге таңып тастады. Оған ақын қатты күйзелді. Біржан сал 1897 жылы 63 жасында дүниеден өтеді. Біржанның алғашқы әні - «Біржан сал». «Жанбота» - қоғамдық-әлеуметтік жағдайға байланысты. «Жамбас сипар», «Теміртас», «Қарасу», «Адасқақ» әндері заманның әділетсіздігіне байланысты. «Ләйлім-Шырақ», “Ақтентек” , “Жайма-шуақ”, «Айтбай» ,«Алтын балдақ», «Бірлен», «Ғашығым», «Мәті-Дәурен», «Ақ қошқар», «Біржан мен Сара айтысы», «Теміртас», «Бурылтай», «Шідер», «Көлбай-Жанбай» , «Көкек», «Телқоңыр», «Жонып алды», «Ақсеркеш», «Талай заман» т.б. Ақан сері Қорамсаұлы Туған жері: Көкшетаудың Күнбатыс жағындағы Қоскөл деген жер. Қызметі: ақын, әнші, сазгер, домбырашы, бүркітші, аңшы, сері. Әкесі 13 жасында молдаға діни оқуға береді. Бұдан кейін Қызылжардағы Уәли ахун хазіреттің медресесінде оқиды. Араб, парсы тілдерін меңгереді.Шығыс классиктерінің мұраларымен танысады.Ақан сазгерлікпен бірге атбегілік, құсбегілік, аңшылқ, саятшылық өнерді де қоса меңгереді. Ақан ел есінде өз заманының мәдениетін биікке көтерген сері ретінде қалды.Ақан-әншілік-орындаушылық қабілеті еркше дарыған тұлға. Ақанның атын әуелеткен сәйгүлігі Құлагер еді. Ақанның өмірінің соңында жалғыз елсіз тауда күнелтуіне зор ықпалын тигізген де Құлагердің мерт болуы еді. Ақан 1913 жылы дүниеден өтті. Шығармалары: «Заман адамы» туындысы еріншектік, жалқаулық. «Маңмаңкер» Құлагерге арнаған туындысы. Лирикалық өлеңдері: «Бір жұлдыз бар әуеде шыр айналған» «Ақтоқты», “Ақсаусақ», «Мақпал», «Жамал қыз», «Балқадиша» Тәлім-тәрбиелік мәнінде: 54


«Айтамын замандасқа біраз кеңес», «Адамның біліміне ақыл серік», «Әйелдер сипаты», «Жігіт сипаты», «Жігіттерге», «Өсиет өлең», «Жақсы мен жаман» Қоғамдық-әлеуметтік тақырып: «Заманға қарап айтқан сөз», «Жүсіп төреге» Ақан трагедиясына арқау болған: «Құлагер» 3. « Ақын трагедиясы – адамзаттық трагедия» Оқушыларға «Ақылдың алты қалпағын» кигізіп, сал-серілердің өмірі мен шығармашылығының ұнамды-ұнамсыз жерлерін айтқызып, жаңа идеялар қостыртып, сын тұрғысынан ойлату. 4. «Айтамын замандасқа біраз кеңес» Оқушыларға венн диаграммасын құрастыртып, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын таптырту.

сал-серілердің

5. «Синквейн» бес жолды өлең құрастырту. «Біржан – ел еркесі» «Ақан – асқақ өнер иесі» 1. Зат есім 2. Сын есім 3. Етістік 4. Сөйлем құрау 5. Бір синоним Сабақты қорытындылау: Елі ардақтап, халқы қадірлеген Ақан сері мен Біржан салдың сан қырлы өнерлерінің рухани өмірі ғасырлар бойы жасайды Жүрегін ән тербеген бабаларымыздан қалған өлмес өнер заманнан заман өткізіп, бүгінгі күнге де жетіп отыр. Қазақ музыка өнерінде аттары алтын әріппен жазылған Біржан сал, Ақан сері әндері құстай ұшып барып, қонған жерінде шырқала береді. Міне, сайын дала театрының өнерпаздары болған сал-серілеріміздің әсем де көркем туындылары халық жадында мәңгі қалмақ. Сөз өнерін, ән өнерін сүйіп, бағалап, құрметтеп өтейік. Кері байланыс: Ұшақ арқылы “Екі жұлдыз, бір тілек” ұшырып жіберу Үйге тапсырма: " Біржан сал мен Ақан сері – қазақ ән-жырының шамшырағы» атты эссе жазып келу.

55


Қосымша 6. 10 сынып оқушысының дайындаған оқу жобасының үлгісі Тақырыбы: Ауаның ылғалдылығының адам организміне әсері Оқу пәні: физика Ұзақтығы: 2 сабақ Мақсаты: Бөлмедегі ауаның салыстырмалы ылғалдылығын анықтау. Құрал-жабдықтар: Термометр, суы бар стакан, жіп және дәке Күтілетін өнім: Салыстырмалы талдау Жоба барысы Жер бетінің көп бөлігін су алып жатқандығы белгілі. Мұхиттан, теңізден, көлден, су қоймаларынан, өзеннен және т.б. бетінен судың булануының нәтежиесінде ауада әрдайым су буы болады. Оның бар болуы маңызды рөл атқарады. Атмосферада болып жататын үдерістер де, ауа райы да, ондағы су буының мөлшеріне байланысты. Ол адамның көңіл күйіне, көптеген органдарының қызметіне, өсімдіктің өсуіне үлкен әсерін тигізеді. Ол сондай-ақ, техникалық нысандардың, сәулет ғимараттарының, көркемөнер шығармаларының, түрлі азық-түліктердің сақталуына да әсер етеді. Сондықтан ауаның ылғалдылық дәрежесін, яғни ондағы су буының мөлшерін қалай анықтауға болады? 1. Ауадағы су буы, әдетте, қанықпаған болады. Егер ауадағы су буы қаныққан болса, онда жер бетінде ешқашан кебу үдерісі жүрмеген болар еді. Шындығында да, ауадағы су буы неғұрлым қанықпаған болса, ауа соғұрлым құрғақ болады. Ауаның ылғалдылық дәрежесін анықтау үшін ондағы су буы қанықпаған күйге жақын немесе қанықпаған екендігін білу маңызды. Осы мақсатта салыстырмалы ылғалдылық ұғымы енгізіледі. Ауадағы су буы Р қысымының берілген температурадағы қаныққан будың Рқ қысымына қатынасына тең процентпен өрнектелетін шаманы ауаның салыстырмалы ылғалдылығы : деп атайды: Атмосфералық ауаның салыстырмалы ылғалдылығы неғұрлым аз болса, соғұрлым әр түрлі су қоймаларындағы, өсімдіктердегі,адам организміндегі судың булануы тезірек жүреді. 2. Салыстырмалы ылғалдылық тек ауадағы су буының мөлшеріне ғана емес, сондай-ақ температураға да байланысты. Егер ауадағы су буының мөлшері өзгермесе, онда температура төмендегенде салыстырмалы ылғалдылық артады. Бұл ауаның температурасы төмендеген сайын су буының қанығуға жақын болатындығымен түсіндіріледі. Температура шық нүктесі деп аталатын нүктеге Тш жеткен кезде бу қанығады, яғни Р= Рқ. Одан әрі салқындау будың жартылай конденсациялануына әкеледі. Егер ауаның температурасы шық нүктесінен сәл төмен болса, бу конденциялана бастайды:тұман түсіп және әртүрлі нәрселерде шық тамшылары пайда болады. Бұл жағдайда судың булану және будың конденциялану үдерісі бірдей қарқында өтеді. Ауаның салыстырмалы ылғалдылығын есептеу үшін белгілі бір Часть рисунка с идентификатором отношения rId11 не найдена в файле.

56


температурадағы Рқ қаныққан бу қысымының кестелік пайдаланылады. Ол үшін: a) ауаның температурасын өлшеп, кесте бойынша осы температураға сәйкес келетін қаныққан будың қысымын табу керек; ә) шық нүктесін анықтап, сол кесте бойынша ауадағы су буының қысымын табу керек; б) формула бойынша ауаның салыстырмалы ылғалдылығын есептеу керек. 3. Ауаның ылғалдылығын жылдам анықтау үшін, көбінесе, психрометрлерді қолданады. Бұл - бірдей екі термометрден тұратын аспап. Олардың біреуінің резервуары матамен оралады, оның ұшы суы бар ыдысқа салынады. Құрғақ термометр-ауаның температурасын, ал ылғал термометр буланған сұйықтың температурасын көрсетеді. Мата бойымен көтерілген су булана отырып, термометр резервуарының бетін салқындатады. Ауа неғұрлым құрғақ болса, яғни оның салыстырмалы ылғалдылығы аз болса, соғұрлым матадағы судың кебу жылдамдығы жоғары және оның температурасы құрғақ матаға қарағанда төмен болады. Құрғақ және ылғал термометрлердің көрсеткіштерінің айырмасын біле отырып, арнайы құрылған психрометрлік кестенің көмегімен, ауаның салыстырмалы ылғалдылығын бірден анықтайды. Ауада су буының болуы - Жерде өмір сүруге қажетті жағдай. Ауаның бір келкі ылғалдылығы адамның бір қалыпты өмір сүруі мен қызмет етуіне қажетті жағдай туғызады. Медициналық-биологиялық зерттеулер тұрғын үйлердегі ауаның тиімді салыстырмалыылғалдылығы 40%-60% аралығында болу керектігін көрсетті. Төменгі салыстырмалы ылғалдылықта тез буланудың әсерінен мұрын, өңеш, өкпенің шырышты қабықтары кеуіп, салқын тиюге және басқа аурулардың пайда болуына әкеліп соғады. Ересек адам бір қалыпты жағдайда жұмыс істегенде күніне 2кг-дай су жоғалтады.

1. 2. 3. 4. 5.

Бөлме ішіндегі ауаның ылғалдылығын анықтау Жұмыстың барысы: Бөлмедегі ауаның температурасын t1 өлшеу. Дәкенің ұшы салбырап тұратындай етіп термометрдің резервуарын орап, дәкенің салбыраған ұшын суы бар стаканға түсіру. Термометрдегі сынап бағаны тоқтағаннан кейінгі ылғал термометрдің температурасын жазу. Психометрлік кесте бойынша ауаның салыстырмалы ылғалдылығын табу. Өлшеу нәтежиелерін кестеге толтыру

Ол былай есептеледі: 1. Құрғақ термометрдің температурасы t1= 20°С 2. Ылғал термометрдің температурасы t2= 15°С 3. Құрғақ және ылғал термометрлер көрсетулерінің айырымын табу: 4. ∆t= t1- t2=20°С -15°С=5°С 57


5. 20°С пен 5°С-тың кестедегі қиылысу мәні ауаның салыстырмалы ылғалдылығы болады. Ол 59% болады. № 1 2 3 4

t1 20°С 26°С 28°С 22°С

t2 15°С 18°С 19°С 16°С

5°С 8°С 8°С 6°С

∆t= t1- t2

Часть рисунка с идентификатором отношения rId11 не найдена в файле.

S 80 m² 52m² 32m² 72m²

59% 46% 42% 54%

Қорытынды: Бөлмедегі құрғақ ауаның температурасы жоғары болған кезде бөлмедегі ауаның ылғалдылығы соғұрлым азаятыны анықталды. Сонымен қатар бөлменің ауданына да байланысты. Бөлменің ауданы кіші болған сайын, ауаның ылғалдылығы кемиді. Психрометрикалық кесте Құрғақ термометрдің көрсетуі °С 0 2 4 6 8 10 12 14 16 18 20 22 24 26 28 30

Құрғақ және дымқыл термометрлер көрсетулерінің айырмасы °С 0 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 100 100 100 100 100 100 100 100 100 100 100 100 100 100 100 100

81 84 85 86 87 88 89 89 90 91 91 92 92 92 93 93

63 68 70 73 75 76 78 79 81 82 83 83 84 85 85 85

45 51 56 60 63 65 68 70 71 73 74 76 77 78 78 79

28 35 42 47 51 54 57 60 62 65 66 68 69 71 72 73

58

11 20 28 35 40 44 48 51 54 56 59 61 62 64 65 67

14 23 28 34 38 42 45 49 51 54 56 58 59 61

10 18 24 29 34 37 41 44 47 49 51 53 55

7 14 20 25 30 34 37 40 43 46 48 50

5 11 17 22 27 30 34 37 40 42 44

9 15 20 24 28 31 34 37 39


Қосымша 7. Сессия кезінде жоғарғы сынып оқушыларымен ұйымдастырылған тренинг үлгісі Тренинг тақырыбы: Түсіністікке үйренеміз немесе жанжалды жеңе білейік Мақсаты: Конфликт – дау, айтыс, сәтсіздік түсініктерін анықтау. Дау кезіндегі адамның эмоциялық күйін бақылау. Қатысушылар: сессияға келген жоғарғы сынып оқушылары Жоспары: 1. Кіріспе 2. Ой шақыру 3. «Ашуланамын, азаптанамын, қапаланамын» жаттығу 4. «Қай кезде маған ұнайды...» жаттығу 5. Ситуациялық жағдайлар 6. Ішкі әлемім 7. Қорытынды Ұйымдастыру кезеңі Сәлемдесу жүргізу 1-тапсырма Ой шақыру

Дау жанжал

Түсіністік

2-тапсырма «Ашуланамын, азаптанамын, қапаланамын» Балаларға жұмсақ ойыншықтар беріледі. Осы ойыншыққа қалай ашу шақыра аласың деген сұрақ бойынша пікір айтамыз. Егер балалар ашу шақырғанға ұялатын болса, «кім қатты ашуланады» деген ойын түрінде жарыс ұйымдастыруға болады. Ең бастысы оқушылардың ашуланған кездегі әрекеттерін бақылау. Осыдан кейін оқушыларға жайырақ «ашулану» ұсынылады. Балаларға таныс емес ашу түрлерін көрсету керек. мысалы, сөзбен қалай ашуланады? немесе әртүрлі әлпетпен қалай ашуланады? Жаттығуларды талдау сұрақтары: 1) Өз ашуларыңды көрсеткен оңай ма? Неліктен? 2) Түр әлпетпен ашулана аласыңба? 3-тапсырма «Қай кезде маған ұнайды...» Берілген сөйлемдерді аяқтау 59


Мен ашуланамын, егер ... Мен өзімді ұстай алмаймын, қай кезде ... Маған ешнәрсе ұнамайды ... Мен қатты ызаланамын, егер ... Мен шыдай алмаймын, егер ... Мен тіпті «жанданамын», егер ... Айтылған пікірлер парақтарға жазылып, талқыланады. -

4-тапсырма «Жағдаяттар» №1 Сіз мектептің дәлізінен өтіп барасыз. Терезенің жанында сіздің екі танысыңыз әңгімелесіп тұр. Сіз жақындаған кезде олар үндемей қалды да, бір-бірімен ымдасып күлді. Сіз өтіп бара жатып, жалт қараған сәтте олар сізге қарап түр екен. Сіздің қарағаныңызды байқап, олар көзін ала сала, бір-бірімен сөйлесе бастады. Сұрақ: Аталған жағдай дау-жанжалға жатады ма? Неліктен? Қызығушылық дауларын қалай түсінесіз? Тапсырма: топтық жұмыс. Дау тудыруға ықпал ететін жағдаяттар құрастыру, неліктен аталған жағдаяттар дау тудыруға ықпал ететіндігін талдау. Қорытынды.

60


Қосымша 8. Тірек мектебінің (ресурстық орталықтың) тәрбие жұмысының жоспары Мерзімі

Іс-шара атауы

Өтілу формасы

Ресурстық орталық Кеңес (жиналыс) Қыркүйек жұмысын жоспарлау. Шығармашылық топтар құру Жақын маңда Дөңгелек үстел Жыл бойы орналасқан жиналыстар мектептерді ата-аналарымен жұмысы Жаңарту, Жыл бойы Мектеп сайтымен қашықтықта жұмыс қарымқатынаста болу Мектеп Жыл бойы кітапханасының базасындағы ақпараттық орталық жұмысы Жыл бойы Көшбасшылық Акциялар, пікір қозғалыстың сайыстар дамуы

Жыл бойы Жалпыға бірдей құқықтық білім беру Ақпан

Құқық сабақтар, лекциялар жаднамалар

Жауапты мұғалімдер Мұғалімдер, сынып жетекшілері, әкімшілік

Ұйым басшылары

Ата-аналар, мұғалімдер, әкімшілік

Ұйым басшылары, Ата-аналар комитеті

Мұғалімдер

Информатик а пәні мұғалімдері

Мұғалімдер, оқушылар

Кітапханашы

Әлеуметтік педагог, Мұғалімдер

Директорды ң тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

Мектеп оқушылары, мұғалімдер, ата-аналар

Сынып жетекшілер, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Сынып жетекшілер, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Әлеуметтік педагог Сынып жетекшілер, педагогтар

Ашық есік күні. Ашық іс-шара Ресурстық орталық мектептердің өзара қарым қатынасы

Оқушылар, мұғалімдер, ата-аналар

Әңгіме, акциялар, жанұялардың үйіне бару, материалдық көмекке зәру отбасылардың

Оқушылар, мұғалімдер, ата-аналар

Жыл бойы Әлеуметтік тәрбиелік іс шара

61


Наурыз

Тәрбие жұмысы барысында және сабақтан тыс уақытта АКТ қолданылуы

Жыл бойы Сауықтыру жұмысы

балаларына көмек көрсету Дөңгелек үстел, пікірталастар т.б

Медициналық диагностика

Сәуір

Мектептердің тәрбие жұмысындағы дәстүрлер мен инновациялар

Мамыр

Ресурстық орталық Дөңгелек үстел жұмысына талдау

Жиналыс

62

Мұғалімдер

Сынып жетекшілер, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Оқушылар, Мұғалімдер, мұғалімдер, медбике, ата-аналар сынып жетекшілер Сынып Сынып жетекшілер, жетекшілер, директордың директордың тәрбие ісі тәрбие ісі жөніндегі жөніндегі орынбасары орынбасары Білім Әдіскерлер бөлімінің әдіскері


Қосымша 9. Оқу сессияларын өткізуге дайындық жұмыстарының жоспарларының үлгілері Күзгі оқу сессиясына дайындық жоспары № 1

2

3 4 5 6 7 8 9 10

11

12

13

14

15

Атқарылатын іс-шараның мазмұны РО және магниттік мектептердегі 8-9-10-11 сынып оқушыларының тізімін анықтау Оқушының тамақтануын ұйымдастыру, ас мәзірін құру, бекіту Оқушыларды психологиялық, медициналық жағынан дайындау Күзгі оқу сессиясының сабақ кестесін құру Қолданбалы, таңдау курстарын ұйымдастыру Кіру, шығу тестісін дайындау

Мерзімі

Өткізілетін орны

Қазан

Тірек мектебі (РО)

Қазан

Аудандық білім бөлімі

Қазан

Сыныптан тыс іс-шаралардың жоспарын құру Оқушылардың білім көрсеткіші мониторингін жасау Оқушылардың өсу динамикасына диаграмма жасау Күзгі оқу сессиясының қорытынды сараптамасын жасау үшін психологиялық сауалнамалар дайындау РО базасында оқушыларды ғылыми жобаларға дайындау. ЖОО-мен, БАИ-мен семинар ұйымдастыру Сессияның онкүндігінде модульдік оқыту технологиясымен сабақ өткізуге дайындық ретінде панорамалық сабақ ұйымдастыру Модульдік оқыту технологиясымен дайындалған сабақтардың құрылу сапасын тексеру Сабаққа «өзіндік талдау, тех картамен» жұмыс жасау үлгілерімен таныстыру Магниттік мектеп оқушыларына арналған сессияаралық тапсырмалар жоспарын құру

Қазан

Диқан тірек мектебі (РО) Диқан тірек мектебі (РО) Диқан тірек мектебі (РО) Диқан тірек мектебі (РО) Диқан тірек мектебі (РО) Диқан тірек мектебі (РО) Диқан тірек мектебі (РО) Диқан тірек мектебі (РО)

Қазан Қазан Қазан

Қазан Қазан Қазан

Қазан

Диқан тірек мектебі (РО)

Қазан

Диқан тірек мектебі (РО)

Қазан

Диқан тірек мектебі (РО)

Қазан

Диқан тірек мектебі (РО)

Қазан

Диқан тірек мектебі (РО)

63

Жауаптылар


Көктемгі қорытынды сессияға дайындық жоспары №

Атқаратын іс-шараның мазмұны

Мерзімі

1

Сессияның басталу туралы бұйрықты әзірлеу, бекіту Оқушылар тасымалын ұйымдастыру, жанар май бөлу. Оқушының тамақтануын ұйымдастыру, асмәзірін құру, бекіту Оқушыларды психологиялық, медициналық жағынан дайындау ІІІ сессияның сабақ кестесін құру

Сәуір

Қолданбалы, таңдау курстарын ұйымдастыру Кіру,шығу тестісін дайындау

Сәуір

Сыныптан тыс іс-шаралардың жоспарын құру Оқушылардың білім көрсеткіші мониторингін жасау Оқушылардың өсу динамикасына диаграмма жасау ІІІ оқу сессиясының қорытынды сараптамасын жасау үшін психологиялық сауалнамалар дайындау Көктемгі сессияда модульдік оқыту технологиясымен сабақ өткізуге дайындық ретінде істәжірибе бөлісу мақсатында дөңгелек үстел өткізу. Модульдік оқыту технологиясымен дайындалған сабақтардың құрылу сапасын тексеру. Теориялық кезеңнің аяқталуына байланысты оқушылар конференциясын ұйымдастырып, өткізу Ресурстық орталықтың көктемгі, күзгі, қысқы сессиясына сараптама жүргізу Ресурстық орталықтар желісінің жылдық жұмысының қорытындысы

Сәуір

2 3

4 5 6 7 8 9 10 11

12

13

14

15

16

Сәуір Сәуір Сәуір Сәуір

Сәуір

Сәуір Сәуір Сессия кезінде

Өткізілетін орны Аудандық білім бөлімі Аудандық білім бөлімі Тірек мектебі (РО) Тірек мектебі (РО) Тірек мектебі (РО) Тірек мектебі (РО) Тірек мектебі (РО) Тірек мектебі (РО) Тірек мектебі (РО) Тірек мектебі (РО) Тірек мектебі (РО)

Сәуір

Тірек мектебі (РО)

Сәуір

Тірек мектебі (РО)

Мамыр

Тірек мектебі (РО)

Мамыр

Тірек мектебі (РО)

Мамыр

Тірек мектебі (РО)

64

Жауаптылар


Қосымша 10. Мұғалімдер әрекеттерін рейтингілік бағалау жүйесі І. МҰҒАЛІМ ӘРЕКЕТТЕРІН РЕЙТИНГІЛІК БАҒАЛАУ Оқу-тәрбие үдерісін кадрмен қамтамасыздандыру мектепті басқару жүйесінің маңызды буындарының бірі болып табылады. Кадрды басқарудың дұрыс таңдалған жүйесі – мектептің әкімшілігінің жетістікті жұмысының негізі. Жалпы білім беретін білім ұйымдарындағы педагогикалық қызметкерлермен жүргізілетін жұмыстың негізгі бағыттарының бірі – мұғалім еңбегінің нәтижесін бағалау процесі. Мектепте мұғалімнің еңбегіне бағалау жүргізбей мектептің дамуын болжамдау қиындық туғызады. Педагогикалық әрекеттерді диагностикалау және оны бағалау басқарудың негізгі бөлімі болып табылады. Ағымдағы оқу жылында мұғалімнің еңбегінің нәтижелілігіне қарай (рейтинг) бағалау үшін диагностикалауды әрбір жартыжылдықта үздіксіз жүргізіп отыру қажет. Мектеп әкімшілігі әрбір жекелеген педагогтің мәртебесін арттыра отырып, оның кәсіби еңбек етуге уәжденуіне ықпал ете мұғалім туралы барлық ақпараттарды (жетістіктері мен кемшіліктері) білуі тиіс. Мұғалімнің әрекеттерін бағалау критерийлері нақты болған жағдайда диагностикалау үдерісін жеңілдетуге болады. Пән мұғалімдерінің диагностикалық картасында мұғалімнің тоқсандық және жартыжылдық қорытындылары бойынша қойылған екіліктер саны мен орташа балл туралы мәліметтер жинақталады. Әдістемелік жұмыстың диагностикалық картасынан оқушылардың пән олимпиадалары мен ғылыми жобалардағы, әртүлі деңгейдегі байқаулардағы орындары, пән бойынша өткізілген сыныптан тыс шаралар, мұғалімнің жарияланымдары және т.б. туралы ақпараттар алуға болады. Мұғалім туралы алынған осындай ақпараттар директордың орынбасарлары шығаратын рейтингтің негізі болып табылады. І жартыжылдықтың және оқу жылының қорытындысы бойынша мұғалімнің рейтингісі келесі параметрлер бойынша есептеледі (кесте 1): - оқу әрекеттерінің нәтижелілігі; - мұғалімнің әдістемелік әрекеттерінің нәтижелілігі; - қоғамдық жұмыстар; - құжаттармен жұмыс; - еңбек тәртібі; - сынып жетекшілігі; - балалардың денсаулығы және қауіпсіздік техникасының сақталуы. Мұғалімдердің рейтингісін анықтау мұғалімдерді анықталған өзекті мәселелердің шешімдерді іздестіруге ынталандыруы, болашақта өзін-өзі жетілдіруге ықпал етуі керек. Сонымен қатар, педагогикалық ұжымның қорытындысының берілу формасы да маңызды. Сондықтан, қорытынды кестеде (кесте 2) жекелеген мұғалімнің рейтингінің қорытынды мәнімен қатар әрбір параметрлер 65


бойынша мәні, сабақ беретін сыныптары көрсетіледі. Бұл өз кезегінде мұғалімнің жетістіктерін көруге мүмкіндік береді. Рейтингінің екінші берілу формасы «Мектептегі әдістемелік бірлестіктер бойынша мұғалімдердің рейтингісі» арқылы пән мұғалімдері ұжымының жұмыстарының нәтижелілігі туралы ақпарат алуға болады. Сонымен, мұғалімдердің кәсіби әрекеттерін рейтингілік бағалау және диагностикалаудың ұсынылып отырған технологиясы: - мұғалімнің өз еңбегінің нәтижесін және оның ұжымда алатын орнын нақты анықтауға; - мұғалімнің әлеуетін көруге; - үздіксіз білім жетілдіру мен кәсіби өсуге ынталандыруға мүмкіндік береді. Мектеп әкімшілігі үшін аталған технология: - мұғалімдердің еңбегінің нәтижелерінің үздіксіз диагностикасын жүзеге асыруға; - мұғалімдердің нақты нәтижелеріне сәйкес ынталандыру жүйесін жетілдіруге; - мұғалімдердің жеке және деңгейлік деңгейде біліктілігін арттыру үдерісін ұйымдастыруға мүмкіндік береді.

66


Қосымша 11. ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ ӘРЕКЕТТЕРІН РЕЙТИНГІЛІК БАҒАЛАУ ТУРАЛЫ ЕРЕЖЕ 1. Жалпы ережелер 1.1. Педагогикалық қызметкерлердің әрекеттерін рейтингілік бағалау туралы ереже кәсіби әрекеттерді жүзеге асыратын мектептің барлық педагогтары үшін орындалады. 1.2. Ереже шығармашылық топтарда, бірлестіктерде талқаланғаннан соң мектептің әдістемелік кеңесінің отырысында бекітіледі. 2. Педагогикалық қызметкерлердің әрекеттерін рейтингілік бағалау жүйесін қолданудың негізгі қызметтері, мақсаттары, міндеттері, принциптері 2.1. Мектептегі рейтингінің негізгі қызметі – педагогикалық ұжымның әрекеттерін диагностикалау және бағалау. 2.2. Мақсаты – мұғалімдердің, шығармашылық топтардың, әдістемелік бірлестіктердің жұмысының сапасы туралы объективті ақпараттар алу. 2.3. Негізгі міндеттері: 2.3.1. Педагогтардың әрекеттерін өзіндік бағалау. 2.3.2. Аудандық (қалалық) деңгейде мектептің алатын орнын анықтау мақсатында білім ұйымының әрекеттерін өзіндік бағалау. 2.4. Педагогикалық қызметкерлердің әрекеттерін рейтингілік бағалау негіздерінің принциптері 2.4.1. Рейтингіні бағалаудың ашықтығы. 2.4.2. Мұғалімнің кәсіби дамуының жеке ерекшеліктерін ескеру. 2.4.3. Мұғалімнің өзіндік бағалауы мен ішкі бағалаудың әлеуетін арттыру. 3. Педагогикалық қызметкерлердің әрекеттерін рейтингілік бағалау жүйесінің құраушылары 3.1. Педагогтің рейтингісін анықтау жолдары 3.1.1. Берілген уақыттағы әрекеттерді өздік бағалау 3.1.2. Мектепішілік бақылау жүйесі. 3.2. Жинақталған мәліметтерді өңдеумен құрамына мектеп әкімшілігі, бірлестік жетекшілері, әдістемелік кеңес мүшелері бар ұйымдастыру құрылымы жүзеге асырады. 3.3. Педагогтердің рейтингісін анықтау барысында 3.3.1. Оқу әрекеттерінің нәтижелілігі (R1); 3.3.2. Мұғалімнің әдістемелік әрекеттерінің нәтижелілігі (R2); 3.3.3. Қоғамдық жұмыстар (R3); 3.3.4. Құжаттармен жұмыс (R4); 3.3.5. Еңбек тәртібі (R5); 3.3.6. Сынып жетекшілігі (R6); 3.3.7. Балалардың денсаулығы және қауіпсіздік техникасының сақталуы (R7). 67


4. Мектепте педагогикалық қызметкерлердің рейтингісін анықтау технологиясы және ұйымдастыру 4.1. Оқу бағдарламаларын жетістікпен жүзеге асыру, оқушылардың оқудағы және сыныптан тыс жетістіктері, педагогтың кәсіби әрекеттері педагогикалық қызметкерлердің әрекеттерін рейтингілік бағалау нысандары болып табылады. 4.2. Педагогтердің рейтингісін анықтауға арналған жалпы формула: R(жалпы) = R1 + R2 + R3 + R4 + R5 + R6 + R7 4.3. Педагогтердің рейтингісін анықтау жиілігі – жылына 2 рет (желтоқсан-қаңтар, мамыр-маусым)

68


№ 1.

Қосымша 12. Мұғалім жұмысының сапасын бағалау критерийлері Критерийлер Көрсеткіштер Оқу әрекеттері 1. үлгерім % 3 балл – 100 % 2 балл – 95-99 % 1 балл – 80-94 % 0 балл – 79 % және одан төмен 2. Білім сапасы % 3 балл – 70-100 % 2 балл – 50-69 % 1 балл – 40-49 % 0 балл – 39 % және одан төмен 3. үлгерімнің орташа балы 3 балл – 70-100 % 2 балл – 50-69 % 1 балл – 40-49 % 0 балл – 39 % және одан төмен 4. Пән бойынша үлгерімнің орташа балы 3 балл – «5» және «4» 2 балл – 3,5-3,9 1 балл – 3,0-3,4 0 балл – 2,9 және одан төмен 5. Мектепішілік пән олимпиадаларының, ғылыми жоба жарыстарының, марафондар мен байқаулардың жеңімпаздары Әрбір жеңімпазға 1 балл қойылады. 6. Аудандық (қалалық) пән олимпиадаларының, марафондар мен байқаулардың жеңімпаздары 5 балл – 1 орын 3 балл – 2 орын 2 балл – 3 орын 1 балл – тапсырманың 75 % орындалса 7. Облыстық (республикалық) пән олимпиадаларының, марафондар мен байқаулардың жеңімпаздары 10 балл – республикалық деңгейдегі орын 5 балл – облыстық деңгейдегі орын 3 балл – облыстық деңгейге қатысқаны үшін 8. Оқушылардың пән мұғалімінің жетекшілігімен ғылыми жоба жарыстарына қатысуы 10 балл – республикалық деңгейдегі орын 5 балл – облыстық деңгейдегі орын 3 балл – облыстық деңгейге қатысқаны үшін 2 балл – аудандық (қалалық) деңгейге қатысқаны үшін 69


Кестенің жалғасы

2.

Ғылымиәдістемелік жұмыс

3.

Қоғамдық жұмыс

9. Мұғалімнің кәсіби деңгейі (дау-дамайды шешу білігі, дау-дамайдың және шағымның болмауы). Оқушылар мен ата-аналар арасында жүргізілген сауалнама негізінде анықталады. 3 балл - дау-дамай және шағым болмаған жағдайда 1 балл - дау-дамай дұрыс шешілген жағдайда 0 балл – мәселені шешкеннен бас тартқан жағдайда 10. Оқушылармен қарым-қатынасы. Оқушылар арасында жүргізілген сауалнама негізінде анықталады. 3 балл – оқушылармен қалыпты, сыпайы қарымқатынаста 0 балл – қарым-қатынас мәдениетінің бұзылуы 11. Мұғалімнің кәсіби байқаулар мен жарыстарға қатысуы 5 балл – жеңімпаз 3 балл – номинат 2 балл – қатысқаны үшін 12. Тәжірибе алмасу: әрбір іс-шара үшін – 3 балл 13. Әдістемелік бірлестікке дайындаған хабарламалары мен баяндамалары: 2 балл – әрбір дайындаған материалы үшін 14. Педагогикалық кеңеске, конференцияларға, семинарларға және т.б. дайындаған хабарламалары мен баяндамалары: 3 балл – әрбір дайындаған материалы үшін 15. Әдістемелік бірлестіктегі жұмысы: 3 балл – бірлестік жетекшілігі 2 балл – бірлестіктегі жетістігі 16. Мектептің комиссиясындағы жұмыс 2 балл – жеке комиссиядағы жұмысы 17. Қоғамдық тапсырмаларды орындау 5 балл – ұзақ мерзімді тапсырманы орындау 1 балл – қысқа мерзімді тапсырманы орындау 18. Мектептің жұмысын насихаттауы, мұғалімдер мен оқушылардың шығармашылық жұмыстарын жариялау 3 балл – әрбір жарияланым үшін

70


Кестенің жалғасы

4.

Құжаттармен жұмыс

5.

Еңбек тәртібі

19. Сынып журналдарын уақытылы және дұрыс толтыруы 3 балл – журнал уақытылы және дұрыс толтырылған 1 балл – жекелеген ескертулер бар 0 балл – үнемі қателіктер жібереді 20. Қойылған бағалардың объективтілігі 3 балл – бағалар дұрыс және объективті қойылған 1 балл – жекелеген ескертулер бар 21. Пән бойынша есептердің уақытылы және дұрыс берілуі 3 балл – есеп уақытылы және дұрыс берілген 0 балл – есепке қойылған талаптар орындалмаған 22. Сынып жетекшісінің тоқсандық және жылдық қорытынды бойынша есебінің уақытылы және дұрыс берілуі 3 балл – есеп уақытылы және дұрыс берілген 0 балл – есепке қойылған талаптар орындалмаған 23. Сабақты уақытылы бастау және аяқтау 2 балл – еңбек тәртібі толық сақталады 1 балл – ішінара орындалмайды 0 балл – үнемі еңбек тәртібі сақталмайды 24. Жұмыс уақытында жұмыста болмауы Минус 10 балл – еңбек тәртібінің бұзылуы 25. Педагогикалық кеңестерге қатысуы 1 балл – әрбір педагогикалық кеңеске қатысқаны үшін 26. Әдістемелік бірлестіктің, ғылыми кеңестің отырыстарына қатысуы 1 балл – әрбір педагогикалық кеңеске қатысқаны үшін 27. Әкімшілік жиналыстарға қатысуы 1 балл – әрбір педагогикалық кеңеске қатысқаны үшін 28. Әріптестерімен қарым-қатынасы. Мұғалімдермен жүргізілген сауалнама негізінде анықталады. 3 балл – оқушылармен қалыпты, сыпайы қарымқатынаста 0 балл – қарым-қатынас мәдениетінің бұзылуы 29. Білім ұйымында киім кию мәдениеті 3 балл – ескерту жоқ

71


Кестенің жалғасы

6.

Сынып жетекшілігі

30. Ашық сыныптан тыс шараларды ұйымдастыруы 5 балл – аудандық (қалалық) деңгей 3 балл – мектепішілік 1 балл – іс-шараларға қатысуы 31. Мектепішілік шаралардағы сынып оқушыларының белсенділігі 3 балл – шаралардағы жетістіктері үшін 1 балл – шараларға қатысқаны үшін 32. Аудандық (қалалық) іс-шараларға қатысуы 5 балл – шаралардағы жетістіктері үшін 3 балл – шараларға қатысқаны үшін 33. Мектептен тыс шараларды (экскурсиялар және т.б.) ұйымдастыру Әрбір ұйымдастырылған шараға – 2 балл 34. Ата-аналармен жұмыс. Әлеуметтік педагогтың мәліметтерінің негізінде жүргізіледі. Ең жоғарғы балл – 5.

7.

Балалардың денсаулығы және қауіпсіздік техникасы

35. Мұғалімнің техникалық қауіпсіздік бойынша инструктаждан уақытылы өтуі 1 балл – әрбір инструктаж үшін 36. Оқушыларды техникалық қауіпсіздік бойынша инструктаждан уақытылы өткізуі. Сынып журналының тексеру қорытындысы және оқушылардан алынған сауалнама негізінде жүргізіледі. 3 балл – ескерту жоқ 37. Қауіпсіздік техникасы ережелері бойынша сынып журналының дұрыс толтырылуы 3 балл – ескерту жоқ 1 балл – ішінара ескертулер бар 38. Сабақ және үзіліс кезінде келеңсіз жағдайлардың болмауы 5 балл – келеңсіз жағдай болған жоқ Минус 5 балл – келеңсіз жағдай орын алды

72


Қосымша 13. ПЕДАГОГ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ӘРЕКЕТТЕРГЕ ДАЙЫНДЫҒЫН БАҒАЛАУ ӘДІСТЕРІ ДИАГНОСТИКАЛЫҚ КАРТА «МҰҒАЛІМНІҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ӘРЕКЕТТЕРГЕ ДАЙЫНДЫҒЫН БАҒАЛАУ» Нұсқау: Құрметті әріптес! Өзіңіздің инновациялық әрекеттерге дайындығыңызды 5 балдық шкала бойынша бағалаңыз. № Критерийлер 1 2 3 4 5 І. Тұлғаның мотивациялық-шығармашылық бағыттылығы 1. Шығармашылық әрекеттерге қызығушылығы 2. Шығармашылық жетістіктерге ұмтылысы 3. Көшбасшылыққа ұмтылысы 4. Өз әрекеті үшін әкімшілік тарапынан жоғары бағалауға ұмтылысы 5. Өзінің шығармашылық әрекеттегі маңыздылығы 6. Өзін-өзі жетілдіруге ұмтылысы БАРЛЫҒЫ ІІ. Педагогтың креативтілігі 7. Педагогикалық әрекеттеріндегі стеретиптік ойлаудан бас тарту қабілеттілігі 8. Тәуекелшілікке ұмтылуы 9. Сындарлы ойлауы, бағалауды талдау қабелеттілігі 10. Өзін-өзі талдауға, рефлексия жасауға қабілеттілігі БАРЛЫҒЫ ІІІ. Мұғалімнің инновациялық әрекеттерді жүзеге асыруға кәсіби қабілеттілігі 11. Педагогикалық зерттеу әдістерін меңгеруі 12. Сынақ жұмысын жоспарлау қабілеті 13. Авторлық тұжырымдама дайындау қабілеті 14. Сынақ жұмысын ұйымдастыру қабілеті 15. Өз әрекеттеріне түзетулер енгізу қабілеті 16. Басқа педагогтардың шығармашылық әрекеттерін қолдану қабілеті 17. Ынтымақтастық қарым-қатынас жасау қабілеті 18. Дау-дамайды шығармашылықпен шешу қабілеті БАРЛЫҒЫ IV. Мұғалім тұлғасының жеке ерекшеліктері 19. Шығармашылықпен жұмыс істеу қабілеті 20. Жауапкершілігі БАРЛЫҒЫ ЖАЛПЫ БАЛЫ 73


Мәліметтерді өңдеу Алынған нәтижелер негізінде қорытындылар жасалады: - 71-84 балл – мұғалімнің инновациялық әрекеттерге қатысу дайындығы жоғары деңгейде - 55-70 балл – мұғалімнің инновациялық әрекеттерге қатысу дайындығы орташа деңгейде - 55 балдан төмен – мұғалімнің инновациялық әрекеттерге қатысу дайындығы төмен деңгейде САУАЛНАМА «МҰҒАЛІМНІҢ ӨЗІН-ӨЗІ ЖЕТІЛДІРУІ» Нұсқау: Құрметті әріптес! Берілген сұрақтарға жауап беруіңізді сұранамыз. 1. Мұғалімге өзін-өзі жетілдіру жоспары қажет пе? Неліктен? Пікіріңізге негіздеме жасаңыз. 2. Сіздің жеке (шығармашылық) тақырыбыңыз бен мектептің өзекті мәселесі сәйкес келеді ме? 3. Зерттеу жұмысын жоспарладыңыз ба? Жұмыстың өзектілігі неде? 4. Өзін-өзі жетілдіру (шығармашылық) тақырыбыңызға сәйкес қандай әдебиеттер (психологиялық, педагогикалық, пән мазмұны бойынша) оқыдыңыз? Әріптестеріңізге ұсынатын әдебиеттерді жеке көрсетіңіз. 5. Өзін-өзі жетілдіру (шығармашылық) тақырыбыңыз бойынша жұмыстың кезеңдерін қалай жоспарлайсыз? 6. Өзін-өзі жетілдіру (шығармашылық) тақырыбы бойынша жұмыс істегенде қандай қиындықтар туындады? Оларды қалай шештіңіз? Кімнен және қандай көмек керек? Мәліметтерді өңдеу: Мұғалімдердің жауаптарын талдау және өзекті өзін-өзі жетілдіру (шығармашылық) тақырыптарын анықтау. ТЕСТ «КӘСІБИ ҚҰЗЫРЕТТІЛІКТІҢ МОНИТОРИНГІ БАРЫСЫНДАҒЫ ПЕДАГОГТІҢ ӨЗІН-ӨЗІ ДАМЫТУ, ӨЗІН-ӨЗІ ЖЕТІЛДІРУ ҚАБІЛЕТТЕРІН БАҒАЛАУ» 1. Сізді достарыңыз не үшін бағалайды? а) сенімді дос ә) қиын сәттерде көмек беруге дайын б) эрудициясы жоғары, қызықты сұхбаттасушы 2. Салыстырмалы өзіндік бағалау негізінде келесі сипаттамалардың қайсысы сізге жақын? а) мақсатқа ұмтылушы ә) еңбекқор 74


б) қайырымды 3. Сіз жеке күнделік жазғанға, өзіңіздің жұмысыңызды жылға, айға, аптаға, күнге жоспарлағанға қалай қарайсыз? а) менімше бұл әрекет уақытты бос өткізу ә) мен осылай істеуге тырыстым, бірақ тұрақты емес б) дұрыс деп ойлаймын, солай істеймін 4. Өзіңізді кәсіби жетілдіруге, білім алуға не кедергі жасайды? а) уақыт жетпейді ә) қажетті әдебиеттер жоқ б) көбінесе ерік-жігерім жетпейді 5. Сіздің жіберетін қателіктеріңіз бен кемшіліктеріңіздің типтік себептері неде? а) ұқыпсыздық ә) өзімнің қабілеттерімді асыра бағалаймын б) дәл неде екенін білмеймін 6. Салыстырмалы өзіндік бағалау негізінде келесі сипаттамалардың қайсысы сізге жақын? а) табандылық ә) қажырлылық б) мейірмандық 7. Салыстырмалы өзіндік бағалау негізінде келесі сипаттамалардың қайсысы сізге жақын? а) батыл қадамға бару ә) ізденгіш б) әділ 8. Салыстырмалы өзіндік бағалау негізінде келесі сипаттамалардың қайсысы сізге жақын? а) идеяшы ә) сыншы б) ұйымдастырушы 9. Салыстырмалы өзіндік бағалау негізінде сізде келесі қасиеттердің қайсысы жақсы дамыған? а) ерік-жігерлілік ә) жады б) тындырымды 10. Бос уақытыңызда көбінесе немен шұғылданасыз? а) өзіме ұнайтын іспен (хобби) ә) көркем әдебиет оқимын б) достарыммен немесе отбасыммен өткіземін 11. Қандай білім саласы танымдық қызығушылық туғызады? а) ғылыми фантастика ә) діндер теориясы б) психология 12. Сіз өзіңізді қандай бағытта жүзеге асыруыңыз мүмкін? 75


а) спортшы ә) ғалым б) суретші 13. Мұғалімдер сізді қандай деп ойлайды? а) еңбекқор ә) тәсілқой б) тәртіпті 14. Төмендегі берілген прициптердің қайсысы сізге жақын? а) өмір сүр және өмірге қанағаттан ә) көп үйрену және көп білу үшін өмір сүр б) өмір сүру деген өткелді өту емес 15. Сіздің идеалыңызға қайсысы жақын? а) дені сау, рухы биік адам ә) көп білетін, әрі қолынан көп іс келетін адам б) тәуелсіз және өзіне сенімді адам 16. Кәсіби және жеке мақсаттарыңызға өміріңізде жетемін деп ойлайсыз ба? а) иә ә) көбіне иә б) жолымның болғанына байланыс 17. Қандай фильмдер сізге көбірек ұнайды? а) қиялы-шытырман ә) комедиялық б) философиялық 18. Егер сізде миллиард болса, оны қалай жұмсар едіңіз? а) өмірді көру үшін саяхатқа шығар едім ә) шетелге оқуға барар едім немесе өзіме ұнайтын іске жұмсар едім б) коттедж, машина, жиһаз сатып алып, рахаттанып өмір сүрер едім ТЕСТ «ПЕДАГОГТІҢ ЖҰМЫСҚА ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҒЫ МЕН ҚАБІЛЕТТІЛІГІН БАҒАЛАУ» Нұсқау: Сұрақтарға жауап беру барысында тек бір жауапты ғана белгілеңіз 1. Басқа біреуге беруге болатын жұмысты өзіңіз жиі орындайсыз ба? а) иә б) жиі в) өте жиі 2. Қаншалықты қолыңыз тимегендіктен дұрыс тамақтанбайсыз? а) иә б) жиі в) өте жиі 76


3. Қаншалықты күндіз орындалмаған жұмыстың бөлігін кешке орындайсыз? а) анда-санда б) үнемі в) жиі 4. Сіздің қасиетіңіз а) басқаларға қарағанда көп жұмыс істейсіз б) басқалар сияқты жұмыс істейсіз в) ұйымдастырушылық қабілетіңіздің есебінен басқаларға қарағанда аз жұмыс істейсіз 5. Егер сіз жұмыста қажымасаңыз, онда денсаулығыңыз мықты болар еді деп ойлайсыз ба? а) иә б) айту қиын в) жоқ 6. Жұмысқа көп ынта бөлгендіктен достарыңызбен араласуға уақытыңыз жетпейтіндігін байқадыңыз ба? а) иә б) айту қиын в) жоқ 7. Соңғы кезде жұмысқа қабілеттілеттік деңгейіңіздің төмендегенін байқадыңыз ба? а) иә б) айтуға қиналамын в) жоқ 8. Соңғы кезде жұмысқа қатысты емес достарыңыз бен таныстарыңызға қызығушылығыңыздың азайғанын байқадыңыз ба? а) иә б) айтуға қиналамын в) жоқ 9. Өз өміріңізді жұмысқа байланысты ыңғайластырасыз ба? а) иә б) әрқалай в) көп жағдайда жоқ 10. Кез келген жағдайда өзіңізді жұмыс істеуге мәжбүрлей аласыз ба? а) иә б) әрқалай в) жоқ 11. Сіз жұмыс істегенде демалып отырған адамдар ашуыңызды келтіреді ме? а) иә б) әрқалай в) жоқ 12. Қаншалықты жиі жұмысқа ынталанасыз? а) иә 77


б) үнемі в) сирек 13. Соңғы кездері жұмыстағы мәселелерді ойлап ұйықтай алмаған кездеріңіз болды ма? а) иә б) үнемі в) сирек 14. Сіз қандай темпте жұмыс істейсіз? а) баяу, бірақ сапалы б) әркезде әрқалай в) тез, бірақ барлық уақытта сапалы болмайды 15. Еңбек демалысы кезінде жұмыс істейсіз бе? а) көбінесе иә б) анда-санда в) жоқ 16.Кәсіби өзіндік анықтау тұрғысынан сіздің пікіріңіз қандай? а) мен өзіме дұрыс мамандық таңдадым, әрі кәсіби өзімді-өзім жетілдіруге ұмтыламын; б) мен өзіме қандай мамандық керек екенін білемін, бірақ оны игеруге жағдайым жоқ; в) мен өзіме қандай мамандық керек екенін білмеймін 17.Сіздің қалауыңыз ... а) қызықты және шығармашылықты талап ететін жұмыс, тіпті көп ақы төленбесе де; б) еңбекқорлықты, шеберлікті талап ететін жоғары ақы төленетін жұмыс; в) көп талап етпейтін, әрі жақсы ақы төленетін жұмыс. 18.Ата-аналар, мұғалімдер сіз ынталы және тыңғылықты адам деп есептейді ме? а) иә б) әрқалай в) жоқ Жауаптардың бағалануы: а) 3 балл б) 2 балл в) 1 балл. Балдардың қорытынды саны: 1. 18-25 – өте төмен деңгей 2. 26-28 – төмен 3. 29-31 – орташадан төмен 4. 32-34 – орташадан сәл төмен 5. 35-37 – орташа деңгей 6. 38-40 – орташадан сәл жоғары 78


7. 41-43 – орташадан жоғары 8. 44-46 – жоғары деңгей 9. 47-50 – өте жоғары деңгей 10. 51-54 – ең жоғарғы деңгей Өзін-өзі жетілдіру мен өзін-өзі дамыту қабілеттерінің деңгейлері Дегенмен 5 және 7 деңгейлер жақсы нәтижелер, ал 9-шы – өте жоғары, 10-шы өте жоғары деңгей екенін ескерген жөн. 9-шы, 10-шы деңгей көбінесе стрестік жағдайға әкеледі. САУАЛНАМА «МЕКТЕПІШІЛІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ОҚУЛАРДЫҢ ЖЕТІСТІГІНЕ ТАЛДАУ ЖҮРГІЗУ» 1. Қандай жағдай сіздің жұмысыңыздың сапасын арттыруда едәуір ықпал етті? ________________________________________________________________ _____________________________________________________________ 2. Әріптестеріңіздің ішінен кіммен араласқан сіздің жұмысыңызға, шығармашылық әлеуетіңізді арттыруға ықпал етеді? ________________________________________________________________ _____________________________________________________________ 3. Шығармашылық тұрғыдан алғанда қандай мақала, кітап, дәріс, әңгімелесу, ашық сабақ, мектептен тыс өткен шара сіз үшін пайдалы болды? ________________________________________________________________ ________________________________________________________________ ________________________________________________________________ 4. Мектеп әкімшілігінің сіздің кәсіби біліміңіз бен біліктілігіңізді арттырудағы орны қандай? 10 балл – жоғары, 0 балл – ешқандай 5. Сіз үшін қандай кәсібилікке бағытталған оқулар пайдалы болды? ________________________________________________________________ ________________________________________________________________ 6. Сізді мектеп кітапханасында немесе директор орынбасарының жинақтаған кітаптары, мақалалары, әдістемелік құралдары, озық тәжірибе бойынша карталары қызықтырады ма? Иә

Жеткілікті деңгейде емес 79

жоқ


7. Өзіңіздің біліміңізді жетілдіруді белсендіруге (проблеманы анықтауда, тақырыпты анықтауда, әдебиеттерді іздестіруде, кеңес алу көмегі) көмек керек пе? Иә

Жоқ

8. Осы оқу жылында қол жеткізген жаңалығыңызбен бөлісуге дайынсыз ба? Иә

Жоқ

Алынған ақпараттарды өңдегеннен соң мұғалімнің өзін-өзі жетілдіру тақырыбын анықтау мен біліктілігін арттыру (қайта даярлау) жоспарын дайындауға болады.

80


Қосымша 14. Оқушының белгілі әрекет саласындағы дарындылығы мен бағыттылығын анықтау тест-сұрақтама Сұрақтарға жауап бере отырып, жауаптарын жазып отырыңыз: тұжырымды «ия» - 1 ұпай; теріс «жоқ» - 0 ұпай. Содан кейін барлық ұпайлар санын қосыңыз. Нәтижелер шкаласы бойынша, Сіздің балаңыздың дарындылығы байқалады. 1. Қандай да бір заттың ғажайып қолданысын жағдайлар болып тұрады ма? 2. Ол өз қызығушылықтарын, бейімділіктерін өзгертеді ме? 3. Қияли заттардың суретін салуды ұнатады ма? 4. Абстрактылі суреттер салуды ұнатады ма? 5. Фантастикалық оқиғаларды ұнатады ма? 6. Әңгіме немесе өлеңдер шығарады ма? 7. Қағаздан таңырқарлық фигуралар салуды ұнатады ма? 8. Білмеген, немесе болмайтын нәрсені жасаған уақыты болды ма? 9. Бір нәрсені өз талғамына сәйкес қайта жасайтын ниеті болады ма? 10. Қараңғыдан қорқады ма? 11. Жаңа сөз ойлап тауып корді ма? 12. Ол сөзді түсіндірмесіз түсінікті деп есептеді ме? 13. Жиһазды өз ойымен қайта орналастырып көрген бе? 14. Осы ойы сәтті болды ма? 15. Затты қолданысына сәйкес емес қолданып корді ме? 16. Кіші бола тұрып, әртүрлі заттардың қолданысын шеше алды ма? 17. Киім таңдауда өз талғамын сізге қатыстыруды қалайды ма? 18. Оның айналасындағыларға қолжетімсіз, өзіндік әлемі бар ма? 19. Әлі де түсінбейтіндеріне түсіндірме іздейді? 20. Айналасындағылар құбылыстар туралы түсіндіруін жиі сұранады ма? 21. Иллюстрациясыз кітаптар оқуды ұнатады ма? 22. Сюжетті ойындар барысында қандай да бір кейіпкерлерді бейнелейді ме? 23. Түс көрулерін есте сақтап әңгімелейді ме, өз сезімдерімен бөліседі ме? Нәтижелер шкаласы: 20-23 ұпай - сіздің балаңыз өте зерек, айналасындағыларға өзіндік көзқарас қалыптастыруға бейім. 15-19 ұпай - сіздің балаңыздың қабілеттері әрқашанда байқала бермейді, бір нәрсеге қызыққан уақытта ғана тапқыр және зерек болады. 9-14 ұпай - өзіндік көзқарас міндетті емес болып табылатын білімдерге жеткілікті зерек. Бірақ шығармашылық жұмыс жасау үшін көп нәрсе жетіспейді. 81


4-8 ұпай - сіздің балаңыз өзіне маңызды мақсатқа жетуде ғана шығармашылық ойлау танытады, ол көбінесе практикалық іс-әрекетке бейім. 4-тен төмен - сіздің балаңызға зеректілік жетпейді, бірақ ол жақсы орындаушы ретінде табысқа жете алады. Шығармашылыққа қабілеттілігін айқындайтын, тест-сауалнама Өз балаңызды 7 бөлім бойынша бағалаңыз. Әр бөлім келесі шкаламен бағаланады: 1- ешқашан, 2- сирек, 3- кейде, 4- жиі, 5- әрқашан. Менің балам қабілетті: 1. Әртүрлі көптеген идеялар көрсетіп және ұсынуға (жүгіртпе, жылдам). 2. Әртүрлі идеялар типтерін, категорияларын ұсына алады (икемділік). 3. Қосымша идеялар, бөлшектер, нұсқалар немесе шешімдер ұсынуға (тапқырлық, өнертапқыштық). 4. Қиял, әзіл көрсетуге (стандарттылық емес). 5. Күтпеген, қайталанбайтын, бірақ қандай да бір мәселенің шешімінде пайдалы нұсқалар болып табылатын шешімдерді көрсету (түпнұсқалы). 6. Басқа бірінші келген, жалпы қабылданған типті позициядан бас тарту, түрлі идеялар ұсынып және ең мықтысын таңдауға (тәуелсіздік). 7. Туындаған қиындықтарға қарамастан, өз шешімдерінде сенімділік көрсету, стандартты емес позициясы үшін жауапкершілікке (мінезқұлықтың сенімді стилі, дербестілік). Жеті пункт бойынша жалпы ұпайлар санын есептеңдер: 35-28 ұпай - шығармашылық деңгейі жоғары; 27-17 ұпай - шығармашылық деңгейі орташа; 16-0 ұпай - төмен;

82


Қосымша 15. Мұғалімдердің желілік «Үздік мұғалім»

байқауының ЕРЕЖЕСІ

Тірек мектебі (ресурстық орталық) жағдайында оқу үрдісін жандандыру, педагогикалық инновациялық тәжірибені жинақтап тарату, оқытудың әдістері тәсілдерін және жаңа білім беру ортасын қалыптастыруда жаңа оқыту технологиясын іздестіру, оқушылардың білім деңгейін, оқу ынтасын, белсенділігін арттыруды тәжірибеде іске асыратын, шығармашылықпен, ғылым мен тәжірибе тоғысында заман талабымен жұмыс жасайтын, білім беру жүйесін дамытуға ықпал ететін дарынды ұстаздарды анықтау мақсатында желілік «Үздік мұғалім» байқауы өткізіледі. 1. Сайыстың өткізу мерзімі Байқау қыркүйек айының екінші жартысында үш кезеңде өткізіледі: 1 кезең – іріктеу. 1 сайыс тапсырмасы – сайысқа қатысушылардың өзін-өзі таныстыру таныстырылымы. Өткізу мерзімі: 2013 -2014 оқу жылы 2 сайыс тапсырмасы – шеберлік сыныбы. Өткізу мерзімі: 2014 жылғы қаңтар 2 кезең – «Ұстаз шеберлігі» Өткізу мерзімі: 2014 жылғы 20 қаңтар 3 кезең – Финал. 1 сайыс тапсырмасы – «Визит карточкасы» 2 сайыс тапсырмасы – Педагогикалық рингі «Ұстаз, сен Цицерон!» 3 сайыс тапсырмасы – «Педагогикалық қарым-қатынастардың соқпақтары» жағдаяттарды талдау 4 сайыс тапсырмасы – «Бір сәттегі атақ» 2. Байқауға қатысушы үміткерлер Байқауға тірек және магниттік мектептердің пән мұғалімдері өз еркімен қатыса алады. Еңбек өтіліне байланысты байқау үміткерлері үш аталым бойынша қатысады: «Үміт» аталымына – педагогикалық еңбек өтілі 3 жылдан 5 жылға дейін; «Шеберлік шыңы» аталымына – педагогикалық еңбек өтілі 6 жылдан 15 жылға дейін; «Шоқ жұлдызы» аталымына – педагогикалық еңбек өтілі 16 жылдан жоғары .

83


3. Ұйымдастырушы комитет және байқаудың қазылар алқасы Байқауды дайындау және өткізу үшін аудандық білім беру бөлімінің және магнитті мектептерден ұйымдастырушы комитет құрылады. Байқауға қатысушылардың тапсырмаларды орындау барысын, нәтижелілігін қазылар алқасы арнайы критерийлерге сәйкес бағалайды. Байқаудың қазылар алқасының құрамы аудандық білім беру бөлімінің мамандары, әдістемелік кабинет әдіскерлері және магнитті мектептердің ұстаздарынан, мектеп басшылары мен тәжірибелі ұстаздарынан тұрады. Байқаудың қазылар алқасы: - байқау үміткерлерінің ұсынған ақпараттарына сараптама жасайды; - байқау барысында ұміткерлердің педагогикалық әрекетін, өзіндік қасиетін, байқау талаптарына сәйкес орындаған жұмысының нәтижелілігін арнайы критерийлер бойынша бағалайды; - байқау жеңімпаздарын анықтайды. 4. Байқау мазмұны. Байқаудың барлық кезеңдерінде қазылар алқасы байқауға қатысушы үміткерлерді келесі бағыттар бойынша бағалайды: - кәсіби шеберлігін - мұғалім жұмысының жүйесін - мұғалім әрекетінің тиімділігі мен нәтижелігі - жеке қасиеттері (педагогикалық көкейтестілігі, суырып салмалы, ұйымдастырушылық қабілеттері және жаңашылдығы қаралады) Бірінші кезең «Педагогикалық үндеу» 1 сайыс тапсырмасы «Мұғалімнің визиткасы» Мақсаты: байқауды педагогикалық кредосы мен қатысушының тұлғалық әлеуетін паш ету. Байқау тапсырмаларын бағалау критерийлері: 1) педагогикалық ойлаудың сонылылығы мен тереңдігі 2) аудиторияға ықпал ете алуы. Әр қатысушының визиткасының ұзақ уақыты 3 минутқа дейін 2 сайыс тапсырмасы – Шеберлік сыныбы Мақсаты : инновациялық тәжірибені таратуда педагогикалық шеберлікті көрсету. Байқау тапсырмаларын бағалау критерийлері: 1) мазмұнының тереңдігі мен сонылылығы; 84


2) ғылыми және әдістемелік құндылығы; 3) авторлық тапқырлық пен идеяларды қолданудағы аудиторияның уәждемесі; 4) үлкен аудиторияға ықпал ете алуы. Әр қатысушының ұзақ уақыты 7-10 минутқа дейін. Ескерту: 2-ші кезеңге өткен қатысушы мұғалімдер оқушылармен сабақ өткізеді. Екінші кезең «Ұстаз шеберлігі» Мақсаты : мұғалімнің кәсіби құзыреттілігін көрсету Байқау тапсырмаларын бағалау критерийлері: 1) тақырыпты ашу тереңдігі мен әдістемелік әдіс-тәсілдердің сонылылығы; 2) оқушылар қызметінің уәжділігінің жоғары деңгейі мен жоғары белсенділігін қалыптастыру және ұстап тұру; Байқауға қатысушы үміткерлер сессия барысында қалыптастырылған сыныпта өздерінің мұғалімдік шеберліктерін көрсетеді. Қатысу үміткерлерге 3 күн бұрын ашық сабақтың тақырыбымен өткізілетін сыныбы туралы ақпараттар беріледі. Сабақты бағалау үшін арнайы бағалау парақтары дайындалады. Үшінші кезең – Финал 1 сайыс тапсырмасы – «Визит карточкасы» Әр қатысушының визиткасының ұзақ уақыты 5 минутқа дейін. 2-сайыс тапсырмасы – «Мұғалім, сен Цицеронсың!» педагогикалық ринг Мақсаты: педагогикалық қоғамдастық көшбасшысының азаматтық позициясын паш ету. Міндеттері: төменде берілген сөздер қолданылатындай педагогикалық тақырыпта сөз дайындау: 1. Өзіңді балаларға сыйла! 2. Маған тірек берсеңдер, мен бүкіл әлемді аударамын. 3. Барлық гүлдер өсуі керек... 4. О, Сабақ! – сен – күн! 5. Кімде-кім қай бағытта жүзіп бара жатқанын білмесе, оған ыңғайлас жел де болмайды. 6. Жаман мұғалім ақиқатты өзі айтып береді, ал жақсы мұғалім оқушының өзін ізденуге жетелейді. 7. Бала – күнделікті өмірдегі адамдардың арасындағы кемеңгер 8. Оқушы -толтырылатын ыдыс емес, жағылатын алау. 9. Әр оқушы - бір кезде болатын ғажайып. Байқау тапсырмаларын бағалау критерийлері: 1) Жалпы мәдениет және білімділігі 85


2) Пайымдау тереңдігі мен сонылығы 3) Байқау жеңімпазы миссиясын орындауға дайындығы Сөз сөйлеу ұзақтығы - 2 минуттан артық емес. 3 сайыс тапсырмасы – «Бір сәттік Даңқ» Конкурстық тапсырмаларды бағалау критерийлері: 1) Орындау шеберлігі; 2) Сахналылығы (пластика, костюм, орындау мәдениеттілігі); әртістілігі, көркем образды ашуы; 3) Орындау өзгешелігі; сонылылығы; 4) Аудиторияға ықпал ете алуы. Қатысушылар тапсырмаларға дайындық кезінде плюс, би, вокал, театралды топтарды, әртістерді, оқушыларды тарта алады. 5. Жеңімпаздарды марапаттау. Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталады, олар дипломдармен, бағалы сыйлықтармен марапатталады. Байқау жеңімпаздарының педагогикалық тәжірибесі таратылады. «Үздік мұғалім» байқау жеңімпазының миссиясы - Желілік мектептердің көшбасшысы, жарқын «үні», озық мұғалімі болу; - Балалардың құқы мен сапалы білімі үшін күресу; - Мұғалімдіктің мүддесі мен құқығын қорғауда белсенді азаматтық позицияны ұстау; - Билік органдары, баспасөз болған үлкен аудиторияда өз позициясын дәлелді айта білу; - Өзінің әріптестерін тұрақты дамуға, өзін-өзі жетілдіруге, шығармашылық қызметке шабыттандыру; - Педагогтердің байқау қозғалысын дамытуды өзіне жауапкершілікке алу; - Өзінің тәжірибесімен белсенді бөлісу.

86


Қосымша 16. СЕССИЯ КЕЗІНДЕ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАР

Магниттік мектеп - Қарасу орта мектебінің физика пәнінің мұғалімі Юсупов Бағлан

Оқушылар физика пәнінен зертханалық жұмыс жасауда 87


Диқан тірек мектебінің математика пәнінің мұғалімі Жаулыбаева Г. сабақ беруде

88


Сессия барысында оқушылар зертханалық жұмыс жасауда.

Орыс тілі пәнінің мұғалімі М.Смағұлова оқу сессиясында сабақ өтуде

89


Оқушылар «Шебер қолдар» үйірмесінде

«Шахмат » үйірмесі

90


Оқушылар «Сазды домбыра » үйірмесінде

91


Оқу сессиясында оқушылардың аудан әкімімен кездесуі

«Шебер қолдар »үйірмесі

92


Оқу сессиясына келген оқушылар өздерінің қолтанбаларын қалдыруда

93


Әдебиеттер 1. Қазақстан Республикасының Президенті Н.А.Назарбаевтың “Әлеуметтiк-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамытуының басым бағыты” атты Қазақстан халқына жолдауы 2012 жыл 27 қаңтар 2. Қазақстан Республикасында шағын жинақты мектептерді дамытудың 2010-2020 жылдарға арналған тұжырымдамасы 3. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы, Астана, 2008 4. Куратор-эдвайзер туралы ереже // http://www.kaznu.kz 5. Жамбыл облысында ұйымдастырылған тірек мектептерінің (ресурстық орталықтың) талдау есебі 6. Астамбаева Ж.Қ., Уәйісова Г.И. Шағын жинақты бастауыш мектептегі педагогикалық үдеріс теориясы мен технологиясы: Алматы. – 2010. – 85 бет. 7. Александрова Е.А. Содержание и формы деятельности классного воспитателя / Е. А. Александрова. – М. : Сентябрь, 2009. – 160 с. 8. Воробьева С.В. Теоретические основы дифференциации образовательных программ: дис…д.п.н./ Воробьева С.В. – СПб., 1999. – 460 с. 9. Образовательная программа – маршрут ученика / под ред. А.П. Тряпициной, Е.И. Казаковой. – СПб.: Издательство «ЮИПК», 1998. – 118 с. 10. Галацкова И.А. Моделирование вариативных образовательных маршрутов учащихся как средство обеспечения адаптивности школьной среды [Текст]: дис. … канд. пед. наук / Галацкова И.А. – Ульяновск, 2010. – 234 с. 11. Кунаш М.А. Подходы к классификации индивидуальных образовательных маршрутов школьников // Ярославский педагогический вестник. – 2012. – № 3. – Том II (Психологопедагогические науки) 12. Рыбалкина Н.В. Открытое пространство образования: способы представления и построения // Материалы VIII Всероссийской научно-практической тьюторской конференции. - Томск, 2004. 13. Білім беру ұйымдарының басшыларына арналған «Тірек мектептерінің (ресурстық орталық) білім беру қызметін жобалау» / құрастырған Қарағанды ББҚБА және ҚДИ институтының қызметкерлері. – Қарғанды, 2012. – 150 б. 14. Гутник И.Ю. Организация педагогической диагностики в профильном обучении: Учебно-методическое пособие для учителей / Под ред. А.П.Трипицыной. – СПб.: КАРО, 2005. – 128 с

94


МАЗМҰНЫ КІРІСПЕ ........................................................................................................ І. ТІРЕК МЕКТЕБІ - БАҒДАРЛЫ ОҚЫТУДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРАТЫН БІЛІМ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ ЖЕЛІЛІК ӨЗАРА ӘРЕКЕТТЕСУ ТҮРІ ................................................................................... 1.1. Оқушының жеке білім алуын ұйымдастыру ерекшеліктері .............. 1.2. Бағдарлы оқытуды жүзеге асыруда ақпараттық-коммуникативтік технологияны қолдану ерекшеліктері ......................................................... 1.3 Педагогикалық диагностиканың әдістері және оларды бағдарлы оқытуда қолдану ерекшеліктері ................................................................... ІІ. ТІРЕК МЕКТЕПТЕРІНДЕ (РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҚ) ОҚУТӘРБИЕ ҮДЕРІСІН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ..................................................................................................... 2.1. Тірек мектебі (ресурстық орталық) жағдайында оқушылардың оқузерттеу әрекеттері .......................................................................................... 2.2.Жоба түрлерінің үлгілері......................................................................... 2.3. Тірек мектебі (ресурстық орталық) жағдайында оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастырудың құқықтық негізін қалыптастыру .......................... 2.4. Тірек мектебі (ресурстық орталық) жағдайындағы әдістемелік кеңес қызметі және оны сайлау тәртібінің Ережесі.................................... 2.5. Пән мұғалімдерінің желілік әдістемелік бірлестігі туралы Ереже .... 2.6. Лауазымдық міндеттер .......................................................................... 2.7.Тьютор-мұғалімнің лауазымдық міндеті .............................................. 2.8.Эдвайзер-мұғалімнің лауазымдық міндеті ........................................... ҚОСЫМШАЛАР ......................................................................................... Қосымша 1. Оқушының жеке білім алу маршрутының құрылымдық үлгісі ........................................................................................................... Қосымша 2. Модуль бойынша маршрут парағының үлгісі .................. Қосымша 3. Мұғалімнің сабақ жоспарының үлгісі ............................... Қосымша 4. «Физика және эксперимент» таңдау курсы, 10 сынып .... Қосымша 5. Дихан тірек мектебінде өтілген дуэт сабақтары жоспарларының үлгілері .......................................................................... Қосымша 6. 10 сынып оқушысының дайындаған оқу жобасының үлгісі ........................................................................................................... Қосымша 7. Сессия кезінде жоғарғы сынып оқушыларымен ұйымдастырылған тренинг үлгісі ............................................................ Қосымша 8. Тірек мектебінің (ресурстық орталықтың) тәрбие жұмысының жоспары ............................................................................... Қосымша 9. Оқу сессияларын ұйымдастыруға дайындық жұмыстары жоспарының үлгілері ........................................................... Қосымша 10. Мұғалімдер әрекеттерін рейтингілік бағалау жүйесі ..... Қосымша 11. Педагогикалық қызметкерлердің әрекеттерін рестингілік бағалау туралы ереже ........................................................... 95

3

5 8 10 12

18 18 28 30 31 33 35 36 39 42 42 43 44 47 48 56 59 61 63 65 67


Қосымша 12. Мұғалім жұмысының сапасын бағалау критерийлері .... Қосымша 13. Педагог қызметкерлердің инновациялық әрекеттерге дайындығын бағалау әдістері ................................................................... Қосымша 14. Оқушының белгілі әрекет саласындағы дарындылығы мен бағыттылығын анықтау ..................................................................... Қосымша 15.Мұғалімдердің желілік «Үздік мұғалім» байқауының ережесі ........................................................................................................ Қосымша 16. Сессия кезінде ұйымдастырылған жұмыстар ................. Әдебиеттер ................................................................................................

96

69 73 81 83 87 94