Issuu on Google+

Орал өңірі ОБЛЫСТЫҚ Қоғамдық-саяси газет

+1 С -7 С 0

0

Сейсенбі, 18 ақпан 2014 жыл №20 (19939)

www.zhaikpress.kz

Газет 1918 жылғы 17 қарашадан шығып келеді. 1968 жылы "Құрмет Белгісі" орденімен марапатталған

Ерлік ескірмейді

oral_oniri@inbox.ru

әлеумет

Қамшы салдырмас еді, қаржы тапшы

5

керуен сарай

4

Суретті түсірген Рафхат ХАЛЕЛОВ

Алыпсатарлыққа жол жоқ! Уәкілетті банктердің және уәкілетті ұйымдардың айырбастау пункттері жүргізетін қолма-қол шетел валютасымен операциялар бойынша алыпсатарлыққа жол бермеу мақсатында Ұлттық банк басқармасының «Айырбастау пункттері арқылы жүргізілетін операциялар бойынша АҚШ долларын және еуроны теңгеге сатып алу бағамының сату бағамынан ауытқу шектерін белгілеу туралы» 2014 жылғы 11 ақпандағы №18 қаулысы қабылданды.

О

сы қаулыға сәйкес уә­кі­летті банктің немесе уәкілетті ұйым­ ның лауазымды тұлғасының жазбаша өкі­­мінің негізінде айырбастау пунк­ті үшін белгіленген ұлттық валю­тадағы шетел валютасының бірлігін сатып алу ба­ғамы мен ұлттық валютадағы шетел валюта­ сының бірлігін сату бағамы ара­сындағы айырма АҚШ доллары үшін – 2 тең­ге­ден; еуро үшін – 3 теңгеден аспауы тиіс. Айырбастау пункттері арқылы жүргізі­ ле­тін операциялар бойынша теңгеге шетел валютасын сатып алу бағамының сату бағамынан ауытқуының белгіленген шекте­ рі 2014 жылғы 11 ақпаннан бас­тап қоса ал­

ғанда 2014 жылғы 31 желтоқсан аралығында қолданы­лады. Ұлттық банк басқармасының 2006 жылғы 27 қазандағы №106 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында қолмақол шетел валютасымен айырбастау опе­ра­цияларын ұйымдастыру ере­жесінің 48тар­мағына сәйкес айыр­бастау пунктінде айырбастау операциясын жүргізу үшін қажетті сомада қолма-қол ұлттық валюта және қолма-қол шетел валютасы болған кезде азаматтарға айырбастау операция­сын жүргізуден бас тартуға жол берілмейді. Ұлттық банк айырбастау пункт­тері ар­ қылы жүргізілетін операциялар бойынша теңгеге шетел ва­лютасын сатып алу

бағамының сату бағамынан ауытқуының белгіленген шектерінің бұзылуын анық­та­ған жағдайда уәкілетті банк­терге және уәкілетті ұйымдарға Қазақстан Республи­ касының заң­намалық актілерінде көздел­ген санкцияларды қолданады. Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің филиалдарына өңір­лер­дегі ахуалдың мониторингі бойынша тиісті нұсқаулар берілді. Қазақстан Республикасы Ұлттық бан­ кінің ұйымдастыру жұмысы, сыртқы және қоғам­дық байланыстар департаменті Тел.: 8 (727) 270-46-39 e-mail: press@nationalbank.kz

Денис Теннің жүлдесі

8


2

АҚПАРАТ Сейсенбі, 18 ақпан 2014 жыл

P

19 ақпан күні облыстық мәслихаттың үлкен залында 2013 жылдың қорытындысы бойынша денсаулық сақтау басқармасының алқа отырысы өтеді. Бұл жиын сағат 10.00де басталады.

P

Сырым аудандық мәдениет үйінде өткен «Қош келдің, қасиетті Мәуліт айы!» тақырыбындағы кеш барша адам­затты қасиетті айдың шуағына шомылдырған ұлықты ме­ реке­нің бірі ретінде көрініс тапты. Айтулы шара аясында Жымпиты ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы А.Хамзин ислам діні турасында келелі әңгіме қозғап, жастар тәрбиесіне де тоқталды.

Әуежай жаңғыртылмақ Теректі ауданының әкімі Жеңіс Серікқалиевтің төраға­лы­ғы­мен Подстепный селолық округі аумағында орналас­ қан «Орал» халықаралық әуежайын жаңғырту жобасы бо­ йынша қоғамдық тыңдау өтті. Оған қатысқан «НИПИИ «Казаэропроект» АҚ-ның бас инженері Дмитрий Ким: «Қазіргі таңда әуежай ұшып-қону жолағы­ның әбден тозуына байланысты үлкен ұшақтарды қабылдай алмай отыр. Сондықтан жолақтың үстіне тағы да 30 см асфальт төселіп, ұзындығы 2 шақырым 800 метрге дейін ұзартылады» деді өз сөзінде.

Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының шешімі Орал қаласы

№15-3

14 ақпан 2014 жыл

Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы №213 «Нормативтік-құқықтық актілер туралы» Заңының 21-1-бабының 1-тармағы­на сәйкес облыстық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ: Қосымшаға сәйкес облыстық мәслихаттың кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

oral_oniri@inbox.ru Кеше Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлықтехникалық университетінің ұжымы аталмыш білім ордасының ректоры Қазыбай Бозымовты салтанатты түрде зейнеткерлікке шығарып салды. Университеттің акт залында өткен аталмыш шараға облыс әкімі Н.Ноғаев, ҚР Білім жә­ не ғылым вице-министрі Т.Балықбаев қатысты.

Еңбектің зейнетін

– Сізді жоғарғы білікті және іскер басшы әрі тәжірибелі пе­дагог ретінде құрмет тұтамыз. Өзіңіз басқарып отырған универ­ситеттің материалдық-техни­ка­ лық әлеуеті нығайып, барлық негізгі көрсеткіштер айтарлықтай жақсарды, ауыл шаруашылығы ғылымының докторы ретінде қо­ғамның дамуына да сүбелі үлес қостыңыз. Сізді мерейлі жа­сы­ңызбен құттықтай отырып, жа­ ныңызға шуақ, отбасыңызға бақ пен береке тілеймін! – деді ал­­ғаш­қы сөз кезегін алған вицеминистр. Сонан соң министрдің орынбасары профессор Қ.Бо­зы­ мовқа жас ұрпақты оқыту жә­не тәрбиелеу ісіндегі елеулі та-

быстары үшін Ы.Алтынсарин атындағы медаль мен ҚР Білім және ғылым министрі А.Сә­рін­ жіпов қол қойған куәлікті табыс етті. 43 жылғы еңбек өтілінде қа­ тар­дағы оқытушыдан ректорлық қызметке дейінгі лауазымды мін­деттердің барлығын абыроймен атқарып келген Қазыбай Қара­ ұлын еңбек демалысына шыға­ рып салу рә­сіміне әріптестері­ мен қатар өзге де жоғарғы оқу орындарының басшылары, студенттер қатысты. – Талай азаматтың тәлім-тәр­ биесін алып, ұстаздардың өне­­ гесін көре жүріп, өзіңіздің ай­на­ лаңыздағы жастарды жасампаз

Облыстық мәслихаттың 2014 жылғы 14 ақпандағы №15-3 шешіміне қосымша

Облыстық мәслихаттың күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі №10-2 «Батыс Қазақстан облыстық мәс­ лихатының 2012 жылғы 7 желтоқсан­ дағы №5-2 «2013-2015 жылдарға ар­­налған облыстық бюджет туралы» ше­шіміне өзерістер мен толықтырулар енгізу туралы» шешімі (2013 жылғы 28 маусымдағы Нормативтік-құқықтық ак­тілерді мемлекеттік тіркеу ті­зі­лі­ мінде №3299 нөмірмен ҚР Әділет ми­нистрлігі БҚО әділет департаментінде тіркелген, «Орал өңірі» газеті­нің 2013 жылғы 2 шілдедегі №83, 2013 жылғы 4 шілдедегі №84, 2013 жылғы 6 шілдедегі №85, 2013 жылғы 11 шілдедегі №86 жарияланған). 4. Батыс Қазақстан облыстық мәс­ лихаттың 2013 жылғы 13 желтоқсанда­ ғы №14-1 «Батыс Қазақстан облыс­тық мәслихатының 2012 жылғы 7 желтоқ­сандағы №5-2 «2013-2015 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» ше­шіміне өзерістер мен толықтырулар енгізу туралы» шешімі (2013 жылғы 18 желтоқсандағы Нормативтік-құ­қық­ тық актілерді мемлекеттік тіркеу ті­зілімінде №3372 нөмірмен ҚР Әділет министрлігі БҚО әділет департаментінде тіркелген, «Орал өңірі» газеті­нің 2013 жылғы 21 желтоқсандағы №154, 2013 жылғы 24 желтоқсандағы №155, 2013 жылғы 26 желтоқсандағы №156 жарияланған).

істерге жұмылдырып, білгеніңіз­­ді үй­ретті­ңіз. Бүгінгі осы залдың лық толуы Қазыбай Қараұлына деген үлкен құрмет деп білемін. Универси­тетке қоса облыстың дамуына да қосқан үлесіңіз зор, - деген облыс басшысы мерейтой иесі­не шапан жауып, ықылас гү­лін ұсынды. 65 жасқа толып отырған Қа­ зыбай Қараұлы кеш соңында жи­ налған жұртшылыққа, осы кез­ге дейін қызметтес болған әріп­ тестеріне рақмет айтты.

Темірболат ТОҚМАМБЕТОВ Суретті түсірген автор

Дамуға серпін береді

Сессия төрағасы Р.Хайруллин Облыстық мәслихат хатшысы М.Құлшар

1. Батыс Қазақстан облыстық мәсли­ хатының 2010 жылғы 13 желтоқсанда­ғы «Облыстық және аудандық (қала­лық) бюджеттер арасындағы 2011-2013 жыл­дарға арналған жалпы сипаттағы транс­ ферттердің көлемдерін белгілеу туралы» №28-3 шешімі (2010 жылғы 24 жел­­тоқсандағы Нормативтік-құқықтық ак­тілерді мемлекеттік тіркеу ті­­зілі­мінде №3057 нөмірмен ҚР Әділет ми­ нистрлігі БҚО әділет департа­мен­ тін­­де тіркелген, «Орал өңірі» га­зеті­нің 2010 жылғы 28 желтоқсандағы №146 жарияланған). 2. Батыс Қазақстан облыстық мәс­ лихатының 2012 жылғы 7 желтоқсанда­ ғы «2013-2015 жылдарға арналған об­ лыс­тық бюджет туралы» № 5-2 шешімі (2012 жылғы 13 желтоқсандағы Нормативтік-құқықтық актілерді мемле­ кеттік тіркеу тізілімінде №3118 нө­мірмен ҚР Әділет министрлігі БҚО әділет департаментінде тіркелген, «Орал өңірі» газетінің 2012 жылғы 22 жел­тоқсандағы №154-155, 2012 жылғы 27 желтоқсандағы №157, 2013 жылғы 17 қаңтардағы №5, 2013 жыл­ғы 24 қаң­тардағы №8, 2013 жылғы 31 қаң­тар­да­ғы №11, 2013 жылғы 7 ақпандағы №14 жарияланған). 3. Батыс Қазақстан облыстық мәс­ лихаттың 2013 жылғы 26 маусымдағы

көрмек

Мемлекет басшысы Н.Назар­баевтың Қазақстан халқына арнаған Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауын ел-жұртқа насихат­ тауға келген ҚР Парламенті Мәжілі­сінің депутаты Светлана Рома­новская бейсенбіде «ҚазТрансГазАймақ» АҚ Батыс Қазақстан өндірістік филиалының ұжымымен кездесті. Басқосуды кә­сіпорын басшысы Ра­виль Исмаилов ашып, жүргізіп отырды.

Гүлбаршын ӘЖІГЕРЕЕВА, «Орал өңірі» Мәжіліс депутаты ұзақмерзім­ді «Қазақстан – 2050 стратегиясын» негізге ала отырып, еліміз­ дің дамуының басым бағытта­­рын белгілеген Жолдаудың мақ­­сат-міндеттері жайына тоқта­лып өтті. – Елбасымыз Үкі­метке 2014 жылдан бастап елі­міздің әлем­нің

дамыған 30 мемлекеті қатарына қосылуының басты 15 бағыты бойынша нақты тапсырмалар жүктеді. Олардың барлығы да маңызды, елімізде ішкі жалпы өнім көлемінің өсімін 4 пайыздан түсірмеу, жан басына шаққандағы ІЖӨ көлемін 13 мыңнан 60 мың долларға дейін, 4,5 есеге артты­ру, ғылымды қаржыландыру өсі­ мін ІЖӨ-нің 3 пайыздық деңге­­йі­нен төмендетпеу, қазақстан­-

­ ық­тар­дың өмір сүру жасын ұл­ д ғайту, бә­се­кеге қабілетті ұлттық білім беру жүйесін қалыптасты­ру міндеттерінің маңызды екенін атап өткім келеді, – деді Светлана Романовская. Сонымен қатар білім, денсаулық, әлеуметтік салаларды дамыту көкжиектеріне шолу жасай келе, Қазақстан тұтынушылары ұлттық лигасы­ ның басшысы ретінде тарифтер, тұтынушылар құқығы мәселеле­ рін де назардан тыс қалдырмады. Халық қалаулысы Парламент­ тің заң шығармашылық жұмысы­на, қабылданған заңдар мен қарау­ға алынған заң жобаларына қа­тыс­ ты ақпарат берді. Депутат ұжым мү­шелері тарапынан қойылған екін­ші деңгейдегі банктердің про­б­ ле­малық несиесіне, мемлекеттік са­тып алу заңдылығына қатысты бірқатар сұрақтарына жауап қай­ тарды. Филиал мамандарының тұрғындардың қауіпсіздігін қам­ тамасыз ету мақсатында газ инспекциясын құруға қатысты ұсы­нысын ыждағаттылықпен тың­дап, бұл мәселені тиісті орын­дар­ дың алдына қоятынын жеткізді. «Мемлекет басшысының Жол­дауы еліміздің дамуы үшін үл­кен серпін береді. Оны жүзеге асы­ руға әрбір қазақстандық белсене араласуға тиіс», – деп қорытты сөзін Светлана Романовская. Суретті түсірген А.КУПРИЕНКО


ҚОҒАМ oral_oniri@inbox.ru

Сейсенбі, 18 ақпан 2014 жыл

Кәсіптік білім

Делегаттар сайлады

жайы талқыланды

Суретті түсірген Александр КУПРИЕНКО

Орал газ, мұнай және салалық технологиялар колледжінде “Елбасы Жолдауын жүзеге асыруда техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының мамандарды даярлау сапасын арттыру жолдарының басым бағыттары” тақырыбында кеңес өтті.

Нұрлыбек РАХМАНОВ, «Орал өңірі»

О

блыс әкімінің орынбасары Б.Мә­ кен, облыстық басқармалар­дың басшылары, жоға­ры оқу орын­­ дарының ректорлары, өңір­дегі бар­лық техникалық және кәсіптік білім беру ұйым­ дарының басшылары, әлеуметтік серіктестер, облыстық кәсіпкер­лер палатасының өкілдері қатысқан жиынды облыстық білім басқармасының басшысы Айгүл Мыңбаева жүргізіп отырды. Баяндамашылар техникалық мамандарды кәсіптік дайындау, осы саланың ұлттық жүйесін қалыптастыру мәселеріне жан-жақ­ ты талдау жасады. Жастардың техника­лық білім алуын мемлекеттік кепілдендіруге көшуді қарастыру, түлектердің өндірістегі тәжірибелік дағдыларын жетілдіру, оларды жұмысқа орналастыру жайы сөз болды. Соңғы жылдары облыста бұл саладағы білім беру ұйымдарының материалдықтехникалық әлеуеті жақсарғаны, мамандары білім жетілдіруден өтіп жатқаны айтылды. Әлеуметтік серіктестік тиімділігі артып келеді.

Е

Өткен оқу жылында 54 мамандық пен 81 біліктілік бойынша 4866 түлектің кәсіптік дайындық деңгейі бағаланып, 4707 оқушы­ ға (97%) сертификат табысталған. Бұл туралы «Техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың және біліктілікті берудің республикалық ғылыми-әдістемелік орта­ лығы» БҚО бойынша филиал директоры Қ.Ақдәулетов баяндады. - Жастар мәселесі ешқашан назардан тыс қалмайды. Ауылдық жерлердегі кол­ ледж­дердің материалдық-техникалық ба­­засы нығайып келеді. Зертханалары, оқуөн­дірістік кешені жаңартылуда. Жиын ая­ сында ұйымдастырылған көрмеден оқу­­шылардың жаңаша ізденісін көріп риза болдық. Оқушылардың талабын да ескеруіміз керек. Өндіріс пен теориялық тәжірибені ұштастырудың рөлі зор. Кәсіби дағдылары мен іскерлік қабілеттерін жетілдіру аса маңызды. Ащы болса да шындық, түлектердің біліктілік деңгейлері жұмыс берушілердің, әсіресе, жеке құрылымдар мен шетелдік компаниялардың сұранысын

Елбасы Жолдауы – ел назарында

лбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақ­ стан халқына арнаған «Қазақстан жолы-2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауы - тәуелсіз еліміздің дамыған 30 елдің қатарына кіру мақсатын жүзеге асыруға бағытталған құнды құжат. Еліміздің барлық өңірлерінде аталған құ­ жатты талқылау, жүзеге асыру бағытында­ ғы шаралар іске асуда. Орал қаласындағы «Мақсат» медициналық колледжінде де Елбасы Жолдауында сөз болған медицина, бі­лім беру салаларындағы атқарылар істер

туралы мәселелерді талқылаған шара өтті. Онда қалалық мәслихаттың депутаты, «Нұр Отан» партиясының саяси кеңесінің мүшесі Мақсот Берген әріптестерімен денсау­лық сақтау саласындағы басты басымдық ал­ ғашқы медициналық санитарлық көмекті дамыту жөнінде талқылады. Сонымен қатар дуальдық, техникалық және кәсіптік білім берудің ұлттық жүйесінің негізін қалып­ тастыру туралы ойларын ортаға салды. Кейін сөз алған колледж директоры М.Трушкова денсаулық үшін жауапкершілік

3

толық қанағаттандыра бермейді. Жоғары талаптарға лайық білім мен біліктілік алып шығу үшін әлі де алға жоғары мақсаттар қойылып, осы бағыттағы жұмыстар жандандырылуы қажет, - деді облыс әкімінің орынбасары Б.Мәкен. Жиынға қатысқан "ҚПО б.в." компания­ сының өкілдері аталмыш компаниядағы қос білім алу жүйесінің 2005 жылдан бастап қолға алынғанын айтты. Бұл жүйе – бір уақытта өндірістен қол үзбей кәсіби білім алу және мамандығы бойынша университетте оқу­ға мүмкіндік береді. Мақсаты – инженер қызметкерлерді қалыптастыру және даяр­лау, таңдаулы техникалық оқу орында­ рының түлектерін таңдау. Бағдарлама аясында оқуын аяқтап, компанияға жұмыс­қа орна­ласқан облысымыздың жастары аз емес. Кеңес барысында облыстық білім бас­ қармасы Батыс Қазақстан облысы кәсіп­ керлер палатасымен және А.Иманов атын­ дағы жол-көлік колледжі “Қазавтожол” РММ-мен ынтымақтастық меморандумға қол қойды.

медициналық қызметтің барлық жүйесі­ нің басты қағидаты екендігін баса айтты. Оқытушы Қ.Садықова халықты «Мәңгілік ел» идеясына жұмылдыратын, патриоттық, ұлттық тәрбиенің негізін қалап, әр жеке тұлғаның үш тілді терең меңгеруін жүзеге асыратын, ана тіліміздің дәрежесін көтеруге үлес қосатын ұстаздар қауымы деген тұ­ жырым жасады. Елбасы Жолдауы бойынша колледж студенттері арасында да түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, насихаттау бағытындағы іс-шаралар жалғасын таппақ. ж

Гүлім РСАЕВА, "Мақсат" медициналық колледжінің оқытушысы

«Нұр Отан» партиясы Ақжайық аудандық филиалы­ның кезектен тыс ХIV конференциясы өтті. Онда Қазақстан Республика­сы­ ның Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2014 жылғы 17 қаңтардағы «Қа­ зақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты халыққа Жолдауын насихаттау мен жүзеге асыру жөнінде «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы тө­рағасының бірінші орынбасары Салауат Аймұқашев баян­ дама жасады. Конференцияда аудан әкімі На­риман Төреғалиев теңге тең­ ге­ріміне (девальвация) қатысты алынып жатқан шаралар­дың ба­ ғыт-бағдары жөнінде айтып өтті. Аудандық конференцияда «Нұр Отан» партиясының облыстық фили­а­лының ХІV конференция­ сына делегаттар сайланды.

Құнды жәдігерлерді табыстады Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 25 жыл толуына арналған шара Сырым ауданында да болып өтті. Ауданға арнайы келген Ақтөбе қалалық ауған соғысы ардагерлер кеңесінің мүшесі Б.Бұзаубақов музей меңгерушісі А.Ойшыбаеваға аталмыш соғысқа қатысты құнды жәдігер­лер мен кітаптар табыс етті. Ерлікті асқақтатқан жиында ау­ дан әкі­мі А.Шыныбеков, аудан­дық қор­ғаныс істері жөніндегі бөлім бас­шысы Қ.Мақанов, ауған соғы­ сы ардагерлер кеңесінің төраға­ сы М.Жұмагелдиев сөз сөй­леді. Б.Бұзаубақов бірқатар сырым­дық­­ тар­ға алғысхат пен естелік сый­ лық­тар табыс етті.

«Жедел желіге» хабарласыңыз! ҚР Ұлттық банкінің батыс Қа­ зақстан филиалы «Жедел желі» телефон байланысы іске қосыл­ ғанын мәлімдей отырып, банктер мен ақша айырбастау орындарында алыпсатарлық жағдаяттар байқалса немесе екінші деңгей­­де­гі банктер банкоматтарының жұмысында іркілістер болса, бұл жөніндегі арыз-шағымдардың «Же­дел желі» яғни 8 (711-2) 50-93-28 телефоны арқылы қабыл­данаты­ нын жұртшылықтың қапе­ріне салады. АҚШ долларын са­тып алу бағамы сату бағамынан 2 теңгеден және еуро 3 теңгеден аспауы тиіс.

Өз тілшілеріміз


4

дала-қала Cейсенбі, 18 ақпан 2014 жыл

oral_oniri@inbox.ru

Дүкен аралап, базар жағалап бақылауда Жақында Тасқала ауданының әкімі Санжар Әлиев тиісті мекеме басшыларын жинап, әлеуметтік маңызды тауарлар бағасын негізсіз өсіруге жол бермеу бойынша шұғыл кеңес өткізді.

Суретті түсірген Рафхат ХАЛЕЛОВ

Ерлік ескірмейді Нұртас НАБИОЛЛАҰЛЫ, «Орал өңірі» Өткен сенбіде облыстық қазақ драма театрында Кеңес әскерлерінің Ауғанстан Республикасынан шығарылғанына 25 жыл толуына арналған шара өтті. Шараға интернационалистжауынгерлер, Ұлы Отан соғысы­ ның ардагерлері, ауған соғысын­ да қаза тапқан жауынгерлер­дің

ата-аналары мен жесірлері, мем­ лекеттік және құқық қорғау құры­ лымдарының қызметкерлері, мә­­де­ниет және өнер қайраткер­ лері, үкіметтік емес ұйымдар мен жастар қоғамдық бірлестіктері­­нің өкілдері қатысты. Жиынды ашқан облыс әкімі­ нің орынбасары Бақтияр Мәкен ауған со­ғысының бір топ ардагерлеріне «Ау­ғанс­тан - 25 жыл» ме­рейтой­лық медалін табыс­та­ды. Ауған со­ғысы ардагерле­ріне, сол со­ғыс­та қаза тапқан жа­уын­ герлер­дің жесірлеріне 100 мың тең­ге көлемінде әлеуметтік кө­ мек жасалатынын мәлімдеді. Жиын барысында сөз алған «Ауған соғысы ардагерлері мен мүгедектерінің Батыс Қазақстан

облыс��ық қоғамының» төрағасы Тахир Қосжанов, облыстық ден­ саулық сақтау басқармасының басшысы Қамидолла Ирменовты «Ардагерлік қозғалысты қолдауға ықпалы мен көмегі үшін» медалімен марапаттады. Сондайақ Орал қаласының жалпы білім беретін мектеп оқушыларының арасында ұйымдастырылған «Балалар соғысқа қарсы» атты су­рет сайысының жеңімпаз-жүлде­герлеріне дипломдар мен есте­лік сыйлықтар табысталды. Патриоттық әндермен өрілген шара соңынан жиыл­ғандар қала­ мыздағы Жеңіс ала­ңына барып, ауған соғысында қаза тапқан жауынгерлердің рухына тағзым ретінде гүл шоқта­рын қойды.

Қауымдастықтың жаңа жобасы «Алгоритм» техно­паркінде БҚО Азаматтық альянсының ұйытқы болуымен жиын өтті. Онда Елбасымыз Н.Назарбаевтың биылғы Жолдауынан туындайтын міндеттер талқыланып, басқосуға облыстық және қалалық мемлекеттік мекемелердің өкілдері, ҮЕҰның жетекшілері және өзге де мүдделі тұлғалар қатысты. Жиында сөз алған облыстық ішкі саясат басқармасы саяси партиялар мен ҮЕҰ-мен жұмыс бөлімінің басшысы Жамал Ихса­нова қоғамдық ұйымдар мен кәсіпкерлердің Жолдауды кеңі­ нен қолдағанына қанағаттанған­ дық сезімін білдіріп, енді олар­дың сонда көрсетілген мін­дет­тер­ді орындауға лайықты үле­ сін қосатындығына сенім артты. Әсіресе, үгіт-насихат жұмысына белсене қатысқанын қалайтынын айтты. Оның пайымдауынша, соң­ ғы жылдары ҮЕҰ-ның да дең­гейі өсіп, өрісі кеңейген. Мемлекет те оларға жыл өткен сайын бөлінер

қаржыны ұлғайтуда. Демек, рес­ ми билік кәсіпкерлерден тың жобалар мен жаңа бастамалар күтеді. Әсіресе, мүмкіндігі шектеулі жандарды қамқорлығына алса, оларға жұмыс орындарын ашуға бағытталған бизнестің кез келген қадамы тек қолдау мен көмекке ие. Орал қалалық жұмыспен қамту және әлеумет­ тік бағдарла­ма­лар басқармасы басшысының орын­басары Тамара Кучкина өз сала­сын­да Елбасының Жолдауын жүзеге асыру бағытында атқары­лып жатқан және атқарылатын істер жайында кеңінен баянда-

ды. Сөзінің соңында, алдағы 28 ақпан күні қалалық «Бос орын­­ дар жәрмеңкесі» ұйымдас­ты­ ры­латынын хабарлап, со­ған кә­сіпкерлер мен ҮЕҰ-ны белсен­ ділікпен қатысуға ша­қыр­ды. Ал Азаматтық альянсының ат­қа­рушы дирек­торы Гамал Тү­зел­баев болса, ҮЕҰ-лар­ды аудан мен ауыл­ дарға ай­рық­ша көңіл бөлуге ша­ қырып, қоғам­дық мо­ни­то­ринг­ті жүйелі жүргі­зу қа­жет­­тігін атап көрсетті. Кәсіп­кер­лердің алдында әлі де кездесетін әкімшілік кедергілерді тегеурінділікпен жеңу қажет­тілігіне тоқталды. Басқосу­ да БҚО Азаматтық альянсының президенті Әлия Сәлиеваның «БҚО-дағы шағын және орта кә­ сіпкерліктің дамуына жасалған жағдайлар туралы» жобасының таныстырылымы өтті.

Серпін САЯҚ

Аталмыш жиын барысында аудан әкімінің өкімімен арнайы жұмыс тобы құрылып, бұл топқа бағаларға күн сайын мониторинг жасау тапсырылды. Жұмыс тобы мониторинг қорытындысын ау­дан әкіміне хабарлап отыруы тиіс. Аудан әкімінің орынбасары Сы­рымбет Серғалиевтің айтуынша, баға бақылауда. Дегенмен ырық­қа көнбей жатқандары да жоқ емес. - Тиісті мекемелер мен кәсіп­ керлердің басын қосып, жиналыс жасадық. Қолда бар тауарды бұрынғы алған бағамен сату жөнінде түсінік жүргіздік. «Дос­ тық», «Аққу», «Тасқала», «Нәй­ лә» дү­кендерінің қожайындары ұсы­­нысты бірден қабылдап, зат бағасына өзгеріс енгізген жоқ. Ал кей саудагерлер «Қолдағы тауарды арзанға сатсақ, көтерме саудада зат бағасы қымбаттап кетіп, шығынға батамыз» – деп қасарысып отыр. Алайда алғаш­

қы қажеттіліктегі тауар бағасын орынсыз көтеруге жол берілмей­ді, - дейді аудан әкімінің орын­ба­ сары Сырымбет Қабекесұлы. Кеше баға саясатын бақылау мақсатында жергілікті сауда нүк­ телеріне тиісті мекеме өкілдері рейд жүргізді. Кейбір дүкендерде азық-түлік бағасында көп бол­ма­ ғанымен, көтерілу бар екені бай­қалды. Ал әзірге дәрі-дәрмек өнім­ дері мен жанар-жағармайдың ба­ ғасы тұрақты тұр. Сондай-ақ шетел валюталарын сатып алу курсы мен сату бағамы да бұрынғысынша, Ұлт­тық банк белгілеген мөлшерде. Сөйтіп, баға бағамына байланысты дүрбелеңге орай, Тас­ қаланың түрлі деңгейдегі шенеуніктері дүкен аралап, базар жағалап, зат бағасының орынсыз өспеуіне бақылау жасап жүр.

Думан ЗЕЙНЕЛ, Тасқала ауданы

«Елдің бюджет жүйесіне мейлінше мол қаржылық құйылым күтілуде». «Казагроинновация» АҚ басқармасы төрағасының орынбасары Әзімхан Сатыбалдин осылай деп мәлімдеді.

Бағам бюджетке қаржы құймақ – Бұл – бәрінен бұрын тауар өндірушілеріміздің өрлеуі. Эко­­но­­ микалық тұрғыдан алған­да, егер біз бірінші кезекте отандық өнді­ ріс­тік жүйенің ырғақты жұмысын қамта­масыз етсек – ол жаңа жұмыс орын­дары. Ақша ағыны – бұл жаңа бағ­дарлама­­лар, – деген ол Қазақ­ стан­да азық-түлік қоры жеткі­лік­ті екенін айтып, негізгі та­мақ түр­­ ле­­рі елімізде өн­дірі­летіндіктен, ба­ғада ешқандай өз­геріс бол­май­­ тындығын сендірді. – Біз астық өндіруші ірі экс­

портер болып табыламыз, етті сыртқа шығару үшін әлемдік на­ рыққа енудеміз, басқа да азықтү­лік түрлері бойынша шын мәнін­дегі негізгі өндірушілерміз. Ме­­ніңше, кейбір қарсыластар болжа­ғанындай, бізде азық-түлік ба­ғасының өсу мүмкіндігі туралы пайымдаулары теріс, қауіптенуі де бе­кер. Өйткені бізде өз қоры­мыз жеткілікті, – деп өз пікірін біл­дір­ді Ә.Сатыбалдин.

Өз тілшіміз


әлеумет Cейсенбі, 18 ақпан 2014 жыл

oral_oniri@inbox.ru

5

Психолог кеңесі Үш жасар ұлымның балабақшаға барар кезегі таяп қалды. Баланы жаңа ортаға бейімдеу жөнінде кеңес берсеңіздер екен. Нұршат Ғайнетдинова, Орал қаласы

Жібек Тұяқова, №41 «Ақ тілек» бөбекжайының психологі: - Баланы балабақшаға негізінен жаз кезінде берген дұрыс. Бірінші рет балабақшаға баратын сәбиіңізді алдын ала сол бала­ бақшаға әкеліп таныстыру керек. Таза ауада, жасыл желек жамыл­ ған балабақшаның әдемі безен­ дірілген ауласында ойнап жүрген балаларды көрсетіп, «Сен де ер­тең осылай ойнайсың, көп доста­рың болады» деп қызықтырған жөн. Біздің №41 «Ақтілек» бөбекжайы балдырғандарды екі жастан бастап қабылдайды. Сондықтан осы жаста бала өзі қасық ұстауды, жайлап киімдерін киюді, дәретке сұрануды білгені жақсы. Серуендеп жүріп, өзі келетін балабақшаны көрсетіп, ол туралы қызық әңгімелер айта берген де артық етпейді. Бөбекті

балабақшаға әкелер алдында ата-ана да өзін психологиялық тұрғыдан әбден дайындауы керек. «Ол жылайды, мені іздейді ғой» деп баланың ыңғайына жығылып, орынсыз босаңдық танытуға болмайды. Өйткені бала оның бәрін сезеді, ананың қобалжығаны балаға беріледі. Қайта анасы «Менің балам жыламайды, ол үлкен жігіт немесе ақылды қыз» деп баланы жігерлендіріп, өзін байыпты, сабырлы ұстағаны жөн. Бала бөбекжайға көп қиналмай үйреніп кетуі үшін ата-ана баланы ортамен араластыра бергені дұрыс. Көп жағдайда тек белгілі, санаулы адамдарды ғана көріп өскен бала үшін бөгде ортаға үйрену өте ауыр тиеді. Баланың бейімделуі әр түрлі. Кей бала бір аптада үйренсе, енді бірі алты ай бойы жылап, үйрене алмайды. Дұрысы, баланы ес білген шақтан өзге туыстары-

Ауыл-аймақтың әлеуметтік ты­ныс-тіршілігіне қан жүгіртетін “Дипломмен ауылға” бағдарлама­сы өзге өңір­лердегідей Зеленов ауданын­да да барынша жүзеге асуда. Тек бір әттеген-айы ауданымызға аталмыш бағдарлама бойынша келген мамандардың мемлекеттік көмекке толыққанды қол жеткізе алмай жүргендері бар. Демек, бағдарлама бойынша бөлінетін қаражат үміткерлердің бәрін қамти алмай отыр. Ауданға осынша маман қажеттілігін туындат­қан мәселенің астарына да үңіліп көрдік. Алдымен осы бағдарлама іске асырылатын салалар туралы дерекке көз жүгіртіңіз. Ауданның денсаулық сақтау саласында 2 аурухана, 12 дәрігерлік амбулатория, 4 фельдшерлік-акушерлік, 39 медициналық пункт және 1 шипажай болса, білім беру саласында 32 орта, 7 негізгі, 8 бастауыш мектеп, 2 балалар саз мектебі, 1 спорт мектебі, 2 кәсіптік лицей қызмет етеді. Сондай-ақ 8 балабақша, 5 мектеп-балабақша кешені, 38 шағын орталық мектепке дейінгі тәрбие берумен шұғылданса, бұған 5 мектеп жанындағы интер-

нат үйлерін және қосыңыз. Аудан мәдениетінің өркендей түсуіне 36 мәдени-демалыс орталығында 202 көркем өнерпаздар ұжымы, 3 халықтық атағы бар өнер ұжымы табысты еңбектенсе, 1 орталық, 2 балалар, 53 ауылдық кітапхана тұрғындарға қалтқысыз қызмет көрсетуде. Аталған ұжымдарда қанша қызметкер жұмыстанып жүргенін өзіңіз топшалай беріңіз. Оның үстіне бұл салалардың жұмыс ауқымы кеңейіп, жаңадан жұмыс орны ашылып, қызметкер саны көбейе түсуде. «Дипломмен ауылға» бағдарламасының тағы

мен, дос-жаран, көрші-көлемнің балаларымен араластырып, көп­ шілікке үйрете берген жөн. Міне, әдетте осындай балдырған жаңа ортаға тез үйренеді. Кей ата-ана баласы жыламай қалсын деп дүкенге соғып, жейтін тәтті немесе ойыншық сатып әперіп жатады. Бұл да дұрыс емес. Ондай балалар өсе келе қит етсе, өз қажет затын талап ететін болады. Баланы бөбекжайға тек анасы ғана емес, мүмкіндік болса әкесі, әпкесі, атаәжесі кезектесіп әкелгені дұрыс. Өйткені анасы әкелгенде, еркелеп қалатын бала әкесі әкеліп, әке­тіп жатса, өзін басқаша ұстайды. Өзі киініп-шешініп, өз бетінше әрекет етуге дағдыланады. Бір қара­ғанда, елеусіздеу көрінгенімен, отбасы мүшелерінің бала тәр­ биесіне орынды түрде түгел ара­ лас­қаны көп жағдайда оң нәтиже бе­рері сөзсіз.

Баланың балабақшаға үйренуі үш деңгейде қарастырылады. 1. Жеңіл үйрену Бала жаңа ортаға бір айдың шамасында бейімделеді. Мұндай кезеңде бөбектің тамаққа тәбеті бір аптаның ішінде, ұйқысы 1-2 аптаның ішінде қалыпқа түседі. 2. Жеңілдеу үйрену Бала жаңа ортаға бір айдың шамасында бейімделеді. Баланың ұйқысы мен тамағы 20-40 күн шамасында қалыпқа келеді. Ай бойы көңіл күйі тез бұзылып, жылай береді. 3. Ауыр үйрену Күні бойы жылаудан көз аш­ пайды. Тәрбиешіден көтеріп неме-

се жетектеп жүруді талап етеді. Жүйкесіне жүк түскен сәби ауруға шалдығады. Психикасы бұзылып, ой-өрісінің дамуы тежелуі мүмкін. Мұндайға ұрынбас үшін ата-ана мына мәселелерді ескеруі керек: - Алғашқы күні сәбиіңізді ба­ лалардың серуені кезінде алып келіңіз. Бұл орын үйіңіздің ал­дын­ дағы аулаға ұқсайтындықтан, бала көп жатсына қоймайды, балалармен, тәрбиешілермен танысуға ыңғайлы. - Егер перзентіңіз бейтаныс адамдарға жақындамаса, күш­теп, зорлап әрекет жасаудан аулақ болыңыз. Бала бейтаныс адам­ дарға біртіндеп үйренеді. - Баланың балабақшада болған күнін көбейте отырып, үйдегі жағ­ дайды балабақшадағы күн тәр­ тібіне ұқсас ұйымдастырыңыз, ба­лаңызды өз бетімен киініп-ше­ шінуге, тамақтануға, беті-қолын жууға т.б. дағдыландырыңыз. - Балабақшадан қайтарда ба­ лаңыздан кіммен достасқаны, қан­ дай ойыншықпен ойнағаны туралы сұрап біліңіз. Жақсы істері­не үнемі қолдау көрсетіңіз. - Алғашқы аптада ұл-қызы­ңыз­ ды уақытында алып кетіп жүріңіз. Бала балабақшада жалғыз қалып қой­са, қорғансыз, керексіз адам ре­тін­де сезінеді, балада айнала­ сын­дағы адамдарға деген сенімсіз­ дік пайда болады. - Үйде балаңызбен бірге ба­ лабақша туралы ойын ойнаңыз. Бала­бақшада ойыншықтар қайда тұратынын, қандай ойыншықпен ой­нағысы келетінін біліңіз, доста­­ рын табуға көмектесіңіз. Ойын ар­ қы­лы бала­ңыз­дың бала­бақ­шадағы, яғни жаңа ортаға дағдарысын се­ зіп, дұрыс бағыт-бағ­дар бере ала­ сыз.

Дайындаған Гүлжамал ЖОЛДЫҒАЛИ, «Орал өңірі»

Қамшы салдырмас еді, бір кәдеге асар саласы – ветеринария. Жаппай 22 ауылдық округте мал шаруашылығының қарқын алғанын ескерсек, бұл салада да маманға деген сұраныстың артып отырғаны белгілі. Тағы бір ескеретін жайт ауданда 2014-2016 жылдары 5 мектеп ғимаратын күрделі жөндеп, Мичурин округінен дәрігерлік амбулатория салу көзделуде. Қазіргі тәжірибеге сай мектептер күрделі жөнделген кезде міндетті түрде қосымша шағын орталық топтарын ашуға жағдай жасалады. Сонымен қатар жыл сайын өмірге келген сәбилер санының көптігіне байланысты бірқатар ауылдарда балабақша қажеттігі де өткір мәселеге айналып келеді. Өмір болған соң қызметкерлердің зейнетке шығатыны, жауап­сыз­ дығынан жұмыстан шеттетілетіні, өзге салаға ауысатындары бар. Олардың орнын жас мамандар толықтыруда.

қаржы тапшы Бағдарлама ұсынатын қар­жы­ ның жыл сайын айлық есептік көрсеткішке сай өзгеріп отыратыны белгілі. Биылғы есеп бойынша бір реттік берілетін көтерме жәрдемақы (70 АЕК) – 129 мың 640 теңге, тұрғын-үй алуға берілетін бюджеттік несие қоры (1500 АЕК) 2, 778 млн. теңгені құрайды. 2014 жылы ауданға респуб­ ликалық бюджеттен бағдарлама бойынша бір реттік көтерме жәр­ демақы төлеу үшін 49 маманға 6 353 мың теңге, тұрғын үй сатып алуға бюджеттік кредит бойынша 23 маманға 63,894 млн. теңге бөлінген. Аудан бойынша 2012 жылы келген 13 маман, 2013 жылы келген 42 маман тиесілі қолдау қаржыны алмаған. 2014 жылдың қаңтар айының өзінде арнайы комиссия 13 маманға көтерме жәрдемақы,

7 маманға тұрғын үй алу өтініш­те­ рін мақұлдады. Өтініш берушілердің қатары жыл ішінде еселеп артарын ескерсек, мәселе күрделене түсетін сыңайлы. Жас мамандар ғана емес, жаппай халық игілігіне жарамды бағдарламаның іске асуы ауданда қамшы салдырмас еді, қаржы тапшы. Алайда осы бағдарлама бойынша бөлінген қаржы өзге аудандарда игерілмей қалып, өт­­кен жылдың соңында біздің ау­ данға аудармақ болған көрінеді. Бұл ол аудандарда жұмысты дұ­ рыс жоспарланбауынан туын­даған жайт болса керек. Алайда үй­ден үміттеніп, пәтер жалдап жүр­ген жастардың жайы ойландырады.

Нұржан ДҮЗБАТЫР, Зеленов ауданы


6

хат-хабар Сейсенбі, 18 ақпан 2014 жыл

oral_oniri@inbox.ru

300 млн. теңге залал келтірген 2012 жылдың 28 желтоқсанында БҚО бойынша экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментіне (ЭСЖҚД) Орал қалалық салық басқармасынан «Рунтел» ЖШС-ның жалған кәсіпкерлік дерегі бойынша хат келіп түскен болатын. Дерек бойынша тексеру жұмыстары жүргізілді.

Әкімге ризамыз

Тасқала ауданындағы Қазақстан ауылдық округінің әкімдігі ғимаратында «Ақ бата» атты ақсақалдар бас қосатын бөлме ашылды. Бөлмеде қариялар жиналып, ауылдың көкейкесті, өзекті мәселелерін талқылап, әңгімелесіп, сыр шертеді. Ақын ағамыз Мұқағали Ма­қа­т­ аев: «Қариялар азайып бара жатыр» дегендей, біздің қатарымыз сирей түсуде. Қартайған шағы­мызда «Ақ бата» атты бөлме бе­ріл­генде, жасарып қалдық, қуа­ны­шымызда шек жоқ. Округ әкімі Әлібек Тәшімовке ал­ғыс айта­мыз. Жаңа Жылқы жылы қазақ

халқы­на, жалпы елімізге ырысынты­мақ, мол табыс, облыс тұр­ғында­рына береке-бірлік әкел­ сін!

Рамазан ДӘУЛЕТҰЛЫ, ардагер-ұстаз, Атамекен ауылы Тасқала ауданы

Тексеру барысында А.Буранов пен «Рунтел» ЖШС-ның директоры А.Косжановтың 2011 жылдың қаңтар-желтоқсан айлары аралы­ ғында Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Маңғыстау облыстары ау­ мағында жалған кәсіпкерлікпен айналысқандықтары және мемлекетке 300 млн. теңгеден астам залал келтіргендері белгілі бол­ды. Жалған кәсіпкерліктің мақса­ ты – жасырын тауарға бірлескен үйлесу салығы мен сыйақы беру бағасын төлеуден жалтаруға кө­ мектесу болған. А.Буранов пен А.Косжанов қылмыстық жауапкершілікке тартылатындықтарын біле тұра, қаржы полициясы департаменті қызметкерлеріне тексерісті оңтайлы шешу үшін пара

беруге барған. Дәлірек айтсақ, 2013 жылдың 31 қаңтарында БҚО ЭСЖҚД-ның инспекторына олар­ дың атынан делдал Ж.Бекесов жолығып, «Рунтел» ЖШС-ның жал­ ған кәсіпкерлігін жасыру үшін 700 мың тенге көлемінде пара ұсынған. Және қаржы полициясы департаментіне «Рунтел» ЖШС-ға жалған келісімшарт жасасқанда, қамқоршылық жасау және қаржы полициясы қызметкерлері жүргі­зіп жатқан тексеріс нәтижелері­ нен хабардар етіп отыру жөнінде ұсыныс жасаған. 2013 жылдың 9 ақпанында Ж.Бекесов лауазымды тұлғаға, яғ­ ни БҚО ЭСЖҚД-ның инспекторы­на 200 мың тенге көлемінде пара­ ның бір бөлігін берген. Артынша,

28 ақпанда А.Буранов «Рунтел» ЖШС-ның директоры А.Косжанов­ пен келісе отырып, параның қал­ған бөлігі 500 мың теңгені қаржы полициясы инспекторына тапсыр­ ған. 2013 жылдың 1 сәуірінде А.Бу­ ранов пен А.Косжанов БҚО ЭСЖҚД қызметкерлерімен ұсталып, Орал қалалық уақытша ұстау изоляторына қамалды. 2014 жылдың 3 ақпанында Орал қалалық сотының үкімімен А.Буранов пен А.Косжанов ҚР ҚКның 192-бабының 2-бөлімінің «б» тармағымен (жалған кәсіпкер­лік­пен айналысуы) және 312-баптың 4-бөлімінің «а» тармағы бойынша (ұйымдасқан топтың пара беруі) мүлкі тәркіленіп, бас бостандық­ тарынан айырылды. Ал Ж.Бекесов ҚР ҚК-ның 313-бабының 1-бөлімі­ мен (парақорлықта делдал болу) 1 жылға бас бостандығынан шектелді.

Мәншүк ХАРЕСОВА, БҚО бойынша ЭСЖҚД баспасөз қызметі

«Батыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ бос әкімшілік мемлекеттік лауазымға орналасуға ашық конкурс жариялайды 090000, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Достық даңғылы, 201, 214-бөлме, анықтама алу үшін телефондар: 8(7112) 504617, 500862 (факс), е-mail: turizm-sport09 @mail.ru. 1. Бұқаралық спортты дамыту бөлімінің бас маманы (Д-О-4 санаты). Лауазымдық жа­ лақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 64063 теңгеден 86485 теңгеге дейін. Функционалдық міңдеттері: бөлімде іс жүргізуді ұйымдастыру, ұйымдастыру-әдісте­ ме­лік ұсыныстарды жүзеге асыру. Мүдделі де­не шынықтыру-спорттық ұйымдарымен оқужаттығу жиындарын және спорттық шараларды өткізуді үйлестіру. Ұлттық спорт түрлерінен аға жаттықтырушылармен жұмыс, өтінімдерді және спорттық жарыстардың қортындысы бойынша есептік материалдарды сараптау. Басқарманың жылдық және күнтізбелік жоспарларын дайындау және орындалуына талдау жасау. Бұқара­лық және ұлттық спорт түрлеріне қатысты ма­териалдарды қорыту, ресми облыстық жарыс­тарды өткізу және спортшыларды іссапарлар­ға жіберу жөніндегі бұйрықтар мен шығын сме­таларын әзірлеу. Облыстағы балалар-жасөспі­ рімдер спорт мектептерінің, спорт клубтары­ ның, жекпе-жек спорт түрлерінің, ұлттық спорт бөлімдерінің жұмыстарын үйлестіру. Салауат­ты өмір салтын насихаттау бойынша тоқсан са­йын­ғы ақпаратты ұсыну. Құрметті атақтарды, спорт­ тық разрядтарды, жаттықтырушы және төреші санаттарын беру үшін материалдарды әзірлеу және оларды нормативтік құжаттарға сәйкес сараптау. Үміткерге қойылатын талаптар: жоғары білім. Әлеуметтік ғылымдар және бизнес (экономика, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару); Құқық (құқықтану); Білім (дене шы­ нықтыру және спорт). Мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда ортадан кейінгі білімі барларға рұқ­сат етіледі. Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының Президенті туралы», «Қазақ­ стан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы», «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Конститу­ циялық заңдарын, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жем­ қорлыққа қарсы күрес туралы», «Әкімшілік рә­ сімдер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың

өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңдарын, осы санаттағы нақты лауазымның мамандануы­ на сәйкес облыстардағы қатынастарды реттей­ тін Қазақстан Республикасының нормативтікқұқықтық актілерін, «Қазақстан-2050» Страте­ гиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі. Мемлекеттік тілді білуі және компьютерде жұмыс істей білуі. Осы санаттағы лауазымдар бойынша функ­ ционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер. 2. Қаржы-экономикалық бөлімінің бухгалтерлік есеп жөніндегі бас маманы (негізгі қызметкер ұзақ оқу демалысында) – (Д-О-4 санаты). Лауазымдық жалақысы еңбек сі­ңірген жылдарына байланысты 64063 тең­ геден 86485 теңгеге дейін. Функционалдық міңдеттері: шаруашылық операцияларын жүзеге асыру, мекеменің қар­ жылық ахуалы туралы шұғыл ақпаратты әзір­леу, бухгалтерлік есептерді дайындау және бел­гіленген мерзімде органдарға тапсыру, ме­кеменің қаржы-экономикалық қызметіне талдау жүргізу. Шығын сметасы бойынша қаржылық өтінімдерге сәйкес, ведомствоға қарасты ұйым­дарды, спорт түрі бойынша аға жаттықтыру­ шылардың іссапар шығындарын қаржымен қам­тамасыз ету және есебін жүргізу. Қаржы қозға­лысын жүргізу. Бөлімнің қаржы және мате­риал­ дық ресурстарына есеп, бақылау және талдау жасау. Белгіленген қаржы-экономикалық есепті уақтылы құрастыру және тапсыру. Іссапарға шығу үшін шығын сметаларын құруға, бекітіл­ген нормативтерге, мөлшерлерге сәйкес жа­рыс­тарды өткізуге, сондай-ақ іссапарға, оқужаттығу жиындарына, спорт шараларын өткі­ зуге бөлінген ақша қаражаттарының дұрыс пай­ даланылуының есебін жүргізу. Үміткерге қойылатын талаптар: жоғары білім. Әлеуметтік ғылымдар және бизнес: эко­ номика, есеп және аудит, қаржы. Мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда ортадан кейінгі білімі барларға рұқ­сат етіледі. Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының Президенті туралы», «Қазақ­ стан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы», «Қазақ­стан Республикасының Үкіметі туралы» Конститу­ция­лық заңдарын, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жем­

қорлыққа қарсы күрес туралы», «Әкімшілік рә­ сімдер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңдарын, осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін, «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі. Мемлекеттік тілді білуі және компьютерде жұмыс істей білуі. Осы санаттағы лауазымдар бойынша функ­ ционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер. 3. Қаржы-экономикалық бөлімінің бухгалтерлік есеп жөніндегі жетекші маманы (Д-О-5 санаты). Лауазымдық жалақысы ең­ бек сіңірген жылдарына байланысты 57657 теңгеден 78157 теңгеге дейін. Функционалдық міңдеттері: Қазақстан Рес­публикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңына сәйкес, есеп жүргізу, есеп тапсыру, тендерді өткізуге байланысты жұмыстарды ат­қару, тапсырысты орындаушылармен шарттар­ ды құрастыру, хаттамаларды рәсімдеу. Қыз­мет­ керлердің жалақыларын, сауықтыру жәр­дем­ақыларын есептеу, әлеуметтік салықтарды ау­дару және есеп беру, зейнетақы жинақтау қо­рына аудару және басқармаға қарасты ұйым­ дармен мемлекеттік тапсырыс бойынша келі­сімшарт жасау және ай сайын детальдық жос­ парға сәйкес қаржыландыру. Спорттық іс-ша­раларды өткізудің шығын сметасына сәйкес спорт шараларын жүлде қорымен қамтамасыз ету, жарыс және оқу-жаттығу жиынына қатысу үшін іссапар шығындарын, төрешілердің, ме­дицина қызметкерлерінің және т.б. еңбекақы­ сын төлеу. Үміткерге қойылатын талаптар: жоғары немесе ортадан кейінгі білім. Әлеуметтік ғылымдар және бизнес: экономика, есеп және аудит, қаржы, менеджмент. Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының Президенті туралы», «Қа­зақ­стан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы», «Қазақ­стан Республикасының Үкіметі туралы» Конститу­ циялық заңдарын, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жем­ қорлыққа қарсы күрес туралы», «Әкімшілік рә­ сімдер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңдарын, осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды рет­тейтін Қазақстан Республикасының норматив­-

тік-құқықтық актілерін, «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі. Мемлекеттік тілді білуі және компьютерде жұмыс істей білуі. Осы санаттағы лауазымдар бойынша функ­ ционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер. Конкурс ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының 2013 жылғы 19 наурыздағы №06-7/32 «Бос әкімшілік мемлекеттік лауазым­ға орналасуға конкурс өткізу және конкурс комиссиясын қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығының негізінде жүргізіледі. Конкурсқа қатысуға тілек білдіруші азамат­тар Батыс Қазақстан облысының дене шынық­тыру және спорт басқармасына келесі құжат­ тарды тапсырады: 1) белгіленген нысандағы өтініш; 2) 3 х 4 көлеміндегі фотосуретімен белгіленген нысанда толтырылған сауалнама; 3) білімі туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшірмелері шетелде алған білімі туралы құжаттар нострификациялануы тиіс); 4) еңбек қызметін растайтын құжаттың но­та­ риалдық куәландырылған көшірмесі; 5) Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің 2010 жылғы 23 қараша­ да­ғы №907 бұйрығымен бекітілген нысандағы денсаулық жағдайы туралы анықтама; 6) Қазақстан Республикасының азаматының жеке куәлігінің көшірмесі; 7) құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті ор­ганмен белгіленген шекті мәннен төмен емес нәтижемен тестілеуден өткені туралы қолда­ ныстағы сертификат. Азаматтар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кә­ сіби шеберлігіне және беделіне қатысты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берілуі туралы құжаттардың көшірмелері, мі­нездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланым­ дар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттар бере алады. Конкурсқа қатысуға қажетті құжаттар кон­курс туралы хабарландыру жарияланған сәт­ тен бастап 10 жұмыс күні ішінде құжат тігілген мұқабаға салынып тапсырылуы тиіс. Электрондық пошта арқылы конкурсқа қа­ тысуға құжат тапсырған азаматтар әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей құжаттардың түпнұсқаларын тапсырады. Әңгімелесуге жіберілген үміткерлер әңгі­ мелесуге жіберу туралы хабардар етілген күн­нен бастап 5 жұмыс күні ішінде Батыс Қазақ­ стан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы аппаратында әңгімелесуден өтеді.


хабар-ошар oral_oniri@inbox.ru

Cейсенбі, 18 ақпан 2014 жыл

Мемлекеттік қызмет стандарты оңтайландырылуда Енді азаматтар мемлекеттік органға өтініш берген жағдайда 18 таңбалы нөмірі бар түбіртек ала алады. Яғни өтінішті қабылдаған кеңсе қызметкері өз қолымен куәландырған мұндай құжатты беруге міндетті.

Түбіртектегі нөмірдің арқасын­ да өтініштің қаралу барысы мен нәтижелері туралы ақпаратты алуға болады. Ол үшін 8 800-0807777 (стационарлық), 1414 (ұялы) нөмірлеріне қоңырау шалып жә­не операторға нөмірді баяндау керек. Бұл қызмет тегін жүзеге асырылады. Сонымен қатар 1012 нөміріне түбіртек нөмірін көрсетіп, SMS хабарлама жіберіп (барлық байланыс операторына 15 теңге) те білуге мүмкіндік бар. Ал электронды нұсқада мәлімет алу үшін ҚР Бас прокуратурасы Құқық­тық статистика және арнайы

есепке алу жөніндегі комитетінің http://service.pravstat.kz сайтына кіріп, «Мемлекеттік органдарға өтініш» бөлімін таңдап, түбіртек нөмірін теру керек. Егер түбіртек алу бағытында тәртіп бұзылып, келеңсіздік орын алған жағдайда 115 нөмірі арқылы ҚР Бас прокуратурасының Саll орталығына хабарласуға болады.

Перизат ТЕМІРБЕКОВА, ҚР БП ҚСжАЕАК Орал көліктік аймағы бойынша аға прокуроры

«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі медици­ налық қызметке ақы төлеу комитетінің БҚО бойынша департаменті» ММ Орал қаласы, Достық даңғылы, 191/4 электрондық ме­кенжайы: zko_dkomy@mail.ru 2014 жылға республикалық бюджет есебінен қар­ жыландырылатын босап шыққан қаржы бойынша тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін (бұдан әрі – қызмет) көрсету бойынша қызметтер берушіні таңдау рәсімін (бұдан әрі – рә­сім) өткізу тура­лы хабарландырады: медициналық көмектің түрлері бойынша: мамандандырылған, білікті. медициналық көмектің нысандары бойынша: стационарды алмастырушы. Қызметтер көрсетілуі тиіс: Батыс Қазақстан облыс�� аумағында. Рәсімге қатысуға арналған өтінімдер және нысандары komu.mz. gov.kz интернет-ресурсында орналасқан қоса берілген құжаттардың тізбесін әлеуетті қызметтер берушілер «Қазақстан Республикасы Ден­ саулық сақтау министрлігі Медициналық қызметке ақы төлеу комите­ тінің БҚО бойынша департаменті» ММ Орал қаласы, Достық даңғылы, 191/4 мекенжайы бойынша, №6 кабинетке ұсынады. Рәсімге қатысу үшін өтінімдерді тапсырудың соңғы мерзімі 2014 жыл 24 ақпан сағат 12.00-ге дейін. Рәсімге қатысу үшін өтінімдер сағат 15.00-де 24 ақпан 2014 жылы, мына мекенжай бойынша: Орал қаласы, Достық даң­ғылы, 191/4, №3 кабинетте қаралатын болады. Қосымша ақпаратты және анықтаманы мынадай телефон арқылы алуға болады: 8 (7112) 50-33-78.

Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледжі төмендегі бос орындарға конкурс жариялайды 1. Әлеуметтік педагог - 1 бірлік Біліктілік талаптары: жоғары білімді, еңбек өтілі 3 жылдан кем емес, мемлекеттік тілді және орыс тілін жетік білуі, компьютерде жұмыс істей білуі керек. 2. Жүйе администраторы - 1 бірлік 3. Кеңсе тіркеушісі - 1 бірлік Біліктілік талаптары: жоғары ақпараттық-техникалық білі­мі, қазақ, орыс және ағылшын тілдерін еркін меңгере білуі керек. Жұмыс өтілі 3-5 жылдан кем болмауы тиіс. 4. Оқу корпусының коменданты - 1 бірлік 5. Қоймашы - 1 бірлік Біліктілік талаптары: арнаулы орта білім, еңбек өтілі 3 жылдан кем емес.

Қажетті құжаттары: - байқауға қатысу туралы өтініші; - жеке куәлігінің көшірмесі; - жеке іс-қағазы; - еңбек кітапшасының көшірмесі; - дәрігерлік кітапшасының көшірмесі; - білімі туралы құжат, СТН, ӘЖК.

орай сағына еске аламыз.

Бар саналы ғұмы­ рын ұстаздыққа арна­ ған Тайпақ өңірінің қа­дірлі азаматы, Орал қаласының тұрғыны бол­ ған асыл жар, аяулы әке Махмет Жәрдемұлы Айсаның дүниеден оз­ ғанына 5 жыл болуына

Барша жанға тек жақсылық тіледің, Мейірімнен жаралған-ды жүрегің. Ұмытылмас үлгі-өнеге, ақылың, Жәннаттың төрінде иман болсын жолдасың.

Еске алушылар: зайыбы Жаңыл, балакеліндері, қыз-күйеу балалары Ақжайық ауданы Базаршолан ауылының тұрғыны болған сүйік­ті әкеміз Серік Айтқа­ лиұлы Мурадимов тірі болса, 18 ақпанда 60 жасқа толар еді. Осы­ ған орай қимастықпен, сағынышпен еске аламыз. Асқарлы әке, аяулы әке, асыл арман, Сағыныш сізге деген басылар ма?! Көз жұмдың, дүниеден өттің ерте, Тағдырдың жазғанына шара бар ма?

Жаңақала ауданы­ ның тұрғыны болған аяулы әкеміз Нұрым Жұбантаевты сағы­ нышпен еске аламыз. Егер ортамызда болса, ақпанның 7-де 74 жасқа толар еді. Сұм ажал ақылшымыз, немере-жиендерінің сүйікті аталарын ортамыздан 1 жыл бұрын алып кетті. Ақылшымыз, аяулымыз, жан әке Жоқсыз өзін ортамызда бүгінде Сағынышпен еске алып өзіңді Құран арнап, еске алу келетіні қолымыздан тек енді. Әкеміздің топырағы торқа, жаны жәннатта болсын. Мәңгілік есімізде, жүрегімізде сақтаймыз.

Еске алушылар: зайыбы Жамиға, қыз-күйеу балалары, бала-келіндері, немере-жиендері Орал қаласының тұр­ғыны болған асыл жар, сүйікті әке, ата Ерген Кидашев егер де орта­мызда болса, 16 ақпан күні 55 жасқа толар еді. Осыған орай сағыныш­ пен еске аламыз. Желеп-жебеп жата бер ұрпағыңды, Есіркеп жан жарыңды, гүл бағыңды. Жоқтаушы ұл-қыз, жиен-немерелер Ардақтап өтер әр кез тұлғаңызды.

Еске алушылар: балалары Гүлбаршын, Ардақ, Жаңылсын-Ринат, жиені Ердәулет

Қаратөбе ауданы Мұхит ауылының тұр­ғыны болған аяулы әкеміз Ғайса Тастай­ ұлы Тастаевтың өмір­ ден озғанына 1 жыл болды. Өмір неткен алдамшы еді, Бір жыл өтті-ау сіз өмірден өткелі. Әр кез сізді сағынышпен еске алып, Көзден жас, көңілден мұң кетпеді.

Еске алушылар: зайыбы Ұлжан, бала-келіні Еркін-Анар, қыз-күйеу баласы Толқын-Нұрбек, немере-жиендері Сырым ауданы Өлең­ті ауылының тұрғыны болған бірімізге адал жар, бірімізге сүйікті әке Хамидолла Темір­хан­ ұлы Қуанышқалиев­тің бақилық болғаны­на 16 ақпанда 1 жыл болады.

Топырағы торқа, жатқан жері жәннаттың төрі болғай. Әкеміздің еске алу асы 28 ақпанда сағат 12.00-де Мұхит ауылында өтеді.

Сағына еске алушылар: зайыбы Катя, бала-келіндері, қыз-күйеу балалары, немере-жиендері

Газетке хабарландыру шыққан соң 15 күнтізбелік күн ішінде құжаттар мына мекенжайда қабылданады: Орал қ., Достық даңғылы, 173-үй, тел./факс: 510681, эл.пошта pedcollezh@mail.ru

«Адилов Т.Б» ЖК (СТН 271110095123, куәліктің сериясы 07915 №0001669, 22.04.2010 ж.) өз жұмысын тоқтатқандығын хабарлайды.

7

Әкетай, сағынамыз, сағынамыз, Қара жерге қия алмай қамығамыз. Өзгеше қолдан келер ештеңе жоқ, Амал жоқ, сұм тағдырға бағынамыз.

Сағына еске алушылар: зайыбы Назым, қыз-күйеу балалары Гүлжансұлу, ТілекНұргүл, Фархат-Инабат, жиендері Али, Асет, Алинұр, Шұғыла, Амир

“ҚазИИТУ” ғылыми-білім кешенінің әкімшілігі мен ұжымы әріптесіміз Қарлығаш Мәлікқызы Сабиро­ваға жолдасы Әділбек Исламғалиұлы Сабировтың мезгілсіз қайтыс болуына байланысты орны толмас қайғысына ортақтасып, көңіл айтамыз.

«ОРАЛ ӨҢІРІ» Батыс Қазақстан облыстық қоғамдық-саяси газеті. 090000, Орал қаласы, Мұхит көшесі, 57/1. Е-mаіl: оral_oniri@inbox.ru Меншік иесі: «Жайық Пресс» ЖШС Бас директор

Жантас Набиоллаұлы САФУЛЛИН

Бас редактор Бауыржан ҒҰБАЙДУЛЛИН Редакция алқасы: Есенжол Қыстаубаев, Сырымбек Тұяқов (бас редактордың орын­ба­са­р­лары), Жаннат ЕСПОЛАЕВА (жауапты хатшы), Тоқтар КЕНЖЕҒАЛИЕВ (қоғамдық-саяси бөлім), Қазбек ҚАБЖАНОВ (арнайы тілші), Сәкен ӘБІЛХАЛЫҚОВ (экономика бөлімі), Нұрлыбек РАХМАНОВ (гуманитарлық бөлім). Меншікті тілшілер: Тілес ЖАЗЫҚБАЙ (Ақжайық ауданы) Нұрымбек Жапақов (Жәнібек ауданы) Өмірзақ Ақбасов (Жаңақала ауданы) Серік Жұмағалиев (Қазталов ауданы) Мүсірбек Айташев (Сырым ауданы)

8-711-42-21-720, 8-711-35-21-770, 8-711-41-21-755, 8-711-44-31-468, 8-711-34-31-126

Телефондар: Бас редактор 51-25-80, Бас редактордың орынбасарлары 24-17-08, 51-18-08

Жауапты хатшы 50-83-99. Жарнама қабылдау тел/факс: 51-51-09; Бухгалтерия 50-63-99.

Газет ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінде 2006 жылғы 4 мамырда тіркеліп, №7201-г куәлігі берілген

Е-mail: zhaikpress@inbox.ru Қолжазбаларға пiкiр айтылмайды және пай­­да­ла­ныл­маған хат автор­ларына жауап қай­та­рыл­май­ды. Деректердің дәлдiгi үшiн автор жауап­ты. Жарияланым авторларының пiкiрлерi ре­дак­ция көз­­қара­сын бiл­дiр­мейдi. Редакция тап­­сы­ры­сы­мен ­жа­зыл­ма­ған мате­риал­дар үшін қаламақы тө­лен­бейді. «Орал өңірінде» жа­рия­­лан­ған материалдарды сілтемесіз көшіріп ба­ су­ға бол­­май­­ды. Мақалалар электрондық нұсқада қабыл­да­на­ ды. Ж белгісімен жарияланған материалдар ақылы болып есептеледі.

Газет облыстық «Орал өңірі» га­зе­тi редакциясының компью­тер­­лiк орталығында терiлiп, бет­­тел­­дi. "Жайық Пресс" ЖШС баспаханасында басылды Индексі: 65428 Таралымы: 16438, 2 баспа табақ. Газет аптасына үш рет шығады. Корректорлар: Н.СҰЛТАНОВА, Д.шанкишева, ж.жайлауова Кезекшi редактор: қ.қабжанов


8

керуен сарай Cейсенбі, 18 ақпан 2014 жыл

Облыс әкімдігінің ұйытқы болуымен облысымызда интернационалистжауынгерлердің ерлігіне тағзым шаралары ұйымдастырылуда. Жеңіс алаңында Ұлы Отан және ауған соғысында қаза болған жауынгерлердің ескерткіштеріне гүл шоқтары қойылып, қалалық бейітте жерленген интернационалистжауынгерлердің қабірінің басына тағзым етіліп, еске алу рәсімдері өткізілді.

oral_oniri@inbox.ru

Алғыс Ұлдарымыздың ерлік жолдарын, оларды есте қалдыру ша­ ралары ата-аналар үшін маңыз­ды. Сонымен қатар жергілікті атқа­рушы билік тарапынан біздерге, яғни ата-аналар мен же­ сірлерге үнемі қаржылай көмек беріліп, көзі тірі ауған соғысы ардагерлеріне құрмет көрсеті­ ліп отыр. Сонымен қатар Жеңіс алаңынан соғыстан оралмаған ұлдары­мыз­ға арналған ескерт­кіш тұрғызу жоспарланып отыр. Жыл сайын мемлекеттік және арнайы қарастырылған төлем­ ақылардың мөлшері көбейіп ке­­леді. Бұл ерлікке құрмет деп білеміз.

Құттықтаймыз!

Құрметті облыс әкімі Нұрлан Асқарұлы және «Ауған соғысы­ның мүгедектері мен ардагерлері» БҚО қоғамдық бірлестігінің төрағасы Тахир Зарипұлы, ауған соғысында қаза тапқан жауын­ герлердің ата-аналары мен жесірлері атынан сіздердің көрсетіп отырған әлеуметтік көмектерініз бен қолдауларынызға шексіз ал­ ғысымызды білдіреміз.

Игі тілекпен: жауынгеринтернационалист Тілекқабыл Суханқұловтың әкесі Ғабдұлғазіз СУХАНҚҰЛОВ

Денис Теннің жүлдесі Сочиде өтіп жатқан қысқы олимпиада ойындарында қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен қола жүлдеге қол жеткізді.

Қысқа бағдарламада 84,06 ұпай­мен тоғызыншы орынға тұ­ рақтаған жерлесіміз жұма күні ерледі. Еркін бағдарламада он екі үздік мәнерлеп сырғанаушының арасынан алғашқы болып айдын­ ға шыққан Денис сәл селкеулік жібергені болмаса, негізінен таза да әдемі сырғанай білді. Сөйтіп ол бұл жолы 171,04 ұпай жинап, жалпы есепте 255,10 балмен бірден жоғары көтерілді. Д.Теннен кейін өнер көрсеткендердің бә­рі қателесіп жатты. Тіпті жарыс қорытындысында 280,09 балмен олимпиада чемпионы атанған жапондық Юдзуру Ханю да екі мәрте «жер иіскеп» тұрды. Оның бұл сәтсіздігін канадалық, тегі қытайлық Патрик Чан да пайдалана алмай, мүлт кетті. Сөйтіп оған (көрсеткіші – 275,62) күміс жүлде бұйырды. Оларды қысқа бағдарламадан кейінгі ұпай айырмашылығы мен комбина­ цияларының күрделілігі ғана құт­ қарды. Алғашқы күні он тоғыз жасар жапондық 101,45 балл жинап, әлемдік рекорд орнатса, Патрик Чан 97,52 ұпайға қол жет­кізген еді. Егер қысқа бағдар­ла­ мада Денис Тен құлап қалып, қа­

15-16 ақпан күндері допты хоккейден жоғары ли��а командалары арасында Ресей чемпионатында Оралдың «Ақжайығы» өз алаңында екінші топта көш бастап келе жатқан «СКА-Свердловск» (Екатеринбург) командасын қабылдады.

Орал қаласының тұрғыны, сүйікті ана­мыз Набия Ахметқызы Бекмағамбе­ тованы мерейлі 60 жасымен шын жү­ ректен құттықтаймыз! Құтты болсын 60 деген жасыңыз, Аман болсын әрқашан да басыңыз. Бейнет көрмей қызығы мол өмірде, Әлі талай асулардан асыңыз.

Құттықтаушылар: жұбайыңыз Марат, балаларыңыз Жаннат, Талғат-Айнұр, Мақсат-Гүлфара, Бекзат-Жанат, немерелеріңіз Құрметті Лаура Оразқызы Джарылғасова! Сізді мерейлі 50 жасыңызбен шын жү­ ректен құттықтаймыз! Құтты болсын 50 деген жасыңыз, Қуаныштың кемелінен тасыңыз. Әр күн сайын кенеліңіз бақытқа, Шаңырағыңыз тола берсін шаттыққа.

Игі тілекпен: Подстепный №1 жалпы орта білім беретін мектебі, бастауыш сынып ұжымы Әділбек МАРАТҰЛЫ! Сені 25 жас – мүшел жасыңмен құттық­ таймыз! Деніңе саулық, жемісті еңбек, бақытты шаңырақ иесі болуыңа тілек білдіре отырып, төмендегі өлең шумақтарын жолдаймыз: Көтеріп тұрып құлатады өмір, Күлдіріп тұрып жылатады өмір. Етегің толып еңіреген кезде Қайтадан жұбатады өзі өмір. Үмітіңді үзіп, түңіле көрме, Құлап та барып, гүл атады өмір. Үп еткен желге дірілдей берме, Шыдамдылықты ұнатады өмір. Өмірің өкіндірмесін, арманың алдамасын!

Игі тілекпен: әкеңіз Марат, анаңыз Ақтоты, апаларыңыз Аэлита, Лаура, жездеңіз Жастілек, жиендеріңіз Аминат, Қарақат телеспегенде (балы – 84,06), бірден ұзап кеткен алдыңғы екеуге жақындай түсер еді. Дегенмен қола медальдің өзі – үлкен жетіс­ тік. Оның үстіне бұл Қазақстан үшін алғашқы жүлде еді. Айта кетейік, мәнерлеп сырғанаудан ерлер арасында алдыңғы үштік­ ке тек Азиядан шыққандар ілікті. Ел намысын қорғаған тағы бір қа­ зақстандық Абзал Рахымғалиев 22-інші орыннан көрінді. Олимпиада жүлдегерлеріне Қазақ елі қомақты сыйақы белгілегені мәлім. Басқа марапат өз алдына, Д.Тенге 75 мың АҚШ доллары бе­ рілетін болады. Жиырма жастағы Денистің бұ­дан да биік асуға көтерілуге мүмкіндігі бар. Американдық

бап­кері Фрэнк Кэррол оны ал­да­ ғы жарыстарға баптауға ниетті. Осыған дейін Канада, Ресей си­яқ­ты алпауыт елдер аттай қалап, қолқа салғанда, Қазақстанның туы астында ғана өнер көрсетуді абырой санаған алтын жігітке алғыстан басқа айтарымыз жоқ. 2013 жылы әлем чемпионатының күміс жүлдегері, жетінші қысқы Азия ойындарының жеңімпазы, Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері атанып үлгерген Денис Тен, бұйырса, келесі олимпиада ойындарына да қатысары хақ. Ал келесі дүниежүзілік дода 2018 жылы Денистің қандаста­ рының елі – Оңтүстік Кореяда өтеді.

Ғайса БӘЙМЕН

«Ақжайық» алтыншы орында Бірінші кездесуде қонақтар 7:3 есебімен жеңіске жетті «Ақ­жайық­тан» Арыстан Қазыбаев, Дмит­рий Кармак, Сұлтан Қадыр­­жанов мерген­дік танытты. Екін­ші матч та 10:4 есебімен «СКА-Сверд­ ловскінің» пайда­сына ше­шілді. Бұл жолы айдын иелерінен Ес­-

кендір Нұғманов екі, Дмитрий Кармак пен Қуаныш Темірәлин бір-бір доптың ав­торы атанды. Соңғы кезде ойыны әбден қо­ жыраған «Ақжайық» екінші топта ал­тыншы орында келеді.

Арман БОЛАТҰЛЫ

М.Оңдағановқа үкім шықты

БҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Ақгүл Қарасаева облыстық спорт және дене шынықтыру басқармасының бұрынғы басшысы Мүсілім Оңдағанов пен оның бұрынғы үш әріптесіне қатысты үкім шығарды. Соттың үкімімен ұйымдасқан қылмыстық топ құрамында ірі кө­лемдегі бюджет қар­жысын қым­ қырды деп айыпталған Мү­сі­лім Оңдағанов 12 жылға, Меңдіхан Жә­кенов 11 жылға, Қоныс Жетпісов пен Тұрарбек Бек­арыстанов 8 жыл­ға бас бостандығы­нан айы­рылды. Олар жазаларын қатаң ре­жим­де­-

гі колонияда өтейтін болды және дүние-мүліктері тәркіленеді. Айыпталушылардың адвокаттары шыға­рылған үкіммен келіспейтіндігін және заң­мен белгіленген мерзім ішінде апелляция­лық шағым түсіретіндігін айтты.

Біздің газетіміздегі жарнамаңыз – сіздің табысыңыз. Тел: 51-51-09

Өз тілшіміз


Орал Өнiрi №20