Page 1

Орал өңірі ОБЛЫСТЫҚ Қоғамдық-саяси газет

+3 С -3 С 0

0

Сенбі, 15 наурыз 2014 жыл №30 (19949)

www.zhaikpress.kz

Газет 1918 жылғы 17 қарашадан шығып келеді. 1968 жылы "Құрмет Белгісі" орденімен марапатталған

Тұрғындар да

oral_oniri@inbox.ru

ӘЛЕУМЕТ

қамсыз отырмауы тиіс Қамқорланушылар қараусыз қалмайды

5

ардагер

4

жылдығы 7%-ға дейін, сыйақының жылдық тиімді мөлшерлемесінің жылдығы 7,3%-ға дейін әр жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша салым қалдығының 5%-нан бастап 7%-ға дейін

Банктік сыйақы мөлшерлеме Мемлекеттік жыл сайынғы сыйлықақы

8 (7112) 59-39-45, 59-39-76 (Орал қаласы үшін)

6

5, 10 жыл, салым мерзіміне ұзарту мүмкіндігімен, алайда 20 жылдан аспайды

Салым мерзімі

Толығырақ ақпаратты Банк бөлімшелерінен ала аласыздар. Байланыс орталығының телефондары:

"Марафоншы" ағай

8 8000 8000-59

Бағалы қағаздар нарығында банктік және басқа операцияларды жүргізуге берілген 2008 жылғы 6 тамыздағы №10 лицензия

(Қазақстан бойынша)


2

АҚПАРАТ Сенбі, 15 наурыз 2014 жыл

oral_oniri@inbox.ru Кеше облыстық мәслихаттың үлкен залында облыс әкімі Нұрлан Ноғаевтың төрағалығымен өткен және барлық деңгейдегі әкімдер қатысқан кеңейтілген мәжілісте облыстағы кәсіпкерлікті дамыту тақырыбы жан-

P

P

«Жас Отан» жастар қанатының «Жастар ауылға» жобасы аясында кеңес орталығында медицина күні өткізілді. «Облыстық СПИД-ке қарсы күрес орталығы» мен «Қамқор жастар денсаулық орталығының» эпидемиолог дәрігері Эль­ вира Ақылбекқызы және мейірбикесі Зүлфия Елтайқызы «Мирлан» базарының сатушылары мен сатып алушыларына тегін қызмет көрсетті. Кеңес барысында 19 адамның денсаулығының жалпы жағдайын тексеріп, қан қысымын өлшеу, қан құрамын анық­тау сынды қызметтер көрсетілді. Чапаев Орман және жануар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесінде көктемнің қам-қарекеті қызуда. Буда­рин тұқым бағынан көршілес аудандарға терек, үйеңкі, қара­ қат, жиде, акация, қарағаш, шаған көшеттерін, яғни 20 мың түпті жөнелтуге дайындық басталды. Мекеменің өз жұмысшықызметкерлері осы көктемде Орал-Атырау және Чапаев-Жа­ ңақала автожолдары жанына – 25 гектар жерге жиде, қа­ра­ғаш, қарақат талдарын егудің жоспары пысықталды.

жақты талқыланды.

Тоқтар КЕНЖЕҒАЛИЕВ, «Орал өңірі» – Бүгінгі басқосуымыздың басты тақырыбы – орта және шағын бизнесті қалай дамытамыз деген мәселені егжей-тегжей­лі қарастыру. Елбасымыз, Ұлт көш­басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы

«Ауыл адамы кәсібін ашуы үшін түсіндіру жұмысын ЖҮЙЕЛІ ЖҮРГІЗУ КЕРЕК»

Гүлбаршын ӘЖІГЕРЕЕВА, «Орал өңірі»

Бас жүлде – БҚГА-да Жақында Жәңгір хан атын­дағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық уни­­верситетінің спорт залында қа­ла­ мыздағы ЖОО-лардың студент-қыздары арасында волейболдан ашық бі­ ріншілік өтті. Екі күнге созылған тартысты бәсекенің қорытындысы бойынша ҚазИИТУ мен №19 орта мектеп командасы ІІІ жүлделі орынды иеленді. Финалдық ойын Жәңгір хан атындағы БҚАТУ мен БҚГА команда­лары арасында өтті. Нәтижесінде БҚГА командасының шеберлігі басым түсіп, бас жүлдені жеңіп алды. Жарыс соңында жеңімпаздар мен жүлдегерлер арнайы диплом, медальдармен марапатталды.

Кәсіпкерлер күні белгіленсе... Осы аптаның бейсенбісінде «Парк-отель» кешенінің мәжіліс залында облыстың бір топ кәсіпкерлері ҚР Ұлт­­ тық кәсіпкерлер палатасының ҚР Парламенті Мәжілі­сін­ дегі және ҚР Үкіметіндегі өкілі Аманжан Жамаловпен кездесу өткізді. Кездесуді облыстық кәсіпкерлер палата­сы­ның директоры Кеңес Әбсатиров ашып, жиынды өткізудің мән-мақсатын түсіндірді.

Еламан ӘЙПІШЕВ, «Орал өңірі» Сөз алған Аманжан Жамалов жиналғандарға Елбасының «Қазақ­ стан Республикасында кәсіпкер­­лік қызметті жақсартуға жағ­дай жасау жөніндегі түбегейлі ша­ра­лар туралы» №753 Жарлығы бо­ йынша жан-жақты түсінік берді. – Елбасы елімізде кәсіпкерлікті дамытуға ерекше көңіл бөліп отыр. Оған дәлел – Елбасының ша­ғын және орта бизнес нысандарын тексеруге кезекті морато­рий жариялауы. Кәсіпкерлікті өріс­ тетуге мұндай қолайлы жағдай көптеген елде жоқ. Сондықтан да бізге осы мүмкіндікті жете пайдаланып, бизнесті өрістетуіміз қа­ жет. Оның үстіне девальвацияға байланысты ұлттық қордан бө­ лінген қаржының басым бөлігі кә­ сіп­керлердің жобаларын жүзеге асыруға бағытталмақ. Бүгінгі кез­десудің мақсаты мораторийге ті­­келей қатысты. Президент Жар­

лығының мән-маңызын сіздер­ге түсіндіру және өздеріңізді тол­ғандырып жүрген мәселелер бо­ йынша ашық пікір алмасу, – деді Аманжол Мәкәрімұлы. Кездесуде сөз алған Жаңақала ауданынан келген кәсіпкер Дос­қали Мұратов, облыстық кәсіп­ керлер қауымдастығының төр­ағасы Әнес Ізтілеуов, «Даму» кә­ сіпкерлікті қолдау қоры» кеңесі­ нің мүшесі Әліби Оразов, «Шағын бизнес орталығы» қауымдасты­­ғының директоры Шолпан Мах­мудова, «Ақжол» демократиялық партиясы облыстық филиалы төр­ аға­сының орынбасары Қайыр­жан Идиятов және басқалар жергілік­ ті жерлерде кәсіпкерлікті дамы­ туда шешімін таппай келе жат­қан түйткіл жақтарын ортаға салып, оны шешуге ұлттық палата тара­пынан қолдау қажеттігіне тоқ­тал­ ды. Кездесуде ел дәулетін еселеу­ге атсалысып жүрген кәсіпкерлер­дің кәсіби мерекесін белгілеу туралы ұсыныс түсті.

Назарбаев кәсіпкерлікті да­мы­ туға үлкен көңіл бөліп, жыл сайынғы Жолдауларында баса мән беріп отыр. Президент тап­ сыр­масына сәйкес, орта және шағын бизнестен түсетін түсімді жалпы ішкі өнімнің 50 пайызы­ на жеткізу бұл біздің негізгі мін­детіміз. Барлық жағдай бар, кедергілер азайып, мемлекет та­ рапынан қолдау көлемі өсуде. Дегенмен Жайық өңіріндегі жағ­­дай бізді қанағаттандырмай­­ды. Мүмкіншілік бола тұра, ұйым­дас­тырушылық қабілеттің жетіс­пеуінен немесе басқа да субъек­ тивтік кедергілердің кесірінен іс ақсап жатыр. Осы басқо­су­да қандай түйткілді тұстар бар, қан­­дай объективті себептер ая­ғы­ мызға тұсау болып отыр, соларды анықтап, жою жолын бірлесіп іздестіреміз, – деді Нұрлан Асқарұлы. Өңір басшысынан кейін сөз алған облыс әкімінің орынбасары Марат Кәрімов 2013 жылы Жайық өңірінде шағын және ор­ та кәсіпкерлік саласында жа­сал­ ған жұмыстарға тоқталып, кем­шіліктерді, артта қалып тұр­ған тұс­тарды боямасыз, бүкпе­сіз баяндап берді. – Жалпы, бұл салада Батыс Қа­ зақстан облысының көрсет­кіш­­тері республика көлемінде орта­ ша деңгейде. Облыс деңге­йіне келетін болсақ, Орал қала­сы,

Ақжайық, Қазталов, Тасқала жә­не Жаңақала аудандарының көр­ сеткіштері жаман емес, – деді М.Кәрімов. – Марат Шайдоллаұлы, республикада орташа деңгейдеміз дедіңіз. Жарайды, Павлодар, Қа­рағанды, Ақтөбе облыстары негізінен өндірісті өңірлер ғой. Ал Қостанай, Жамбыл, Ақмола об­­лыстары біз сияқты ауыл шар­ уашылығына баса мән беретін өңірлер емес пе? Сонда әрі қа­ рай не істеуіміз керек? Сонда кәсіппен айналысуға халықтың ынтасы жоқ па, бизнесті қол­дау тетіктері дұрыс емес пе, әлде ха­­лыққа түсіндіру жұмыстары же­тіспей жатыр ма? Яғни олай болатын болса, БАҚ арқылы насихатты күшейту керек, даму институттарының өкілдерін ау­ дандарға шығару керек, – деді өңір басшысы. Бөрлі мен Зеленовтың жақсы көрсеткіштері негізінен бұл ау­ дан­дардағы ірі өнеркәсіп орындарымен байланысты екендігі­не тоқталған облыс әкімі «Егер бұл жерлердегі ірі кәсіпорын­дар болмаса, соның айналасын­ да жүріп табыс табатын шағын кәсіпкерлік нысандарынан түсе­ тін түсім де анағұрлым төмен бо­ лар еді» деген тұжырым айтты. «Кезінде мен Президентке өң­деу өнеркәсібі өскендігін баян­дап тұрған кезім­де ол менен

«Ал жарайды, осының ішінде қаншасының мұнай­мен байланысы жоқ?» деп сұра­ды емес пе. Ал қазір Бөрлі мен Зеленов­тың көрсеткішінен мұ­най-газдан түсетін түсімді алып тастасақ не болады? Сондықтан шағын кәсіпкерлікті дамыту мә­се­лесін­ де барлық аудандарды бір­дей қарап, жұмыс қарқынын талдау керек. Өз-өзімізді алдап, жұба­ту­ дың қажеті жоқ. Бәріміз бірдей жасай алатын ортақ шаруаны қол­ға алуымыз қажет. Мал басын көбейту, егін шаруашы­лы­ ғын өркендету мәселесі күн тәр­ті­бінен түспеуі тиіс. Рас, ел бол­ ғасын бес саусақ бірдей емес. Үй­де әлеуметтік көмек алып шал­қайып жататындар бар. Жақын­ да менің қабылдауыма Жаңақа­ла ауданының Айдархан ауылынан бір азамат келді. Қаладан пәтер, жұмыс сұрайды. Ауылда қалай күн көріп жүргенін сұ­расам, «Жазда көлден балық аулап сатып, қыста үйде жатамын» дейді. «Жұмыс сұрап, ауыл әкіміне бардыңыз ба?» деп едім: «Бардым, биржадан бір жұмыс бер­ді, оны істемеймін, арланамын» деп қарап тұр. Бұл не сон­да? Ел арасында масылдық пси­ хология әлі бар деген сөз ғой. Аудан, ауыл әкімдері сіздер ха­ лықпен тығыз жұмыс істейтін азаматтарсыздар. Сондықтан мұн­­дай «көңіл күйден» кейбір адам­дарды арылту сіздердің күнде­лікті жұмыстарыңыз», – деді Нұр­ лан Асқарұлы. Жиында жекелеген ауылдық округтердің әкімдері өз ой-пі­ кір­лерін ортаға салып, негізінен жергілікті жерде кәсіпкер­лікті да­мытуға кепіл мүліктің бол­мауы кедергі келтіріп отырған­ дығын қадап айтты. Сондай-ақ Шыңғырлау, Бөкей ордасы, Қаз­ талов аудандарының әкімдері, «Да­му» қорының, «Атамекен» ұлттық палатасы жергілікті фи­ лиа­­лының өкілдері сөз алып, ұсы­ ныстарын білдірді. Өңір басшы­сы орынбасары М.Кәрімовке ау­дандарда шағын және орта бизнесті дамытуды кеңінен наси­ хаттау жұмысын жолға қоюға тапсырма берді. Суреттерді түсірген Александр КУПРИЕНКО


ҚОҒАМ oral_oniri@inbox.ru

Cенбі, 15 наурыз 2014 жыл

Салаға қатысты сауалдар сарапталды

Кеше облыс әкімінің орынбасары М.Кәрімовтың қа­ тысуымен кеңес өтті. Басқосуда аудандар мен ауылдық ок­ругтердің әкімдері өңіріміздегі кәсіпкерлік саласының басшы-қосшыларымен кездесіп, саланы дамыту жайын талқылады.

Нұрлыбек РАХМАНОВ, «Орал өңірі»

Ж

иында кәсіпкерлік жә­не индустриалдыин­­новациялық даму бас­қармасы басшысының орын­басары Миржан Сатқанов, облыс­тық ауыл шаруашылығы басқар­ масы басшысының орынбасары Наурызбай Қарағойшин, «Қаз­Аг­ ро­Қаржы» АҚ БҚО филиалы директоры Төлебай Меңдіоразов, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ БҚО филиалы ди­ректоры Қайреден Жәкиев, «Да­ му» кәсіпкерлікті дамыту қоры АҚ БҚО филиалының менеджері

Айнагүл Арыстанова өз салалары бойынша облыста атқарылып жатқан жұмыстардан хабарламалар жасады. «Даму» қорының менеджері Айнагүл Арыстанова гранттар, жа­­ңадан өз ісін бастаған кәсіп­кер­ лерге жедел несие беру, кепілдіктер, демеуқаржылар жайлы мағ­ лұматтар берді. «Ауыл шаруашылығын қаржы­ лай қолдау қоры» АҚ БҚО филиалы директоры Қайреден Жәкиев аталмыш қор арқылы атқарыл­ған істерге тоқталды. Жиынға қатысқан ауылдық округ әкімдері мүмкіндігі шектеулі жандарға несие беру, суар­малы егістікке субсидия беріл-

Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің қаулысы Жоба

Профилактикасы мен диагностикасы бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын жануарлардың энзоотиялық ауруларының тізбесін бекіту туралы зеге асырылатын жануар­лар­дың «Қазақстан Республикасын­да­­энзоотиялық аурула­рының тізбе­ ­ғы жергілікті мемлекеттік бас­қа­ ру және өзін-өзі басқару туралы» сі бекітілсін. 2001 жылғы 23 қаңтардағы, «Ве2. Осы қаулының орындатеринария туралы» 2002 жыл­­ғы луын бақылау Батыс Қазақстан 10 шілдедегі Қазақстан Рес­пуб­­ли­ об­­лысы әкімінің орынбасары касының Заңдарын басшылыққа А.К.Утегуловке жүктелсін. ала отырып, Батыс Қа­зақ­стан об­ 3. Осы қаулы алғаш ресми жа­­рияланған күннен кейін күн­лысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: тізбелік он күн өткен соң қол­да­ 1. Қоса беріліп отырған профилактикасы мен диагнос­тика­сы нысқа енгізіледі. бюджет қаражаты есе­бінен жү­ Облыс әкімі Н.НОҒАЕВ 2014 жылғы «__» _________ № _______ Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің қаулысымен бекітілген

Профилактикасы мен диагностикасы бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын жануарлардың энзоотиялық ауруларының тізбесі № 1

Жануарлардың түрі Жануардың бірнеше түріне ортақ аурулар

Аурулардың түрі гиподерматоз трихофития псороптоз

2

Қой мен ешкі аурулары

гельминтоз

меуі сияқты кәсіпкерлердің кө­к­ ейінде жүрген сауалдарды жет­­ кізді. Ауылдағы ағайынның үй­ лері несиелер үшін кепілдікке алынбай жатқаны да сөз болды. Қайреден Жәкиев: «Ауылдарда жаңа үйлер жоқ, ең жаңасының салынғанына 30 жыл болған. Тә­уелсіз сарапшылардың да өз та­-

лабы бар. Олар мүліктің сол жердегі бағасына қарайды. Біреу­лер үйіме 10 млн. теңгеге жөн­ деу жасалған деп келгенмен, ол жерде ондай қаржыға үйді ешкім ала алмауы мүмкін. Яғни сол жергілікті жердің нарығына қарай бағалайды» деп жауап берді. «ҚазАгроҚаржы» АҚ БҚО фи­лиалы директоры Төлебай Мең­ ді­оразов баяндамасында өздері­ нің облыста атқарып жатқан іс­те­ріне тоқталды. Аймақтағы 300дей шаруаға несие бөлген «Қаз­ АгроҚаржының» бөлімше басшы­ сы «1 млрд.-тан астам теңгеге тех­­­ника алуға көмек көрсеткіміз ке­леді» дейді. Бұлардың пайызы бұрын 8-12% болып келсе, был­тыр­ дан бастап 7 пайыз болды. Жиын­ ға қатысушылар «Тракторларды сақтандырған дұрыс, ал олардың тіркемесінде жүретін техниканы сақтандырудың қажеті не?» деген қарапайым шаруалардың сұра­ғын да жеткізді. Бұл мәселе облыстан бекітілмейтінін, оның аса үлкен қаржы еместігін айтты баян­ дамашы. Басқосудан ауыл-аймақтың әкім­­дері халықтың жағдайын тү­зеу­ге бағытталған маңызды ақ­ пар­ларды, жаңа мүмкіндіктерді елге жеткізіп, ол істерді атқаруға құлшы­нып барарына сенім мол. Суреттерді түсірген Темірболат ТОҚМАМБЕТОВ

3

Өлкетануға арналған семинар Осы аптада облыстық балалар мен жасөспірімдер ту­ризмі және экология орталы­ғында «Өлкетану – патриот­тық тәрбиенің қайнар көзі» атты семинар өтті. Семинарға аудандық білім беру бөлімінің әдіскерлері, музей қызметкерлері, қалалық мең­­ге­руші­лері қа­­­тыс­ты. Ұйым­дастырушы­лар­дың ай­туынша, семинардың мақса­ты – турис­ тік-өлкетану жә­не мектеп музейлері қызметін жан­­данды­ру, қызметкерлердің өл­кета­ну бағытындағы білімін жетілдіру, озық тәжірибелерді насихаттау, әдістемелік кө­мек көр­сету. Семинар аясында ОБЖТжЭО музейіне саяхат жасалып, Жәңгір хан атындағы БҚАТУ музейінде шеберлік кла­­ сы ұйымдастырылып, сек­ция­ лық жұ­мыстар жүргі­зіл­ді.

«Тәр­бие – талбесіктен» Теректі ауданының Қы­зыл­ жар негізгі мектебінде «Тәр­ бие – талбесіктен» атты ша­ра өтті. Қыз балаларды имандылық­ қа тәрбиелеу мақсатындағы ша­раға 7-9-сынып қыздары жә­не А.Досмұханова, Ф.Ерте­кешова, Б.Жанғалиева, А.Әбіл­ ғазиева секілді үй шаруасын­да­ғы көп балалы аналар қатысты. Кездесуде мектеп дирек­то­рының орынбасары Ж.Бай­ нешова «Қыз қылығымен сүй­кім­­ді» тақырыбында баянда­ма жасаса, психолог Б.Сақып­ке­реева аналармен тренинг өт­ кізді. Содан соң мектеп медбикесі Н.Ізбасова қыз бала гигиенасы тақырыбында дәріс оқы­ды. Шара барасында аналар да өз ой-пікірлерін ортаға салды.

Сұйытылған газ бағасы бақылауда Табиғи монополияларды рет­теу агенттігінің БҚО бо­йын­ша департаментімен моторлы отын ретінде пайдаланы­латын сұйы­ тылған газ бағасы реттелетін на­ рық субъектілеріне, соның ішін­ де «Алау» ЖШС-ға 1 литр үшін (ҚҚС-сыз) 47,79 теңге (ҚҚС-мен 53,53 теңге), «Тәуекел» ЖШС-ға 1 литр үшін (ҚҚС-сыз) 47 теңге (ҚҚС-мен 52,64 теңге) шамасында белгіленген. Бұл бағалар 2012 жыл­­дың мамыр айынан бері өз­герген жоқ және күні бүгінге қол­ даныста. – Реттелетін нарық субъек­ті­ сінің бағалардың алдағы көте­рілетіні жөніндегі хабарламасы та­биғи монополиялар салала­ рын­дағы және реттелетін нарық­тардағы басшылықты жүзеге асы­ратын уәкілетті органға еліміз­дің заңнамасында белгілен­ген мерзімде ұсынылуы тиіс. Олай жасалмай, кәсіпкерлер мен заң­­-

ды тұлғалар сұйытылған газ­дың бағасын өз бетінше көтеріп, әкім­шілік құқықбұзушылыққа бар­­са, онда алынған табыстың 10%-ы мөлшерінде айыппұл салынады, – деді ТМРА БҚО бойын­ша де­партаментінің басшысы Ербол Есір­кепов. Департамент мамандарының ай­туынша, «Алау» және «Тәуекел» ЖШС-ларында сұйытылған газға белгіленген бағаны көтеру фактілері орын алған жағдайда, ба­ ғаны тұрақтандыру жөніндегі жұ­ мыс комиссиясының облыстық штабына 50-42-04 телефоны ар­қылы хабарлауға немесе ҚР Та­ биғи монополияларды реттеу агент­тігінің БҚО бойынша департаментіне, Орал қаласы, Достық даңғылы, 182/1, 4-қабат (қалалық әкімдік ғимараты) мекенжайы бойынша жазбаша жүгінуге болады.

Өз тілшіміз

Тасқынға әзірлік Жақында Сырым ауданында төтенше жағдай­лар­дың алдын алу мақсатында «Көк­ тем – 2014» оқу жаттығуы өт­ ті. Аталмыш шара аясында ар­найы комиссияның отырысы ұйымдастырылып, бұған ау­дан әкімі Абат Шыныбеков төр­ ағалық етті. Жиын барысында көктемгі су тасқынын апатсыз өткізуге бағытталған шаралар талқыланып, төтенше жағдай орын алған жағдайда оны жою­ ға жұмсалатын күш пен қаржы мәселесі пысықталды. Сырым аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің басты­ғы Т.Жақыповтың айтуынша, су тасқынының алдын алу мақ­ сатында ауданда 3000 дана қанар, 40 тонна қиыршық құм, 3 тонна дизель отыны, 3 тонна «АИ-80» бензині, 5 сусорғы (насос) дайын тұр. Сондай-ақ қажет болған жағдайда Орал қаласынан мұз жару­ға арна­йы үш бригада ша­қыртыл­мақ.

Өз тілшілеріміз


4

ел-жұрт Сенбі, 15 наурыз 2014 жыл

oral_oniri@inbox.ru

Жаңа технологияларды енгізу жалғаса бермек Кеше Орал қаласында «Еуразиялық өзен аралығы» экономика білімінің «Ғылым-Білім беру-Тәжірибе» кластерлік триадасы» тақырыбында Менделеев жобасының VІІ халықаралық интеграциялық конгресі өтті. Шараны ҚР Білім және ғылым министрлігі, БҚО әкімдігі, «Еуразиялық іскерлік кеңес» еуразиялық экономикалық қауымдастығы, Ресей тауар өндірушілер одағы, «Нұр Отан» партиясының БҚО филиалы, Ресейдің инженерлік академиясы, ҚР Ұлттық инженерлік академиясының БҚ филиалы, «Қазақстанның инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университеті» (ҚазИИТУ) ғылым-білім кешені ұйымдастырды.

Гүлбаршын ӘЖІГЕРЕЕВА, «Орал өңірі» Форумға облыс әкімінің орынбасары Алмаз Бадашев, ҚР Ұлт­ тық инженерлік академиясының ака­­демигі Талғат Жүнісов, Қазақ­ станның және Ресейдің жоғары және орта техникалық оқу орын­ дарының басшылары мен ға­лым­ дары қатысты. Облыс әкімінің орынбасары Алмаз Бадашев конгреске қа­ты­

сушыларды форумның ашылуы­ мен құттықтады. Елбасының Қа­­зақ­стан халқына арнаған Жолда­уын­да ғылымға негізделген эко­ но­микаға қол жеткізу, жаңа инно­ вация­лық ізденістерге ден қою, әлемдік озық технологияларды экономика­ны дамытуда ұтымды пайдалану керектігін тапсырға­ нын еске салды. «ҚазИИТУ» ғылым-білім кешенінің президенті Ақсерік Әйтімов те шараға қатысушыларға қош келдіңіздер

дей келе, көрші Ресейден ат арытып келген ғалымдардың бір шоғырын көпшілікке таныстырды. Олардың арасында Самара мемлекеттік және муниципалдық басқару академиясының ректоры В.Семенычев, М.Ломоносов атын­дағы Мәскеу мемлекеттік уни­верситетінің профессоры С.Ки­ бальников, Саратов мемлекет­тік әлеуметтік-экономикалық уни­ верситетінің профессоры Р.Бай­ ния­зов және өзгелері бар. «ҚазИИТУ» ғылым-білім кешені заман тынысын әріден сезініп, іргедегі Ресеймен екі арада ғы­ лым, инновация салаларындағы интеграциялық үдерістерге баса мән беріп келеді. «Еуразиялық өзен аралығы» атты халықаралық қоғамдық қозғалыстың шеңбе­рін­ де аталмыш кешенде ғарыштық технологиялар, автоматтандыру және радиоэлектроника, сонымен қатар салааралық технологиялар бойынша ғылыми конференция-конгрестер ұйымдастыру дәстүрге айналды. - «ҚазИИТУ» ғылым-білім кешені 2010 жылдан бері Пенза мемлекеттік университеті және Қ.Сәтбаев атындағы Қазақтың ұлттық техникалық университеті-

мен бірлесіп, интеллектуалдық және инновациялық идеялардың трансфертін жүзеге асырып келеді. Былтырдан бері Ресейдің «Дубна» халықаралық табиғат, қо­ғам және адам университетімен «Бірқалыпты инновациялық да­му» атты консорциумдық жоба жұ­мыс істеуде. Осындай жұмыс­тардың нәтижесінде біздің уни­ верси­тет ғалымдары Кедендік одақ мем­лекеттері және Еуропа­ ның ғылыми орталықтарымен тұ­рақты байланыс орнатып, инно­ вациялық көрмелерге қатысуға мүмкіндік алды. Сондай-ақ соңғы жылдары Ресей мен Еуропада өткен ғылыми инновациялық көрмелерде қайтадан жандандырылатын энергия, автоматтандыру және телемеханика, радиоэлектроника салаларын қамтитын жобалар жоғары бағаланды, деді форумда ҚР Ұлттық инже­­нер­лік академиясы БҚФ-ның төр­­ ағасы, «ҚазИИТУ» ғылым-білім кешені­нің президенті Ақсерік Әйтімов өз баяндамасында. Оның айтуын­ша, Мәскеудің, Дубнаның, Самара­ның, Тольяттидің, Орынбор мен Саратовтың жетекші ғалымдарын университеттегі оқу үрдісіне тартып, зияткерлік ин­-

вестициялардың құйылуына мүм­кіндік жасалған. Соның бір дә­ леліндей мысал, С.Королев атын­ дағы Самара мемлекеттік аэро­ ғарыш университетімен арадағы жасалған келісімшарт негізінде ҚазИИТУ ғалымдары ғарыштық аппараттар тікұшақтары иондық қозғалтқыштарының жаңа үлгі­ле­рі мен жобаларын жасаған. Жоба­лар Самарадағы аэроғарыш уни­вер­ситеті ғылыми ұжымының жоғары бағасына ие болды. Осындай ілкімді жұмыстардың нәтижесінде оралдық универси­ тет кешені Еділ өңірінің ІТ техноло­гиясы саласындағы жетекші жоғары оқу орнындағы қауымдастығының құрамына кірді. Көрші мемлекеттердің ғылым жолындағы ізденістерін бір ар­ нада тоғыстыратын кезекті ин­­ те­­грациялық конгреске қаты­су ­­шылар алдағы уақытта да бір­ле­ сіп жұмыстануға дайын екендік­терін жасырмады. Дубна­лық халықаралық универ­ситет­тің және М.Ломоносов атын­дағы Мәскеу мемлекеттік универ­си­теттің ғалымы Сергей Кибаль­ни­ков­тың айтуынша, өткен жылдан бастап «Дубна» универ­ситетінде ҚазИИТУ-дың жас мамандары қа­тарынан магистранттар даяр­ лаудың арнайы бағдарламасы қолға алынған. Ал самаралық бір­ қатар мемлекеттік университеттерде осы үрдіс жалғасуда. Осы­ның бәрі – ғылымдағы интегра­ цияның нақты мысалдары. Сон­дық­тан инновация, жаңа техно­ ло­гияны трансферттеу бағытын-­ ­да­ғы жұмыстар жалғаса бермек.

Тұрғындар да қамсыз отырмауы тиіс Нұрлыбек РАХМАНОВ, «Орал өңірі»

Орал қаласы әкімдігі мен қалалық коммуналдық шаруашылық басшылары БАҚ өкілдеріне өзендердегі көктемгі судың көтерілу кезеңіне дайындықтары жөнінде баспасөз мәслихатын өткізді. Облыс әкімдігінде ұйымдас­ты­ рылған бұл жиында қала әкімінің орынбасары Ғалым Орынғалиев жалпы ахуал, дайындық шарала­ ры жөнінде мағлұмат берді. Дәл қазір өзендердің бетіндегі мұз сөгіліп, сең қозғала қойған жоқ. Мұз жару әлі басталмады. Соңғы күндері жылымықтың әсерінен Оралдың кейбір көшелерінде қар суы жиналуда. Қалалық жол пайдалану кәсіпорны көшелердегі қарды біраздан бері шетке шы­ ғарып жатса, енді шалшық суларды сору жұмыстарын да бастады. Төтеншеліктер Жайықтың бастау­ында отырған көрші елдегі әріп­тестерімен ұдайы байланыста екендіктерін айтады. Өзен суы көрші елден көбейіп келмесе, өзімізде биыл қар аса қалың емес. Сондықтан шаһар аумағындағы

өзен жайылмаларында салынған саяжайларды мекен еткен халыққа қауіп бар. Қала әкімінің орынбасары Ға­ лым Орынғалиев су тасқыны орын алған жағдайдағы іс-шаралар жоспары арнайы комиссия­мен талқылана отырып бекітілге­нін, құзыретті орындар сол жос­­пар­ ларға сай қимылдауға әзір екен­ дігін мәлімдеді. «Су басу қаупі жоғары аумақтар анықталып, ол жерлердегі барлық арықтар мен құбырлар тазартылды. Су бөгетте­ рі нығайтылып, сол жерде шұғыл әрекеттерге әзір жұмыс топтары әзірледі. Әзірлік жұмыстарына 27 млн. теңге қаржы бөлінді. Төтен­ше қорда 106 млн. теңгедей қаржы бар» деді Ғалым Орынғалиев. Саяжайларда 7583 адам мекен етуде. Әкім орынбасарының айтуынша, ол адамдар қауіп-қатерден хабардар, түсіндіру жұмыстары

әлі де жүргізілуде. 3 наурыз күні саяжай қауымдастықтарының төр­ ағаларымен жиналыс өткізіліп, қа­жет жағдайда қауіпсіз жерге көшуге әзір болулары ескертілген. Жер үйлердің тұрғындары да қамсыз отырмай, ау­ла­ларындағы қарды көшеге шы­ғарулары қажет. Коммуналдық қызметтердің бар­ лық күші бүгін­дері қар шыға­руға бағытталған, көшеден қала сыртына тасу со­ларға міндеттелген. Оралдың кө­шелерінде күн са­йын 360-қа жуық жұмысшы, 100 шақты техника еңбек етуде. «2011 жылғыдай үй бе­рілмейді, сон­дықтан жеке үй­­лер­дің суға кетпеуіне қо­жа­йын­дары да ын­та­лы болып, әрекет етулері керек» деп ескерте кетті баяндамашы. БАҚ өкілдерінің түрлі сауалдарына жауап беру барысында басшылар Орал қаласының Зашаған

кентіндегі Кең дала, Сарытау шағынаудандарындағы, Асан ауылы жағындағы жыл сайын суға кетуге шақ қалатын аймақтарға да тоқталды. Зашағандағы ұзындығы 3 шақырым шамасындай бөлігіне құбыр салынбаған Брусилов­ский көшесінің, дәл осындай күй кешкен Сарытау трассасының инженерлік құрылысы болашақта өзгеретінін, құжаттары әзір екендігін айтты. Қырдан келген қар суына тұтас екі шағынауданнан шыққан су қосылып, Брусиловский көшесінің Орал-Тасқала тас­­­жолымен қиылысқан тұсына, тек бір жерге қатар салынған үш жол асты құбырына сыймай, жыл сайын сол маңдағы үйлер қиын жағдайда қалады. Жыл сайын тасыған су сыймағасын асфальт жолды қопарумен, төтеншеліктер түнімен сол маңда көліктерінде

қонып таңды атырумен келеді. Бұл жағдай бірнеше жыл қайталануда, ал қала әкімшілігі жағдайдан хабардар екен. Қыстан қаланың жылу және электр жүйелері апатсыз шықты. Көктемгі кезеңге де сақадай саймыз дейді жиынға қатысқан атал­ ған саланың басшылары. Жол пайдалану кәсіпорнында (ДЭП) халық үшін күндіз-түні диспетчерлік қызмет жұмыс істемек. Үйлеріне су кіру қаупі төнсе тұрғындардың өтінішіне сай, қажетті техника жіберуге әзірміз деді мекеме басшысы өз сөзінде. Айтуын айтады-ау, бірақ жылдағыдай нағыз керек кезінде техникалары мен жұмыс күші таныс-тамыр мен дәулеттілердің коттедждерінің ауласын тазалаудан босамай қалмаса болғаны... Суреттерді түсірген Темірболат ТОҚМАМБЕТОВ


ӘЛЕУМЕТ Сенбі, 15 наурыз 2014 жыл

oral_oniri@inbox.ru

Тәлімгер Бақыт Есенғалиева облыстық зейнетақы төлеу орталығында еңбек етеді. Үдеріс бөліміндегі маман. Өз міндетін атқарып қана қоймай, жанындағы үш әріптесінің жұмысын бақылап, қадағалап отырады. Өйткені орталықтағы жұмыс өте күрделі де жауапты. Оның осы ұжымда еңбек еткеніне биыл 13 жыл толмақ.

Серік ИХСАНҒАЛИ, «Орал өңірі»

Б

ақыт – қарапайым отбасынан шыққан адам. Жәнібек ауданының орталығында Жұмабай және Нәбира Ахетовтардың отбасында өсіп-өнді. 1989 жылы №1 орта мектепті бітіріп, технолог немесе бухгалтер мамандығын алуды мақсат етті. Асыл арман жолында Ленинград, Қарағанды сынды үлкен қалалардағы жоғары оқу орындарын «шабуылдап» көрген, жолы болмады. Алайда тумысынан сабырлы бойжеткен оған абыржыған жоқ. Алматы қаласындағы арнаулы орта оқу орнын қызыл дипломмен бітіріп, елге оралды. Аспаз, кейін технолог болып істеді. Сонымен бірге Орал қаласындағы қайта оқы­ ту бағдарламасы бойынша алты айлық курсты аяқтап, бухгалтероператор мамандығын меңгер­ді. Қай жерде жүрсе де, байыпты мінезі және тындырымдылығы­ мен көзге түскен жас маманды 1998 жылдың сәуірінде аудандық зейнетақы төлеу орталығына қызметке шақырды. Сөйтіп, бүгінгі мансабына барар жол сол кезден бастау алған-ды. 2001 жыл. Бұл – Бақыттың өмі­ріндегі айрықша кезең. Ол өзі­ нің теңі әрі жерлесі Арман Есен­­ ғалиевпен көңілі жарасып, тұр­мыс құрды. Заманның ауырт­палы­ғына байланысты жас жұ­бай­лар атааналарының бата­сын алып, облыс орталығына қо­ныс аударуды ұйғарды. – Риза бо­латы­ным сол, – дейді бүгінде Ба­қыт Жұмабай­қы­ зы, – облыстық зей­нетақы төлеу орталығы басшы­сының алдына келіп: «Сізге қыз­­мет­ке ауысайын» деп едім, Асқар Қожымов сөзге келместен, рұқ­са­тын берді. Ұжым да жатыр­қай қойған жоқ. Әсіресе, сол кез­де бастықтың орынбасары бол­ған Қарабалин Аян ағама алғы­сым шексіз. Мені ерінбей-жа­лық­пай үйретті, сәл сәтсіздігіме өкініп, жетістігіме қуанды. Нәти­же­сінде жұмысыма біртіндеп төсе­ліп кеттім. Оның ата-анасы да – өнегелі жандар. Өздерінің бір ұл, екі қы­ зын өсіріп, ұясынан ұшырып қана қоймай, бауыры Жақсыбайдың бес қызын қосып асырады. Сонау жыл­дары інісі мен келіні бірінен соң бі­рі мезгілсіз өмірден өтіп, бес қызы жетім қалған-ды. Амал не, белді бекем буып, ерлі-зайыпты

5

Облысымызда 708 әлеуметтік қы­зметкер 613 мүгедек балаға, 373 он се­гіз жастан асқан пси­ хоневро­ло­гиялық ауруы бар мүгедек­ терге және 2441 жалғызбасты қариялар мен бірінші, екінші топ мүге­дектеріне арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуде.

Нұрлыбек РАХМАНОВ, «Орал өңірі» екеуі ата-аналық міндетті мойнына алды. Қазір бес қыз өмірден орындарын тапты. Бәрі де бірбір шаңырақтың түтінін түтетіп отыр. Осындай нәтижеге көңілі жайланған абзал ата-ана Оралда­ ғы шаңырағында қарттықтың қы­зығына кенелуде. Бақыттың өзі де қазір үш қыздың анасы. Ол жұ­ мыстан қол үзбеуінде енесі Зәу­ рештің көп көмегі барын баса көрсетті. Тәжірибелі маман уақыт соз­бай, осында жоғары білім алды. Жоғары санатты маман талай рет мақтау қағазы және ақшалайзат­тай марапатқа ие болды. Мә­ селен, былтыр әлеуметтік сала қызметкерлері күніне орай тұр­ мыстық техникаға ие болды. Тіпті оған мансаптық өсу жөнінен де ұсыныс болған екен. Мысалы, Бөр­ лі, сонан кейін Жаңақала аудан­ дық зейнетақы төлеу орталығына басшылыққа бару жөнінде ұсы­ныс болса да, бас тартыпты. – Бі­ріншіден, осында үйреніп қал­дым. Екіншіден, өзіммен қоян-қол­ тық еңбек ететін Б.Ортанбаева, А.Атаев, Р.Ибраева сынды әріп­ тес­терімді қиып кеткім келмейді. Үшіншіден, басшы болуға ынтам жоқ , - дейді ол ағынан жарылып. Осындағы 13 жыл ішінде ол бір­ де-бір рет сөгіс не ескерту алып көрмепті. Таңғаларлық түгі жоқ, байыпты да сабырлы маман ха­ лық­тың тілін таба біледі. Ал оған келушілер – зейнеткерлер, мүм­кін­ дігі шектеулі жандар және әйтеуір әлеуметтік демеу­ді қажетсінетін жерлестеріміз. Кәнігі маман олар­ ға сағаттап отырып, түсіндіруден немесе ке­ңес беруден жалық­ пайды. Телефон шалса да, асық­ пай түсіндіріп жатқаны. Әйтеуір, келушінің бәрі оған алғыс айтып, кетіп жатады. – Біздің жұмыс есеп-қисаппен ты­ғыз байланысты. Бір әріп немесе бір сан қате салынса, бү­кіл ұжымның жұмысы зая кетеді. Өзім кезінде технологпен қатар, бух­ галтер бол­­ғым да келді. Біздің жұмыс – тап-таза бухгалтерлік іс. Сондық­тан жұмысыма ризамын. Келешекте де кәсіптік шеберлігімді жетіл­діре бермекпін. Жыл сайын ұжым жас маман­ дармен толығуда. Оларды үйре­ту, баулу өзгелермен қатар Б.Есен­ ғалиеваға да жүктелген. Ал ол тә­­лімгерлік міндетін күнделікті жұ­мысы­мен қатар ойдағыдай атқаруда.

Қамқорланушылар

С

ондай-ақ облыс бо­йын­­ ша 1235 қамқор­лану­шы­ға арналған 9 ме­дици­ на­лық-әлеуметтік мекеме жұмыс жасайды. Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағ­дар­ламалар басқармасы әлеу­мет­ тік қорғауға жататын халықтың әлжуаз топтарына, соның ішінде мүгедектерге арнаулы әлеумет­ тік және әлеуметтік қызметтер көрсетілуінің баламалы түрлерін дамыту бағытында бірқатар қо­ ғамдық бірлестіктермен тығыз жұ­мыс жасауда. Олардың ішінде Батыс Қазақстан облысы мү­гедектерінің ерікті қоғамы, Қазақ зағиптар қоғамының, Қазақ са­ңыраулар қоғамының облыс­тық филиалдары, «Арба», «Бәйтерек», «Диабет» қоғамдық бірлестігі және т.б. ірі қоғамдық бірлестіктер бар. Басқарма басшысы Кемел Сәд­­бековтің айтуынша, мемле­кеттік әлеуметтік тапсырыс шең­-

қараусыз қалмайды берінде халықты әлеу­меттік қор­ғау желісінде 50 психоневро­ло­ гиялық патологиясы бар бала­ға 3 үкіметтік емес ұйым арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсет­кен. Бұл «Бәйтерек», «Диабет» жә­ не «Қазталовка» үкіметтік емес ұйымдары. Мемлекеттік әлеуметтік тап­сы­рыс шеңберінде «Қазақ зағип­ тар қоғамы» қоғамдық бірлестігі 275 зағип жанға (көзі көр­мейтін 1 топ мүгедектеріне) «Ар­ба» қоғамдық бірлестігі 85 ті­ рек-қимыл аппараты бұзылған мүгедектерге (кресло-арбамен жү­ретін мүгедектерге) жеке кө­ мекші қызмет көрсеткен. Облыс бойынша Капустин Яр және Азғыр әскери сынақ по­лигондары әсерінен зардап шек­­кен, полигондармен шектесе­тін аумақтарда (6 аудан) тұ­ра­тын мүгедектерге жергілікті бюд-

жет есебінен ай сайын әлеу­мет­тік төлемдер беріліп ке­леді. Осы бағытта 2013 жылы 4028 мү­ге­ декке 126,3 млн. теңге әлеу­меттік төлемдер төленген. Ал 2014 жылға осы әлеуметтік тө­ лемдерді өтеу үшін 141,1 млн. теңге қарастырылды. Халықтың әлеуметтік қор­ға­ латын тобына жататын азамат­ тарға қамқорлық көрсету, олар­ дың жағдайларына көңіл бөлу мақсатында жыл сайын 1 қазан мен 1 қараша аралығында дәс­түрлі «Мейірбандық күндері» об­лыстық қайырымдылық айлы­ғы өткізіліп келеді. Былтыр «Ме­ йірбандық күндері» айлы­ғында демеушілік қаражат арқылы жә­не жергілікті бюджет есебінен ақ­шалай және заттай түрінде барлығы 23669 адамға 80419,6 мың теңге көлемінде қайырым­ дылық көмек көрсетілді.

«Жылу жинап бермесең де...» Ақжайық ауданында да мүмкіндікгі шектеулі­лер­ді жұмысқа орна­лас­тырудың, кәсіпке оқытуды жалғас­ тырудың жолдары қарастырылуда. Әрине, біреуді біреу­ дің соншама жа­рыл­қап тастауы мүмкін емес. «Жылу жинап бермесең де, жү­рек жылуын аяма» деген бар емес пе? Істің қайнар көзі осыдан арна тартуы керек-ау.

Б

ұл туралы апта басында «Нұр Отан» партия­сы аудандық филиалын­ да мүмкіндігі шектеулі жан­дар­ ды еңбекке орналастыру тақы­­ры­бында болған басқосуда жанжақты талқыланып, баяндалды. Бірсыпыра кәсіпорын, мекеме­лер жетекшілері, мамандар шақы­рылып, аудан әкімінің орынбаса­ ры Асқар Әбуғалиев жүр­гізген бұл кеңесте өз кәсіптерін дөң­ге­летіп отырған мүгедек жандар жайында көптеген мысал кел­­ті­рілді. Демек, мүмкіндігі шек­теу­­лілер өздерінің өмірге құштар­-

лықтарын, еңбекке мүмкін­дік­те­ рін дәлелдеп келеді. Қазір ауданда 1504 мүгедек бар, бұл – барша тұрғын­ның 3,5 па­йызы. Олардың еңбек жасын­дағылары – 928. Мемлекеттік ме­кемелерде, шаруа қожалық­та­ рында, жеке ұйымдарда бүгінде мүмкіндігі шектеулі 160 адам еңбек етуде. Мүгедектер арасынан әлі де 341 адамды еңбекке орналастыруға қазір ауылдарда бар мүмкіндік қарастырылуда. – Жуырда ғана, - дейді ау­дан­ дық жұмыспен қамту және әлеу­ меттік бағдарламалар бөлімі­­нің басшысы Талғат Қайрекеев,

– Мы­са­лы, Ақсуат ауылында «С.Қадыр­алиева» жеке кәсіпорны ІІІ топ мүгедегі С.Төлегенованы, «Ме­дет» шаруа қожалығы осын­дай топтағы А.Абиловты, Қабыр­ шақты ауылында «Дамир» ЖШС ІІІ топ мүгедектері Б.Құрманов пен Т.Досқалиевты, Тайпақта «Хи­син» жеке кәсіпорны сол топта­ғы А.Құсановты тұрақты жұмыс­ қа қабылдады. Құрайлысай ауыл­ дық округінен ІІІ топтағы екі мү­­гедек жылыту қазандығының операторы оқуына жолданды. Ке­ңесте кәсіпорын, мекемелер жетекшілері өздерінде жұмыс жа­сайтын мүгедектерді мысалға келтіре отырып, осындай басқа да жандарға кәсіп табуда ізденетіндерін әңгімеледі. Осы ай­ дың аяғында жұмыс орындары­на жәрмеңке өткізу ұйғарылды.

Болат ҚОСЖАНҰЛЫ, Ақжайық ауданы


6

ардагер Сенбі, 15 наурыз 2014 жыл

oral_oniri@inbox.ru

«Марафоншы» ағай (қаз-қалпында)

Сегізінші сыныпқа баратын жылы біздің Қарауылтөбеде (ол кезде Тайпақ ауданына қарайды) бір жас жігіт пайда болды.

О

ның ауыл үшін алғаш­ қыда тосындау, қара­ пайым ауыл адамда­ры­ ның түсінігінде ерсілеу қылығын ең әуелі ертемен жайылысқа мал айдайтын әйелдер байқайды. Бір күні... Сонымен бір күні қырға қа­ рай мал айдай шыққан бір жеңге­ міз ауылға қарай құйын-перен жүгіріп келе жатқан біреуді көріп, шошып кетеді. Өзі алысқа шабатын тазылардай аяқ-қолы сымдай тырбиып қалған арық көрінеді. Оның үстіне тылтитып жұқа трико киіп алған. Елең-алаңда аяқ астынан сап ете қалған жын ба, пері ме деп жеңгеміз қорыққанынан иманы зіркілдеп шөкесінен отыра кетеді. Аяқтарын еріне басқан сиырлар да сәйгел тигендей ос­ қырына үркіп жөнеледі. Құйынперен шауып келе жатқан әлгі жас жігіт екен, әйелге қабағының астымен сүзе қарап, сәлемдеседі де, жүгіріп кете барады. Кейін біздің ауыл сан-саққа жүгірткен «марафоншы» (42 шақырым 195 метрді алқынбай жүгіріп өтетін спортшылар) әскерде жүріп-ақ, жүгіру мен шаңғы тебуден алдына жан салмаған спортшы, өзіміздің А.Пушкин атындағы пединститутта оқып жүргенде спорттың осынау қос түрінен облыстың чемпионы әрі құрама команданың мүшесі Сүйіндік Елекешұлы Ер­ кашевпен Қарауылтөбенің тұрғын­­дары осылай танысып еді. Ал сол жы­лы қыркүйекте сегізінші сыныпқа (Тайпақ орта мектебі) келген біз сияқты мал­шымеханизаторлардың балаларының ал­­­д­ында денесі сымдай тартылған, жағына пышақ жанысаң, от шы­ ғарардай 25-тердегі жігіт тұрды.

Институтты тәмамдап келген беті екен. Екі қолын артына ұстап, әрқайсысымызға шүйіле қараған тү­ріне біз алғашқыда күлкімізді жасыра алмай, біріміздің арқамыз­ға біріміз тығылғанымыз есімде. Ағай одан сайын түсін суыққа салып, әрқайсысымызға сүзе қарап, тіп­ті қызық болғаны. Сосын арасында арқасына ері батқан сәйгүліктей екі иығын көтеріп қалады екен (бала деген пәленің байқамайты­ ны жоқ қой, кластасымыз Мұрат тентек санап отырса керек, кейін «Ағай 45 минутта иығын 357 рет қиқаңдатты» деді бізге). Ағай орыс тілі мен әдебиетінен сабақ берді. Оқулығымыздағы көрсетілген шеңберден шығып кетіп, сабағын еліктіріп, қызықтырып беретін. Орыстың осы қалай деген ақынжазушыларының бізге беймәлім тұстарын әңгімесіне тамызық етіп қоятын, бізді қызықтыратын өзіндік әдісі болатын. Бәріміз де ауыл баласымыз, орысшаға мүлдем шорқақпыз, түсінбейміз. Түсінбегесін тыңдамаймыз, шулап, тентектіктің неше шұрайлысын шығарамыз. Сондықтан бізге орыс тілі мен әдебиетінің мұғалімі шақ келмейтін. Ал Сүйіндік ағайдың келуімен жағдай 180 градусқа өзгерді. Әдеби кітабы көп екен, бір атан түйеге жүк болардай. Арасында құмартқандарымызға оқуға беріп, кейін қалай түсін­ генімізді тәптіштеп сұрап, талқы­ лайтын. Жазда елең-алаңда тұ­ рып жүгіретін ағамыз қыс келсе, шаңғыға тұрып, тоғайға қарай ызғытып бара жатады. Біз бұған кереметтей қызықтық та, ағайға қалай ілескенімізді байқамай қал­ дық. Ол кезде дене тәрбиесінен

бізге басқа ағай беретін. Бірақ біз Сүйіндік ағайға үйірсек едік. Тіпті мектеп директорына «Дене шынықтырудан бізге Сүйіндік ағай берсін» деп барып, ұрыс естіге­ німіз бар. Оның сойылдай себебі болатын. Өйткені дене тәрбиесі­нің мұғалімі сәл тентектік танытсақ, мектептің спорт залы деп аталатын жатаған ескі үйдің ішіне тек ер балаларды алып қалып, қыздарды «Далаға барып ойнаңдар» деп шы­­ғарып жібереді де, бізді кезектеп жұдырықтың астына алатын. Таңба түспесін деп іштен, бүйірден ұратын. Ал Сүйіндік ағай сырты суық болғанымен, саған шүйіле қарағанымен, жан дүниесі, жүрегі толып тұрған мейірім десе дұрыс болар. Қанша еркелік танытсақ та, қол жұмсамақ түгілі, дауыс көте­ріп ұрыспайды. Бір қызығы, Сүйіндік ағайға «Балаларды жүгіруге тарт, шаңғы тептір» деп жатқан ешкім болмаса да, сабағынан тыс уақытта өз бетімен бізді үйрете берді. Соның да әсері шығар, ке­ йін осы жолдардың авторы об­ лыстық спартакиадаға қатысты. Ал саналы өмірін әскерге арнаған, бүгінде доғарыстағы майор Мырзашев Темір: «Сүйіндік ағайдың қысы-жазы бізді шыңдағанының пайдасын әскерде көп көрдім. Ағамыздың сол бала кезімізде бойымызға сіңірген спортқа деген құмарлық әлі басылған жоқ. Әлі күнге шаңғы тебемін» деп ылғи айтып отырады қазірде. Сөйткен Сүйіндік ағамыздың өмір жолына бір мезет қысқаша шолу жасап көрелікші. Оның со­ йылдай себебі бар екенін кейін айтамыз. Орал педагогикалық институтын орыс тілі мен әдебиеті

мамандығы бойынша тәмамдап, 1969 жылы Тайпақ орта мектебінен ұстаздық жолын бастайды (жоғарыда айтқанымыздай, ағайдың алғашқы шәкірттерінің біріміз. Е.Қ.). Ұстазымыздың аузынан институтта өзін оқытқан М.Тілеужанов, Н.Жигалин, Н.Фо­ кин, Е.Салихов сынды ұстаздар­ дың есімдерін жиі еститінбіз. Оларды құрмет тұта сөйлейді. «Ертең институтқа түссеңдер, ол ағаларыңды өздерің де кө­ре­ сіңдер» деп әр шәкіртінің кө­ кірегіне үміт отын қондырып оты­рады. Ал ұлы педагогтар А.Ма­ каренко, Ы.Алтынсариндерді әу­лиедей көреді. Оларды темір­ қазық тұтатын өзіне, соларға ұқ­­сауға тырысатын. Алғашқы ұс­таз­дық жылдарында жас мұға­лім­ге шын ақылшы, жанашыр бол­ ған аудандық оқу бөлімінің меңгерушісі Қ.Кенжеалиевті, инс­ пек­тор Ф.Иманқұловты Сү­й­екең бүгінде ылғи сағына есіне алады. Жақсы ұстаз, адамгершілігі биік аза­­матты алдыңғы толқын ағалары да бір жерде көп аялдатпай, жа­уап­ ты қызметкерге жұмсап отырды. Интернат меңгерушісі, аудандық оқу бөлімінің инспекторы, мектеп директоры болды. «Жақсы кадр партияға да керек» дегендей, Тай­ пақ аудандық партия комитеті ат­тай қалап, зор жауапкершілік жүктеп, өз қатарына шақырды. Ол жұмыстарды да ұршықша үйірді. Қысқасы, Сүйекең қай жұмысты да шашасына шаң жұқтырмай адал, жеріне жеткізе атқарды. Алқаусыз еңбегі мемлекеттік марапаттармен әлденеше әспеттелді. Бағана сөзіміздің басында қа­

лам тербеуіміздің сойылдай себебі бар деп едік қой. Енді соған келейік. Кешегі спортшы, ұлағатты ұстаз, білікті маман, бекзат азамат осы наурызда 70-ке толғалы отыр. Ағайдың осыдан он жыл бұрын, 60-қа толғанына байланысты құрдастары қалжыңдайтын көрінеді. «Жайыққа жолама!» деп. Әзілдің астарында шындық жа­тыр. Алпысқа толатын күні мек­ тептің ІІІ тоқсанның есебімен ауданға шұғыл кетіп бара жатып, Жайықтағы бетіне қызыл су жүгірген мұздан жаяу өтуге тура келді. Жас баланың еңбегіндей былқылдап жатқан мұз күрт ойылып, күмп ете түсті. «Отчет суға кетеді-ау!» деген ой санасын тіліп өтіп (өзін ойламай тұр ғой), шым батып бара жатқан сәтінде құжаттар толы жуан папканы аулаққа қа­­рай, құлаштай лақтырды. Мұз астына тартқан қатты ағыс, суға бөккен қалың киім құрдымға сүйреп, ақиреттің аузы арандай ашылды. Спортқа піскен шымыр дене аяқ астынан киліккен қауіппен қаса­ рыса айқасты. Бүкіл бұлшық еті болат серіппедей түйіліп, денесін мұз бетіне қайта-қайта лақтырумен болды. Ақыры шықты-ау, мұз бетіне! «Отчет жайына қалған болар сол күні, ағай?» дейміз бүгінде бала күнгі еркелігіміз ұстап. «Жоқ.Тоғай ішіндегі құрғақ ағаштарды жағып, малмандай киімдерімді кеп­­тіріп алдым да, сол күні аудан­ға жетіп, отчетті үлгерттім» дейді Сүйіндік ағай бізге қабағының астынан баяғыдай сүзіп жіберердей қарап. Жетпістің желкесіне шығып жатса да, ағамыз әлі де сол күйі, ащы терін алып, таң асырып қойған жүй­ріктей сол баяғы самдағай қалпы. Бүгінде Базартөбе ауылы ақсақалдар кеңесінің төрағасы. Бі­рақ біздің оған сенгіміз жоқ. Дұрысы – бір кездегі «марафоншы» ағамызды қариялардың «ко­ мандирлігіне» қимаймыз. Ендеше, 42 шақырым 195 метр­ді алқынбай өтетін жігіт шақ­тың сарқыты 100-ге жеткізгей дейміз Сүйіндік ағамызға шәкірттері атынан!

Есенжол ҚЫСТАУБАЕВ, «Орал өңірі»

Қауіпсіздік кепілі - табиғи газды пайдалану кезінде ережелерді сақтау! Жылыту маусымы әлі аяқталған жоқ жә­ не өрт немесе улы газбен улану қаупі өте жоғары. Жылыту маусымының басынан бастап Қазақстан Республикасы бойынша 25 жазатайым оқиға орын алып, 68 адам жарақат алды, оның ішінде 36 адам көз жұмды (күю және улы газбен улану салдарынан). Ал 2014 жыл басталғалы Батыс Қазақ­стан облысы бойынша қаңтар айында 5 оқыс оқиға тіркелді. 12 адамның денсаулы­ғына нұқсан келіп, 6 адам газбен уланған. Талдауларға сүйенсек, оқыс жағдайлар тұтынушылардың қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтамау салдарынан туындап жатады. Газдың қауіпті екенін бәрі біледі, алайда ұзақ уақыт бойына пайдалана келе, халық оған үйреніп кетіп, мұқияттылық туралы ұмытып жатады. Жабық орын-жайда газ жылыстауы кезінде газ-ауа қоспасы түзіледі, бұл кезде жарылыс болу үшін кішкене ғана ұшқынның өзі жеткілікті. Күзгі-қысқы мерзімдерде сыртқы ауа температурасының шұғыл төмендеуі-көтерілуі болып тұрады,

осының нәтижесінде түтінтартқыш тұрба­ лардың бастарының қатуы, түтінтартқыш­ тарға бөтен заттар түсуі мүмкін және түтінтартқыштардың тартуы нашарлауы немесе керісінше қатты тартуы мүмкін. Бұл жағдайда табиғи газдың толық жанбау өнімдері (улы газ) газдандырылған пеш­тердің тесіктерінен, кірпіш қалауының саңылауларынан орын-жайға шығып, таралуы мүмкін. Улы газбен улану себептерін талдау көптеген тұрғын үйлерде тү­тінтартқышта жеткіліксіз тартылыс бол­­ғанын немесе мүлдем болмағанын, олар­ға жүйелі түрде алдын ала тазалау жұ­ мыстары жүргізілмегенін көрсетті. ҚР-ның 09.01.2012 ж. №532-ІV «Газ және газбен жабдықтау туралы» Заңының 30-ба­бы 4тармағына сәйкес «Ғимараттар­дың, үй-­жай­лардың түтіндік және желдеткіш ар­на­ ларының, инженерлік коммуникацияларды қосу нығыздамаларының иелері олар­ дың жарамды техникалық күйде болуын қамтамасыз етуге міндетті». Аталмыш Заңға сәйкес тұрғын үй иелері, яғни тұтынушылар

газ жабдығының қалыпты жұмысын, жылыту пештері мен газ суысытқыштарының түтінтартқыштарындағы тартылыстың болуын тексеруге, ал пайдаланып болғаннан кейін газ аспабындағы және оған түсетін жердегі шүмектерді жабуға міндетті. Улы газбен улану және жарылыс оқи­ ғаларының көбі жылыту аспаптарын пай­ далануға немқұрайлы қатынас, оларды өз еркімен қосу немесе арын ауыстыру, күмән туғызатын сападағы немесе қолдан жасалған газ жабдықтарын пайдалану салдарынан болатыны белгіленді. ҚР-ның «Газ және газбен жабдықтау туралы» Заңы талаптарына сәйкес газ тұ­ тыну жабдықтарын қауіпсіз пайдалану мақ­сатында тұтынушыларға мамандан­ды­ рылған ұйымдармен техникалық қызмет көрсету туралы келісімшарт жасау қажет. Газ жабдығына техникалық қызмет көр­ сету жиілігі: - жеке тұрғын үйлердегі жылыту жабдығы мен газ плиталары – жылына 1 рет, көпқабатты тұрғын үйлердің газ плиталары – екі жылда 1 рет. Мысалы, 4-ком-

порлы газ плитасына қызмет көрсету құны 706 теңгені құрайды, қызмет көрсе­ту мерзімі екі жылда 1 рет, яғни айына 30 теңге­нің айналасында. Бұл – қауіпсіздік үшін шағын ғана ақы. Өз тарапынан «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ тұтынушыларды қауіпсіз және үздіксіз газбен қамту үшін өз жауапкершілігін түсіне­ ді. Компанияда газбен қамту жүйелеріне қызмет көрсету бойынша жұмыстар орын­ дауға жоғары жауапкершілікпен қарай­ тын білікті мамандар қызмет етеді. Тұр­ғын үйлерге табиғи газды бастапқы қосу алдында тұтынушылар «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ БҚӨФ-да газ аспаптарын қауіпсіз пайдалану және жылыту пештері мен газ суысытқыштарының түтінтартқыштарын пай­­далану бойынша нұсқау алуы тиіс. Табиғи газ тек оны дұрыс пайдалана білген жағдайда ғана тұрмыста сенімді көмекші бола алады. Тұтынушыларды газ аспаптарын пайдалану кезінде қауіпсіздік талаптарын мүлтіксіз сақтауға шақырамыз. «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ БҚӨФ


хабар-ошар oral_oniri@inbox.ru

Cенбі, 15 наурыз 2014 жыл

Бижан Тілешұлы Иманғалиев Батыс Қазақстан облысының жұрт­ шылығы орны толмас ауыр қазаға душар болды. Тамаша азамат, абзал аға Бижан Тілеш­ұлы Иманғалиевтің жүрегі соғуын мәңгіге тоқтатты. Б.Иманғалиев 1927 жылы 12 қа­ра­ шада Шыңғырлау ауданы, Шоқ­тыбай ауылында туған. 1944 жылы Шыңғыр­ лау орта мектебін бітірген. Б.Иманғалиев Алматы заң инсти­тутын бітіргеннен кейін 1948 жыл­дан бастап, облысымыздың Тайпақ, Тас­қала, Шыңғырлау ау­дандарында сот болып жұмыс жасайды. Бұдан ке­йін оны облыстық партия комитеті хатшы­сының орынбасарлығына ұсы­нады. 1954 жылы ол Жымпиты ауданының «Правда» газеті атындағы, «Бұл­ дырты» совхоздарының бастауыш партия ұйымы хат­шылығы­на сайла­ нады. Бижан Тілешұлының одан арғы қызметі құқық қорғау органдарымен тікелей байланысты, әуелі БҚО ІІД тергеуші болып бастап, бұдан әрі об­ лыстық соттың төрағасы қызметін жиырма жыл үзіліссіз атқарды. Одан кейін облыстық адвокатура коллегиясын басқарып, сол жерде он жыл тұрақты қызмет жасаған. Оның бастамасы бойынша Бөрлі, Зеленов, Қаратөбе, Жымпиты аудан­дарында аудандық соттардың ғимараты салынды. Сол жылдары облыс бойынша бар болғаны 11 ғана адвокат бар еді, олар­дың өзі тек облыс ор­талығында ғана қызмет атқарды. Осымен байланысты аудан орталық­ тарында заң кеңесі кеңселерін ашты, соңы­нан алқа шешімі бойынша қорғаушылар аудандарға қызмет жасауға шығатын болды. Өзінің өмір бойы жиған бай іс-тәжірибесі мен мол білімін өзінен ке­йінгі жас әріптестеріне аямай берумен болған ақылшы, ұстаз аға еді. Кү­ні бүгін шәкірттері кең байтақ Отанымыздың түкпір-түкпірінде та­бысты қызмет жасап жүр. Зейнетке шықса да, қоғамдық қызметтен қол үзген емес. 2011 жылға дейін облыстық ардагерлер кеңесінің президиум мүшесі болды. Өзіне сеніп тапсырылған қай қызметте де ол жоғары кәсіби білігі мен ұйымдастырушылық талантын туған еліміздің гүлденіп, дамуы жолына жұмсады. Сот саласындағы ұзақ жылғы жемісті қызметі үшін «Құрмет» ордені­мен, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Жұмыстағы қол жеткен табысы үшін» белгісімен, «Үш би» медалімен марапатталды. Бижан Тілешұлын қызмет бабымен білетіндер оны кәсіби ісіне шын берілген маман, мемлекетіміз бен халқына адал жұмыс жасаған талапшыл адам ретінде жақсы танитын еді. Оның қазасы облысымыздың дарын­ды да жарқын тұлғаларының бірін арамыздан алып кетті. Жарқын бейнесі батысқазақстандықтардың жадында мәңгі сақ­талады.

Н.Ноғаев, С.Шәпкенов, А.Өтеғұлов, Б.Мәкен, М.Кәрімов, А.Бадашев, М.Тоқжанов, М.Құлшар, А.Көлгінов, Б.Жұмағалиев, М.Мұқамбетов, Қ.Нұрышев, С.Қараманов, Н.Жігітеков, А.Балтағұлов, Ә.Мұхитова, М.Абисатов

«Ақжайық» жаңа маусымда Футболдан Қазақстан чемпионатының бірінші лигасында өнер көрсететін Оралдың «Ақжайығы» премьер-лигаға қайта оралуды мақсат етіп отыр. «Ақжайық» футбол клубының спорттық директоры Ерболат Те­ мірғалиевтің айтуынша, қазіргі кезде команда бас бапкер Бауыржан Баймұхамедовтің басшылығымен Түркияда жаттығу жиынын өткізуде. Одан клуб 25 наурызда оралады. «Ақжайық» әзірге бір ғана легионер, болгариялық қорғаушы Иван Миховпен келісімшартқа қол қойды. Бірінші лига командаларында барлығы үш легионердің болуына рұқсат еті­ леді. Күні бүгін тағы екі легионер алу ойластырылуда.

«Ақжайықтан» жергілікті ойын­ шылардан Бауыржан Омаров пен Владимир Плотников «Тобылға», Сергей Шевцов Қызылорданың «Қай­ сарына» ауысты. Басқалары қатар­ да, соның ішінде өзге командалар­да бақ сынап көрмекші болған Алексей Мальцев, Николай Забродин, Руслан Қайыров қайта оралды. Оралдықтар жаңа маусымның ал­ғашқы кездесуін 6 сәуір күні өз ала­ ңында Талдықорғанның «ЖетісуСұңқар» командасымен өткізеді.

Арман БОЛАТҰЛЫ

2014 жылдың 4 сәуір күні сағат 14.00 Батыс Қазақстан облысы­ ның Бөрлі ауданында орналасқан Жарсуат ауылының мәдениет сарайында «БОЛЗ» ЖШС компаниясы төмендегі жоспарлар бойынша қоғамдық тыңдау өткізеді: 1. ЖШС Секва Петролеум (Қа­зақ­стан) 2014 жылға табиғатты қорғау шаралар жоспары - ұңғы­ маны сынау. 2. Exalo Drilling АҚ Қазастан Рес­ публикасындағы филиалының 2014 жылға табиғатты қорғау шаралар жоспары – ұңғыманы бұрғылау. Сұрақтар туындаған жағдайда, қосымша мәлімет алу үшін тө­мен­де­гі байланыс телефондарына жә­ не электрондық мекенжайға ха­бар­ла­сыңыз: Телефон: +7 272 227 90 30. e-mail: daniyar.slanbayev@ sequa-petroleum.com

Қаратөбе ауданы Аққозы ауылының тұрғыны болған аяулы анамыз Бақытжан Тағыберліқызы егер де ортамызда болса, 15 наурызда 70 жасқа толар еді. Асыл ана, сөнбейді шырағыңыз, Өмірде биік тұрар Құраныңыз. Алдың жарық, ал артың пейіш болып, Жәннатта болсын орын, тұрағыңыз.

Сағына еске алушылар: балакеліндері Жалғас, Оралбек-Гүлназ, қыз-күйеу балалары, немере-жиендері Жәнібек ауданының тұрғыны болған сүйікті әкеміз Садыр Құрманғалиұлы Джуматовтың бақилық болғанына 19 нау­ рызда 5 жыл болады. Желеп-жебеп жата бер ұрпағыңды, Есіркеп жан-жарыңды гүл бағыңды. Жоқтаушы ұл-қыз, жиен-немерелер, Ардақтап өтер әр кез тұлғаңызды.

«Намыс» спорт клубы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны бос лауазым орындарына орналасуға конкурс жариялайды: 1. Бас есепші – 1 бірлік. Конкурсқа қатысушыларға қо­йы­латын талаптар: Жоғары білімді (экономика­лық, бухгалтерлік, аудиторлық), 3 жылдан жоғары еңбек өтілі, жұмыс тә­жірибесінің болуы, компьютер бағ­дарламасын, 1С бухгалтер бағдар­ла­масы 8.2 нұсқа­сын және мемлекеттік тілді білуі керек. Қажетті құжаттардың тізбесі: Түйіндеме, кадрларды тіркеу па­рағы, жеке куәлік (көшірме), СТН (көшірме), ЭЖК (кө­шірме), меди­ци­налық кітапша немесе (№086), еңбек кітапшасы, зейнет­ ақы қоры шарты (кө­шірме), дип­лом (көшірме), 3х4 фо­то 2 дана. Құжаттар газетке жарияланған күннен бас­тап 15 күн ішінде мына ме­кенжайда қа­былданады: Орал қа­ласы, Айтиев көшесі, 68, тел. факс: 54-29-39.

«Урал Ойл энд Газ» ЖШС ҚР Экологиялық кодексінің 57-тармағына сәйкес, Батыс Қазақстан облысының экология бойынша департаменті­не келесі жобаларды қарап тексеруге және ұйғаруға жолдайды. 1. «Газконденсатты Рожков кен орнын тәжірибелікөнер­кәсіптік пайдалану жобасына қосымша» жобасы. 2. «Газконденсатты Рожков кен орнын тәжірибелікөнер­кә­сіптік пайдалану жо­басына қосымшасына» қор­шаған орта­ға әсерді алдын ала бағалау жобасы.

7

Сағына еске алушылар: балакеліндері, қызы және немере-жиендері Теректі ауданы Дуана ауылының тұр­ ғыны болған әкеміз Сырым Құмарұлы Макашев егер тірі болса, 17 наурызда 63 жасқа толар еді. Әкеміздің жарқын бей­несі әрқашан көз алдымызда, әр сөзі жү­ регімізде сақталады. Енді бізге атпайды таң арайлы, Жүрміз ғой сенсіз өткен санап айды. Артында анам қалды жасын төгіп, Сұм ажал көңіліңе қарамайды. Өзіңмен өткен күндер жатқан аңыз, Еске алып сағынышты ақтарамыз. Немере, жиендерге өнегеңді, Бейнеңді естелік қып ап барамыз. Сіз жоқта күлкі де жоқ, тыйылды әнім, Тағдырдың қабылдадық құйындарын. Жан әке, торқа болсын, топырағың, Тілейміз жұмақтан төр бұйырғанын.

Сағына еске алушылар: зайыбы Жұмағаным, қызы Ботакөз, бала-келіндері, қыз-күйеу балалары, немере-жиендері Қазталов ауданы Сатыбалды ауылының тұрғыны болған әулетіміздің аяулы келі­ ні, шәкірттерінің сүйікті ұстазы, ұлының асыл анасы, адал жар Рима Өтешқызы Қуандықованы сағына еске аламыз. Арамызда болса, 18 наурызда 50 жасқа толар еді. Рима өз ортасында сыйлы, адамгершілік қасиеті биік, шырқата ән айтатын ерекше дауысы бар еді. Жалған өмір десеңші, жатқан жері жа­рық, иманы жолдас болсын. Ұлыңды қор­ ғап, рухыңмен демей гөр, Рима.

Еске алушылар: Қабдоловтар әулеті

«ОРАЛ ӨҢІРІ» Батыс Қазақстан облыстық қоғамдық-саяси газеті. 090000, Орал қаласы, Мұхит көшесі, 57/1. Е-mаіl: оral_oniri@inbox.ru Меншік иесі: «Жайық Пресс» ЖШС Бас директор

Жантас Набиоллаұлы САФУЛЛИН

Бас редактор Бауыржан ҒҰБАЙДУЛЛИН Редакция алқасы: Есенжол Қыстаубаев, Сырымбек Тұяқов (бас редактордың орын­ба­са­р­лары), Жаннат ЕСПОЛАЕВА (жауапты хатшы), Тоқтар КЕНЖЕҒАЛИЕВ (қоғамдық-саяси бөлім), Қазбек ҚАБЖАНОВ (арнайы тілші), Сәкен ӘБІЛХАЛЫҚОВ (экономика бөлімі), Нұрлыбек РАХМАНОВ (гуманитарлық бөлім). Меншікті тілшілер: Тілес ЖАЗЫҚБАЙ (Ақжайық ауданы) Нұрымбек Жапақов (Жәнібек ауданы) Өмірзақ Ақбасов (Жаңақала ауданы) Серік Жұмағалиев (Қазталов ауданы) Мүсірбек Айташев (Сырым ауданы)

8-711-42-21-720, 8-711-35-21-770, 8-711-41-21-755, 8-711-44-31-468, 8-711-34-31-126

Телефондар: Бас редактор 51-25-80, Бас редактордың орынбасарлары 24-17-08, 51-18-08

Жауапты хатшы 50-83-99. Жарнама қабылдау тел/факс: 51-51-09; Бухгалтерия 50-63-99.

Газет ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінде 2006 жылғы 4 мамырда тіркеліп, №7201-г куәлігі берілген

Е-mail: zhaikpress@inbox.ru Қолжазбаларға пiкiр айтылмайды және пай­­да­ла­ныл­маған хат автор­ларына жауап қай­та­рыл­май­ды. Деректердің дәлдiгi үшiн автор жауап­ты. Жарияланым авторларының пiкiрлерi ре­дак­ция көз­­қара­сын бiл­дiр­мейдi. Редакция тап­­сы­ры­сы­мен ­жа­зыл­ма­ған мате­риал­дар үшін қаламақы тө­лен­бейді. «Орал өңірінде» жа­рия­­лан­ған материалдарды сілтемесіз көшіріп ба­ су­ға бол­­май­­ды. Мақалалар электрондық нұсқада қабыл­да­на­ ды. Ж белгісімен жарияланған материалдар ақылы болып есептеледі.

Газет облыстық «Орал өңірі» га­зе­тi редакциясының компью­тер­­лiк орталығында терiлiп, бет­­тел­­дi. "Жайық Пресс" ЖШС баспаханасында басылды Индексі: 65428 Таралымы: 16475, 2 баспа табақ. Газет аптасына үш рет шығады. Корректорлар: Н.СҰЛТАНОВА, Д.шанкишева, ж.жайлауова Кезекшi редактор: Ұ.Сариева


8

керуен сарай oral_oniri@inbox.ru

«А+» топтағы бүлдірген көшеттері

бүлдірген (Алып) «гигантелла» *

60

мм

де

Өнімі 50 % көп!

Маусым ішінде 3-4 қайтара өнім береді!

йі

5 көшет – 3500 т. 10 көшет – 6000 т.

н

бүлдірген «Альбион» *

Жидек 125 грамға дейін

5 көшет – 3500 т. 10 көшет – 6000 т.

бүлдірген (Ақ арман) «Белая МЕЧТА» * 3 көшет – 3500 т. 6 көшет – 6000 т.

Суперұсыныс! үш бүлдірген жиынтығы жиынтық - 15 көшет Гигантелла 5 көшет + Вьющаяся 5 көшет + Альбион 5 көшет = 9000 т. жиынтық - 30 көшет Гигантелла 10 көшет + Вьющаяся 10 көшет + Альбион 10 көшет = 15000 т.

ананас және бүлдірген дәмдерінің қосындысы

5 көшет – 3500 т. 10 көшет – 6000 т.

біздің интернет дүкен:

www.abekker.kz

* сұрыптың атауы болып табылмайды

«АЛЬБИОН» Мамандардың пікірінше, әлемдегі №1 сұрып болып табылады. Жидектері жерге тимей пісіп-жетіледі. Жемістері 70 грамға дейін өте ірі, күңгірт-қызыл, тығыз, тәтті. Бір маусымда 3-4 рет өнім береді. Көктемнен бастап қара суыққа дейін жеміс береді. «БЕЛАЯ МЕЧТА». Ананас және бүлдіргеннің хош иісі мен дәмінің қосындысы. Гипоаллергенді, сондықтан жемістерді тек қана аллергиктер ғана емес, сонымен қатар жас балалар да тамаққа пайдалана алады. Еті тығыз, шырын және тәтті ананастың хош иісі бар. Сұрыптың пісіп-жетілу мерзімі орташа, жеміс беруге бейімді. Үлкен сиректік қазір тағы да Сіздер үшін! «ВЬЮЩАЯСЯ». Бұл бүлдірген кепілді түрде экстраұзын және күшті қылқандарын жаяды.

Т.А.Ә. Индекс Аудан Көше Туған жылы

Үнемдеу 3000 теңге

Супербаға!

бүлдірген (Иір) «вьющаяся» *

Тауар «Белая мечта» бүлдіргені «Вьющаяся» бүлдіргені «Гигантелла» бүлдіргені «Альбион» бүлдіргені жиынтық – 15 көшет жиынтық – 30 көшет

Үнемдеу 1500 теңге

Бағасы

Саны

Ол қылықандарды Сіз 1,5 метр ұзындықтағы қатарларға, шарбақтарға, қоршауларға асып байлап қоя аласыз. Бүлдіргеннің алғашқы ірі ашық қызыл жемістерін Сіз отырғызған жылдың өзінде-ақ жинай аласыз. Дәмді бүлдірген жаздан бастап соңғы аяздарға дейін біркелкі үлкен және тәтті болып қала береді және азаймайды. Бүкіл маусым барысында өнім береді! «ГИГАНТЕЛЛА». Аталмыш сұрыптың жемістері бүлдірген­нің барлық сұрыптарының ішіндегі ең ірісі. Ол өзінің ірі жемістері­мен ғана тартымды емес, бір жемістің салмағы 125 грамға жетеді, со­ нымен қатар тығыз шырын жұмсағымен, ғажайып қанық дәмімен де баурап алады. Ауруға төзімді, қысқа шыдамды.

Тапсырысты кез келген өзіңізге қолайлы тәсілмен жасаңыз; купонды толтырып оны мекенжай бойынша жіберіңіз, біздің интернет-дүкен арқылы тапсырыс беріңіз немесе бізге қоңырау шалыңыз

«БЕККЕР company» ЖШС, Қазақстан Республикасы 090000, Орал қ,. Жуков көшесі 23-үй, а/я 23

(727) 319-49-50 Облыс Тел.

E-MAIL

«БЕККЕР company» ЖШС, Қазақстан Республикасы 090000, Орал қ,. Жуков көшесі 23-үй, а/я 23 РНН 271800052582.

Cенбі, 15 наурыз 2014 жыл

Үй

Қала Ұялы тел.

Пәтер Қолы

Сіз көшеті бар сәлемдемені арнайы орамада өзіңіздің пошта бөліміңізде шарт бойынша төлем арқылы аласыз. Төлем поштада сәлемдемені алу кезінде төленеді. Тауарды тікелей отырғызу мерзісінің алдында (наурыз-мамыр) жібереміз. Сіздің тапсырысыңызды жібергеніміз туралы Сізді СМС арқылы хабарландыру үшін міндетті түрде ұялы телефоныңыздың нөмірін көрсетіңіз. Кеңсе телефоны: (7112) 51-84-83

Менің тапсырымды жүзеге асыру үшін, Мен өзімнің жеке мәліметтерімді “БЕККЕР company» ЖШС-ға өз еркіммен беремін және “БЕККЕР company» ЖШС және оның коммерциялық серіктестерінен жарнамалық ұсыныстарды алып тұру үшін менің берген жеке мәліметтерімнің толық тізімін өмір бойы сақтауға және пайдалануға келісімімді беремін. Жеке мәліметтерге өзгертулер енгізу немесе оларды кері қайтарып алу (жарнамаларды алудан бас тарту) жазбаша түрде немесе “БЕККЕР company» ЖШС-на қоңырау шалу арқылы жүргізіледі.

ОрО 1

акцияларды, сыйлықтарды, ұтыстарды сондай-ақ біздің бүкіл ассортиментті біздің сайттан таба аласыздар www.aВekker.kz

Тіркелген салық бойынша ҚР Салық кодексінің 17-бөлі­ мінің 60-шы тарауы толықтай тір­келген салық тақырыбына ар­ налған. Салық кодексінің 420-бабына сәйкес тіркелген салықты тө­ леушілер: 1) ұтыссыз ойын автоматтарын; 2) ойын өткізуге пайдаланы­ латын дер­бес компьютерлерді; 3) ойын жолдарын (боулинг (кегельбан); 4) картты (картинг); 5) бильярд үстелдерін (бильярд) пайдалана отырып, қызмет көр­ сетулерді жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар болып табылады, ал жо­ғарыда аталған ұтыссыз ойын автоматтары, ойын өткізуге пайдаланылатын дербес компьютерлер, ойын жолдары (боулинг (кегельбан); картты (картинг); бильярд үстелдері тіркелген салық салу обьектілері болып табылады. Салық кодексінің 422-бабына сәй­кес тіркелген салық ставка­ ларының әр салық салу обьекті­ сіне салық салу став­касының ең төменгі мөлшерінен ең жоғарғы мөлшеріне дейінгі базалық ставкасы АЕК мөлшерінде белгілен­се, қызметін бір әкімшілік-аумақ­тық бір­ліктің аумағында жүзеге

асыратын барлық салық төлеуші­ лер үшін жергілікті өкілді орган­ дар (мәслихаттар) бекітілген ба­­залық ставкалар шегінде бірың­ ғай тіркелген салық ставкаларын белгілейді. Осыған орай 2013 жылдың 1 қаң­тарына тіркелген салық став­калары келесідей: бір және бір­неше ойыншымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автомат­ тарының біреуіне 5 АЕК; ойын өткізуге пайдаланылатын 1 дер­бес компьютер үшін 4 АЕК; бір ойын жолына (боулинг (кегельбан) 20 АЕК; карт (картинг) 8 АЕК; 1 бильярд үстелі үшін 12 АЕК мөл­шерінде. Салық төлеуші әрбір салық салу объек­тісіне тиісті салық ставкасын қол­дану арқылы тіркелген салық сомасын есептейді. Салық салу объектілері айдың 15-iн қоса алғанға дейiн пайдала­нуға берілген кезде тіркелген са­ лық белгіленген ставка бойынша, 15-інен кейін белгіленген ставка­ ның 1/2 мөлшерінде есептеледі. Салық салу объектілері айдың 15-іне дейін шығып қалған кезде тіркелген салық белгіленген ставкасының 1/2 мөлшерінде, 15-інен кейін белгіленген ставка бойынша есептеледі.

Тіркелген салық бойынша декларация 710.00 нысанда есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың 15-інен кешіктірілмей жекелеген қызмет түрлерiн жүзеге асыратын салық төлеушi ретiнде тiркеу есебiнiң орны бойынша салық органына табыс етіледі және тіркелген салық есепті са­лық кезеңінен кейінгі екінші ай­дың 25-інен кешіктірілмей салық салу объектілерінің тіркелген орны бойынша бюджетке төле­ ну­ге жатады, және де тіркеу са­лығын төлеуші болып табыла­тын жеке кәсіпкерлердің Салық кодек­сінің 358-бабының 2-тар­ма­ ғын және 359-баптың 3-тармағын басшылыққа ала отырып, 200.00 нысанда жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша декларацияны белгіленген мерзім­де салық органына табыстауы қа­ жет. Жоғарыда көрсетілген салық есептіліктерін мерзімінде табыс­ тамаған са­лық төлеушілерге ҚР ӘҚбК-ның 206-ба­бы­на сәйкес ша­ ралар қолданылады. Ж

А.Дуйсенов, Орал қаласы бойынша салық басқармасының бас маманы

Облыстық қазақ драма театрының наурыз айындағы репертуары нов з Т.Ахта 16 науры ” у е үй “Күшік к (драма) : 17.00 уақыты Басталу

мов з А.Макси 22 науры ! а р е ь м Пре қты күз” жапыра “Жасыл ) ка и ст (ми 5.00 қыты: 1 а у у л а Баст

мов з А.Макси 22 науры ! а р Премье қты күз” жапыра л сы а “Ж ) (мистика : 17.00 ты ы қ а у Басталу

Құттықтаймыз! Орал қаласы Круглоозерный ауылының тұрғы­ны, зайыбым Рысты Хафизқызы ҒҰМАРОВАНЫ ме­рейлі 70 жасымен шын жүректен құттықтаймын! Ардақты ана, құтты болсын жетпісің, Ұл-қызына ерекшесің, жалқысың. Әкемізбен ғасыр тойға жетіңіз, Көңілдерің қуаныштан шалқысын.

Құттықтаушылар: жұбайыңыз Жолды, бала-келіндеріңіз, қыз-күйеу балаларыңыз, немерелеріңіз, шөбереңіз Арсен Орал қаласының тұрғыны, асқар таудай ардақты әкеміз Самиғолла СҰЛТАНИЯРҰЛЫН 63 жасқа то­ луымен шын жүректен құттықтаймыз! Өмір-өзен ағып жатқан арналы, Сара жолға ғұмырыңды арнадың. Анамызбен мына өмір көшінде, Бірге жүріп, еңбектендің, талмадың. 63-ке келдің, әке, еңселі, Құрмет тұтып, қадірлесін ел сені. Асыл әкем, қаймықпадың, талмадың, Ұрпағыңды жетілдірдің, жалғадың. Қарыздармыз еңбегіңіз еленсін, Біздер үшін асқар асу кемелсің. Ортамызда аман-есен мәңгілік, Жүре берші өз ортаңды сән қылып.

Игі тілекпен: зайыбыңыз Нұрғаным Халекқызы, ұл-келіндеріңіз Мұрадым-Нұрғаным, Шахмардан-Лида, Абдрахман-Айгүл, қыз-күйеу балаларыңыз Зинаида-Асылбек, Гүлжайна, Дамира-Ануарбек, Нұргүл, немере-жиендеріңіз Қаратөбе ауданының тұрғыны, ардақты да сүйік­ті анамыз Бақтыгүл Құмарқызын 40 жасқа толу ту­ған күнімен құттықтаймыз! Анамызға мықты денсау­лық, ұзақ өмір тілей отырып, төмендегі өлең шумақ­ тарын арнаймыз. Мен қалай қуанышты жасыра алам, Жүре бер тек күлімдеп қасымда аман. Әрдайым ұл-қызыңмен бірге болып, Қырыққа қадам бастың, асыл анам. Сүймейді қуанышты, думанды кім, Мереке біздер үшін думан бүгін. Деніңе саулық берсін, Жаратқаным, Анашым, құтты болсын туған күнің.

Тілек білдірушілер: балаларыңыз Айгерім, Айкөркем, Айбек Қазталов ауданы Қараөзен ауылының сүйікті кіш­ кентай тұрғыны Мәди Мейрғалиұлы ӨТЕГЕНДІ өмі­ рінің бірінші парағы 1 жасқа толуымен құттықтаймыз! Сен арқылы айналады өмір жұмаққа, Былдырлаған кіп-кішкене балақан. Жүрегімнен саған шуақ таратам, Саған деген махаббатты біздегі Сезіне алмас бұл дүниеде жан адам.

Құттықтаушылар: ата-әжең Өтеген-Шолпан, нағашы атаң Ғабдулкәрім, ата-анаң Мейрғали-Мәншүк, апа-жездең БаянГүлжайнар, Гүлдария, жиендерің Әділжан, Інжу

www.zhaikpress.kz Құрметті оқырман! Ғасырға жуық тарихы бар об­лыстық «Орал өңірі» мен «Приуралье» газеттерінің, сондай-ақ ау­дандық газеттердің электрондық нұсқасын www. zhaikpress.kz сайтынан оқи аласыздар. Сонымен қатар күн сайын­ғы жаңа­лықтармен танысуға да мүм­ кіндік бар.

Орал Өңiрi №30  
Read more
Read more
Similar to
Popular now
Just for you