Issuu on Google+

Орал өңірі ОБЛЫСТЫҚ Қоғамдық-саяси газет

- 12 - 22

С

0

С

0

Сейсенбі, 21 қаңтар 2014 жыл №7 (19926)

www.zhaikpress.kz

Газет 1918 жылғы 17 қарашадан шығып келеді. 1968 жылы "Құрмет Белгісі" орденімен марапатталған

«Батыс Күнбағыстың»

oral_oniri@inbox.ru

әлеумет

жұмысы ырғақты Зейнетке қашан шығасыз?..

5

керуен сарай

2 Жаңа станса Жақында Ақжайық ауданының Тайпақ ауылы тұсында, Орал - Атырау күре жолының бойында жаңа жанармай құю стансасы ашылды.

О

ны осы ауылдың түлегі Нұртай Сахипов ашты және аталмыш станса бұл маңайда алғашқы болып саналады. Сөйтіп, халықтың көп­ тен бергі бір тілегі орындалды. Төрт айда салынған стансада 10 кісі жұмыс жасайды, тура оның іргесінде дүкен ашылатын

Е

Бекем БЕКҰЛЫ, Ақжайық ауданы

8

Жолдауға қолдау

ашылды

күн де алыс емес. Кәсіпкер осы күннің құрметіне мал шалып, дұға оқытты, алғашқы 20 машинаға 10 литрден жа­ нармайды тегін құйып берді.

Еңбек еріне елдің құрметі

лбасының ел халқына Жолдау арнар мезгілі таянған сайын ел-жұрт елеңдей түсетіні жасырын емес. Өйткені аталмыш құжаттан қоғамдық-сая­си һәм әлеуметтік-экономикалық тұрғы­ дан қалың бұқараның көңілін күпті қыл­ған көптеген сұраққа орынды жауап та­басыз. Сол себепті де халықтың Жолдауға қатысты пікір-пайымы көп күттірмейді. Тіпті биыл бұл бағытта әлеуметтік желілер де белсенділік танытуда. Мысалы, кеше «Фейсбук» әлеуметтік желісін пайдаланатын облыс жастары «Жолдау жастарды жетелейді» ашық алаңын құрды. Онда “Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір бола­шақ” атты ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауын жас­-

тар талқыға салды. Ашық пікір ала­ңына айналасы 5-6 сағаттың ішінде 200-ден ас­там жас қосылды. Көпке танымал «Youtube» желісінде де «Қазақстан-2050» стратегиясы және Отанымыз туралы тү­сі­ рілген бейнебаяндар жөнінде пікір білдіру жиілей түсті. Бұл – жастардың қоғамдықсаяси белсенділігінің жоғарылап, жас толқынның елдің бо­лашағына деген се­ німінің нығая түскен­дігінің бір көрінісі. Біз газетіміздің бүгінгі санында «Бо­ ла­шаққа қарышты қадам» деген ортақ атаумен Елбасының биылғы Жолдауына қатысты бір топ батысқазақстандықтың пікірін беріп отырмыз.

3


2

АҚПАРАТ Сейсенбі, 21 қаңтар 2014 жыл

oral_oniri@inbox.ru Қазақстандықтар Мәң­гі­лік Ел ұлттық идеясын жүзеге асыруға өз үлесін қо­суы тиіс. Бұл бағытта үкі­меттік емес ұйымдар да елеулі жұмыс атқаруы ке­рек. Қазақстан 2050 МӘҢГІЛІК ЕЛ

P

Зеленов ауданындағы Достық орта мектебінде Орал ор­ талық мешітінің жанынан құрылған үгіт-на­­сихат тобының мүшелері тағылымды кездесу өт­кізді. Шара барысында Орал орталық мешітінің найб имамы Мұратбек Қыстаубаев ислам, білім, ата-ана, ұстаз турасын­ да әңгіме қозғап, жастарға құнды деректерін жеткізді. Оқу­шылар арасынан сұрақтар қойылып, тұшымды жауап­тар алынды. Осындай кездесу Дариян және Новенький ауы­ лындағы мектеп оқушыларымен жалғасын тапты.

P

Қаңтардың 15-і күні «Атамекен» балалар-жасөспірім­дер туризмі және экология орталығының ұйымдастыруымен қа­ лалық мектеп директорларының тәрбие ісі жөніндегі орын­ басарлары арасында «Орал қаласының жалпы білім беретін мектептерінде туристік-өлкетану жұмысын ұйымдастыру» атты семинар болып өтті. Семинарда орталық директоры Әлімжан Есенов мәжіліс­тің мақсаты жас ұрпақты саналы азамат ретінде қалып­тас­ тыру, оқушылардың денсаулығын нығайту екендігін атап өтті.

P

Ақжайық ауданының салық басқармасы биыл жыл ба­ сынан бері салық есебін уақтылы тапсырмаған ауылдық 14 кәсіпкерге ескерту беріп, қосымша құн салығы есебіне мез­ гілінде тұрмаған чапаевтық бір жеке кәсіпкерге айыппұл салды. Салық заңнамасы бойынша кәсіпкер тауар айналымы­на қатысты құн салығы есебіне 10 күн ішінде тұрып болуы керек.

Шағын бизнеске қамқорлық зор Сәкен ӘБІЛХАЛЫҚОВ, «Орал өңірі»

А

талмыш ұлттық идея р е с п у б­ л и к а м ы з д ы ң әлем­дегі дамыған 30 мемлекетінің қатарына енуіне, мәңгілік ел болуына, тұрғын­дар­ дың өмір сапасын арттыру­ға мүмкіндік береді. Бұл туралы ке­ше ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-дағы баспасөз мәслихатын­да Қазақстан азаматтық альян­ сының бірінші вице-президен­ті, «жасыл» экономиканы қол­дау

Теректі ауданының Пойма ауылындағы «Батыс Күнбағыс» зауыты дарламасы аясында іске қосылып, еліміздің бір­қа­

«Даму» қорының кепілдігі – несие алудың мүмкіндігі

тар аймақтарына өз өнім­

Сіз кәсібін жаңа бастаған кәсіпкерсіз бе? Өз бизнесіңізді дамыту үшін, Сізге несие керек пе? Ал банк мамандары несие алу үшін Сіздің кепілзатыңыздың құны жеткіліксіз дейді.

қалған кәсіпорынның

Несие алуға өтініш

дерімен танылды. Бірақ бір жылдай жұмысы тоқтап

Кепілдік алуға өтініш Кепілдік алуға берілген өтініш мақұлданды

Қаржыландыру мақұлданды

Өз ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге арналған экспресс-кепілдіктер Өз ісін жаңа бастаған кәсіпкер – бұл құрылғанына мемлекеттік қолдауды алуға өтініш банкке берген уақытқа дейін бір жыл болмаған жеке кәсіпкер (заңды тұлға ретінде құрылмаған) немесе заңды тұлға несие 20 млн. теңгеге дейін, қоса есептегенде несие мақсаты 1. Инвестициялар

кепілдік несиенің 70%-на дейін

несие бойынша мөлшерлеме 14%-ға дейін

2. Құрамдастырылған Инвестициялар және айналым қаражатын толтыру

3. Айналым қаражатын толтыру Салық, жалақы, несие өтелімі және т.б. төлемдерден басқа

кепілдік мерзімі Инвестициялар бойынша 5 жылға дейін

«Даму» қорының өтінішті қарау уақыты Айналым қаражатын толтыру бойынша 3 жылға дейін

5 жұмыс күні

Кепілдікке ие болу шарттары: БИЗНЕС САЛАСЫ

«Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасында көрсетілген басым бағыттар

НЕСИЕ АЛУ­ШЫЛАРҒА АРНАЛҒАН ҚАРЖЫЛЫҚ ТАЛАПТАР

Өзге де несиелер немесе лизингтік келісімдер бойынша мерзімі өткен борышының болмауы

ҚОР КОМИССИЯСЫ

Кепілдік мерзімі 2 жылға дейін болған жағдайда кепілдік сомасының 0,5%-ы Кепілдік мерзімі 2 жылдан артық болған жағдайда кепілдік сомасының 1%-ы

Салық төлемдері, зейнетақылық жарна және бюджетке әлеуметтік төлемдер бойынша борыштың болмауы (10 АЕК дейінгі борыштарға рұқсат беріледі)

Саll-орталық: 1408 (тегін) 8 800 080 18 90 (тегін) www.damu.kz

тып өт­кім келеді. Мұндай жоба­лар­ды жүзеге асыру бойынша ­ нақты мысалдарымыз бар. Атап айтсақ, әлемге әйгілі «Кока-Ко­ла» халық­аралық қоры­­ның тап­сырысымен биыл Ақмола және Алматы облыстарының ауыл­дық жерлеріндегі жұмыссыздарды тарту арқылы экологиялық таза ауыл шаруашылығы өнімдерін өсіру жө­ніндегі жобалар қол­ға алын­бақшы. Аталмыш қор «жа­­­сыл» технологияны қолда­ну жө­ніндегі әлемдегі елу көшбас­ шының қа­та­рында, – деді Салтанат Рақым­бекова.

«Батыс Күнбағыстың» индустрияландыру бағ­

Не істеу керек? Мұның шешімі бар! Экспресс-кепілдік алу үшін «Даму» Қорына өтініш жасаңыз. «Даму» Қоры кепілзатыңыздың жеткіліксіз сомасының орнына берілетін кепілдікті бес күн ішінде мақұлдайды.

және G-Global-ды дамыту коа­ лициясының басқарма төрайы­ мы Салтанат Рақымбекова айтты. – Жолдауда шағын және орта бизнесті дамыту мәселелеріне баса назар аударылған. Елба­сы­ның шағын бизнеске деген қам­ қорлығы барлық Жолдау­дан үзіл­­ген емес. Осыдан-ақ елі­міздегі кәсіпкерлерге Мемлекет басшысының баса назар ауда­ра­­тынын аңғаруға болады. Осы жерде «жасыл» экономика шағын және орта бизнесті, соның ішін­де от­басылық бизнесті дамыту­ға кең мүмкіндік беретінін де ай-

бүгіндері қайтадан түтіні түзу ұша бастады.

Гүлбаршын ӘЖІГЕРЕЕВА, «Орал өңірі»

Қ

азір май шығаратын өндіріс орны тәулігіне 50-60 тонна шемекі өң­ деп, 14-16 тонна май өндіруде. 80 адам жұмыс істейді. Біз барған кезде күнбағыс майы цистернаға құйылып, Ақтөбе қаласына жөнелтілгелі жатты. Өт­кен жылдың желтоқсанында Ас­тана, Павлодар, Петропавл қа­лаларына үш вагон тиелген. Күн­ бағыс, қыша майы және күн­жара өнімі жергілікті нарыққа да босатылуда. Күнжараны «Орал» құс фабрикасы және мал өсі­ретін шаруашылықтар құс, мал азығына пайдаланады. – Май зауыты іске қосылған тұста оның өнімі өтімді болды. Кейін май сапасының түрлі көрсеткіштеріне байланысты тұр­ғындардың жергілікті өнімге де­ген сұранысы төмендеп кетті. Енді, міне, май сапасының жоғарылауына қарай сұраныс өсуде. Өнімді тұтынушыларға таныту мақсатында Оралдағы ірі базарлардан үш нүкте ашып, он­да майдың литрін 200 теңге­ден құйып сату қолға алынды. Нүк­телердегі майдың өтімі жақ­сар­ ған, сондықтан жазға салым он­дай нүктенің санын 7-ге жеткізе­ міз. Ыдысқа құйылған майды сату жағы көктемге қарай ұйым­ дастырылады. Бір, бес литрлік

жұмысы ырғақты бөтелкеде­гі «Премьера» майы өңір­ден тысқары жерлерде жақсы өтуде, - деді «Ба­тыс Күнбағыс» АҚ-ның басқарма төраға­ сы Бахтан Исақов. Төраға­ның айтуынша, зауытта­ ғылар «SINEKO» фирма­ сының құрылғысы мен озық технологиясын дұ­ рыс талапқа сай қолда­ну­дың арқасында өнім­­де­ рін еуропалық стан­­дарт­­қа сай дайындап отыр. Кәсіпорын өткен жыл­дың қараша айынан бас­тап толық қуаты­мен жұ­ мыс істеуде. Шикізат­тың мол­дығы бұл үрдістің үздіксіздігін қамтамасыз ететіндігі түсінікті. Алайда шикізатты көбірек сатып алу жағы қаржыға тіреледі. Бірақ зауыттың қарызы басынан асады. Өйткені өндіріс орны 2,5 млрд. теңгенің үстінде құрылыс, құрал-жабдық, шикі­зат үшін және тұрақтандыру қо­рына қарыз. Қазіргі басшылық­ тың компанияның айналым қа­ ра­жатын алуға кепілдемесі жоқ. Өйтк��ні зауыт түгелдей қаржы институттарына кепілге қойыл­ған. Сондықтан инвестор іздес­ тірілуде және «Орал» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы осы қаңтар айының аяғына дейін бұл мәселеге нүкте қоюға ниетті. Қазіргі басшылықтың «басын ауыртып, балтырын сызда­татын» басты мәселе – өткен жыл­­ғы шикізат үшін есеп айыры­судың қиындығы. Белгіленген мер­зімде түрлі себептерге байланысты өнім өткізген 27 шаруа­ шы­лықтың 220 млн. теңге бе­ре­жағы берілген жоқ. Бірақ жа­қында 4 ірі және бірқатар ұсақ шаруашылықтардың 20 млн. тең­ге көлеміндегі қарызы түскен табыс есебінен өтелді. Мысал­ға, «Алтын бидай» шаруа қожалы­ ғына 3 млн. теңге, «Мәдиев» шар-­ уашылығына 2 млн. теңге, «Шолан» шаруа қожалығына 1 млн.

теңге, Орынбор облысындағы Пер­вомай ауданына 1 млн. тең­ге шамасындағы қары­зы қайта­ рылды. Компания басшылығы қол қусырып отырған жоқ. Ре­ сейдің фермерлерімен тіке­лей келісім жасап, 500 тонна күн­ жараға күнбағыс дәнін ауыстырып алуға келісті. Ақшаға емес, өңделген шикізаттың қалдығы­на айырбастау кімге де тиімді. Өткен жылғы қараша айынан бергі уа­қыт ішінде зауыт соңғы 2010-2012 жылдарды қоса ал­ ған­дағыдан шикізатты әлдеқай­да көбірек өңдеген. Қордағы ши­кізат наурыз айының аяғына дейін жетеді. Сондықтан шикізатты Ресейден тасып, биыл маусым айына дейін өңдейтін болса, мұның өзі үлкен жетістік болмақ. – Өткен жылы зауыт еліміз­ дің тұрақтандыру қорына 120 тоннаның үстінде май жөнелт­ ті. Енді қаңтар айының аяғына де­йін тағы да босатамыз. Тап­сы­рыстар уақтылы орындалып отыр. Бұған өткен жылы күн­ба­ ғыс дақылының өңірімізде, Ре­ сейде, Украинада бітік шығуы да ықпал етті. Мойнымызға ал­ған міндеттемелерді мұқият орын­ дауға күш салып, шикізаттан та­­рықпаудың жолдарын жан-жақ­ ты қарастырудамыз, – деді Бах­тан Шымырбайұлы.


ПІКІР oral_oniri@inbox.ru

Сейсенбі, 21 қаңтар 2014 жыл

3

Болашаққа қарышты қадам Мырзағали МҰХАМБЕТОВ, облыстық ардагерлер ұйымының төрағасы:

Мәлік ҚҰЛШАР, облыстық мәслихаттың хатшысы: – Ата Заңға сәйкес, Қа­ зақстан Республикасының Президенті жыл са­йын ел­­дегі жағдай мен рес­пуб­ликаның ішкі және сырт­қы саясатының негізгі бағыт­тарына байланысты Қазақ­ с тан халқына Жолдау арнайды. Биылғы Жолдаудың басты ерекшелігі, Елба­ сының өзі айтқандай, 30 дамыған елдің қатарына ену жолдары осы құжатта қамтылып, бағыттары нақтыланып, айқындалды. Елбасы ұстанған саясаттың бірі – ел халқының әл-ауқатын арттыру қағидаты. Бұл орайда жергілікті мемлекеттік басқару және өкілетті орган­дар жұмыстарының басты барометрі тұрғын­дар­ дың көңіл күйінің көтеріңкі болуын қам­та­масыз ету болып табылады.

Жолдауда экономиканың өсімі жылына 4 па­ йыздан кем болмауы міндеттелді. Ал егер өсім 5-6 пайыздан жоғары болса, стратегиядағы көз­делген мақсаттарға мерзімінен бұрын қол жеткізетініміз атап көрсетілді. Сол себепті Елбасы нанотехнологиялар мен инновацияны, ғылыми жетістіктерді барынша кеңінен пайдаланып, бар­­лық салаға енгізу, экономиканың тиімділі­гін арттыру мәселесіне басымдық берді. Біздің өңір үшін де маңызды болып табылатын шағын және орта бизнес, ауыл шаруашылығына және әлеуметтік салаларға, жұмыссыздықпен күреске ерекше тоқталды. Біздің алдымызда тұрған басты міндет - Жол­дауда көзделген мақсат-міндетті халыққа жеткі­зіп, оның орындауын қамтамасыз ету. Барлық дең­ гей­де­гі мәслихат депутаттары бұл іске бір кі­сідей жұ­мы­ла кіріседі деп сенемін.

Татьяна ВЕДЕНКО, Орал қалалық №23 жалпы орта білім беретін мектеп директоры, Қазақстан Республикасы Құрмет грамотасының иегері: – Жаңа Жолдауда аса ма­ ңызды салалардың дамуына баса назар аударылған. Солардың ішінде білім саласы да бар. Жолдаудағы не­гізгі он мәлімдеменің төр­ теуі білім саласына қатысты. Оларды атап айтар болсақ, біріншіден, 2020 жылға қарай 3-тен 6 жас аралығындағы қазақстандық балалар мектепке дейінгі біліммен 100 пайыз қамтылмақ. Мектепке дейінгі мекемелердің көбеюі ең алдымен бүлдіршіндердің оқу-білім­ге ерте бастан ден қоюына мүмкіндік беріп, олар­дың алаңсыз өсіп-жетілуін қамтамасыз ете­ді, содан соң жас аналардың қоғам жұмысына белсене араласуына жол ашады. Екіншіден, алдағы 3 жыл ішінде еліміздің барлық мектептерінде оқу орындарының жетіспеушілігі жойылмақ. Яғни ба­лалар заманауи құрал-жабдықтармен жаб­дық­ талған үлгі-жобадағы мектептерде тек бір ауысымда ғана оқитын болады. Бұл мұғалімдер мен балалардың уақытын үнемдеп, олардың көбі­-

рек ізденуіне ықпал етеді. Үшіншіден, 2016 жыл­дың 1 қаңтарынан бастап студенттік шәкіртақы кө­лемі 25 пайызға өспек. Қаржы қиындығын үне­ мі сезі­ніп жүретін студенттер үшін бұл - ең жақсы жаңа­лық және олардың жағдайына алаңдайтын ата-аналар үшін де бұл үлкен көмек. Төртінші­ден, 2015 жылдың 1 шілдесінен бастап, денсау­лық сақтау және әлеуметтік қорғау саласы қыз­мет­кер­лерімен бірге, білім саласы қызметкер­ лерінің де жалақысы 29 пайызға көтерілмек. Бұл - біз үшін үлкен қуаныш. Жалақының көбеюі бі­лім саласы қызметкерлерінің әлеуметтік жағда­ йын жақсартып, жас мұғалімдердің жұмысқа деген ынтасын арттырады деп ойлаймын. Тек қана білім саласы қызметкерлерінің ғана емес, барша қазақстандықтың әл-ауқатын арттыруға тырыс­қан Елбасыға мың да бір алғысымды айтамын. Алдағы уақытта да біз, білім саласының қыз­мет­ керлері жарқын болашаққа жетелеген Жолдау­ды басшылыққа ала отырып жұмыстанатын бо­ ламыз.

Дархан ҚАДІРӘЛИЕВ, «Жас Отан» жастар қанаты Батыс Қазақстан облыстық филиалының атқарушы хатшысы: – Маған Елбасымыздың жастарға көбірек назар аударғаны қатты әсер етті. 2050 жылға дейінгі стратегия жастарға арналған. Сондықтан оны жүзеге асыратын да, жемісін көретін де жастар деген еді. Осы сөздер жастарға рух бергендей болды. Біз – жастар еліміздің өркендеп өсуіне өз үлесімізді қосамыз.

Сонымен бірге Пре­зи­дентіміздің қазақ тілі – мәңгілік тіл болып қа­ лады дегені де оң әсер етті. Мен Елбасымыз­дың сарабдал саяса­ты­­­ның ар­қасында әлі талай биікті бағынды­ра­ты­ны­ мызға сенемін.

– Елбасы Н.Назарбаевтың «Қазақстан жо­ лы: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» ат­ты биылғы Жолдауы - мезгілінде қабылдан­ ған аса маңызды құжат. «Мәңгілік Қазақ­стан» жобасынан туындайтын, еліміздің келешегін айқындайтын бағыт-бағдарлары ай­қын көрсетілген. Соның бірі – жастар тәр­ биесін қалыптастыру. Күні кеше ғана бізде, ресми билік пен қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысқан алқалы жиында Қазақстан халқы ассамблеясының үндеуі жария етіліп, алдағы тың міндеттер белгіленді. Жас ұрпақ тәрбиесі де назардан тыс қалған жоқ. Демек, біз Жолдауда көрсетіл­ ген аға ұрпақ алдындағы парызды орындауға күш салуымыз керек. Ол – жастарды отансүйгіштік, еңбекқорлық және адалдық рухында тәрбиелеу. Осы мақсатты орындау үшін арнаулы құжат қабылдап, соны жүзеге асыруды барлық ардагер ұйымдарына міндеттейміз. Сөйтіп, асқаралы іске өзіміздің лайықты үлесімізді қоспақпыз. Сондай-ақ Елбасының экономиканы дамыту, мәдениетті алға бастыру, ана тіліміз туралы және басқа да өрелі ойлары діттеген жеріне жетті. Оның бірліктің жоқтығынан тоз-тоз болып кеткен мемлекеттер туралы пайымдауы да көңілге қонымды. Олай болса, бірлік бар жерде қашан да тірлік бар екендігін естен шығармауға тиіспіз.

Бибігүл ИСАЛИЕВА, облыстық қазақ драма театрының артисі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: – Әрбір қазақстандық Елбасының жыл са­ йынғы ел халқына арнайтын дәстүрлі Жолда­ уын күтіп, елеңдеп жүреді. Өйткені Елбасының әрбір сөзі жұртшылықтың жүрегіне сенім ұя­латады. Біздер, мәдениет саласының қыз­мет­керлері, Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назар­ баевтың ел тарихын, ұлттың мәдени мұрасын, тұрмыс-салтын, тілі мен дінін сақтап одан әрі дамыту жөнін­дегі салиқалы саясатын қызу қолдаймыз және оны өмірде нақ­ты жүзеге асыруға өз үлесі­мізді қосып келеміз. Бізге Елбасының биылғы Жолдауындағы «...Мен қоғамда «қазақ елінің ұлттық идеясы қандай болуы керек» деген сауалдың жиі талқыланатынын естіп жүрмін. Біз үшін болашағымызға бағдар ете­тін, ұлтты ұйыстыра ұлы мақсаттарға жетелейтін идея бар. Ол Мәңгілік Ел идеясы», - деген сөзі үлкен әсер қалдырды. Бұл ретте Мемлекет басшысы Тәуелсіздік арқасында халқымыз мәңгілік мұраттарға қол жеткізгенін, еліміздің жүрегі Елордамыздың бой көтергенін айрықша атап өтті. «Қазақтың мәңгілік ғұмыры ұрпақтың мәңгілік болашағын баян­ды етуге арналады. Ендігі ұрпақ - мәңгілік Қазақтың перзенті. Ен­деше, Қазақ елінің ұлттық идеясы - Мәңгілік Ел», - деген Елбасы­ның сөзі бізді үлкен қуанышқа бөледі.

Болатбек САХИЕВ, «Ғасыр» жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы: – Биылғы Жолдауында Елбасы 35 жылды әр бесжылдыққа бөліп, даму сатымыз­ды көрсетіп, әрбір бес жылда мақсатта­­рымыз­ дың орындалғандығына көз жеткі­­зіп отыра­­ тындығымызды қадап айтып бер­­ді. Бұл де­ генің еліміздің өркендеп, дамудың даңғыл жо­лына түскендігінің бір айғағы деп айту­ға болады. Сонымен қатар Елбасы ең­бек пен ғылымға иек артуымыз керектігін, олар­сыз ертеңі­міз­дің жоқтығын ай­туды да ұмыт­пады. Ал қазіргі кезде әлемдік бәсекеде ғылым­ның үлкен рөл атқаратындығы, ғылым арқылы өркениеті дамы­ған ел­дер­ мен терезесі тең деңгейде көріне алатынымыз айтпасақ та тү­ сінікті. Осы орайда, Елбасы еңбектеніп, ғылым саласын дамыту қажеттілігін де айтып өтті. Мұның өзі біз мақсат тұтқан әлемнің дамыған 30 мемлекетінің қа­та­­ры­на кіру жолындағы айқындал­ған нақты қадамдар іспетті. «Бұл жол – сынақ жолы, сын жолы», – деген Елбасы алдағы сынақ­тан өту бәрімізге абыройлы міндет және ортақ парыз екендігін ай­тып, Қазақстан халқын осы Жолдаудың іске асуына бір кісі­дей атсалысуға шақырды. Әрине, бұл іс болашаққа деген қарышты қадам болмақ.


4

ЖОЛДАУ Сейсенбі, 21 қаңтар 2014 жыл

oral_oniri@inbox.ru

«ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ – 2050: БІР МАҚСАТ, БІР МҮДДЕ, БІР БОЛАШАҚ» Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына 2014 жылғы 17 қаңтардағы Жолдауы

Мәңгілік Ел – ортақ тағдыр Мәңгілік Ел – жалпы қазақстандық ортақ шаңырағымыздың ұлттық идеясы Мәңгілік Ел – ел болашағының іргетасын қалаған басты құндылықтар

Мәңгілік Елдің

7 басты құндылығы

Қазақстанның тәуелсіздігі және Астанасы Қоғамымыздағы ұлттық бірлік, бейбітшілік пен келісім Зайырлы қоғам және жоғары руханият Индустрияландыру мен инновацияларға негізделген экономикалық өсім Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы Тарихтың, мәдениет пен тілдің ортақтығы Еліміздің ұлттық қауіпсіздігі және бүкіләлемдік, өңірлік мәселелерді шешуге жаһандық тұрғыдан қатысуы

Қазақстан халқы Ассамблеясына «Қазақстан – 2050» жалпыұлттық қозғалысымен бірлесіп, «Мәңгілік Ел» патриоттық актісін әзірлеп, қабылдауды ұйымдастыруды тапсырамын


әлеумет Cейсенбі, 21 қаңтар 2014 жыл

oral_oniri@inbox.ru

5

Зейнетке қашан шығасыз?.. Айша ӨТЕБӘЛІ, «Орал өңірі»

Зейнетақы жарнасының көлемі ұлғаймақ

Тәуелсіздік алғалы бері

Облыстық бақылау және әлеуметтік қорғау департаменті бас­шысының орынбасары Жеңіс Беріковтің айтуынша, «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» ҚР Заңында бұрынғы міндетті зейнетақы жарналары сақ­ талған жағдайда жұмыс беруші есебінен 5 пайыз көлемінде міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын 2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап енгізу көзделген. Енді еңбек жағдайы зиянды жұмыстарда істейтін адамдардың дербес зейнетақы шоттарына 15 пайыз зейнетақы жарналары түсетін болады. Мұның 10 пайызы жұмысшының өзінің еңбекақы төлеу қорынан және 5 пайызы жұмыс берушінің есебінен жүргізіледі. Бұл олардың жүйеге үздіксіз қатысқаны (30 жылдан кем емес уақыт) және жүйелі түрде аударуы (жылына 12 рет) жағдайында зейнеткерлікке ерте шығуы үшін жеткілікті зейнетақы жинақтауына мүмкіндік береді. Бұл ретте жұмыс берушіге де жүктеме азаяды, өйткені кәсіптік зейнет­ақы жарналарына төленетін төлем салық төлемдерін жүзеге асырған кезде шегерімге жатқызылады.

мемлекетіміздің экономикалық және ел-жұрт­тың әлеуметтік жағдайын жақсар­ту мақсатында басты салаларда бірқатар реформалар жасалды.

Солардың ішіндегі ең ұзақ талқыға түскені – зейнет жасын ұлғайту жөніндегі жоба болды. Азаматтардың әлеуметтік жағ­­ дайын жақсарту үшін жасақ­тал­ ған жобаның алғашқы нұсқасы ха­лық арасында шын мәнінде тү­сінбеушілік туғызды. Бірақ Елба­ сының араласуымен жобаға енгі­ зілген өзгеріс ел-жұртты сабырға шақырғандай болды. Сол кездері отандық телеарналар мен баспасөз беттерінде Қазақстан халқына зейнетақы реформасы­ ның мәселелері жөнінде үндеу жа­риялаған Қазақстан Республи­ ка­сының Президенті Н.Назарбаев зейнет жасын кезең-кезеңмен ұзар­туды 2014 жылғы 1 қаңтардан емес, 2018 жылғы 1 қаңтардан бастауды ұсынды. Сөйтіп, 2013 жылдың 21 маусымында елімізде «ҚР Зейнетақымен қамтамасыз ету туралы» заңының жаңа нұсқасы қабылданып, бұл заң сол жылдың 3 шілдесінен бастап күшіне енді. Жаңғыртылған зейнетақы жүйе­­ сіндегі өзгерістер жөнінде баян­ дап беруін өтініп, жақында біз об­ лыстық бақылау және әлеуметтік қорғау департаменті әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің басшысы Ольга Айтуғановамен хабар­ ластық. - Зейнет жасына байланысты бұл жолғы реформа негізінен әйел­­дерге қатысты. Жаңа жүйе әйел­­дер­дің зейнетақы жинақтау жүйе­­сіне қатысу мерзімін көбейте оты­­рып, оның мөлшерін арттыру­ ға бағыт­­талған. Заңның 11-бабы 1-бөліміне сәйкес 2001 жылдың 1 шілдесінен бастап ер адамдар – 63, ал әйелдер 58 жасқа толғанда зейнетке шығуға құқылы болса, енді жаңа реформа­ға сәйкес алда­ ғы уақытта әйелдер­дің зейнетке шығу жасы біртіндеп ұзартылатын болады. Сонда зейнет жасына жыл сайын 6 айдан қосылып, 10 жыл бойы ұлғайғанда, 2018 жылдың 1 қаңтарында 1960 жылдың 1 қаң­ тар - 30 маусымында туған әйел­ дер 58,5 жасқа келіп, зейнетке шығады, - деген Ольга Ілияс­қызы бұл өзгерістерді бізге тәп­тіштеп түсіндіріп берді. Оның сөзінше, зей­нет жасын ақырындап көтеру бұрыннан бар нәрсе. Мысалы, «ҚР зейнетақымен қамтамасыз ету туралы» заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізілуіне байланысты бұдан бұрын да зейнет жасы біртіндеп көтерілген. Бұған нақты

Зиянды жұмыстағыларға жәрдемақы төленеді дәлел келтіретін болсақ, мысалы, 1998 жылдың 1 қаңтарынан бастап ер адамдар 61 жаста, ал әйелдер 56 жасында зейнетке шыққан болса, 1998 жылдың 1 шілдесінен ерлер - 61, 5, ал әйелдер – 56,5 жаста, 1999 жылдың 1 шілдесінен ер­лер 62 жасында, әйелдер 57 жасқа келгенде, 2000 жылдың 1 шілдесінен бастап ер азаматтар 62,5, ал, әйелдер – 57,5 жаста, ал 2001 жылдың шілдесінен ер адамдар – 63, ал әйелдер 58 жасында зейнетке шықты. Сөйтіп, 1998-2001 жылдар арасында зейнет жасы 5 рет өзгерді. Ол кезде ел ара­сында түсіндіру жұмысы жақсы жүргі­зіл­ді ме, әйтеуір былтырғы­ дай түсінбеушілік болған жоқ. Бұл жолы да зейнет жасы біртін­деп ұлғайтылмақ, сондықтан бұдан шошудың қажеті жоқ. Зейнет жасын ұлғайту, ең алдымен, халық­ тың өзі үшін аса қажет нәрсе. Бұл жөнінде Елбасымыз БАҚ ар­қы­лы барша халыққа түсінікті етіп ай­­тып берді. - Ал енді зейнет жасының ұлғаюына байланысты кім қашан зейнетке шығады, соны есептеп көрелік. Мысалы, әйел адам 1960 жылдың 5 қаңтарында дүниеге келген болса, онда ол 2018 жыл­ дың 5 шілдесінен бастап зейнетке шыға алады. Ал 1962 жылдың 1 мамырында туған әйел 2022 жылдың 1 қарашасынан бастап зейнетке шығуға құқылы. Сондайақ 1965 жылдың 9 қа­рашасында туған әйелдер 2028 жылдың 9 қа­ рашасына дейін жұ­мыс істеуі керек екен. Осылайша кете береді. Ольга Ілиясқызының айтуынша, жаңғыртылған заңда аса қа­уіп­ті ядролық сынақ аймақ­та­ рын­да тұрған және 5 немесе одан да көп баланы дүниеге әке­ліп, оларды 8 жасқа дейін тәрбиелеп өсірген аналарға да жеңілдіктер қарастырылған. Мысалы, Қазақ­ стан Республикасының «Семей ядро­лық сынақ полигонында жа­ па шеккен азаматтарды әлеумет­ тік қорғау туралы» заңына сәйкес 1949 жылдың 29 тамызы мен 1963 жылдың 5 шілдесі аралығында 5

жылдан кем емес уақыт шектен тыс залалданған қауіпті радиациялық аймақта тұрған ер-азаматтар 25 жылдан кем емес еңбек өтілі болған жағ­дайда 50 жаста, ал әйелдер 20 жылдық еңбек өтілімен 45 жасқа толғанда зейнетке шығуға құқы бар. Бұрынғы заңда радиациялық аймақта тұру мерзімі 10 жылды құрайтын, ал жаңа заң бойынша бұл мерзім 5 жылға шегерілді. Сондай-ақ Байқоңыр ғарыш айла­ғын­да жұмыс істеушілердің зей­нетақы төлемінде де ерекше­ лік­тер бар. Бұл жөнінде қызығу­шы­лық танытқан азаматтар жергі­­лікті зейнетақы төлеу орталық­­та­ры­на барып білулеріне болады. Жаңа заңда көп балалы әйел­ дердің зейнет жасына да өзгеше­ ліктер енгізілген. Қазіргі заң бо­ йынша 5 және одан да көп бала туып немесе асырап алған және олар­ды 8 жасқа дейін өсірген әйелдер 6 айдан кем емес еңбек өтілі бол­ған жағдайда 53 жаста зей­нет­ке шыға алады. Бұрын мұндай жағ­дай­дағы әйелдер тек 20 жыл­дық ең­бек өтілі болған жағдайда ғана 53 жасында зейнетке шығуға құ­қылы болатын. Биыл 1 қаңтардан бастап нәрестелі болуына байланысты бала күті­ мімен үйде уақытша отырған жас ана­лардың да зейнетақы жарнасы үзбей төленетін болады. Яғни зейнетақы қорына олардың бұ­­рын­ғы табысының 10 пайызы кө­­лемінде зейнетақы жарнасы тү­ сіп тұрады. Бұл бюджет есебінен жү­­зеге асырылмақ. Тағы бір айта ке­тетін жәйт, аталмыш заңның 15-бабы 2 және 3-бөлімдері­не сәй­кес зей­нетақы тағайындау үшін жұ­­мысшының 1995 жылғы 1 қаң­та­рынан басталған кез келген еңбек еткен 3 жылы (арасында үзіліс болғаны­на қарамас­ тан) негізге алынады. Сондай-ақ алдағы уақытта міндетті кә­­сіп­тік зейнетақы жарнасы­ның кө­­лемі де 5 және 10 пайызға ұл­ғай­мақ. Бұл жөнінде аталмыш де­парта­мент басшысының орынбасары Жеңіс Беріков таратып ай­тып берді.

Ал енді еңбек жағдайлары зиянды жұмыста істейтін адамдар қандай жәрдемақымен қамтамасыз етілмек? деген сұрағымызға Жеңіс Беріков былайша жауап берді: - Еңбек жағдайлары ерекше жұмыстарда істейтін адамдарды зейнетақымен қамсыздандыру жүйесінде ерекше зиянды және ерекше ауыр жұмыста істейтін адамдарға 8 және 9 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде мемлекеттік арнайы жәрдемақы қарастырылған. Бұл - бір. Екіншіден, белгіленген зейнеткерлік жасқа жеткен кезде ең төменгі күнкөріс деңгейінен 50 пайыз мөлшерінде база­лық зейнетақы төлемі беріледі. Үшіншіден, 63-58 жасқа жеткен жұмыс­шы­лар­ға 1998 жылғы 1 қаңтарға еңбек өтілі болған жағдайда ынтымақ­ты (еңбек) зейнетақы беріледі. Төртіншіден, қызметкерлер жалақысының 10 па­йызы мөлшерінде жинақтаушы зейнетақы жүйесіне міндетті зейнет­ақы жарналарын аударған жағдайда, жинақтаушы зейнетақы беріледі. Бе­сінші, бұл - жинақтаушы зейнетақы қорларына жұмыс берушілер төлейтін ерікті кәс��птік жарналардың есебінен берілетін зейнетақы. Алтыншыдан, белгіленген зейнеткерлік жасқа жеткенге дейін жалпы еңбек қа­ білетін жоғалтқан жағдайда мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қо­рынан сақтандыру төлемдері төленеді. Жетіншіден, еңбек жарақаты­нан және кәсіптік аурулардың салдарынан еңбек қабілетін жоғалтқан адамдарға сақтандыру компанияларынан өмірлік сақтандыру төлем­дері қамтыл­ ған. Оқырман қауымға осы жағдайларды жеткізуімізді өтінген Жеңіс Беріков міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының тек жұмыс жағда­йы­ның қа­уіпті екендігі расталған мекеме жұмысшыларына ғана бе­ рілетінін қа­перге салды. Оның сөзінше, зейнетақы жүйесіне енгізілген жоғарыдағы өз­ге­ріс­тер мен толықтырулар зейнетақы жүйесінің тұрақтылығын арттырмақ.

Жапондықтар зейнетке 70 жаста шығады екен! Әйелдердің зейнет жасын арттырудың басты себебі, зейнетақы тө­ леудегі қаражаттың болжамды дефициті және зейнеткерлердің 70%-ын әйелдердің құрайтыны болды. Нақты дерек көздеріне сүйенсек, әйел­ дердің зейнет жасын арттырмаса, зейнетақы төлеуге жұмсалатын бюджет шығыстары 2014-2024 жылдары 3 триллион теңгеге дейін өседі екен. Сондықтан ел Үкіметі осындай қадамға барып отыр. Зейнет жасын ақырындап ұлғайту, бұл - жаһандық үрдіс. Еуропа одағы мен әлемнің өзге де елдері дағдарыс пен құлдырау жағдайында осылай жасауға мәжбүр болған көрінеді. Зейнет жасын ұлғайту барысында қай елдің Үкіметі болмасын, халықтың орташа өмір сүру жасын басты назарға алған. Мысалы, ең ұзақ өмір сүретін жапондықтар 70 жаста зейнетке шықса, Исландия, Дания, Норвегия елдерінің азаматтары 67 жаста, АҚШ, Канада, Германия, Кипр, Финляндия, Австрия, Ұлыбритания елдерінің халқы 65 жаста құрметті еңбек демалысына шығатын көрінеді. Грузия, Польша, Молдова, хорватиялықтар да солай, 65 жасында зейнетке кетуге құқылы. Француздар 60 жасында зейнетке шықса, литвалықтар 62,5 жасында демалысқа кетеді. Ал ең аз өмір сүретін халық боп есептелетін ресейліктер, беларусьтықтар және украиндықтардың зейнет жасы 55-60 жас екен. Бір қызығы, неміс халқы зейнетке шыққанша асығатын болса, еңбекқор жапондық қарттар жұмыс істеп жүре бергісі келетін көрінеді.


6

ардагер Сейсенбі, 21 қаңтар 2014 жыл

oral_oniri@inbox.ru

Қос майданның Зинен ақсақалдан соғыс туралы әңгіме есту қиын. «Әлі есімде» - деп бастап, сағаттап

қаһарманы

сілтегенде, шаршамайтын бәз бір ағаларымызға мүлдем ұқсамайды. Әңгімелемек түгілі, тіс жармайды. Қарт сарбаз осы қаңтарда 90-ға толады. «Мен» -

Сексеннің сеңгірінде

деп кеуде соқпайтын ақсақалды «өмірбаяныңызды түсіріп беріңізші» - деп «алдап-сулап» дегендей, ғұмырбаянын қағазға

Еңбек өмірбаянын, яғни күш-қайратқа толы жылдарын ауыл-еліне сарқа жұмсап, «жұртқа болса екен» деген ниетпен маңдай терін сыпыра қызмет жасаған Мүти Саржанұлы, міне, 80 жасын қарсылап отыр. Сосын да болар, айналаға ақсақалдық парасатының нұрын шашқан жақсы ағаға бүгін де жанжақтан құттықтаулар ағылуда.

түсірткізіп, баласы Бақытжанның, келіні Бақыттың бір кезде естіген әңгімелерін олардың өзіне айтқызып, солардың бәрін құрастырып, соғыс және еңбек ардагерінің «мини» бейнесін төмендегідей «сомдағандай» болдық. Осыған риза бол, құрметті оқырман.

Есенжол ҚЫСТАУБАЕВ, «Орал өңірі» Ақсақал 1924 жылы қаңтар­ дың 21 жұлдызында сонау Сырым өңірінің қазіргі Шолақ Аңқаты округінің маңайындағы Айдар деген жерінде дүние есігін ашыпты. Бірден айтайық, сол кездегі өлшеммен алғанда Зинекең оқуды әу бастан мұқияттапты. Ауылдағы бастауыш мектепті түгел қотарса да, білімнің қыр соңынан қалмай, әрі қарай жоғары кластарды ауданаралық Шалқар орта мектебінде оқыды. Тап сол кездегі қарқынымен онжылдықты ер­кін еңсеруі мүмкін еді. То­ғы­зын­ шыны бітіріп, әрі қарай оқи­мын деп қанатын қомдап жүр­ генде, тұтқиылдан соғыс басталды ғой... Тақымын оқушы партасынан жылқының арқасына ауыстырып, 1941 жылы №117 жылқы зауытына жылқышы бо­ лып орналасты. Соғысқа ат­тан­ ған жылқышының орнын бас­­­ ты. Бұл кезде әкесі мен ағасы соғысқа алынып кеткен еді. Ал 1942 жылы тамыз айында кезек бұған келіп, қан қасапқа бұл да аттанды. Он сегізге енді то­лып, жан-жағына қарай бас­та­ған көкөрім бозбала сөйтіп, ту­ған жерге, ағайын-тумаға «қош, аман бол, көргенше» - деп жәу­ теңдеп бара жатты. Орынбор облысының Колтубан деген же­ рінде әскерге шақырылғандар жыр­тылып айырылады. Ара­сын­да он сегізге енді ғана толған өзі секілді өрімдер де көп-ақ. Зи­­нен Қадыров запастағы 46-полкке түсті. Орынбордың түбін­де соғыс тәсілдеріне үйрету ке­ле­ сі жылдың, яғни 1943 жылдың сәуір айына дейін үздіксіз жүрді. Сол жылдың жазында ОрелКурск бағытында шабуылдап ке­ле жатқан немістермен алғаш айқасқа кірді. Орасан шығынға ұшыраса да, бұлар жауды әуелі

тоқтатты. Сөйтіп, бір сүйем ке­йін шегінбей, позицияны бер­мей жатып алды. Одан әрі қар­сы ша­ буылға шығып, немістер­ді ке­йін шегіндірді. Бұл жас сар­баз­дың соғыс деген тозақтың отына алғаш шарпылуы еді. Кейін Белгород, Харьков қалаларын жаудан азат етуге қатысты. Сол Харьков қаласының түбіндегі ауыр ұрыстардың бірінде шегініп барып, екінші қорғаныс шебіне бекініп үлгерген неміс­ тер бұларды минометпен тө­бе­ ден мина жаудырып қарсы алды. Аспан айналып жерге түс­кен сол атыста бұл басынан ауыр жараланды. Тірі қалды, Са­ра­товтың госпиталында екі ай емделіп, қайтадан соғысқа кірді. Батальон мен рота арасында байланысшы болып, талай рет ажалмен бетпебет келді. Бірде екі арадағы байланыс үзілді. Оны жалғау үшін өзеннен өтіп, арғы беттегі ротаға жету керек еді. Дәл осы минутта ротаның командирі оққа ұшып, рота да қиын жағдайда қалды. Батальон командирінен шұғыл тапсырма алған Зинен өзеннің арғы бетіне қарай бұқпантайлап құстай ұшты. Өзеннің үстін ба­ қылап жатқан фашистер минометтерін гүмпілдетіп қоя берді. Әлдебір жыраға түсіп, еңбектеп келе жатқанында жақын жерге мина түсіп, арқасын әлдене осып кеткендей болды. Оған қа­рауға мұрша жоқ, арғы беттегі рота­ға жетіп, тапсырманы орындады. Сөйтсе, мина жарқынша­ғы арқасын ойып кетіпті. Айтыпайтпай не керек, Зинекең сол соғыста үш рет ауыр жараланса да, емделіп, соғысқа қайта кіріп отырған. Госпитальдан тағы бір оралғанында, мұны миномет пол­кіне алынатын таңдаулы жа­ уынгерлердің қасына қосады. Сөйтіп, жауынгерлер арасында «Катюша» аталып кеткен қа­

һарлы қарумен жау төбесінен талай жасын ойнатты. * * * Жауды өзінің ордасына дейін қуып апарып, талқандаған же­ ңімпаздардың сапында болған Зинекең сонау 1945 жылдың кү­зінде Жымпитысына оралады. Әуелі жылқышы, ал 1947 жылы бөлімше есепшісі болды да, содан 1954 жылдан бастап, «Правда» газеті атындағы совхозда Құспанкөл бөлімшесінің меңгерушілігіне тағайындалды. Бөлімшені кім басқармады дер біреулер. Бірақ бір бөлімшені 31 жыл тапжылмай бас­қарған адам сирек шығар. Оның үс­ тіне анау совхозды атағы Ке­ ңестер одағына кеткен Социалистік Еңбек Ері Виктор Шубин басқарғанын, ал оның сенімінен шығу кез келгеннің маңдайына жазылмағанын естен шығармайық. Сосын тағы сол совхозда Шубиннің қол астында ферма басқарған жалғыз қазақ өзі болыпты. Қалғандары басқа ұлттардың өкілдері екен. Отыз бір жыл бойы Зинекеңнің бөлімшесі совхоз, ауданды айтасыз, облыс бойынша таңдаулы фермалардың көшін бастапты. Әр жүз сиырдан жоспардағы 87 бұзаудың орнына 94, кейде тіпті 100 бұзаудан алып отырыпты. Озат малшылары сол кезде жылдап күтетін жеңіл автокөлік­ терге кезексіз ие болған. Ерен еңбегі үшін Зинекеңнің кеудесіне «Құрмет белгісі» ордені мен талай медальдар тағылды. Бүгінде ағамыз қалада өзіне арнайы берілген құтханасын­ да, бала-келіні Бақытжан мен Бақыттың қолында бақуатты ғұмыр кешіп жатыр. Он немере, 21 шөберенің атасы. «Бүкіл ғұмырым өткен Жымпитым әр­ қашан ыстық» – деп қоятыны болмаса, қаланың тірлігіне үй­ реніп кеткен.

Балалық шағы Ұлы Отан со­ғы­сы өртімен тұспа-тұс келген сол бір кез кім-кімнің де маң­дайынан сипа­ма­ ғаны анық. Қа­быр­ға­сы қатпай жатып ауыр қап ар­қа­лап, өгіз жетектеп, баршаға жете бермейтін айранның көк суын ішіп, кісі басына шөкім­дей ғана талқанды талғажау қыл­ған кездер, әрине, естен шығар ма. Әкесі Саржан Жәдік баба­мыз­дың жетінші ұрпағы болатын. Ол Ба­зар­ шоландағы “Қызыл үйдегі” Қы­зыл­ жар мектебінде қос Ленин ор­ден­ді ұстаз Ғабдолла Махамбетовпен бірге 1942 жы­лы әскерге шақырылғанға дейін мұғалім болып жұмыс жасады. Бұл әулетті жұрт “мұғалімдер әу­леті” деп атауы орынды. Саржан­ ның жеті баласының алтауы мұға­ лім болды. Соның бірі Мүтидің өзі. Сол алтаудың ұрпақтары­ның ішінде де осы мамандықты игеріп, үздік көрініп, мақтан етер жандар жетерлік. Сөйтіп, Саржанның әулетінен жиырмаға жуық мұғалім шыққан. – Мүкең – жан-жақты педагог, ша­ пағаты мол жан. Шын мәніндегі ауыл академигі десек те болады. Ойын ақтара салмай, асықпай сөй­леп, түптөркінін жеткізе біледі. Зайы­бы Сара жең­геймен бірге өз ұл-қызда­рын, ел ұрпақтарын заман талабы­на сай тәрбиелеген үлгілі ұстаз, тәлімді атаана. Табиғи қалып­ты берік ұстан­ған, көпшілікке ой тас­тай білетін, жастарды еңбекке, адам­гер­ші­лікке, ұлттық тәрбиеге бағыт­тап жүре­тін үлкен жүректі насихат­шы, ақыл­манды абзал ардагер, - дейді көп жыл партия, кеңес қызме­тінде болған еңбек ардагері Әленғали Кереев. Ағамыз 1961 жылы Орал пе­да­ гогикалық институтын ой­да­ғыдай бітіріп, Тайпақ ауданы Талап орта мектебіне мұғалім болып орналасады. 1965 жылы алғыр, зейінді жасты Есенсай орта мектебіне директор, ал 1969 жылы аудандық білім бөлімінің меңгерушісі етіп тағайындайды. Жауапты жұмыстарда ысылған жігіт 1972 жылы Тайпақ аудандық партия комитетінің үгіт-насихат бөлімінің меңгерушілігіне көтерілді. Осы жұ­ мысты 15 жыл атқарып, зор абырой мен беделге ие болды. Тайпақ

ауданында бірінші хатшы болған Тө­леген Жұмақаев пен аудандық ат­ қа­ру комитетінің төрағасы Мырзах­ мет Тажмұқанов сияқты ел басшы­ ларының қарауында жұмыс істеу қызық та қиын еді. Олар тұрғын­дар­ дың мүддесіне байланысты шаруа атаулыға талапшыл болатын. Іс­кер­ лік­тері мен беделі талай сындар­лы сәтте жас қызметкерлерге па­на да болды. Сол кезде Тайпақ ауда­ны бүкілодақтық социалистік жа­рыс­ та маңдайы жарқырап, Ауыс­па­лы Қызыл Туды талай рет жеңіп алды. – Әрине, осының бәрі іске жұ­ мылудың арқасы еді. Алдыңғы тол­­ қын аға-апаларға сүйене оты­рып, ең­­бек­керлерді ұйым­дас­ты­ру­шы­­лар­ дың бірі болдым. Тия­нақ­ты басшы­ лық, тәртіптілік, пар­тия­­­лық жауап­ кер­ші­лік бол­ма­йын­­ша, мұн­дай же­тіс­­­тік­ке жету қиын­тұ­ғын. Аудандық, об­лыстық пар­тия, кеңес органда­ры­ ның “Құр­­мет” грамоталары­мен ма­ ра­­пат­­та­лып, ауданның “Құрмет кі­та­­ бына” жазылдым. Со­лардың ішінде “аудан экономи­ка­сы мен мәде­ние­ тін көтеруге қос­қан үлесі үшін” деген сөз жүрекке қандай жылы, - деп ағынан ақта­рылады Мүти Жұмашев. Қай жұмыста жүрсе де, ел игілігіне үлес қосып, қарапайым халық­қа шапағатын тигізуді мұрат еткен жан бүгінде зейнет демалысын­да. Содан бері 20 жыл өте шығыпты. Еліміздегі ортақ қам-қарекеттерді, саяси науқандарды ұйымшылдықпен өт­ кізуді әрдайым парызы санап келе жатыр. Оған Елбасы Н.Ә.Назарбаев­ тың алғысхатын 3 рет алуы куә. Мүти Саржанұлы – Ақжайық ауданының құрметті азаматы. Өмір жолы демекші, Мүти ағаның ізін қуған, өкшелес жүріп, тірлік сынында шыңдалған бір топ ініқарындастары қазір облыстың әр түкпірінде адал еңбек етуде. Ардагер аға Әленғали Кереев, Тайпақ ауданы партия комитетінде хатшы бол­ған Зоя Арақбаева, Ақжайық ауда­ ны әкімінің аппарат басшысы Серік Бақманов, Қаз­талов ауданының әкі­ мі Нұр­лан Бекқайыр, Ы.Алтынсарин атын­дағы медальдың иегері Римма Түрікменова, Теректі ауданында мектеп директоры, білім бөлімінің басшысы болған Самиғолла Әдиев сияқты азаматтар, – Біз Мүти аға­­­­ның шәкірттеріміз», – деп мерей­ле­не әңгімелейді. Иә, тумысында халықпен бірге болып, ел алдындағы міндеттерді ойдағыдай атқаруда ерендік та­ныт­ қан, үлкенге ізет, кішіге қам­қор­­лық көрсете білетін Мүти аға­ның 80 жасы ауылдағы ағайынның ортақ қуанышы десе де болады.

Тілес ЖАЗЫҚБАЙ, Ақжайық ауданы


қызмет oral_oniri@inbox.ru

Cейсенбі, 21 қаңтар 2014 жыл

7

Жәнібек ауданы әкімі аппараты «Б» корпусына бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасуға конкурс жариялайды 090500, Батыс Қазақстан облысы, Жәнібек ау­ даны, Жәнібек ауылы, Ғ.Қараш атындағы көшесі, 61, 2-қабат, 12-бөлме, анықтама үшін телефон: 8(71135) 21857, факс: 8-71135 -21857, эл.мекенжай: akimzhanibek@rambler.ru. Барлық конкурсқа қатысушыларға қойы­ латын жалпы біліктілік талаптары: Е - 4 санаты үшін: Жоғары білім. Мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес об­лыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда ортадан кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі. Е - R – 1 санаты үшін: Жоғары білім; Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс: 1) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес; 2) жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойын­ша оқуды аяқтаған жағдайда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес; 3) ғылыми дәрежесінің болуы; 4) мемлекеттік органдарда басшылық немесе өзге лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес; 5) осы санаттағы нақты лауазымның функцио­ налдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде басшы­лық лауазымдарда бір жылдан кем емес. Е-G - 4 санаты үшін: Жоғары немесе ортадан кейінгі білім не орта техникалық немесе кәсіптік білім. Е -4, Е-R-1, Е-G-4 санаттары үшін: Осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтікқұқықтық актілерді білу, «Қазақстан - 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағы­-

ты стратегиясын білуі. Мемлекеттік тілді білу, компьютерде жұмыс істей білу. Осы санаттағы лауазымдар бойынша функцио­ налдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер. «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымда­ рының санаттарының үлгілік біліктілік талаптарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының бірінші орынбасарының 2008 жылғы 9 қаңтардағы №0201-02/5 бұйрығымен бекітілген. (Қазақстан Респуб­ ликасы Әділет министрлігінде 2008 жылғы 10 қаң­ тардағы №5084 тіркелген). Әкімшілік мемлекеттік қызметкерлердің лауазымдық жалақылары Санаты Е - 4 Е - R -1 Е-G - 4

Еңбек сіңірген жылдарына байланысты min max 59578 теңгеден 80719 теңгеге дейін 109548 теңгеден 147986 теңгеге дейін 48047 теңгеден 64704 теңгеге дейін

1. Жәнібек ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру жұмыстары және мемлекеттік қызметтер мониторингі бөлімінің бас маманы (Е-4) Лауазымдық міндеттері: Жоғары органдардың нормативтік-құқықтық актілерінің орындалуына бақылау жасау. Аудан әкімінің, аудан әкімінің орынбасарларының лез­демелерін, жиналыстарын, аудан активінің жина­лыстарын ұйымдастыру. Заңмен белгіленген та­ лаптарға сәйкес қоғамдық ұйымдармен, бұқаралық ақпарат құралдарымен байланыс жүргізу, қоғам­ дық-саяси жағдайды зерттеу. Аудан бойынша жұ­мылдыру дайындығы, азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар мәселелері жөніндегі жұмыс­та­рын ұйымдастыру. Аудан бойынша сайлаушы­лар тізімін жүргізу. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Белгілі бір мамандықтарға талап қойылмайды. 2. Жәнібек аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы (Е - R - 1). Лауазымдық міндеттері: Ауданда қоғамдық-саяси тұрақтылықты қалып­

тастыруға, сондай-ақ мемлекеттің егемендігін ны­ ғайту, қоғамдық процестерді демократияланды­ру және қоғамды топтастыру жөніндегі мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру бағытындағы бөлімнің жұмысына жалпы жетекші­лік етеді және бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына жауап береді. Өзінің өкілеттігі шегінде бөлімнің құзырына жа­татын мәселелер бойынша аудандағы мемле­кет­тік мекемелерде, ауылдық округ әкімшілікте­рін­де Қазақстан Республикасының Заңдары мен нор­ма­тивтік-құқықтық актілерінің орындалуын қадаға­лау. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Белгілі бір мамандықтарға талап қойылмайды. 3. Тау ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маманы (Е-G-4). Лауазымдық міндеттері: Ауыл әкімінің ұйымдастыру-құқықтық және ақ­ параттық-сараптау қызметін қамтуына байланысты жұмыстарды атқару, шаруашылық кітаптарын жүргізу, аппараттың ведомстволық мұрағатымен, сайлаушылар тізімімен жұмыстану, әскерге шақы­ руды және әскерге тіркелуді ұйымдастыру, округ­тің әлеуметтік-экономикалық және ауыл шаруа­ шылығы кешенінің дамуларын сараптау және бас­қа да заңмен белгіленген міндеттерді атқару. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Белгілі бір мамандықтарға талап қойылмайды. Конкурс Қазақстан Республикасы қызмет істері агенттігі төрағасының 2013 жылғы 19 наурыздағы №06-7/32 «Бос әкімшілік мемлекеттік бос лауазымға орналасуға конкурс өткізу және конкурс комис­ сиясын қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы негізінде жүргізіледі. Конкурсқа құжат тапсыру барысында шетелдік оқу орындарын бітірген азаматтар білімі бойын­ша құжаттарын нострификациялау рәсімінен өткі­зу қажет. Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар: 1. Уәкілетті органмен бекітілген нысандағы өтініш; 2. 3х4 үлгідегі суретпен уәкілетті органмен бе­ кітілген нысанда толтырылған сауалнама; 3. Білімі туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшірмелері (мемлекеттік қыз­

метшілер ұсынатын құжаттарды олар жұмыс істейтін мемлекеттік органның персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) куәландыра алады); 4. Еңбек қызметін растайтын құжаттың нота­ риалдық куәландырылған көшірмесі (мемлекеттік қызметшілер ұсынатын құжаттарды олар жұмыс істейтін мемлекеттік органның персоналды басқа­ру қызметі (кадр қызметі) куәландыра алады); 5. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2010 жылғы 23 қарашадағы №907 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасы­ның нормативтік-құқықтық актілердің тізімінде 2010 жылы 21 желтоқсанда №6697 болып тіркел­ген) нысандалған денсаулығы туралы анықтама: 6. Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесі; 7. Құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті орган­мен белгіленген шекті мәнінен төмен емес нәти­ жемен тестілеуден өткені туралы қолданыстағы сертификат. Азаматтар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсі­би шеберлігіне және өзге де жеке қасиеттеріне қатысты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берілуі туралы құжаттардың көшір­ мелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жария­ ланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақ­ параттарды бере алады. Құжаттарды қабылдау мерзімі: Құжаттар конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап 10 жұмыс күн ішінде ұсынылуы керек. Конкурс комиссиясының қарауына қабылдау мерзімінде қолма-қол тәртіпте немесе пошта арқылы жіберілген құжаттар (құжат тігілетін мұқабада орналастырылған) қабылданады. Азаматтар құжаттарды хабарламада көрсетілген электрондық пошта мекенжайына электронды түр­де бере алады. Конкурсқа қатысу үшін құжаттар­ ды электрондық пошта арқылы берген азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күн бұрын кешіктірілмей береді. Әңгімелесу жүргізу уақыты мен орны: Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар кандидаттарды әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бас тастап 5 жұмыс күні ішінде «Жәнібек ауданы әкімінің аппаратында» өтеді.

«Б» корпусы бойынша уақытша бос әкімшілік мемлекеттік лауазымға орналасуға конкурс туралы хабарландыру «Орал қаласы қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі: 090000, Орал қаласы, Ж.Досмұхамедов көшесі, 45-үй, 111-бөлме, анықтама үшін телефон: 8-(7112) 505864, факс: 8-(7112) 512758, электрондық мекенжайы: gorfo_uralsk@mail.ru, негізгі жұмыскердің бала күту демалыс мерзі­ міне «Б» корпусы бойынша уақытша бос мем­лекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға конкурс жариялайды. Коммуналдық меншікті басқару секторы­ның бас маманы, «ER-4» санаты, (№ 04-03), лауа­ зымдық жалақысы қызмет өткерген жылда­рына байланысты 56375 теңгеден 76235 тең­геге дейін. Функционалдық міндеттері: ҚР заңнама акті­ леріне сәйкес облыстық маңызы бар қаланың ком­ муналдық мүлікті басқару, оны қорғау бойынша шаралар жүргізу, мемлекеттік мүлікті нәтижелі және орынды қолдану сұрақтары бойынша жұмыс атқару. Мемлекеттік ұйымдардың теңгеріміне мемлекеттік мүлікті қабылдап алу-беру, қалалық коммуналдық меншікке мүлікті қабылдау және мүліктерді есептен шығару жұмыстарын жүргізу. Коммуналдық меншікті мүліктік жалға беру келісімшарттарын, се­нім­ділік басқаруға беру келісімшарттарын даярлау, жалдық төлеу құнының мөлшерін есептеу. Жалдық төлеу құнының мөлшерін есептеу және жалға бе­ру келісім шарттарының мерзімдеріне сәйкес жал­ герлер тарапынан жалдық төлемді бюджет есебіне толық және уақтылы аударылымын бақылау, өсімақыны есептеу. Коммуналдық меншіктегі жыл­жымайтын мүлікті түгендеу жұмыстарын ұйымдас­

тыру және атқару, иесіз деп табылған жылжымайтын мүліктер және коммуналдық меншік объектілер бойынша түгендеу реестрін жасау. Жекешелендіруге жататын сату алды шараларды жүзеге асыру, облыстық маңызы бар қаланың коммуналдық мүлі­ гі объектілерін жекешелендіру бойынша кешенді жұмыстарды атқару, соның ішінде жекешелендіру процесін ұйымдастыру үшін делдалды тартады, жекешелендіру объектісін бағалауды қамтамасыз етеді, жекешелендіру объектісінің сатып алусату шарттарын әзірлеу мен жасасуды және сатып алу-сату шарттары талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асырады. Негізгі экономикалық көрсеткіштер бойынша ақпараттар жинау және оны талдау. Мемлекеттік акция пакеттері қалалық коммуналдық меншікке тиесілі АҚ, мемлекеттің үлестік қатысы бар ЖШС, МКК қаржы-шаруашылық қызметтерін талдау. Жергілікті атқарушы органдарына тиесілі акцияларға дивидендтердің уақтылы және толық есептелуіне және олардың төленуіне, сондай-ақ жарғылық капиталындағы қатысу үлесі жергілікті атқарушы органдарына тиесілі жауап­кершілігі шектеулі серіктестіктің қатысушылары арасында таза табыстың бөлінуіне бақылауды жүзеге асыру. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: «Әлеуметтік ғылымдар және кәсіпкер»: экономика, есеп және аудит, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару мамандықтары бойынша жоғары білім. Мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі

жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдай­да ортадан кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі. Қазақстан Республикасы заңнамасын тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік-құқықтық ак­тілерді білу. «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қа­лып­ тасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты», ҚР-ның «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемле­кеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»», «Акционерлік қоғам туралы», «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңдарын, «ҚР Азаматтық кодексі», «ҚР Бюджеттік кодексі» және басқа да жұмыс бабын­да қолданылатын нормативтік-құқықтық актілерді бі­лу. Осы санаттағы лауазымдар бойынша функцио­ налдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер. Компьютерде жұмыс істей білу. Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар: - өкілетті орган белгілеген нысандағы өтініш; - 3х4 үлгідегі суретпен өкілетті орган белгіле­ген нысандағы толтырылған сауалнама; - бiлiмi туралы құжаттардың нотариалдық куә­ландырылған көшiрмелерi. Мемлекеттік қызмет­ шілермен тапсыратын құжаттарды олар жұмыс іс­тейтін мемлекеттік органдардың кадр қызметі куә­ ландыра алады. Шетелдік оқу орындарын бітіргендер білімі туралы құжаттарын нострификациялау қажет. - еңбек қызметін растайтын құжаттың нотари­ алдық куәландырылған көшiрмесi. Мемлекеттік қыз­ метшілермен тапсыратын құжаттарды олар жұмыс істейтін мемлекеттік органдардың кадр қызметі куәландыра алады; - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау ми­-

нистрлігінің 2010 жылғы 23 қарашадағы №907 бұй­ рығымен бекітілген (Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілердің тізілімінде 2010 жылы 21 желтоқсанда №6697 болып тіркелген) ны­ сандағы денсаулығы туралы анықтама; - Қазақстан Республикасы азаматының жеке куә­лігінің көшірмесі; - құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті орган­мен белгіленген шекті мәннен төмен емес нәти­ жемен тестілеуден өткені туралы қолданыстағы сертификат. Құжаттар қабылдау мерзімі конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап 10 жұмыс күнінің ішінде көрсетілген мекенжай бойынша тапсырылуы тиіс. Конкурс ко­миссиясының қарауына құжаттарды қабылдау мерзімінде аза­ маттардың өздері әкеліп берген, поштамен неме­ се электрондық мекенжайға жіберілген (құжат ті­гілетін мұқабада орналастырылған) құжаттары қа­ былданады. Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады. Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электрондық пошта арқылы берген азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күн бұрын кешіктірмей береді. Осы құжаттардың түпнұсқасы берілмеген жағдайда тұлға әңгімелесуден өтуге жіберілмейді. Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кан­ дидат­тарды әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап бес жұмыс күн ішінде Орал қаласы қаржы бөлімінде өтеді.

«ОРАЛ ӨҢІРІ» Батыс Қазақстан облыстық қоғамдық-саяси газеті. 090000, Орал қаласы, Мұхит көшесі, 57/1. Е-mаіl: оral_oniri@inbox.ru Меншік иесі: «Жайық Пресс» ЖШС Бас директор

Жантас Набиоллаұлы САФУЛЛИН

Бас редактор Бауыржан ҒҰБАЙДУЛЛИН Редакция алқасы: Есенжол Қыстаубаев, Сырымбек Тұяқов (бас редактордың орын­ба­са­р­лары), Жаннат ЕСПОЛАЕВА (жауапты хатшы), Тоқтар КЕНЖЕҒАЛИЕВ (қоғамдық-саяси бөлім), Қазбек ҚАБЖАНОВ (арнайы тілші), Сәкен ӘБІЛХАЛЫҚОВ (экономика бөлімі), Нұрлыбек РАХМАНОВ (гуманитарлық бөлім). Меншікті тілшілер: Тілес ЖАЗЫҚБАЙ (Ақжайық ауданы) Нұрымбек Жапақов (Жәнібек ауданы) Өмірзақ Ақбасов (Жаңақала ауданы) Серік Жұмағалиев (Қазталов ауданы) Мүсірбек Айташев (Сырым ауданы)

8-711-42-21-720, 8-711-35-21-770, 8-711-41-21-755, 8-711-44-31-468, 8-711-34-31-126

Телефондар: Бас редактор 51-25-80, Бас редактордың орынбасарлары 24-17-08, 51-18-08

Жауапты хатшы 50-83-99. Жарнама қабылдау тел/факс: 51-51-09; Бухгалтерия 50-63-99.

Газет ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінде 2006 жылғы 4 мамырда тіркеліп, №7201-г куәлігі берілген

Е-mail: zhaikpress@inbox.ru Қолжазбаларға пiкiр айтылмайды және пай­­да­ла­ныл­маған хат автор­ларына жауап қай­та­рыл­май­ды. Деректердің дәлдiгi үшiн автор жауап­ты. Жарияланым авторларының пiкiрлерi ре­дак­ция көз­­қара­сын бiл­дiр­мейдi. Редакция тап­­сы­ры­сы­мен ­жа­зыл­ма­ған мате­риал­дар үшін қаламақы тө­лен­бейді. «Орал өңірінде» жа­рия­­лан­ған материалдарды сілтемесіз көшіріп ба­ су­ға бол­­май­­ды. Мақалалар электрондық нұсқада қабыл­да­на­ ды. Ж белгісімен жарияланған материалдар ақылы болып есептеледі.

Газет облыстық «Орал өңірі» га­зе­тi редакциясының компью­тер­­лiк орталығында терiлiп, бет­­тел­­дi. "Жайық Пресс" ЖШС баспаханасында басылды Индексі: 65428 Таралымы: 16378, 2 баспа табақ. Газет аптасына үш рет шығады. Корректорлар: Н.СҰЛТАНОВА, Д.шанкишева, ж.жайлауова Кезекшi редактор: г.кенжеғалиева


8

керуен сарай Cейсенбі, 21 қаңтар 2014 жыл

oral_oniri@inbox.ru

Еңбек еріне

Құттықтаймыз! Щапов ауылының тұрғыны Айжан Қа­ ламқызы КАПУШЕВАНЫ 21 қаңтарда 75 жасқа толуымен құттықтаймыз!

елдің құрметі Кезінде біздің облыстың Орда, Чапаев және Фурманов аудандарының бірінші басшысы ретінде тізгінін ұстап, еселі еңбегімен, зор ұйымдастырушылық қарым-қабілетімен және сөзге шешендігімен ел есінде қалған Кенжебек Меңдәлиевтің өмір есігін ашқанына жақында бір ғасырдың жүзі болды. Сырым Датұлы бабамыздың кіндік қаны тамған киелі топырақта дүниеге келген К.Меңдәлиев еңбек жолын 1934 жылы механизатор болып бастайды. Бертін келе, Орал ауыл шаруашылығы техникумын тәмамдап, бүкіл саналы өмірін туған өлкесінің ауыл шаруашылығын өркендетуге арнайды. Жастық жігерімен, қажырлы қабілетімен ерекше көзге түскен ол 1938 жылы Батыс Қазақстан облыстық партия комитетіне нұсқаушы қызметіне алынады. Осы кезден бастап партия қызметкері ретінде қалыптаса бастайды.

Ұ

лы Отан со­ғы­сы кезінде К.Меңдәлиев майдан­ға жіберілмей, Қазақ­стан Компартия­сы Орал облыстық комитетінде сектор меңгерушісі қыз­­ме­­тінде қалды­рыла­ды. Кен­ жеақаң сияқ­ты іскер ұйымдас­ тыру­шы тұлға да қажет болатын. Ал 1947 жылы 33 жасында Кенжебек Меңдә­лиев Орда ау­дан­дық партия ко­митетінің бірінші хатшысы қыз­метіне сайланады. Сол жылдары Батыс Қазақ­стан облыстық партия комитеті­ нің хатшысы болған Я.Черных 1949 жылдың 4 ақпанында Орда ау­дандық партия комитетінің бі­ рінші хатшысы К.Меңдәлиевке берген партиялық мінездеме­сін­де: ...«Меңдәлиев жолдас ... ал­ ғашқы күннен бастап-ақ ұйым­ дастырушылық қабілеті мен істі егжей-тегжейлі білетіндігін көр­ сетті. Орда ауданы өткен жылы қоғамдық мал шаруашылығын дамыту және мемлекетке ет тапсыру жөнінде алған міндеттемелерін мерзімінен бұрын асыра орындады. Мал шаруашылығын өркендетудегі жоғары көрсет­кіш­тері мен қол жеткен табыс­тары үшін 16 малшы-шопанға Социалистік Еңбек Ері атағы берілді», - деп жазыпты. Міне, осы бір қысқа ғана тұжы­рымды деректерде Кенже­ақаң­ ның Ұлы Отан соғы­сынан кейінгі ха­лық шаруашы­лығын­дағы со­-

ғыс зар­даптарын жоюдың ал­ ғашқы жыл­дарындағы жан­ қия­рлық еңбегі жарық жұлдыздай жарқырап кө­ рініп тұрғаны байқа­лады. 1952 жылы ол Чапаев (қазіргі Ақжайық) аудан­ дық партия коми­тетінің бірінші хатшысы болып сайланады. Бұл ауданда да - жігерлі де талапшыл басшы аз уақыт ішінде аудан шаруашылығының тыныс-тіршілігін жан­дандырып, жоғары нәтижеге қол жеткі­зе біледі. 1958 жылы аудан шаруашылы­ ғын дамытып, мәдени өркен­деуіне бо­йындағы бар қа­­білетқарымын аямаған, кішіпе­­йіл, әділ мінезімен жұрттың жү­ре­гіне жол тап­қан Кенжебек Меңдәлиевті ау­дан еңбекшілері КСРО Жоғар­ғы Кеңесінің депу­ таттығына ұсы­нып, бірауыздан сайлайды. 1962 жылы К.Меңдәлиев Фурманов (кейінгі Жалпақтал) ауданына басшылық қызметке жолданды. Сол жылдарда ауданның бірінші басшысы болып, елді жасампаз еңбекке жұмылдыра білген Кенжеақаң біріктірілген Фурманов, Жаңақала аудандарының ор­талықтары мен ірі елді мекендерінде бірнеше мектеп, ауру­хана, клуб, тұрғын үй салғызуға қол жеткізді. Аудан орталығы болған Фурманов ауылының өзін­ де үлгі жобадағы орта мектеп, аурухана, балабақша, телемұна­ра, ет тоңазыту комбинаты, әкім­шілік ғимараты, нан зауытын салғызса, кең­шар, бөлімше ор­ талықтарынан да ондаған ірі құрылыстардың бой көтеруіне ықпал жасады. 1960-70 жылдардағы КСРОның бесжылдық жоспарын асы­ра орындап, мемлекетке ауыл шаруа­шылығы өнімдерін өнді­ру­ де өте жоғары көрсеткіштерге қол жеткізгені үшін ауданның бі­ рінші хатшысы К.Меңдәлиевке 1971 жылдың сәуір айында Со-

циалистік Еңбек Ері жоғары ата­ ғы беріліп, Алтын Жұлдыз меда­лі және екінші рет Ленин ордені табыс етілді. 18 қаңтар күні Жалпақтал ауылында Жайық жұрты қадір тұт­қан, Социалистік Еңбек Ері, қоғам қайраткері Кенжебек Мең­ дәлиевтің туғанына 100 жыл то­­луына арналған шара өтті. К.Мең­ дәлиев есімімен аталатын мектеп алдында оның ескерткіші салтанатты түрде ашылды. Ашылу салтанатында сөз алған облыс әкімінің орынбасары Серік Сүлеймен: - Мемлекеттің экономикасын нығайту, халықтың тұрмыс-тірші­ лігін жақсарту жолында жылдар бойы ерен еңбек еткен Кенже­бек Меңдәлиевтей жарқын тұл­ға әрдайым ел-жұрттың жадын­да. Мына ескерткіш – соның бір айғағы, - деді. Еңбек еріне ар­нал­ ған ескерткіш ашылғаннан кейін жұрт­шылық мектептегі Кенжебек Меңдә­лиев­тің мұражайын аралап, ардагер ағаның өнегелі өмі­ рі мен жасампаз еңбек жолынан мол мағлұмат алды. Ал мәдениет үйін­де өт­кен салтанатты жиында аудан әкімі Нұрлан Бекқайыр қо­ғам қайраткерінің өмір өткелде­рі мен қызмет баспалдақтары туралы баяндама жасады. Сонымен қатар шара барысында кезінде қыз­меттес болған Мақсот Батыров, Мүсір Айтасовтай бірқатар еңбек ардагерлері Кенжеақаң туралы кеңінен толғады. Мерей­ той иесінің перзенттерінің бірі – Дина Кенжебекқызы туған елді гүлдендіруге бағытталған қажыр­ лы еңбегімен, халқына деген адал пейілімен ел-жұрттың қо­ шеметіне бөленген асқар тау сынды әкесі хақында ғибратты сыр шертті. Естеліктер легінен кейін К.Меңдәлиев туралы кі­таптың таныстырылымы өтіп, соңы арнайы даярланған концерт­тік бағдарламаға ұласты.

Серік ЖҰМАҒАЛИЕВ, Қазталов ауданы

Мереке күн нұрға толсын жүзіңіз, Қуаныңыз, шаттаныңыз, күліңіз. Бала-шаға қызығына кенеліп, Ортамызда аман-есен жүріңіз.

Құттықтаушылар: балакеліндеріңіз Рафхат-Ақкүріш, Нұрлыбек-Құралай, қыз-күйеу балаңыз Ғабиден-Гүлбану, қыздарыңыз Бибігүл, Назгүл, Үміт және немере-жиендеріңіз Шыңғырлау ауданы, Ащысай ауылының тұрғын­ дары, асқар таулы әкеміз Сансызбай Хамитұлы Жанакашев пен ақ жау­лықты анамыз Сәуле Ба­ калқызы Жанакашеваны 2014 жылдың қаңтар айында отау құрғандарына 40 жыл және де 60 жасқа толған мерейтойларымен құттықтаймыз! Тойларыңыз құтты болсын арайлы, Барлығымыз сізді асылға балаймыз. Арамызда жүз жыл жасап жүруді Бәрінен де қатты-қатты қалаймыз.

Игі тілекпен: бала-келініңіз Нұржан-Гүлнұр, қыз-күйеу балаларыңыз Төлеуғали-Айгүл, Берік-Бибігүл, немерелеріңіз Ержан, Дарын, жиендеріңіз Айдана, Еркінғали, Дина, Диас Орал қаласының тұрғыны асыл жар, сүйікті атамыз, асқар таудай әкеміз Серік Әбуұлы ТЕМІРӘЛІНІ 21 қаңтарда толатын мерейлі 60 жасымен шын жүректен құт­тық­тай отырып, ақ тілегімізді жолдаймыз. Құтты болсын 60 деген жасыңыз, Аман болсын жанұяңыз, басыңыз. Әке болып, ата болып әрқашан Ортамызда ұзақ өмір жасаңыз.

Құттықтаушылар: зайыбыңыз Райхан, балдызыңыз Кенжеахмет, қызыңыз Ақсүйрік, бала-келініңіз Жеңіс-Рита, Қажымұқан, немерелеріңіз Аружан, Ақмаржан

БҚО МАЭ сотының 14.01.2014 жылғы ұйғарымы­ мен «ЖелДорСервис» ЖШС-ға (ЖСН 000840003111) қатысты оңалту шарасын қолдану туралы азаматтық іс қозғалды. «Су спорты түрлері бойынша балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» МКҚК бос қызмет орындарына орналасуға конкурс өткізу туралы хабарлайды: 1. Су добы бөлімінің жаттықтырушы-мұғалімі – 1 бірлік (жоғары кәсіби білімі, жұмыс өтілі кем дегенде 5 жыл); 2. Бас инженер – 1 бірлік (жоғары кәсіби білімі, жұмыс өтілі кем дегенде 5 жыл); 3. Автокөлік жүргізуші (Д санаты) – 0,5 бірлік; 4. Электрик – 0,5 бірлік; 5. БӨҚЖ ұстасы – 0,25 бірлік. Конкурсқа қатысқысы келген үміткерлер мына құжаттарды алып келуі тиіс: • Мемлекеттік тілде түйіндеме • Мемлекеттік тілді білуі • Конкурсқа қатысуға өтініш • Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесі • Кадр есебі бойынша жеке іспарағы (нақты мекенжайы мен телефон нөмірі көрсетілген); • Өмірбаян, 3х4 фото – 2 дана • Белгіленген тәртіппен куәландыратын білімін анықтайтын құжаттардың көшірмесі • Медициналық кітапша (жұмыс жасауға рұқсаты бар) • Еңбек кітапшасы • Әскери есеп құжаты (әскери міндеттілер мен әскери қызметке шақырылуға жататын адамдар үшін); • Сотталмағаны туралы анықтама. Конкурсқа қатысу үшін құжаттар хабарландыру жарияланған күннен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде мына мекенжайға тапсырылуы қажет: Орал қаласы, Жеңіс шағынауданы, №5 ғимарат Анықтама үшін телефон: 26-26-80.


7 21 01 2014