Issuu on Google+

Орал өңірі ОБЛЫСТЫҚ Қоғамдық-саяси газет

- 22 - 33

С

0

Сенбі, 1 ақпан 2014 жыл №12 (19931)

www.zhaikpress.kz

Газет 1918 жылғы 17 қарашадан шығып келеді. 1968 жылы "Құрмет Белгісі" орденімен марапатталған

«Алтын алманың»

С

0

oral_oniri@inbox.ru

ақпарат

жаңылтпашы Тарифтерді есептеу әдістемесі ескерілмеген керуен сарай

7 Бейсенбі күні физика-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің базасында 12 жылдық оқытудың жалпыға міндетті бастауыш білім беру стандартының жобасын талқылаған кеңес өтті.

Білім стандартының

жобасы талқыланды

К

еңеске «Назарбаев зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы білім сапасын бағалау депар­та­ ментінің аға менеджері Бақыт Әлібаева, Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы орта білім институтының директоры Есенгелді Тұяқов, Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы бастауыш білім әдістемесі зертханасының меңгерушісі Нәсіпкүл Сламбекова және т.б. қатысты. Аудандар мен қаладан арнайы ке­ ліп, 200-дей адам қатысқан кеңесте 12

жылдық оқытуға көшудегі бастауыш бі­лім беру жобасының ерекшеліктері ай­ тылып, мұғалімдер өз ойларын ортаға салды. 2015 жылдан бастап еліміз кезеңкезеңмен 12 жылдық білім беру жүйесіне көше бастайды. ҚР Білім және ғылым министрлігінің өкілдері осы мақсаттағы өз ұсыныстарын ортаға салып, ұстаз­ дар қауымын бірлесе жұмыс жасауға шақырды.

Гүлжамал ЖОЛДЫҒАЛИ

"Экосақшы" жұмыс үстінде

2

12

Әкемді құтқарған Ринатты іздеймін Ө

ткен жылдың 12 желтоқсан кү­ні әкемнің жол апатына түс­ кені туралы суық хабар алып, дереу ауруханаға барып, мән-жайды білдік. Жәнібек - Орал тас жолында, Орал қаласына жақын қалғанда жол көлік оқиғасы болған. Жеңіл автокөліктің бірі суға құлаған. Осы сәтте жол жиегінде көлігін жөндеп жатқан бір азамат суға құлаған көліктегі адамдарды құтқарып алып шығыпты. Көлікте Жәнібек ауданы Тау ауылының тұрғындары әкем Жеңіс Дүйсекенов, Базарғали Сұпығалиев, Ақылбек Бекесов және Қуатай Азбергенов болған. Өкініштісі, оқиға орнында Ақылбек қаза тапқан. Әкемді және қос азаматты өлім аузынан аман алып қалған Ринат Фардиев есімді жігіт екен. Бүгінде әкеміз арамызда. Ринатқа жедел алғыс айту ойымызда болды, бірақ хабарласуға телефон нөмірін таппай қойдық. «Ештен кеш жақсы» дейді, кеш

болса да, Ринаттың жақсылығын газет арқылы халыққа жария етуді жөн көрдім. Ринат, сізге айтар алғысымыз шексіз. Жасаған жақсылығыңыз Алладан қайтсын. Екі қызыңыз бар екен, қос қызғалдағыңыздың қызығын көріңіз. Бір-біріне жаны ашып, көмек қолын созатын адамдар азайған заманда сіздің бұл әрекетіңіз үлкен ерлікке тең. Мен мұғаліммін, сіздің ерлігіңізді шәкірттеріме көзіме жас алып тұрып, айтып бердім. Сізге үш отбасы мүшелері дән риза. Ринат, сіз нағыз ержүрек, адамгершілігі мол жан екенсіз. Біз сіз­ді таба алмай жүрміз, 8-705-184-44-73 , 8-705-390-74-16 телефонына хабарла­ суы­ңызды сұраймын.

Сымбат ЖЕҢІСҚЫЗЫ, Орал қаласы


2

АҚПАРАТ Сенбі, 1 ақпан 2014 жыл

oral_oniri@inbox.ru

Жаңа тағайындау Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімімен және облыс әкімі Нұрлан Ноғаевтың өкімімен Арман

P

P

P

P

Жақында Саратов облысы, Новузень аудандық ішкі іс­тер бөлімі қызметкерлерінің Қазталов ауданындағы әріп­тес­терімен кездесуі болып өтті. Онда қылмыстың алдын алуда бірлесе қимыл жасау мәселесі сөз болды. Қазталов аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы Б.Уртаев пен Новузень аудандық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары В.Глущенко өзара жедел байланыс жасап, қылмысқа тосқауыл қоюдың тетіктері жайында пікір алмасты. Жуырда Ақсай қаласында самбо күресінен 1998-1997 ж.т жасөспірімдер және қыздар арасында БҚО чемпионаты ұйымдастырылды. Оған облысымыздың барлық аудандарынын және Орал қаласынан командалар қатысты. Осы жарыста Теректі ауданының абыройын асқақтатқан Ақжайық ЖОББМ-ның оқушылары Мерлан Төлегенов (60 кг) және Нұрхат Сармулдин чемпион атанды. Қыздар арсында 44 кг салмақта Шаған ЖОББМ-ның 8-сынып оқушысы Әсем Мақ­ сотова өз салмағы бойынша күміс медальға ие болды. Ен­ді жеңімпаз палуандарымыз ақпан айының 17-18-і күнде­рі Ақтау қаласында өтетін ҚР чемпионатында облыс на­мысын қорғайтын болады.

Кәрімұлы Өтеғұлов облыс әкімінің орынбасары болып тағайындалды. Өңір басшысы Нұрлан Асқар­ұлы Ноғаев 31 қаң­ тарда өзінің жа­ңа орынбасарын облыс активіне таныстырды. Бұған дейін облыс әкімінің орын­­басары болған С.Сүлеймен басқа жұмысқа ауысуына байланысты бұл қызметтен босатылды. «Серік Кенжебекұлы облыс әкімі­нің орынбасары болып алты жа­рым жыл қызмет атқарды, білікті маман екендігін көрсете білді, қандай тапсырма жүктелсе де абыроймен орындап шықты. Өз тарапымнан сізге ризашылығым­ды білдіріп, алдағы уақытта атқарар қызметіңізге табыс, сәттіліктер ті­леймін» – деді Нұрлан Асқарұлы. Өз кезегінде сөз алған С.Сү­леймен өңір басшы­сына, бірге жұ­мыс істеген әріптестеріне жылы лебі­ зін білдіріп, алғысын айтты.

лыс әкімі Нұрлан

Кеңес әскерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 25 жыл толуына орай, Бөкей ордасы ауданының М.Мәметова атындағы орта мектеп кітапханасында «Афганистан живет в моей душе» атты кітап көрмесі жасақталып, «Балалар соғысқа қарсы» атты суреттер және патриоттық әндер байқауы өтті.

Кимді қабылдады.

Қала әкімі Алтай Көлгіновтің сөзіне қарағанда, 4 ақпаннан бастап, әр сейсенбі сайын «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының «Алгоритм» технопаркінде орналасқан кәсіпкерлерге қызмет көрсе­ту орталығында заңды және жеке тұлғалардан «бір терезе» қағи­ даты бойынша 12 меморганның мамандарымен келісуге өтініш­ тер қабылданатын болады. Былайша айтқанда, енді азаматтар мен кәсіпкерлер жер актісін рәсімдеген кезде қол қойдыру үшін қаланы шарлап жүгірмейді. Мұның бәрін бір жерде жасауға болады.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

Бейсенбі күні об­-

Орал қаласындағы №1 балалар кітапханасы оқушылар арасында «Туған өлкеге сиқырлы саяхат» тақырыбында әңгіме сабағын өткізді. Шараның мақсаты – қаламызда орналасқан тарихи ескерткіштермен тереңірек таныстыру. Шарада кітап көрмесі ұйымдастырылып, арнайы слайд көрсетілді. Оқушылар өз кезегінде тарихи ескерткіштерге арналған өлеңдер оқыды.

Орал қаласы әкімдігі шағын және орта бизнес нысан­ дарына жер телімдерін беру кезінде әкімшілік кедергілерді жою мақса­тын­да жаңа жобаның тұсауын кес­ті.

А.К.Өтеғұлов 1964 жылы ту­ған, білімі жоғары, 1989 жылы Саратов зоотехниктік-малдә­рі­гер­лік институтын ветеринардәрігер, 2007 жылы Батыс Қа­ зақстан инженерлік-техноло­гия­ лық университетін экономист мамандығы бойынша бітірген. 1989-1996 жылдар кезеңін­де Фурманов ауданындағы «Ақ­көл» кеңшарында аға, бас вете­ ринарлық дәрігер болып жұмыс істеді. 1996-1998 жылдарда – Қазталов ауданындағы «Тал­дыапан» ұжымдық ауыл шаруашылығы кәсіпор­ны­ның директоры. 1998-2002 жылдарда – Қазталов ауданы әкімі­нің орынбасары, облыс әкімі аппаратының агроөнер­кә­ сіптік кешені мәселелері жөніндегі бас инспекторы. 2002-2010 жылдары – Қаратөбе ауданының әкімі. 2010-2013 жылдары – Теректі ауданының әкімі. 2013 жылдан облыстық ауыл шаруашылығы бас­қар­масының басшысы. 2014 жылдың 31 қаңтарынан облыс әкімінің орынбасары.

Ноғаев ҚР Парла­ мен­ті Мәжілісінің депутаты, «Қазақ­ станның корейлер ассоциациясының» прези­денті Роман

Нұрлыбек РАХМАНОВ, «Орал өңірі»

Корей этнобірлестігінің ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСПАҚ – БҚО әкімі Нұрлан Ноғаев этнобірлестіктер жұмысына үнемі назар аударып, қолдау танытуда. Оралдағы корейлер қауымында қайғылы оқиға болды – облыс­ тық кәрістер қауымдастығы ақса­ қалдар кеңесінің төрағасы Георгий Ким дүниеден озды. Нұрлан Асқарұлы өзінің тығыз жұмыс кес­ тесіне қарамастан уақыт тауып, менімен бірге ақсақалдың отбасына көңіл айтуға бармақ. Сондай-

ақ бұл сапарымда облыстағы ко­рей этнобірлестігінің жұмысы­­мен таныспақпын. Елбасы Жолдауын талқыламақ жоспарымыз бар. Қазіргі сауатты қоғамымызға Жолдауды егжей-тегжейлі түсіндіру, таратудың қажеті жоқ деп есептеймін. Бәрі көрді, тыңдады, оқы­ды. Біз Жолдауды іске асыру жо­ лында не істей алатынымыз­ды талқылап, бағыт-бағдар, жобажос­пар жасауды ойластыруымыз

Тарифтерді есептеу әдістемесі ескерілмеген Орал қаласына іссапармен келген ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының орынбасары Аманжол Алпысбаев журналистермен брифинг өткізді.

Гүлбаршын ӘЖІГЕРЕЕВА, «Орал өңірі»

А

генттік төрағасының орынбасары ТМРА БҚО бойынша аумақтық департаментіне жоспарлы ішкі аудит жүргізуге келген. Тұтынушылар құқығын қорғау мақсатында «Жа­ йықжылуқуат» АҚ-ның жылумен

қамту қызметінің тарифтің шекті деңгейі бойынша құжаттары жете тексерілуде. Тексеру барысында өткен жылдың басында бекітілген «Жайықжылуқуат» АҚ тарифінің шекті деңгейі аумақтық департаментпен табиғи монополиялар су­бъектілерінің жылу қуатымен жабдықтау жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметтеріне тариф­ терді есептеу әдістемесінің кей­-

бір талаптары сақталмай қабыл­ данғаны анықталған. – Әдістемеде тариф және тұты­нушылар өңір халқының төлем қа­білетінің деңгейіне, инфля­ция­­ға әсеріне, жылу қуатын тұтыну құ­рылымына, өндірістік өнеркә­ сіп­тің даму деңгейіне және қуат­ты сақтауға ынталандыру сықылды жағдайларды ескере оты­рып, топ­тарға жіктеледі. Алдын ала жүргі­зілген тексеріс жұмыстары тариф­тің шекті деңгейі осы көрсеткіш­ терді ескермей қабылданғанын көрсетті. Бұл факт анықталды, кі­ нәлі қызметкерлер, департамент

басшысына дейін тәртіптік жауап­ кершілікке тартылатын болады, – деді Аманжол Әлиханұлы. Айта кетерлігі, аталмыш депар­ тамент өзінің 2013 жылғы 20 жел­ тоқсандағы бұйрығымен жылу қуа­­тын есептеу аспабының баржо­ғына байланысты қолданыла­ тын сараланған тарифтердің кү­шін жойған. Соған орай 2014 жыл­дың 1 қаңтарынан бастап тұрғын­ дар үшін қолданылатын тариф өз­ геріссіз қалып, 1 Гкал үшін 3318,16 теңгені құрады. Заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлерден тұра­ тын өзге тұтынушылар 1 Гкал үшін

керек. Стратегиялық жоспар­ды, Елбасының алға қойған мақ­сат­ тарын қалай іске асырсақ, ке­лешегіміз де солай болмақ. Сон­ дықтан бізге белсенділік керек, - деді қабылдаудан шыққан соң тілшілерге берген сұқбатында Роман Ким.

Суретті түсірген Александр КУПРИЕНКО 7700,60 теңгенің орнына 3358,58 теңге төлейтін болды. – «Жайықжылуқуат» кәсіпор­нында шығындардың кейбір көр­ сет­кіштері бойынша түйткілдер ба­ры анықталды, сондықтан жи­нақталған материалдарды Аста­ на­да тағы да тексереміз. БҚО бо­ йынша департамент орталық ап­парат қызметкерлерінің қолда­ уымен және аудит барысында жи­­нақтаған құжаттар негізінде «Жа­йықжылуқуат» АҚ-ға есептегіш құралдары жоқ кәсіпкерлермен 2013 жылдың қазан-желтоқсан ай­­ларына кері есеп айырысу, қа­ражаттарын қайтару талабын қо­йып отыр. Қажет болса, сотқа жү­гінеміз. Бұл мәселе агенттік төр­ ағасының бақылауында, – деді Аманжол Алпысбаев.


ҚОҒАМ oral_oniri@inbox.ru

Сенбі, 1 ақпан 2014 жыл

Облыс әкімі Н.Ноғаев белгілі жа-

“Отбасының бақытын қадірле”

зушы, халықаралық Абай клубының президенті Роллан Сейсенбаевты қабылдады. Нұрлан Асқарұлы мен

Ақжайық ауданының орталығы – Чапаевтағы “Радуга” славян-мәдени ор­талығы “Отбасының бақы­тын қадірле” атты кеш ұйымдастырды.

көрнекті жазушы-драмургтың әңгімесі әдебиет пен руханият төңірегінде өрбіп, тараптардың көзқарасы бір-бірімен жарасымды үйлесім тапты.

Серік ИХСАНҒАЛИ, «Орал өңірі»

Руханият төңірегіндегі – Бұл – Ақ Жайық өңіріне екін­­ і рет келуім. Қазақтың ақиық ш ақыны, жерле­сі­ңіз Жұбан Молда­ғалиев туған жеріне талай ша­ қырған еді. Ке­зінде сіздің өңір­ дің көп ақын-жазушыларының туын­дыларын тұ­шы­на оқыдым. Сөйтіп, Ақ Жайық өңірін көруге, тамашалауға қы­зық­тым. Сол ар­маным орындалып, былтыр қыр­ күйектің тамаша күндерінде та­мылжыған ару Оралды көру, Сы­рым батыр­дың елін аралау кө­ңі­лімде көрікті әсер қалдырды. Тап қазіргі кездесуден алған әсерім – әкіміңіз көп оқы­ған, пара­сат­­ты азамат екен. Елбасы­мыз Н.Назарбаев­тың осындай жас­­­тар­ды әкім­дікке тағайында­уы – жақсы іс. Өйткені олар күнде­­-

ДИДАРЛАСУ лікті жұмысында адамды, оның мүд­десі мен мұңын бірінші кезекке қояды. Халықтың да әкім туралы пікірі өте оңды. Тағы бір айта­рым, бұрынғы қасиетті Дешті Қыпшақ аумағында орналасқан Ресей мен Қазақстанның тату көршілігі қуан­тады. Мен осы ұлы екі елдің жарқын болашағына кәміл сенемін. Олар қашан да әлемде өз­дерінің лайықты орнын иеленуі тиіс. Енді әдебиет жайына ойыссам, өзім өмір сүріп жатқан Батыста қазақ әдебиеті аз оқылады. Осы олқылықтың орнын толтыру үшін

Сейсенбі күні «Нұр Отан» партиясы Орал қалалық филиалы мен Ж.Досмұхамедов

«Аманат» халықаралық журна­лын шығарудамыз. Сол арқылы қазақ әдебиетін, әсіресе, жас ақын-жа­ зушыларды АҚШ пен Батысқа та­ нытқымыз келеді. Жапондарда осындай ежелден қалыптасқан үрдіс бар. Олар өз әдебиетін әлемге таныту үшін ақша аяған емес. Сондай үрдіс түбінде бізге де келеді. Өзім қазақтың арғыбер­гі 500 жырауының шығарма­ ла­рын ағылшын тіліне аудар­тып, АҚШ-қа танытсам деймін. Сөз соңында айтарым, мен қашан да Ақ Жайық өңіріне құштар, тәнті адаммын, – деді журналистер-

сында Жолдау жайы

Таяуда Мемлекеттік қызмет істері агенттігі аумақтық департа­

сөз болды.

ментінің бастығы, облыстық тәр­

«Педагог» Жолдауды насихаттауда

Серғалин бас­пасөз мәслихатын

«Нұр Отан» партиясы мүшелері мен педагог­ тар қатысқан жиында білім беру, ғылым мен мәдениет, денсаулық мәселелері кеңінен сөз етілді. Алғаш сөз алған Ж.Досмұхамедов атын­­дағы колледж директоры Ш.Құрманәлина бі­ лім саласында Елбасы қойып отырған мәселе­ лердің өзектілігіне тоқталып, оның жүзеге ас­ырылу жағдайын баяндап өтті. Әсіресе, білім берудің жаңа жүйесіне көшуде колледждердің іс-әрекеті, олардың ролі, техникалық-кәсіп­тік саладағы оқушыны еңбек нарығына бейімдеу, теориялық білімді практикамен ұштас­ты­­ру тәжірибесінің мәні мен маңыздылығын баса айтты. – Колледжіміздегі бұл ұйым «Нұр Отан» партиясымен тығыз байланыста жұмыс жасайды. Мәселен, «Жолдаудан кейінгі ой» бастама­сы­ мен ардагерлермен, депутаттармен кездесу, ата-аналар жиналысында және ұйым мүшеле­рі 4-округ тұрғындарымен Жолдауды насихаттау-талқылау шараларын ұйымдастырды, - дейді «Педагог» ұйымының төрайымы Алтынгүл Жақсығұлқызы. Жиында Жолдауға қатысты баяндамалар тыңдалды.

Ақмоншақ МАҚСОТҚЫЗЫ

Суретті түсірген Темірболат ТОҚМАМБЕТОВ

мансұқ етпейді

«Педагог» бастауыш кеңейтілген жиналы-

ге берген сұхбатында шетелдегі қа­зақ жазушысы Роллан Сейсен­ баев. Қазақтың атақты жазушысы, драматург Роллан Сейсенбаев 1946 жылы Семей қаласында дү­ниеге келген. 1970 жылы сол қаладан жоғары оқу орнын бі­ тірген ол көркем әдебиетке бет бұрды. Жас кезінде еліміздегі студенттердің құрылыс жасақта­ рын құруға белсене қатысқан ке­лешек дарын иесі орыстың танымал жазушысы Г.Марковтың көзіне түсіпті. Мәскеудегі жоға­ры әдебиет курстарына шақы­рылған Роллан сол кезде Е.Евту­ шенко және О.Сүлейменовтер­ мен бірге оқыған екен. Сонан соң Мәскеуге КСРО Жазушылар ода­ғындағы жауапты жұмысқа қалдырылыпты.

Мемлекет мүдделерін

атындағы колледждің партия ұйымының

3

тіптік кеңес­тің төрағасы Әкімгерей өткізіп, был­тырғы атқарылған жұмыс туралы баяндады.

Серік ІЗБАСАРҰЛЫ, «Орал өңірі»

Ә

кімгерей Бексұлтан­ұлы­ның ай­туынша, өткен жылы департамент жұмысы үш бағытта ұйым­­­­дастырылып, жүргізілген. Атап айт­­қанда, мемлекеттік қызметке кадрлар ұсы­ну, әкімшілік рефор­маны онан әрі жүргізу және сы­байлас жемқорлыққа қарсы кү­­ ресті ұйымдастырып, жүзеге асыру. Көпке мәлім, өткен жылы мемлекеттік қызмет­ шілер «А» жә­не «Б» корпусы болып екіге бөлінді. Бүгінде біздің өңірде 8 саяси және «А» корпусының 19 қызметкері бар. 2014 жылдың 1 қаңтарына шаққанда, өңіріміз­ де­гі «Б» корпусының қызметкерлері 4115 адам­ды құрады. Мемлекеттік қыз­меткердің орташа жасы – 42. Өткен жылы мемлекет­тік органдар 558 бос орынға конкурс жа­ рия­лады. Сондай-ақ мемлекеттік қызметке 1046 адам қабылданып, 875-і жұмыстан босатылған. 29 мемлекеттік қызметкер жа­ ғым­сыз қылығы үшін қызметінен боса­тылса, 56 адам зейнетке шық­қан. Есепті мерзім ішінде 96, арыз-шағым бойынша 22 тек­се­-

­ру жүргізіліпті. Оның қоры­тындысы бо­ йынша 32 мемлекеттік қызметкерге тәртіп­тік жаза бе­­ріліпті. Жыл ішінде мемлекет­тік органдардағы әкімшілік ла­уазымдарға мем­лекеттік қызметкер­лердің ауысуы екі есеге азай­ған. Бас прокуратураның об­лыс­­тық құқықтық есепке алу басқарма­ сының деректеріне сәйкес, 2013 жылы сы­байлас жемқорлыққа қар­сы заңнаманы бұзғаны үшін 162 мемлекеттік қызметкер және заңмен теңестірілген лауазымды тұл­­ғалар тексерілген. Бұдан бас­қа жыл нә­ тижесі бойынша 51 адам қызметінен босатылыпты. Атап айтқанда, құқық қорғау ор­ гандарынан – 28, білім саласынан – 8 адам. Жалпы алғанда, сыбайлас жемқорлық жағдаяттары бі­лім саласында көп. Мәсе­ лен, 2012 жылы бұл көрсеткіш 37-ні құра­са, былтыр 53-ке жетті. Аудан­дар­дың ішінен Зеленов ауданында заңбұзушылық ба­­сым. Алдыңғы жылмен салыстырғанда, Теректі, Бөкей ордасы, Сырым, Шыңғырлау аудандарында заңбұзушылық өсіп отыр. Тек Ақжайық ауданында ғана көрсеткіш­тің төмендегені байқалады. Жыл бойына тәртіптік кеңестің 11 отырысы оздыры­лып, 66 тәртіптік іс қаралған. Әкімгерей Серғалин мемлекет­тік қызметке үміткер­ лерден тест алу бағдарламасына жаңа­лық­тар енгізілетінін айтып, сонымен бірге келешекте тест өткізуде құжаттар қабыл­дау үшін веб-портал, ХҚО және басқала­ рының қыз­ме­тін тиімді пайдалануға жол ашы­латынын мәлімдеді. Мәслихат соңын­да Ә.Серғалин өзара тиімді ынтымақ үшін БАҚ өкілдеріне шын жүректен алғыс ай­тып, олар­дың сұрақтарына жауап қайтарды.

Бұл шараға көп балалы отба­ сылар шақырылып, жанұя құн­ды­лықтары, әке-шешенің бала­ ның жарқын тағдырындағы ор­ны жайында ойлар ортаға салынып, өмірлері, еңбектері үлгілі ауылдастар туралы әңгімеленді. Кешке қатысқан аудан әкімі Нари­ман Төреғалиев “Қазақстан – 2050” Стратегиясын жүзеге асыратын бүгінгі ұл-қыздарды бай дәстүрімізге, еңбекке баулуда, ұлт-ұлыстар бірлігін шыңдауда “Радуга” осындай көптеген ша­ра ұйымдастырып жүргеніне алғы­ сын арнады. Жиналған отбасы­лардың әрқайсысы ән әуелету­ ден байқауға, викторина ойындарына қатысты.

Барлау жұмысы басталмақ «СиБу» инженерлік бұрғылау компаниясы» ЖШС Тасқала ауданында қоғамдық тыңдау өткізді. Аспан асты елінің өкілдері қоғамдық тыңдауда аталмыш аудан аумағындағы І Шежін жә­ не ІІ Шежін, І және ІІ Жармалай ауылдарында мұнай барлау қондырғысын қондыруға жергілікті тұрғындардан келісім сұрады. Алдағы уақытта аталған ауыл­дар маңына «СиБу» компаниясы 2 үлкен бұрғылау қон­­дырғысын орнатып, жұмыс бас­­тамақшы. Жиналған ауыл тұр­ ғын­дарына қонақтар жоспар­лары нақты іске асқан жағдай­да компания тарапынан жол жөн­деу мен елді мекенді көгал­дан­ дыруға көмек беретіндіктерін жеткізді.

Тоңып қалған екен... 30 қаңтар күні шамамен түнгі 22 сағатта БҚО ІІД әкімшілік полиция басқармасының жолпатрульдік полиция қызмет­кер­ лері Тельман Булатов пен Ми­хаил Твердохлебов Орал-Аты­­рау тас жолының 229 ша­қыры­ мында тоңып қалған Шымкент қаласының тұрғында­рын құт­ қар­ды. Атырау қала­сы­нан Шым­кентке бара жатқан “Кам­АЗ” көлігінің қатты аяздан жа­наржағармайы қатып қа­лып­ты. Кө­ лік жүргізушісі А.Бек­баев­тың қасында 3-4 адам бол­ған. Полиция көмекке келген уақытта оның екеуінің қолы үсіп кет­кен, бірақ олар ауруханаға барудан бас тартты. Оларды Ақ­суат ауылы жанындағы жол бо­ йында орналасқан «Салан­га» кафесіне апарып, тамақтан­дыр­­ған жол полициясы қызмет­ керлері таңға дейін көліктің қасында бол­ды. Жылынып жан шақыр­ған шымкенттік­тер ер­­тесіне таңғы сағат 7-де көлігін қызды­рып, аман-есен жолға шығып кетті.

Өз тілшілеріміз


4

мәслихат Сенбі, 1 ақпан 2014 жыл

oral_oniri@inbox.ru

Батыс Қазақстан облысының сайлау комиссияларының жаңа құрамын құру туралы Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының ХАБАРЫ «Қазақстан Республикасындағы сайлау ту­ралы» Қазақстан Республикасының Консти­туциялық Заңының 10-бабының 3-тармағына сәйкес Батыс Қазақстан облыстық, Орал қала­лық және аудандық мәслихатта­ры сайлау комиссияларының жаңа құра­мын құрудың басталғандығын хабарлайды. Сайлау комиссиясының құрамы – 7 (жеті) адам.

Саяси партиялардың немесе басқа да қоғамдық бірлестіктердің аумақтық, округтік және учаскелік сайлау комиссияларының құрамына үміткерлер туралы ұсыныстарын қабылдау мерзімі – 2014 жылдың 20 ақпаны­ нан 20 наурызға дейін. Облыстық мәслихатқа депутаттар сайлау бойынша аумақтық (облыстық), округтік сай-

Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты келесі сайлау комиссияларын құрайды: 1. Облыстық (аумақтық) сайлау комиссиясы – 1 (құрамы – 7 адам). Мекенжайы: Орал қ., Достық даңғылы 201. 2. Облыстық мәслихат депутаттарын сайлау бойынша округтік сайлау комиссиялары – 30 (құрамы – 210 адам). Соның ішінде: Облыстық мәслихат депутаттарын сайлау бойынша №1 округтік сайлау комиссиясы. Құрамы – 7 адам. Мекенжайы: Зеленов ауданы, Мичурин ауылы. Облыстық мәслихат депутаттарын сайлау бойынша №2 округтік сайлау комиссиясы. Құрамы – 7 адам. Мекенжайы: Ақжайық ауданы, Тайпақ ауылы. Облыстық мәслихат депутаттарын сайлау бойынша №3 округтік сайлау комиссиясы. Құрамы – 7 адам. Мекенжайы: Ақжайық ауданы, Чапаев ауылы. Облыстық мәслихат депутаттарын сайлау бойынша №4 округтік сайлау комиссиясы. Құрамы – 7 адам. Мекенжайы: Бөрлі ауданы, Ақсай қаласы. Облыстық мәслихат депутаттарын сайлау бойынша №5 округтік сайлау комиссиясы. Құрамы – 7 адам. Мекенжайы: Бөрлі ауданы, Бөрлі ауылы. Облыстық мәслихат депутаттарын сайлау бойынша №6 округтік сайлау комиссиясы. Құрамы – 7 адам. Мекенжайы: Жаңақала ауданы, Жаңақала ауылы. Облыстық мәслихат депутаттарын сайлау бойынша №7 округтік сайлау комиссиясы. Құрамы – 7 адам. Мекенжайы: Жәнібек ауданы, Жәнібек ауылы. Облыстық мәслихат депутаттарын сайлау бойынша №8 округтік сайлау комиссиясы. Құрамы – 7 адам. Мекенжайы: Зеленов ауданы, Дариян ауылы. Облыстық мәслихат депутаттарын сайлау бойынша №9 округтік сайлау комиссиясы. Құрамы – 7 адам. Мекенжайы: Орал қаласы. Облыстық мәслихат депутаттарын сайлау бойынша №10 округтік сайлау комиссиясы. Құрамы – 7 адам. Мекенжайы: Зеленов ауданы, Переметный ауылы. Облыстық мәслихат депутаттарын сайлау бойынша №11 округтік сайлау комиссиясы. Құрамы – 7 адам. Мекенжайы: Орал қаласы. Облыстық мәслихат депутаттарын сайлау бойынша №12

лау комиссияларының құрамына үміткер­лер туралы ұсыныстарды Батыс Қа­зақстан об­лыстық мәслихаты мына мекенжайда: Орал қаласы, Достық даңғылы, 201-үй, 301бөлме­де сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін қа­ былдайды. Құжаттарды тіркеуге және қабылдауға жауапты – облыстық мәслихаттың аппарат

округтік сайлау комиссиясы. Құрамы – 7 адам. Мекенжайы: Қазталов ауданы, Қазталов ауылы. Облыстық мәслихат депутаттарын сайлау бойынша №13 округтік сайлау комиссиясы. Құрамы – 7 адам. Мекенжайы: Қаратөбе ауданы, Қаратөбе ауылы. Облыстық мәслихат депутаттарын сайлау бойынша №14 округтік сайлау комиссиясы. Құрамы – 7 адам. Мекенжайы: Сырым ауданы, Жымпиты ауылы. Облыстық мәслихат депутаттарын сайлау бойынша №15 округтік сайлау комиссиясы. Құрамы – 7 адам. Мекенжайы: Тасқала ауданы, Тасқала ауылы. Облыстық мәслихат депутаттарын сайлау бойынша №16 округтік сайлау комиссиясы. Құрамы – 7 адам. Мекенжайы: Орал қаласы. Облыстық мәслихат депутаттарын сайлау бойынша №17 округтік сайлау комиссиясы. Құрамы – 7 адам. Мекенжайы: Теректі ауданы, Федоров ауылы. Облыстық мәслихат депутаттарын сайлау бойынша №18 округтік сайлау комиссиясы. Құрамы – 7 адам. Мекенжайы: Бөкей ордасы ауданы, Сайқын ауылы. Облыстық мәслихат депутаттарын сайлау бойынша №19 округтік сайлау комиссиясы. Құрамы – 7 адам. Мекенжайы: Шыңғырлау ауданы, Шыңғырлау ауылы. Облыстық мәслихат депутаттарын сайлау бойынша №20 округтік сайлау комиссиясы. Құрамы – 7 адам. Мекенжайы: Орал қаласы. Облыстық мәслихат депутаттарын сайлау бойынша №21 округтік сайлау комиссиясы. Құрамы – 7 адам. Мекенжайы: Орал қаласы. Облыстық мәслихат депутаттарын сайлау бойынша №22 округтік сайлау комиссиясы. Құрамы – 7 адам. Мекенжайы: Орал қаласы. Облыстық мәслихат депутаттарын сайлау бойынша №23 округтік сайлау комиссиясы. Құрамы – 7 адам. Мекенжайы: Орал қаласы. Облыстық мәслихат депутаттарын сайлау бойынша №24 округтік сайлау комиссиясы. Құрамы – 7 адам. Мекенжайы: Орал қаласы. Облыстық мәслихат депутаттарын сайлау бойынша №25 округтік сайлау комиссиясы. Құрамы – 7 адам.

басшысы Қ.Қосанов, байланыс телефондары: 513575, 519229. Қалалық және аудандық мәслихаттарға депутаттар сайлау бойынша аумақтық (қа­ лалық, аудандық), округтік және учаскелік сайлау комиссияларының құрамына үміт­керлер туралы ұсыныстарды тиісті мәсли­ хаттар қабылдайды.

Мекенжайы: Орал қаласы. Облыстық мәслихат депутаттарын сайлау бойынша №26 округтік сайлау комиссиясы. Құрамы – 7 адам. Мекенжайы: Орал қаласы. Облыстық мәслихат депутаттарын сайлау бойынша №27 округтік сайлау комиссиясы. Құрамы – 7 адам. Мекенжайы: Орал қаласы. Облыстық мәслихат депутаттарын сайлау бойынша №28 округтік сайлау комиссиясы. Құрамы – 7 адам. Мекенжайы: Орал қаласы. Облыстық мәслихат депутаттарын сайлау бойынша №29 округтік сайлау комиссиясы. Құрамы – 7 адам. Мекенжайы: Орал қаласы. Облыстық мәслихат депутаттарын сайлау бойынша №30 округтік сайлау комиссиясы. Құрамы – 7 адам. Мекенжайы: Орал қаласы. Әрбір саяси партия тиісті сайлау комиссиясының құрамына бір үміткер ұсынуға құқылы. Саяси партия сайлау комиссиясының құрамына осы саяси партияның мүшесі болып табылмайтын кандидатура ұсынуға құқылы. Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын адам Сайлау туралы Конституциялық заңның талаптарына сәйкес келуге тиіс. Сайлау комиссиясына үміткер тиісті комиссия орналасқан әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында тұруға тиіс. Көрсетілген мерзімде саяси партиялар мен басқа да қоғамдық бірлестіктер нақты сайлау комиссияларына ұсынылатын үміткерлердің тізімдерін тиісті мәслихаттарға жолдайды, оған мыналарды жалғайды: 1) тиісті сайлау комиссиясының құрамына үміткерді ұсынғаны туралы саяси партия органы немесе басқа да қоғамдық бірлестіктердің жарғысына сәйкес тиісінше өкілеттіктері бар олардың құрылымдық бөлімшелері мәжілісінің ХАТТАМАЛАРЫНАН суырмаларды; 2) саяси партияның немесе басқа да қоғамдық бірлестіктің, олардың құрылымдық бөлімшелерінің әділет органдарында ТІРКЕЛГЕНІ туралы құжаттың көшірмесін; 3) облыстық мәслихатқа депутаттар сайлау бойынша нақты сайлау комиссиясы көрсетіліп, оның жұмысына қатысуға келісімі туралы үміткердің облыстық мәслихатқа ӨТІНІШІ; 4) құжаттарды толтырарда анкеталық деректемелерде қателіктер жіберілмеуі мақсатында облыстық мәслихат ұсынылатын үміткердің өтінішіне жеке куәлігінің көшірмесін қоса жолдауды сұрайды Облыстық мәслихат хатшысы

М.ҚҰЛШАР

Қала тұрғындарының өзекті мәселелерін қарастыру мен өтініштерін қабылдау мақсатында Орал қалалық мәслихаты депутаттарының сайлау округтерінде азаматтарды жеке қабылдау күндері бекітілді Депутаттың аты-жөні, әкесінің аты

Қабылдау уақыты

Қабылдау орны

Мақсот Қабышұлы Берген, №2 сайлау округі

әр сәрсенбі сағ. 16.00-ден 18.00-ге дейін

«Мақсат» медколледжі

Марс Қадырғалиұлы Сатыбалдиев, №3 сайлау округі

әр сәрсенбі сағ. 9.00-ден 13.00-ге дейін және 14.00-ден 18.00-ге дейін

Орал қ. әкімдігі, 49-бөлме

Шалқыма Хайроллақызы Құрманәлина, №4 сайлау округі

әр сейсенбі, әр сенбі сағ. 10.00-ден 12.00-ге дейін

Достық даңғ., 73, 33-бөлме

Сергей Александрович Потиченко, №5 сайлау округі

Айдың 2-ші, 4-ші аптасының әр бейсенбісі сағ. 11.00-ден 12.00-ге дейін

«Зенит» МҮ

Марат Жаулыбайұлы Қаженов, №6 сайлау округі

Айдың алғашқы сенбісі сағ. 10.00-ден 12.00-ге дейін

№42 ЖББМ

Қайдар Жасенұлы Қощанов, №8 сайлау округі

Дүйсен��і-жұма сағ. 10.00-ден 12.00-ге дейін, 15.00-ден 17.00-ге дейін

Дина Ерсейітқызы Ғалиметденова, №9 сайлау округі

Дүйсенбі-жұма сағ. 9.00-ден 18.00-ге дейін

Валерий Павлович Власов, №10 сайлау округі

әр бейсенбі 15.00-ден 17.00-ге дейін

№7 ЖББМ Д. Нұрпейісова көш., 15/1 «Конденсат» АҚ ғимараты С. Датов көш., 3

Александр Павлович Наугольнов, №12 сайлау округі

Дүйсенбі-жұма 9.00-ден 18.00-ге дейін

Достық даңғ., 244/1 «ЭКСПО» ЖШС

Мирас Хайдарұлы Муташев, №14 сайлау округі

Дүйсенбі-жұма 9.00-ден 17.00-ге дейін

«Кедентранссервис» АҚ ғимараты

Амангелді Шманғалиұлы Ермекқалиев, №15 сайлау округі

Дүйсенбі-жұма 9.00-ден 17.00-ге дейін

«Аяз» ЖШС ғимараты

Ляна Алексеевна Турсынова, №16 сайлау округі

Айдың алғашқы сенбісі 14.00-ден бастап

6-ш/а, №44 ЖББМ

Валентина Павловна Михно, №17 сайлау округі

Айдың әр сейсенбісі 16.00-ден 17.00-ге дейін

С. Датов көш., 13/1 «Отделстрой»

Аветик Рубенович Амирханян, №18 сайлау округі

Дүйсенбі-жұма 9.00-ден 18.00-ге дейін

Жуков көш., 15

Асқар Тілекқабылұлы Ликеров, №19 сайлау округі

Айдың әр сәрсенбісі 10.00-ден 12.00-ге дейін

№39 ЖББМ

Жұмабай Исқабылұлы Айтуев, №20 сайлау округі

Айдың соңғы жұмасы 15.00-ден 17.00-ге дейін

Деркөл ауылы, әкімдіктің бұрынғы ғимараты


14 1

120 257 258

266

269

271

279

0 0 0 177 844 177 844 42 844

06 9 266

135 000 0 0 0 3 535 462 3 535 462 0 0 711 908 711 908 2 759 836 2 759 836

07 1 271

10 1 258

13 9 266

0

0

5 001 002

48 426

0 0 0 0 0

13 9 257

15 292 15 292

279 0 0

0 0 0 0

23 381 135 23 381 135 23 381 135 0 23 381 135 0 0 0

0

0

0

0 0 0 0 0 0 0 0 0 0 0 0 0 0 0 0 0 0

Сома

Бюджеттік несиелерді өтеу 0 Бюджеттік кредиттерді өтеу 0 Мемлекеттік бюджеттен берілген бюджеттік несиелерді өтеу Жергілікті бюджеттен берілген пайдаланылмаған бюджеттік кредиттерді қайтару IV. Қаржы активтермен жасалатын операциялар бойынша сальдо 0

1

48 426

0

Атауы

Бағдарлама

9

5 975 531

Iшкi сыныбы

13

0

Бюджеттін бағдарла­ма­ ның әкімгері

268

0 0 6 403 616 6 225 772 6 225 772 0 250 241 0

Атауы

Қаржы активтерін сатып алу Басқалар Басқалар Облыстың қаржы басқармасы 005 Заңды тұлғалардың жарғылық капиталын қалыптастыру немесе ұлғайту Облыстың Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы 033 Мамандандырылған өңiрлiк ұйымдардың жарғылық капиталдарын ұлғайту

Сома

0 0 0 0 0 0 0

0 0 0

Iшкi сыныбы

9

0

Сыныбы

268

257

20 282 20 282

Кіші функция

4

1

Сыныбы

268

15

Санаты

1

257

Функционалдық топ

12

0

Санаты

272

124 Облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттерінен берілетін нысаналы трансферттердің есебінен табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың салдарларын жою, әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң саяси, экономикалық және әлеуметтiк тұрақтылығына, адамдардың өмiрi мен денсаулығына қауіп төндiретiн жалпы республикалық немесе халықаралық маңызы бар жағдайларды жою бойынша даму шығыстарына арналған іс-шаралар жүргізу Облыстың сәулет және қала құрылысы басқармасы 001 Жергілікті деңгейде сәулет және қала құрылысы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер 002 Қала құрылысын дамытудың кешенді схемаларын және елді мекендердің бас жоспарларын әзірлеу 003 Ақпараттық жүйелер құру 113 Жергілікті бюджеттерден берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер Көлiк және коммуникация Автомобиль көлiгi Облыстың жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы 002 Көлік инфрақұрылымын дамыту 003 Автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету 007 Аудандардың (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттеріне көлік инфрақұрылымын дамытуға берілетін нысаналы даму трансферттері 008 Аудандардың (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттеріне аудандық және елді мекендердің көшелерін маңызы бар автомобиль жолдарын (қала көшелерін) күрделі және орташа жөндеуден өткізуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер 025 Облыстық автомобиль жолдарын және елді мекендердің көшелерін күрделі және орташа жөндеу Әуе көлiгi Облыстың жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы 004 Жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша тұрақты ішкі әуетасымалдарды субсидиялау Көлiк және коммуникациялар саласындағы басқа да қызметтер Облыстың жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы 001 Жергілікті деңгейде көлік және коммуникация саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер 005 Әлеуметтiк маңызы бар ауданаралық (қалааралық) қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын субсидиялау 006 Ақпараттық жүйелер құру 113 Жергілікті бюджеттерден берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер 114 Жергілікті бюджеттерден берілетін нысаналы даму трансферттері Басқалар Басқалар Облыс әкiмiнiң аппараты 065 Заңды тұлғалардың жарғылық капиталын қалыптастыру немесе ұлғайту Облыстың қаржы басқармасы 012 Облыстың жергілікті атқарушы органының резерві Облыстың экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы 003 Жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалардың және концес­ сиялық жобалардың техника-экономикалық негіздемесін әзірлеу немесе түзету және оған сараптама жүргізу, концессиялық жобаларды консультациялық сүйемелдеу 020 Аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттеріне «Өңірлерді дамыту» Бағдарламасы шеңберінде өңірлерді экономикалық дамытуға жәрдемдесу бойынша шараларды іске асыруға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер 047 Аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттерiне жергілікті атқарушы органдардың штат санын ұлғайтуға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер Облыстың кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы 001 Жергілікті деңгейде кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық қызметті дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер 005 «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы шеңберінде жеке кәсіпкерлікті қолдау 010 «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы шеңберінде кредиттер бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау 011 «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы шеңберінде шағын және орта бизнеске кредиттерді ішінара кепілдендіру 012 «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы шеңберінде бизнесті жүргізуді сервистік қолдау 038 Аудандардың (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттеріне Моноқалаларды дамытудың 2012 - 2020 жылдарға арналған бағдарламасы шеңберінде ағымдағы іс-шараларды іске асыруға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер Облыстың дін істері басқармасы 001 Жергілікті деңгейде дін істер саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер Облыстың құрылыс басқармасы 051 «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы шеңберінде индустриялық инфрақұрылымды дамыту Облыстың Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы 024 «Бизнестiң жол картасы - 2020» бағдарламасы шеңберiнде индустриялық инфрақұрылымды дамыту 035 Аудандардың (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттеріне «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы шеңберінде инженерлік инфрақұрылымын дамыту үшін берілетін нысаналы даму трансферттері 036 Аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттеріне Моноқалаларды дамытудың 2012 - 2020 жылдарға арнал­ған бағдарламасы шеңберінде моноқалаларды нысаналы жай­ластыруға берілетін нысаналы ағымдағы трансферттер

084 Моноқалаларды дамытудың 2012 - 2020 жылдарға арналған бағ­ дарламасы шеңберінде бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыру Борышқа қызмет көрсету Борышқа қызмет көрсету Облыстың қаржы басқармасы 016 Жергiлiктi атқарушы органдардың республикалық бюджеттен қарыздар бойынша сыйақылар мен өзге де төлемдердi төлеу бойынша борышына қызмет көрсету Трансферттер Трансферттер Облыстың қаржы басқармасы 006 Бюджеттік алып қоюлар 007 Субвенциялар 011 Нысаналы пайдаланылмаған (толық пайдаланылмаған) трансферттерді қайтару 017 Нысаналы мақсатқа сай пайдаланылмаған нысаналы трансферттерді қайтару 024 Мемлекеттік органдардың функцияларын мемлекеттік басқарудың төмен тұрған деңгейлерінен жоғарғы деңгейлерге беруге байланысты жоғары тұрған бюджеттерге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер 026 Заңнаманың өзгеруіне байланысты жоғары тұрған бюджеттен төмен тұрған бюджеттерге өтемақыға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер 029 Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң саяси, экономикалық және әлеуметтiк тұрақтылығына, адамдардың өмiрi мен денсаулығына қатер төндiретiн табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған жағдайда жалпы республикалық немесе халықаралық маңызы бар ісшаралар жүргізуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер 030 Бюджет саласындағы еңбекақы төлеу қорының өзгеруіне байланысты жоғары тұрған бюджеттерге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер III Таза бюджеттік несиелендіру Бюджеттік несиелер Әлеуметтiк көмек және әлеуметтiк қамсыздандыру Әлеуметтiк көмек және әлеуметтiк қамтамасыз ету салаларындағы өзге де қызметтер Облыстың кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы 006 “Жұмыспен қамту – 2020 жол картасы” шеңберінде ауылдағы кәсіпкер­ лікті дамытуға жәрдемдесу үшін бюджеттік кредиттер беру Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық Тұрғын үй шаруашылығы Облыстың құрылыс басқармасы 009 Аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттеріне тұрғын үй жобалауға, салуға және (немесе) сатып алуға кредит беру Ауыл шаруашылығы Ауыл шаруашылығы Облыстың экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы 007 Мамандарды әлеуметтік қолдау шараларын іске асыру үшін жергілікті атқарушы органдарға берілетін бюджеттік кредиттер Басқалар Басқалар Облыстың кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық бас­қармасы 015 Аудандардың (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттеріне моноқалаларда кәсіпкерліктің дамуына ықпал етуге кредиттер беру

6 0

1 001

Атауы Мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер Мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер Қаржы активтерін ел ішінде сатудан түсетін түсімдер V. Бюджет тапшылығы (профициті) VI. Бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану)

Сома 0 0 0 0 0


6

АУЫЛ-АЙМАҚ Сенбі, 1 ақпан 2014 жыл

oral_oniri@inbox.ru

Тоғанасты түлетіп еді 1950 жылы №117 жылқы зауытының кейін «Правда» газеті атындағы астық совхозы болып құрылғанда оның директоры тізгінін ұстаған Виктор Игнатьевич Шу­биннің есімі облыс жұртшылығы үшін аңызға, мақтанышқа айналған. Ол шаруа­ шылықты 1995 жы­ лы зейнеткерлікке шыққанға дейін басқарды.

Б

үгінде марқұм, кезінде шар­уақор жан бас­ шылық еткен шаруа­шы­лықтың қол жеткізген же­тістік­ теріне көз жүгіртер болсақ, таң­ данбау мүмкін емес. 1956 жылы 30 мың гектар тыңайған егістік алқаптың әр гектарынан 11 центнерден өнім алынып, мемлекетке 1 млн. 800 мың пұт астық өткізілген. Ал 1957 жыл­ғы 14 қаңтарда В.Шубинге мемлекетке ауыл шаруашылығы өнімдерін тапсырудағы жоғары көрсеткіштері үшін Социалистік Еңбек Ері атағы берілді. В.Шубин басшылық еткен шар­ уашылық 1956 жылы егін шар­ уашылығын игеруде «Мәде­ниеті жо­ғары» деген атаққа ие болса, 1971 жылы совхозға «Еңбек Қызыл Ту» ордені тапсырылды. 1974 жы­ лы совхозға «Коммунистік еңбек ұжымы» атағы беріліп, 1990 жылы В.Шу­биннің есімі Құрмет кітабына енгізіліп, ауданның құрметті азаматы атанды. Сондай-ақ іскер де тәжірибелі басшы В.Шубин басшылық еткен кеңшардың аты ҚазКСР-ның Алтын кітабына енгізіліп, кеңшар жо­­ғары жетістіктері үшін бірне­ше рет ауыспалы Қызыл ту, дипломдар, куәлік, медальдармен де марапатталды. В.Шубин халықты еңбек етуге, ұйымшылдыққа жұмылдыра отырып, егін, мал шаруашылығын дамытумен қатар орталықтан өзгелер таңдана қарайтын әсем ғимараттар мен түрлі өндіріс

бір кезде... В.Шубин халықты еңбек етуге, ұйым­шыл­дыққа жұмыл­

● Дін-діңгек Аудандық мәдениет үйінің фойесінде жастарды жат діни ағымдардан сақтандыру мақсатында құрылған ақпа­раттық насихат тобы мүшелерінің қатысуымен аудан жастарының басын қосқан дөңгелек үстел діни экстремизмнің алдын алу тақырыбын қаузады.

Дін тақырыбын қаузады

дыра отырып, егін, мал шар­­уа­шылы­ғын да­мы­тумен қатар орта­­лық­тан өзгелер таңдана қарайтын әсем ғима­раттар мен түрлі өндіріс орындарын салғызуға ұйытқы болды.

орындарын салғызуға ұйытқы болды. Бүгінде ел халқы кеңшардың атын күллі одаққа мәлім еткен ше­­­бер басшы В.Шубиннің өнегелі де ұлағатты еңбектерін тамсана, таңдана әңгімелейді. «Ер есімі – ел есінде» дегендей, соғыс және еңбек ардагері, төрт мәрте Ленин және Қазан рево­ люциясы ордендерінің иегері, Со­циалистік Еңбек Ері, бірнеше медальдармен марапатталған, Сырым ауданының құрметті азама­ты, марқұм Виктор Шубиннің ту­ ғанына 95 жыл және тың игерудің 60 жылдығына арналған салта­ натты шара жуырда Шубиннің өзі­ нің есімімен аталатын орта мектепте аталып өтті. Шара алдында облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бас­шысы А.Өтеғұлов, Сырым ау­да­ нының әкімі А.Шыныбеков, об­ лыстық мәслихаттың депутаты Ғ.Жаңбырбаев бастаған бір топ қонақтар, В.Шубинді көре қалған азаматтар Тоғанас ауылындағы В.Шубин жерленген зиратта болып, марқұмның рухына баста­рын иіп, гүл шоқтарын қойды, ес­ке алу рәсімдерін жасады. В.Шубин атындағы орта мек­теп­тің төменгі қабатында «Жақ­сы­ның аты өлмейді...» дегендей, осы өңірде өзінің ізін, қолтаңба­сын мәңгілік қалдырған дара тұлғаға арналған мүсінді ашудың салтанатты шарасы одан әрі жал­ ғасты. Облыс, ауданнан келген қонақтар, тоғанастықтар мектеп-

тегі Шубинге арналған мұражай­ды аралап, соғыс және еңбек ар­ дагері тұтынған құралдарды, бұ­ йым­дарды, тарихи құжаттарды кө­ріп, ардагердің өнегелі өмір жолда­рынан мол мағлұматтар алды. Мектептің мәжіліс залында өт­ кен салтанатты жиында аудан әкі­мі Абат Шыныбеков соңында өш­­пес із қалдырған дара тұлға, шебер басшы, қоғам қайраткері Виктор Игнатьевичтің өмір өткел­дері мен қызмет баспалдақтары туралы кеңінен қамтып, баяндама жасады. Шара барысында облыс­тық ауыл шаруашылығы басқарма­сы­ ның басшысы Арман Өтеғұлов, ауданның құрметті азаматы, ке­ зін­де қызметтес болған Есберген Әжібаев, еңбек ардагерлері Михаил Овсянников, Қазихан Қа­ жымұратов, ардагер ағаны көре қалған қызметтестері Ғайнолла Сүлейменов, Марат Оңғарбеков В.Шубин туралы тұшымды есте­ліктер айтып, кейінгі буын жас­ тарға үлгі-өнеге боларлықтай орам­­ды ойларын ортаға салды. Сонымен қатар жиын барысында Социалистік Еңбек Ері В.Шу­ биннің ғибратты өмір жолынан сыр шертетін бейнефильм қа­ты­ сушылардың назарына ұсы­нылды. Салтанат соңы арнайы әзір­ ленген концерттік бағдарламаға ұласты.

Мүсірбек АЙТАШЕВ, Сырым ауданы

Аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Абат Зейнуллиннің кі­ріспе сөзімен ашылған шарада өңірдегі діни ахуалдың жай-кү­йі баяндалып, деректі фильм көр­ сетілді. Абат Кәрім­ұлы­ның айтуын­ ша, өңірде аудан әкі­мі жанын­ да­ғы діни бірлестіктер­мен бай­ланыс жөніндегі комиссия жұ­мыс жасайды. Екі рет «Дін жә­не жастар» тақырыбында аудан­­дық семинар-кеңес өткізілген. Дін мә­селесі бойынша 16 рет кездесу өтіп, оған 1065 адам қатысып, дә­ріс тыңдаған. Қазіргі таңда аудан бойынша Қазақстан мұсылмандар діни бас­қармасынан тіркеуден өткен 2 мешіт бар. Оның біреуі аудан ор­талығындағы Мешіт үйі бол­са, екіншісі Егіндікөл ауылындағы шағын мешіт. Орталық мешіт «Мегалайн» кең жолақты ғаламтор желісіне қосылған. Мешіттің бас имамы Әділжан Бекқазиев Қазақстан мұсылмандар діни басқармасына қарас­ты Алматы қаласындағы респуб­ли­ калық имамдардың білімін жетілдіру Ислам институтында төрт айлық білім жетілдіру курсынан өтті. Оның сыртында дін жолын­да жүрген 4 азамат облыстық бі­ лім жетілдірудің 10 күндік кур­сын бітіріп, сертификатқа ие болды. Сонымен қатар аудандық «Мұ­хит жастары» жастар қоғам­­дық бірлестігіне теолог-маман Бекайдар Ақташев қызметке кірісті. Жастарды жат діни ағымдар­

дан аулақ болуға шақыру мақ­ сатын көздеген шарада ау­дан­дық ардагерлер кеңесінің төр­ ағасы Орынғали Ермекқалиев жастар тәрбиесі жөнінде ақылкеңесін айтып, өмір өткелдері­ нен Қаратөбе өңірінен шығып, ел мерейін асырған еңбек, өнер, ғы­лым саласының даңқты адамдары жөнінде сыр толғады. – Дін мәселесі күн тәртібінен түспейтін өзекті мәселелердің бі­ріне айналып отыр. Мұсыл­ман баласы дінді берік ұстануы тиіс. Дінсіз адамзат, дінсіз мәде­ниет болмайды. Қазақта ауыр сөз­ дердің бірі «дінсіз» деген сөз. Ада­судың бәрі дінді атүсті қа­ былдағаннан боп жатады. Ислам дінін негізінен алғанда, білікті маманнан оқып үйренген жөн. Екі адам ғана дінді үйрене ал­майды. Біріншісі – тәкаппар адам, екіншісі – ұялшақ адам. «Отан иман­­нан...» деген хадис бар. Адам­ да ең алдымен иман болуы тиіс. Иман дегеніміз – обал-сауапты білу, адамгершілікті ұстану. Ел жастарының адамгершілі­гі мол, патриоттық рухы биік, бі­ лімді де дарынды азамат болып өсіп жетілгендігін қалаймын, – деді өз кезегінде сөз алған ау­дан­ дық мешіттің бас имамы Әділ­­жан Бекқазиев. Шара аясында ауыл жастары мешіт имамына сауалдар қойып, ой-пікірлерімен бөлісті.

Ертай БИМҰХАНОВ, Қаратөбе ауданы

Дұрыс пен бұрысты айыра біл Ақжайық ауданында «Асыл дініңді ардақта», «Жат ағым жарға жығады», «Дін тазалығы – елдіктің белгісі» және басқа тақырыптағы кездесулер жүйелі түрде ұйым­ дас­тырылып келеді. Жуырда соның бірі біздің ауылда да өтті. Мұнда діни ахуал, теріс бағыттағы діни ағымдардың зар­ дабы, жүгенсіздік пен лаңкестік­тің алдын алу бойынша атқарыл­ ған істер жан-жақты, ұғынықты баяндалды. Кездесуде облыстық ішкі сая­сат басқармасының тапсырысы­ мен дайындалған «Жат ағыммен

арбалғандар» фильмі көрсетілді. Егер осындай мазмұнды фильм­ дер көбірек жарыққа шықса, жиі көрсетілсе, жас ұрпаққа сал­мақ­ ты ой салып, дұрыс жолды таңда­ уына бағыт берері хақ.

Ләззат ЕРМҰХАНОВА, Мерген ауылы, Ақжайық ауданы


ел-жұрт Сенбі, 1 ақпан 2014 жыл

oral_oniri@inbox.ru

7

Жазбайын деп едім... Шынында, осы жазудың құны кеткелі қашан?! Тек жұртқа көзтүрткі, мазақ әңгіме боласың да жүресің. Басқа басқа, әлгі жаман кемпірің де «Сен кімнің шікірәсі» (Мэлс сөзі), көбі «пішту» деп жүр деп кергиді. Апыр-ау, бұл қазақта сонда сөзге тоқтау деген атымен құрығаны ма? «Мен қазақ қыздарына қай­ран қалмаймын» деп ой тас­ тап едім, талап жеді. «Жиен еш­ қашан немере болмайды» деп едім, қалмақтан бетер түнер­ді. Бұларды қойшы, Махам­бет­ ті өлтірген, Абайды сабаған қа­зақ­тар ғой, кәсіптері белгі­лі, ал зиялы, ғалым інішектерге не дерсің?! Ойбай-ау, Қыз­жі­­бек, Ақжайық деп бірге жа­зу­ды құптаған бұл «зияндылар» мен «залымдарға» не дей­­сіз?! Бірде Семейде – Абай ту­ған өл­кесінде болғанда бір да­на ақсақал: – Балам, қай елден келдің? – деді. – Ақ Жайықтан! – Ә, шіркін! Сұлулықтың пірі мен қаһармандар елі ғой Ақ Жайық, - деп тамсанды қария. Кеше Қазақстанда бағасы арық қойдай, ал әлем зиялылары алақанға салып отырған қаламгер Роллан Сейсенбаев студенттермен кездесті де:

– Ақ Жайық! Бұрындары Қа­­зақстанның ең жауһар, ең намысты елі еді. Соңында ақы­нын өлтірген, батырын батыр­ған жұртқа айналды-ау, - деді. Ал, өлмей гөр! Халқым, не десек те, Қыз Жібек, Ақ Жайық, Ер Тарғын – бүкіл халқымыз қойған мәңгі тұрақты эпитеттер, бұларды қо­ су, майдалау мүмкін емес! Қосып, алып жазғанда не тұр дерсіз? Олай емес, тіпті бір сөз­дің орнын ауыстыруға бол­майды! Не­ге, тү­ сіндірелік... «Егемен Қа­зақстан» рес­пуб­­ли­калық Бас газеті қазір тү­­зел­­ді. Бұдан аз бұрын «ресми», «кіл ақпарат», «үкімет» газеті атынан мүлде арылғандай. Біз га­зет­тің әр нөмірін, әсіресе, «ет­жеңді» са­нын тағатсыз күтіп отырамыз және дәрісалды сәт­ті «Егемен Қа­зақстаннан» бас­та­ ған ағымды газет-жорналдармен таныстырудан бастаймыз. Сол үрдіспен бүгінгі «Егемен Қа­зақ­

станды» шо­­лып шықтым. Оралхан аға туралы мақаланы, әне бір «Ізгілік иірімінде» сірә, ар­тық болмас деп таныстырып едім, Әдемі есім­ді студент: – Аға, мына автор (Әділ Ахметов, Қазақстанның еңбек сіңір­ген қайраткері) «Ақылдыдан шық­­­қан сөз талаптыға болсын кез» (Абай) дейді, ал сіз бізге акт залының жоғарғы жағына «Бі­ лімдіден шыққан сөз, талап­ты­ға болсын кез» деп жазған жөн деп біраз жұмыстанып едіңіз ғой... Шыным сол! Қай оқу орнына бармаңыз, оның маңдайшасын­ да «Кел, балалар, оқылық!», «Бі­ лім әлеміне қош келдіңіздер!» деп жаттанды жария арнау жа­ за береді, ал біз университетпіз ғой, осы Абайдың қанатты сөзі бізге керемет үйлеседі деп үн қосқанымыз бар-ды. Бір сөз­­де тұрған дәнеме жоқ (мен бұ­ рынғы коммуниспін), ұлылар сөзін өз қалауыңызша ауыстыра беру жарамайды. Қай газетке де, қай атақты адамға да аяқ ас­ ты­нан қателесу үлкен абырой әкелмейді. Сынау үшін емес, игі тілекпен

Серікқали ШАРАБАСОВ, М.Өтемісов атындағы БҚМУ-дың ұстаз-ғалымы

«Алтын алманың» жаңылтпашы Осыдан ай жарым бұрын қазіргі А.Скоробогатов, бұрынғы К.Либкнехт атындағы көшенің бойында тұратын бір туысқанымыз қонаққа шақырып, сол кісінің үйіне таяй бергенімізде, қасымдағы зайыбым «Мына көшенің атауын тағы өзгерткен бе?» деп аңтарыла сұрады. Жұбайым көз тіккен тұсқа назар аударып едім, шартабақтай шаршыға «Алтын алма» деп бадырайтып жазылған екен. Айналама зер салып, қай көшеге қара­ сам да, қаптаған «Алтын алма»... Тура осы мәселе бойынша редак­ ция­­ға бірнеше оқырманымыз хабарласып, мәселенің мән-жайын анықтауымызды өтінді. Өйткені олардың сөзіне қарағанда, Орал­ға өзіміздің аудан-ауылдардан және өзге қалалардан келген біраз кі­ сі көшенің жаңсақ атауынан жа­ ңылысып, біраз әуре-сарсаңға түс­­кен көрінеді. Содан Орал қала­ сы әкімдігіне қарасты мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің

жетекшісі Сайран Дүйсентегіне хабарласайын. Ол азамат «Алтын алманың» қалай қаптап кеткендігіне өзіміз де аң-таң қалып отырмыз» деуден әрі аспады. Соңғы бірер аптада «Алтын алманың» орнына көшелердің нақты атауы жазыла бастаған сыңайлы еді. Бірақ тағы да ағаттыққа жол берілген бе деп қалдық. Олай дейтін себебіміз, бір көшенің бойына екі көшенің атауы ілінген немесе бір көшенің бойына оған перпендикуляр көшенің атауын жап­­сыра салған жағдайлар бар­­шылық. Тап осындай «жа­ңылт­ паш­тарды» біз Мұхит, Са­райшық,

Ж.Досмұхамедов кө­ше­лерінің бо­ йынан байқадық. Ал негізі Орал қаласының көп­те­ген кө­ше­ле­рінде «Алтын алма» деп айқайлаған жарнама әлі қап­тап тұр. Мұның мәнісін бір біл­се, осы кісі білер деп, Орал қала­сы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы бөлімінің жетекшісі В. Кушнерге телефон шалдық. Бұл мырза үшбу мәселе қа­ла­лық әкімдіктің тұрғын үй-ком­муналдық шаруашылығы, жо­­лау­шылар тасымалы және ауто­жолдар бөліміне қарайды деген уәжді алға тартты. Бірақ әлгі бөлімнің басшысы Р.Закарин демалыста болып шық­ ты. Есесіне тұрғын үй-коммунал­ дық шар­уашылығы, жолаушылар та­сы­малы және аутожолдар бө­ лі­мі жетекшісінің орынбасары Қайрат Мұхамбетқалиев «Коксова» жеке кәсіпкерлігі жіберген жаңсақтықтан хабардар екен­дігін айта келіп, Оралдың тұрғындары мен қала қонақтарын қалыптас­ қан жайсыздықтан барынша тез «құтқаруға» тапсырма берілетіндігіне телефон арқылы сендірді.

Бақытжан ӘЛЖАНҰЛЫ, «Орал өңірі»

Ұстазға арналған «Би әлемі» Жуырда облыс­тық қазақ драма театрында дәл осын­­ дай атаумен Қазақстан Респуб­ликасының мәдениет қайраткері, «Қыз­ғал­дақтар» би ан­самблінің жетекшісі, үлкен жүректі ұстаз Райхан Көже­ке­шеваның өнер кеші өтті.

Ө

зінің рухани өмі­рінің бояуы мен жемісін би әле­мінің қызғалдақта­ ры­на дарытқан, бүлдіршіндерді ерке гүлге айналдырған, аққу­дай жүздірген ол – Райхан Са­быр­ қызы. Оның бүкіл саналы өмірі мен еңбек жолы хореография өне­рімен тығыз байланысты. Өнер кешінде мың бұралған би­ ші­лер, яғни «Қызғалдақтар» би ансамблінің үлкен, орта, кіші топтары «Бипыл», «Кесе сылдыры», «Қамажай», «Жайық қыздары»», «Өрнек», «Алтынай», «Он алты қыз» т.б. қазақтың ұлттық билерін әде­мі орындап, көрермен қошеме­ тіне бөленді. Р.Сабырқызын сахна құдіретінің толқынына алғаш жүз­дірген, талантын ұштаған «Ақ­жайық» би ансамблі болатын. Бү­гінде алтын қорда сақталған «Ке­ лін­шек» биімен сахнаға шыққан

Р.Сабырқызына деген ерекше қо­шемет, көрерменнің ыстық ықы­ласы биші жүрегіне шуақ сыйла­ ғандай еді. Р.Сабырқызының шә­кірттері бүгінде еліміздің түк­піртүкпірінде өздері шәкірт тәрбие­ леп, кәсіби би ұжымдары құра­мында өнер көрсетіп жүр. Солар­ дың бірі «Қызғалдақтар» би ан­ сам­блінің хореографы Қарлығаш Саматова «Хорезм» өзбек биін биледі. Сонымен бірге әншілер Ма­рат Сарбөпеев, Жаскелең Ғайса­­ға­лиев және республикалық балалар шығармашылығы «Айгөлек» фестивалінің жүлдегері Мырза­ғұл Алмағанбетов орындаған ән­ дер де көрермен көңілінен шық­ ты.

Нұрлыгүл СҰЛТАНОВА, Орал қаласы

жасқа қызы мерей р ы а­б С Р. а д қаңтар тілектерін і өздерінің Айтпақшы, ер тт р кі ә ш н орай толды. Соға лдапты: о ж ен өлеңм т керім, асыңа бақы б ім й ә д н Қонсы ейтойың. н бүгінгі мер рттерің, ы лс о б ты Құт шәкі й бұралған Қызғалдақта нер тойын. ө н сі ер жүре б Қыздырып ң бұралған, бақытың мы н қа п та ен а көңіл. Бид ешқашан бұл арман, н ы ас м й та Қар ң бір н ойдағы мы Орындалсы өмір! ақ ұз а д зықты Тілейміз қы

блінің » би ансам мүшелері

қтар «Қызғалда

Рахима ҚАРАҚҰЛОВА, қала тұрғыны: – Райхан Сабырқызына би үйрену үшін қызым Мәдинаны 5 жасынан бастап бердім. Ол кісінің еңбегіне өте ризамын. Ешқашан уақытпен санас­пайды. Сонымен бірге мұнда қыздар көбіне қазақтың ұлттық билерін билейді, бізге осы жағы ұнайды. Бүгінгі өнер кешінде биші қыздары ұстаздарына деген алғыстарын әдемі билерімен жолдады деп ойлай­мын. Мен де ол кісіні мерейтойымен құттықтап, ансамбль мүшелерінің ата-аналары атынан алғыс білдіремін.


5 258

Ерекшелiгi

Iшкi сыныбы

Сыныбы

Санаты

001

1 01 2 03 1 05 3 4 07 1 2 01 1 3 4 5 6 7 03 1 04

1

06 1 3 01 1 4 01 2 02 1 03

Сомасы

І. Кірістер Салықтық түсімдер Табыс салығы Жеке табыс салығы Әлеуметтiк салық Әлеуметтік салық Тауарларға, жұмыстарға және қызметтерге салынатын iшкi салықтар Табиғи және басқа да ресурстарды пайдаланғаны үшiн түсетiн түсiмдер Кәсіпкерлік және кәсіби қызметті жүргізгені үшін алынатын алымдар Басқа да салықтар Басқа да салықтар Салықтық емес түсiмдер Мемлекеттiк меншiктен түсетiн кiрiстер Мемлекеттiк кәсiпорындардың таза кiрiсi бөлiгiнiң түсiмдерi Мемлекет меншiгiндегi акциялардың мемлекеттiк пакеттерiне дивидендтер Мемлекеттік меншігіндегі заңды тұлғаларға қатысу үлесіне кірістер Мемлекет меншігіндегі мүлікті жалға беруден түсетін кірістер Бюджет қаражатын банк шоттарына орналастырғаны үшiн сыйақылар Мемлекеттiк бюджеттен берiлген кредиттер бойынша сыйақылар Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер ұйымдастыратын мемлекеттік сатып алуды өткізуден түсетін ақша түсімдері Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер ұйымдастыратын мемлекеттік сатып алуды өткізуден түсетін ақша түсімдері Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) ұсталатын және қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер салатын айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар Мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) ұсталатын және қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер салатын айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар Басқа да салықтық емес түсімдер Басқа да салықтық емес түсімдер Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер Мемлекеттік мекемелерге бекітілген мемлекеттік мүлікті сату Мемлекеттік мекемелерге бекітілген мемлекеттік мүлікті сату Трансферттердің түсімдері Төмен тұрған мемлекеттiк басқару органдарынан алынатын трансферттер Аудандық (қалалық) бюджеттерден трансферттер Мемлекеттiк басқарудың жоғары тұрған органдарынан түсетiн трансферттер Республикалық бюджеттен түсетiн трансферттер Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне берілетін трансферттер Облыстық бюджеттің , Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің басқа облыстық бюджеттермен, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерімен өзара қатынас��ары

62 227 895 25 039 178 9 125 433 9 125 433 15 058 423 15 058 423 855 322 855 322 0 0 0 186 520 149 020 37 996 0

02 1

0 17 000 0 94 024 0

120 010 011 2 250 001 120 012 287 003 004 271 036 03 1 252 001

0

003 005 006 008 013

0

0

014 015 271 003

37 500 37 500 800 800 800 37 001 397 0 0 37 001 397

04 1 261 027 045

2 261

37 001 397 0

003 006

0

048

Бағдарлама

Iшкi сыныбы

061 Кіші функция

Функционалдық топ

1

Атауы

002 005 113

01 1 110 001 002 003 120 001 002 004 009 282 001 002 003 2 257 001 002 009 010 013 113

Атауы

Сома 285 006 007

ІІ. Шығындар Жалпы сипаттағы мемлекеттiк қызметтер Мемлекеттiк басқарудың жалпы функцияларын орындайтын өкiлдi, атқарушы және басқа органдар Облыс мәслихатының аппараты Облыс мәслихатының қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер Ақпараттық жүйелер құру Мемлекеттік органның күрделі шығыстары Облыс әкімінің аппараты Облыс әкімнің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер Ақпараттық жүйелер құру Мемлекеттік органның күрделі шығыстары Аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдерін сайлауды қамтамасыз ету және өткізу Облыстың тексеру комиссиясы Облыстың тексеру комиссиясының қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер Ақпараттық жүйелер құру Мемлекеттік органның күрделі шығыстары Қаржылық қызмет Облыстың қаржы басқармасы Жергілікті бюджетті атқару және коммуналдық меншікті басқару саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер Ақпараттық жүйелер құру Жекешелендіру, коммуналдық меншікті басқару, жекешелендіруден кейінгі қызмет және осыған байланысты дауларды реттеу Коммуналдық меншікке түскен мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау және сату Мемлекеттік органның күрделі шығыстары Жергілікті бюджеттерден берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер

62 227 895 1 024 589 795 430 33 709 33 709 0 0 669 872 669 872 0 0 0 91 849 91 849 0 0 133 519 133 519 115 080 0 18 439 0 0 0

4 253 043 261 024 5 252 007 253 003 261 052 9 261 001 002 004 005 007 011

Жоспарлау және статистикалық қызмет Облыстың экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы Экономикалық саясатты, мемлекеттік жоспарлау жүйесін қалыптастыру мен дамыту және облысты басқару саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер Ақпараттық жүйелер құру Мемлекеттік органның күрделі шығыстары Жергілікті бюджеттерден берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер Қорғаныс Әскери мұқтаждар Облыс әкімінің аппараты Жалпыға бірдей әскери міндетті атқару шеңберіндегі іс-шаралар Аумақтық қорғанысты даярлау және облыс ауқымдағы аумақтық қорғаныс Төтенше жағдайлар жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастыру Облыстың жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғаныс, авариялар мен дүлей апаттардың алдын алуды және жоюды ұйымдастыру басқармасы Жергілікті деңгейде жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғаныс, авариялар мен дүлей апаттардың алдын алуды және жоюды ұйымдастыру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер Облыс әкімінің аппараты Облыстық ауқымдағы жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру Облыстық бюджеттен қаржыландырылатын табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайдар, азаматтық қорғаныс саласындағы уәкілетті органдардың аумақтық органы Облыс ауқымындағы азаматтық қорғаныстың іс-шаралары Облыс ауқымындағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою Облыстың құрылыс басқармасы Халықты, объектілерді және аумақтарды табиғи және дүлей зілзалардан инженерлік қорғау жөнінде жұмыстар жүргізу Қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік, құқықтық, сот, қылмыстық-атқару қызметі Құқық қорғау қызметi Облыстық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы ішкі істер органы Облыс аумағында қоғамдық тәртіпті және қауіпсіздікті сақтауды қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер Қоғамдық тәртіпті қорғауға қатысатын азаматтарды көтермелеу Ақпараттық жүйелер құру Мемлекеттік органның күрделі шығыстары Жол қозғалысы қаупсіздігін қамтамасыз ету Белгілі тұратын жері және құжаттары жоқ адамдарды орналастыру қызметтері Әкімшілік тәртіппен тұтқындалған адамдарды ұстауды ұйымдастыру Қызметтік жануарларды ұстауды ұйымдастыру Облыстың құрылыс басқармасы Ішкі істер органдарының объектілерін дамыту Бiлiм беру Мектепке дейiнгi тәрбие және оқыту Облыстың білім басқармасы Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында мемлекеттік білім беру тапсырыстарын іске асыруға аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттеріне берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер Аудандық бюджеттерге (облыстық маңызы бар қалаларға) мектеп мұғалімдеріне және мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешілеріне біліктілік санаты үшін қосымша ақының көлемін ұлғайтуға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта бiлiм беру Облыстың білім басқармасы Арнайы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша жалпы білім беру Мамандандырылған білім беру ұйымдарында дарынды балаларға жалпы білім беру Аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттеріне негізгі орта және жалпы орта білім беретін мемлекеттік мекемелердегі физика, химия, биология кабинеттерін оқу жабдығымен жарақтандыруға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер Аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттеріне үш деңгейлі жүйе бойынша біліктілігін арттырудан өткен мұғалімдерге еңбекақыны көтеруге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер Облыстың дене шынықтыру және спорт басқармасы Балалар мен жасөспірімдерге спорт бойынша қосымша білім беру Мамандандырылған бiлiм беру ұйымдарында спорттағы дарынды балаларға жалпы бiлiм беру Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру Облыстың денсаулық сақтау басқармасы Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында мамандар даярлау Облыстың білім басқармасы Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында мамандар даярлау Мамандарды қайта даярлау және біліктіліктерін арттыру Облыстық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы ішкі істер органы Кадрлардың біліктілігін арттыру және оларды қайта даярлау Облыстың денсаулық сақтау басқармасы Кадрлардың біліктілігін арттыру және оларды қайта даярлау Облыстың білім басқармасы "Жұмыспен қамту – 2020 жол картасын" іске асыру шеңберінде кадр­лар­ дың біліктілігін арттыру, даярлау және қайта даярлау Бiлiм беру саласындағы өзге де қызметтер Облыстың білім басқармасы Жергілікті деңгейде білім беру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер Ақпараттық жүйелер құру Облыстық мемлекеттік білім беру мекемелерінде білім беру жүйесін ақпараттандыру Облыстық мемлекеттік білім беру мекемелер үшін оқулықтар мен оқуәдiстемелiк кешендерді сатып алу және жеткізу Облыстық ауқымда мектеп олимпиадаларын, мектептен тыс іс-шараларды және конкурстар өткізу Балалар мен жасөспірімдердің психикалық денсаулығын зерттеу және халыққа психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялық көмек көрсету

95 640 95 640 95 640 0 0 0 73 655 16 717 16 717 12 834 3 883 56 938 0 0 863 863 56 075 12 456 43 619 0 0 3 737 551 3 737 551 3 737 551 3 627 951 2 972 0 0 0 48 528 24 151 33 949 0 0 7 165 565 0 0 0 0

2 606 454 1 406 723 765 130 641 593 0

0 1 199 731 920 677 279 054 3 880 139 209 820 209 820 3 670 319 3 670 319 7 736 0 0 7 736 7 736 0 0 671 236 652 890 59 618 0 34 828 41 161 232 666 224 335


қаулы-қарар oral_oniri@inbox.ru

Сенбі, 1 ақпан 2014 жыл

ЖОБА

Батыс Қазақстан облысы аумағында құрылыс салудың ЕРЕЖЕСІ (Жалғасы. Басы газеттің №11 санында) 2) құрылысқа рұқсат ету құжаты (жа­ ңа құрылыста); сәулет-жоспарлау тап­ сыр­масы; жобалау құжаттамасы, жо­ба бо­йын­ша уәкілетті мемлекеттік ор­ган­ дар­дың қорытындысы; мердігер­лік ұйым­ның рұқсат етілген қыз­мет­терінің ті­зі­мі қоса тіркелген ли­цен­зиясының көшір­месі. 344. Ескірген құрылыстар мен бұзу­ға жататын нысандарды бұзуға ордер келесі құжаттардың негізінде рәсімделеді: 1) қаланың мүдделі қызметтерімен келісілген, жұмыс түрлері көрсетілген жұмыс жүргізу ордерін рәсімдеуге өті­ ніш; 2) бұзуға жататын жер теліміне және құрылыс салуға құқық куәландыру жә­ не құқық белгілеу құжаттары; 3) жұмыс жүргізудің әзірленген жобасы; 4) құрылысты бұзу қорытындысы (қажет болған жағдайда); 5) құрылыс қоқысын шығаруға арнайы ұйымдармен келісімшарт; 6) құрылысты бұзу бойынша жұ­мыс­ тарды орындауға мердігерлік ұйым­ мен келісімшарт; 7) рұқсат етілген қызметтер тізімі қосымшасымен мердігерлік ұйымның мемлекеттік лицензиясы. 345. Қазаншұңқырларды ашу ордері келесі құжаттар негізінде ресімделеді: 1) қаланың (ауданның) мүдделі қыз­ меттерімен келісілген жұмыс түр­лері көрсетілген жұмыс жүргізу ордерін ресімдеуге өтініш; 2) жер теліміне құқықкуәландыру құжаттары; 3) сәулеттік-жоспарлау тапсырмасы; 4) аймақтың топографиялық түсі­рі­ лімі; 5) заңнамада анықталған тәртіпте келісілген және бекітілген жұмыс жобасы (жұмыс құжаттары құрылыстың бас жоспары және қасбетінің паспорты 2 данада, тіркеу үшін түсіндірме жазба); 6) жасыл желектерді (бар болған жағдайда) бұзуға уәкілетті орган­дар­ дың рұқсаты; 7) қазаншұңқырларды ашу бойын­ ша жұмыстарды орындауға мердігерлік ұйымдармен келісімшарт; 8) рұқсат етілген қызметтер тізімі қоса берілген мердігерлік ұйымның лицензиясы; 9) ескірген құрылыстар мен бұзуға жататын нысандарды бұзу ордері (қа­ жет болған жағдайда); 10) инженерлік желілерді шығару ордері (егер қарастырылған болса). 346. Инженерлік коммуникациялар мен құрылыстарды авариялық және жоспарлы жөндеу бойынша ордерді ресімдеу үшін құқық куәландыру және құқық белгілеу құжаттары қажет етілмейді. Желілер зақымда��уының си­туациялық жоспары, жұмыстарды жүр­гізу келісімшарты, тендерлік ко­ мис­сияның шешімі (егер ондай көз­дел­ ген болса) ұсынылады. 11. Аяқталған құрылыс нысанын қабылдау. 347. Нысандар мен кешендерді олардың құрылысын салу, қайта құру, кеңейту, техникалық қайта жарақ­тан­ дыру, қалпына келтiру және күрделi жөндеу жұмыстары аяқталғаннан соң пайдалануға қабылдап алу заңда бел­ гіленген тәртіпте іске асырылады. 348. Пайдалануға енгізілген нысандарды (кешендерді) тіркеу есебін жүргізу Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүргізіледі. 349. Мемлекеттік инвестициялар­ дың қатысуынсыз салынып жатырған

(салынған), бірақ мемлекеттік және қоғамдық мүдделерді қозғайтын ны­ сан­дар мемлекеттік қабылдау комис­ сияларының пайдалануға қа­был­ дауына жатады. 350. Нысандарды пайдалануға қа­ былдап алуды мемлекеттік қабылдау немесе жұмыс комиссиясы нысан (кешен) толық дайын болған жағдайда ғана жүргізіледі 351. Нысанды (кешенді) пайдалануға қабылдап алу екі кезеңде жүргізіледі: 1) жұмыс комиссиясымен; 2) мемлекеттік қабылдау комис­сия­ сымен. 352. Қабылдау және жұмыс ко­мис­ сиясының өкілеттіктерін, міндеттеме­ лерін, міндетті құрамын, нысанды қа­ былдау тәртібін, сондай-ақ бұл үшін қа­жетті комиссия қорытындысы мен актісінің үлгілерін Қазақстан Рес­пуб­­ ликасының Үкіметі бекітеді. Қайта қабылдауды қоса алғанда, қа­былдау және жұмыс комис­сия­­ла­ры­ ның жұмыс процессінде жасалған шы­ ғын­дарын тапсырысшы өтейді. 353. Құрылыс салушы (тапсырыс бе­ ру­ші) мердігерге жұмыс комиссиясы­мен анықталған ақаулардың тізімін олар­ды мердігермен келісу бойынша анық­тал­ ған мерзімде жою үшін ұсы­на­ды. 354. Қабылдау және жұмыс комиссиялары құрамына сонымен қатар, қажет болған жағдайда, елді мекеннен тыс жерде құрылыс салумен айналысып жатырған жобалаушы ұйымның тапсырыс берушінің (инвестор, құрылыс салушы) атына жазған жазбаша өтініші бойынша салынған нысанның жоба әзірлеушісі қосылады, оның өкілінің орнына жұмыс комис­ сиясына жергілікті жобалау ұйымы­ ның өкілі қосылуы мүмкін. 355. Мемлекеттік қабылдау (қа­был­ дау) комиссиясының қабыл­дауы­на нысанды дайындауға: 1) құрылыс салушының (тапсырыс берушінің) шешімімен немесе тапсырыс берушінің техбақылауымен құралған жұмыс комиссиясының нысанның жо­ба­лық құжаттама талаптарына, құ­ры­лыс нормаларына, ережелер мен стан­дарттарға сәйкестігін бағалау; 2) нысандарды пайдалануға қа­ был­дап алу барысында мемлекеттік қа­былдау (қабылдау) комиссиясына ұсы­нылатын құжаттар кешенін әзір­­леу жатады. 356. Мемлекеттік қабылдап алу актісін ресімдеу алдында тапсырыс берушілер мердігермен және қала және аудан қызметтерімен бірлесе: мемлекеттік қабылдау немесе қа­ был­дау комиссиясының нысанның пай­далануға қабылдауға дайын екені туралы жұмыс комиссиясының қоры­ тындысы; қажетті атқарушы құжаттарды да­ йындайды. 357. Мемлекеттік қабылдау ко­мис­ сияларының пайдалануға қабылдауы­ на мемлекеттік инвестиция есебінен немесе олардың қатысуымен салын­ ған барлық нысандар жатады. 358. Қабылдау комиссияларының пай­далануға қабылдайтын нысандары: 1) қабылдау комиссиясының пай­ далануға қабылдауына «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құ­ ры­лысы және құрылыс қызметі ту­ра­ лы» Заңының 74 және 75-баптары­мен қа­рас­тырылған нормалар қол­да­ны­ла­ тын нысандардан басқа, мем­ле­кеттік инвестициялардың қаты­суын­сыз са­ лы­нып жатырған (салынған) ны­сан­дар жатады. «Қазақстан Республикасындағы сәу­лет, қала құрылысы және құрылыс қыз­меті туралы» Заңының 75-бабының

2-тар­мағының 2 және 1-тармақшала­ рында көрсетілген нысандар санаты, шығарылған өнім немесе көрсетілген қызметтің жылдық көлеміне байла­ нысты Қазақстан Республикасы Үкі­ метімен белгіленеді; 2) мемлекеттiк инвестициялар­дың қатысуынсыз қаржыландырылатын нысандар да қабылдау комиссияла­ ры­ның пайдалануға қабылдауына жа­ тады, егер олар: тұрғын үйлердегі тұрғылықты жә­не тұрғылықты емес үй-жайларды қай­та бейiндеуге (функционалдық мақ­са­тын өзгертуге) байланысты болса; үй-жайлардың (үйдiң бiр бөлiгiн) тiреу және (немесе) қоршау конструкцияларын, инженерлiк жүйелері мен жабдықтарын өзгертудi талап ететiн қайта құрумен (қайта жоспарлаумен, қай­та жабдықтаумен) байланысты болса; құрылысын салу және (немесе) пайдалану кезiнде басқа меншiк иелерiнiң мүдделерiн қозғаса; әлеуметтік (әлеуметтік-эконо­мика­ лық) сипаттағы мемлекеттік немесе қоғамдық мүддедегі нысандарды білдірсе; сейсмикалық қауiптiлiгi жоғары не өзге де геологиялық (гидро­гео­ло­ гия­лық) немесе геотехникалық жағ­­дайлары ерекше аудандарда, сон­­ дай-ақ өзге де ерекше реттелетiн ай­ мақтарда салынып жатырса (салынса); адамдар мен қоршаған ортаға ықтимал қаупi бар өндiрiстiк процесстерге байланысты болса. Көрсетiлген шектеулердi жергiлiктi атқарушы органдар тапсырыс берушiге (құрылыс салушыға) сәулетжоспарлау тапсырмасын беру кезiнде белгiлейдi және олар осы тапсырмада көрсетiлуге тиiс. 359. Қабылдау комиссиясының уә­кілеттігі тек қабылдап алуы үшін комиссия тағайындалған нысанға (кешенге) ғана қолданылады. Қабылдау комиссиясының уәкі­лет­ тігі тапсырысшы (инвестор, құ­ры­лыс салушы) тағайындаған уақыт­тан басталады және нысанның пай­да­лануға да­йындығы туралы қорытын­дысы бар қа­былдау актісі бекітіл­ген­нен ке­йін аяқта­лады. 360. Қабылдау комиссиясы са­ лын­ған нысандарды пайдалануға қа­былдап алуды іске асыру үшін бас мер­дігерден қажетті құжаттарды та­лап ету­ге құқылы. Газ құбырлары, автомобиль жол­ да­ры, көпірлер, электр және теле­фон желі­лері нысандарын мемлекеттік қа­был­дауға санитарлық-эпидемиоло­ гия­лық қадағалау органдары тартыл­ майды. 361. Нысандар мен кешендерді пай­­­далануға қабылдау жұмыс ко­мис­ сия­сының ескертулері жойылған­нан кейін және мемлекеттік қабылдау комиссиясы қабылдау комиссиясының белгіленген тәртіпте бекітілетін актілерін ресімделгеннен кейін іске асырылады. 362. Құрылысы аяқталған немесе қайта жөндеуден өткен нысандарды тиісті комиссия қабылдап алғанша, қолданысқа беруге тыйым салынады. Сәулет және қала құрылысы сала­ сындағы функцияларды жүзеге асыратын тиiстi жергiлiктi атқарушы ор­ган­ дардың құрылымдық бөлiмше­лерiнiң тиiстi шешiмi болған жағдайда меншiк иесi (тапсырыс беруші, инвестор, құрылыс салушы) техникалық жағы­ нан күрделi емес құрылысы аяқталған нысандарды өз бетінше пайдалануға қабылдап алуына құқығы бар. 363. Салынған нысанды пайдалану­ ға қабылдаудың белгiленген тәртiппен бекiтiлген актiсi жылжымайтын мүлiк

құқықтарын тiркеу үшін негiз болып табылады. Мемлекеттiк қабылдау ко­ мис­сиясының актіні бекіткен күнi ны­ санның пайдалануға қабылданған күн болып есептеледi. Нысанды пай­дала­ ну­ға қабылдау актiсiне мемлекеттiк қа­был­дау комиссиясының барлық мү­ ше­ле­рі қол қояды. Мемлекеттiк қабылдау комиссиясы мүшесiнiң нысанды пайдалануға қабылдау жөнiнде ерекше пiкiрi болған жағдайда, ол актiге қол қоймайды және ерекше пiкiрiн комиссия төрағасына жазбаша түрде ұсынады. Ерекше пiкiрдi мемлекеттiк қа­был­ дау комиссиясы пiкiр ұсынушы комиссия мүшесiнiң және комиссияны та­ға­ йындаған мемлекеттiк басқару ор­ганы өкiлiнiң қатысуымен қабылдау актiсiне қол қойылғанға дейiн қарауға тиiс. 364. Құрылыс нысандарын пайда­ ла­нудың кепілді мерзімі Қазақстан Рес­ публикасының заңнамаларына сәй­кес белгіленеді. 365. Нысан құрылысы аяқталғаннан кейін және оған құқығы рәсімделген­ нен кейін құрылыс салушы жергілікті сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі атқарушы органдарға қала құрылысы паспортын жасау үшін қажетті мәліметтер мен құжаттарды заңнамада қарастырылған тәртіпте ұсынады. 366. Салынған нысанды қабылдау комиссиясының пайдалануға қабыл­ дайтын болса, жұмыс комиссиясы та­ лап етiлмейдi. 10. Жеке тұрғын үй құрылысы 1. Жеке тұрғын үй құрылысын салу 367. Жеке тұрғын үй құрылысын салу барысындағы құрылыс салу­ шының (тапсырыс берушінің) ісәрекеттері келесі бірізділікте жүзеге асырылады: 1) заңнамамен белгіленген тәртіпте жер телімін беру туралы жазбаша өті­ нішпен әкімдікке жүгіну, не жер телімдерін жеке немесе заңды тұлғалардан сатып алу; 2) жер теліміне құқық белгілейтін және құқық куәландыратын құ­ жаттарды ресімдеу және тіркеу органында оларды тіркеу; 3) қажетті топогеодезиялық жұ­­ мыстарды орындауға тапсырыс беру; 4) жергілікті сәулет және қала құ­ рылысы органдарынан жобалауға ар­ налған сәулет-жоспарлау тапсырмасын алу; 5) сәулет-жоспарлау тапсырма­ сына сәйкес жобалық-сметалық құ­ жаттаманы әзірлеу, жобалық құ­жат­ таманы сарап­тамадан өткізу, сәулет және қала құ­рылысы істері жөніндегі жергілікті ат­қарушы органның қоры­ тындысын алу; 6) мемлекеттік сәулет-құрылыс ба­ қылау және лицензиялау департамен­тін құрылыс-монтаждау жұмыстары­ның басталғандығы туралы хабардар ету; 7) М1:500 атқару топотүсірілімін орындау; 8) егер құрылыс салушы аумақ шекарасы шетінен жеке тұрғын құрылысын жүргізуді шешсе, онда көршілес үй иелерінің міндетті түрде нотариалды шандырылған келісімдерін алу; 9) құрылыс-монтаждау және абаттандыру жұмыстарын толық көлемде орындау; 10) салынған жеке тұрғын үйлерді барлық құрылыс-монтаждау жұмыста­ ры, абаттандыру жән�� жер учаскесін қоршау жұмыстары атқарылғаннан кейін меншік иесі жобаға сәйкес өз бе­ тімен пайдалануға қабылдайды; 11) жаңадан салынған жылжымайтын мүлік нысанын тіркеу органында тізімдеу және тіркеу.

9

2013 жылғы «___»________ № ____ Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің қаулысына қосымша

368. Құрылыс салушы (тапсырыс беруші) жеке тұрғын үйді тек инженерлік және көліктік инфрақұрылым нысандарының құрылысы аяқталған­ нан кейін ғана пайдалануға енгізуге құқылы. 369. Инженерлік және көліктік инфра­ құрылымдарды салу құрылыс салу­ шылардың (тапсырыс берушілердің) қаражаттары есебінен ерікті негізде жүзеге асырылуы мүмкін, бұл ретте құрылыс салушылардың (тапсырыс бе­рушілердің) қаражаттары есебінен жү­зеге асырылатын инженерлік және кө­ліктік инфрақұрылымдар нысандары құ­рылысының жобасы сәулет және қала құрылысы істері жөніндегі жергі­ лікті атқарушы органмен келісілуі тиіс. 370. Жеке тұрғын үй құрылысы ке­ зінде іргелес аумақтардағы тіршілік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қолайлы технологиялық үдеріс және құрылыс алаңының эстетикалық қабылдануы мақсаттарында құрылыс салушы (тапсырыс беруші) жер телімін қоршайды және елді мекенді абаттандыру ережелеріне сәйкес басқа да шараларды жүзеге асырады. Құрылыс салу аумағын қоршаудың биіктігі, қоршау құрылымының материалы қала (аудан) сәулет және қала құрылысы органдарымен келісілуі қажет. 371. Жеке тұрғын үй құрылысы аяқ­талғаннан кейін (нысанды пай­да­ лануға қабылдағанға дейін) құрылыс салушы (тапсырыс беруші) құрылыс ны­санын, соның ішінде инженерлік же­ лілер бойынша топографиялық және орындаушылық түсірілімдерді орындайды. 372. Топографиялық және атқару түсірілімі қалалық (аудандық) сәулет және қала құрылысы істері жөніндегі жергілікті атқарушы органға ұсынылуы тиіс. 2. Жеке тұрғын үйдің аяқталған құрылысын қабылдау 373. Жаңадан салынған жеке тұр­ ғын үйлерді барлық құрылыс-монтаж­ дау жұмыстары, абаттандыру және жер учаскесін қоршау жұмыстары атқа­ рылғаннан кейін меншік иесі жоба­­ға сәйкес өз бетімен пайдалануға қа­­был­ дайды. 374. Меншiк иесi заңнамада белгіленген құрылыс нормалары мен ережелеріне сәйкес келмейтін жеке тұр­ғын үйлерді пайдалануға қабылдап ал­ғаны үшін өз бетінше жауапты болады. 375. Меншiк иесi салынған нысанды пайдалануға өз бетiнше қабылдау актісін ресімдегенге дейін қаланың (аудан­ның) сәулет және қала құрылысы істері жөніндегі жергілікті атқарушы органы рұқсат құжаттарының болуын және нысанның табиғи орындаушылық түсірілімдерін және салынған жылжы­ майтын мүлік нысанының жобаға сәй­ кестігін тексереді. 376. Жеке тұрғын үй құрылысын қабылдау 2011 жылғы 2 қарашадағы №1278 Қазақстан Республикасының қаулысымен бекітілген, меншiк иесiнiң салынған нысанды пайдалануға өз бе­ тiнше қабылдау актісімен ресімделеді. 377. Меншiк иесiнiң салынған нысанды пайдалануға өз бетiнше қабылдау актісі тапсырысшының жеке тұрғын үйге жеке меншік құқығын ресімдеу үшін негіз болып табылады. 11. Көлік құралдарын орналастыру 1. Тұрғындарға тиесілі көлік құ­рал­ дарын сақтау және оларға қызмет көрсетуге арналған құрылыстарды орналастыру. Автокөлікке жанармай құю станциялары мен техникалық тексеру ор­ талықтарының құрылысы. (Жалғасы 10-бетте)


10

қаулы-қарар Сенбі, 1 ақпан 2014 жыл

378. Елді мекендер аумағында автопаркингілер, гараждар және авто­ тұрақтар жобалау және құрылысын салу бас жоспарларға, қала құрылысы регламенттеріне және осы Ережеге сәйкес, құрылыс нормалары мен ережелерін, экологиялық, санитарлық және өртке қарсы талаптарды сақтау арқылы іске асырылады. 379. Тұрғын кварталдарда, ша­ғы­ наудандарда, тұрғын аудандарда гараждар мен автомобильдерді тұ­рақ­­­ ты сақтауға арналған алаң­ша­лар­ды орналастыру мемлекеттік бақылау органдарымен келісілген және бе­кі­ тілген учаскесін таңдау актісіне сәй­ кес қалалық (аудандық) жергілікті ат­ қа­­рушы органының қаулысы болған жағдай­да жүзеге асырылады. 380. Кооперативтік гараждар мен автотұрақтарды жобалау және құры­ лысын салу құрылыс және басқа да нормалар мен ережелерді сақтай оты­ рып жүзеге асырылады. 381. Гараждар мен автотұрақтар­ды заңсыз салуға, сондай-ақ қол­да­­ныс­­та­ ғы автотұрақтарға бастырма ор­на­­ту­ға тыйым салынады. 382. Көп пәтерлі тұрғын үйлерді, ірі сауда және қоғамдық ғимарат­та­рын жобалау кезінде кіріктіре, жап­сар­лас­ ты­ра салынған жер асты га­раж­да­ры мен автопаркингтерін көздеу қа­жет. 383. Автопаркингтерді, гараж­ дар­­ды және автотұрақтарды салуға тапсырыс берушілер белгіленген тәр­­­тіп­те тіркелген - гараж-құрылыс ко­оперативтері, ұйымдар мен кәсіп­ орын­дар, сондай-ақ бір машина орнына есептелген бокстық типтегі же­ке тұ­ра­тын гаражды салу кезінде же­ке тұл­ға бола алады. 384. Тұрғылықты орны бойынша уақытша металл гараждарды орна­ туға және пайдалануға тек Ұлы Отан со­ғысына қатысушылар және әлеу­ мет­тік-медициналық сараптаманың рас­­тай­тын анықтама қағазы (қоры­­­тынды­сы) бар, тірек-қозғалыс аппа­ра­ ты бұзыл­­ған мүгедектер ғана құқылы. 385. Гараждарды жобалау үшін жер телімдерін таңдау заңнамамен бел­ гі­ленген тәртіпте елді мекендердің бас жоспарларына және қала құ­ры­лы­сы регламенттеріне сәйкес жүзеге асырылады. 386. Автокөлікке жанармай құю тұрақты станциялары және техника­лық қызмет көрсету станциялары қо­лайлы көлік кіре берістерін ұйым­ дастыра оты­рып, бекітілген норма­тивтерге сәй­­кес жалпы қалалық магис­­траль­дар­да арнайы бөлінген алаң­ дарда ор­наластырылуы тиіс. Ха­­лық көп жү­­ре­тін нысандардың, өзен­дер мен су қой­­ма­ларының жа­нын­дағы ор­талық жал­пы қалалық магис­тральдар­да салы­нуына жол берілмейді. 387. Нормативтерге сәйкес бір алаң­да техникалық қызмет көрсету стан­циясы пунктін, автокөлікке жа­ нармай құю тұрақты станцияларын, авто­­кө­лік­терді жуу пунктін және қыз­ мет көр­сетудің басқа да нысандарын біріктіруге болады. 388. Контейнерлерлі автожанар­ май құю станцияларының құрылы­сына тыйым салынады. 389. Автомобильге жанармай құю станциясы мен техникалық қызмет көрсету станцияларын орналастыру оларды орналастырудың бекітілген схемасына сәйкес жүзеге асырылады. 12. Инженерлік желілер авария­ ларын жою бойынша құрылыс, жөндеу және қалпына келтіру жұмыстарының ережесі 1. Жалпы ережелер 390. Инженерлік желілер мен құ­ рылыстардың зақымдануының алдын алу, қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақ­ саттарында жұмыстардың жүргі­зілуі­не жауапты тұлға: жұмыстар басталғанға дейін 48 са­ ғаттан кешіктірмей жұмыс жүргізіле­ тін орынға пайдаланушы ұйымдардың өкілдерін шақырады;

бірлесе отырып қолданыстағы же­ лі­лер мен құрылыстардың нақты ор­ наласқан жерлерін анықтайды; олардың толық сақталуы бойын­ша шаралар қабылдайды. 391. Жұмыстарды жүргізу кезінде желілер мен құрылыстардың сақталуын қамтамасыз етудің жазбаша шарттарын тиісті пайдаланушы ұйымдар береді. 392. Жұмыс жүргізілетін орынға өкілдерінің келуін қамтамасыз ету пайдаланушы ұйымдардың басшыларына жүктеледі. 393. Жол төсемдерін қопару, кө­ ше­лерді, алаңдарды және жалпы пай­ да­ланыстағы басқа да жерлерді қазу бойынша жұмыстар мүдделі қыз­мет­ термен келісілген жағдайда жүзеге асырылады. 394. Жұмыстар басталғанға дейін жұмыстардың жүргізілуіне жауапты ұйым мыналарды орындайды: 1) уәкілетті органнан пайдалану­ шы ұйымдармен келісу негізінде жұ­ мыстарды жүргізуге құқық беретін ордерді алады; 2) қазылған жерлердің шекаралары бойында қатты қоршаулар мен белгі­ленген үлгідегі тиісті ескерту жол белгілерін орнатады; 3) жаяу жүргіншілер жүретін жерлерге тұтқалары бар жаяу жүргінші­лер көпірлерін орнатады және қа­ зыл­ған жерді түнгі уақытта жарықтан­ ды­ру­ды қамтамасыз етеді; 4) арық жүйесінің үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету шараларын қабылдайды; 5) тетіктер жұмысы аймағында жас көшеттер болған жағдайда, оларды жас көшеттердің сақталуына кепілдік бе­ретін саңылаусыз қалқанмен қор­ шайды; 6) жолдардың жабылуын қажет ететін қазу жұмыстары кезінде тиісті белгілер арқылы айналып өту схема­ сын белгілейді; 7) жолаушылар автокөлігі ба­ғыт­ тарын өзгерту қажет болған жағ­дай­да тапсырыс беруші, азаматтарды мін­ дет­ті түрде бұқаралық ақпарат құ­рал­ да­ры арқылы хабарландыра отырып, бе­ріл­ген өзгертулерді қаланың тиісті қыз­меттерімен және жол полиция­сы­ мен келіседі. 395. Жол төсемінің барынша сақ­ талуына кепілдік беретін алдын ала дайындықсыз траншеяларды әзірлеу­ ді бастауға тыйым салынады. 396. Жұмыс жасалатын орынға ма­ те­риалдарды жеткізуге жұмыстар бас­ талғанға дейін 24 сағаттан ерте емес мерзімде рұқсат беріледі. 397. Көшелерде, алаңдарда және басқа да абаттандырылған аумақ­ тарда жер асты коммуникацияларын өткізу үшін траншеялар мен қазан­­ шұңқырларды қазу келесі шарт­тар­ды сақтай отырып, жүргізілуі тиіс: 1) жұмыстар, жұмыстарды жүргізу жобасына сәйкес, қысқа телімдерге бөліп орындалады; 2) келесі телімдердегі жұмыстар­ды, алдыңғы телімдегі қалпына кел­­тіру мен аумақты жинау жұмыстарын қоса алғанда, барлық жұмыстар аяқ­ тал­ған­нан кейін ғана бастауға рұқсат беріледі; 3) траншея мен қазаншұңқырлар­ дан алынған топырақ жұмыс орнынан іле-шала шығарылуы тиіс; 4) траншеяны қайта көму құмды, ұсақ жұмыр тас топырақпен, елен��ен қиыршық таспен немесе цементтеуші қасиеттерге ие емес басқа да қатты тығыздалмайтын жергілікті материалдармен (деформация модулі 20 МПа және одан көп), нығыздалып жүргі­зілуі тиіс; 5) жолдың асфальт-бетон төсемінің ені төрт метрден жеті метрге дейін болатын болса, көшелер бойында магистральдық инженерлік желілерді өткізу кезінде асфальт-бетон төсем қолданыстағы жолдың күллі ені бо­ йынша қалпына келтіріледі, ал ені 7 метр­ден асатын болса, асфальт-бетон төсем­ді қалпына келтіру траншея

oral_oniri@inbox.ru

бойын­да және құрылыс тетіктерінің жұмыс іс­теу аумағында орындалады; 6) асфальт-бетон төсемнің ені бір жарым метрден екі метрге дейін бо­ла­тын болса, тротуарлар бойында телефон кәрізін, электр кабельдерін және бас­қа да инженерлік желілерді өткізу ке­зін­де, асфальт-бетон төсем тротуар­лар­дың бүкіл ені бойынша қалпына келтіріледі, ал ені екі метр және одан ас­там болатын болса, асфальт-бетон тө­­сем­ді қалпына келтіру траншея бо­йын­да және құрылыс тетіктерінің жұмыс іс­теу аумағында орындалады. Жас көшеттерді, жер асты құры­ лыстары құдықтарының қақпақ­тарын, су ағатын торларды және науаларды топырақпен немесе құрылыс мате­ риалдарымен көмуге тыйым салынады. 398. Жұмыстар аяқталғаннан (траншея жасалғаннан) кейін жұмыстарды жүргізуге жауапты тұлға жүргізілген жұмыстардың инженерлік желі жобасына сәйкестігі актісін ресімдейді. 399. Өндіріс барысында немесе құрылыс-монтаждау жұмыстары аяқ­талғаннан кейін инженерлік желі трассалары жобамен сәйкес келме­ген жағдайда, тиісті мемлекеттік ор­ганмен қайта төсеуге ұйғарым беріледі. Инженерлік желілерді қай­ та орнатуға және олардың жоба­мен сәйкестікке келтіру үшін құрал­дар шығыны осы жұмысты іске асы­рып отырған ұйыммен орындалады. 400. Қара жолдарды қазу кезінде жұмыстарды жүзеге асыратын ұйым жұмыстар аяқталғаннан кейін, топырақты қабат-қабатымен нығыз­ дай отырып, қайта көмеді. Топырақты нығыздау мүмкін болмайтын жағ­дай­ да, қайта көмуді «қатты тығыздал­май­ тын» топырақпен орындалуы тиіс. 401. Жұмыстарды жүргізуші асфальт-бетон төсемді сапалы қалпына келті­ру­ді қам­тамасыз етеді. Инже­ нерлік желілерді өткізу орындарында асфальт-бетон төсемнің жоғарғы қабатын қал­пына келтіргеннен кейін отырулар, қирау­лар пайда болған жағдайда, жұмыс­тар­ды жүргізуге рұқ­ сат алушы бір жыл­дың ішінде асфальтбетон төсемді қал­пы­на келтіру бо­ йынша қажетті қо­сым­ша жұмыстар­ды жүргізеді. 402. Құрастырылған инженерлік же­лілер мен салынған инженерлік құ­ры­лыстарда траншея топы­рақ­­пен кө­мілгенге дейін, нысан­ның элек­трон­­ дық және қағаз түрінде топография­­ лық түсірілімі (атқарушы түсірілім) жа­салуы тиіс. Люктары мен құдық­та­ ры бар (бұрылыс бұрыш­та­рынсыз тік те­лім­дерде) коммуника­циялардың ат­­қару­шы түсірілімі траншеялар кө­ мілген­нен және сыртқы абаттан­ды­ру элемент­тері толық қал­пына келті­ рілгеннен ке­йін жүргізіле алады. 403. Барлық инженерлік желілер мен олардың құрылыстарының ат­­­ қа­рушы түсірілімі сәулет және қа­ла құрылы­сы органына беріледі. Ат­ қарушы сыз­ба инженерлік желінің немесе құры­лыс­тың паспорты болып табылады және салынып жатырған нысанның аспап­тық геодезиялық тү­ сірілімінің негізінде орындалған жос­ пары және профилі болады. 404. Құрылысы аяқталған инже­нер­ лік желілер мен құрылыстарды пай­ далануға қабылдауды жұмыс жә­не қа­ былдау комиссиялары жүргізеді. 405. Қабылдау және жұмыс ко­ мис­сияларының өкілеттіктері мен мін­дет­ті құрамы Қазақстан Респуб­ ли­ка­­сы­ның сәулет, қала құрылы­ сы және құ­ры­­лыс қызметі туралы заңнамасымен анықталады. 406. Инженерлік желілерді пайда­ лануға қабылдау, люктарды, құдық­ тар­ды орнатуды және абаттандыру элементтерін толық қалпына кел­ті­ру­ді қо­са алғанда, барлық жұмыстар то­лық аяқталғаннан кейін жүргізілуі тиіс. 407. Ұсынылған құжаттарды қарап, комиссия салынған ғимараттарға тексеру жүргізеді және мыналарды белгілейді:

1) атқарушы сызбалармен атқа­рыл­ ған жұмыстардың сәйкестігі; 2) атқарылған жұмыстың сапасы; 3) кемшіліктері; 4) комиссия ескерткен кемшілік­­тер­ді жойғаннан соң инженерлік же­лі тұ­рақты пайдалануға қабылданады. 408. Қала көшелеріндегі және квар­талішілік аумақтарындағы құ­ дық­тардың, жылу камераларының, люк­тардың жай-күйі үшін жауапкер­шілік пайдаланушы ұйымға немесе осы ин­женерлік желі иелігіне қарай­ тын ведомствоға артылады. 409. Кварталдардағы асфальт-бетон төсемдерін қазумен байланыс­ты жұмыстарды жүргізу кезінде жұмыс­ тар­ды жүргізуге жауапты ұйым қа­ зылған жерлерде траншеяның бүкіл ені бойынша бетон тақталар төселуін және асфальт-бетон төсем толық қалпына кел­тірілгенге дейін оларға қызмет көр­сетілуін қамтамасыз етеді. 410. Үйлер мен ғимараттар құ­ры­ лысы кезінде, сондай-ақ инженерлік жерасты желілері аймақтарын абат­ тан­дыру жөніндегі жұмыстарды орын­ дау кезінде, қалалық (аудандық) сәу­ лет органында тіркелген жобададан ауытқумен салынғандығы және пай­ да­лануға қабылданғаны анық­тал­ған жағдайда, бұл желілерді қайта жүр­гі­зу пайдалануға қабылданған ұйым­ның есебінен жүргізіледі. Аталған жұмыс­ тарды заңмен белгіленген тәртіп бо­ йынша тартқан шығындарының кейін өтелуі арқылы қаланың (ауданның) ком­муналдық қызметтері жүргізе алады. 2. Инженерлік желілер авария­ ларын жою бойынша қалпына келтіру жұмыстары 411. Өндірістің тоқтауына, сәтсіз оқиғаларға себеп болған жер асты инженерлік желілері мен құ­ры­лыс­ тарының бұзылуы кезінде осы құ­ры­ лыстарды пайдаланушы ұйымның басшылары немесе басқа да өкілетті өкілдері авария туралы дабыл бел­гі­сін ала салысымен: 1) бұзылған желілерді ажырату және ауыстырып қосу үшін жауапты тұлға­ның басшылығымен дереу авариялық бригада шақырады; 2) авария туралы техникалық инс­пекцияға, абаттандыру қызмет­те­ ріне, жол полициясына, өртке қарсы қыз­метке, сондай-ақ авария орнында іргелес жерасты шаруашылығы бар басқа да ұйымдарға хабарлайды. Көрсетілген ұйымдардан басқа, қоршаған ортаға зиян келетіндей бол­са қоршаған ортаны қорғау жө­ ніндегі органға хабарланады, егер авария су құбыры және/немесе кәріз желіле­рінде болған жағдайда санитар­ лық эпидемиологиялық қыз­метке хабарланады. Егер үлкен авария түнгі уақытта болған жағдайда, аварияны жою жөніндегі ұйымның іс-қимылын үйлестіру үшін қала (аудан) әкімі ап­ па­ратының кезекшісіне телефоно­­грам­ма жіберіледі. 412. Аварияны жою жұмыстары жол­ды жабуға әкелген жағдайда тиіс­ті көлік қозғалысы органдары мен бас­ қармалары авария туралы хабар­лама алған бойда жолды жабу және ақау­ ды жою мерзімін белгілеу жөніндегі мә­селелерді шешу үшін жауапты тұл­ ғаларын авария орнына жібереді, жол полициясы органдары жолды уа­ қытша жабу және айналып өту бағыты туралы мәселелерді шешу жөнінде ісшаралар қолданады. 413. Аварияны жою бойынша жұ­ мыстар осы инженерлік желілерді, коммуникацияларды және құры­лыс­ тарды пайдаланушы ұйымға немесе осы инженерлік желілер, коммуникациялар және құрылыстар соның қарауына жататын ведомствоға жүк­ теледі. Авария салдарын жою жұ­мыс­ тарын инженерлік желілердің жә­не құрылыстардың зақымдануына жол берген ұйым жүзеге асырады.

414. Аварияны жою жұмыстарын жүргізудің барлық жағдайларында жұ­мыстарды жүргізетін ұйым жұмыс­ тарды жүргізуге ордер алуы тиіс. 415. Жабындарды, сондай-ақ абат­ тандырудың басқа да элемент­терін ­қалпына келтіру жұмыс аяқталғаннан соң екі күннен кешіктерілмей басталуы тиіс. Аталған жұмыстарды заңмен белгіленген тәртіп бойынша тартқан шығындарының кейін өтелуі арқылы қаланың (ауданның) коммуналдық қызметтері жүргізе алады. 416. Жер асты инженерлік желі­ле­ рін, коммуникациялары мен құры­лыс­ тарын ауыстырған жағдайда, ауыс­ты­ рылатын желілер, коммуникация­лар мен құрылыстар пайдаланудан шы­ ғарылады және топырақтан алы­нуы тиіс болады. 417. Ауыстырылған инженерлік желілер мен құрылыстарды ацда­н­ дық (қалалық) сәулет және қала құ­ры­­ лы­сы органында тіркелгеннен кейін пайдалануға болады. 418. Қазумен байланысты жұмыс істемейтін құрылыстарды ойып алу жұмыстары осы Тәртіппен белгі­лен­ ген тәртіпте тиісті органнан рұқсат ал­ ғаннан кейін ғана жүргізіледі. 13. Қала құрылыс қызметінің жүзеге асырылуын бақылау. 419. Қала құрылысы қызметінің жүзеге асырылуын бақылау бас жос­ парларға және басқа да бекітіл­ген қала құрылысы құжаттарына со­ны­ мен қатар осы Ережеге сәйкес сәу­ лет қа­ла құрылысы және құрылыс сала­­сында­ғы мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз етуге бағытталған. 420. Бақылау органдарының лауазымды тұлғалары өз өкілеттіктерінің шегінде: 1) қала құрылысы және жобалау құжаттамасы, мемлекеттік құрылыс нормативтері мен ережелері, құры­ лысқа рұқсат беру құжаттары талапта­ рының орындалуын қамтамасыз ету мақсатында жылжымайтын мүлік объектілерінің құрылысы, қайта құру, күрделі жөндеу сапасына бақылау жүргізуге; 2) қала құрылысы және жобалау құ­жаттамасы, мемлекеттік құрылыс нор­мативтері мен ережелері талаптары сақталмай салынып жатырған нысандарды коммуналдық қызмет көрсету­лерден айыру туралы ұйғарым енгізуге; 3) құрылыс-монтаждау жұмыста­ рын тоқтата тұру туралы, жіберілген бұзушылықтарды белгі��енген мерзімде қалпына келтіру жөнінде, мемлекеттік стандартқа және тех­ никалық шарттар­ға сәйкес келмей­тін құрылыс мате­риалдарын, бұ­­йым­­дарын, құрылғылар мен құрал­дар­ ды пайдалануға тиым са­лу туралы ұйғарым енгізуге; 4) Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс туралы заңнамасын бұзғаны үшін кі­ нәлі тұлғаларды белгіленген тәртіпте әкімшілік жауапкершілікке тартуға; 5) Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сәул­ ет, қала құрылысы және құрылыс қыз­меті туралы» Заңының бұзылуымен іске асырылып жатырған қала құры­ лысы қызметін тоқтата тұру немесе тоқтату бойынша шешім қабылдауға; 6) Қазақстан Республикасының «Қа­ зақстан Республикасы аумағындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңын бұзғаны үшін кінәлі тұлғаларды тәртіптік, әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін материалдарды құзырлы органдарға жіберуге; 7) егер өмір сүру ортасына келті­ рілген залал Қазақстан Республика­ сының сәулет, қала құрылысы және құ­ры­лыс қызметі туралы заңнамасын бұзу ар­­қы­лы келтірілген жағдайда, залалды өтеу туралы сотқа шағым ұсынуға құ­қылы.

(Жалғасы бар)


хабар-ошар oral_oniri@inbox.ru

Cенбі, 1 ақпан 2014 жыл

Ақжайық ауданы әкімі аппараты,090100, Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы, Чапаев ауылы, Қонаев көшесі, 70-үй, 29-бөлме, анықтама телефондары: 8 (71136) 91-823, 91-2-44, эл.мекенжай: akimakzhaik@inbox.ru. бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасуға конкурс жариялайды: Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары: Е-R-4 санаты үшін: жоғары білім. Мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда ортадан кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі. Е-G-4 санаты үшін: жоғары немесе ортадан кейінгі білім не орта техникалық техникалық немесе кәсіптік білім. E-R-4, E-G-4 санаттары үшін: Осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынас­ тарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтікқұқықтық актілерді білу, «Қазақстан - 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі. Мемлекеттік тілді білу, компьютерде жұмыс істей білу. Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер. «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының санаттарының үлгілік біліктілік талаптарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агент­тігі төрағасы бірінші орынбасарының 2008 жылғы 9 қаң­ тардағы №02-01-02/5 бұйрығымен бекітілген. (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2008 жылғы 10 қаң­ тардағы №5084 тіркелген). Әкімшілік мемлекеттік қызметкерлердің лауазымдық жалақылары

Санат

Еңбек сіңірген жылдарына байланысты min max 53813 72391 48044 64700

E-R-4 E-G-4

1. Ақжайық аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы, Ақжайық аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бас маманы (уа­ қытша бала күту демалысындағы маман орны), (E-R-4). Функционалдық міндеттері: Бөлімнің бухгалтерлік есебін жүргізу, тиісті бекітілген штаттық кесте бойынша уақтылы қызметкерлердің еңбекақыларын есептеу, төлеу. Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу» За­ ңының қатынастарын реттеу. Қаржының мақсатты және тиімді жұмсалуын қадағалау. Инвентаризация жүргізу. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Әлеуметтік ғылымдар және бизнес (экономика, есеп және аудит, қаржы, менеджмент) мамандықтары бойынша. 2. Ақжайық аудандық білім бөлімінің бас маманы (ER-4). Функционалдық міндеттері: Білім беру ұйымдарында педагогикалық кадрлардың сапалық құрамына және қам­тылуына бақылау жасау. Педагог кадрлар бойынша стат­ мәлімет беру. Бос жұмыс орындарына мемлекеттік және азаматтық қызметкерлерді қабылдау жөніндегі конкурстық комиссияның құжаттарымен жұмыс. Мемлекеттік қызмет өтілін анықтау және тәртіптік комиссиялардың, білім ке­ңесінің хатшысы қызметін атқару. Іс жүргізу, азаматтарды қабылдау, ақпараттық-бақылау жұмыстары ережесін сақ­тау және осы бағытта ведомствоға қарасты ұйымдарға жәр­дем­десіп, жұмысына бақылау жүргізу; Бөлім құжаттарының

ШҚ “Сатбор” ЖШС “Сатимолла кен орнын сумен жабдықтау жүйесі” (Жайық өзенінен Сатимолла вахталық қалашығына дейін) жұмыс жобасын ББ “Жайық-Каспий” экология департаментінде ҚР ҚО және СРМ экологиялық реттеу және бақылау комитетіне мемлекеттік экологиялық сараптамаға жолдайды. Мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу кезінде барлық мүдделі азаматтар мен қоғамдық бірлестіктер өз пікірін білдіру мүмкіндігі беріледі. Мекенжайы: Орал қаласы, Л.Толстой көшесі, 59. Тел.: 50-04-81, факс: 51-29-81.

мұрағатқа тапсырылуын ұйымдастыру және есебін жүргізу; АИС ЕУОЛ бағдарламасы бойынша жеке және заңды тұл­ ғалардың өтініштерінің есепке алынуына, №1-ОЛ нысанды статистикалық есептің құрылуына және уақтылы тапсырылуына бақылау жасау. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Білім мамандығы бойынша. 3. Жамбыл ауылдық округі әкімі аппаратының же­текші маманы, Алғабас ауылдық округі әкімі аппа­ра­тының жетекші маманы (уақытша бала күту демалы­ сындағы маман орны), (E-G-4). Функционалдық міндеттері: Жеке және заңды тұл­ға­ лардың өтініштерін қарауды ұйымдастыру және №1-ОЛ нысанды статистикалық есепті жүргізу. Ауылдық округ әкі­ мі аппаратының құжаттар, іс-қағаздар айналымын жүзеге асыру, орындалуын бақылау. Мемлекеттік қызмет көрсету жұмыстарын ұйымдастыру. Ауылдағы әскер жасындағы әскерге шакырушылардың және әскери міндеттілердің есебін жүргізу. Жергілікті салық жинауды ұйымдастыру. Жергілікті қоғамдастық жиындары мен отырысын өткізуді ұйымдастыру. Тұрғындар және ауыл әкімі жанындағы комиссия отырысы жиынының хаттамаларын әзірлеу және ұсыныс-пікірлерді талдау. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Гуманитарлық білім, әлеуметтік ғылымдар, экономика жә­не бизнес, техникалық ғылымдар және технологиялар, ауыл шаруашылығы, құқықтық мамандықтар бойынша. Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар: Өкілетті орган белгіленген нысандағы өтініш; өкілетті орган белгіленген нысандағы сауалнама 3х4 фотосымен; білімі тура­лы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшірме­ле­рі (шетелдік оқу орнын бітірген білімі туралы құжатта­рын нострификациялау (тану) қажет); еңбек қызметін рас­тайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесі; ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің 2010 жылғы 23 қара­ шадағы №907 бұйрығымен бекітілген (ҚР-ның нормативтікқұқықтық актілердің тізілімінде 2010 жылы 21 желтоқсанда №6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулық туралы бел­гіленген анықтама, Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесі, құжаттарды қабылдау сәтінде уәкілетті органмен белгіленген шекті мәннен төмен емес нәтижемен тестілеуден өткені туралы қолданыстағы сертификат. Құжаттарды қабылдау мерзімі конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күннен бастап 10 жұмыс күннің ішінде, көрсетілген мекенжай бойынша сәйкесті мемлекеттік органға тапсырылуы тиіс. Конкурс комиссиясының қарауына құжаттарды қабылдау мерзімінде азаматтардың өздері әкеліп берген немесе поштамен жіберілген (қоса тіркелген құжаттардың тізбесі көрсетілген құжат тігілетін папкада орналастырылған) құжаттары қабылданады. Сонымен қатар құжаттарды көрсетілген электрондық мекенжайға электронды түрде бере алады, бірақ құжаттардың түп­нұс­ қасын әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күн бұрын кешіктірмей беру керек. Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар одан кандидаттарды әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап бес жұмыс күн ішінде конкурс жариялаған аудан әкімі аппаратында өтеді

“Намыс” спорт клубы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны бос лауазым орындарына орналасуға конкурс жариялайды: 1. Әдіскер – 2 бірлік 2. Әдіскер-нұсқаушы – 1 бірлік Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білімді, еңбек өтілі, жұмыс тәжірибесінің болуы, компьютер бағ­ дарламасын, мемлекеттік тілді білуі керек. Қажетті құжаттардың тізбесі: Түйіндеме, кадрларды тіркеу парағы, жеке куәлік (көшірме), СТН (көшірме), ӘЖК (көшірме), медициналық кітапша немесе (№086), еңбек кітапшасы, зейнет­ ақы қоры шарты (көшірме), диплом (көшірме), фото 3х4 – 2 дана. Құжаттар газетке жарияланған күннен бастап 15 күн ішінде мына мекенжай­да қабылданады: Орал қаласы, Айтиев көшесі, 68, тел./факс: 54-29-39.

БҚО бойынша МАЭ сотының 20.01.2014 ж. анықтауымен «ЯикТранзит» ЖШС БИН 120340018919 банкроттығы туралы іс қозғалды. Ескертпелер бойынша мына мекенжайға хабарласа аласыз: Орал қаласы, Самара көшесі 23б

11

Ақжайық ауданы Сайқұдық ауылының тұрғыны болған асыл жар, сүйікті әке Шаймардан Есқайыров егер де ортамызда болса, 5 ақпанда 55 жасқа толар еді. Осыған орай сағынышпен еске аламыз. Жатқан жері жарық, жаны жәннат­та болсын. Асқар таусың орның бөлек өмірде, Сағынумен күндер жылжып өтуде. Алдымыздан шығар ма деп шырылдап, Ұл-қыздарың, немерелер күтуде.

Еске алушылар: зайыбы Гүлайым, бала-келіндері Мейірман-Сәнімай, Мержан, қыз-күйеу баласы АбзалГүламан, немерелері Исламбек, Айназ

«Батыс Қазақстан облысының білім басқармасы�� ММ: Орал қаласы, Есқалиев көшесі, 72-үй, анықтама үшін телефондар: 26-04-74, факс: 26-04-68, электрондық мекенжайы: zkodo@mail.ru, «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға ашық конкурс жариялайды. Кәсіптік білім беру және кадрларды даярлау бөлімінің бас маманы (Д-О-4). Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 64063 теңгеден 86485 теңгеге дейін. Функционалдық жұмыс бағыты: техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында теориялық және әдістемелік жұмыстарды үйлестіру; жалпы білім беру бөлігінде МЖМБС-ның орындалуын бақылау; еңбек нарығына мониторинг жүргізу және талдау бойынша жұмыстарға қатысу, заңды және жеке тұлғалардың өтініштерімен жұмыс, мемлекеттік аттестаттау және лицензиялау өткізуге қатысу, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының деректер банкін толтыру және жаңарту, Орал қаласындағы колледждерге жетекшілік ету. Үміткерлерге қойылатын талаптар: жоғары (педагогикалық). Мемлекеттік қызмет өтілі 1 жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда ортадан кейінгі білімі (педагогикалық) барларға рұқсат етіледі. Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының Президенті туралы», «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» «Қазақстан Рес­публикасының Үкіметі туралы» Конституциялық заңдарын, Қазақстан Респуб­ ликасының «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы кү­рес туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Нормативтік-құқықтық актілер ту­ралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңдарын, осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстар­дағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік-құ­ қықтық актілерін, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі. Мемлекеттік тілді білуі қаланады, компьютермен жұмыс істей білуі қажет. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар Батыс Қазақстан облысының білім басқармасына мынадай құжаттарын тапсырады: белгіленген нысандағы өтініш, 3х4 үлгідегі суретпен белгілеген нысандағы толтырылған сауалнама, білімі туралы құжаттардың, еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшірмелері, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2010 жылғы 23 қарашадағы №907 бұйрығымен бекітілген нысандағы денсаулығы туралы анықтама, Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесі, құжаттарды тапсыру сәтінде белгіленген шекті мәннен төмен емес нәтижемен тестілеуден өткені туралы сертификат. Конкурсқа қатысу үшін хабарлама жарияланған күнінен бастап 10 жұмыс күнінің ішінде құжат тігілетін мұқабада орналастырылған құжаттарды Батыс Қазақстан облысының білім басқармасы» ММ-ға тапсыру қажет. Әңгімелесуге жіберілген үміткерлер оны, үміткерлерді, әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде Батыс Қазақстан облысының білім басқармасының аппаратында әңгімелесуден өтеді. Батыс Қазақстан облысының білім басқармасы

Жарамсыз деп танылсын Рухуллина Балжан Жамбылқызы атына 18 маусым 2011 жылы Теректі ау­ даны Госплемстанция негізгі орта мектебінен берілген негізгі орта білім ту­ ралы НОБ №0437 369 куәлік жоғалуына байланысты жарамсыз деп танылсын. «Жайық Пресс» ЖШС және облыстық «Орал өңірі» газетінің ұжымы Қаратөбе аудандық “Қаратөбе өңірі” газетінің редакто­ры Нұрлан Құмарұлы Меңдешовке анасының қайтыс болуына байланысты қайғысына ортақтасып көңіл айтады.

«ОРАЛ ӨҢІРІ» Батыс Қазақстан облыстық қоғамдық-саяси газеті. 090000, Орал қаласы, Мұхит көшесі, 57/1. Е-mаіl: оral_oniri@inbox.ru Меншік иесі: «Жайық Пресс» ЖШС Бас директор

Жантас Набиоллаұлы САФУЛЛИН

Бас редактор Бауыржан ҒҰБАЙДУЛЛИН Редакция алқасы: Есенжол Қыстаубаев, Сырымбек Тұяқов (бас редактордың орын­ба­са­р­лары), Жаннат ЕСПОЛАЕВА (жауапты хатшы), Тоқтар КЕНЖЕҒАЛИЕВ (қоғамдық-саяси бөлім), Қазбек ҚАБЖАНОВ (арнайы тілші), Сәкен ӘБІЛХАЛЫҚОВ (экономика бөлімі), Нұрлыбек РАХМАНОВ (гуманитарлық бөлім). Меншікті тілшілер: Тілес ЖАЗЫҚБАЙ (Ақжайық ауданы) Нұрымбек Жапақов (Жәнібек ауданы) Өмірзақ Ақбасов (Жаңақала ауданы) Серік Жұмағалиев (Қазталов ауданы) Мүсірбек Айташев (Сырым ауданы)

8-711-42-21-720, 8-711-35-21-770, 8-711-41-21-755, 8-711-44-31-468, 8-711-34-31-126

Телефондар: Бас редактор 51-25-80, Бас редактордың орынбасарлары 24-17-08, 51-18-08

Жауапты хатшы 50-83-99. Жарнама қабылдау тел/факс: 51-51-09; Бухгалтерия 50-63-99.

Газет ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінде 2006 жылғы 4 мамырда тіркеліп, №7201-г куәлігі берілген

Е-mail: zhaikpress@inbox.ru Қолжазбаларға пiкiр айтылмайды және пай­­да­ла­ныл­маған хат автор­ларына жауап қай­та­рыл­май­ды. Деректердің дәлдiгi үшiн автор жауап­ты. Жарияланым авторларының пiкiрлерi ре­дак­ция көз­­қара­сын бiл­дiр­мейдi. Редакция тап­­сы­ры­сы­мен ­жа­зыл­ма­ған мате­риал­дар үшін қаламақы тө­лен­бейді. «Орал өңірінде» жа­рия­­лан­ған материалдарды сілтемесіз көшіріп ба­ су­ға бол­­май­­ды. Мақалалар электрондық нұсқада қабыл­да­на­ ды. Ж белгісімен жарияланған материалдар ақылы болып есептеледі.

Газет облыстық «Орал өңірі» га­зе­тi редакциясының компью­тер­­лiк орталығында терiлiп, бет­­тел­­дi. "Жайық Пресс" ЖШС баспаханасында басылды Индексі: 65428 Таралымы: 16427, 3 баспа табақ. Газет аптасына үш рет шығады. Корректорлар: Н.СҰЛТАНОВА, Д.шанкишева, ж.жайлауова Кезекшi редактор: л.шағатай


12

керуен сарай Cенбі, 1 ақпан 2014 жыл

oral_oniri@inbox.ru

Самбошылар ерледі

«Экосақшы»

жұмыс үстінде Сәрсенбі күні БҚО әкімдігі Жастар саясаты басқармасының «Жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы» мен БҚО ІІД Әкімшілік полиция басқармасы бірлесіп «Экосақшы» акциясын ұйымдастырды.

Алматы қаласында өткен самбо күресінен және әскери самбодан әлем кубогы кезеңінде жоғары жетістікке жеткен спортшыларды кеше оралдықтар теміржол бекетінде құрметтеп қарсы алды. 25-27 қаңтар күндері ҚР Пре­зиденті Н.Ә.Назарбаевтың жүлде­сі үшін оздырылған осынау до­дадан жерлестеріміз Е.Байба­ты­ ров, Б.Жарылғасов, А.Шайхы, Н.Серіков, Т.Ихсанғалиев жеңіс­пен оралды. Қуанышты қа­ уышу сәтінде палуандарымызбен қыс­қаша тіл қағыстық. Осы әлем кубогы кезеңінде 17 елдің мық­ты деген спортшылары өз бақтарын сына­ған екен. Солардың ішінде жерлестеріміз жеңіс тұғырынан көрінуі үлкен сәттілік әрі мақтаныш екені даусыз.

Темірболат ТОҚМАМБЕТОВ

Бағдат ЖАРЫЛҒАСОВ, жарыс жеңімпазы: - Самбодан өткен әлем кубогы кезеңінде 62 салмақ дәрежесінде өнер көрсеттім. Жарыс барысында бес кездесу өткізіп, барлығында жеңіп жеңімпаз атандым. Біздің жарысқа барып келуі­мізге қамқор болған облыс­ тық дене шынықтыру және спорт басқармасына рақметімізді айтқымыз келеді. Темірлан ИХСАНҒАЛИЕВ, әскери самбодан қола жүлдегері: - 74 келі салмақ дәреже­ сінде үш кездесу өткіздім. Финалға шығу бәсекесінде қырғыз балуанына есе жібе­ ріп, қола жүлдені иелен­дім. Жарыс өте тартысты өтті.

Полицейлер көмекке келді Батысқазақстандық әмбебап полицейлер 30 қаңтарға қараған түні жолда үсіп қала жаздаған жүргізушілер мен жолаушыларды құтқарды. БҚО ІІД әкімшілік полициясы басқармасының аға инспекторы Нұртай Лезовтің хабарлағанындай, са­ғат 00.20 шамасында жол-патрульдік полиция ба­ тальоны қызметкерлері, лейтенант Ноян Халенов пен аға сержант Азамат Жүнісов Орал-Атырау жо­ лының 277-шақырымында «СЕТРА» ныспылы автобус жүргізушісі мен оның 17 жолаушысына көмекке

келді. Атыраудан келе жатқан жүргізуші Бектас Мұхамбетовтің айтуынша, қатты аяздан дизельді отын қатып қалған. Полиция қызметкерлері жолау­ шыларды түрлі көліктермен Оралға аттандырды. Түнгі сағат 01.30 шамасында сержанттар Шың­ғыс Жүсіпов пен Руслан Ғабдуш Самара-Шымкент жо­ лының 2034-шақырымында Өзбекстаннан Иваново­ ға жол тартқан VOLVO жүргізушісі Өткір Назаровқа, 2040-шақырымында Оралдан Мәскеуге бет алған VOLVO жүргізушісі Сергей Горницкийге қолұшын созып, машиналарын қыздырып берді.

Арман БОЛАТҰЛЫ

www.zhaikpress.kz Облыстағы №1 медиахолдинг Құрметті оқырман! Ғасырға жуық тарихы бар об­лыстық «Орал өңірі» мен «Приуралье» газеттерінің, сондай-ақ ау­дандық газеттердің электрондық нұсқасын www.zhaikpress.kz сайтынан оқи аласыздар. Сонымен қатар күн сайын­ғы жаңа­лықтармен танысуға да мүм­кіндік бар.

Суретті түсірген Темірболат ТОҚМАМБЕТОВ Бүгінгі таңда қоғамда эколо­ гиялық проблеманың бары жасы­рын емес. Үлкен зауыт, фабрика­ лардың зиянды үлесін айтпағанда, күнделікті халық тарапынан қор­ шаған ортаға келетін зардаптың өзі де жеткілікті. Олардың ішінде ең көп кездесетін жайт – тұрмыс қалдықтарын көше бойына лақ­ты­ ру. Осы мәселелерден арылу жә­не алдын алу мақсатында «Экосақ­шы» акциясы биыл екінші рет ұйым­ дастырылып отыр. «Бұл сенің же­ рің - таза ұстау міндетің» деп бас­тама көтерген ерікті жастар орта­ лық базар маңында халық арасында үнпарақ таратумен, ҚР Жол жү­ру ережелерінің 2, 6, 7-тармақта­-

рын түсіндірумен айналысты. Ша­ раға атсалысқан БҚО ІІД Әкімшілік полиция басқармасының аға инс­ пекторы Нұртай Лезов: «Бұдан былай ережелер сақталмаса, ҚР құ­қықбұзушылықтар туралы ко­дек­ сінің 476-бабына сәйкес 926 теңге айыппұл салынады» дейді. Жалпы 2013 жылы ережені бұз­ ған көлік жүргізушілері мен жаяу жүргіншілерге 15 879 әкімшілік хаттама толтырылған. Қыстың қытымыр аязына қара­ май еңбектенген еріктілердің әре­ кеттерін халық та қолдады. Акцияны ұйымдастырушылар оның 28 ақпан­ ға дейін жалғасатынын айтады.

Ақмоншақ МАҚСОТҚЫЗЫ

Үш полицей парамен ұсталды Батыс Қазақстан облысы бойынша Экономикалық қылмыс және сыбайлас жемқорлықпен күрес департаментінің (қаржы полициясы) баспасөз қызметі редакцияға жолдаған жазбаша мәліметке қарағанда, ағымдағы жылдың қаңтарында аталмыш мекемеге екінші деңгейлі банктердің бірінің менеджері А. деген азаматтан арыз түскен. Осы арызда шағымданушы өзі­нің 2014 жылдың 13 қаңтарында БҚО ІІД қызметкерлерімен ұстал­ ғандығын баяндаған. Яғни дәл сол күні Батыс Қазақстан облыстық ішкі істер департаментінің қызмет­ керлері К.Кураков, А.Шуакбаев жә­ не Р.Искендиров банк қызметке­рін тұтқындап, уақытша ұстау абақ­­тысына қамауға аламыз деп қор­ қыту арқылы А.-ның алаяқтыққа қатысы бары туралы кінәсін мо­ йындағандығы жөнінде арызын алдын ала алып, істі тіркемеу жә­не қылмыстық жауапкершілікке тартпау үшін одан 1 млн. теңге па­ра талап еткен. Кейін иығына по­лиция погонын ілген әлгі үшеудің банк менеджерінен параның бір бөлігін, дәлірек айтқанда, 700 мың теңгені алғандығы әшкереленді. Ал 24 қаңтарда параның қалған

мөлшері – 300 мың теңгені алу ке­зінде Кураков пен Шуакбаев қар­ жы полициясы қызметкерлерімен ұсталды. Сол күні БҚО қаржы по­ лициясының департаменті Ис­кен­дировке, Кураковке, Шуакбаевқа қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 311-бабы 4-бөлімінің «а», «б», «в» тармақтары бойынша (пара алу) қылмыстық іс қозғады. Бұған қоса Кураковке Қылмыстық кодекстің 313-бабының 2-бөлімі негізінде (делдалдық) пара алуда делдал болды деген айып тағылуда. «27 қаңтарда соттың санкция­сымен А.Шуакбаев пен Р.Искенди­ ров абақтыға жабылып, ал К. Ку­ раков үйқамаққа алынды» деп хабарлайды БҚО ЭСЖҚД-ның бас­ пасөз қызметі.

Өз тілшіміз


12 01 02 2014