Issuu on Google+

Орал өңірі ОБЛЫСТЫҚ Қоғамдық-саяси газет

-6 С - 10 С 0

0

Сенбі, 15 ақпан 2014 жыл №19 (19938)

www.zhaikpress.kz

Газет 1918 жылғы 17 қарашадан шығып келеді. 1968 жылы "Құрмет Белгісі" орденімен марапатталған

Баға

oral_oniri@inbox.ru

шаһар

бақылауда "Бір шаруаны тындырсақ, тағы екеуі бой көтереді"

4

Керуен сарай

2 Суретті түсірген Александр КУПРИЕНКО

жылдығы 7%-ға дейін, сыйақының жылдық тиімді мөлшерлемесінің жылдығы 7,3%-ға дейін әр жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша салым қалдығының 5%-ынан бастап 7%-ға дейін

Банктік сыйақы мөлшерлеме Мемлекеттік жыл сайынғы сыйлықақы

8 (7112) 59-39-45, 59-39-76 (Орал қаласы үшін)

8

5, 10 жыл, салым мерзіміне ұзарту мүмкіндігімен, алайда 20 жылдан аспайды

Салым мерзімі

Толығырақ ақпаратты Банк бөлімшелерінен ала аласыздар. Байланыс орталығының телефондары:

Шорттрекшілер финалда!

8 8000 8000-59

Бағалы қағаздар нарығында банктік және басқа операцияларды жүргізуге берілген 2008 жылғы 6 тамыздағы №10 лицензия

(Қазақстан бойынша)


2

АҚПАРАТ Сенбі, 15 ақпан 2014 жыл

oral_oniri@inbox.ru

Президент биылғы 1 сәуірден бастап зейнетақыны, әлеуметтік төлемдерді, шәкіртақыны көтеруді тапсырды Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Үкіметке биылғы 1 сәуірдан бастап зейнетақы, әлеуметтік төлемдер, атаулы әлеуметтік көмек және студенттерге шәкіртақы көлемін көтеруді тапсырды. «Жыл басынан бері баға ұлғайғанын ескеріп, биыл­ғы 1 сәуірден бастап, зейнетақы төлемдерінің өсім кө­лемі 14 пайызға дейін, мемлекеттік әлеуметтік төлем­дері 12 пайызға дейін жеткізілсін. Атаулы әлеуметтік көмек көлемі 12 пайызға және студенттердің шәкірт­ ақысы 10 пайызға көтерілсін», - деді Президент Үкімет­тің кеңейтілген отырысы барысында.

Еңбекақы 10 пайызға өспек Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев азаматтық қызметшілердің жалақысына 10 пайыздық қосымша төлемді қамтамасыз етуді тапсырды. - Биылғы жылдың 1 сәуірінен бастап мемлекеттік мекемелерде, мемлекеттік қазыналық кәсіпорындарда жұмыс істейтін азаматтық қызметшілердің лауазымдық жалақысына 10 пайыз көлемінде ай сайынғы қосымша төлемді қарастыруды тапсырамын. Онымен бірінші кезекте білім мен ғылым, денсаулық, мәдениет, спорт, әлеуметтік сала қызметкерлері қамтылуы керек, - деді Президент. Сондай-ақ мемлекет басшысы «Самұрық-Қазына» әлауқат қорына өндіріс орындары да сәуір айынан бастап өз еңбеккерлерінің жалақысын 10 пайызға өсіруге тапсырма берді. - Тау-кен және металлургия, мұнай-газ кешенінде жұмыс істейтін ірі компанияларға және ұлттық компанияларға да жұмысшыларының жалақысын 10 пайызға көтеру мәселесін қарастыруды сұраймын, - деді Нұрсұлтан Әбішұлы.

Елбасы түйткілді несиелер үлесін азайтуды тапсырды Елбасы Ұлттық банкке жұмыс істемейтін несие үлесін 2015 жылдың 1 қаңтарына дейін 15 пайыз, ал 2016 жылдың 1 қаңтарына 16 пайызға дейін азайтуды тапсырды. - Мұндай жұмыс істемейтін несиелерді жойып жібере ме, әлде болмаса, өз активтерін азайта ма, не басқа амалдарын қарастыра ма, әйтеуір Ұлттық банк олардың санын белгіленген уақытта көрсетілген мөлшерге дейін азайтуы тиіс, - деді Елбасы өз сөзінде.

Суретті түсірген Александр КУПРИЕНКО

Сәкен ӘБІЛХАЛЫҚОВ, «Орал өңірі»

Доллар құнының жоғарылауына байланысты бағаны негізсіз өсіруге жол жоқ. Бағаны көтеріп, пайдасын еселегісі келетіндерге шара қолданы­лады. Бұл туралы бейсенбі күні Орал қаласындағы орталық «Мирлан» базарында болып, азық-түлік бағасымен танысу барысында облыс әкімі Нұрлан Ноғаев мәлімдеді. Облыс басшысы бірінші кезекте атал­мыш базардың аумағында тамақ өнімдерін саттыққа шы­ғарып тұрған автодүкен иелерімен кездесіп, баға­ны негізсіз кө­те­руге болмайтынын ескертті. Ал көкөніс, жеміс-жидек сататын павильонда Балым Әбілхайырова есімді сатушы кейбір көкөністер­дің құны еселенгенін айтты. Со­­ның салда­ рынан бұрын 80-90 тең­ге бол­ған картоп пен пияз 120-130 теңгеге сатылуда. Сәбіздің баға­сы 150 теңге шамасында. Көкөніспен қамтушылар құнын өсіріп әкелгесін, бұлар да бағаны еріксіз кө­ теріп отыр. Әріптесінің сөзін қостаған Ұлданай Мұқашева осы жердегі сатушылар алынған тауардың әр келісіне 7-20 теңгеге дейін қосатынын жеткізді. Сауда жасап жүрген Нина әжей де әкімге азық-түлік өнімдерінің қымбат­ тап жатқанына алаңдайтынын білдір­ді. Бұл, әсіресе, зейнеткерлер се­кілді әлеуметтік жағынан аз қор­ғалған жан­дарға қатты әсер етуде. Нұр­лан Асқар­ ұлы жергілікті атқарушы билік тарапынан баға­ның негізсіз көтерілуіне жол бе­рілмеу шаралары қолға алы­нып жатқанын айтты. «Мирлан» базарында азық-түлік өнім­дерін сататын алты павильон бар. Со­лардың бірінде шұжық, ірімшік, майо­-

Кеше облыстық мәслихаттың кезектен тыс ХV сессиясы өтті. Оның жұмысына облыс әкімінің бірінші орынбасары Серік Шәпкенов қатысты. Гүлбаршын ӘЖІГЕРЕЕВА, «Орал өңірі»

Сессияда 2011-2015 жылдар­ға арналған БҚО-ның аумағын да­мыту бағдарламасының 2011-2012 жылдары іске асырылу ба­рысы жөнінде облыстық экономика жә­не бюджеттік жоспарлау басқар­масының басшысы Рус­лан Бекте­мір баяндама жасады. Оның ай­туынша, өңір да­муының негізгі ба­ ғыттарын көр­сететін бағдарлама­ға орталық ме­моргандардың тап­сырмаларына сәйкес және бағдар­ ламаны іске асыру мониторингі қорытынды­сы бойынша 3 түзету

Баға бақылауда

енгізілген. Бағдарламада жалпы 25 мақсат, 44 нысаналы индикатор, 99 тікелей нәтиже көрсеткіштері қа­растырылған және оларға қол жеткізуге 15 облыстық басқарма, ішкі істер және ТЖ жөніндегі де­партаменттері жауапты орын­дау­ шылар болып табылады. Ел­ба­сы­ның Жарлығына сәйкес өңір­­дегі стратегиялық мақсат-міндеттерді жүзеге асыру бағыты бойынша облыс әкімдігі қызметінің тиімділігі облыстың аумағын дамыту бағ­ дарламасы мониторингісінің нә­­тижелерімен бағаланады. Күні бү­гінге бағдарламаның 2 мони­то­ рингі (2011 және 2012 жылға) жүр­гізілген. 2011 жылдың қо­ры­тын­ды­ сы бойынша облыс әкімдігі қыз­-

нез өнімдері сауда­ға шығарылады. Облыс басшысы бастаған топ осы павильонға ат басын бұрды. Мұнда да баға өскен. Сатушы Эльвира Ғиззато­ ва, әсіресе, шұжықтардың бағасын­ да өзгеріс барын жеткізді. Мәселен, жергілікті «Мясодел» компаниясы да­йындайтын краков шұжығы бұрын 530 теңге болса, қазір 585 теңге. Шұ­ жықтың «Наурыз», «Мусульманская» се­кілді түрлерінің құны 150 теңгеге жо­­ғарылаған. Ал ветчина сынды ет өнім­ дері одан да бетер қымбаттап отыр. Бұл өз кезегінде саудаға да кері әсе­ рін тигізуде. Келушілер аз. Көпшілік «Алтын алма», «Ел ырысы» сынды базарларға барып жүр. Олар көтер­ ме сауда орындары болған соң, тауар құны да арзан­дау. «Бізге келетін негізінен ауыл адамдары, - дейді оның қасында сауда жасап тұрған Татьяна Груббе. – Ауылдағы ағайынның қал­тасы қалың емес. Соған орай ба­ғаны жоғарылатуға біз мүдделі емеспіз. Біз бар болғаны тауар бағасының үстіне 10% ғана қо­­самыз. Негізінен жергілік­ті өнім­дерді сатуға бағыт ұстану­да­мыз. Ал олардың өздері құнын көте­ріп жатса, біз не істейміз?». Ет павильонындағы ірі қара, қой, жылқы еттері мен олардан жасалған

өнімдер қымбаттамаған. Берік есімді қала тұрғыны осыдан екі-үш апта бұ­рын қа­шар етінің келісін 950 теңгеге ал­са, бү­гін тіпті 930 теңгеге алып жа­тыр. Әсия әжей келісі 2000 теңге тұ­ ратын қазыны саудалауда, оның баға­сы өткен жаздан бері солай. – Базардағы бағаның өскені бай­қа­лады. Бүгінгі жүргізілген тек­серу шарасына сәйкес біз та­уарларды кім қымбаттатып отыр­ға­нын анықтаймыз. Сауда орындарын жалдау құны жарты жылдан астам уақыттан бері көтеріл­ме­ген. Бөлшек сауда жасаушылар да ба­ғаны өсіріп отырған жоқ. Енді та­уар жеткізушілер мен таратушыларды бақылауға аламыз. Мұндай монито­ринг соңғы бір-екі күнде ғана емес, бұрыннан бері, яғни апта, ай сайын жүргізіліп келеді. Таяуда біз жергілік­ті БАҚ арқылы сенім телефонын ха­барладық. Осы тікелей байланыс же­лісі арқылы кез кел­ген адам құны ша­рықтап кеткен тауарлар жөнінде мә­ лімет бере алады. Қазірдің өзінде қала тұр­ғындары белсенділік танытып, те­лефон шалуда. Соған байла­нысты құ­зырлы мемлекеттік мекемелер­дің қызметкерлері тексеру амал­дарын жүргізуде. Бүгінгі таң­да біз тұқым, ұн және өзге де өнім өндірушілермен тауардың бұ­рын­ғы бағасын сақтау ту­расында меморандум жасастық. Енді кө­терме сауда саласындағы кә­ сіп­орындармен де осындай бағыт­та жұмыс жүргіземіз, - деді БАҚ өкілде­рі­не сұх­бат берген Нұрлан Ноғаев.

Облыс өңірлер арасынан 6-орында метінің тиімділігі бағасы 87 балл, 2012 жылы 87,9 балл болған. Облыс жалпы рейтингте 40-тан 16орынға және республиканың өңір­лері арасынан (16 өңірден) 6орын­ға ие, сөйтіп, облыс әкімдігінің қызметі орта тиімді болып айқындалған. Қазір өткен жылдың есебі жасалуда. Бағалауды өткен жылы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі, биыл Өңір­лік даму министрлігі жүргізеді. Халық қалаулылары В.Голоухов, Қ.Ашығалиев, А.Зинуллин газ өңдеу зауытының құрылысына қа­тысты мәселе көтеріп, зауыт құ­ рылысын облыстың аумағын да­мыту бағдарламасына енгізуді, за­уыт құрылысына қатысты Қара­ шығанақ кен орнын игеруші ком­панияның құрылтайшылары мен

дирекциясын, тиісті министр­лік­тің өкілдерін сессияға ша­қыру­ды, сонымен қатар облыс әкім­ дігі жанынан жұмыс тобын құру­ды ұсынды. Депутаттар «2011-2015 жыл­ дар­ға арналған облыстың аума­ғын дамыту бағдарламасы тура­лы» облыстық мәслихаттың шеші­міне өзгерістер ен��ізу жөнінде ше­шімнің жобасын қарастырды. Бұл мәселе бойынша тиісті өзге­ рістер енгізіліп, мақұлданды. Облыс әкімінің бірінші орын­басары Серік Шәпкенов сессия­ның күн тәртібіндегі мәселелерге қатысты түсінік берді. Газ өңдеу за­уыты құрылысының техэконо­ микалық негіздемесі жасақталып жатқанын, зауытты облыс өз кү­ шімен сала алмайтынын, алайда

мәселенің облыс басшылығы­ның назарында тұрғанын жеткізді. «Тең­­­ ге бағамының өзгерісі – елі­міздің экономикасын көтеруге қатысты уа­қ-тылы қолданылған шара. Ба­ға өс­­кен жағдайда кірісі аз от­басы­лар­ға Үкімет толығымен көмектесе алады, бірақ бағаның көтерілуіне негіз жоқ. Жанар-жағармай баға­­сы, тарифтер тұрақты, келісімшарт бо­йынша газ бағасы да мамыр айына дейін өспейді. Жергілікті өнім өндірушілермен бағаны өсір­меу жөнінде меморандумдар жасалды, арнайы штаб құрылды, ба­ғаны ойнатып, қобалжушылық ту­ ғызатындармен жұмыстанатын бо­ламыз», - деген Серік Шәпкенов халық қалаулыларына мән-жай­ды өз сайлаушыларына жеткізу­ді тапсырды.


ҚОҒАМ oral_oniri@inbox.ru Орал қаласында азықтүлік бағасы шағын дү­ кендерге қарағанда ірі сау­да орындарында көп қым­баттамаған. Мұны біз облыстық кәсіпкерлік жә­не индустриалды-инно­ вациялық даму басқар­ма­сы мамандары жүр­гіз­­ген мониторинг барысында анық аңғар­дық.

Сенбі, 15 ақпан 2014 жыл

Бағаға қатысты

Этнобірлестіктердің дөңгелек үстелі

мониторинг

Сәкен МҰРАТҰЛЫ, «Орал өңірі»

Г

агарин атындағы кинотеатр жанында орналас­қан «Айдар» дүкенінің иелері азық-түлік тауарларын өт­ кен аптаның соңында алған екен. Сол себепті мұнда көп заттың бағасы бұрынғы күйінде тұр. «Мен кеше жергілікті «Мясодел» өнім­дерін қымбаттау бағамен ал­дым. Соған байланысты бір-екі күн турасында 670 теңгеден сат­тыққа шығарылған краков шұжы­ ғын қазір 700 теңге, 890 теңге болған сиыр еті шұжығын 1000 теңге деп жазып қоюға мәжбүр болдым, – дейді сатушы Камил Камалов. – Сондай-ақ алма 210нан 260 теңгеге, банан 280-нен 300 теңгеге, мандарин 370-тен 400 теңгеге дейін өсті. Айналада сауда орындары көп болған соң біз алған тауарларымыздың бағасына 12 пайызға дейін үстеме қосамыз». Достық даңғылы бойындағы «Әсем» сауда үйінде де шұжық, сүт, сұйық май, жұмыртқа, қант өнімдерінің құны жоғарыла­ған. Сатып алушылар тарапынан на­ разылық та жоқ емес. «Тарасов» ЖК-ға қарасты дүкенде де осындай жағдай. Ал оған қарсы бетте орналасқан «Данель» дүкенінде тауар түрі азайып қалған. «Ке­ше өзіміздің «Береке» ЖШС сүт

өнімдері бағасын 30 пайызға жо­ ғарылатып алып келді, оны ал­ ған жоқпыз. Қант 145 теңгеден келді, оны да қайтарып жібер­дік. Өзге де тауарларға қатысты осындай жағдай қалыптасып отыр. Соған байланысты сөре­ле­рі­міз босауда, – дейді дүкен мең­ герушісі Бақыт Тоқпанова. - Әр келісі 110 теңге болып келген кар­­топты амалсыз алдық. Себебі тұрғындар тарапынан сұраныс бар. Оны 130 теңгеден сатуда­мыз. Жаңа аққайың шырыны, лимонад, шай-шырын, газ­дал­ған, газдалмаған сусындармен жаб­ дықтаушылар хабарласып, ер­тең оларды жаңа бағамен жеткізетіндерін мәлімдеді. Кей та­ уар­ларға тапсырыс берсек те әкел­мей жатыр, соған қарағанда олардың да құндары өсіп келетін шығар».

«Жеміс-жидек 20-30 теңгеге қымбаттады» Облыс және қала әкімдігінің арнайы шешімі бойынша құрылған жұмыс тобы азық-түлік өнімдері мен жанармай бағаларына бақылау жұмыстарын жүргізуде.

Еламан БАДЕНҰЛЫ, «Орал өңірі» Осы мақсатта күн сайын қа­ла әкімдігі, облыстық статис­тика және ауыл шаруашылығы бас­ қар­­­малары, «Қазагромаркетинг» мамандары қаладағы сауда ор­та­ лықтарына рейд жүргізуде. Рейд барысында құрылған ұтқыр топ «Мирлан», «Алтын алма» және «Ел ырысы» сықылды ірі сауда ор­талықтарында болып, азық-тү­ ліктің құнын бағамдады. – Күні бүгінге дейін облыс ор­ талығындағы сауда орындарында азық-түлік түрлерінің күрт өсуі болған жоқ. Тауарларды кө­ тер­ме бағамен ұсынатын «Мир­лан», «Алтын алма», «Караван» ба­зарында картоп, жеміс-жидек

бағасы осы кезге дейінгі баға­дан 20-30 теңгеге өскені байқал­ ды. Жергілікті шаруашылықтар өндірген өнімдердің бағасы бұ­рынғы күйінде, – дейді облыс­ тық ауыл шаруашылығы басқар­ масының бөлім басшысы Сергей Выдрин. Ал саудагерлердің айтуынша, көкөніс пен жеміс-жидектер көр­ шілес Ресейден және еліміздің оңтүстік өңірлерінен әкелінеді. Олар біздің азық-түлік түрлеріне қоятын бағамыз аталмыш аймақ­ тардан келетін өзгерістерге бай­ланысты дейді. Дегенмен қала­ дағы сауда орындарында аса бір қымбаттаушылық байқалмады. Сау­да жасауға келушілер тауар бағасының аспандап кетпегені­не қуануда.

Бағаның жоғарылағандығы­нан болса керек, кейбір дүкен­­дер­дің есігіне қара құлып салыныпты. Рейд барысында облыс­тық аурухана ауданында орын тепкен «Народная» дүкеніне, Құр­манғазы көшесі бойындағы «Орал» супермаркеті жабық тұ­ руына байланысты кіре алма­дық. Сол маңдағы «Лидер», «Бәй­ терек», орталық базар жанында­ ғы «Атаба», «Рамстор» ірі сауда орын­дарында әзірге баға көп өзгермеген. Себебі онда бұрын­ ғы бағамен алынған зат көп. Жа­ ңа тауарлар жаңа бағамен келуі мүмкін. – Біз негізгі азық-түлік тауарлары бағаларына мониторинг жүр­гізудеміз. Орал қаласында да, аудандарда да бағаның өскенді­гі байқалуда. Мысалы үшін, 14 ақ­ пандағы жағдай бойынша ең арзан нан Зеленов ауданында. Бір

бөлкесі 48 теңге тұрады. Қымба­ты Жаңақала мен Бөкей ордасында, мұнда ол 70 теңгеден сатылуда. Облыс орталығында 65 теңге. Сұйық майдың 1 литрі Теректі ауданында 240 теңге болса, Бөкей ордасында 322 теңге, Оралда 270 теңге шамасында. Қант Қазталов пен Сырымда арзан (1 келісі 140 теңге). Макарон өнімдерінің әр келісі Ақжайық пен Сырым аудандарында 120 теңге болса, Жаңақала мен Жә­ нібекте 162 теңге. Жұмыртқа Қа­ ратөбе, Шыңғырлау, Жаңақала, Бө­кей ордасында қымбаттау. Яғ­ни он данасы 250 теңгеден сат­тық­қа шығарылса, Оралда 180 тең­ге. Бұл бағыттағы жұмыс жалғаса береді, - дейді облыстық кәсіп­керлік және индустриал­ ды-ин­но­вациялық даму бас­қар­ масының бас маманы Бақ­дәулет Ибраимов.

Бақтияр СЕЙТЕКОВ, көлік жүргізуші: – Жергілікті атқарушы билік өкілдерінің сауда орындарында жиі болып, жағдаймен танысқаны дұрыс. Бұл кәсіпкерлердің бағаны көтеріп жібермеуіне септігін тигізетіні сөзсіз. Дүкендерде болып жүрміз ғой, 13 ақпанға қарағанда 14 ақпанда кейбір азық-түлік түрлерінің арзандағанын байқадым. Осындай бақылау шараларын күшейту керек деп ойлаймын. Людмила САЛАГУБЦЕВА, «Добрая» ЖК-ның өкілі: – Біз Беларуссияда шығарылатын тамақ өнімдерін жергілікті сауда нүктелеріне таратумен айналысамыз. Ол өнімдерге ГМО, кон­сервант қосылмағандықтан, сұраныс жоғары. Әзірге біздің баға көтерілген жоқ. Сондықтан «жабдықтаушының бәрі тауар құнын өсіріп жатыр» деген қате пікір екеніне екпін түсіріп айтқым келеді.

Жанармайдың орташа бағасы р/н

Аудандар

1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13

Ақжайық Бөкей ордасы Бөрлі Жаңақала Жәнібек Зеленов Қазталов Қаратөбе Сырым Тасқала Теректі Шыңғырлау Орал қаласы

АИ-80 (1литр) 14.02.2014ж. баға 87 115 88 89 98 89 100 102 89 88 115 88 87

3

АИ-92/93 (1литр) 14.02.2014ж. баға 113 130 112 115 128 115 120 121 115 115 125 115 115

Орал қаласында облыстық кәріс этномә­дени бір­лес­ті­гі­нің ұйымдасты­руымен Ел­ба­­сы Жолдауын қолдау ба­ғы­ тындағы дөңгелек үстел өтті. Шараға этномәдени бірлес­тік өкілдері мен мектеп оқу­шы­ лары қатысты. Қазақстандық патриотизмді қалыптастыру, ел бірлігін нығайту мақсатында­ ғы кездесуде Қазақстан халқы БҚО ассамблеясы төрағасының орынбасары Ғайса Қапа­қов оқу­­­шыларға Елбасы Жол­да­­уын­дағы басым бағыттар­дың ма­ ңыздылығын шетелдегі жоға­ры дамыған мемлекеттердің тұр­ мыс-тіршілігінен мысал келті­ре отырып әңгімеледі. Сондай-ақ ұлтаралық бейбітшілік пен ке­лісімнің баға жетпес құн­ды­лық екеніне тоқталды. Ал кә­ріс эт­ номәдени бірлестігінің өкіл­дері аталмыш бірлестіктің жұ­ мыс барысы және алдағы жоспарларымен таныстырды. Кездесу соңы шағын концертке ұласты.

Теріс ағым уламасын Облыстық білім басқар­ма­­ сында оқу-әдістеме­лік каби­нетінің ұйымдасты­руы­мен «Жастар мен жасөс­пірім­дер­ дің теріс діни ағым­дарға тар­тылуының ал­дын алу» тақырыбында он­лайн оқыту семинары өтті. Оқыту семинарына облыс­тық дін істері басқармасының бас маманы Саламат Жұмағұ­ лов, М.Өтемісов атындағы БҚМУ-дың «Педагогика және психология» кафедрасының пси­хологтары, облыстық білім беру мекемелерінің педагогпсихологтары мен дінтану пә­ні­нің мұғалімдері қатысты. Се­минардың практикалық бөлі­ міне 35 адам қатысып, онлайн режиміне 58 білім беру меке­ мелері қосылды. «Біз неге ұқсаспыз» тренингімен басталған семинарда қо­ғамдағы теріс діни ағымдар жөнінде өзекті мәселелер кө­те­ ріліп, жастарды деструктивтік діни ағымдардан сақтандыру жолдары талқыланды. Серебряков орта мектебінің жоғары сынып оқушылары жүргізілген тренингтерге белсене қатысып, теріс діни ағымдар жөніндегі ойларын ортаға салды.

Әзірше байқалмады Жәнібек ауданы бойынша тауарлар бағасының негізсіз өсуіне жол бермеу және оны тұрақтандыру жөніндегі жұ­ мыс тобы құрылды. Ол аудан орталығындағы 54 азық-түлік дүкені және 3 дә­рі­ха­наны аралап, тауар өнімде­рі­нің бағаларына мониторинг жүр­гізіп, дүкен иелері мен сатушылар арасында түсінік жұмыс­­ тарын атқарды. Күнделікті тұр­мыстағы негізгі қажеттіліктер – на��, ұн, тұз, макорон өнім­­­дері, қант, шай, май және дәрі-дәр­ мектердің бағалары анық­та­ лып, сарапталды. Мони­­торинг ба­рысында азық-түлік бағала­ рының әзірше өсуі бай­­қал­мады.


4

шаһар Сенбі, 15 ақпан 2014 жыл

oral_oniri@inbox.ru

«Бір шаруаны тындырсақ,

тағы екеуі бой көтереді»

Орал қаласының әкімі Алтай Көлгіновтің тұрғындармен қорытынды есептік кездесуі сәрсенбі күні Жастар мәдениет үйінде өтті. Оған облыс әкімі Нұрлан Ноғаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Светлана Романовская қатысты.

Нұрлыбек РАХМАНОВ, "Орал өңірі" иын басында жұртшы­ лық назарына шаһар­ дың тыныс-тіршілігі жайлы бейнебаян ұсынылды. Жа­­ңа технологияларды кеңінен пайдалана отырып құрылған бейнебаян жан­­ды графика, сызба-диаграммалар арқылы көрген адамға ұғы­ныңқы болды. Шебер жасалған бейнебаяннан кейін әкім қалада атқарылған жұмыстар, жоба-жоспарлар жайлы баяндады. Кіріспесін ғұлама Әбу-Насыр әл-Фарабидің «Мақсат жолында бірлігі мен тір­лігі жарасқан шаһар халқы ғана бақытқа кенеледі» деген дана­лық сөзімен бастаған жас бас­шы­ның жетекшілігімен облыс орта­лығында шамалы уақыт ішінде бі­раз шаруа атқарылғанын байқадық. Оны көзіқарақты оқыр­ манның өзі де көріп-біліп жүргені сөзсіз.

асып, 1021 жұмыс орны ашылған. «Жұмыспен қамту – 2020 жол картасы» бағдарламасы ар­қылы 12 адам несие алып, 27 жаңа жұмыс орнын ашса, «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы арқылы 13,9 млрд. теңгенің жобалары іске қосылған. Суы мен нуы келіскен шаһардың айналасы ауыл шаруашылығына да қолайлы. Бұған былтырдың өзінде аграр­лық өнеркәсіптік кешенді дамытуға 185 млн. теңге қарастырылғаны дә­лел. «Сыбаға» бағдарламасы ар­ қылы 4 млн. теңге игерілген. Оралда соңғы сегіз жылда 21 ба­лабақша салынса да, күні бүгін 2 мыңға жуық бүлдіршін балабақша кезегінде тұр. Былтыр 360 орындық тағы бір балабақша пайдалан­уға берілген болатын. Биыл да тап осындай нысан құрылысы Заша­ ған кентінде бой көтермек. Бұл де­ мографиялық даму не урбанизация десек те, әйтеуір, балапандарға арналған мекемелердің қаңы­рап тұрмағаны қуантады. Ылайым же­

Басым бөлігі орыс тілінде өт­ кен жиында қалада атқарылған жұмыстардың бір жылдағы жетіс­ тігі мен кем-кетігі таразыланып, болашаққа бағдар жасалды. Өткен жылы Оралда оң өзгеріс аз болмады. Өнеркәсіп, кәсіп­­кер­ лік, ауыл шаруашылығы, білім беру мен денсаулық сақтау, мәде­ниет саласына ілгерілеу тән. Сондайақ жұмыссыз­дықты азайту, халық­ тың әл-ауқатын кө­теру бағытында жүзеге асырылып жатқан мемлекеттік бағдар­ламалар аясында да атқарылған жұмыстар қомақты. Салық түсімдері көбейіп, мемлекеттік бюджет кірісі 10 пайызға, яғни 6 млрд. теңгеге ұлғайған. Шағын және орта бизнестің белсенді нысандары бір жылда 20 пайызға артқан. Индустрияландыру картасы бойынша 23 жоба іске

рі кең, өзі аз халқымыз көбейе бер­сін. Көбею демекші, әкім есе­ бінен белгілі болғандай, облыс орталығында көлік саны да арта түскен – шаһар халқының үштен біріндей болған. Яғни әр үшін­ ші оралдықтың темір тұлпары бар деген сөз. Бұл да тұрмыс­тың жақсарғанын көрсетеді. Алтай Сейдірұлы биыл көлік қозғалысы қиын кей көше қиылыстары оң­ тай­ландырылатынын, Есқалиев пен Ықсанов көшелерінен Пугачев көшесіне дейін, Чкалов, Ружейников көшесінен Желаевқа дейін Шоссейная көшесі күрделі жөндеуден өтетінін айтты. Мең­ дәлиев көшесінен Құрманғазы көшесіне дейін Алмазов көшесі, Мұхит көшесінен Шаған жаға­ лауы көшесіне дейінгі Еуразия даңғылының бөлігі, бұдан басқа

Суреттерді түсірген Рафхат ХАЛЕЛОВ

Ж

да көшелерді қосқанда қалаішілік 36 шақырым жол жөнделмек. Былтыр жалпы ұзындығы 31 ша­ қырым қалаішілік жол – 15 көше жөнделген еді. Сонымен қатар шаһар басшысы өз баяндамасында қоғамдық ұйымдармен жұмыс, мерекелер­ дің өз деңгейінде аталып өті­луі, мүмкіндігі шектеулі жандарды жұ­­мысқа орналастыру, тұрғын үй-ком­ муналдық шаруашылығын жаң­­­ғырту, қаланы абаттандыру, жағ­ дайы мүшкіл жеделсатылар сияқ­­ ты мәселелерді де назардан тыс қалдырмады. Бүгінде қалада ірілі-ұсақты 52 саябақ бар екен. Оның 26-сы абаттандырылған. Бұған дейін қонақтарын «таза, әдемі, жасыл қала» деп тамсандырып келген қалада абаттандыру, тазалықты сақтау басты назарда қала беретінін байқадық. Былтыр орталық базар аумағында арығы, жарығы, өрнектас төселген жолы бар, жасыл желек отырғызылған әде­мі көше пайда болды. Жайық жа­ ғалауында ірі демалыс алаңқайы салынды. «Назарбаев зияткерлік мектебі» мен Салтанат сарайы алдына, көптеген даңғылдар мен көшелерге мыңдаған түп қарағай мен шырша егілді. Биыл Зашаған кентіндегі №20 мектеп маңында саябақ жасақтау жұмыстары аяқ­талады. Қа­ла тазалығын қадаға­ лайтын мекемелерге әлі де арнайы техникалар алыну көздел­ ген. Жиналыста жаз мезгілінде қала ішінің шаңын трактормен сыпырып көкке көтеретін ЖПК (ДЭП) жұмысына сын айтқан тұрғынға Алтай Сейдірұлы аталған мекемеге шаңсорғыш қызметін атқаратын техника алып беру жоспары барын айтты. Оралда былтыр 49 мың шаршы метр үй салынған. Қаланың 2030 жылға дейінгі бас жоспарына сай шаһар 5 мың гектарға ірге­сін кеңейтпек. Қаланың инженерлік желілерін ауыстыру сынды бұған дейін жүргізілген жұмы­с­ тар ағымдағы жылы да жалғасын таппақ. «Қала тірі ағза сияқты. Бір шаруаны тындырсақ, тағы екеуі бой көтереді» деген әкім жылу жүйелерінің 60%-ы тозғанын тілге тиек етті. Еске сала кетсек, былтыр 18 шақырым жылу, 118 шақырым электр желілері, 61 шақырым газ, 85 шақырым су құбыры жөндел­ ген еді. Сондай-ақ биыл №7 орта мектеп, Круглоозерный мекте­ бі, №6 «Шолпан» балабақшасы ғи­мараттарына күрделі жөндеу жүргізілмек. Сондай-ақ қалалық мәдениет және демалыс саяба­ ғындағы Шаған өзені арқылы өте­

тін көпірдің құрылысын аяқтау және арғы жағалауын абаттандыру жұмыстары қолға алынады. Есепте айтылған атқарылған істердің бәрін тізбелеу бір мақала көлеміне сыймас. Бұдан әрі қала басшысы алдын ала жәшіктерге келіп түскен және тұрғындар тарапынан қойылған сауалдарға жауап берді. «Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы» БҚО филиалының төрайымы Ха­­диша Мұқанова доллардың қым­ бат­тауы бағаға қаншалықты әсер ететінін, тарифтің көтерілуі­не бай­ланысты көп жағдайда тұтыну­ шылардың құқығы қорғала бер­мейтінін, осыған әкімдік тарапы­ нан қаншалықты мән бері­летінін сұрады. Әкім: «Доллар бағамы көтерілуіне орай қалада тауар бағасының ретсіз өсуін қада­­ға­­лайтын арнайы бақылау тобы іске кірісті. Әсіресе, азық-түлік пен жанармайдың құнын бақы­ лауға басымдық берілмек. Моно­­­по­лияға қарсы агенттік те бақы­ лауды күшейтті. Егер жеке кәсіп­ керлік нысандарында ба­ғаның шарықтауы байқалса, олар лицензиясынан айырылады. Бүгін азық-түліктің бағасы сәл ғана қымбаттағаны байқалды. Салыстырып қарасақ, әр кезеңде белгілі бір өнімнің құнында аздап ауытқу болады. Бірақ ол кешікпей қалпына келмек. Баға мәселесі үнемі назарда» деп жауап берді. Ал сөз алған М.Өтемісов атында­ ғы БҚМУ-дың оқытушысы Мерген Сүлейменов Ұлыстың ұлы күні – әз-Наурыз мейрамында ат жарысын ұйымдастыруды ұсынды. «Ақ Отау» отбасы орталығы» қоғам­ дық бірлестігінің төрайымы Алтынай Есқалиева «169» анықта­ма қызметінің жұмысына: «Соңғы кездері оларға хабарлассақ, ұзақ уақыт әуен қосылады, кейін тағы бір жауаптарды естиміз. Қажет ақпаратты алу қиындап кетті» деп сын айтты. «Қазақтелеком» АҚ БҚО филиалының бас директоры Болатбек Қанафин: «Бұл қызмет Астана, Алматы қалаларында ор­ талықтандырылды. Бұрын тек қа­­ла аумағынан анықтама алған болсаңыз, енді «169» нөмірі ар­

қылы өзге қалалардағы телефон нөмірлерді алуға болады. Бұл қызмет сапасының артқаны деп ойлаймын» деп жауап берді. Дер­ көл ауылының тұрғыны Гауһар Ғалиева мектеп пен балабақша қашан жөнделетінін білмек болды. Алтай Көлгінов: «Ғимараттардың ішін көрдім. Жағдаймен таныс­ пын. Мектептің күрделі жөндеуіне 257 млн., балабақшаға 131 млн. теңге қаржы керек, жұмыстана­ тын боламыз» деді. Қала тұрғыны Ж.Нығметов «Ет комбинаты» ауда­нында көпшілік сырғанау мұз айдыны керектігін айтса, кітап­ ханашы А.Әмірова М.Горький атындағы қалалық кітапхананың күрделі жөндеуден өткенін айтып алғысын білдірді. Енді рухани орын жаңа ақпараттық технологиялармен жабдықталса деген өтіні­шін де білдірді. Қала тұрғын­ дары­ның кейбір көшелердегі жа­я­у­ жолақ белгілері ережеге сай қойылмағанын, қаладағы кө­пір­­­­лердің тарлығын, көлік кептелісі орын ала бастағанын айтқан сауалдары да жауапсыз қалма­ды. «Қонаев» қорының төрағасы Нұр­ лан Ізтілеуов ақсақалдың ша­һар­да мемлекет және қоғам қай­рат­ кері Дінмұхамед Қонаевқа мү­сін қойылса деген өтінішін залға жиналған халық қол соғып, қызу қолдады. Жиынды қорытындылаған облыс әкімі Нұрлан Ноғаев Оралда саяси және қоғамдық жағдайдың тұрақтылығын, әлеуметтік-эконо­ ми­калық өсудің оң динамикасы бар екенін айтты. «Қала әкімі барлық атқарылған істерді баяндай отырып, алдағы жұмыстар туралы да толыққанды мағлұмат берді. Бұл істердің барлығы – Елбасы тапсырмасымен қолға алынған мемлекеттік бағдарламалардың жүйе­ лі жүзеге асуының нәтижесінде жа­салған жұмыстар. Келешекте Орал қаласы одан әрі көркейіп, еліміздегі ең әдемі шаһарлардың бірі боларына сеніміміз мол. Сон­дық­тан барлығымыз бірігіп, қыз­ мет атқарайық» деген өңір басшы­сы Нұрлан Асқарұлы қала әкімі­нің өткен жылғы жұмысына оң баға берді.


ДАЛА-ҚАЛА Сенбі, 15 ақпан 2014 жыл

oral_oniri@inbox.ru

● Дін-діңгек Таяуда облыс әкімдігі

Діни ахуал

жанындағы діни бір-

қалыпты

лестіктермен байланыс жөніндегі кеңестің отырысы өтті. Оған аталмыш кеңестің тұрақты мүшелері мен БАҚ өкілдері қатысты.

Сайлаушылармен кездесті Облысымызда іссапармен жүрген ҚР Парла­менті Мәжілісінің депутаты Светлана Романов­ ская өткен сейсенбіде «Ескі Орал» мұражайында Қазақстан халқы Батыс Қазақстан облысы ассам­блеясы жанындағы ұлттық-мәдени бірлестіктер мүшелерімен кездесті.

Еламан БАДЕНҰЛЫ, «Орал өңірі» – Біз өз сайлаушыларымызбен болған әрбір кезде­суден жұмысымызға бағытбағ­дар алып қайтамыз. Пар­ла­­мент­те заң жобасы талқы­­ланғанда, әрдайым халық­тың пікіріне сүйенеміз. Сайлау­шы­ лардың өтініштері мен ша­ғымдарының 70 пайызы мем­лекеттік органдардың заңға қай­шы әрекеттері туралы бо­ла­ды. Сонымен қатар тұр­ғын

үй, зейнетақы, тариф сияқ­ты түйткіл мәселелер қозға­лады. Біз әрбір сайлаушы­ның өті­ нішін аяқсыз қалдырмаймыз, - деді Светлана Юрьевна кездесуде. Бұл жолы да ассамблея мүшелері өздерін толған­ды­рып жүрген әлеуметтік, ком­ муналдық қызмет көрсету ба­­ға­ларының өсуі, тарихи ны­сан­­дарды қорғау, экология жә­не облыс аймағындағы сы­ нақ полигоны зардабын жою жөніндегі сауалдарын қойып, тиісінше жауап алды.

Серік ИХСАНҒАЛИ, «Орал өңірі» – Елбасымыздың таяудағы Жол­дауы – ел өміріндегі маңызды белес. «Мәңгілік ел» қағидасы ұлт­тық идея ретінде қоғам тарапынан ай­рықша қызығушылық туғызып отыр. Жолдауға орай басқа құнды­лық­ тармен қатар, мемлекетіміздің за­ йыр­лық қағидаларын онан әрі беркіту назардан тыс қалмайды. Оның бүгінгі күн тәртібіндегі мәселеге де тікелей қатысы бар, - деді басқосу­ды ашқан облыс әкімінің орынба­ сары Бақтияр Мәкен. Жиында облыстық дін істері бас­қармасының басшысы Талғат Нығмет баяндама жасады. Оның па­ йымдауынша, облыс аумағында­ғы діни ахуал қалыпты. Әрине, ол мем­лекеттің дін саласындағы саяса­ты­ ның, оны жүзеге асырудағы тетік­те­ рінің оңтайлылығынан мүмкін бо­-

луда. Алайда барға қанағат етіп, алаңсыз отыру дұрыс емес. Бүгін болмаған қауіптің күні ертең қылаң бермесіне кім кепіл? Демек, діни теріс ағымдарға қарсы жұмысты жүйелі және жоспарлы түрде жүргізуіміз қажет. 2013 жылы қабылданған «Қазақстан Республикасында діни эстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөнін­дегі 2013-2107 жылдарға арналған мем­лекеттік бағдарламаны» жүзе­ге асыруда өңірдегі тындырыл­ған істерге кеңінен сипаттама бере отырып, баяндамашы алдағы міндеттерге тоқталды. Отырыста Орал қаласы әкімі­нің орынбасары Ғалым Орынғалиев пен Сырым ауданы әкімінің орынбасары Әділ Жоламановтың ша­ ғын баяндамалары тыңдалды. Қа­зақстан халқы ассамблеясы об­ лыстық хатшылығының жетекшісі Ғайса Қапақов діни теріс ағымдарға қарсы күрестің пәрменділігін кү­шейту керектігін айтса, Орал және Ақтөбе архиепископы Антоний әкей өңіріміздегі кейбір діни бір­лестіктердің заңды түрде тіркелмейтініндігіне қынжылыс білдірді. ҚМДБ-ның өңіріміздегі өкіл има­мы Руслан Сұлтанов соңғы жылда­

Таяуда облыстық білім басқармасы мен

сынға ілікті...

өтті. Кеңеске аудан әкімі А.Шыныбеков, Батыс Қазақстан облыстық білім беру басқармасының мектепке де­йінгі және жалпы орта білімді дамыту бөлімінің басшысы З.Ғұма­рова, сондай-ақ ауылдық округтердің әкімдері мен аудандағы білім беру саласының қызметкерлері қатысты.

Кеше облыстық ішкі саясат басқармасында ұлттық ақшаның девальвациясына байланысты дәрілік заттардың құнын қолжетімді бағадан асырмауға арналған кеңес өтті.

Ұлдай ҚАБОШҚЫЗЫ, «Орал өңірі» Кеңеске облыс әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен қатысты. Облыстық денсау­ лық сақтау басқармасы бас­шы­сының орынбасары М.Ай­мұрзиева дәрі-дәрмек баға­­сының өспеуін бақылау жұ­ мыстары қолға алынғанын ескертіп, фармацевтикалық фир­­ма өкілдеріне өз деңге­йін­ де мониторинг жүргізіп, мә­­ селені қатаң бақылауға алуды міндеттеді. Облыста 2014 жылға амбулаторлы және стационарлы науқастарды толық

қамтамасыз етуге жетерлік дә­ рі-дәрмек қоры жасақталған. Медициналық мекемелерге дә­рілік заттардың бекітілген кестеге сай үздіксіз жеткізілуі қамтамасыз етілген. Ал тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберін­­де дәрі-дәрмекті сатып алу, яғни көтерме және бөлшек үстеме бағалар қатаң бақылауда болмақ. Болашақ­та дәрі-дәр­ мек бағасы көте­рілуінің алдын алу мақса­тында еліміздегі дәрідәрмек шы­ғаратын және тарататын ірі ме­кеме­лермен меморандумдар жасалмақ. Қысқасы, облыста дәрі-дәрмек бағасының негіз­сіз өсуіне еш себеп жоқ.

ры имамдар қатарын білімді дін­та­нушылардың толықтыру үдері­мі­ не қанағаттанғандық сезімін жа­ сыр­ған жоқ. Сонымен қатар зама­науи та­лаптар бойынша төрт ау­дан­ дық мешіттің ғаламтор жүйесіне қосылғанын айтып, аталмыш үр­діс­ тің биыл онан әрі жалғасын табатынын мәлімдеді. М.Өтемісов атын­­дағы БҚМУ-дың ректоры Асхат Иман­ғалиев, облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Айгүл Есе­кенова және басқалары күн тәртібіндегі мәселе бойынша ойпікір­лерін ортаға салды. – Биыл былтырға қарағанда нә­ тиже жақсы. Мәселен, дін істері жө­ніндегі басқарманың ұйымдық мә­ селесі шешіле келді. Енді қалға­ны – істің сапасын жақсарту. Осы орайда мақсаттар айқын және нақ­ты болуы тиіс. Менің бір ұсынысым – дін тақырыбына тікелей қатысты бей­нетаспаларды көп дайындап, ке­ңінен қолдану қажет. Себебі бү­гінгі жастар оқуға құлықсыз, олар теледидар мен ғаламторға үңілген­ді жөн көреді. Алдағы жұмысқа бай­ланысты нақты ұсыныстары­ңыз­ ды 4 наурызға дейін дайындап бе­ руіңізді сұраймын, – деді отырысты қорытындылаған Бақтияр Мәкен.

Біраз мектеп Сырым ауданы әкімдігінің бірлескен кеңесі

Дәрі-дәрмек те назарда

5

К

үн тәртібі бойынша ау­дан­­дық білім беру бө­лі­мі­нің басшысы C.Құсайынов баяндама жасады. Баяндама барысында ауданда білім беру ме­кемелерінің материалдық-техни­ка­лық әлеуетін жақсарту мақсатын­ да барлық жағдай жасалып отыр­ғанымен, мектеп оқушыларының бі­лім сапасы кө­­те­рілмей келетіні айтылып, себептері талдан­ды. Кеңірек тоқтал­сақ, өткен 2012-2013 оқу жылында 52,2 пайыз болған ау­ данның білім сапасы 2013-2014 оқу жылының алғашқы жартыжылды­ғын­ да 1,2 пайызға төмендеген. Аудан мектептеріндегі оқушылар санының аза­юының себебі көші-қон емес, осы білім сапасының төмендігінен бо­лып отыр. Мектеп мұғалімдерінің сапалық құрамы жақсы дегеннің өзінде, біздің аудан көп көр­сет­кіш­ тердің көлеңкесінде қалуда. Облыстық білім беру басқар­ма­ сының бөлім басшысы З.Ғұмарова өз кезегінде ауданның білім беру дең­гейіне қатысты біраз жайтқа тоқ­талды. Негізінен ауылдық округтердегі есептік кездесулерде де тұрғындар тарапынан білім беру мекемелерінің ішкі мазмұнына қа­ тысты шағымдар болған еді. Сон-

дай-ақ мектептер мен мектеп ішіндегі медициналық кабинеттердің ли­цензиясы болуын қадағалау, мектеп асханаларының материалдықтехникалық жабдықталу деңгейін көтеру, ауданның ҰБТ көрсеткішін облыстық орта көрсеткіштен асыру секілді мәселелер көтерілді. Білім сапасын арттыру мен білім берудің жүйелілігін қамтамасыз ету жөнінде аудандық білім беру бөлі­мі әдістемелік кабинетінің мең­герушісі Г.Саркенова баяндады. Әдістемелік кабинеттің берген ақ­па­ратына сүйенсек, аудан­дағы мек­тептерде бағалау норматив­тері бұ­зылып, асыра баға­лау орын алу­да. Нақтылықтан ажы­раған мек­теп көр­­сеткіштері білім сапа­сы­ның жү­йе­ сіздігін қалыптас­тырып отыр. Гүл­ шарат Мұратқызының «әдіс­те­мелік кабинет мектептерді тексергенде» деген сөзіне облыстық білім беру басқарма­сы­ның бөлім басшы­сы Зәуре Базар­ғалиқызы түзету жасады. Себебі әдістемелік кабинет мектептердің жұ­мысын тексеруге емес, алға басуына жәрдемдесуі керек. Кеңесте Елтай ауылдық округіндегі Тасқұдық негізгі мектебі жөнінде үлкен әңгіме болды. Бұл мектеп

2013-2014 оқу жылының алғашқы жартыжылдығындағы аттестаттаудан өте алмаған. Мектепте мектепішілік бақылау әлсіреген, жылдық оқу-тәрбие жұмысы жоспары мүм­кіндіктерді ескермей жасалған. Мек­­теп басшысы М.Шүлеуовке «Қа­ шанғы ауыл тұрғындарының ал­дындағы есептік кездесулер тек Тасқұдық негізгі мектебінің мар­­дымсыз жұмысы жөніндегі пікір ала­ңына айналады?» деген сұрақты аудан әкімі А.Шыныбеков төтесі­ нен қойды. Кеңестің сын садағы­на Қазақстан негізі мектебі, Ж.Досмұ­ хамедов атындағы орта мектепба­лабақша кешені, Аралтөбе орта мек­тебі, Бұлдырты орта мектебі де ілінді. Бұлардың көбіне негізінен оқушылардың ҰБТ-дағы білім дең­ге­йінің төмендігі, кейбіріне әдісте­ ме­лік бірлестік жетекшілерінің жоспарлы жұмыстарының болмауы тән. Бірқатар мектеп басшылары мектептегі білім беру сапасы жайлы өз пікірлерімен бөлісті. Жиынды қорытындылаған аудан әкімі А.Шыныбеков бұл кеңестің бас­қаға ақыл үйретіп, сын-ескертпе жаудыруды мақсат тұтпайтынын айтты. Аудан басшысы аудандық бі­лім беру бөліміне мектептер мен медициналық кабинеттердің ли­цен­ зиялануын жеделдетуді, 2014-2015 оқу жылында тереңдетілген сыныптарды ашуды тапсырды.

Бауыржан Ширмединұлы, Сырым ауданы


6

дәулет Сенбі, 15 ақпан 2014 жыл

oral_oniri@inbox.ru

• «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-ның құрылғанына 20 жыл!

Сәттілік жолы

2007 жылдан бастап «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-ның Батыс Қазақстан филиалының несие портфелі 14 есеге дейін өсті. Филиал өз жұмысын дұрыс ұйымдастырудың арқасында акционерлік қоғамға қарасты 14 филиал арасынан ең үздік үштік қатарында келеді. Осындай жетістіктерге бастаған БҚФ директоры Қайриден Есенғалиұлы Жәкиев ҚР Тәуелсіздігіне 20 жыл толуына байланысты мерейтойлық медальмен және ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Ауыл шаруашылығының үздігі» төсбелгісімен марапатталды. Жалпы қордың және облыстағы филиалдың жұмыс нәтижелері туралы филиал басшысы Қайриден Жакиев төмендегідей әңгімеледі. - «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ жарғылық капита­ лына мемлекеттің 100 пайыздық қа­ты­суымен Үкіметтің 1994 жылғы 22 жел­ тоқсандағы қаулысымен құрылды. 1998 жылы жабық акционерлік қоғам болып Үкімет қаулысымен қайта құ­ рылды. Қордың негізгі функцияларын және жарғылық мәселелерін жүзеге асыру үшін, несиелік операциялар жүргізуге Халық банкінен 1998 жыл­ғы 14 қыркүйекте №22 лицензия алынды. 2000 жылы «Қаржы лизингі туралы» заңның қабылдануына байланысты қор 2004 жылғы 18 мамырда лизинг операцияларын жүзеге асыру және қарыз беру операцияларын жүргізу­ ге құқық беретін ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің лицензиясын алды. Қор әрекет етуші қаржы-несиелік мекеме болып табылады, 14 филиал­ды біріктіріп отыр. «Акционерлік қоғамдар туралы» заңға сайкес қор 2004 жылы 24 та­мызда «Ауыл шаруашылығын қаржы­лай қолдау қоры» АҚ болып қайта тіркелді. 1998 жылдан бастап қор 1994-1995 жылдары екінші деңгейлі банктерден берілген орталықтанды­ рылған несие жүйесі бойынша ауыл шаруашылығы тауарларын өндіруші­ лерден берешекті өндіру және ҚР Үкіметінің әр түрлі қаулылары негізінде қордың теңгеріліміне берілген ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілердің басқа да борышта­ры жөніндегі жұмыстарды жүргізді. 2004 жылы шағын несиелеу мемлекеттік бағдарламасы қабылданып, қор­дың жұмысына екінші тыныс берді. Содан бері қор екі бюджеттік бағдар­ламаға қатысу жолымен өз қызметі­­нің саласын кеңейтті. Оның бірі «Ауыл тұрғындарына шағын несие беру жүйе­ сін ұйымдастыру» кіші бағдарлама­сы және «Ауыл шаруашылығын институ­ционалды дамыту» республикалық бюджеттік бағдарламаларын іске асы­ру, екіншісі “Өсімдік шаруашылы­ғын­ дағы міндетті сақтандыру туралы” заңды іске асыру шеңберінде, қор өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруды мемлекеттік қолдауға республикалық бюджеттен бөлінген бюджеттік қаржыны басқару жөнін­де­гі агент болып белгіленді. Бюджеттік бағдарламаларды іске асыру ауыл тұрғындарын шағын не­сие­ні тиімді пайдалану мен кәсіпкерлік негізінде оқыту, ауыл тұрғындары­ның мақсатты тобына (үй шаруашылық­ тарына) шағын несие беру екі бағыт бойынша жүзеге асырылды. 2007 жылы «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ “ҚазАгро” Ұлттық басқарушы холдингі” құрамы­ на кірді. Қоғам жұмысының арқасын­ да еліміздің ауылдық жерлерінде 51 ШНҰ, соның ішінде БҚО-да 3 шағын несие ұйымы (Зеленов ауданында «Кәсіпкер-Бірлік», Теректі ауданында «Теректі - Финанс», Сырым ауданында «Милена - Сырым» ШНҰ-лары) құ­рыл­ды. Қордың негізгі мақсаты – ауыл тұрғындары мен шағын ауыл шаруа­ шылық тауар өндірушілердің тағы да

басқа ауылдағы шағын бизнес құры­ лымдарын несие ресурстарына қол­ жетімділігін арттыру, шағын несие ин­фрақұрылымы мен кәсіпкерлікті да­ мыту, ауыл тұрғындарының әл-ауқа­тын жақсарту. 2014 жылдың 1 қаң­та­ рына қордың республика бойынша жалпы портфелі 37,8 млрд. теңгені құ­ рады, белсенді қарыз алушылардың саны 19 395 адам болса, 2013 жыл барысында берілген қарыздардың жалпы шамасы 29,7 млрд. теңгеге жетті және ол 2012 жылмен салыстырған­да 11,5 млрд. теңгеге өсті. Батыс Қа­ зақстан филиалы бойынша несие портфелі 2 985 млн. теңгені құрады, белсенді қарыз алушылардың саны – 1 355 адам, 2013 жыл барысында бе­ рілген қарыздардың жалпы шамасы 1 706 млн. теңгеге жетіп, ол 2012 жылмен салыстырғанда, 1 352 млн. теңге­ге өсті. Осының сыртында «Ауыл ипотекасы» бағдарламасы бойынша 20102013 жылдары ауылдық жерге жұ­мыс­қа орналасқан 1004 жас маманға 1 млрд. 987 млн. теңгеге тұрғын үй сатып алуға несие берілді. - Қайриден Есенғалиұлы, қор­дың облыстағы филиалының құрыл­ ғаннан бергі және өткен жылғы жұмыс нәтижесі қандай? - 2005 жылдан бері филиал арқы­лы облыстың 7 755 ауыл тұрғынына және ауылдағы бизнес құрылымдар­ ға 7,2 млрд. теңгенің несиесі берілді. Орал қаласына жататын ауылдық ок­ругтер және 12 ауданның барлық округтері, 230-дан астам елді мекен шағын несие алуда. Несие портфелі­ нің өсіміне қарамастан оның сапасы тұрақты болып қалуда. 2014 жылдың 1 қаңтарына кешіктіріліп төленіп жат­­қан қарыз шамасы несиелік порт­фельден 0,7 %-ды құрады. Өткен жылы несиелендірудің 8 бағдарламасы бойынша жылдық жоспар толықтай орындалды. 2013 жылы «Жұмыспен қамту - 2020 жол картасы» бағдарламасын жүзеге асыратын өңірлік қаржы институты ретінде «Ауыл шаруашылығын қаржылай қол­дау қоры» АҚ бекітілгені мәлім. Со­ған орай қор «Жұмыспен қамту - 2020 жол картасы» бағдарламасының 2 ба­ғытына аймақтық уәкілетті ұйым ре­тінде қатысуда. Несиелер сауда сала­ сындағы қызметін жүзеге асырудан басқа, өз ісін ұйымдастыру және ұл­ ғайту, айналым капиталын арттыру мақсатында беріледі. 2014 жылдың 1 қаңтарына «Жұмыспен қамту - 2020 жол картасы» бағдарламасы бойынша 1 075 млн. теңге бөлініп, толықтай иге­ рілді. Мал және өсімдік шаруашылы­ғын, ауылдық жерлердегі басқа да бизнес түрлерін дамыту үшін 602 адам несие алды. Соның ішінде 361 жұмыссыз адам өз ісін ашса, 241-і өз бетінше жұмыспен қамтылған тұрғын жеке кәсіптерін ұлғайтуда. Жалпы 650ден астам адам жұмыспен қамтылды. Қазіргі уақытта несиенің мақсатты жұмсалғандығы жөнінде және қаржы­ лық жағдайларын анықтау мақсатын­да мониторинг жүргізілуде. Бір айта кетерлігі, осы «Жұмыспен қамту - 2020

жол картасы» бағдарламасы бойын­ша 2013 жылдан бастап 2020 жылға дейін өңірлік қаржы институты ретінде «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ таңдалынды. Бағдар­ лама бойынша 2020 жылға дейін жұ­мыс жасайтын боламыз. Бағдарлама­ ның негізгі шарттары: несие көле­мі – 3 млн. теңгеге дейін, несие мер­зімі – 54 ай (4,5 жыл), сыйақы мөлшері – 6%, негізгі берешек бо­ йынша жеңілдік уақыты – несие мерзімінің көлеміне қарай үштен бір бөлігі, бірақ 18 айдан жоғары емес, сыйақы мөлшерлемесі бо­йынша жеңілдік уақыты – 6 айға дейін, кепілдікті қамтамасыздан­ дыру – өтімді мүлік (жылжымай­ тын мүлік, автокөлік, ауыл шаруа­ шылығы техникасы т.б.). - Бұрынғы «Шағын несие» бағ­ дарламасы неліктен тоқтатылды және қазіргі уақытта қандай бағ­ дарламалар бойынша жұмыста­нып жатырсыздар? - Ауыл тұрғындарын тікелей шағын несиелеу 2005 жылдан бастап жүргі­ зілді. Шағын несиелер қал-ауқаттарын жақсартамын деген үй шаруашылық­ та­ры мен ауыл тұрғындарына берілді. Бағдарламаның мақсаты мал, өсім­дік шаруашылығына, сауда және бас­қа да тұрмыстық қызметтер көрсету салаларын дамытуға бағытталды. 2005 жылдан бастап 4085 адамға 1 миллиард 126 миллион теңге шағын несие бе­рілді. 2014 жылдан бастап «Шағын несие» бағдарламасының несие беріле­ тін бағыты «Жұмыспен қамту - 2020 жол картасы» бағдарламасымен сәйкес болуына байланысты тоқтатылды. Агроөнеркәсіптік кешеннің өсім­дік шаруашылығы саласындағы субъекті­ лерін көлемді қолдаудың шеңберінде 2010 жылдан АӨК субъектілерін көк­темгі егістік, бау-бақша және оның өні­мін жинау жұмыстарын қаржылан­ды­ратын «Егінжай» бағдарламасы іс­ке асырылуда. 2010-2013 жылдары ара­­лы­­ғында облыстағы 103 ауыл шаруа­ шылығы құрылымы 268,6 млн. теңге несие алды. Бағдарлама бойынша ұсынылатын несие көлемі – 6 млн. теңгеге дейін, мерзімі – 36 ай (3 жыл), сыйақы мөлшері – 9,5%, негізгі берешек бойынша жеңілдік уақыты – 12 айға дейін, сыйақы мөлшерлемесі бойынша жеңілдік уақыты – 12 айға дейін, кепілді қам­тамасыз етуге өтімді мүлік (жыл­ жымайтын мүлік, автокөлік, ауыл шаруашылығы техникасы т.б.) қо­ йылады. Сондай-ақ Ислам Даму Банкімен біріккен жобаның шеңберінде 2012 жылдың қазан айынан бастап, ауыл тұрғындарын несиелеудің жаңа «Сәтті» («Мурабаха») бағдарламасы бойынша өтініштер қабылдана бас­­та­ды. Өткен жылы 180 млн. теңгеге ауыл шаруашылығы техникасы, автокөлік­ тер және өзге де құрал-жабдықтар са­тып алу үшін 66 шағын несие берілді. Бағдарлама ауыл тұрғындарына және бизнес құрылымдарына өте тиімді. Сондықтан биыл да ол өзінің жал­ғасын табады. Бағдарла­ма­ның не-

гізгі шарттарына келсек, несие 25 000 АҚШ долла­рына дейін, 48 айға (4 жыл), 9,5%-дық та­быс мөлше­рі­мен, 12 айға дейін негізгі берешек бо­йынша жеңіл­ дік уақыты­мен, 12 айға де­йін сый­а­­қы мөлшерлемесі бойынша же­ңілдікпен бе­ріледі. Кепілдік өтім­ді мү­лікті (сатып алынатын жыл­­жы­малы мүлік, негізгі құ­рал-жаб­дық­тар және өтім­ді мү­лікпен (жылжы­май­тын мүлік, автокөлік, ауыл шар­уа­шылығы тех­никасы және т.б.) қам­тамасыз ету арқылы жүзе­ге асы­ рылады. «Кәсіпкер» бағдарламасы бойын­ ша қор ауылдық жерлерде ауыл шар­уашылығы емес бизнес түрлерін несиелейді. Бағдарлама бойынша не­­сие алуға сұраныс өте көп. Аталмыш бағдарлама бойынша несие көле­мі – 8 000 ЕАК, несие мерзімі - 60 ай (5 жыл), сыйақы мөлшері – 14 %, не­гізгі берешек бойынша жеңілдік уақыты – 12 айға дейін, сыйақы мөл­шерлемесі бойынша жеңілдік уа­қы­ты – 12 айға дейін, кепілді қам­ тамасыз етуге өтімді мүлік (жыл­ жымайтын мүлік, автокөлік, ауыл шаруашылығы техникалары жә­не т.б.) керек. «Сыбаға» бағдарлама­ сының мақсаты – АӨК субъектілері­нің экспорттық әлеуетін арттыру ту­ралы Елбасының тапсырмасын орын­дау бойынша инвестициялық бағдар­ ла­ма шеңберінде жергілікті малдың санын көбейту және сапалық көрсет­кіштерін жақсарту үрдісіне шаруа қо­жалықтары мен фермерлік шаруашы­ лықтарын тарту. 2011-2013 жылдар аралығында 201 ауыл шаруашылығы құрылымдары 1 миллиард 315 миллион теңге несие алды. Оған 7 067 аналық мүйізді ірі қара және 318 қазақтың асыл тұқымды ақ бас бұқасы сатып алынды. Айта кетерлігі, «Сыбаға» бағдарлама­ сы 2014 жылдан бастап «Ауыл шаруа­ шылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ арқылы емес, «ҚазАгро» ҰБХ-ның бас­қа еншілес қаржы институты арқылы жүзеге асырылуда. «Бизнес-аймақ» бағдарламасы бойынша 2009-2010 жылдары жергілікті бюджеттен ауыл­ дық жерлерде бизнес құрылымдарына тауар өндіруге және ауылда қызмет түрлерін көрсету үшін несиелік қар­ажат берілді. Осы жылдары облыстық бюджеттен 400 млн. теңге бөлініп, иге­

рілді. 123 ауыл кәсіпкері несие алып, жаңадан 279 жұмыс орнын ашты. Сол уақытта қайтарылған несие қайтадан 48 жобаға, 217,9 млн. теңге шамасын­да жұмсалды. Қазіргі уақытта жергі­лікті бюджетке несие ресурстары кесте бойынша қайтарылуда. «Ауыл ипотекасы» бағдарлама­сы бойынша «Ауылдық елді мекен­ дердің әлеуметтік салада және мал дәрігері мамандарына әлеуметтік қол­ дау көрсету шараларын жүзеге асыру үшін жергілікті атқарушы органдарға бюджеттік несиелер» республикалық бюджеттік бағдарламасын орындауға қор өкіл ретінде қатысады. Қарыздың шекті шамасы – 1500 АЕК. Бағдарлама жас мамандарға ауылдық жерлерден тұрғын үй сатып алып, оларды ауылда тұрақтандыруды көздейді. 2010-2013 жылдары ауылдық жерге жұмысқа орналасқан 1004 жас маман 1 млрд. 987 млн. теңгеге тұрғын үй сатып ал­ ды. Соның ішінде білім беру саласына 670, денсаулық сақтау саласына – 208, мәдениет саласына 107, ветеринария саласына 19 шағын несие берілді. Бағ­ дарлама бойынша берілетін несие көлемі – 1 500 АЕК, мерзімі – 180 ай­ ға дейін (15 жыл), сыйақы мөлшері – 0,01 %, кепілді қамтамасыз етуге сатып алынатын жылжымайтын мүлік салынады. Елді азық-түлікпен қамтамасыз ету­ді, халықты жұмыспен қамтуды артты­ рудағы және экономиканы дамытуда­ ғы ауыл шаруашылығының рөлін Ел­ба­сымыз өзінің Жолдауларында атап көрсетті. Осыған орай Мемлекет бас­ шысының тапсырмасымен еліміздің агроөнеркәсіп кешенін дамытудың 2013-2020 жылдарға арналған «Агробизнес - 2020» бағдарламасы жасалды. Бағдарламаға 2014 жылдан бастап «Ауыл шаруашылығын қаржылай қол­ дау қоры» АҚ қатысып, бағдарлама шеңберінде жұмыстанатын боламыз. - Әңгімеңізге рақмет. Қордың жұ­ мысы ауылдағы ағайынның табысын еселеуге септігін тигізе берсін. Ж

Гүлнәр ШӘҢГЕРЕЙ

Түлік төлді болсын! Ақжайық ауданында жылқы жылының төлін қабылдау ойдағыдай өтуде. Меншіктің барлық түрі бойынша бүгінге 986 бас бұзау, 4542 қозы-лақ қабылданды. Көнеккеткен ауылдық округінің жұрты жыл төлінің тез ширауын жақсы ырымға балап отыр. Мысалы, бүгінге Ағжан Досмақов­тың шаруа қожалығында 45 қозы, Нұрболат Қадырғалиевтың шаруа қожалығында 10 бұзау ырыс-құт­ тың белгісіндей жақсы салмақ қо­ суда. Әліби Жұбановтың шаруа қожалығында төлдің дені наурызсәуірде қабылданады. Бұл кезеңге

дайындық жан-жақты жүргізілуде. Ауылда мал пішеннен тапшылық көрмейді, төлханалар, ықтасын­ дар мұқият жабдықталған. Енесі жарытпайтын төлдер ерекше назарда, қосымша қоректендірі­ле­ді. Көнеккеткен бойынша бүгінге 290 бұзау, 676 қозы, 362 лақ қа­ былданды.

Бекем БЕКҰЛЫ, Ақжайық ауданы


7

хабар-ошар oral_oniri@inbox.ru

Cенбі, 15 ақпан 2014 жыл

«Батыс Қазақстан облысының қаржы басқармасы» ММ «Б» корпусы бойынша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға конкурс жариялайды 090000, Орал қаласы, Ж.Досмұха­ медов көшесі 45, 2-қабат, 213-бөлме анықтама үшін телефондар: 8-(7112) 505406, факс: 8-(7112) 506506, e-mail: uraloblfu-kz@bk.ru 1. Мемлекеттік сатып алу мони­торингісін жүргізу бөлімінің бас ма­ма­ны, (уақытша, негізгі қыз­мет­кердің ба­ла күту демалысынан шы­ғу уақытына дейін) Д-О-4 са­на­ты, лауазым­дық жа­лақысы қызмет өт­ керген жылдарына байланысты 64063 тең­геден 86485 теңгеге дейін Функционалдық міндеттері: Қазақстан Республикасының Қар­жы министрлігіне және сұраныс бо­йынша басқа да мемлекеттік органдарға мемлекеттік сатып алу жөніндегі ақпаратты жинақтау, жиынтықтау және ұсынуды жүзеге асырады; мемлекеттік сатып алу заңнамасы­на өзгерістер мен толықтырулар ен­гізу жө­ніндегі ұсыныстарды жи­нау, жиынтық­тау және талдау және жал­ пылауды жү­зеге асырады; мемлекеттік сатып алу веб-порталында мемлекеттік мекемелермен жә­не кәсіпорындармен, мемлекеттің қа­тысу үлесі бар заңды тұлғалармен мемлекеттік сатып алу жылдық жоспарларын орналастыруына талдау жа­ сайды; жергілікті қамту көлемі туралы ақ­­па­раттар бойынша мәліметтердің то­ лық болуын қамтамасыз етеді; мемлекеттік сатып алу бойынша об­лыстың бюджеттік бағдарлама­лар әкім­шілерімен жоспарланған жә­не өткізіл­ген конкурстар туралы дерек­ терді жи­нау және жиынтықтауды жү­ зеге асырады. Конкурсқа қатысушыларға қо­йы­латын талаптар: Жоғары білім. Мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функцио­ налдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда ортадан кейінгі білі­мі барларға рұқсат етіледі. Мамандық­ тар «Әлеуметтік ғылымдар және бизнес» (экономика, қаржы, есеп және ау­дит, мемлекеттік және жергілікті бас­ қару, менеджмент). 2. Қаржы-шаруашылық қамта­-

ма­сыз ету бөлімінің бас маманы ДО-4 санаты, лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына бай­ ланысты 64063 теңгеден 86485 тең­ге­ге дейін. Функционалдық міндеттері: электрондық құжатайналымының, электрондық цифрлық қолтаңба куә­­лі­гінің жұмыс істеуі бойынша жұмыс­тар жүргізеді; электрондық құжатайналымы же­тіл­діру бойынша жұмысты жүргізеді, тех­никалық ерекшелікке, ақпараттық жү­йе­де пайдаланылатын техникалық және ұйымдастыру-өкімдік құжатта­ ма­ларды қамту және құру талаптарын анық­тай­ды; пайдалануға рұқсат етілген жаңа компьютерлік және көшірме-көбейту техникасын, ақпаратты өңдеу техника­лық құралдарын, персоналды компью­тер­лер және жүйелер, автоматтанды­ рыл­ған жұмыс орындарын енгізу бо­ йынша жұмысты жүргізеді; ақпараттық қауіпсіздік, ұйымдасты­ ру техникасы мен компьютерлік бағ­ дарламаларды қондыру, үздіксіз және жұмыс істеуін қамтамасыз ету бойын­ша жұмысты жүргізеді, оларды пай­дала­ну­ға дайындығын тексереді, ұйым­дасты­ру техникасын, коммуникация­ның жағ­-дайына бақылау жүргізеді, олардың дұ­рыс жұмыс істемеуі анық­талған жағдай­да оларды жою бойынша немесе заңнамаға сәйкес жөндеу жұмыстарын және басқа техникалық қызмет көрсету түрлерін өткізу үшін мамандарды тарту бойынша шаралар қолданады; басқарманың персоналдық ком­пью­терлерінде «Парус», «Бірыңғай элек­трондық құжатайналымы жүйесі» бағ­дарламаларының тиісінше жұмыс істеуін қамтамасыз етеді; басқарма қызметі туралы ақпарат­ тарды басқарманың интернет-ресурсында тиісті тарауларына орналастырады, оларды бұдан әрі және жүйелі жаңартуды қамтамасыз етеді. Конкурсқа қатысушыларға қо­йы­латын талаптар: Жоғары білім. Мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функ­цио­налдық бағытына сәйкес облыс­ тарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі

бар болған жағдайда ортадан кейін­гі білімі барларға рұқсат етіледі. Ма­мандықтар «Әлеуметтік ғылымдар жә­не бизнес» (экономика, қаржы, есеп және аудит, мемлекеттік және жергі­лікті басқару, менеджмент). Техника­ лық ғылымдар және технологиялар (ақпараттық жүйе­лер). Конкурс «Бос әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымға орналасуға конкурс өткiзу және конкурс комиссиясын қалыптас­ тыру қағидаларын бекiту туралы» Қа­зақстан Республикасы Мемлекеттiк қызмет iстерi агенттiгi төрағасының 2013 жылғы 19 наурыздағы №06-7/32 бұйрығымен бекітілген бос әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымға орналасуға конкурс өткiзу қағидалары негізінде жүргізіледі. Конкурсқа қатысуға конкурс өткiзу туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды тапсырады: 1) осы қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтiнiш; 2) 3х4 үлгiдегi суретпен осы қағи­ даларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған сауалнама; 3) бiлiмi туралы құжаттардың но­та­риалдық куәландырылған көшiр­ме­ лерi; 4) еңбек қызметiн растайтын құжат­ тың нотариалдық куәландырылған кө­ шiрмесi; 5) Қазақстан Республикасы Денсау­ лық сақтау министрлiгiнiң 2010 жылғы 23 қарашадағы №907 бұйрығымен бе­ кi­тiлген (Қазақстан Республикасының нормативтiк-құқықтық актiлердiң тiзi­ лi­мiнде 2010 жылы 21 желтоқсанда №6697 болып тiркелген) нысандағы денсаулы­ғы туралы анықтама; 6) Қазақстан Республикасы азама­ тының жеке куәлiгiнiң көшiрмесi; 7) құжаттарды тапсыру сәтiнде уәкi­леттi органмен белгiленген шектi мән­ нен төмен емес нәтижемен тестiлеуден өткенi туралы қолданыстағы сертификат. Әңгімелесуге жіберілген ��андидат­тар оны кандидаттарды әңгiмелесу жi­беру туралы хабардар етілген күннен бастап 5 жұмыс күн iшiнде конкурс жариялаған «Батыс Қазақстан облысы­ ның қаржы басқармасы» ММ-да өтеді.

«Ат спорты бойынша балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» МКҚК азаматтық қызметкерлердің бос лауазымдары орнына байқау жариялайды 1. Бапкер-жаттықтырушы (ат спорты бөліміне) – 2 бірлік, 2. Автокөлік жүргізуші – 1 бірлік. Байқауға қатысу үшін төмендегі құжаттар қажет: - Мемлекеттік тілді білу, - Мемлекеттік тілдегі түйіндеме, - Байқауға қатысу туралы өтініш, - Кадр есебі бойынша жеке іс-парағы (нақты мекенжайы),

- Медициналық анықтама /086 – У нысан/ жұмысқа жарам­ дылығы жөнінде терапевтің қорытындысымен, - Еңбек кітапшасының көшірмесі /нотариуспен куәланды­ рылған/, - Білімі туралы құжаттың (диплом) көшірмесі /нотариуспен куәландырылған/, - Жеке куәлігі, - Тұрғылықты мекенжайы жөніндегі анықтама.

Қажетті құжаттар конкурс өткізу жөніндегі хабарландыру жарияланған сәттен бастап 10 жұмыс күні ішінде мына мекенжайға тапсырылады: БҚО, Зеленов ауданы, Асан ауылы, Рабочая көшесі, 10/1. Толық мәліметтерді алу телефоны: 27-42-44, (факс) 27-42-45.

ҚР Үкіметінің 2013 жылғы 18 наурыздағы №255 қау­лысымен бекітілген электрмен жабдықтаудың үлгілік шарты 2013 жылдың 8 маусымынан қолда­ нысқа енгі­зілгені туралы электр энергиясы тұтыну­ шыларының на­зарына жеткіземіз.

«Батыс Энергоресурсы» ЖШС-мен бұрын жасал­ ған ке­лісімшарттарды электрмен жабдықтаудың үлгілік шар­тымен сәйкестендіруді ұсынамыз. «Батыс Энергоресурсы» ЖШС

Қазталов ауданы Қараоба ауылының тұрғыны болған, аз ғана ұстаздық ғұмы­ рында зор беделге ие болған, асыл іні, абзал аға Талғат Қайырлыұлы Беисов­ тың бақилық болғанына 25 жыл, тірі бол­са ақпанның 15 жұлдызында 60 жасқа то­лар еді. Талғаттың жаны жәннатта, иманы жол­дас болсын. Біз оны әрдайым ортамызда деп есептейміз.

Сағынышпен еске алушылар: аға-жеңгесі, іні-келіні, қарындас-күйеу балалары, немере-жиендері Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледжі төмендегі бос орындарға конкурс жариялайды 1. Әлеуметтік педагог - 1 бірлік Біліктілік талаптары: жоғары білімді, еңбек өтілі 3 жылдан кем емес, мемлекеттік тілді және орыс тілін жетік білуі, компьютерде жұмыс істей білуі керек. 2. Жүйе администраторы - 1 бірлік 3. Кеңсе тіркеушісі - 1 бірлік Біліктілік талаптары: жоғары ақпараттық-техникалық білі­мі, қазақ, орыс және ағылшын тілдерін еркін меңгере білуі керек. Жұмыс өтілі 3-5 жылдан кем болмауы тиіс. 4. Оқу корпусының коменданты - 1 бірлік 5. Қоймашы - 1 бірлік Біліктілік талаптары: арнаулы орта білім, еңбек өтілі 3 жылдан кем емес.

Қажетті құжаттары: - байқауға қатысу туралы өтініші; - жеке куәлігінің көшірмесі; - жеке іс-қағазы; - еңбек кітапшасының көшірмесі; - дәрігерлік кітапшасының көшірмесі; - білімі туралы құжат, СТН, ӘЖК.

Газетке хабарландыру шыққан соң 15 күнтізбелік күн ішінде құжаттар мына мекенжайда қабылданады: Орал қ., Достық даңғылы, 173-үй, тел./факс: 510681, эл.пошта pedcollezh@mail.ru

«Болз» ЖШС ҚР Экологиялық кодексінің 57-бабына сәйкес БҚО экологиялық департаментіне №1 барлау-іздестіру ұңғы­ масы құрылысының жобасын мемлекеттік экологиялық са­раптама өткізу үшін тапсыруға ниеттенгенін хабарлайды. Жеке, заңды тұлғалар мен қоғамдық ұйымдардың пікірлері мына мекенжайда қабылданады: Орал қаласы, Л.Толстой көш., 59-үй, БҚО экология департаменті. Тел.: 50-04-81, 51-92-98, факс: 51-29-81.

«Сатбор» ШҚ ЖШС «Сатимола кен орнындағы құрамын­да калий және бор кездесетін тұздарды тәжірибелі-өнер­ кәсіптік өңдеу жобасының» қоршаған ортаға әсерін баға­лау жобасын ММ «Жайық-Каспий экология департаменті­не ҚР ҚОҚМ экологиялық реттеу және бақылау комитеті мемлекеттік экологиялық сараптамаға жолдайды. Мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу кезеңінде барлық мүдделі азаматтар мен қоғамдық бірлестіктерге өз пікірін төмендегі мекенжайға білдіру мүмкіндігі беріледі. Орал қаласы, Дамба тұйығы, 5/1, тел.: 24-04-62 «Урал Ойл энд Газ» ЖШС «БҚО Федоровский блогы, Рожковский ау­ мағындағы U-25 ұңғымасына жалғастыру бөлігіндегі, 5200 м тереңдікте U-24, U-26, U-33 іздестіру ұңғымаларын салуға арналған топтық тех­ника­лық жобасының №4 қосымшасына қоршаған ортаны қорғау тарауы» тақырыбы бойынша қоғамдық тыңдау өткізетіні туралы хабарлайды. Қоғамдық тыңдау 2014 жылдың 3 наурызында сағат 10.00-де қоғам­ ның (халықтың), Орал облысының жергілікті және өзге де мемлекеттік органдарының қатысуымен Батыс Қазақстан облысы, Зеленов ауданы, Чебатарев ауылының клубында өткізіледі. Жобаның толықтырылған мәліметтерімен «Урал Ойл энд Газ» ЖШС арқылы танысуға болады. «Урал Ойл энд Газ» ЖШС келесі мекенжай бойынша орналасқан: Орал қаласы, Достық даңғылы, 148 А-А1. Тел.: 8 (7112) 5005-08 (137).

«ОРАЛ ӨҢІРІ» Батыс Қазақстан облыстық қоғамдық-саяси газеті. 090000, Орал қаласы, Мұхит көшесі, 57/1. Е-mаіl: оral_oniri@inbox.ru Меншік иесі: «Жайық Пресс» ЖШС Бас директор

Жантас Набиоллаұлы САФУЛЛИН

Бас редактор Бауыржан ҒҰБАЙДУЛЛИН Редакция алқасы: Есенжол Қыстаубаев, Сырымбек Тұяқов (бас редактордың орын­ба­са­р­лары), Жаннат ЕСПОЛАЕВА (жауапты хатшы), Тоқтар КЕНЖЕҒАЛИЕВ (қоғамдық-саяси бөлім), Қазбек ҚАБЖАНОВ (арнайы тілші), Сәкен ӘБІЛХАЛЫҚОВ (экономика бөлімі), Нұрлыбек РАХМАНОВ (гуманитарлық бөлім). Меншікті тілшілер: Тілес ЖАЗЫҚБАЙ (Ақжайық ауданы) Нұрымбек Жапақов (Жәнібек ауданы) Өмірзақ Ақбасов (Жаңақала ауданы) Серік Жұмағалиев (Қазталов ауданы) Мүсірбек Айташев (Сырым ауданы)

8-711-42-21-720, 8-711-35-21-770, 8-711-41-21-755, 8-711-44-31-468, 8-711-34-31-126

Телефондар: Бас редактор 51-25-80, Бас редактордың орынбасарлары 24-17-08, 51-18-08

Жауапты хатшы 50-83-99. Жарнама қабылдау тел/факс: 51-51-09; Бухгалтерия 50-63-99.

Газет ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінде 2006 жылғы 4 мамырда тіркеліп, №7201-г куәлігі берілген

Е-mail: zhaikpress@inbox.ru Қолжазбаларға пiкiр айтылмайды және пай­­да­ла­ныл­маған хат автор­ларына жауап қай­та­рыл­май­ды. Деректердің дәлдiгi үшiн автор жауап­ты. Жарияланым авторларының пiкiрлерi ре­дак­ция көз­­қара­сын бiл­дiр­мейдi. Редакция тап­­сы­ры­сы­мен ­жа­зыл­ма­ған мате­риал­дар үшін қаламақы тө­лен­бейді. «Орал өңірінде» жа­рия­­лан­ған материалдарды сілтемесіз көшіріп ба­ су­ға бол­­май­­ды. Мақалалар электрондық нұсқада қабыл­да­на­ ды. Ж белгісімен жарияланған материалдар ақылы болып есептеледі.

Газет облыстық «Орал өңірі» га­зе­тi редакциясының компью­тер­­лiк орталығында терiлiп, бет­­тел­­дi. "Жайық Пресс" ЖШС баспаханасында басылды Индексі: 65428 Таралымы: 16438, 2 баспа табақ. Газет аптасына үш рет шығады. Корректорлар: Н.СҰЛТАНОВА, Д.шанкишева, ж.жайлауова Кезекшi редактор: а.жұмаева


8

керуен сарай Cенбі, 15 ақпан 2014 жыл

oral_oniri@inbox.ru

Шорттрекшілер финалда!

Сочиде өтіп жатқан қысқы олимпиада ойындарында шорт-тректен Қазақстан құрамасы 5 мың метрлік қашықтықта эстафеталық жарыста сәтті өнер көрсетті. Жартылай финалдық бәсеке­ де барлығы сегіз команда күш сынасты. Құрамында батысқазақ­стандықтар Абзал Әжіғалиев, Ай­дар Бекжанов, Нұрберген Жұма­ ғазиевке қоса қостанай­лық Денис Никиша бар қазақстандықтар

“Егіз”

АҚШ, Оңтүстік Корея, Нидерлан­ ды құрамаларымен жарысқа шық­ты. Жарыс барысында дүниежүзі­лік шорттрек жұлдыздары – оңтүс­тікко­реялықтар мен АҚШ шорттрек­шілері құлап қалғанын да ай­та кетейік. Нәтижесінде голлан­дық­­-

тардан кейін екінші орынды ие­ленген Қазақстан құ­рамасы фи­налға жолдама алып, айды аспан­ға шы­ ғарды. Бұл сенсациялық оқиға ретінде бағалануда. Сонымен, 21 ақпан күні жергілікті сағат 23.20-да басталатын финалда Ресей, Қытай, Нидерланды, Қазақстан және АҚШ құ­ рамалары медаль үшін та­ласпақ. Соңғы сынға аме­рикандықтар төрешілер­дің шешімімен қосылды. Ақтық бәсеке нәтижесіне қара­мастан, бұл – қазақ­стандық шорт­трекшілер үздік бестік құрамын­да деген сөз! Оралдағы жабық мұз айдыны сарайында он жылдай уақыт бұрын басталған талаптыларды тынбай баптау, мі­не, осындай жоғары нәтижеге жеткі­зіп отыр. Мұнда Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Мәді­ғали Қарсыбеков бастаған маман­дардың еңбегі мол.

Ғайса БӘЙМЕН

чемпион?!

Сочидегі ақ олимпиадада сирек кездесетін оқиға тіркелді. Тау шаңғысымен құлдилау сайысында

Құттықтаймыз! Орал қаласының тұрғыны, адал жар, тау шыңындай мәртебесі биік, ақылшы әке, біріне қамқор аға, мейі­рімді ата Асқар Сейілханұлы ҚУА­ НАЕВТЫ 18 ақпанда мерейлі 55 жа­сы­мен құттықтап, дүниедегі бар жақ­ сылықты алаңсыз кешіп, аман-есен жүре беріңіз деп тілек білдіреміз. Бала шақтан кеудеңде таласты үміт, Қаныңда жоқ әу бастан оғаш қылық. Өз күшіңмен келесің, асыл әке, Бақытыңды сәтімен қаластырып. Той тойлаған жақсы ғой жанұяңмен, Құда-жекжат, дос-бауыр, қариямен. Жүзге дейін талмастан, қажымастан, Жүзе бергін ұлы өмір-дариямен!

Ақ тілекпен: зайыбыңыз Назгүл, ұлыңыз Мұрагер, қыз-күйеу балаңыз Назерке-Ұлықбек, немере-жиендеріңіз Наргиза, Есминаз

Ерлікке құрмет Облыстық ішкі істер департамен­ тінде Кеңес әскерінің Ауғанстан­ нан шыға­ рылға­нына 25 жыл толуына орай салтанатты шара ұйымдас­ тырылды. Оған ауған соғысына қатысқан полиция қызметкерлері және ішкі істер құрылымдарының жас мамандары қатысты.

екі бірдей спортшы 1.47.57 секунд

Нұртас НАБИОЛЛАҰЛЫ, "Орал өңірі"

уақытпен алтын медальді жеңіп алды.

Тоқтар ҒАБДІРЕШҰЛЫ, "Орал өңірі"

Жеңімпаздардың есімі сло­ве­ниялық Тина Ма��е мен швейца­ риялық Доминика Гизин. Әрине, бұған дейін әлем чемпионатта­ры мен кубоктарында бет қарат­па­ған Тинаның табысы кездей­соқтық емес. Ал Доминика үшін Сочи қа­ ры аса сәтті болғаны даусыз. Гизин 2009 жылы Австрияда өткен жарыста Аня Перссонмен бірдей

Таяуда Атырау қаласында грек-рим күресінен 1997-2000 жылдары туылған жас­ өс­пірімдер арасында өт­кен республикалық турнирден жерлестеріміз бас жүлдемен оралды.

нәтиже көрсетіп, чемпион атанған екен. Күміс жүлде ешкімге берілген жоқ. Қола медаль Гизиннің отандасы Лара Гутқа бұйырды. «Бұл апта мен үшін бас айнал­ дырарлықтай болды. Қазір қуаны­ шым қойныма сыймай тұр! Тіпті чемпион боламын деп ойламақ түгілі, армандаған да емеспін. Олимпиада алтынын алғаннан кейінгі жеңістің дәмі арманнан да тәтті. Менен кейін қаншама та­маша спортшылар сайысты. Со­ лардың көрсеткен уақыттарын

қарап тұрудан асқан азап жоқ екен» депті Доминика Гизин. Алтын алған Тина Мазе: «Мен олимпиадаға тек жеңу үшін келіп, мақсатыма жеттім. Маусымның ортасында жеке бапкерім ауысып, біраз қиналған едім. Дегенмен уақыт менің шешімімнің дұ­рыстығын дәлелдеді. Доминикамен бірдей уақыт көрсеткеніме таңғалған жоқпын. Себебі менің спорттық карьерамда мұндай оқиға болды. Ең бастысы, алтын медаль!» – деді.

Қоржында 6 алтын Ауғанстаннан КСРО әскері­нің шығарылғанына 25 жыл толуы­на арналған жарысқа 16 команда құ­рамында 200-ден ас­там спортшы қатысты. Отыз­ға тарта жерлесі­­міз об­лы­сы­­­мыздың намысын қор­­ғады. Нә­­тижесінде олар­дың алтауы өз салмақ дә­ре­жесін­де үз­дік

бол­ды. Сөйтіп, жалпыко­ман­да­лық есеп бой­ынша батыс­қа­зақ­стан­дық­тар бас жүлдегер деп танылды. Алтыннан алқа тақ­­қандардың ішінде Азат Мұ­ха­мадиев (36 келі, №1 БЖСМ), Әділхан Ақунов (63 келі, №1 БЖСМ) бар.

Өз тілшіміз

Шарада департамент басшысы Махамбет Әбисатов ауған со­ ғысына қатысқан ІІД әкімшілік полиция басқармасының аға инспекторы Рашид Фазыловқа, қалалық ішкі істер басқармасы­­ның учаскелік полиция инспек­-

торы Қасым Төлеуовке және Те­ ректі аудандық ішкі істер бөлімі­нің қызметкері, полиция старши­насы Аязбек Киндербаев­қа Ішкі істер министрінің және ішкі істер депар­таментінің марапаты мен ал­ғысхаттарын салтанатты түрде табыс етті. Ауған соғысының от-жалынынан аман-есен оралған по­лиция қызметкерлері естеліктер айтып, жас полицейлердің қойған сұ­ рақ­тарына жауап берді. Сондай-ақ жиылғандар ауған соғы­сына байланысты «Ерлік – ұр­паққа мұра», «Ауғанстан – жү­рек­ тегі жара», «Ауғанстан от-жалы­ны» тақырыбында ұйымдасты­рыл­ған фотокөрме мен деректі фильмді тамашалады.

Қаратөбелік трио – бас жүлдегер Бейсенбі күні облыстық қазақ драма театрында «Ауған әндері» атты облыстық ән сайысының гала-концерті өтті. Кеште байқаудың аудандық, қалалық, облыстық іріктеу айналымдарынан өткен өнерпаздар өнер көрсетті. Концертті тамашалаушылар қа­тарында ауған соғысының арда­ герлері, сарбаздар, студент жастар, қала тұрғындары болды. ҚР Композиторлар одағының мүшесі, халықаралық байқаулардың лау­ реаты Жаскелең Ғайсағалиев тө­ рағалық еткен қазылар алқасының шешімі бойынша құрамында Айдос Жапақов, Рүстем Ақташев, Сәнжан Байтеміров өнер көрсет­

кен қаратөбелік трио аталмыш байқаудың бас жүлдесіне лайық деп танылды. Өнерпаздарға «Ау­ған соғысының мүгедектері жә­не ардагерлерінің Батыс Қазақ­стан облыстық қоға­мы» қоғам­ дық бірлестігі атынан бағалы сый­ лықтар мен алғысхат­тар табыс етілді.

Өз тілшіміз


19 15 02 2014