Issuu on Google+

Орал өңірі ОБЛЫСТЫҚ Қоғамдық-саяси газет

-7 С - 15 С 0

0

Сейсенбі, 7 қаңтар 2014 жыл №1 (19920)

www.zhaikpress.kz

Газет 1918 жылғы 17 қарашадан шығып келеді. 1968 жылы "Құрмет Белгісі" орденімен марапатталған

oral_oniri@inbox.ru

Арғымақ мінер

ақпарат

ұл қайда!? Төтенше жағдай сейілді әлеумет

5 Қысқа-нұсқа

.

Жаңа жыл басынан бері облыстық перзентханада 70 сәби дүниеге келген. Оның 28-і – қыз, 42-сі – ұл бала. Нәрестелердің екеуі егіз. Дәрігерлердің айтуынша, аналар мен сә­ билердің денсаулығы жақсы.

.

Ақжайық ауданының 7 ауылдық окру­ гінде ұл-қыздарды ат-шанамен серуендету ұйымдастырылды. Табиғат аясында қыдыру, хоккей ойыны жер-жерде балаларға көте­рің­кі көңіл күй сыйлауда. Аудан орталығы Чапаевта балалар шығармашылығы орталығы үйір­ме мүшелеріне және басқа балаларға арнап табиғат аясында спорттық шаралар өткізді.

.

ҚМДБ-ның БҚО бойынша өкілі имамы Руслан Сұлтанов облыстық, қалалық ме­ шіттердің ұстаздары мен шәкірттеріне діни білім беру сапасы жөнінде кеңес өткізді. Облыс бойынша діни сауат ашу курстарында 148 шәкірт білім алып жүрсе, оның 27-сі - бойжеткендер.

.

Жуырда Теректі ауданының Аңқаты ауылында орналасқан мәдениет үйі күрделі

жөндеуден өтіп, пайдалануға тапсырылды. Салтанатты рәсімге қатысқан Теректі ау­данының әкімі Жеңіс Серікқалиұлы жұрт­ шылықты құттықтап, құрылысты қарқынды жүр­гізген мердігер Батырғали Иманғалиевке ауыл тұрғындары атынан ризашылығын жеткізді.

.

Бөкей ордасы ауданының орталығы Сайқында тағы бір кәсіпкерлік нысан ашылды. Ерлі-зайыпты Бердібек пен Гүлбаршын Мақсотовтар өз қаражаттарына монша ашты.

.

«Қазпоштаның» Ақжайық аудандық байланыс торабы мектеп оқушылары арасында ұйымдастырған «Аяз атаға хат» атты конкурстың қорытындысын шығарды. Осы байланыс торабының басшысы Тұрдығали Ақсеев ауданның, әсіресе, Ілбішін (Ақжол ауылдық округі), Шабдаржап және Томпақ (Тайпақ ауылдық округі) ауылдарынан 22 ұлқыздың белсенділігін айрықша атап өтіп, олар­мен мектептеріне барып жүздесті. Өз тілшілеріміз

Баянды істерге бас­ таған бағдарлама

2

4

Данабектің үш алтыны Жуырда Астана қаласында ҚР кубогы үшін өткен жарыстан БҚО құрамасы олжалы оралды.

Ш

орт-трек бапкері Мак­сим Лозовойдың хабар­ лағанындай, Астана, Алматы қа­лалары, Қарағанды, Қостанай облыстарының спортшыларымен қатар аталмыш турнирге Батыс Қазақстаннан 12 шорттрекші (8 ер, 4 қыз) қатысты. БҚО құрамасынан, әсіресе, Да­набек Қайыров үздік өнер көр­сетіп, 500, 1000 және 1500 метр қашықтықта бірінші орынды жеңіп алды. Сондай-ақ Нұрті­лек Қажығали 3 мың метр, Ғалия Жұмағазиева 500 метр қа­шық­ тықта екінші орынды иеленді. Эстафеталық сында құрамында

Данабек Қайыров, Нұртілек Қа­жығали, Айдос Құлмұрзиев, Ерхат Құбашев бар ерлер және қыздар (Жанерке Қадимова, Ға­ лия Жұмағазиева, Нұржанар Жұ­ мағалиева, Александра Сумен­ кова) төрттігі күміс жүлдегер атанды. Жалпы, Оралда шорт-трек спорты жақсы дамыған. Алда­ ғы ақпан айында өтетін Сочи олимпиадасына батысқазақ­­стан­ дық алты бірдей шорттрекші қатысатыны белгілі. Олар қазір жылдың ең басты жарысына дайындалуда.

Ғайса БӘЙМЕН


2

АҚПАРАТ Сейсенбі, 7 қаңтар 2014 жыл

oral_oniri@inbox.ru

Жаңа жылмен құттықтады Айша ӨТЕБӘЛІ, «Орал өңірі» Батысқазақстандықтар Жаңа жылды биыл да кө­ ңілді қарсы алды. Кешке қа­рай қаланың көркем бе­зен­дірілген орталық ала­ ңы­на жиналған жұрт жергі­ лікті өнерпаздар даярлаған мерекелік ән-думанды тама­ шалады.

Жаңа жыл қарсаңында ауа температурасының төмендеп, ылғалдылықтың жоғарылауынан облысы­ мыздың аудандарында электр жарығы өшкендігі белгілі. Соған орай 29 жел­тоқсаннан 2 қаңтар ара­лы­ ғында өңірімізде төтенше жағдай жарияланды.

Сәкен ӘБІЛХАЛЫҚОВ, «Орал өңірі»

– Бұл оқиға электр желілеріне мұз қатуына байланысты барлық ауданда орын алды. 160 мың або­нентіміздің 7-8 пайыздайы жа­ рық­сыз қалды. Апатты жоюға ау­ дандардағы бөлімшелердің 48 жә­не қаладан барған 5 бригада өз үлестерін қосты. Сондай-ақ «Жа­йықжылуқуат» АҚ, БҚО ТЖД және жергілікті халықтан көп адам мен техника жұмылдырылды. Бұл бригададағы көптеген жігіттер­дің Жаңа жылды далада қарсы ал­ғанын да айта кетейін. Сол жігіт­ тердің еңбектері арқасында бі­ раз ауылға жарық барынша ерте қосылды. Қазір Сырым ауданының Ақырап және Теректі ауданының Қарабас елді мекендерінде ғана жарық жоқ. Көп кешікпей оларға жарық барады. Ауа райының то­сын мінезінен көптеген электр ба­ға­ны да жарамсыз болды. Бүгін­гі таңда 100-ге жуық бағана жаңар­ тылды. Алдын ала есептеулер бо­йынша 50 млн. теңгеден астам шығын келді, – дейді «Батыс Қазақ­ стан электр желісін таратушы ком­паниясы» АҚ директорының орынбасары, бас инженер Марат Жұмағалиев. Қазталов ауданының 14 елді мекеніндегі 5,8 мың тұрғын Жаңа жылды жарықсыз қарсы ал­ды. 28-31 желтоқсан аралығындағы ауа райының қолайсызды­ғы­нан 16 ауыл­дық округ электр жарығын­ сыз қалды. Осы жағдайға байланысты аудан әкімдігі жанынан тө­тенше жағдайға байланысты ар­ найы комиссия құрылып, апатты жағдайды түзеу бағытында тиіс­

М

әдениет қызметкер­ле­рі түр­лі ұлттың әнін шыр­қап, биін биледі. Сонымен қатар олар ертегі әле­мі­не де саяхат жасап, жаңажыл­­ дық кешті қызықтауға келген бал­ дыр­ғандарға тамаша тарту жа­сады. Жаңажылдық кеште тамаша өнер көрсеткендерді жинал­ ған жұрт анықтап, оларға ұйым­дастырушылар тарапынан сыйсияпат тарту етілді. Көңілді кеш­ке облыс әкімі Нұрлан Ноғаев арнайы келіп, облыс тұрғындарын Жа­ңа жылмен құттықтап, былай деді: – Міне, бүгін тарих қойнауына

тағы бір жыл енгелі тұр. Өткен жыл барша қазақстандықтар, оның ішінде ба­тысқазақстандықтар үшін де үлкен жетістіктерге толы жыл бол­­­ды. Жылан жылында елі­міздің экономикасын дамы­туға бағыт­ талған көптеген бағдарла­ма­лар жү­зеге асырылып, Елбасы тапсыр­ масын толықтай орындауға қол жеткіздік. Нәтижесінде Қазақ елі халықаралық аренада өз орнын ойып тұрып алды. Осының бәрі Елбасының салиқалы сая­са­ты мен халықтың бірлігі, ын­ты­­мақ­тас­­­ты­ғының нәтижесінде мүм­кін бол­ ды. Алдағы жылы да ынтымақ­­ тастықпен еңбек етіп, биыл­ғы­дан да мол жетістікке қол жеткізейік. Міне, жаңа Жылқы жылы да келіп қалды. Жаңа жыл бар­шаңызға мол­ шылық, ырыс әкел­сін. Бар­ша­ңызға бақыт тілеймін! Алаңда мерекелік шара одан әрі жалғасты. Суретті түсірген Александр КУПРИЕНКО

Төтенше жағдай сейілді ті жұмыстар жүргізілді. «Үзілген электр желілерін жөңдеу үшін Жалпақтал аймағында 5 брига­да, Қазталов аймағында 6 бригада ұйымдастырылып, түрлі техника­ лармен жұмыстар күні-түні жүр­ гізілді. Әлеуметтік нысандар мектеп, аурухана, балабақшаларға электр моторлары кезекшілікке қойылды, - дейді Қазталов ауданы әкімінің орынбасары Нұретдин Құтхожин. - Мәселен, 29 желтоқ­сан күні Жалпақтал ауруханасын­ дағы электр моторы істен шықты. Соған орай облыстық клиника­лық аурухана электр моторын жіберді. Қазір ауданымызда электр жарығы үзіліссіз берілуде». Зеленов ауданындағы 18 елді ме­кеннің тұрғындары да (1089 тұ­ тынушы) Жаңа жылды электр жа­­рығынсыз қарсы алуға мәжбүр болды. Мұнда жарықтың сөнуі 29 желтоқсанда басталды. Бұл кү­ні аудандағы Озерное, Забродин ауыл­дарындағы 75 тұтынушы­ның жарықсыз қалғаны анықталды. Келесі күні көтерілген қалың тұ­ман­ның салдарынан ауаның ыл­ғал­дылығы 96%-ға жетіп, соның салдарынан 28 елді мекендегі 3562 тұтынушы электр жарығы­ нан біржола қол үзіп қалды. Қол­даныстағы техниканың барлы­ғы жұмылдырылып, мамандар аяқ­тарынан тік тұрып жұмыстан­ғаны­ мен, болмады. Аудандық төтен­ше жағдайлар бөлімінің басшысы, өртке қарсы қызмет подполковнигі Р.Рахметовтің мәлімдеуінше, төтенше жағдайдың зардабын жою­­­ға 27 техника, 123 адам күші жұ­­мылдырылған. Орын алған тө­ тенше жағдайдан шығын тіркел­ген жоқ. Теректі ауданындағы Төңкеріс, Шаған, Алғабас, Шөптікөл ауыл­ да­рының 800-ге тарта тұрғыны 31 желтоқсаннан бастап 3 қаңтар­ ға дейін, яғни төрт күн бойы жа­ рықсыз отырды. Қаратөбе ауданының Егіндікөл, Қоскөл және Сулыкөл ауылдық ок­ руг­терінде мейрам қарсаңында сөнген жарық 5 қаңтарда қосыл­ ды. Шыңғырлау ауданының Лу-

бен ауылы мен Қаратөбе ауданы­ның Егіндікөл ауылы аралығын­ дағы 35 кВт әуе желілеріне тұр­ған мұздақтан болған қысқа тұ­йық­ талудан Егіндікөл, Қоскөл ауыл­­ дық округтеріндегі 10 кВт әуе желісі сыр берді. Сулыкөл ауыл­ дық округіндегі Батпақкөл мен Төленкөл елді мекендерінде­гі жа­рықты қосу жұмыстары да бі­ раз қиындық туғызды. Аудандық электр торабы мекемесінің басшысы Хасанғали Мырзагерей­дің мә­лімдеуінше, Жымпиты-Қаратө­бе бағытындағы жоғары желі­лі 110 кВт әуе желісінің істен шы­ ғуы­нан электр жарығы Қаратө­бе ауданының кейбір елді мекендері мен аудан орталығында желтоқ­ сан­ның 29-ы күні сөніп, 30-ы күні қайта қосылған. Бөкей ордасы ауданындағы 900 үй, яғни Саралжын, Т.Масин, Ұялы ауылдық округтерінің тұрғын­да­ры Жылқы жылын май шаммен қарсы алуға мәжбүр болды. Жа­ рық 28 желтоқсанда өшіп, 1 қаңтар күні жанды. «Бұл ауылдық округтер­де жарықтың өшуіне Талдыапан жақтағы электр желісінің үзі­ луі себеп болды, - дейді Бөкей ордасы ауданы әкімінің орынбасары Рүстем Зұлқашев. - 31 желтоқсан күні жарық жанып, қайта сөнді. Ертеңіне істен шыққан желілер жөнделіп, бәрі қалпына келді. Ал Мұратсай ауылдық округіне қа­­расты Тайқара елді мекеніне жа­ рық 2 қаңтарда келді. Себебі бұл ауыл электр жарығын Жәнібек арқылы алып отыр. Дегенмен де жарық өшкен барлық ауылдарда әлеуметтік нысандар электр бекеті арқылы жұмысын жасап, Жа­ңа жыл мерекесін тойлады. Қазір біз тө­тенше жағдайлар департа­­ менті арқылы түрлі деңгейдегі 166 бағанға, 12 электр бекетіне (оның бесеуі денсаулық, қалғаны білім мекемелеріне) тапсырыс бердік». Ал Жәнібекте тек Қамысты ауы­ лының тұрғындары Жаңа жылда жа­рықсыз отырды. Жәнібек ау­­дан­ дық электр торабының басшы­сы Мержан Қабидың айтуынша, 28 желтоқсан күні аталмыш ауыл-

дан бөлек, Тау, Ұзынкөл, Ақоба, Жасқайрат ауылдық округтерінде жарық сөнді. Ол сол бойда көрші Ресейдегі өзінің әріптестерінен көмек сұраған. Соған орай Волгоград, Волжск және Тамбов қала­ ларынан жоғары вольтты электр желілер жөндейтін мамандар техникаларымен келіп, орын алған ол­қылықтарды жөндеді. Сөйтіп, 30-31 желтоқсанда бәрі қалпына келді. Жаңақала ауданындағы Жаңа­қазан ауылдық округінің тұрғын­ дары Жылқы жылын жарықсыз қарсылады. Оған қалың түскен қы­­раудың салдарынан Чапаев пен Талдықұдық арасындағы апат­ты жағдайлар себеп болған сы­ ңайлы. Ақжайық ауданында Қурай­лы­ сай, Алғабас ауылдық округте­рі және Жаңабұлақ ауылының тұр­ғындары да Жаңа жылды керосин шаммен қарсы алды. Бұл ауылдарда 28 желтоқсанда өшкен жа­ рық 1 қаңтарда берілді. Жөндеу бригадалары іске кіріскенге де­йін көршілес Қабыршақты және Жамбыл ауылдық округтерінің бі­ раз азаматы қолдарына шыбық пен құрық алып, барлығы 30 кило­метр желінің қырауын қағып шық­ты. Әлеуметтік сала ғимаратта­­рын­да жылу құбырларының суы қатып қалмауы үшін және мерекелік шараларды өткізу үшін электр моторлары іске қосылды. Сырым ауданында да 29-30 желтоқ­сан күндері электр қуаты бол­ған жоқ. Ауданның барлық ауы­лы жа­рықсыз қалды. Бұл ты­ ғы­рықтан шығудың оңтайлы жолын іздес­тірген аудан басшылары 35 кВт электр желісін Шыңғырлау ауданының Қарағаш ауылынан, 110 кВт электр желісін Қаратөбе ауданынан қосқанмен де, мұздақ­тар­дың кесірінен сымдар үзі­ліп, жағдай өзгермеді. Соған қарамас­ тан ау­данға қарасты әлеуметтік ны­сан­дар­дың қалыпты деңгейде жұ­­мыс істеулері үшін қосымша тұрған 24 электр стансасы әр­бір ауыл­­дық округке орнатылып, ау­ дан ор­талығындағы ауруханаға

75 кВт электр стансасы және тұрғындарға ауыз су жіберетін «Даниль» нүктесіне электр стансасы орнатылды. Облыс орталы­ғынан келген арнайы бригада же­­лілер мен бағандарға тиісті жөн­ деулер жүргізіп, 31 желтоқ­сан­да Елтай ауылдық округінің Алатау, Талдыбұлақ ауылдық округі­ нің Қазақстан, Алғабас ауылдық округінің Ақырап ауылдарынан бас­қасына жарық берілді. Қазір Қазақстан мен Ақырап ауылда­ рында жөндеу жұмыстары жү­ руде. Ал Тасқала ауданында жарық­ тың сөнуі 26 желтоқсан күні кешкілік тіркелді. Тасқала аудандық электр торабының басшысы Қа­ли Машановтың айтуынша, құра­ мында 30-дың үстінде мүшесі бар 11 бригада ақауды қалпына кел­тіруге шұғыл аттанған. Деген­мен қыраудың қалыңдығы сонша, ше­берлер қанша тырысқанымен ырық бермей, жамауы сөгілген тоқ желісі оларды біраз әуреге салған екен. 27-31 желтоқсан ара­ лығында ауылдық округ пен елді мекенді айтпағанда, аудан орта­лығы­ның өзінде жарықтың жан­ға­ нынан сөнгені көп болды. 31 жел­тоқсан күні кешкілік аудан орта­ лығына, дәл сол күні сағат 23.00 шамасында ауылдық округтерге жарық берілді. І Шежін, Өркен, Ай­набұлақ, Ынтымақ, Кеңжайлау, Бірлік, Жігер, Ермольчев ауылдарының тұрғындары Жаңа жыл мерекесін балауыз шаммен қарсылады. Олар 2 қаңтардан бастап электр жарығын тұтына бастады.


ҚОҒАМ oral_oniri@inbox.ru

Сейсенбі, 7 қаңтар 2014 жыл

«Тағы да 200 фермерлік шаруашылық құруымыз қажет» Ежелден мал өсіріп, егін баптаған ақжайықтықтар үшін өткен жылдың да көңіл көншітетін ырысы баршылық. Десек те, жыл он екі ай шаруасын күйттеп, дамылдауды білмейтін ауылдағы ағайынның былтырғы жылда жеткен табысы қандай? Әсіресе, қырда ен жайлауды иесіз тастамай, түліктерін түлеткен малшы ағайынның жағдайы қалай, мал шаруашылығында қандай жетістікке жетті, түлігіне түлік ілесті ме, осы сұрақтарды облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы мал шаруашылығы бөлімінің бастығы Исмадияр Жұмабаевқа жолдап, әңгімеге тарттық.

- Облыстағы мал санына келе­ тін болсақ, өткен жылғы қараша­ ның 1 жұлдызындағы мәліметке сүйеніп, ірі қарадан бастасақ, ол 434,5 мың басты құрап отыр. Ал­ дыңғы жылдың осы кезеңімен са­­ лыстыра қарасақ, өсім 6,6 пайыз­ды құрайды. Осының ішінде сиыр 182,2 мыңға жеткен (113,2 па­йыз). Ал қой мен ешкі тиісінше 843,6 мың және 193,2 мың бас. Жылқы жарықтықтың басы да жылданжылға көбейіп келеді - 101,7 мың басты құрап, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 16,2 пайызға өскен. Тағы бір нобайы көбейген жануар талпақ танау, ол бүгінде 27,3 мың басқа (117,2 пайыз) жеткен. 1023,3 мың басқа жеткен құстың санында да өсім бар. Тек ойсыл қараның тұқымы ғана алдыңғы жылғы нобайымен салыстарғанда 173 басқа кеміп кеткен.

өндірілді. Сауылған сүт 203,5 мың тоннаны құрады. Жұмыртқа өндіру сәл-пәл кеміп кетті.

- Түйенің басы неліктен кеміп кеткенінің нақты себебін айта аласыз ба?

- Облыстағы асыл тұқымды мал шаруашылығының жәйкүйінен де әңгімелей отыр­ саңыз...

- Айтайын. Басты себебі - оған сұраныстың көптігі. Соңғы кезде қазақтың шаруақор азаматтары ойсыл қараға бет бұра бастағаны байқалады. Бұған қуануымыз керек. Біздің өңірден бұл түлікті көрші жатқан Атырау, Маңқыс­тау облыстарынан жиі саудалайды. Тірілей сатып алып кетіп жатыр. Соның әсері ғой. Мен енді оқырмандарға тү­ сінікті болуы үшін жоғарыдағы түліктердің саны түйеден бас­ қасының қаншалықты өскенін нақты сандармен айта кетсем. 2012 жылдың он айымен са­ лыстырғанда ірі қара 26,9 мың­ ға (соның ішінде сиырлар 21,2 мыңға), жылқы 14,1 мыңға, қой мен ешкі 70,6 мың басқа, құс 88,3 мыңға көбейген. Өткен жылдың он айында тірілей салмақпен 55,0 мың тонна мал және құс еті

- Түліктерден төл алуды тарқатып айтсаңыз? - Барлығы 147,7 мың бас бұзау алынды. Бұл – алдыңғы жылғы кезеңмен салыстырғанда 5,4 па­­йызға көп. Қозы да жақсы алы­­нып, 395,9 мың бас (өсім 7,1 пайыз) қосылды. Құлын 27,7 мың, (өсім 22,2 пайыз) торай 28,5 мың­ға жетті. Бұл 2013 жылғы он ай­дағы көрсеткіш қой, жылдың аяғына дейін мал басы артпаса, кемімейді, қайта ірі қара, қой мен ешкі, жылқы, шошқа саны артып, құс пен түйе алдыңғы (2012 ж.) жылғы деңгейден кем бол­­май­­­ды. Өндірілетін ет пен сүт, жұ­мырт­қа да алдыңғы жылғы дең­гейде бо­ лады деп күтілуде.

- Өңірімізде статистикалық мәліметке кірген асыл түлік өсіретін барлығы 15 шаруашылық бар. Мұның төртеуі қой өсіріп, оны жылқыны күйттеп жатса, бір шаруашылық қана түйені түлетумен шұғылданады (Бөкей ордасы ауданындағы «Хан ордасы» ЖШС). Біздегі мәлімет бойынша бұл шаруашылықтарда 30860 қой, 3617 жылқы, 323 түйе бағылып жатыр. Енді мұндағы малды 2012 жылдың осы кезеңімен салыстырсақ, қой 1100 басқа, жылқы 281 басқа, түйе 67 басқа көбейіпті. Ал ірі қара 2420 бас­ қа көбейіп, 16312 басты құрады. Соның ішінде республикалық асыл тұқымды палаталарға тір­ келгені 6589 бас, өсім - 117,4 па­ йыз.

- Жалпы, мал шаруашы­лы­ ғының алдында тұрған міндет­ тер қандай? Олардың үдесі­ нен шығу үшін не істелді және қандай қауырт шаралар қол­ға алынуда, үкімет тарапынан қандай көмек көрсетілуде? - Бүгінгі күні басты міндет – мал шаруашылығын дамыту және ірі қара етінің экспорттық әлеуе­ тін арттыру. Бұл күн тәртібінен түспейтін мақсат, мұратымыз десек, қателеспейміз. Мемлеке­тіміз мал шаруашылығына мық­тап кө­ңіл бөліп отыр, бұл, әсір­есе, соң­ғы 2-3 жылда ерек­ше сезіліп тұр. Әріге бармай-ақ, өткен 2013 жылды мысалға ал­сақ, республи­ ка­лық бюджеттен біздің облыс­ тың шаруаларына 2,2 млрд. тең­ ге қар­жы бөлінді. Соның ішінде асыл тұқымды мал шаруашылы­ ғын қолдап, кө­термелеуге 962,4 млн. теңге, өндірілетін ауыл шаруашылығы өнімдерінің сапасын және өнім­ділігін арттыру­ға 1214,2 млн. тең­ге бағыттал­ды. Мұның сыртын­да облыстық бюд­жеттен тағы да сол мал шар­ уашылығына 76,1 млн. теңге қаржы бөлінді. Осы қаржының 30,0 млн. теңгесі мал­ды қолдан ұрықтандыруға ба­ғытталды. Бұл қаржы толықтай игерілді. Асыл малды ұстау көп шығынды қажет ететін жұмыс. Сол шығындарды субсидиялау үшін 46,1 млн. тең­ ге қарастырылған. Бұл қаржы өт­ кен 2013 жылдың аяғында то­лық игерілді. Мал баққан ағайынның тынысын ашуға «Сыбаға» бағ­дар­ ламасының тигізген көмегін бөле-жара айтқан дұрыс. Ол қолға алынғаннан бері 287 шаруа қожалығы 2723,1 млн. теңгеге 13573 бас аналық мал (тапсырма 8500 бас болатын), 567 асыл тұқымды бұқа сатып алған екен. Яғни тапсырма 159,7 пайызға орындалды. Әріге бармай-ақ, тек өткен жылдың он айында 81 шаруа 3367 аналық мал, 190 бас асыл тұқымды бұқа сатып алған. Сөйтіп, «Сыбағаның» өткен жылға деп межеленген жоспары 160 па­ йызға орындалды.

- Экспортқа ет шығару жә­ йіне тоқталсаңыз және ол қа­ лай жүзеге аспақ? - Ірі қара етінің экспорттық әлеуетін арттыру бағдарламасы аясында облысымыз 2015 жыл­ ға дейін шетке 5 мың тонна ет шығаруға жетісуіміз керек. Осыған орай 4 мал бордақылау алаңын іске қосу, 200 фермерлік шаруашылық және асыл тұқым­ ды жасақтаушы 5 шаруашылық құруымыз қажет. Шетелден 5,3 мың бас селекциялық асыл тұқымды ірі қара мал сатып әкелінуге тиіс. Өткен жылдың аяғы­на дейін өңірімізге 1 мың бас асыл түлік сатып алу жос­пар­лан­ ған. Оның 149 басы бұған дейін әкелінді. Шыңғырлау ауданы – 120, Бөрлі – 4, Тасқала ауданы 116 бас малды өткен жылы шетелден сатып алды. Яғни жалпы нобайы 389 бас ірі қара бүгінде Ақ Жайық өңірін жерсініп кетті. Бағдарлама аясында Зеленов және Жәнібек аудандарында 9,6 мың бас ірі қараға арналған барлық инфрақұрылымы бар мал бордақылау кешендері іске қосылды. Осы кезге дейін төрт шаруашылық 1500 басқа арнал­ ған бордақылау алаңдарының құрылысын жүргізуде. Олар Тасқалада «Арай» ШҚ (500 басқа), Сырымда «Жібек жолы» ШҚ (400 басқа), Шыңғырлауда «Бірлік» ШҚ (400 басқа), Жаңақала ауданында «Хафиз» ШҚ-да 200 басқа арна­лып салынып жатыр. - Анау 200 фермерлік шар­ уашылық қайдан шығады, қа­ лай жасақталып, малы қалай іріктеледі? - Бағана айтқан, «Сыбаға» бағдарламасы бойынша несиеге қол жеткізіп, мал сатып алған 287 шаруа бар ғой. Міне, осылардан 200 фермерлік шаруашылық құрылады деген мақсат-мұрат алда тұр. - Ендеше, іске сәт! Әңгіме­ ңізге рақмет!

Әңгімелескен Есенжол ҚЫСТАУБАЕВ

3

Сала көшбасшысы атанды Жуырда Ақжайық ауданы Тайпақ ауылындағы аудандық аурухана «Сала көшбасшысы – 2013» атағына ие болды. Осыған орай аурухананың бас дәрігері, өңірге танымал хирург Хамит Ералин Мәскеу қаласына арнайы барып қайт­ ты. Ресей Федерациясы сау­даөнеркәсіп палатасының кон­гресс орталығында өткен эко­ но­ми­ка көшбасшысы болып та­нылғандарды ресми ма­ра­ паттау шарасына Ресей, Украина, Қазақстан, Беларусь, Әзір­ байжан елдерінен жетпіс сегіз кәсіпорын қатысты. Аталмыш шара осымен он үшінші рет ұйымдастырылған. Ұлттық бизнес-рейтингтер халықаралық рейтинг­тік ода­­­ ғы­­ның қолдауымен респуб­­ли­­ ка­­лық рейтингтік бағдар­ла­­ма бо­йын­ша Қазақстан эко­но-­ ми­ка­сы­ның көшбасшы кәсіп­­орындарын ұлттық ста­тистика­ лық саралау мәліметі негізінде Тайпақ ауруханасы сала көшбасшысы болып танылса, бас дәрігер Х.Ералин «Қазақстан Даңқы» орденімен марапатталды. Бұл орден жеке тұлғаларға еңбектегі ерекше жетістіктері үшін беріледі. Сонымен қатар аурухананың невропатолог дәрігері Жанат Жанғалиева «Жыл маманы» атанса, көз дә­ рігері Гүлнәр Мәкімова «Ең­ бектегі тиімділігі үшін» медалімен марапатталды.

Шекара ашылды Өткен жылғы 1 желтоқсан – Қа­зақ­стан Республикасының тұң­­ ғыш Президенті күні Александров Гай ауданының ара­сындағы Қазталов-Фомин шек­арасы Қа­ зақстан жағынан ашылған еді. Бұл айшықты салтанатқа Алек­ сандров Гай ауданынан қо­нақ­ тар қатысқан болатын. Енді Жаңа жыл қарсаңында Ресей жағы да өз шекарасын ашу салтанатын өткізді. Ресей шекарасының ашылу салтанатына Қазталов ау­ данының өкілдері де қатысты. Көршілес отырып бір-бірімен біраз жылдан бері байланыс жасай алмаған екі аудан тұр­ ғындары енді бір-бірімен әр аптаның жұма, сенбі, жексенбі күндері емін-еркін қатынасатын болады.

Бір отбасы көз жұмды Жаңа жылдың бірінші күні Зеленов ауданы Мичурин ауылында қайғылы жағдай орын алды. Зеленов аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің хабарлауынша, кешкі сағат 17.00 шамасында Мичурин ауылдық округі Светлая көшесі №25 үйден төрт адамның мүрдесі табылған. Қайтыс болған азаматтардың Б.Черноязов (1937 жылы туған), К.Өтешева (1940 жылы туған), А.Өтешева (1966 жылы туған), Р.Қожахметов (1959 жылы туған) екендігі анықталып, мүрделер медициналық сот сараптамасына жіберілген. Оқиға газдан улану салдарынан орын алған деген қорытынды жасалған.

Өз тілшілеріміз


4

әлеумет Сейсенбі, 7 қаңтар 2014 жыл

oral_oniri@inbox.ru

«Балапанның»

жетістіктері

Елбасының арнайы тапсырмасымен қолға алынған балаларды мектепке дейінгі тәрбие және оқумен қамтамасыз ету жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған «Балапан» бағдарламасы біздің облыста да сәтті жүзеге асып келеді.

Айгүл МЫҢБАЕВА, облыстық білім басқармасының басшысы

А

йталық, облыста қазіргі таңда 469 мектепке де­ йінгі ұйым жұмыс жасаса, оның 145-і – балалар бақшасы, 39-ы – мектеп-балабақша кешені, 285-і шағын орталықтар санатында. Мұнда барлығы 27 мыңнан астам бүлдіршін тәрбиеленуде. Бағдарламаны іске асыру ке­зе­ңін­ де, яғни соңғы үш жылда мектепке дейінгі ұйымдар 24 балабақ­ша және 101 шағын орталықтар­мен толықты. Ал арнайы мектепке де­ йінгі ұйымдарға бару мүмкіндігі жоқ мүмкіндігі шектеулі балалар үшін оңалту орталықтарында, пси­хологиялық-педагогикалық

тү­зету кабинеттерінде және бала­ бақшалар жанынан инклюзивті білім беру кабинеттері ашылды. Облыс бойынша 31 инклюзивті бі­ лім беру кабинеттеріне баратын 300-ге жуық бала - осындай түзетупедагогикалық көмекке зәру жандар. Оларды жан-жақты дамыту үшін шетелдік тәжірибе элементтері де пайдаланылып келеді. «Балапан» бағдарламасы бо­й­ын­ша соңғы жылдары әр ба­ ланың даралығын дамытуға ба­ғыт­талған Монтессори технологиясы енгізілді. Бөрлі ауданы Ақсай қаласының №4 және Орал қаласының №47 «Бәйтерек» мектепке дейінгі ұйымдарында «Монтессори» кабинеті жасақталды. Бұл технология бойынша әр түрлі мөлшердегі стақан-құтылар, му­­зы­калық ойыншықтар, түрлі-түс­ті кітапшалар, ұстап көруге бо­ латын әр алуан материалдар, сен­-

сорлық сезімталдықты дамыта­тын нәрселермен жұмыстар ұйым­дас­ тырылады. Баланы дамытуда ата-аналарға әдістемелік көмек көрсету үшін балабақшалар жанынан ата-ана­ларға арналған кеңес беру пункт­ тері ашылып, отбасылық құн­ дылықтардың артуына жол ашты. Соңғы уақытта «Тіл туралы» ҚР заңына сәйкес мемлекеттік тілде, ал ұлттық топтардың ықшам орналасқан жерлерінде олардың ана тілінде де жұмыс істейтін мектепке дейінгі ұйымдар құрылуда. Мысалы, 146 балабақша мен 251 шағын орталықта тәрбиелеу қазақ тілінде жүргізіледі. Ал 38 балабақ­ ша аралас, 34 мектепке дейінгі шағын орталық орыс тілінде жұмыс жасайды. Бір қуантарлығы, мемлекеттік тіл мәртебесінің артуы қазақ тілінде тәрбиелейтін ұйымдарда өзге ұлттың балалар

санының өсуіне ықпал етуде. Қазіргі таңда 1049 орыс және 331 басқа ұлттардың балалары мемлекеттік тілдегі мектепке дейінгі ұйымдарда тәрбиеленуде. Бала­ бақшаларда қазақ тілін оқыту міндетті болып табылады. Сондай-ақ ерте жастан көп тілділікті дамыту үшін ата-аналардың қалауымен облысымыздың мектепке де­й­інгі 157 ұйымында 11 мыңнан аса бүл­діршін ағылшын тілін үй­ренуде. Жаңа технологияларды ерте жастан игеру мақсатында облы­сы­­мыз­дағы бірнеше мектепке дейін­гі ұйымда жаңа үлгі­дегі сенсор­лық интерактивті тақта­лар, компью­тер, проектор, экрандармен жабдық­ талған мульти­ме­диялық кабинеттер және дамы­тушылық бағытта­ғы ком­пью­терлік ойындар кеңінен қолданылады. «Балапан» бағдарламасының

шеңберінде тек өткен жылы Орал қаласының Самал көшесінде ше­тел инвестициясы қаражаты есе­бінен салынған 350 орындық б­алабақша құрылысы аяқталып, іске қосылды. Арман шағынауданында 50 орындық жеке балабақша, Бөрлі ауданы Ақсай қаласында 50 орындық «Ромашка» жеке ша­ғын орталығы ашылды. Респуб­ ликалық бюджет қаража­ты есе­бінен Орал қаласының Зашаған кентінде 360 орындық балабақша құрылысы және Жа­ңа орда ша­ғы­н­ауданында 240 орындық (соның ішінде 70 орын­дық балабақша) жеке мектеп- балабақша кешені­ нің құ­рылысы басталды. Үш жылдың ішінде үздіксіз қарқынды жұмыстарды жүзеге асырып келген «Балапан» бағдар­ ламасы жаңа жылда да жалғасын табады деп сенеміз.

Баянды істерге

бастаған бағдарлама

Елбасымыз өзінің Жолдауында халықты жұмыспен қамтамасыз ету саясатын жаңғырту жөнінде міндет қойғаны белгілі. Осыны жүзеге асыру мақсатында 2013 жылдың 19 маусымында «Жұмыспен қамту – 2020 жол картасы» бағдарламасы қабылданды. Айша ӨТЕБӘЛІ, "Орал өңірі"

Б

ұл бағдарламаны бұрынғ­ ы 2009 және 2010 жыл­ дардағы «Бизнес­тің жол картасы - 2020» және «Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламалары­ ның заңды жалғасы десек те бола­ды. Аталмыш бағдарламаның ой­дағыдай жүзеге асырылуы елі­міз­ де жұмыссыздықтың азайып, ха­ лықтың әл-ауқатының жақса­ру­ы­на мүмкіндік берді. Осы бағытта Орал қалалық жұмыспен қам­ту орталығы да біраз шаруаның ба­ сын қайырыпты. Бұл жөнінде атал­ мыш мекеменің сектор меңгеру­ шісі Бәтима Кеңтоғаева әңгімелеп берді.

- «Жұмыспен қамту - 2020 жол картасы» бағдарламасы біздің ме­кемеде үш бағыт бойынша жү­ зеге асырылуда, - дейді Бәтима Махамбетқызы. - Бағдарламаның «Инфрақұрылымды және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту есебінен жұмыспен қам­ туды қамтамасыз ету» бағыты бойынша 2013 жылы әлеуметтік салада алты нысан салу және жөндеу қарастырылған болатын. Осыған орай бөлінген қаржыға бір дәрігерлік амбулатория­ның құрылысы жүргізіліп, бес нысан күрделі жөндеуден өтті. Осы жұмыстарды жүзеге асыру барысында 233 жаңа жұмыс орны ашылып, мұнда 89 адам жұмыс­ пен қамту орталықтары арқылы жұмысқа орналастырылды.

Ал бағдарламаның II бағыты бойынша «Ауылда кәсіпкерлікті дамыту арқылы жұмыс орындарын құру және тірек ауылдарды дамыту» жұмысы жүргізілді. Осы мақсатқа өткен жылы 28 млн. теңге көлемінде қаражат бөлінді. Сөйтіп, Орал қаласында шағын несие алуға ниет білдірген 12 адамға (оның 6-ауы өзін-өзі жұмыспен қамтушылар болса, қалғаны - жұ­мыссыздар) 28 млн. теңге несие берілді. Несие алғандардың ал­тауы жаңа­дан өз кәсіптерін ашса, қалғанда­ры қар­жыларын бұрын­ нан айна­лы­сып жүрген істерін кеңейтуге жұмсады. Бүгінде өз кәсіптерін ашу арқылы олар өзде­рімен қоса, тағы да басқа адам­дарға жұмыс көзін тауып, тұрмыс жағдайын тү­зеп алуларына мүмкін-

дік беруде. Сон­дай-ақ шағын несиеге қолы жеткендер де қарап қалмады. Олар несиеге алған 14 млн. теңгеге 68 бас мал сатып алды. Оның 46-сы – ірі қара, 20-сы – қой, екеуі – жылқы. 8,1 млн. теңгеге киім тігу цехының жаб­ дық­тары, 2,3 млн. теңгеге жылы­ жай құралдары, 2,7 млн. тең­ге­ге шағу май өндіру цехына ар­нал­ған құрал-жабдықтар және 0,9 млн. теңгеге компью­тер жөндеу шеберханасына қа­жет­ті құрал-жаб­дықтар сатып алын­ды. Сөйтіп, шағын несие алып, өз кәсібін аш­ қан адамдардың ар­қа­сында қала бойынша тағы 16 жа­ңа жұмыс орны ашылды. Бағдарламаның III бағыты «Жұ­мыс берушінің қажеттілігі шеңбе­ рінде оқыту және қоныс аудару арқылы жұмысқа орналасуға жәр­ демдесу» деп аталады. Бұл бағыт бойынша еңбек нарығына қажетті мамандықтарға оқыту мақсатын­ да 307 адам кәсіби оқуға жолданып, соның 117-сі оқуларын бітірді. Қазіргі таңда бұлардың 46-сы,

яғни 39,3 пайызы жұмысқа орналастырылды. Өз бетінше жұмыс таба алмаған қалған бөлігіне ма­ мандықтарына сәйкес жұмыс орны қарастырылуда. Жалпы, 2011-2012 жылдар аралығында кәсіптік оқу­ ға 385 адам жолданып, солардың 266-сы оқуларын аяқтады. Бұлар­ дың арасында 185 адам тұрақты жұмыспен қамтылды. 2013 жылы жылдық жоспар бойынша 300 әлеуметтік жұмыс орны ұйымдастырылуы тиіс бол­ды. Осы мақсатта 70 мекемемен келісімшарт жасалып, нәти­жесін­ де әлеуметтік жұмыс орындарына 300 адам жолданды. Сон­дай-ақ жастар практикасын ұйым­дастыру бойынша да өткен жылы ауыз толтырып айтарлық­ тай ауқымды жұмыс атқарылды. Орталық қызметкерлерінің кү­ші­ мен 148 мекемемен келісімшарт жасалып, нәтижесінде жылдық жоспардағы 450-дің ор­нына 662 түлек жастар практикасына жолданды. Олардың арасында 225 тү­ лек тұрақты жұмысқа орналасты.


ел-жұрт Сейсенбі, 7 қаңтар 2014 жыл

oral_oniri@inbox.ru

Жас қаламгерлерге

марапат

«Орал өңірі» және «Приуралье» газеттерінің 95 жылдық мерейтойы қарсаңында екінші мәрте ұйымдастырылған Ғұмар Қараш атындағы «Тілші болғың келсе...» байқауы мәресіне жеткен болатын. Жаңа жыл қарсаңында «Жайық Пресс» ЖШС-ның баспасөз орталығында аталмыш байқаудың жеңімпазы мен жүлдегерлерін марапаттау рәсімі өтті.

Нұртас НАБИОЛЛАҰЛЫ, "Орал өңірі"

Б

айқауға Батыс Қазақ­­стан, Ақтөбе облыстарынан, Алматы қаласынан 20-ға жуық үміткер қатысты. Нә­-

Жылқыға деген сүйіспеншілік көзқарас тек қазақ халқында емес, көрші түркімен ағайындарда да жоғары. Олардың телеарналарын ашып қалсаң, Әнұранның екпінді әуенімен ағындап өткен текежәуміттерін (Ақалтеке) көресің. Бойыңды ыстық қан кернейді.

Суретті түсірген Темірболат ТОҚМАМБЕТОВ

тижесінде Батыс Қазақстан облыс­тық дарынды балаларға арнал­ ған мамандандырылған мектепинтернаттың қазақ тілі және әде­биеті пәнінің мұғалімі Ақмон­шақ Жұмаева бас жүлдегер деп танылып, «Орал өңірі» газетіне тіл-

шілік қызметке шақырылса, Ба­тыс Қазақстан инженерлік гума­ нитарлық университетінің студенті Айдана Хамидуллина, Алматы қаласындағы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың журналисти­ ка факультетінің студенті Алпамыс

Файзолла, М.Өтемісов атындағы БҚМУ студенттері Таңшолпан Қар­шығақызы және Жанайдар Болат­ бекұлы дипломант атанды. - Байқаудың атын Ғұмар Қараш есімімен байланыстыра қоюымыз тегін емес. Ғұмар Қарашты көп­

Арғымақ мінер

ұл қайда!?

А

л қазіргі жаһандану ғасы­ рында елімізде жылқыға деген көзқарас қандай? Жылқы дегенде, дастарқанға қойған майлы қазы-қартасынан басқа қасиеттерін ұмытып бара жатқан жоқпыз ба? Қазан айында «Қазақстан» те­ле­­арнасынан атбегілік туралы ха­ бар берілді. Сонда Шығыс Қазақ­ стан облысының бір ауылында қо­ғамдық негізде атбегілік, жылқы шаруашылығын үйрету бағытын­ да оқушыларға үйірме жүргізіледі екен. Сол мектептің оқушылары алғашқыда тай үйрету, ат әбзел­ дері, жүйрік баптау сияқты мәсе­ле­лерді біліп шығатын көрінеді. Өткен күз айында ауданның кей­бір мектептерінде болып, оқу­ шылармен кездескенде «Атқа мі­ нуді білесің бе? Ат құралдарын аташы?» деген сауалдарымызға көбі тұшымды жауап бере алмады.

Әрине, балаларға өкпе жоқ. Сал­тымыздан үлкендердің өзі алыстап бара жатса, олар қайдан білсін?! Көзіміз көріп жүргендей қазіргі күнде малды «Джиппен» бағып жүргенде, кім тақымын ерге қажатып, мал соңында жүрсін? Бұрын ұл бала 5-7 жасқа тол­

ғанда аталары тай атап, мінгізіп, «ер жеттің» деп батасын беріп жа­татынын кітаптан оқып, үлкен­ дер­ден еститінбіз. Ал бүгінде бала оқу бітіріп жатса, жағдайы көтер­ ген ауқаттылар көліктің кілтін беріп жатады. Жақында «Жылқы кәсібі» де-

ген кітаппен танысқанымда, ат әб­ зелдері туралы біраз мағлұматқа тап болдым. Атқа салатын ердің өзі үш түрлі болады екен. Олар найман ер, құранды ер, үйрекбас ер. Үйрекбас ер біздің батыс аймаққа тән болып саналады. Ата-бабаларымыз келген жолаушының қай

5

шілік білетін ақын, ойшылдығынан бөлек, елімізде баспасөз саласы қалыптасып үлгермеген шақтағы қазақ журналистикасының негізін қалаушы ретінде тануға болады. Ол газет шығару ісінде журналис­ тік пен ұйымдастырушылық жұ­­мысты қоса атқарған. Оның мақа­ лалары «Қазақстан» газетінен бұ­рын жарық көрген татар газет­ терінде, сондай-ақ «Ұран» газе­ тінде де басылған. Ғұмар туған халқына жанкештілікпен қызмет етудің озық үлгісін көрсеткен, әлі де ауқымды зерттеуді талап ететін ұлы тұлға, - деген «Жайық Пресс» ЖШС-ның бас директоры Жантас Сафуллин Ғұмар Қараштың елі үшін атқарған ерекше еңбегіне терең тоқталып өтті. Шара барысында «Орал өңірі» газетінің бас редакторының орынбасары Есенжол Қыстаубаев, «Приуралье» газетінің бас редакторы Роза Сыйықова байқау же­ңімпазы мен дипломанттарын құт­ тықтап, оларға жүрекжарды лебіздерін білдірді. Байқау жеңімпазы мен дипло­ манттарға арнайы диплом, «Орал өңірі» және «Приуралье» газет­те­ рінің мерейтойына орай жарық көрген «Қос газеттің тарихы», «Жай­ық журналистері» кітаптары жә­не ұлылардың бейнесі басыл­ ған дәптерлер табыс етілді. «Тілші болғың келсе...» байқауы алдағы уақытта да республикалық деңгейде жалғасын таба бермек.

өңірден екенін атына салған ерінен таныған. Атқа жиі мінген адам түрлі аурулардан аман болады екен. Әсіресе, ондай адамға бел, құяң аурулары жақындамайтын көрінеді. Ал уақытқа сай жайлы көлікті тізгіндеген замандастарымыздың көпшілігі аталған аурулардың ауылынан ұзап шыға алмай жүретіні көпке белгілі жәйт. Сан ғасырдан бері данышпан бабаларымыздың атакәсібі бо­лып келген жылқы шаруашылығын те­­рең тамырландыра дамытуды қолға алмасақ, ұлттық ерекшелі­ гімізді айшықтайтын тамаша салтдәстүріміздің үзіліп қалары сөзсіз. Алла жарылқап, амандықпен жылқы жылына да ендік. Осыны ескере отырып, Шыңғыс Айт­ матовтың «Қош бол, Гүлсары» повесін қайта оқыдым. «Танабай аға! Жан серігің Гүлсары сергелдең болған сезіміңізді жануар болса да түсіне білген-ау. Гүлсары болмаса, Танабай да болмас еді...» деген сөздерді ойға алдым. Сонау Қырғыз Ала­тауынан Гүлсарының кісінеген дауысы естілгендей болды... Осы шағын мақаланы жаза оты­ рып, жастарды жыл­қы кәсібіне дендеп үйрететін бүгінгінің Ақан серісі, Күреңбайы, Танабайы қай­­да екен деген ойға қал­дым. Жылқы жылында елімізде жылқы шаруашылығы өрістеп, кәсіп­тің осы түрімен айналысқан ағалар­ дың асықтары алшысынан түскей!

Гүлфия КӨШБАЕВА, Қазталов ауданы


6

қаулы-қарар Сейсенбі, 7 қаңтар 2014 жыл

oral_oniri@inbox.ru

ЖОБА

Батыс Қазақстан облысы аумағында құрылыс салудың (Жалғасы. Басы газеттің 2013 жылғы №158 санында) ЕРЕЖЕСІ 67. Жер телімдерін бөлу немесе олардың шекараларының және па­ ра­метрлерінің өзгеруі кезінде қызыл сызықтар, құрылыс салуды реттеу сы­ зықтары және қала құрылысы рег­ла­ менттерінің талаптары міндетті түрде сақталады. Жылжымайтын мүлік нысандарын бөлген жағдайда олардың бөліктерінің дербес жылжымайтын мүлік нысаны ретінде жұмыс істеуінің шарттары қамтамасыз етілуі тиіс. 68. Құрылыс салуды жүзеге асыру немесе қолданыстағы ғимараттардың үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) қайта құруды (қайта жоспарлауды, қайта жабдықтауды) жүргізу ниеті бар мүдделі жеке немесе заңды тұлға­ның (өтініш берушінің) жазбаша өтініші бойынша сәулет және қала құрылы­сы саласындағы қызметтерді жүзеге асыратын тиісті жергілікті атқару­шы ор­ гандардың құрылымдық бөлімшеле­рі: 1) өтініш берушіге жерге тиісті құқық беру туралы; 2) қолданыстағы ғимараттардың үйжайларын (жекелеген бөліктерін) қайта құру (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) туралы тиісті шешім қабылдайды. 69. Құрылыс салуды жүзеге асыру немесе қолданыстағы ғимараттардың үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) қайта құру (қайта жоспарлауды, қайта жабдықтауды) ниеті бар тұлғаның (өтініш берушінің) жазбаша өтінішінде, тиісінше: 1) жеке тұлғалар үшін: өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты, мекенжайы және телефоны, салық төлеушінің тіркеу нөмірі (СТН) не жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН); 2) заңды тұлғалар үшін: ұйымның атауы, оның мемлекеттік тіркеу нөмірі, басшының тегі, аты, әкесінің аты, пош­ талық мекенжайы мен телефоны, салық төлеушінің тіркеу нөмірі (СТН) немесе бизнес сәйкестендіру нөмірі (БСН); 3) құрылысын салуға көзделген нысанның мақсаты және негізгі параметрлері (есептік қуаты, жалпы алаңы, қабаттылығы, сыйымдылығы, өткізу қабілеті және тағы сол сияқтылар); 4) құрылысқа арналған жер телімін орналастыру болжамдалған (қаланған) орын негіздемесі; 5) қайта құруға (қайта жоспарлауға, қайта жа��дықтауға) жататын қолда­ныс­ тағы ғимараттардың, үй-жайлар­дың (жекелеген бөліктерінің) мекен­жайы (орналасқан жері) көрсетіледі. Қолданыстағы ғимараттардың үйжайларын (жекелеген бөліктерін) қайта құру (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) туралы шешім алу үшін өтінішке: 1) өтінішті қарайтын мемлекеттік органның құжаттардың түпнұс­қалы­ лығын белгілеуі үшін түпнұс­қа­ларды көрсете отырып, өтініш беру­шінің өзгертілетін нысанға меншік құқығын куәландыратын құжаттардың көшір­ме­ лері немесе нысанның меншік иесінің (тең меншік иелерінің) белгіленген өзгеріс пен оның параметрлеріне нотариалды куәландырылған жазбаша келісімі; 2) егер үй-жайларды (тұрғын үйдің бөліктерін) жоспарланған қайта құру (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) немесе үй-жайлардың шекарасын ауыстыру өзгертілетін үй-жайлармен (үйдің бөліктерімен) шектес басқа үй-жайлар (үйдің бөліктері) меншік иелерінің мүдделерін қозғайтын болса, олардың нотариалды куәландырылған жазбаша келісімі қоса беріледі. 70. Егер өтiнiш берушi сұратылып отырған жер телімiнiң нақты орнын және мөлшерiн (шекарасын) көрсеткен жағдайларда, онда сәулет және қала құрылысы саласындағы жергiлiктi атқарушы орган одан құрылыс жүйесiндегі жер телімінiң орналасқан жерiне қатысты өтiнiш берушiнiң тiлектерiне және көзделген (жоспарланып отырған) құрылыс нысанының негiзгi параметрлерiне негiзделген нобайларды сұратады.

71. Объектiлер салу үшiн жер телімiн сұраған кезде жергiлiктi атқарушы органның тапсырмасы бойынша жер телімiн таңдау алдын ала жүзеге асырылады. 72. Өтiнiш берілген нысанның құ­ рылысы үшін жер телімін беру туралы өтiнiштердi қарау, сондай-ақ оларды беруден уәждi бас тарту мерзiмдерi қатаң түрде мемлекеттік қызмет көрсету стандартына сәйкестікте Жер кодексiмен айқындалады. Өтініш берушіге меншік құқығында немесе жер пайдалануға құқығында тиесілі жер телімін құрылыс салу үшін пайдалануға рұқсат беру өтініш түскен сәттен бастап 10 күнтізбелік күннен аспайтын мерзім ішінде қаралады. 73. Тиiстi жергiлiктi атқарушы ор­ ганның өтінім берілген нысанның құ­рылысына ведомстволық бағы­ныс­ тағы аумақтан жер телімін (аумақтар, трассалар) беру туралы шешімі немесе өтiнiш берушiге меншік құқығында немесе жер пайдалануға құқығында тиесілі жер телімін құрылыс салу үшін пайдалануға берілген рұқсат жобалау (жобалық-сметалық) құжаттаманың құ­ рамында бекiтiлген құрылыстың нормативтiк ұзақтығының бүкiл мерзiмi iшiн­де әрекет етеді. 74. Жеке тұрғын үй құрылыстарына жер телімдерін беру Қазақстан Рес­пуб­ ликасының Жер кодексімен және басқа да заңнамалық актілермен реттеледі. Жеке тұрғын үй құрылыстарына беру үшін резервтегі жер телімдерінің саны, сонымен қатар елді мекендерде оларды игеру кезегі бас жоспар, егжейтегжейлі жоспарлау жобасы және басқа да тиісті қала құрылысы құжаттамала­ ры негізінде анықталады және жер ре­сурстарының болуы мен аумақтар­ ды кешенді әлеуметтік-экономикалық да­мыту мүдделері негізінде аудандық (об­лыстық маңызы бар қала) жергілікті атқа­рушы органдарымен реттеледі. 75. Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жеке меншікте болуы мүмкін жер те­лімдерінің шекті (ең жоғарғы) өл­ шем­дері Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына сәйкес жергілікті жердің шарттары мен ерек­ шеліктеріне қарай облыстық уә­кілетті және атқарушы органдарының бірлескен шешімдерімен белгіленеді. Саяжайлық және бақшалық жер те­ лімдерінде меншік құқығындағы үйлері бар азаматтар үйлері тұрғын үй ғима­рат­ тары мен құрылыс салу нормативте­рі­не сәйкес болған жағдайда осы жылжымайтын мүліктерін жеке тұрғын үй ре­ тінде қайта ресімдеу құқығы беріледі. 76. Жер телімін беру туралы шешім Қазақстан Республикасының Жер кодексі негізінде қабылданады. 77. Мемлекеттік меншіктегі жер­ лерден жер учаскесіне құқық беру мы­ на­дай кезектілікте жүргізіледі: 1) жер теліміне тиісті құқық беру туралы өтінішті қарауға қабылдау; 2) аумақтық аймақтарға бөлуге сәй­ кес сұралып отырған жер телімін өті­ніш берілген нысаналы мақсаты бо­йын­ша пайдалану мүмкіндігін айқындау; 3) жер телімін алдын ала таңдау (нысандар құрылысы үшін жер телімі сұралған кезде); 4) тиісті жергілікті атқарушы органдар құратын комиссияның жер телімін беру туралы қорытындысын дайындау; 5) жерге орналастыру жобасын әзірлеу және бекіту; 6) ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдарының, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық (село­ лық) округ әкімдерінің, ал арнайы эко­ номикалық аймақтар аумағында арна­ йы экономикалық аймақ әкімшілігі­нің жер теліміне құқық беру туралы ше­шім қабылдауы; 7) сатып алу-сату немесе уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану туралы шартын жасасу;

8) жергілікті жердегі жер телімінің шекарасын белгілеу; 9) жер теліміне сәйкестендіру құ­ жаттарын дайындау және беру. 78. Жер телімдеріне меншік құқы­ ғының және (немесе) жер пайдалану құ­ қығының берілуіне мүдделі жеке және заңды тұлғалар жер телімі орналасқан жердегі ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органына, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкімдеріне, ал арнайы экономикалық аймақ аумағында арнайы экономика­ лық аймақ әкімшілігіне өтініш береді. Өтініште: жер телімін пайдалану мақсаты; оның болжамды өлшемдері; орналасқан жері; сұралып отырған пайдалану құқығы; басқа жер телімінің болуы (болмауы) көрсетілуі қажет. Пайдалы қазбаларды өндіретін жағдайда жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың көшірмесі өтінішке қоса беріледі. Жер теліміне құқық беру туралы өтініш аймақтық аумақтарға бөлуге сәйкес сұралып отырған жер телімін өтініш берілген нысаналы мақсаты бойынша пайдалану мүмкіндігін анық­ тау үшін (елді мекендерде сәулет және қала құрылысы органдарымен бірлесіп) жер телімі орналасқан жердегі аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың уәкілетті органдарына үш жұмыс күні ішінде түседі. Жер теліміне құқық беру туралы өтінішті қараудың жалпы мерзімі мемлекеттік қызмет көрсету стандартына сәйкес ол түскен кезден бастап екі айға дейінгі мерзімді құрайды. Өтінішті «электрондық үкімет» вебпорталы арқылы электрондық құжат түрінде берген жағдайда облыстың, республикалық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының жер телімінің нысаналы мақсатын өзгертуге келісім беру не одан бас тарту туралы шешімі ол қабылданған күннен кейін үш жұмыс күнінен кешіктірілмей электрондық құжат түрінде өтініш берушіге жіберіледі. Комиссия қорытындысын дайындау барысында жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органдарының және сәулет және қала құрылысы істері жөніндегі жергілікті атқарушы органдарының жер телімінің орналасқан жері бойынша жеке тұрғын үй құрылысы үшін пайдалану мүмкіндіктері туралы ұсыныстары ескеріледі. 79. Жеке тұрғын үй құрылысына бөліп беруге арналған дайындалған алаңдар болған жағдайда тиісті жергілікті атқарушы орган жер телімін беру туралы келіп түскен өтініштердің кезегіне сәйкес азаматтардың тізімін жасап, соған сәйкес тиісті ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) уәкілетті органдарынан Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 44-бабы 8-тармағында қарастырылған мәліметтерді сұратады. 80. Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 84-бабына сәйкес жер учаскесiн мемлекет мұқтаждары үшiн алып қою жағдайларын қоспағанда, жер телімдеріне құқық беруден бас тарту тиісті жергілікті атқарушы ор­ гандарының шешімімен ресімделеді және дәлелді болуға тиіс, ал көшірмесі шешім қабылданғаннан кейін жеті күн мерзімде өтініш берушіге ұсынылу қажет. Өтініш беруші жер теліміне құқық беру туралы немесе оны беруден бас тарту туралы шешім қабылдау үшін қажетті құжаттардың толық пакетін ұсынбаған жағдайда жер телімі орналасқан жердегі аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың уәкілетті органдары өтініш берушіге екі жұмыс күнінің ішінде оның өтінішін қараудан бас тартылғандығы туралы жазбаша дәлелді жауап жібереді. 81. Ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы ор­ ганының, аудандық маңызы бар қала,

кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкімінің жер теліміне құқық беру туралы шешімі ауданның, облыстық маңызы бар қаланың тиісті уәкілетті органы бекіткен жерге орналастыру жобасы келіп түскен сәттен бастап жеті жұмыс күніне дейінгі мерзімде қабылданады. Жер телімдерін жеке тұрғын үй құ­рылысына бөлінген алаңға орна­лас­ тырудың жерге орналастыру жобасы (схемасы) болған жағдайда, әрбір жер телімдеріне жерге орналастыру жобасын жасақтау қажет етілмейді. Жергілікті жердегі жер телімінің шекарасын белгілеу Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен өтініш берушінің өтініші негізінде жүзеге асырылады. Жер теліміне сәйкестендіру құ­ жа­тын әзірлеу және беру Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен алты жұмыс күнінің ішінде жүзеге асырылады. 82. Тапсырыс берушіге меншік құқығында және жер пайдалану құ­қы­ ғында тиесілі жер телімдерін құры­лыс үшін пайдалануға рұқсат беру туралы шешім қабылдау мүмкін болмаған жағдайда, жергілікті атқару­шы органдар өтініш түскен сәттен 7 күнтізбелік күн ішінде өтініш берушіге (тапсырыс берушіге) осы құрылысты іске асыру ниетіне қарама-қайшы келетін заңнама нормаларын (ережелер, шарттар, сервитут шектеулері) көрсете отырып, дәлелді жауап қайтаруы тиіс. Өтініш берушінің жергілікті ат­қа­ рушы органдарға жеткіліксіз, дә­йексіз не заңнамаға немесе мемлекеттік нор­­ мативке сәйкес келмейтін өтінім құ­ жаттарын ұсынуы, рұқсат құжаттарын беруден бас тарту үшін негіз болып табылады. 83. Жер телімін беру туралы бұрын қабылданған шешім немесе тапсырыс берушінің өз жер телімін құрылыс салуға пайдалануға бұрын берілген рұқсат егер сол жер телімінде басқа санкциясыз құрылыс жүргізіліп жатса кері қайтарып алынады (жер телімін нысаналы мақсатта пайдаланбау). 84. Елді мекендердің бас жоспарлары (немесе оларды алмастырушы тұрғындар саны бес мыңға дейінгі елді мекендерді дамыту мен құрылыс салу схемалары) негізінде орындалған ег­ жей-тегжейлі жоспарлау жобалары жә­не/немесе құрылыс салу жобалары, со­­ны­­мен қатар аудандық ауыларалық ау­мақ­тар жобалары жоқ құрылыс­тар­ды салу үшін жер телімдерін беруге ты­йым салы­нады. 4. Жер телімдеріне құқық беру 85. Облыстың, республикалық ма­ ңызы бар қаланың және астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қа­ ланың жергілікті атқарушы органы­ ның, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкімінің жер телімдерiне тиiстi құқықтар беру не оларды беруден бас тарту туралы шешімінің көшірмесі шешім қабылданған сәттен бастап бес жұмыс күнінің ішінде өтініш берушіге тапсырылады (жіберіледі). Жер телімдерiн беру жоғары тұрған атқарушы органның құзыретiне кiре­тiн жағдайларда облыстық, республика­ лық маңызы бар қаланың, астана­­ның, ауданның, облыстық маңызы бар қа­ ланың жергiлiктi атқарушы органы, аудандық маңызы бар қаланың, кент­ тiң, ауылдың (селоның), ауылдық (село­ лық) округтiң әкiмi өз шешiмiмен бiрге жерге орналастыру iсiн жоғары тұр­ған органға түпкiлiктi шешiм қабылдау үшiн жiбередi. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергiлiктi атқарушы органының, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкiмiнiң жер телімiне құқық беру туралы шешiмi

2013 жылғы «___»________ № ____ Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің қаулысына қосымша

облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың тиiстi уәкiлеттi органы бекiткен жерге орналастыру жобасы келiп түскен кезден бастап жеті жұмыс күніне дейiнгi мерзiмде қабылданады. Жер қатынастары жөніндегі уәкілетті орган сатып алу-сату немесе уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану шартын жер теліміне құқық беру туралы шешім қабылданған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей сол шешімнің негізінде жасасады. Әкімдіктің қаулысы жобасын және ұсыныстар дайындау кезінде жер қатынастарын басқару жөніндегі орган жер учаскелеріне құқық беру, нысаналық мақсаттарын өзгерту немесе мемлекет мұқтажы үшін алу кезінде оларды белгіленген тәртіпте дайындауды және мүдделі мемлекеттік органдармен келісуді қамтамасыз етеді. 86. Жергілікті жердегі жер телімі­ нің шекарасын белгілеу Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өтініш берушінің өтініші негізінде жүзеге асырылады. Мемлекеттік жер кадастрын жүргі­ зу­ді жүзеге асыратын республикалық мемлекеттік кәсіпорындар жер телі­­мi­ не сәйкестендiру құжатын да­йын­­дауды және беруді Қазақстан Рес­пуб­лика­сы­ ның заңнамасында белгiленген тәр­ тiппен алты жұмыс күнiнің iшiнде жүзе­ ге асырады. 87. Жер телімінің шекараларын белгілеу бойынша жерге орналастыру жұмыстары және жер теліміне жеке меншік құқығы актісін әзірлеу жеке тұрғын үй құрылысын жүргізу үшін жер телімі берілген тұлғаның қаража­ты есебінен іске асырылады. 88. Жобалау алдындағы пысықтау жұмыстары, қайта құру мен кеңейтуге арналған нобайлық жобалар, таңдау актісі бар жаңа құрылыстар және жаға­ лау белдеулерінде (елді мекендердің аумақтарын қоса алғанда), орта қорғау аймақтарының шекараларында (емдеу-сауықтыру орындары, курорттар), мәдени мұра ескерткіштерін қорғау аймақтарында орналасқан нысандарға арналған, сонымен қатар қала қа­лып­ тастырушы мәндегі нысандарға ар­ нал­ған жер телімдерін тексеру және жол сервисі нысандары міндетті түрде жергілікті сәулет және қала құрылысы органдарымен, автомобиль жолдары қызметімен (жол шаруашылығы жерлерінде немесе бөлу сызығы шекарасы аумақтарында орналасқан нысандар үшін) және инжернерлік инфра­ құрылым қызметін көрсететін басқа да тиісті қызметтермен келісі­леді, ал құрылысты орналастыру алаң­дары геопатогенді аймақ шекараларын белгі­леу мақсатында сараптамалық баға­лау­ға жатады. 89. Мәдени мұра ескерткіштерін қорғау аймақтары және санатына байланысты оларды пайдаланудың ар­найы режимі Қазақстан Республикасы­ның «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қор­ ғау және пайдалану туралы» Заңына сәй­ кес әзірленген мәдени мұра ескерткіш­ те­рін қорғау аймақтары жобаларының негізінде елді мекенді тарихи деп таны­ ған тәртіпте, шекараларын анықтау және тарихи ареалдарды пайдалану режимін және елді мекен аумағында олардың шаруашылық қызметін шек­теу тәртібінде анықталады. Тарихи мәдени мұра объектілерін қорғау аймақтарының шекараларын және олардың қорғау аймақтарын санаттарына байланысты пайдалану режимін Қазақстан Республика­сы­ның «Тарихи-мәдени мұра объектіле­рін қор­­ ғау және пайдалану туралы» Заңы­­на сәй­кес тарихи мәдени мұра объек­ті­­лерін қорғау жөніндегі тиісті жер­гі­­лік­­ті ат­қа­­рушы органдар бекітеді.

(Жалғасы бар)


хабар-ошар oral_oniri@inbox.ru

Cейсенбі, 7 қаңтар 2014 жыл

7

Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің ҚАУЛЫСЫ 200__ жылғы________№________ Орал қаласы

Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2010 жылғы 30 желтоқсандағы №345 «Батыс Қазақстан облысы ішкі саясат басқармасының 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексін, «Қазақстан Рес­ публикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі бас­қа­ру туралы» 2001 жылғы 23 қаң­тардағы Қазақстан Республика­сы­ ның Заңын басшылыққа ала отырып, «Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2012 жылғы 7 жел­тоқсандағы №5-2 «2013-2015 жыл­ дарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Ба­тыс Қазақстан облыстық мәслиха­тының 2013 жылғы 13 желтоқсан­ дағы №14-1 шешіміне сәйкес Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. 2010 жылғы 30 желтоқсанда­ғы №345 «Батыс Қазақстан облысы ішкі саясат басқармасының 2011-2015 жылдарға арналған стра­ тегиялық жоспары туралы» Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің қаулысымен (облыс әкімдігінің 2011 жылғы 13 мамырдағы №67, 2011 жылғы 16 қарашадағы №200, 2011 жылғы 30 желтоқсандағы №265, 2012 жылғы 16 сәуірдегі №75, 2012 жылғы 27 желтоқсандағы №289 және 2013 жылғы 9 тамыздағы №166 қаулыларымен енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды қоса) бекітілген Батыс Қазақстан облысы ішкі саясат басқармасы­ ның 2011-2015 жылдарға арналған

стратегиялық жоспарына осы қау­лының қосымшасына сәйкес өз­ге­ рістер енгізілсін. 2. «Батыс Қазақстан облысының ішкі саясат басқармасы» мемле­ кеттік мекемесі Қазақстан Респуб­ ликасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік құпиялардың қорға­ луын қамтамасыз ете отырып, енгізілген өзгерістерді тиісті мерзім­де бұқаралық ақпарат құралда­ рында жарияласын. 3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынба­ сары Б.М.Мәкенге жүктелсін. Облыс әкімі

Қазталов ауданының тұрғыны болған, кейін Орал қаласында тұрған асыл жар, аяулы ана Насиха Әбдірахманованы өмірден озуына байланысты сағынышпен еске аламыз. Саналы 90 жыл өмірінің ішін­де үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетіп, үл­кен абыройға ие болған жан. 64 жыл өмір­дің ыстық-суығын бірге бөліскен Насиха – ауылдастары арасында да сыйлы болған жан. 50 жылға жуық аянбай еңбек еткен оған мақтау қағаздары куә. Ендігі жерде айтарымыз – иманы жолдас, топырағы мамық болсын. Оның жарқын бейнесін ешқашан ұмыт­ паймыз, жүрегімізде мәңгі сақтаймыз.

Еске алушылар: құда-құдағилары, жұбайы Рысқали, ұл-қыздары, тума-туысқандары Зеленов ауданы Погодаев ауылының тұрғыны болған, бірімізге адал жар, бірімізге сүйікті әке Аманжол Ғабдоллаұлы Ерғалиевтің бақилық болғанына 9 қаңтар­ да 1 жыл болады. Адал жар, аяулы әке, асыл арман, Сағыныш сізге деген басылар ма? Көз жұмдың дүниеден өттің ерте, Тағдырдың жазғанына шара бар ма?

Н.Ноғаев

2013 жылғы «____» _________ №____ облыс әкімдігінің қаулысына ҚОСЫМША 2010 жылғы 30 желтоқсандағы №345 облыс әкімдігінің қаулысымен БЕКІТІЛГЕН

Сағына еске алушылар: зайыбы, бала-келіні, қыз-күйеу баласы, немере-жиендері

Батыс Қазақстан облысы ішкі саясат басқармасының 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспарына енгізілген өзгерістер 7-бөлімінің «7.1. Бюджеттік бағ­дарламалар» кестесіндегі «26300 1000 Жергілікті деңгейде мемле­ кеттік, ішкі саясатты асыру жө­нін­­дегі қызметтер» бюджеттік бағ­дар­ ламасында: «Бюджеттік шығындардың көр­ сеткіші» деген жолының «2013 жыл» бағанындағы «88 730,0» сандары «65 261,0» сандарымен ауыстырылсын; «263007000 Мемлекеттік ақпа­раттық саясат жүргізу жөніндегі қызметтер» бюджеттік бағдарла­ масында:

«Бюджеттік шығындардың көр­ сеткіші» деген жолының «2013 жыл» бағанындағы «231 553,0» сан­дары «231 371,0» сандарымен ауыс­ тырылсын; «7.2. Бюджеттік шығындардың жиынтығы» кестесінде: «БАРЛЫҚ бюджеттік шығындар:» деген жолының «2013 жыл» ба­ға­ нындағы «320 283,0» сандары «296 632,0» сандарымен ауыстырылсын; «ағымдағы бюджеттік бағдар­ ламалар:» деген жолының «2013 жыл» бағанындағы «320 283,0» сан­-

дары «296 632,0» сандарымен ауыс­ тырылсын; «001 «Жергілікті деңгейде мемлекеттік, ішкі саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер» деген жо­ лының «2013 жыл» бағанындағы «88 730,0» сандары «65 261,0» сандарымен ауыстырылсын; «007 «Мемлекеттік ақпараттық саясат жүргізу жөніндегі қызмет­ тер» деген жолының «2013 жыл» бағанындағы «231 553,0» сандары «231 371,0» сандарымен ауыстырылсын.

Хабарландыру «Батыс Энергоресурс» ЖШС электр энергиясын тұтынушылар назарына 01.01.2014 жылдан бастап тәулік зоналары бойынша электр энергиясына жаңа орта босату және сараланған тарифтер енгізілетінін хабарлайды. Тәулік зоналары бойынша сараланған тарифтер: Электр энергиясын тауар өндіру, жұмыстар және қызмет көрсету үшін пайдаланатын тұтынушылар (заңды тұлғалар, шаруа қожалықтары, бюджеттік мекемелер, ЖК және басқа) - тұтынудың түнгі аймақ тарифі (сағ.23 сағ. 07 дейін) 5,18 теңге - тұтынудың күндізгі аймақ тарифі (сағ.07 сағ. 19 дейін) 16,88 теңге - тұтынудың кешкі аймақ тарифі (сағ.19 сағ. 23 дейін) 37,0 теңге Орта босату тарифі (1 кВт.сағ. үшін теңге): Электр энергиясын тауар өндіру, жұмыстар және қызмет көрсету үшін пай­даланатын тұтынушылар (заңды тұлғалар, шаруа қожалықтары, бюджеттік ме­ кемелер, ЖК және басқа) 16,88 теңге. «Батыс Энергоресурс» ЖШС

«Б» корпусы бойынша бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасуға конкурс туралы хабарландыру Орал қаласы әкімінің аппараты: 090000, Орал қаласы, Достық даңғылы, 182/1 үй, 2қабат, 31-бөлме, анықтама үшін телефон­дар: 8-(7112) 512633, факс: 8-(7112) 510825, элек­трондық мекенжайы: uralsk@westkaz.kz бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орнала­ суға конкурс жариялайды. Орал қаласы әкімі аппаратының ұйымдас­ тыру-бақылау жұмысы және мемлекеттік қыз­ мет көрсету мониторинг бөлiмiнiң бас маманы Е-4 санаты (00-1.5-4), лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 59578 теңгеден 80718 теңгеге дейін. Функционалдық міндеттері: Қазақстан Республикасы “Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы” Конституциялық Заңын жүзеге асыруда жұ­ мыстар жүргізу. Қала әкімі блогы мен электрондық пошта жұмысын қамтамасыз етуді ұйымдастыру. Азаматтардың қала әкімі блогы мен электрондық поштасына келіп түскен хаттарын мерзімінде қа­ ралуына бақылау жасау. Әкімдіктің жартыжылдық отырыстарының жұмыс жоспарын құру және апта сайынғы отырыстарға материалдар даярлау. Қала сайлаушыларының тізімін жасау және жаңарту. Лауазымдық нұсқамада көрсетілген міндеттеме­ле­-

рі: материалдарды сапалы әзірлеу және құжаттар­ды рәсімдеу. Ішкі еңбек тәртібі ережесін сақтау. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: «Техникалық ғылымдар және технология­ лар» немесе «Әлеуметтік ғылымдар мен бизнес» (экономика, мемлекеттік және жергілікті басқару, немесе есеп және аудит, қаржы), немесе «Білім беру», немесе «Гуманитарлық ғылымдар», немесе «Құқық», немесе «Ауыл шаруашылығы ғылымдары» мамандықтары бойынша жоғары білім немесе ортадан кейінгі білімі. Мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес об­лыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда ортадан кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі. Қазақстан Республикасы заңнама­сын тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік-құқықтық актілерді білу, мемлекеттік тілді білу, компьютерде жұмыс істей білу. Осы санаттағы лауа­зымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер. Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар: өкілетті орган белгілеген нысандағы өтініш; - 3х4 үлгідегі суретпен өкілетті орган белгіле­-

ген нысандағы толтырылған сауалнама; - бiлiмi туралы құжаттардың нотариалдық куә­ ландырылған көшiрмелерi немесе өзге де заңдар­да белгіленген тәртіппен куәландырылған көшір­ мелері /мемлекеттік қызметшілер тапсыратын құ­жаттарды олар жұмыс істейтін мемлекеттік орган­ дардың кадр қызметі куәландыра алады/; - шетелдік оқу орындарынын бітіргендер білімі туралы құжаттарын нострификациялау қажет. - еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариал­ дық куәландырылған көшiрмесi немесе өзге де заңдарда белгіленген тәртіппен куәландырылған көшірмелері /мемлекеттік қызметшілер тапсыратын құжаттарды олар жұмыс істейтін мемлекеттік органдардың кадр қызметі куәландыра алады/; - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау ми­нистрлігінің 2010 жылғы 23 қарашадағы №907 бұй­ рығымен бекітілген (Қазақстан Республикасының Нормативтік-құқықтық актілердің тізілімінде 2010 жылы 21 желтоқсанда №6697 болып тіркелген) ны­ сандағы денсаулығы туралы анықтама; - Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесі; - құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті орган­мен белгіленген шекті мәннен төмен емес нәти­ жемен тестілеуден өткені туралы қолданыстағы сер­-

тификат қабылдау мерзімі конкурс өткізу тура­лы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап 10 жұмыс күнінің ішінде көрсетілген мекенжай бойынша сәйкесті мемлекеттік органға тапсыры­луы тиіс. Конкурс комиссиясының қарауына құ­ жаттарды қабылдау мерзімінде азаматтардың өзде­ рі әкеліп берген, поштамен немесе электрондық мекенжайға жіберілген (қоса тіркелген құжаттар­ дың тізбесі көрсетілген құжат тігілетін папкада ор­на­ластырылған) құжаттары қабылданады. Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады. Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электрондық пошта арқылы берген азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күн бұрын кешікті­р­мей береді. Осы құжаттардың түпнұсқасы бе­ріл­меген жағдайда тұлға әңгімелесуден өтуге жіберілмейді. Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кан­дидаттарды әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап бес күн ішінде конкурс жариялаған Орал қаласы әкімі аппаратында өтеді. Аталмыш лауазымдарға орналасатын үміткер­лер үшін көтермеақы шығындары, тұрғын үй жә­не жеңілдіктер берілмейді.

«ОРАЛ ӨҢІРІ» Батыс Қазақстан облыстық қоғамдық-саяси газеті. 090000, Орал қаласы, Мұхит көшесі, 57/1. Е-mаіl: оral_oniri@inbox.ru Меншік иесі: «Жайық Пресс» ЖШС Бас директор

Жантас Набиоллаұлы САФУЛЛИН

Бас редактор Бауыржан ҒҰБАЙДУЛЛИН Редакция алқасы: Есенжол Қыстаубаев, Сырымбек Тұяқов (бас редактордың орын­ба­са­р­лары), Жаннат ЕСПОЛАЕВА (жауапты хатшы), Тоқтар КЕНЖЕҒАЛИЕВ (қоғамдық-саяси бөлім), Қазбек ҚАБЖАНОВ (арнайы тілші), Сәкен ӘБІЛХАЛЫҚОВ (экономика бөлімі), Нұрлыбек РАХМАНОВ (гуманитарлық бөлім). Меншікті тілшілер: Тілес ЖАЗЫҚБАЙ (Ақжайық ауданы) Нұрымбек Жапақов (Жәнібек ауданы) Өмірзақ Ақбасов (Жаңақала ауданы) Серік Жұмағалиев (Қазталов ауданы) Мүсірбек Айташев (Сырым ауданы)

8-711-42-21-720, 8-711-35-21-770, 8-711-41-21-755, 8-711-44-31-468, 8-711-34-31-126

Телефондар: Бас редактор 51-25-80, Бас редактордың орынбасарлары 24-17-08, 51-18-08

Жауапты хатшы 50-83-99. Жарнама қабылдау тел/факс: 51-51-09; Бухгалтерия 50-63-99.

Газет ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінде 2006 жылғы 4 мамырда тіркеліп, №7201-г куәлігі берілген

Е-mail: zhaikpress@inbox.ru Қолжазбаларға пiкiр айтылмайды және пай­­да­ла­ныл­маған хат автор­ларына жауап қай­та­рыл­май­ды. Деректердің дәлдiгi үшiн автор жауап­ты. Жарияланым авторларының пiкiрлерi ре­дак­ция көз­­қара­сын бiл­дiр­мейдi. Редакция тап­­сы­ры­сы­мен ­жа­зыл­ма­ған мате­риал­дар үшін қаламақы тө­лен­бейді. «Орал өңірінде» жа­рия­­лан­ған материалдарды сілтемесіз көшіріп ба­ су­ға бол­­май­­ды. Мақалалар электрондық нұсқада қабыл­да­на­ ды. Ж белгісімен жарияланған материалдар ақылы болып есептеледі.

Газет облыстық «Орал өңірі» га­зе­тi редакциясының компью­тер­­лiк орталығында терiлiп, бет­­тел­­дi. "Жайық Пресс" ЖШС баспаханасында басылды Индексі: 65428 Таралымы: 16041, 2 баспа табақ. Газет аптасына үш рет шығады. Корректорлар: Н.СҰЛТАНОВА, Д.шанкишева, ж.жайлауова Кезекшi редактор: а.қабылова


8

керуен сарай Cейсенбі, 7 қаңтар 2014 жыл

oral_oniri@inbox.ru

106 жастағы кейуана Дариян ауылының тұрғыны Бақыт әже Ысқақова биыл 106-шы жаңа жылын қарсы алды. Кейінгі деректерде Бақыт әженің өңірдегі жасы ең үлкен жан екені айтылып жүр.

Ғ

асырдан аса өмір сүрген кей­уананы Жаңа жыл қарсаңында аудан әкімі Кәрім Жақыпов арнайы құттық­ тап, шаңырағынан дәм татты. – Құлындарым-ай, елдің алдында жүрген азаматсыңдар, қы­р­ уар жұмыстарыңды жиып қойып келдіңдер-ау, – деп, бәйек болған Бақыт әже меймандарын зор қуа­ нышпен қарсы алып, ақжарма ті­ лектерін жаудырып-ақ жатыр. – Бізге сіздің қолыңызды алып, ақ батаңызды естігеннен асқан не бар дейсіз. Ғасырдан астам ғиб­ ратты ғұмырыңызда еткен еңбек пен төккен маңдай тердің зейне­ тін көріп, арамызда ақылшы бо­лып отыра беріңіз. Келген Жыл­қы жылы шаңырағыңызға, ұрпақта­ рыңызға береке-бақыт әкелсін, – деген аудан басшысы абыз ана­­ға жаңажылдық сый-сияпат ұсы­нып, теледидар сыйлады. – Қарағым, өздеріңе де жылымыз құт әкелсін. Біздің пешене­міз­ге жазылған бейнет пен қи­ын­ дықты к��йінгі ұрпақ көрмесе екен деймін. Тәуелсіздік бесігінде тербелген еліміздің әр жетістігіне

Жаңа жыл мереке­ сін Орал қаласындағы балғын боксшылар да ерекше қарсы алды. «Олимп» бокс клубына жас былғары қолғап шеберлерін ме­рекемен құттықтау үшін Аяз ата мен Ақша қар келді. Шыршаны айналып, балалардың өнерле­ рін тамашалаған соң, Аяз ата

Құттықтаймыз! Қаратөбе ауданының тұрғыны, жезде­міз Жұмабай ЖҰМЫРҰЛЫН 5 қаңтарда 63 жасқа толып, зейнеткерлікке шығуы­мен құттықтаймыз! Жездемізге деніне саулық, апамыз Сарамен бақытты ғұмыр кешіп, ұл-қыз, немерелерінің ортасында асқар тау болып қызығын көріп жүре беруіне тілектеспіз.

Игі тілекпен: Мырзағұлов, Жоламановтар әулеті және бажа-балдыздарыңыз бек қуаныштымын. Әр атқан таң­нан еліме тыныштық, бере­ ке-бірлік бер деп, халқымыздың бағы­­на туған ер Елбасына амандық тілеймін. Отбасы жағдайым, ден­саулығым бірқа­лып­ты. Ұл-қыз­да­рым, не­мере-жиендерім, не­ ме­не-шөберелерім бақытты ғұмыр ке­шу­де. Ең әуелі мынау адамзат әле­ міне Жылқы жылы бақыт пен қуаныш, тыныштық пен береке әкелгей. Бірлігі бекем шаңыра­ ғымыз қазақ елі, оның сан алуан ұлт пен ұлыстан құралған халқы аман, жылымыз берекелі, күні­міз мерекелі болғай! - деген ақ тіле­гін арнады Бақыт әже. Кейуана қоғамда болып жат­қан жағдайлардың көбінен хабардар.

Таңат жобада қалды Жексенбі күні «Қазақстан» ұлттық арнасының тікелей эфи­ рінде «Қазақстан дауысы» жобасында 12 әнші бақ - Қиын-қыстау кездерде бас­қа қылар дәрмен жоқ, күніміз қолғап тоқумен өтуші еді. Бүгін егемен ел атандық, текті ұрпақ екенімізді, еңбекқор ел екенімізді дүние дидары таныды, – деп әңгіме барысында елдегі іске асып жатқан игілікті істерді мақ­ танышпен сөз етті.

Нұржан ДҮЗБАТЫР, Зеленов ауданы

Рингте – Аяз ата рингке шығып, бокстың мәні мен мағынасын айтып, жұдырық­ тасудың жаңа тәсілдерін көр­ сетті. Өз кезегінде сөз алған С.Қо­ нақбаев атындағы балалар мен жасөспірімдер бокс мектебінің бапкері Қуаныш Оқасов, ата-аналар жаңа жылда жаңа табыстар

мен жаңа жеңістер тіледі. Шара соңы «Олимп» және «Бәйтерек» бокс клубтары тәр­ биеленушілерінің жолдастық кез­десуімен жалғасты. Жеңімпаз­дар­ ға Аяз ата мен Ақша қар арнайы сыйлықтар табыстады.

Сәкен МҰРАТҰЛЫ

www.zhaikpress.kz Облыстағы №1 медиахолдинг

Құрметті оқырман! Ғасырға жуық тарихы бар об­лыстық «Орал өңірі» мен «Приуралье» газеттерінің, сондай-ақ ау­дандық газеттердің электрондық нұсқасын оқи аласыздар. Сонымен қатар күн сайын­ғы жаңа­лықтармен танысуға да мүм­кіндік бар.

сынады.

Сайыс қорытындысында келе­с­ і айналымға сегіз әнші өтті. Енді әр тәлім­гердің тобында екі-ақ үміт­ керден қалды. Нұрлан Албанның тобын­да додаға қатысқан батыс­ қазақ­стандық Таңат Жексенбаев бұл жолы ағылшын тілінде ән шыр­қа­ды. Көрермендер дауысын көп жинай алмаса да, ол Нұрлан Ал­ банның таңдауымен үздік сегіз ән­шінің қатарынан орын алды. Ал тағы бір батысқазақстандық Ай­

нара Айтқалиева жарыстан шы­ ғып қалды. Оның тәлімгері Мәди­на Сәдуақасова Мархаба Сәбие­ва­ ны таңдады. Қаратөбе өңірінің түлегі Таңат Жексенбаев алдағы жексенбіде «Қазақстан дауысы» жобасында тағы да өз өнерін ортаға салады. Оған дауыс беру үшін 28 санын ұялы телефон арқылы 3075-ке жіберу керек.

Елжан ЕРАЛЫ

ы Қаңтар айындағ атаулы күндер Дүниежүзілік мейрамдар 1 қаңтар – Бүкіләлемдік бейбітшілік күні 21 қаңтар – Халықаралық құшақтасу күні 26 қаңтар – Халықаралық кеденшілер күні 27 қаңтар – Холокост құрбандарын еске алу күні

Еліміздегі атаулы күндер 1-2 қаңтар – Жаңа жыл – Қазақстан Республикасының мемлекеттік мерекесі 19 қаңтар – «Нұр-Отан» партиясының құрылғанына 15 жыл (1999) қаңтар айы – «Қазақ әдебиеті» газетінің шыққанына 80 жыл (1934)

Батыс Қазақстан облысы үшін елеулі даталар 1 қаңтар - Социалистік Еңбек Ері Нұрғалиев Сағидолла Исаұлы­ның туғанына 80 жыл, Зеленов ауданының тумасы (1934). 2 қаңтар - композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қай­рат­ кері Сағатов Мансұрдың туғанына 75 жыл, Жәнібек ауданының ту­ масы (1939). 11 қаңтар - Орынбор, Орал өңірін зерттеуші Эверсман Эдуард Александровичтің туғанына 220 жыл (1794-1860). 12 қаңтар - Жәнібек ауданында партия комитетінің І хатшы­сы болған Шарафеддинов Шыныбайдың туғанына 75 жыл, Жаңақа­ла ауданының тумасы (1939-1991). 18 қаңтар – Орал қалалық халық ағарту бөлімін ашу туралы қау­лы шыққанына 95 жыл (1919). 19 қаңтар - Талов ауданының әкімшілік орталығы Сламихин кентінен Қазталов селосына көшіріліп, Қазталов ауданы аталғанына 80 жыл (1934). 24 қаңтар - Қызыл Армияның Орал қаласын азат еткеніне 95 жыл (1919).

Дайындаған Қазбек ҚҰТТЫМҰРАТҰЛЫ


1 07 01 2014